Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет15/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

 
Аз элементтер (n10
-3
-n10
-5

Lі, Be, B, N, Se, Y, Cr, Nі, Cu, Zn, Cо< Pb, Gd, Nb, V, La< Nd, 
Th< Rb, Ge, As, Br, Mo, Sn, Cs, W, U, Cd, Sn, Sb, і.
Өте аз элементтер (-5

Se, Pd, Ag, Te, Re, Au, Hg, Bі, Rd т.б.
Сонымен, тау жыныстарындағы негізгі элементтерді О, 
Sі, Al - құрайды, олар 84,05% алады. Оларға тағы Fe, Ca, Na, K 
мен 
Mg-ді 
қоссақ, 
сегіз 
элементтердің 
үлесіне 
тау 


30 
жыныстарының 98,87% тиеді. Ал енді оларға қалған 10 
элементтерді қосса, барлығының мөлшері 99,82% құрады. Бұл 
элементтердің барлығының (18) мол элементтер аттарына ие 
болғандарымен, тау жыныстары құрамындағы үлестерінің 
алшақтығын көрсетеді. Ал аз элементтер мен өте аз 
элементтерден (78) тау жыныстарының үлесіне бар болғаны 
0,18% қана тиеді. Дегенмен тау жыныстарында, одан түзілген 
топырақтарда майда элементтердің үлестері өте аз болғанымен, 
олардың тірі организмдердің тіршілігі үшін маңызы үлкен.
Топырақтар түзілу құбылыстары нәтижесінде жалпы тау 
жыныстарының құрамын сақтай отырып, оған көптеген 
элементтердің кларктары жөнінде өзгерістер енгізеді. Мәселең, 
топырақтағы оттегі мөлшері тау жыныстарындағы 47% орнына 
55%, сутегі 0,15%орнына 5%. Көміртегі 0,023% орнына -0,1%, 
фосфор 0,1% орнына 0,5 % т.б. 
Жер бетіне жақын ауаның химиялық құрамы. Топырақ түзуші 
тау 
жыныстарының құрамымен салыстырғанда топырақ 
бетіндегі ауаның құрамы, ондағы кездесетін аз элементтердің 
қатынас мөлшері өте алшақ. 
Жер бетіне жақын ауаның орташа химиялық 
құрамы, % (М.А.Глазовская, 1981 бойынша) 
N - 75,51 
O - 23,15 
Ar- 1,28
CO2 – 0,046 
Ne - 1,310
-5
He - 7,210
-5
CH4 – 1,210
-4
Kr - 2,910
-4
N2O - 1,510
-4
H2 – 310
-6 
Xe - 1,810
-5
O3 – 3,610
-6
 
Келтірілген мәліметтерден азот жер қыртысында аз 
элементтер қатарында болса, ауа құрамында ол негізгі құраушы 
элемент. Ауадағы азот - топыраққа берілетін азоттың негізгі 
көзі. Ол биологиялық тірі организмдерге қажетті белок түзетін 
элемент. Топыраққа ол ауадан түсетін ылғалдар және ауадан 
азотты сіңіретін микроорганизмдер арқылы келеді. Ауаның 
құрамындағы екінші негізгі элемент - оттегі. Онымен 
тотықтандыру 
реакциялары, 
соған 
байланысты 
тау 
жыныстарының үгілуі мен топырақ түзілу құбылыстары тікелей 
байланысты. Ауа құрамындағы өте аз элемент - озон, ол өте 
белсенді тотықтырғыш. 
Жасыл өсімдіктер үшін және топырақ түзуде ауадағы 
көмір қышқыл газының маңызы ерекше. Жасыл өсімдіктердің 


31 
жапырағы арқылы фотосинтез жүреді. Осының нәтижесінде 
көмір қышқыл газындағы көміртегі өсімдіктердің барлық 
органикалық бөліктерін түзеді: олар кейін топыраққа беріледі. 
Органикалық заттардың шіріп-ыдырау құбылыстарынан пайда 
болған топырақтың қара шіріндісінде (гумус) көміртегінің үлесі
- 58%, ол негізінен ауадағы көмірқышқыл газынан түседі.
Жер 
бетіндегі 
және 
топырақ 
кеуектеріндегі 
көмірқышқыл газы (СО
2

2
О =H
2
CO
3
) ылғалмен қосылып 
көмір қышқылын түзеді, ал ол қышқыл жер қыртысындағы, 
топырақтағы басқа әр түрлі химиялық элементтер мен қосылып, 
түрлі реакциялар жүруі арқылы карбонатты тұздар түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет