28
Ертеректе
адам
қоғамының
топыраққа
әсерлері
негізінен жергілікті мелиорацияланған жерлермен шектелетін.
Ал қазір адамзат қоғамының топыраққа, жалпы табиғатқа
тигізетін әсерлері өзгерді. Тек жыртылып, мелиорацияланған
(суарылған, құрғатылған) жерлермен ғана шектелмей, тіпті
жыртылмаған жерлерге де тіюде, яғни әлемдік деңгейде
тарауда. Өйткені жыртылмаған жерлерде өндіргіш күштерінің
нәтижесінде игерілген топырақтардың тек ылғал тәртіптері ғана
емес, сонымен қатар әр түрлі тыңайтқыштар енгізіп, арам
шөптермен күресу үшін улы химикаттар сепкендіктен, топырақ
құрамы елеулі өзгерістерге ұшырайтыны белгілі.
Осы кезде өндірістің дамуымен көптеген жылу
электростанцияларынан,
әр
түрлі
зауыттардың
биік
мұржаларынан шығатын түтін құрамдарында зиянды газ
қоспалары жеткілікті. Ол газдар ауа тамшыларымен қосылып
кең алқаптарға қышқыл жаңбыр болып жауып топырақ
құрамына мол өзгерістер енгізеді. Сонымен қатар көптеген
аймақтарда топыраққа атом жарылыстарының әсері де аз емес.
Әрине, бұл зерттеуді қажет ететін мәселелер.
Сонымен
жоғарыда
құрғақ
жерлердің
барлық
аймақтарының топырақ түзілуіне әсер ететін негізгі факторлар
сипатталды. Ал кейбір жерлерде топыраққа әсер ететін
жергілікті (локальный) факторлар кездеседі. Мәселен, кейбір
алқаптарда жерасты ыза суының топырақ бетіне жақын жатуы,
ол жерлерде шалғынды топырақтың түзілуіне әкеп соғады. Өзен
бойларындағы біраз алқаптар жыл сайынғы су тасқындарының
әсеріне тап болады.
Достарыңызбен бөлісу: