«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет30/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   188
Байланысты:
материал пед

Список использованной литературы: 
1.
Князева О.Л., Стеркина Р.Б. Я, ты, мы: Учеб.-метод. пособие по 
социально-эмоциональному развитию детей дошкольного возраста. 
М., 1999. 
2.
Кряжева Н.Л. Развитие эмоционального мира детей. Ярославль, 
1997. 
3.
Музыкальное 
развитие 
дошкольников 
/ Под 
ред. 
Н.В. 
Микляевой. М., 2015. 
4.
Радынова О.П. Слушаем музыку: Метод. пособие. М., 2009. 
5.
Хухлаева О.В. Лесенка радости: Коррекция негативных личностных 
отклонений в дошкольном и младшем школьном возрасте. М., 1998. 
6.
Чистякова М.И. Психогимнастика. М., 1995. 
7.
Брусиловский Л. С. Музыкотерапия : руководство по психотерапии. 
– Ташкент, 1985. 
8.
Петрушин В. И. Музыкальная психотерапия. – М., 2000 
9.
Бочкарев Л. П. Психология музыкальной деятельности. - М. : Ин-т 
психологии, 1997. 
10.
Мальцев С. М. О психологии музыкальной импровизации. - 
М. : Музыка, 1991. 
11.
В. И. Петрушин Музыкальная психотерапия М., 1999 г 
 
 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ 
ТЕЖЕЛГЕН ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ 
 
Ибраева Айгерим Саттыгуловна 
 


67 
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің 
«№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-психолого
Балқаш қаласы 
Аннотация.
 
Ерекше білімді қажет ететін баланы дамыту барысында жұмыс 
нәтижелі болу үшін, әр баланың физиологиялық, психологиялық, жас 
ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және 
тиімді ұйымдастыру болып табылады. 
Для эффективного развития ребенка, нуждающегося в специальном 
обучении, необходимо правильно и эффективно организовать работу по 
личностному развитию с учетом физиологических, психологических и 
возрастных особенностей каждого ребенка. 
Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектеп жаңа қоғам мектебі, болашақ 
мектебі, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке 
басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге 
қабілетті, елдің ертеңі болатын жас ұрпақты өсіріп, дамытатын мектеп. 
Осыған байланысты қоғам алдында оқушының жеке басын үйлесімді 
дамытуға бағытталған міндеттер қойылыр отыр. Еліміздің әрбір болашақ 
азаматын жан-жақты тәрбиелеп, білім беру арқылы дамыту ең жауапты іс. 
Жалпы білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында психикалық 
дамуы тежелген балалар кездеседі. 
Психикалық дамуыдың тежелуі (ПДТ) – бұл баланың интеллектуалды 
қабілетінің жасына сәйкес келмеуі. Біздің, жалпы білім беретін мектебімізде 
5«Б» арнайы сыныбында интеллектуалды қабілеті жасына сәйкес келмейтін 7 
оқушы болды. Олардың жастары: 11 жас пен 13 жас аралығы. Баланың ПДТ-нің 
негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Бұл жағдайдың негізгі себебі бала 
миының әлсіз түрдегі органикалық зақымдануы немесе іштен туа біткен, туылу 
кезінде және өмірінің бастапқы кезеңдерінде болған жағдайлар, негізгі 
әлеуметтік жағдайы, нашар көру, құлақ ауруы тағы да басқа себептерден болуы 
мүмкін. ПДТ-нің негізгі бұзылыстары интеллектуалды деңгейі көбіне таным 
процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңестікті бағдарлауы 
төмен болып келеді. 
Баланың мектепке бейімделуін негізгі үш топқа бөлуге болады: 
І топ - балалар сабақ басталғаннан кейін екі айдың ішінде мектепке 
бейімделеді, мұндай балалар ұжыммен тез тіл табысып, жаңа достар табады. 
ІІ топ – балалар көп уақыт мектеп талаптарына сай бейімделе алмайды. 
Бала мұғаліммен, сыныптастарымен бірігіп сабақ жағдайларына ене алмайды. 
Мұндай оқушылар сабақ үстінде ойнап, мұғалімнің ескертулеріне назар 
аудармайды. Мұндай оқушылардың сабақ үлгерімі төмен және бірінші 
жартыжылдықта бірақ мектепке бейімделе бастайды. 
ІІІ топ – әлеуметтік- психологиялық бейімделуі бұл топтағы оқушыларда 
аса қиын. Оларда мінез-құлықтың жағымсыз көріністері байқалып, жағымсыз 
эмоциялары байқалады. Олар оқу бағдарламасын өте қиын қабылдайды. 


68 
5 «Б» сыныбының мектепке бейімделуін анықтау мақсатында 
Н.Г.Лусканованың 
суретті 
әдістемесі 
алынды. 
Нәтижесінде 
оқу 
мотивациясының жоқтығы, ойын мотивациясының басымдылыңы анықталды. 
Бұл әрекет мектеп талаптарына қиыншылықпен бейімделгендігін көрсетеді. 
5 «Б» сыныбына жүргізілген диагностика және бақылау жұмыстарының 
нәтижесі бойынша келесі белгілер анықталды. Олар: 
- сабақ процесіне жай қосылады; 
- оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды; 
- берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; 
- оқу мен жазуы жай; 
- оқыған мәтінін түсіндейді және түсінгенін айтып бере алмайды; 
- есеп шығарған кезде үлкен қателер жібереді; 
- тез шаршағыш; 
-өз ойын анық айта алмайды. 
Мұндай балалардың жұмыс қабілетінің төмендеуі және зейін 
тұрақсыздығы әр балада түрлі көрініс табады. Осылайша кейбіреулерінде аса 
жоғарғы зейін қоюы және неғұрлым жұмысқа деген жоғарғы қабілеті 
тапсырманы бастағанда байқалады да, оны орындау барысында төмендей 
береді; енді бірінде –зейіннің артуы жұмыстың біраз уақыты өткеннен соң 
басталады; ал тағы басқаларында зейін қоюы және жұмыс қабілеті біркелкі 
болмай, мезгіл-мезгіл толқып тұрады. 
5 «Б» сыныбының оқушыларының тіл байлығы әдеттегі балаларға 
қарағанда 20-30% төмен деңгейде. Сөздік қорында бар сөздердің өзін 
қолданғанда, олар көбінесе қате жіберіп, сөз мағынасын толық түсінбейді. 
Оқушыларда грамматикалық қорыта білуі әлсіз, олардың сөйлеу тілінде 
грамматикалық конструкцияларды дұрыс қолданбауы жиі кездеседі.
5 «Б» сыныбының балаларының мінез-құлқы да өзіндік ерекше. Мектепте 
олар өздерін әлі мектепке дейінгі жастағы кішкене балалар сияқты ұстайды. 
Оларда 
оқуға 
деген 
қызығушылығы 
аса 
әлсіз, 
мектепке 
деген 
жағымдықатынасы да байқалады.
ПДТ балалармен диагностикалық жұмыстардың нәтижесін ескере отырып 
түзете-дамыту жұмыстарын жүзеге асырдым. Түзету жұмыстарын жүргізуде 
көмекші құрал ретінде қолданыған дамыту ойындары төмендегідей: 
1.
«Сенемін-сенбеймін» ойыны 
Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту. 
2.
«Ақылды үкі» ойыны 
Мақсаты: баланың тіл байлығын дамыту. 
3.
«Айтқыштар» ойыны 
Мақсаты: іс-әрекетін бақылай алуды дамыту. 
4.
«Әңгіме құрастыру» ойыны 
Мақсаты: есту арқылы қабылдау қабілетін дамыту. 
5.
«Жалғастырушы жіп» ойыны 
Мақсаты: адамдар арасындағы қарым-қатынасты бағалауға қалыптастыру. 


69 
Қорыта келгенде түзету-дамыту жұмыстарында төмендегі мәселелерге 
көңіл бөлген жөн: ПДТ балалардың танымдық және тұлғалық ерекшеліктері 
сауат ашуға, жазуға, математикаға, еңбекке үйрену кезінде оқу мазмұнын 
басқаша іріктеуді қажет етеді. Бірінші кезекте оқуға деген жағымды түрткі 
қалыптастырып, жақын эмоционалды көріністерді тудыратын, ой-өрісін 
кеңейтетін материал алынды. 
Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке 
тұлғаның рухани өсуңне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, 
өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі 
сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұрға ретінде қалыптастыру. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Кушербаев А. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін 
түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері 2011. №3. 17 б. 
2. Гаврилушкина О.Н. Об организации воспитания детей с ЗПР. 
//Дошкольное воспитание. 2004. №8. 
3. Пашков А.Г. Педагогические основы социальной реабилитации детей с 
органиченными возможностями (методические рекомендации). 2006.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет