39
Ыдырау құбылыстары және
ыдыраған заттардан екінші
минералдардың
синтезделуі
көптеген
балшықты
минералдардың түзілуіне әкеледі. Балшықты минералдардың
ұнтақтығы соншалық, олардың диаметрлері микро мм және
одан да ұсақ бөлшектерімен өлшенеді. Олардың ұнтақтығы
балшықты минералдарға коллоидтық қасиет береді. Олар
көбінесе теріс зарядты болады да, катиондарды жұтып алу
қасиетіне ие болады. Коллоидтар сияқты ерітіндіге немесе
тұнбаға айналады. Олардың кейбіреулері ылғалданғанда ісінеді.
Ол минералдар қабатты силикаттар тобына (екі, үш, төрт
қабатты) SіO
2
:Al
2
O
3
қатынасы 2-5 арасында. Олардың барлығы
суланған.
SіO
2
:Al
2
O
3
екіге тең болғанда екі қабатты минерал
түзіледі, олардың
қатарларына каолинит Al
4
Sі
4
O
10
(OH)
8
және
галлуазит Al
4
Sі
4
O
10
(OH)
8
4H
2
O жатады. Каолинит слюдалар
дала шпаттары үгіліп K, Na, Ca, Mg, аздап SіO
2
шайылған кезде
пайда болады. Ол берік минерал, сондықтан негіздері аз
қабаттарда мол кездеседі.
Үшқабатты минералдарда калий, магний,
кальций және
гидроксиния (Н
3
О) иондары кездеседі. Қаңқалы құрылымдарда
кремнийдің бір бөлігі алюминиймен, ал алюминийдің бір бөлігі
- темірмен, магниймен алмастырылған. Сондықтан
SіO
2
:Al
2
O
3
арақатынастары өзгеріп тұрады. Бұл топырақтағы
минералдарға гидрослюда, иллит, вермикулит, монтморилонит,
бейделлиттер жатады. Алғашқы үш
минерал қышқылы аз
ортада, ал соңғы екеуі кальций мен магний мол сілтілі ортада
түзіледі. Гидрослюда мен иллит
-
негізінен калийлі
алюмосиликат, ал монтмориллонит - кальцийлі-магнийлі.
Вермикулит пен хлорит (төрт қабатты силикат) мол магнийлі,
біршама темірі бар. Олар әдетте
мускавит пен биотиттің
үгілуінен түзіледі.
Алғашқы силикаттардың суланып, екінші минералдарға
көшкен кезінде біршама кремний босайды. Олардың біразы
еріп, ағып кетеді де біразы күшті суланып, аморфты күйінде
SіO
2
пH
2
O шөгеді. Кеуіп, біршама суын жоғалтқанда опалға, ал
кристалданғанда халцедонға айналады.
Кремний жетпеген
жағдайда алюминий су тотығы таза күйінде кристалданып,
Al
2
O
3
nНО боксит, Al(OH)
3
гибсит немесе AlO(OH)
3
бемитит
түзеді. Бұлар - ылғалды субтропикті, тропикті аудандардың
үгілген минералдары. Ал темір құрамды силикаттар үгілген
кезде авгит, роговая обманка, оливин темірдің су тотығы босап,
40
ол судан босап. кристалданған кезде бірте-бірте лимонитке,
гидрогетитке, гетит пен екінші гематитке айналады. Бұл
минералдар қызғылт сарыға боялған.
Достарыңызбен бөлісу: