«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет76/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   188
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ 
Козбаева А. К., ағылшын тілі пәні мұғалімі 
Қарағанды облысы «Дарын» мамандандырылған мектеп- интернаты 
В данной статье я рассматривала виды внеклассных работ проводимых с 
одаренными учениками. Привлекать одаренных детей к самостоятельной, 
исследовательской работе над научными проектами. Развивать ораторские 
навыки и лидерские качества способствующих развитию компетентной 
личности будущего поколения. 
This article is devoted to develop extracurricular activities among gifted 
children. The main task is to maintain speaker’s and leader’s qualities among 
schoolchildren. To involve the students doing self scientific project works and to 
learn and invent new things. While doing such work they can develop their creative 
potential and enlarge their knowledge very deep. 
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер болып , оқу 
бағдарламасы жаңартылған білім мазмұнына ауысып жатыр. Нәтижеге 
бағдарланған білім берудің негізі - оқушының дара тұлғалық, дарындылық 
қабілеттерін дамытумен анықталады. Бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған 
басты міндет- білім беруде оқушыға тек қана білім мен білік дағдыларын 
қалыптастырып қана қоймай, алған білімін өмірлік қажетіне жарата алатын, 
оқуға деген танымдық қызығушылық қабілеті бар, өз елінің мәдениетін, салт –
дәстүрін , тілін жетік меңгерген , ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейге 
шығаруға қабілетті , рухани дүниесі бай және өзіндік көзқарасы қалыптасқан 
тұлғаны тәрбиелеу. Ол үшін мектепте оқушылардың белсенділігін арттыру , өз 
бетінше білім алуға , зерттеу және шығармашылық жұмыстармен айналысатын 
, жаңалықтар ашуға дайын ерекше дарын иесін тәрбиелеу керек. Баланың 
белгілі бір іс- әрекетке белсенділігі, қызығушылығы олардың кішкентай кезінен 
байқалады. Біреуі жас кезінен сурет салуға әуес болса , ал екіншісі – спортпен 
шұғылданғанды, ал үшінші біреулері ғылыми пәндермен (математика, физика, 
химия, информатика т.б.) айналысқанды жақсы көреді. Осы кезден бастап 
баланың ата-анасы, мектеп әкімшілігі, мектеп психологы, сынып жетекші мен 


169 
пән мұғалімдері баланың қабілетін байқап , белгілі бір жақсы көретін іс-
әрекетімен айналысуына қолайлы жағдайлар туғызу керек.
Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес 
жүргізу дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды 
қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды 
орын алады. Талабы таудай баланы іздеп табу,олардың одан әрі дамуына 
жағдай жасау, қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау , ғылыми 
зерттеу жұмыстарымен айналыстыру - оқушының ақпараттық біліктілігін 
қалыптастыруға және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамып, оқушының 
болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін – өзі көрсете 
білуіне бейімдейді. Ол үшін оқушылардың білімге деген мотивациясын, 
қызығушылығын арттыруымыз керек. 5-7 сыныптан бастап оқушыларды 
ғылыми зерттеу жұмысына ұйымдастыруды бастау керек. (реферат , жоба, 
сөзжұмбақ, ребус, өлең шығару, эссе жазу т.б.) Жобалау технологиясын 
қолданудағы негізгі мақсат- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын 
арттыру, өз бетімен жұмыс істей білуге , тапқан ақпараттарды өңдеп , талдай 
алуға және жоспарлай білуге дағдыландыру. 
Егер оқушы ғылыми жобасының тақырыбын дұрыс таңдай білсе , оны 
дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып 
қалыптасады. Оқушылардың дарындылық қабілетінің оянуы , болашақта өз 
кәсібін дұрыс таңдауға ықпалын тигізеді. Сонымен , оқушының ғылыми 
жұмысының тиімділігі- көзбер көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, 
оқушыны ізденіске, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі 
мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа , арман қиялын ұштауға , жаңа ғылыми 
ізденіске жетелейді. 
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесі: 

Дарынды баланы анықтау, іріктеу (психологялық- диагностикалық тест); 

Бейін бойынша білім деңгейін анықтау; 

Кейбір пәндерді тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту; 

Сабақ барысында проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып 
оқыту; 

Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу (іскерлік ойын , сайыс ,саяхат сабақ, 
аукцион , семинар , пресс конференция , дебат, пікір сайыс және т.б.); 

Мектепішілік, 
қалалық, 
облыстық 
олимпиадаларға, 
зияткерлік 
конкурстарға қатыстыру; 

Зерделікті дамыту (ғылыми жобалар, арнайы курстар, қашықтықтан 
оқыту курстары).
Қарағанды облысы «Дарын» мамандандырылған мектеп интернатында 
оқушылардың дарындылық деңгейін анықтау үшін «Оқушының жеке даму 
траекториясы » портфолиосы жұмыс істейді.
Оқушы портфолиосы- оқушыларға өздерінің ойлау мен даму үрдісін 
рефлекциялау мүмкіндігін, өзіндік талдау жасауын, мәселелерді шешу мен 
шешімдер қабылдауға, өзінің жеке тәсілдерін табуын қамтамасыз ететін, жеке 


170 
даму траекториясы бойынша іс-әрекет нәтижелерін бағалаудың заманауи 
балама формаларының бірі. 
Жеке дара оқыту траекториясы (ЖДОТ) – бұл білім алуда әр оқушының 
жеке мүмкіндігін шығармашылық тұрғыдан жүзеге асырудың дербес жолы, 
өздігімен немесе жұмыс барысында педагогпен бірге ой елегінен өткізген мін, 
мағына, мақсат және әр жүйелі кезең компоненттері. 
Бұл жерде, ең бірінші мектеп психологы, пән мұғалімдері және сынып 
жетекшілер сауалнама арқылы оқушының дарындық сферасын, темпераментін, 
құзіреттілік қабілеттерін анықтайды. 
Оқушының жеке даму траекториясы негізінен 4 бағыттан тұрады : 
1.
Білім беру траекториясы
2.
Денсаулықты сақтау траекториясы 
3.
Зерделікті даму траекториясы 
4.
Бейінге бағытталу траекториясы 
Әр бағыт бойынша жоспарланған іс-әрекеттер атқарылады. Оқушы 
мектептегі күнделікті іс-әрекетін жоспарлауға, алдына мақсат қоюға, 
қиындықты жеңу жолдарын үйренуге, өзінің бос уақытын тиімді пайдалануға 
мүмкіндік алады. Бұл жерде жалғыз мектеп әкімщілігі, мұғалімдер ғана емес , 
оқушының ата-анасы да мектеппен тығыз байланыста, ынтымақтастықта 
жұмыс істейді. Оқушылар осы бағыттар бойынша өздерінің портфолиосын 
жинақтайды, жыл аяғында диагностикалық қорытындысы шығарылады. Бұл 
атқарылатын жұмыс үлкен жауапкершілікті талап етеді. Оқушылар өз бетімен 
іс-әрекеттерін сараптауға, әлсіз жақтарын жою үшін жоспар құрып, соны 
орындауға тырысады. Бұл сынып оқушыларының арасында бәсекелестікті 
дамытады, көшбасшы балаларды анықтауға септілігін тигізеді. 
Біздің мектебімізде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру үшін әр 
түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Олар «Робототехника», «Дебат клубы», «Жас 
тілші», «Тоғызқұмалақ», «Шахмат», «Жас ғалым» және т.б. Оқушылардың 
көркемдік дарындылығын анықтауда әр түрлі әдеби кештер ұйымдастыру, 
оқушыларды мұражай, театрларға апару дәстүрге айналған. Мектебімізде 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Өлкеміздің танымал тұлғалары» 
атты айлығы өтті. Әр сынып оқушылары сынып сағаттарында Қарағанды 
облысының танымал тұлғаларымен танысып, интеллектуалдық ойындар, 
викториналар, кездесу кештер өткізді. 
Жоғары сынып оқушылары өлкеміздің белгілі ақын-жазушылармен ,соның 
ішінде Қазақстандағы танымал физик «Ғасыр адамы» Темірғали Көкетаевпен 
кездесу өткізді. Оқушылар физика ғылымының қыр-сырын білу үшін өздерінің 
сұрақтарын қойып, кездесуден өте жақсы әсер алды. Осындай жұмыстардың 
үнемі жүргізіліп отыруы оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт 
бойындағы қабілетті ашуға, сөйлеу мәнерін, қиялын ұштауға, өз бетінше 
ізденуге зор әсерін тигізеді. 5-7 сынып оқушылары арасында «Мөлдір бұлақ» 
журналының бас редакторы Қымбат Әбілдинамен өте әсерлі кеш өтті. 
Мектебіміздің жас қаламгерлері өздеренің өлеңдерін оқыды, түрлі сұрақтар 
қойып көкейінде жүрген ойларымен бөлісті. 


171 
Мектебімізде жоғары сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Дебат 
клубы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын)жүргізіледі, жетекшісі тарих пәнінің 
мұғалімі Есілбаева Жанна Ернарқызы.Олар облыстық, республикалық Дебат 
конкурстарының жүлдегерлері. Дарынды оқушының ең басты қасиеті 
шешендік сөйлеу, өз ойын жеткізе алу, дәлелдей білу. Осы қасиеттердің 
барлығы біздің «Дарын» мектебінің оқушыларында қалыптасқан. 
Президент тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Дарынды тұлға-
халқымыздың ең қымбат байлығы. Дарынды жас ұрпақ –елдің ертеңгі тірегі.» 
деп атап көрсеткен. Қазіргі кезде мемлекет тарапынан дарынды балаларды 
қодауға барлық мүмкіндіктер жасалған.
2021-2022 оқу жылында «Өнегелі өмір» жобасы аясында онлайн 
форматында Зум платформасында тұрғылықты жеріміздің еңбек сіңірген 
тұлғалармен, «Дарын» мектебінің түлектерімен, Қарағанды облысына еңбек 
сіңірген іскер адамдармен кездесу ұйымдастырып, сұхбат жүргізіп отырамыз. 
Біздің мектебіміздің барлық сыныптары Қарағанды облысында 
ұйымдастырлған «Бір отбасы- бір кітап» акциясына белсенді атсалысып, 
отбасымен түсірген видеоларын жіберіп жатыр. Бұл акцияның негізгі мақсаты 
оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, отбасымен ұлы 
Абай атамыздың өлеңдерін, қара сөздерін насихаттау, тәрбиелік мәнін, идеясын 
оқушыларға түсіндіру. Сонымен қатар күнделікті кітап оқуды үзбеу үшін «Оқу 
сағаты» деген іс-шара қолға алынып жатыр.Әр сынып оқушылары сынып 
жетекшісімен бір қазақша әдеби кітапты таңдап үлкен үзіліс уақытында оқиды,
талдайды. Кітапты талдау Зум платформасында өтіп жатыр.Оқушылар 
мектеп кітапханасынан керекті кітаптарын алып оқуды бастап кетті, ауылдағы 
балаларға кітаптың электрондық нұсқасын жібердік. Барлық оқушы осы 
кітапты аяқтаған соң эссе жазады, өз ойларымен бөліседі немес сұрақ- жауап 
конкурстарын өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. 
Сонымен қатар «Дарын» мектебінің оқушылары әр түрлі онлайн 
олимпиадаларға, конкурстарға қатысып жүлделі орындарды иеленуде. 
Дарынды баланың негізгі ерекшелігі оның сабақтан тыс іс- шараларға қатысып, 
ғылыми жоба жазып, зерттеу нәтижелерін өз бетімен жүргізіп ізденуінде. 
Ғылыми жобалар және оны қорғау жұмыстары өз дәрежесінде жүргізіліп 
жатыр. Балалар жұмыстарын қорғауға тыңғылықты дайындықпен келеді, көп 
ізденеді, зерттеулер жүргізеді, өз тақырыбына байланысты презентациялар 
жасайды. 
Қорыта келе, дарынды баланың мынандай моделін көрсетуге болады. 
Қоғамдық 
жұмыстарға 
белсенді 
араласушы
Ғылыми – әдеби 
шығармашылықпен 
айналысатын 
Толыққанды ой-
санасы артқан тұлға
Өз бетімен белгілі бір 
мақсатқа жетуге күш 
жігерін жұмсай алатын 


172 
Дарынды оқушыны – дарынды ұстаз ғана дайындай алады. Оқушы 
дарындылығының 
дамуы, 
қабілетінің 
ашылуы- 
ұстаздың, 
мектеп 
басшыларының тұлғалық қасиеттеріне, кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. 
Әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін 
арттырып, ата-ана, мектеп, оқушы, ұстаз бірлесіп, ынтымақтастықта жұмыс 
істеу керек. Қазақстанымыздың гүлденуі, әлемдегі озық елдердің қатарына енуі 
болашақ дарынды балалардың қолында. 
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең 
түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім 
әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді 
бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет