Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет78/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   104
6) Шөлді- далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ 
пен 
оңтүстіктегі 
шөлді 
аймақтың 
аралығында 
жатыр. 
Сондықтан бұл зонашада солтүстіктегі далалы зона мен 
оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі. 
Климаттың құрғақ болуына байланысты мұнда өсетін 
шөптердің түрлері аз, әрі сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, 
әсіресе оның құрамындағы қарашірік аз, топырақ түсі ашық 
қара-қоңыр, көбінесе сортаңданған. Ауадан түсеті ылғал 
мөлшері жылына орта есеппен 180-210 мм-ақ, бұл егістіктің 
өнімді 
шығуын 
қамтамасыз 
ете 
алмайды. 
Ылғалдану 
коэффициенті аймақта шамамен 0,2-0,3, яғни 20-30%. Бұл 
қазіргі уақытта негізінен мал шаруашылықты аймақ болып 
саналады. Жайылымы көктемгі, жазғы, күзгі уақыттарда жақсы.
Құрғақшылық жиі байқалады, яғни 4 жылдың 3 жылы 
құрғақ болады. Сондықтан егін егіп, тұрақты өнім алу тек 
суармалы жағдайда ғана іске асады., бірақ оған су көздері 
тапшы. Суарылмайтын егін аз мөлшерде, ойпатты, шалғынды 
жерлерде ғана егіледі. Мұнда егілетін дақылдар - тез пісетін 
тары, арпа т.б. мал азықтық дақылдар. Көлемі 38,4 млн гектар
яғни Қазақстан территориясының 14%-ын алып жатыр. 
7, 8) Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең 
алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан 
облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда 
облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды
Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы, 
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік 
жерлері орналасқан. 
Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз. 
Ылғалдану коэффициенті 0,1-0,05-ке шейін кемиді. Жылына 
түсетін ылғалдың мөлшері 80-150 мм-дей. Үсіксіз уақыттың 
ұзақтығы 170-220 күнге жетеді. Күні бұлтсыз, ыстық, 100-тан 
жоғары болатын күндердің температура қосындысы Түркістан 
маңында 47000-ке жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге 
тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. 
Сондықтан өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық 
кезең өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың 
құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер де табиғаттың осындай 
қысымшылығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын 
бұташалар, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған 


144 
топырақтарға 
бейімделген 
шөптер. 
Өсімдік 
сирек 
шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары 
да мардымсыз. Сондықтан топырақта қарашірік аз, оның 
мөлшері топырақтың беткі қабатында не бары 1-1,5%. Осының 
салдарынан топырақ түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау 
жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) сор 
шөпті жусан өсетін құба топырақтар (7), терістік шөл; б) 
жусанды сор шөптер өсетін сұр құба топырақтар (8), орталық 
шөл. Сонымен қатар екі зонашада да, әсіресе, соңғысында 
тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және 
сорланған жерлер көптеп кездеседі 
Аймақ негізінен мал жайылымына қолайлы. Мұнда тек 
суармалы егістіктен ғана өнім алынады. Өзен бойларында 
орналасқан тақыртүстес топырақтар күріш егуге ыңғайлы. 
Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан, суарған кезде азотты
фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. 
Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның 
көлемі 119 млн гектар, яғни республика территориясының 44% -
на жуық. Жалпы жартылай шөл мен шөл зоналарын сипаттай 
келіп, ол алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға әсте 
болмайды. Өйткені осы жердің ыстығына бейім, сорланған 
топырақтарда бар.өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде 
қаракөл қойлары, «шөл кемесің атанған түйе малдары сүйсіне 
жейді. Ал мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын 
қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін ұнататын кейбір қымбатты 
дақылдар, суға да қанығып мол өнімдер береді. Дегенмен 
осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау-бақшаға айналдыруға 
болады деген қиялға берілмеген абзал. Себебі қоғам үшін 
шөлдер шөл күйінде де қажет. Табиғатта бір жер шөл болып, 
екінші жер көл болып бірін-бірі толықтыратын, бірін-бірі 
теңгеретін заңдылық. (14 сурет) 


145 
14 сурет орны 
14 сурет. Маңғыстаудың оңтүстігінің сорланған сұр -
құба топырағы. Соршөпті жайылымдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет