«ЖЕКЕ ТӘСІЛДЕМЕ - ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ
КВИНТЭССЕНЦИЯСЫ»
Кокенова Еркежан Тлеутаиевна
Тоймбекова Маншук Нурбековна
Қарағанды қаласы, «Әл – Фараби атындағы мектеп- гимназиясы»КММ
Андатпа: Ерекше білімді қажет ететін оқушыны жалпы орта білім беретін
инклюзивті мектепте оқытып,мекеме жағдайында білім беріп өмірге бейімдеу.
Сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатымен жалпыға орта білім беру
176
ұйымдары оқу бағдарламалары мен жоспарларын, оқыту түрлері мен әдістерін
оқушыға арнап бейімдеп, қалыптасқан ресурстарды пайдаланып, қоғаммен
байланысқа түсуі,ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беруде жеке білім
беру қажеттіліктері мен түрлі оқыту тәсілдерін қолдану барысында баланың
қоғамға қажеттілігін сездіру..
Аннотация: Инклюзивное образование призвано обеспечить ребенку с
особо образовательными потребностями в развитии возможность максимально
полноценного участия в социальной жизни, сформировать необходимый
уровень знаний и умений для успешного обучения в школе. От того, насколько
правильно выбран и на каком качественном уровне организован
образовательный маршрут школьника с нарушениями развития, напрямую
зависит успех его социальной адаптации и интеграции.
Жеке тәсілдеме (инклюзивті индекс)– әр баланың жеке даму
ерекшеліктеріне сәйкес білім беру процесін реттейтін педагогикалық –
психологиялық принцип.
Инклюзияның басты мақсаты- ерекше білімді қажет ететін балаларға
оқыту процесінде жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық
қолдау. [5]
Жеке тәсілдеме балаға деген адамгершілік қарым-қатынастан, оның
құқықтарын ең жоғары құндылық ретінде қабылдаудан көрініс табады. Осы
тұрғыдан алғанда әрбір бала оқу-тәрбие процесінің белсенді қатысушысы.Әрбір
бала қайталанбайтын тұлға және ол кешенді оқу мен даму процесіне өз
тәжірибесін, өзіндік оқу стилін, өзінің әлеуметтік моделін, өзіне тән
әрекеттестікті, жеке табиғи қарқынын енгізеді.
Жеке тәсілдеме - инклюзивті білім берудің квинтэссенциясы болып
табылады және инклюзивті білім беру саясаты, инклюзивті мәдениет негізінде
білім беру мекемесі мен қоғамдастықтарда жүзеге асырылады.
Ерекше білімге қажеттілігі бар балаларға арналған жеке тәсілдеменің
қазіргі заманғы үрдістері дәстүрлі тәсілдемемен ерекшеленеді. Олар баланы
жалпы білім беру ортасына қосуды, қосымша білім беру құрылымдары мен
қолдау қызметтерін құруды, инклюзия формаларын әртараптандыру арқылы
мектеп бағдарламаларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді, оқу жоспарының
икемділігін, дидактикалық технологияларды бейімдеуді көздейді.
Жеке тәсілдеме мен дәстүрлі тәсілдеменің сипаттамасы.
Дәстүрлі тәсілдеме
Инклюзия тұрғысынан тәсілдеме
Балалар қолдау мақсатында жалпы ЕБҚ бар балалар тек қана арнаулы
білім беретін мектептерде оқи алады және көмекші мектептерде оқиды.
Оқушылар арасындағы айырмашылықтар жасырын түрде болады. тар
зерттеледі және олар оқу процесін жоспарлаудың негізі болып табылады.
Білім беру мақсаттары барлығы Білім беру мақсаттары оқушының қабі
үшін бірдей летіне қарай жеке белгіленеді.
177
Тапсырманы орындау уақыты қатаң тапсырманы орындау уақыты баланың
шектелген. қабілетіне қарай өзгертіледі.
Мектеп нәтижелері бағалау Оқу жетістігі баланың дамуындағы
стандарттары негізінде жүзеге ілгерілеуді ескере отырып,жеке бағдар
асырылады. ламалар перспективасында қарастырылады.
Бағалау барлығына бірдей тәсілмен Мұғалім бағалаудын көптеген страте
жүзеге асырылады. гияларын қолданады.
Ата-аналар оқу процесінің белсенді Ата-аналар нақты міндеттеріне сәйкес
емес бақылаушылары. оқу процесіне белсенді араласады.
Жеке тәсілдеменің мақсаты – оқушылардың білімдерінде олқылықтардың
пайда болуына жол бермеу. Бұл жағдайда оқушылардың ұжымдық жұмысын
ұйымдастыруға басты назар аударылады. Жекелеген оқушыларда пайда болуы
мүмкін қиындықтарды мұғалім алдын ала болжауы керек. Сондықтан мұғалім
тапсырманы орындау кезінде қиындықтар туындаған оқушыларға оқулықтағы
материалды орындауды ұсынады, жетекші сұрақтар қояды, оқушының ойын
бағыттайтын бірнеше сұрақтар береді.
Жеке тәсілдеме аталған ерекшеліктерді ескерумен қатар, әрбір баламен
жеке, жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.Балалардың кейбір санаттары
үшін жеке сабақтар өткізу - дамытудың негізгі шарттарының бірі болып
табылады.
Мұғалім сыныпта «пікір алмасу» үшін жағдай жасауы керек.Сыныптағы
оқушыларға «ерекше балаға» деген көзқарас пен достық қарым-қатынасты
қалыптастыру,оқушылардың өзара бірлесе жұмыс жасап,белсенді оқушылар
қиындықтары бар оқушыларға көмектесе алады. Ерекше білім беру
қажеттіліктері бар оқушылар тек «көмек көрсету» нысаны болмауы үшін,
мектептегі іс-шараларға үлес қосуға тарта отырып,сыныптағы іс-шараларды
орындату.Қабілетіне қарай сабақта топтық тапсырмаларды орындауға
қатысу.Топтық тапсырмаларды барлық оқушылардың жеке үлестерін қосуға
мүмкіндік беретіндей бөлген дұрыс. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар
балаларды ойындар мен спорттық іс-шараларға қатыстыру алдын ала
ойластырылады.
Мектептегі
шығармашылық
іс-шараларға
қатысуға
ынталандыру арқылы барлық балалардың бойындағы қандай да бір талантты
ашуға болады.[6]
Аутизм және психикалық дамуы тежелген балалар – оқыту бағдарламасын
меңгеруде қиындықтарға кездесетін балалар.
Психикалық дамуы тежелген балалар қалыпты дамушы құрбыларынан
шаршағыштығымен, жұмысқа қабілетінің төмендігімен ерекшеленеді.
Психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері
фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған,
қимыл-қозғалыс координацияларының жалпы психикалық процестердің
дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан психикалық дамуы тежелген
балалардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу
процесінде нақтылы қиындықтарды құрайды. Ал бұл қиындықтарды жою мен
оның алдын алу үшін инклюзивті мектепте баланы психологиялық-
178
педагогикалық қолдау қызметі жұмыс атқару қажет. Осы мақсатта Әл –Фараби
атындағы мектеп-гимназиясында ППҚ (психологиялық- педагогикалық қолдау
көрсету) қызметі құрылған. Мектепте 2019-2020 жылы жылдан бері «Болашақ»
Корпоративтік қорының қолдауымен «Әр бала мектепке лайықты» атты
инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Онда 8-16 жас аралығында Аутизм және
менталды спектрлік бұзылыстары бар - 10 оқушы және мектептен педагог-
ассистенттің көмегіне мұқтаж екі оқушы барады. Олармен психологиялық-
педагогикалық қолдау қызметі жұмыс жасайды.Құрамында психолог,логопед,
арнайы педагог, әлеуметтік педагог, көмекші – педагог, медбибі бар. Олар
оқушыларға көмек қолын созуға дайын, кездескен мәселені дұрыс түсінуге
негізделген педагогикалық және балалар ұжымында моральды-психологиялық
климат орнатып,дамуына бағыт-бағдар береді.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандары өз бағыттары
бойынша жұмыс істейді.
•
Жеке білім беру траекторияларын құруға мүмкіндік береді,баланың даму
деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін
анықтайды;
•
Баланың жақын даму аймағы мен актуалды даму аймағын,оқу
барысындағы қиыншылықтарының себептері мен механизмдерін анықтайды.[4]
•
Баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы
ауытқулардың алдын алу шараларын жүргізеді.
Мұғалімнің міндеті-оқушыны оқыту барысында қабілетін анықтау,оқуда
кездесетін қиындықтарын анықтау, олардың пайда болу себептерін нақтылау,
оқу барысында үлгермеушіліктің себебін білу.Осы зерделеу нәтижесінде
алынған ақпараттарға сүйене отырып, мұғалім сыныпта оқушыға қолдау жасап,
жеке жұмыс жүргізу қажет.
Психологиялық-педагогикалық қолдау үш кезеңде іске асырылады,қолдау
және бағалаудың алғашқы кезеңі.
Қолдау
және
бағалауға
тікелей
мұғалім
жауапты.Оқушының
қиындықтарын мұғалім сабақ процесінде қалыптастырушы бағалауды жүргізу
барысында анықтайды.
Мұғалімнің міндеті-оқушыны оқыту барысында қабілетін анықтау,оқуда
кездесетін қиындықтарын анықтау, олардың пайда болу себептерін нақтылау,
оқу барысында үлгермеушіліктің себебін білу.Осы зерттеу нәтижесінде алынған
ақпараттарға сүйене отырып, мұғалім сыныпта оқушыға қолдау жасап,жеке
жұмыс жүргізу керек.[1]
Мұғалім тарапынан жасалатын қолдау негіздері:
•
Арнайы және вариативті әдістерді қолдану;
•
Оқушыға жеке оқыту материалдарын қолдану;
•
Оқушы жетістіктерін бағалау тәсілін өзгерту;
•
Бақылау материалын өзгерту;
•
Сыныпта отыратын орнын белгілеу,бейімдеу
Егер оқушыны бір тоқсан бақылау барысында жасалған қолдаулар мен
көмектер еш нәтиже бермесе,сабақ барысында бір немесе бірнеше пәннен
179
үлгермей жатса,мұғалім мектептегі қолдау қызметі мамандарының көмегіне
жүгінеді.[3]
Оқушыға көрсетілетін қолдаудың екінші кезеңі:
Оқушының қабілетін анықтау психологтік-педагогикалық қолдау қызметі
мамандарының бірлескен жұмысы. (психолог, логопед, дефектолог,әлеуметтік
педагог).Қолдау қызметі мамандары және сынып жетекшісі оқушының ата-
анасын шақырып,оқушының қабілеті мен оқудағы қиындықтары жайлы
хабардар етеді.Оқушыны толық зерттеу үшін қолдау қызметі мамандары заңды
тұлға ата-анасының жазбаша келісімін алады.Содан кейін әр маман өздерінің
әдіс-тәсілдерін қолдана отырып,оқушының танымдық процесстерінің дамуын
зерттейді,қиыншылықтарының пайда болу себептерін анықтайды.Зерттеу
барысында мамандар оқушының күшті және әлсіз жақтарын анықтай келе,
оқушының дарынды болу оқуды жақсы меңгеру үшін жігерлендіре отырып,
жетістікке жету жолдарын көрсетеді. Мамандардың зерттеуінен төмендегі
қабілеттері анықталады.[ 2]
Оқушының оқу мазмұнын қысқарту;
Қиындықтарды жеңу үшін қандай маманның көмегіне мұқтаждығы
анықталады. (психолог, логопед,дефектолог,педагог-ассистент, әлеуметтік
педагог);
Қандай әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі анықталады.
Қолдау қызметі мамандар мен мұғалімнің зерттеу нәтижесінде көрсеткен
қиыншылықтарды ескере келе оқушыға жеке бағдарлама жазылады. [3]
Мамандардың көрсеткен көмегі ата-ана және мұғалімнің сабақ барысындағы
көмегімен және ата-ананың қадағалауымен сәйкестендіріледі.
Мамандардың көмегі топтық және жеке сабақ барысында жүзеге асады.
Қолдаудың үшінші кезеңі
Мектепішілік консилиумның тұжырымдамасы негізінде оқушыға қалалық
психологтік-медиктік педагогикалық консультацияға жолдама беріледі.
Оқушының қабілетін бағалау психологтік-педагогикалық консультация
мамандарының құзырында.ПМПК мамандарының шешімімен оқушыға
әлеуметтік педагогтің немесе көмекші мұғалімнің көмегі, білім алу
(қалыпты,арнайы сыныпта немесе үйден оқыту ) бағдарламасын белгілеп,
арнайы мектепке жолдану жайлы анықтама беру үшін оқушының қабілетін
анықтайды.[2]
Достарыңызбен бөлісу: |