Жамалбеков Е.Ү


 Зонааралық (интразоналық) топырақтар



Pdf көрінісі
бет71/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   104
4.2. Зонааралық (интразоналық) топырақтар 
Атынан белгілі болғандай, бұл топырақтар әрбір зоналарда 
түзіліп, солардың арасында таңдақ-таңдақ болып кездеседі. 
Зонааралық топырақтар ішінде негізінен төмендегідей 
топырақтар типтері кездеседі: 1. Сорланған топырақтар. 2. 
Сортаң топырақтар. 3. Солодтар.  
Сорланған топырақтар. Сорланған топырақтар деп 
құрамында суға тез ерігіш тұздардың біршама мол кездесетін 
топырақ түрлерін айтады. Ал суға тез ерігіш тұздар топырақтың 
беткі қабатынан бастап мол болып кездессе, олар сор 
топырақтар 
(солончаки) 
болып 
саналады. 
Тұздардың 
мөлшерден көп кездесуі ондағы өсімдіктерге зиянды (улы) әсер 
ететіндіктен бұл топырақта өсімдіктер дүниесі жоқтың қасы. 


130 
Мұнда тек тұздың молдығына табиғи бейімделген соршөптер 
(галофиттер) өседі, ал тұз мөлшері аса көбейіп кетсе жалаңаш 
сорға айналады. Сорланған топырақтар көлемі (сортаң 
топырақтарды қоса есептегенде) 120 млн гектардай, яғни ТМД 
елдерінің 5,4%-ы. Ескеретін жай, сорланған топырақтар, оның 
ішінде әсіресе сортаң топырақтар жеке түзілмей, көбінде 
зоналы топырақтар арасында комплексті жағдайда кездеседі.
Жалпы 
сорланған 
топырақтарды 
көп 
зоналарда 
кездесетін зонааралық топырақ дегенімізбен, ол негізінен 
жауын-шашын аз түсетін, ауа райы жылы, булануы мол 
аймақтарда кездеседі. Олардың пайда болу жолдары әрқалай:
1) Бұл топырақ астындағы тұзданған ыза суларының 
жер бетіне жақын болып, олар буланған кезде топырақ 
қабаттарында және оның бетінде су құрамындағы тұздардың 
шоғырлануынан пайда болады. Сорлану үшін топырақ 
астындағы ыза сулардың жер бетіне жақындығы мен олардың 
тұздану деңгейі едәуір рөл атқарады. 
Төмендегі 
кестеде 
бұрынғы 
КСРО 
елдерінде 
қабылданған сулардың тұздану деңгейі жүйелері келтірілген 
(М.А.Глазовская бойынша, 1981). 
4-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет