142
облысына дейін созылып
құрғақ және шөлді-далалы қара қоңыр
топырақты зона жатыр. Оның көлемі 90,4 млн гектардай
(республика территориясының 33,3%), яғни бұрынғы КСРО -
дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды.
Бұл аймақта
Павлодар
облысының
көп
жері,
Солтүстік
Қазақстан
облысының батыс жағының біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола
облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс
Қазақстан, Қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан.
Бұл кең зонаның солтүстік бөлігінің топырағы оңтүстіктің қара
топырағына өте ұқсас,
күңгірт қара-қоңыр топырақ (4).
Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3-4%.
Орта бөлігінде
ылғалдың азаюына байланысты өсімдіктердің өсуі де сирексіп,
топырақтың қарашірігі азаяды, топырақтың түсі
жай қара
қоңырға айналады
(5). Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3%.
Ал аймақтың оңтүстігінде шөлді далада топырақ түсі тіпті
ашық қара қоңырға ауысады
(6).
Топырақтың беткі
қабатындағы қара шірінді мөлшері не бары 1,5 -2%.
Ауадан түсетін ылғал мөлшері өте айнымалы.
4) Зонаның солтүстік бөлігінің топырағы
күңгірт қара-
қоңыр, онда суарылмайтын жаздық бидай егіледі. Бірақ
олардың алынатын өнім мөлшері ауа райына тәуелді. Орта
есеппен
жылына
түсетін
ылғал
250-280
мм.
Мұнда
құрғақшылық үш-төрт жылда бір рет қайталанады. Бұл жердің
көлемі 27,7 млн гектардай (республика жерінің 10,3%), 5) ал
зонаның орталық бөлігінде жай
қара-қоңырлы топырақтарда
құрғақшылық жиі болатындықтан, суарылмайтын егін өнімі
мұнда тұрақсыз. Бұл аймақта құрғақшылық екі жылда
қайталанып, өнім қанағаттанарлықсыз алынады. Бұл зонашаның
көлемі - 24,3 млн гектар жер, Қазақстан жерінің 8,9%.
Негізсіз
жыртылып кеткен жер көлемі 4 млн гектарға жуық. Бұл
зонашаларда да астықты шаруашылықтар, әсіресе күңгірт қара -
қоңыр зонашада жақсы дамыған. Онда жеңіл топырақтар
желмен ұшуға бейім, оның өзі
топырақтың жел эрозиясына
қарсы күресу шараларын ұйымдастыруды қажет етеді. Сонымен
қатар топырағында фосфор аз болғандықтан, фосфорлы
тыңайтқыштар қажет. Бұл екі зоанашадағы негізгі егістік
жерлер тың игеру кезінде игерілген. Ескеретін жай: тың игеру
науқанында біршама
асыра сілтеушілік болып, қара -қоңыр
топырақтардың астық егуге жарамсыз біршама жерлері
жыртылып кеткен. Ол жерлерді жайылымдыққа қайтару соңғы
143
жылдары жүзеге асуда. Егістіктермен қатар мал шаруашылығы
дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: