131
бұрынғы көлдер түбінде нағыз сор жиналып, онда ештеңе де
өспейді.
4).Сорланған топырақтардың
пайда болуының тағы бір
жолы - адамның өндірістік әркеттерімен байланысты. Оның
мәнісі төмендегідей. Қуаңшылық аймақтарда көп жерлерді
суармалы
егіншілікке
пайдаланатынымыз
белгілі.
Осы
алқаптарда жерасты ағысын реттеп дұрыс жолға қоймаған
жағдайларда, топырақ астындағы
ыза сулар суару кезінде жер
бетіне тез көтеріліп, жақындап, топырақты сорландырады.
Топырақтың сорлануының осы
жолын екінші сорлану немесе
адам әрекетімен сорлану деп атайды.
Сор топырақтардың беткі қабатындағы тұздар мөлшері
0,6-2% және одан да көбірек кездеседі. Бұл тұздардың
мөлшеріне, құрамына және
топырақтың қай қабаттарында
шоғырлануына байланысты әр түрлі жүйеленетіні 5 -кестеде
келтірілген. Ал топырақтағы тұздардың құрамы мен мөлшеріне
қарай олардың ауылшаруашылық дақылдарына әсері 6 -кестеде
келтірілген.
Бұл
мәліметтерден
көрінгендей,
құрамына
байланысты ең зияндылары содалы, хлорлы,
сульфатты тұздар
екен. Бұдан топырақтың сорлануымен күресу жолдары ондағы
тұздардың құрамына да тікелей байланысты екені байқалады.
Жалпы топырақты мелиорациялау мәселелерімен арнайы ғылым
- топырақты мелиорациялау шұғылданады.
1>
Достарыңызбен бөлісу: