34
биосфераның геохимиясы үшін де, биосфераның ең тірі заттар
мол тараған бөлігі - топырақ үшін де маңызды.
Бұл топыраққа,
оның жоғарғы қабаттарының химиялық құрамына, әсіресе
топырақтың органикалық заттармен толығуына ықпал етеді.
Сонымен тірі организмдер топырақ құрамын алғашқы тау
жыныстары құрамына қарағанда тіпті өзгертеді.
Осындай материалдық негіздерден түзілген топырақтар,
жалпы солардың химиялық құрамын сақтайды.
35
1.4. Топырақтың фазалық құрамы
Топырақ - күрделі дене, ол бірнеше фазалардан тұрады:
қатты фаза (минералдық және органикалық),
сұйық фазасы
(топырақ ерітіндісі),
газды фазасы (топырақ ауасы) және
тірі
фазасы (топырақтағы тірі организмдер). Бұл фазалар бір-
бірімен өте тығыз байланыста болады.
Сонымен бірге топырақ ашық жылжымалы жүйе,
өйткені ол биосфераның басқа жүйелерімен үздіксіз
қарым -
қатынаста болып тұрады.
Топырақтың табиғи дене ретіндегі ерекшелігі - ол өте
күрделі зат құрамдары және негізгі көрсеткіштерінің
өзгерулерінің заңдылықтары бар болуы. Сонымен қатар ерекше,
тек топыраққа қана тән органикалық заттары (қарашірінді),
химиялық элементтерінің әр түрлі құрамдарының болуы.
Топырақтың
қатты фазасы топырақтың табиғи
көлемінің 50-60%-ын алады. Қатты фаза құрамына топырақтың
минералды және органикалық бөліктері жатады, ал минералды
бөлік
топырақтың
қатты
фазасының
негізін
құрайды.
Топырақтардың құнарлы қара шіріндісіне (гумусқа)
бай беткі
қабатының үлесіне бүкіл қатты фазаның 90-95%-ы, төменгі
қабатына 99% және одан да жоғары пайыз тиеді. Топырақтың
минералды құрамы негізінен топырақ түзуші жыныстардың
минералдық құрамын сақтайды.
Топырақтың сұйық фазасы – бұл топырақтағы ылғал,
топырақ ерітіндісі. Топырақтағы құрамы және көлемі бо йынша
оның өте жылжымалы бөлігі. Сұйық фазаны –
топырақ
денесінің «қаны» деуге болады, себебі ылғалдың топырақта тік
және көлденең жылжуы нәтижесінде топырақ пішінінде
қабаттар бөлінеді.
Топырақтың газды фазасы – топырақтағы судан бос
кеуектерді толтырып тұрған ауа. Оның құрамы атмосферадағы
ауадан өзгеше болады.
Топырақтың тірі фазасы – бұл топырақты мекендейтін
және топырақ түзу процесіне қатысатын тірі организмдер.
Табиғатта топырақтар осы барлық фазаларының бірлігі
арқылы бір физикалық дене сияқты қызмет етеді.
Топырақтың фазаларының құрамдары туралы төменде
жеке-жеке айтылады.
36
1.5
. Топырақтың минералдық құрамы
Майда ұнтақталған тау жыныстары мен олардың
топырақтағы минералды бөліктері
өзінің пайда болу жағынан
екі топқа бөлінеді:
алғашқы және екінші. Алғашқы -
магматикалық және метаморфикалық аса қатты үгілмеген
минералдар. Екіншісі - жердің үгілу немесе топырақ
қабаттарында алғашқы минералдардың көпжылдық үзіліссіз
үгілуінің нәтижесінде, үгілудің соңғы аса майда ұнтақталған
өнімдері түзілген минералдар.
Көбінесе екі минералдар
топтарының арақатынастары әр топырақтардың әр түрлі
аймақтарда орналасуына және минералдардың үгілгіштігіне
немесе үгілуге берілмейтін қасиеттеріне қарай әр түрлі
болуымен байланысты. Әдетте, алғашқы минералдардың үлесі
басым. Топырақ құрамдары неғұрлым ірірек, жеңілірек болса,
соғұрлым оның құрамында тасы, құмы мол болады да, ал
топырақ құрамы сазды, балшықты
болған сайын алғашқы
минералдар азайып, екінші минералдар көбейеді. Тіпті
балшықты топырақтар түгелдей екінші минера лдардан тұрады
деуге болады. Ол жағдайға тағы әсер ететін жай - жыныстар
мен топырақтарда созылған үгілудің ұзақтығы және үгу
агенттерінің белсенділігі. Жылы, әрі ылғалды аймақтарда үгілу
құбылыстары белсенді өтетіндіктен, ол өңірлерде негізінен
екінші минералдар мол болады.
Достарыңызбен бөлісу: