Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет70/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

5. 
Ылғалды-субтропикалық 
және 
тропикалық 
орманды белдеу. Мол ылғалды субтропикалық зонаның қызыл 
және 
сары 
топырақтары. 
ТМД 
елдерінің 
оңтүстік 
субтропикалық кейбір аудандарында өте аз көлемді алқапта
дәлірек айтсақ, Грузияның батыс - Қара теңіз жағалаулары мен 
(Аджария мен Абхазияда) Әзербайжанның оңтүстік -шығыс 
шетінің Каспий жағалауларының біраз жерлерінде (Ленкорань 
ойпатында) табиғаттың ерекше қызыл және сары топырақтары 
кездеседі, көлемі не бары - 0,6 млн гектар.
Бұл алқаптарда жылу да, ылғал да мол. Жылына түсетін 
ылғал 1000-2500 мм-ге жетеді. Ауаның жылдық орташа 
температурасы 16-200, қыстың ең суық айы қаңтарда орташа 
температура 8-100-тан кемімейді. Осындай қолайлы жағдай 
биологиялық тіршіліктің жыл бойына үзіліссіз дамуын 
қамтамасыз етеді. Ағаш пен шөп түрлері де мол, әрі олар басқа 
аймаққа қарағанда, мұнда жылдам өсіп, мол қалдықтар 
қалдырады. Өсімдік қалдықтары микроорганизмдердің және 
басқа майда жәндіктердің көптігінен тез ыдырайды. Ауа райы 
жылы 
болғандықтан, 
өсімдіктер, 
тірі 
жәндіктер 
мен 
микроорганизмдер мұнда жыл бойы өмір сүруін тоқтатпайды. 
Тіпті өсімдіктер қыста да гүл ашады. 
Күннің жылылығы мен жауын-шашынның мол түсуінен 
тау жыныстары мейлінше үгіліп, балшықтанып суға қатты 
шайылған. Мұндағы тастар да «шіріпң кеткен секілді. Тіпті 
қатты лауалы тау жыныстарын пышақпен кесуге болады. 
Жыныстардың құрамында фосфор, күкірт, кальций, магний, 
калий, натрий толық, ал кремний тотығы біршама шайылып 
кеткен, топырақ қабатында темір, алюминий, марганец 
тотықтары мол, олар бүкіл топырақ-тау жыныстарының 50-70% 
түзеді. Осылар топырақтарға ашық қызғылт түс беретіндіктен
оны қызыл топырақ немесе латериттер деп атайды. 
Бұл топырақтар пішіндері төмендегідей: 
А
1
- 0-2 см ағаштар жапырақтарының қалдықтары.
А - 2-25 (35) см сұр қоңыр, төмендеген сайын қызара 
бастайды, құрылымы кесекті- жаңғақты, өсімдіктер тамырлары 
мол. 


129 
В - 80-100 см өзгертілген құба қызыл түсті қабат, 
тереңдеген сайын түсі ашық қызылға ауысады, қабатта темір 
конкрециялары кездеседі, механикалық құрамдары ауыр 
балшықты, қатты үгілген. 
Топырақ ортасының реакциясы қышқыл, рН 4-5,5. 
Топырақтағы 
басты 
негіздер 
шайылып 
кеткендіктен, 
топырақтардың сіңіру көлемі шамалы. 100 г топыраққа не бары 
12-15 мг экв. 
Сіңірілген негіздер құрамында Аl - 60-80% орын алса
қалғаны сутегі (Н) үлесіне тиеді. Екеуі қосылып сіңірілген 
негіздердің 85-90%-ын түзеді. Өсімдік қалдықтары тез 
шіритіндіктен, пайда болған қарашірік топырақ құрамынд ағы 
темірмен қосылып, берік қосылыс құрайды да жауынға 
шайылмай, топырақта ұсталынып қалады, сондықтан да 
қарашірік мөлшері бұл топырақтарда едәуір (7-8%), бірақ 
тереңдеген сайын кеми түседі. Алайда оның құнарлылығы 
жақсы. Қарашірінді құрамында фульво қышқылы басым. 
Сондықтан мұны фульватты-темірлі топырақ деп те атайды. 
Бұл аймақ еліміздегі негізгі субтропикалық дақылдар 
(шай, лимон, апельсин, мандарин) өсірілетін бірден -бір ауданы. 
ТМД елдерінде кездесетін негізгі зоналық топырақтарға 
қысқаша сипаттама бердік. Бұл топырақтар түрлері кейбір 
табиғи жағдайлардың ерекшеліктеріне қарай аздап өзгеруі 
ықтимал. Ал таулы жерлердегі топырақтардың тік белдеулік 
өзгерулері ол таулардың қай зоналарда, зоналардың қай 
секторларында орналасуларына байланысты . (12 -сурет) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет