181
Демек, стандартты емес ойлаудың жаңа креативті тәсілдері, жеделділік,
мультифункционалдылық және жаңа технологиялардың тез өзгеретін
векторларына сай жылдам әрекет ету іскерлігі қажет.
Заман талабына сай тез өзгеретін әлем жағдайында білім беру жүйесіне де
өзгеріс қажет екені сөзсіз. Бәсекеге қабілетті адами капиталды дайындау үшін
жекелеген ғылымдарға оқыту жеткіліксіз. Осы орайда оқытуды интеграциялық
тұрғыда қарастыру қажет. Яғни пәндерді біріктіре отырып оқыту. Бұл идея
STEM - білім берудің негізі болды, яғни жаратылыстану ғылымдары,
технологиялар, инженерия және математика салалары бойынша бір уақытта
дағдылар дамиды (Science, Technology, Engineering and Mathematics). [3] Білім
сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы
Ахмет Байтұрсынов былай деген: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай
болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім
алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді,
педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».[4]Демек
білім сапасын көтерудің негізгі тетігі - ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі
мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Олай болса, әр бір мұғалімнің
өзіңдік сабақ барысында қолданалатын әдістері болу қажет.
Өткен оқу жылында оқу бағдарламасына STEM элементтерін қолдануды
тәжірибеме енгіздім. Мектеп - лицейде «STEM зертханасы» кабинеті
жабдықталған, кабинетте оқушылармен қосымша сабақтар жүрігізіледі.
«Биология сабағындағы STEM элементтері мен виртуалды зертхана»
тақырыбындағы 9 сыныпта өткізген қосымша сабақтағы қолданған оқытудың
белсенді әдіс - тәсілдерін саралап өтейін..
Достарыңызбен бөлісу: