167
Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарын жаттықтыра отырып бас
миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз. Сондай-ақ қолдың жазуға
икемділігін арттырамыз. Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету
жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде
білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, нервті-
психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар
болатына да назар
аудару қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке
қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін
ойындар мен тапсырмалар беріп отыруға болады.
Қазақ тілі пәнінде ғана емес, жалпы өмірдегі қолданыста сөйлеу
қызметінде негізгі рөлді мидың доминантты жарты шарында (оңақайларда сол
жақ, солақайларда оң жақ жарты шар) орналасқан сөйлеу – есту және сөйлеу –
қимыл зоналары атқарады. Сөйлеу баланың психофизикалық жалпы дамуы
процесінде қалыптасады. Осындай дәлелдерге сүйене отырып,
сабақтың
барысында барынша ойын тәсілдері арқылы, яғни «Домино», «Санамақ»,
«Ұшты-ұшты», «Мысық пен тышқан», «Акуладан қаш», «Менің күнім қалай
өтеді?», «Шашки», «Мен саған, сен маған сұрақ қой», «Жұмсақ пішіндер»,
«Сусорғыш сыры», «Сөйлейтін портрет», «Пілдер дыбыстайды» сияқты
ойындары және атрибуттарымен баланың ұсақ қол моторикасын,
сонымен
қатар тілін, ойлауын, еске сақтауы дамуында оң нәтиже көрсетті. Қазақ тілінің
төл дыбыстарын дыбыстап қана қоймай, сөздік қорды да молайту көзделген.
Сөйлеу арқылы оқыту, яғни айтылым мен оқылым арқылы таза сөйлеуге баулу.
Тілдік кемістік түрлі жағдайда пайда болуы мүмкін, себепті де, себепсіз
жағдаяттарға байланысты. Уақытты зая кетірмей,
қажетті жаттығулар жасап,
сергіту сәттерінде жасаған абзал.
Тіл кемістігін түзету барысында қолдың саусақ қимылдық коды арқылы
байланыстырудың мақсаты: алғашқы сөйлеу дағдысын, сөздің буындық қалпын
түзету және ырғағын, дизатерия, алалия және ұзақ моторикасын дамыту
орталықтарында берік қалыптастыратыны барлығымызға
мәлім болғандықтан,
үнемі кеңесіп отыру қажет. Логопед ғылыми-зерттеу жұмысының біліктерін
меңгере отырып, сол біліктілігін педагогикалық жағдайларды шешуде,
қабылдаған шешімдерді негіздеуде білікті қолдана білу өте тиімді. Сөйлеу тілі
дамымаған баланың сөйлеуге, дыбыстарды дұрыс айтуға жігерлейді,
ынтасын
оятады.
Синквейн технологиясын қолданудың мақсаты: сөздің лексико-
грамматикалық құрылымын қалыптастырады. Таныстқан сөздердің мағыналық
аумағын ашады, сұрақтардың тереңдігіне мән бере толық жауап береді,
берілген тапсырмаға тез әрі ұтымды жауап қайтару қасиеттерін арттырады [2].
Осы заманауи әдіс-тәсілдер дефектология бөлімінің логопедия мамандығы
бойынша білім берудің мемлекеттік стандартына және әдістемесіне,
технологиясының
талабына,
оқу
бағдарламасына,
жоспарына
сай
құрастырылған.
Теория мен
практиканың өзара байланысын, ғылымның заманауи
жетістіктерін тәжірибеге енгізу мақсатымен ғылыми және тәжірибелік
168
мекемелердің байланысын қамтамасыз ету қазіргі таңда қарқынды дамуда.
Сөйлеу тілі кедергілерінің алдын алу мақсатымен халық арасында ата-аналарға
жаңа технологиялардың көмегімен оқушының тілін дамыту, білімін жетілдіру
мен түзету жұмыстарын арттыру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Өмирбекова К., Серкебаева К./ Логопедия/ Алматы, 1996.
2. Қ.Қ.Өмірбекова /Сөйлеу тілін тексеру әдістері/ Алматы, 2002.
3. Р.Е. Левиной /Основы теории и практики логопедии/ М., 1968.
Достарыңызбен бөлісу: