135
Кейбір сортаң топырақтарда шайылу процесі көптен
басталған жағдайларда тез ерігіш тұздар топырақтың тереңірек
қабаттарына жиналады.
Сортаң топырақтардың негізгі белгісі - натрий катионына
қаныққан қатты сортаң қабаттың болуы. Табиғи жағдайларда
сортаңдарды осы қабаттың тереңдігіне қарай бөледі: жоғарғы
сортаңданған, терең сортаңданған немесе орта қабатында
сортаңданған. Ал әрі қарай бөліп, жүйелеу олардың
құрамындағы сіңірілген
натрий катионының мөлшеріне
байланысты. Егер жалпы топырақ сіңіру кешенінің 25 -30%-дан
астамы натрий үлесіне тисе, онда оны сортаң топырақтар
қатарына жатқызады. Сонымен натрий үлесіне сіңірілген
катиондардың 40-60% тисе, ол топырақтар қатты сортаң
топырақтар қатарына, ал оның үлесі сіңірілген катиондардың
15-20%-ын құраған жағдайда жай сортаңданған топырақтар
қатарына жатады.
Сортаңданған топырақ зонааралық топырақ қатарында
болып, барлық топырақ зоналарында кездесе бермейді. Олар
орманды-далалы зонасынан бастап, далалы, құрғақ-далалы,
жартылай шөлді зоналарда орын алған. Сортаң топырақтардың
біршама бөлігі шөлді жағдайда да кездеседі. Дегенмен бұл
зонада басымырақ кездесетіні сорланған топырақтар.
Сортаңданған топырақтардың құнарын кемітіп, оны
ауыл шаруашылыққа игеруге кедергі келтіретін жағдай оның
нашар физикалық және химиялық қасиеттерге ие сортаң
қабаты, мұны жақсарту жолын да осы қабаттан бастау керек.
Алдымен натрий катионынан құтылудың амалын іздестіру
керек. Дәлірек айтсақ, сіңірілген натрийді басқа катионмен
ауыстыру. Бұл сортаңданған топырақты гипстеу арқылы жүзеге
асырылады. Реакция төмендегідей жолмен жүреді.
(Топырақтың сіңіру кешені) Na
+
+ Ca SO4 Топырақтың сіңіру
кешен
Ca
++
+ Na
2
SO
4
)
Cортаң
түрлері
әрқалай
болғандықтан,
олардың
мелиорациялау жолдары да әр алуан болады. Бұл жайында
Қазақстандағы сортаң жерлерді жақсарту мәселелері деген
бөлімде айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: