«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-



Pdf көрінісі
бет54/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   188
Байланысты:
материал пед

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ИНКЛЮЗИЯҒА 
БЕЙІМДЕЛУІ 
 
Касыбаева Айнур Багдатовна 
 
«Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебі» КММ 


118 
 
Андатпа. Инклюзивті ортада білім ала отырып, ерекше білім беруді қажет 
ететін балалар ашық болуға үйренеді, қажетті коммуникация дағдыларын 
меңгереді, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуге дағдыланады. 
География пәннің тек қана жай меңгертіп қоймай, оқушының ақпаратты-
технологиялар арқылы білуіне маныздылығы жайлы айтылады 
Аннотация. 
Обучаясь в инклюзивной среде, дети с особыми 
образовательными потребностями учатся быть открытыми, приобретают 
необходимые коммуникативные навыки, привыкают к взаимодействию с 
окружающими людьми. Сказано о важности не только изучения предмета 
географии, но и познания школьника посредством информации и технологий.
Аnnotation. Learning in an inclusive environment, children with special 
educational needs learn to be open, acquire the necessary communication skills, and 
get used to interacting with people around them. It was said about the importance of 
not only studying the subject of geography, but also the knowledge of the student 
through information and technology.
Қазіргі заман талабына сай жалпы орта білім беру мектептерінде 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) меңгеріп, қолдану 
маңыздылығы мәселесі өзекті болып отыр. Жалпы білім беру сыныптарында 
инклюзивті оқыту қажеттілігі оқушылар бар болғандықтан, оларды пән арқылы 
ақпараттық 
технологияяларға 
бейімдеу 
өте 
маңызды. 
Білім 
беру 
ұйымдарындағы әрбір адамның өзіндік ерекшелігін, әртүрлілігін құрметтеу, 
білім берудің кез келген субъектісіне қолайлы, жағымды мектеп қоғамдастығын 
құру, инклюзивті құндылықтарды қабылдау инклюзивті мәдениетті 
қалыптастырудың негізін құрайды. Қазақстан Республикасының заңнамасымен 
білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше білім берілуіне 
қажеттіліктерін ескере отырып, барлық білім алушыларға сапалы білім алу 
құқығына кепілдік берілген. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың 
сапалы білім алуына тең жағдай жасау олардың келешек өмірі үшін маңызды. 
Бұл, ең алдымен, табысты әлеуметтік бейімделуге және өз қабілеттерін іске 
асыруға мүмкіндік береді. Инклюзивті ортада білім ала отырып, ерекше білім 
беруді қажет ететін балалар ашық болуға үйренеді, қажетті коммуникация 
дағдыларын меңгереді, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуге 
дағдыланады. Практика жүзінде пәнді тек қана жай меңгертіп қоймай, 
оқушының ақпаратты-технологиялар арқылы білуі керек. Жаһандану дәуірінде 
АКТ арқылы пәндерді оқытудың қажеттіліктерін қанағаттандыру жолындағы 
технологиялық өзгерістердің әсерін байқауға болады. Жаппай ақпараттандыру, 
цифрландыру дәуірінде оқытудағы АКТ рөлі жыл өткен сайын күшеюде. 
Электрондық, мобильдік, және басқа да ақпараттық және білім беру 
ресурстарының маңыздылығы артуда. Яғни технологиялық революция әлемді 
бір орындай тұрмай әрдайым өзгеріс үстінде. АКТ саласындағы заманауи 
әзірлемелер білім беру, пәнді оқыту сапасын жетілдіруде тартымды 
мүмкіндіктер туғызуда. Демек ақпараттық коммуникациялық технологиялар 
қазіргі қоғамның негізгі құраушы блогына айналуда. Глобализация, 


119 
интернационализация, мобилизация дәуірінде ғаламтор адамдардың негізгі 
қажеттілігіне айналып отыр. Ғаламтордың, компьютерлік технологиялардың 
көпшілікке тарауы жағдайында АКТ білім беру, пәндерді оқыту үрдістеріне 
сәтті кіріктірілуіне маңызды алғышарт болып отыр. Былтырғы оқу жылдарында 
әлемдік пандемияға байланысты мектептердің жаппай қашықтықтан оқыту 
режиміне өту барысында білім алушылардың АКТ саласындағы икем-
дағдылары жақсарып қалды. Осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, 
география пәнін АКТ арқылы оқытуда келесідей артықшылықтарды атап кетуге 
болады: 
▪АКТ білім алушыларды ынталандырады, яғни оқыту үрдісін тартады. 
▪АКТ аудио- видеоконференциялар арқылы қарым-қатынас жасауға 
мүмкіндік береді. Яғни мультимедиа білім алушының сезіміне әсер береді. 
▪АКТ ғаламтордағы кең ресурстарға қолжетімділік туғызады. ЮНЕСКО-ның 
2020 жылғы «Білім беруді қадағалау бойынша жаһандық есеп: инклюзия және 
білім беру: барлығы, яғни барлығы үшін» есебінде: «АКТ шығармашылық және 
бірлескен оқу ортасын қолдауы, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі білім 
алушылардың кіріктіруіне мүмкіндік жасауы мүмкін» деген тұжырым жасаған 
болатын. Демек, АКТ инструменттері мүмкіндігі шектеулі балалардың да тілді 
оқудағы жағдайына бейімделуі керек. Ендеше оқытуда түрлі әлеуметтік 
топтағы білім алушылардың, әлеуметтік қарым-қатынасын нығайтып, 
кедергісіз орта құрған жөн. Бұл өз кезегінде: мүмкіндігі шектеулі оқушылардың 
әлеуметтік дағдылары, сенімділігі қарым-қатынас кезінде артады. Ғаламтор 
технологиялары мүмкіндігі шектеулі топтағы оқушыларға жүйеде өзіндік 
жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа түрлерін ұсына отырып, география пәнін 
меңгеру күнделікті өмір үшін көптеген пайдалы нәрселерді алға тартуға 
көмектесе отырып, ақпараттық-ізденушілік дербестікті дамытуға көмектеседі. 
Мүмкіндігі шектеулі топтағы ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытқан 
кезде төмендегілерді пайдаланған жөн:
▪Виртуалды география пәні бойынша кітапханалар;
▪Электронды карталар;
▪Білім беру ұйымдарындағы видеоконференциялар;
▪Білім алушылардың ғылыми бірлестіктері;
▪Бірден тексеру мүмкіндігі бар онлайн-тесттер;
▪Телекоммуникациялық жобалар.
Өз мақаламда АКТ инструменттерін меңгеруге барлық әлеуметтік топтағы, 
соның ішінде мүмкіндігі шектеулі топтағы оқушыларды бейімдеу қажет. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 
қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және 
ғылымды 
дамытудың 
2020-2025 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасында» бекімделгендей: «білім алушылардың білім жетістіктерінің 
мүмкіндіктерін теңестіру және алшақтықты қысқарту мақсатында нәтижелілігі 
төмен мектептерді қолдауға, инклюзивті білім беруді дамытуға, әлеуметтік 
жағынан осал отбасылардан шыққан балаларды техникалық және кәсіптік, 
сондай-ақ жоғары білім беруге неғұрлым кеңірек тартуға күш жұмсалатын 


120 
болады». Ендеше қоғамның инклюзивті болуына әр іс-шара (форум, 
симпозиум, конференция т.с.с.) өз үлесін қосуы керек. География мен басқа да 
пәндерді оқытудағы инклюзияның ерекшелігі мен өзіндік қажеттіліктерін 
ескеруді ұмытпауымыз керек. 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикалық Президенті «Қазақстан-2030» стратегиялық 
бағдарламасы.
2. Даумов Н.Ғ. Оқытудың ақпараттандыру процесінде оқушылардың 
зерттеу қызметін дамыту: Пед. ғыл.канд. дис. —Алматы, 2003. — 12-б. 
3. Тұрғанбаева Б. Педагогикалық технологияларды меңгеру жолдары. 
Қазақ мектебі, – 2007, № 9.
4. Темербекова А.А., Формирование професиональных компетенций 
будущего педагога с помощью информационно-коммуникационных технологий 
в обучении. (интернет) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет