Жанат Ахмади Әдебиет – жан нұРЫ



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата21.01.2017
өлшемі0,96 Mb.
#2333
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

* * *
Жылжи түсетін болсақ «ТАРИХИ РОМАН: ЕЛ, ЖЕР 
ҰЛТ ТАҒДЫРЫ» аталатын тақырыпта тартылған желі 
жоғарыда аталған авторлар романдарын сыншы ғалым 
жілік-жілігімен бұтарлап талқы тезіне салады. Жер бетілік 
әдебиеттің озық үлгілерін көзге ұстай отырып, соларды өзі 
сөз етіп отырған қаламгерлермен салыстыра, қаржастыра 
қарайды. Барын бар, жоғын жоқ етіп, ой таразысымен 
безбендейді. Әсіресе бұл орайда кәнігі, қарымды сыншы 
«Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» кітабының аты 

143
 Әдебиет – жан нұры 
айтып тұрғандай, осы жылдардағы қазақ көркем әдебиеті 
не берді? Тәуелсіздігіміздің талап-шартына қайсы автордың 
қандай шығармасы қанша дәрежеде жауап бере алды? 
Ш. Елеукенов кітабының желі-арқауы осыған құрылған. 
Авторлардың артықшылығы неде? Ақсап тұрған жері қай-
сы? Осы сауалдарды қанағаттандыратын кілт-кілтипаны 
қай жазушының қолында – қай бағыт, қай дәрежеде? Автор 
міне осыған жауап іздейді. Әлемдік әдебиеттегі шашасына 
шаң жұқпас, үздік саңлақтармен қоса олардан асып түсетін 
ұлы Әуезовті көп қайталап, әдебиетіміздің жол бастар 
қоңыраулы серкесі іспетті үлгі етіп отырады. Иланасың, 
сенесің, бағынасың. Осы үлестен шеттегі қазақтардан келіп 
қосылған біздер де құр қалмаппыз. Мұнан бұрын кім бұлай 
айтып еді? Қолымен демеген боп, аяғыңнан шалатынды 
көргенбіз. Мысалы, Ш. Елеукенов «Мұхтар Әуезов роман 
драмаларындағы тілінен бал тамған нелер саңлақтарды 
еске алсақ та жеткілікті. Сол сияқты Жанат Ахмади деген 
жазушының «Дүрбелең», «Шырғалаң» роман-дилогиясын 
оқып шықтым. Сөз сайысына түскен көшпенділік ұшқыр 
ойын өлеңше өрнектелген мақал-мәтелмен бекітіп отырады. 
Бүгінгі тәуелсіздік кезеңіндегі роман сол кеніш қойнауын 
үңги түсіп, шешендік тілдің жаңа үлгілерін алға тартуда. 
Тұрсынхан Зәкенов романының алғашқы беттерін ашқан 
бойда-ақ, құлақ құрышын қандыратын нелер тосын сөз, 
тың тіркеске кенелесің... Жалпы Шығыс Түркістаннан 
келіп қосылған жазушылар тілімізге өзіндік көзқарасымен, 
бізде ұмыт қалып көп уақыт бойы қолданылмай келген 
қазақы сөздерді жаңғыртумен ұлт лексикасы қорына мол 
олжа салғанын мойындауымыз керек. Оған айқын мысал – 
жазушы Жанат Ахмадидің «Дүрбелең» (1990), «Шырғалаң» 
атты тарихи романы (1997)» деп бастайды да содан ары қарай 
сыншы қорғасындай салмақты өз тәсілімен екшей таразылап 
бірнеше бетке созылған талқы, жарғысына салады. Қазақта: 
«малай байды таңдай ма, бай малайды таңдай ма» дейтін бір 
сөз бар. Біздің онша жақсы танымайтын, аты-жөні айбынды 
– Шерияздан Елеукенов деген кісінің аузына осылай 

144
Жанат Ахмади
алынғанымыз қалай? Алдымен әдебиеттегі ондай үлкен 
тұлғаның еңбегі туралы бірер ауыз лебіз білдіру деген, бізден 
болмаушы ма еді. Ол бізді содан кейін жазса болмай ма?.. 
Жоқ, олай емес, өңіңде тұрмақ, түсіңе кірмейтін дара, дана 
жазушы, сыншы ғалым сені сыртыңнан іздеп тауып алады 
екен! Өмірді бір кісідей білеміз – академикке де бағынбайтын 
құпия бар. Ол – лауазымның емес, адамгершілік жағындағы 
анау-мынау адамның шеңгеліне ілінбейтін кісілік нышаны. 
Адалдық, әділдік нышаны. Оқымыстылығы, білімі бір 
басынан асып төгілетін, ғылыми кемеңгерлер аз емес. Ал 
бірақ солардың хан-қараға бірдей қарайтын азаматтық, 
таразысы қандай? Арқасынан басып айта алмайсың. Атақ 
жағынан өзімен деңгейлеске ғана бар, атағы жоққа – жоқ, 
сені місе тұтпайды.
... Бас жаққа барыспай-ақ, мен өз маңайымдағы қа-
ламгерлерден мысал келтірсем «қашыр мен есек қарызға 
қасынысады» дегенді ойға салады. Сен ананы мақтасаң, ол 
әйтеуір бір күні сені жер-суға сиғызбай мақтай жөнеледі. 
Айтып тұрғанына ішіңнен сенбей отырасың. Өйткені 
«көгершінді – сұңқар, көтеремді – тұлпар» етіп жібереді. 
Қар шыға орнына қарға, тұйғын орнына тырнасын ұшы ра-
ды... Бір «тәуірі» ондайлардың екі жағы да өздерін іштей 
біліп, өз әлсіздіктерін үндемей танып отырады...
Әйгілі әдебиет білгірі Ш. Елеукенов «ПОВЕСТЬ, ХИ-
КАЯТТАР» деген бөлімінде көрнекті жазушымыз Қадірбек 
Сегізбаевтың «Арасан», Төлен Әбдіковтің «Парасат май-
даны» туындыларынан бастайды. Бір-бір сөйлем байқата 
кетер болсақ, «Жазушы Қадірбек Сегізбаевтің 2002 жылы 
«Елорда» баспасынан жеке кітап болып шыққан «Арасан» 
атты хикаяты құнарлы мазмұнымен, замана өзгерістеріне 
шапшаң үн қосқан оперативтілігімен, өткір де актуальді 
проблематикасымен, төгілген тілімен оқырман қауымды 
елең еткізгені рас» дейді. Ш. Елеукенов: «Бүгінгі қазақ 
әдебиетінің даму процесіндегі айрықша көңіл бөліп атарлық 
шоқтықты шығарманың бірі – жазушы Әлібек Асқаровтың 
«Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» атты повесі (1997). 

145
 Әдебиет – жан нұры 
Және бұл шығарма туралы Шерхан Мұртазаның «Романға 
бергісіз повесть» деп мақала жазғанын кітап авторы егжей-
тегжейлі көрсете кетеді. (147 б.). Бұдан ары қарай автор «... 
Таң-шолпан» журналында жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің 
«Премьер-министр» атты сатиралық повесі (2001) жа рия-
ланды. Жүсіпбек повесінің жарыққа шығуы біздің са-
тира жөніндегі біраз түсініктерімізге түзету енгізгендей, 
коррекция жасайтындай» (153 б.).
«Жазушы Жанат Ахмадидің «Бір кем дүние» хикаяты 
(2001) тәуелсіз кезеңнің нәтижесін айтыс түрінде тал қы-
лайды. Қазақ повесі бүгінгінің ісіне араласып та кетті. 
Тәуелсіздігіміздің алғашқы қадамдары көркем бейнесін 
тауып үлгерді» (161 б.).
«Соңғы жылдары жұртшылық назарына ілігіп, тақы-
рыбының тапқырлығымен, көркемдік шешімінің ұтқыр-
лығымен ерекшеленген шығарманың бірі – сақа жазушы, 
Ұлы Отан Соғысының ардагері Қалмұқан Исабаевтың «Мұн-
дай қазақ болған» повесі» (1999), (163 б.)
«Соңғы жылдардағы жаңаша оқылатын шығарманың 
бірі – Марал Ысқақбайдың «Ғашық боп көрмеген келіншек» 
(1991) атты повесі. Марал Ысқақбай повесі махаббаттың 
адам рухын биіктетудегі творчестволық шабытына шабыт 
қосудағы әсерін суреттейді» (165 б.).
«Жазушы Талаптан Ахметжанның «О дүниенің қона-
ғы» атты (2001) жинағындағы «Сұлу мен суретші» повесі 
ішкі тартысы символистік зор мәнді әрекетпен аяқталатын 
хи кая шертеді» (168 б.). «Талаптан Ахметжан повесінің тал-
дауы бүгінгі прозаның жаңа өріске бет алып отырғанына 
айғақ. Сондай айғақтың және бірі – жазушы Тынымбай 
 
Нұр 
мағамбетовтің «Айқай» (2001)», деп онан ары Әкім 
Таразиды айтып кете барады.
Ал енді «ӘҢГІМЕ» деген бөлімге көшетін болсақ 
Ш. Елеу кенов: «Соңғы жылдары тәлімгер әдебиетпен қатар, 
көркем жинақтаудың басқа да формаларын табуға деген 
ізденіс күшейгенін аңғар ту қиын емес. Сондай ізденістердің 
бір парасы – Асқар Алтайдың «Дода», «Салқын ұрған 

146
Жанат Ахмади
жапырақтар», «Соқыр тұман» сияқты авторлық позициясы 
күңгірт, ақ пен қараны айырып алуды оқырманның өзіне 
қалдыратын әңгімелерінен байқалады» (183 б.)
«Қуандық Түменбайдың «Қасқыр мен қояншық» де-
ген әңгімесінің әдебиетіміздің тарихы үшін аты да, заты 
да тосын» деп түйеді. Екінші «Жындыхананың жейдесі» 
әңгімесі тексеріледі...
«Серік Байхоновтың «Ұрлықы мал» әңгімесінде мо-
ральдық мәселе тікелей қойылмайды. Әңгіменің бұлайша 
түзілуі, автор түйіндеуінше, өмірдің өз дегенінен туын даған» 
(188 б.) дейді.
«Соңғы жылдардың әдеби процесіне әңгіме жанры бас-
тап із салған және бір бағыт – жалпы адамдық һәм ұлттық 
тақырыптарды ұластыра талдап шешуге деген талап. 
Жанат Ахмадидің «Ажал аузында» атты әңгімесі (2001) 
айтылғанға жақсы дәлел». «Аңшылықты кәсіп етпесе 
де үрейді жігеріне жеңгізген қарапайым қазақ әйелінің 
қасқырмен алысуын – шын мәнінде көзге көрініп келген 
ажалмен айқасуын жазушы Жанат Ахмади тамылжытып 
жазады-ақ!» (191 б).
«Уақыт әдебиеттен дәмететін сөзін жазушының жүрегі-
не өзі егетін тәрізді». Бексұлтан Нұржекеұлының «Екі 
 
мінез» атты әңгімесінде (1997) тағы да сол санада, дәлірек 
айтқанда ұлттық дүниетанымда күрт өзгеріс жасау, еліміз-
дің өткен жолын қайта қарап тексеру, бүлінген, бұрмаланған 
тарих беттерін қалыбына келтіру бүгінгі тәуелсіз еліміз дің  
күн тәртібінде тұрған келелі мәселе ретінде алға тар тылған» 
(193 б.)
«Дүниеден ерте өткен талапты қаламгер Болат Қанат-
баевтың 2001 жылы көзінің тірісінде жарияланбаған шы-
ғармалар жинағы жарық көрді. «Теңізден ескен жел» деп 
аталатын жинақта «Керек адам» деген әңгіме бұрынғы 
әдеби дәстүрдің бәрін аяқасты ете бермеу қажеттігіне назар 
аудартады» (194 б.)
«Әңгіме жанрының тәуелсіздіктің он жылы тарапында-
ғы татымды табысы, көкжиегінің кеңейгендігі» деп түйін-

147
 Әдебиет – жан нұры 
дейді, әдебиетіміздің даңғайыр көрнекті өкілі, ойшыл 
 
сыншы, Шерияздан Елеукенов ағамыз.
Осы орайда «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» кі-
табы туралы ерекше ауызға ала кетерлік бір жайт – бүкіл 
ұлттық әдебиетіміздің жиынтық қоры болып табылатын 
«Қазақ әдебиетінің он томдығына» енгелі отырған жаңа 
есімдердің бар екендігі. Бұрыннан қалыптасқан қолайсыз 
үрдіс салтында тек атағы шыққан, әр түрлі лауазымға «бө-
ленгендердің» етегіне жармасудан ары аспайтын энцик-
лопедияшыларға Ш. Елеукеновтың ұқсамағандығы. Өзі та-
нымайтындарға жақ сылығын қимайтын, іші тар, кісілікке 
тапшы жинақтаушы авторларға ұқ сап Шерияздан ағамыз 
«ала қойды бөле қырықпаған». Әде 
биетті ортақ кеніш 
ретінде саралайды. Ешкімнің са қалына, лауазым беделіне 
қарамаған. Өйткені әдебиетке достық жүрмейді. 
Мұнан ары қарай «ЛИРИКА», «ПОЭМА» тағы-та-
ғы 
лар болып кете барады да, екінші бөлім «АБАЙДЫҢ 
эпистолярлық романы аударма ма, төл тума ма?» деп түрен 
тартады (270 б.). Одан ары «Тахауи Ахтанов», «АЗ и Я» азабы 
(305 б.), «Жүсіпбек Аймауытовтың роман айнасы» және т.б. 
«Аз и Я» азабы тақырыбын оқыған кісі кітап авторы осы 
бойда – кірпігіне шаң ілінбей «Елеукенов» бола салмағанын 
ұғынасыз. Азамат басын азап шалған қилы кезеңдерде 
коммунизм құйыны жазық 
сыз жәбірлеген Елеукеновты 
көресіз. «АЗ и Я» туралы айтқан оң пікірі үшін қаншалық 
қудалауға ұшырағанын көріп жаға ұстайсыз. 
Алмат Исәділ:
– Өзіңіз оқыған жеке авторлар туралы ой-пікіріңіз? 
– Біраз жылдардан бері Қабдеш Жұмаділовтің «Дара-
бозы», «Оразбек Сәрсенбайдың «Шеңбері», Марал Ысқақ-
байдың «Ғашық боп көрмеген келіншегі», Тынымбай Нұр-
мағамбетовтың «Айқайы», Қадірбек Сегізбайдың «Бел-
асқаны», Берік Шахановтың «Көрген түстей дүниесі», 
Жақ 
сылық Сәмитұлының «Сергелдеңі», Мағира Қожах-
метованың «Жантәсілімі», ал биылғы жылы Зейнолла 
Сәнктің «Хан батыр Қабанбай» естелік-эссе кітабын және 

148
Жанат Ахмади
Дәлелбек Батырдың «Махаббат оты» романын оқыдым, 
өзіне ауызша пікірімді айттым. Сөз етуге тұрарлық даусыз 
көркем дүние. Жоғарыда аталған кітаптардың барлығы 
да әрқайсысының өзіндік биік тұғыры бар, беріліп оқыған 
дүниелерім. Біразына баспа беттерінде пікірімді айттым, 
авторлары біледі. Сол қатарда Нұрқасым Қазыбекұлының 
да бірнеше кітабына жиынтық пікір жаздым. 
Бұрынғы бір жылдары Смағұл Елубайдың «Ақбоз үй» 
романын өте қызыға оқыған кітабым еді. Кейінгі кітап-
тары нан көз жазып, қол үзіп қалдым. Сол сияқты тағы бір  
беріле оқыған кітабым Тұрсынғазы Әлпейісовтің «Жоң-
ғардың соң ғы қашқыны» романы болды. Баспа бетінде пікір 
де жаздым, өзім Алматыға жаңа келген жылдары алғаш, 
бірінші рет таңдап оқыған кітабым Бексұлтан Нұржекеев тің 
«Жау жағадан алғанда» романы болатын. Одан беріде Сапар 
Байжанов ағамыз бен Ғабекең – Ғаббас Қабышевтің бірнеше 
кітаптарын оқып, екеуіне де баспа бетінде пікір айтқанымды 
жұртшылық біледі. Сол сияқты Жолдасбай Тұрлыбаевтың 
«Райымбек» романына да газет бетінде пікір жаздым. 
(Автордың 70 жылдығына орай). Әмен Әзиевтің «Жер 
жарасы» романы, Молдахмет Қаназдың «Жанқожа батыры» 
және Қуандық Түменбайдың шығармашылығы туралы 
жариялаған мақалаларымның барлығы «Өнер» баспасында 
көп жыл жатқан қолжазбама еніп отыр. (Оқырманға ескерте 
кетер бір жайт аталмыш «Өнер» баспасында басылмаған бұл 
жинақ міне енді қолдарыңызда «Сөздік-Словарь» баспасы-
нан жарық көргелі отыр). 
2005 «Әдеби жыл» қорытынды мәжілісінде 14 романға 
баяндама жасаған едім. Ол жайлы айтарым Мұхадес Ес-
ламғалиұлының «Әйтеке би» романы, Софы Сматаевтың 
«Елім-айы», Тұр 
лыбек Мәмесейіттің «Таңжарығы», (Ха-
лықаралық «Алаш» сыйлығын алған «Әулие шоқысын» 
 
онан бұрын оқыған быз). Талаптан Ахметжанның «Ақиқат 
жолы», Тұрсын әлі Рыскелдиевтің «Ұлы көш» роман-три-
логиясы, Шәр 
бану Құмарованың «Құлжа жолы», Сәбит 
Досановтың «Қылбұрауы», Төлек Тілеухановтың «Базарлы 

149
 Әдебиет – жан нұры 
дәурен – бал ғын шақ», Сайлаубай Жұбатыровтың 3 кітаптан 
тұратын «Абыржы» романы, Тұрысбек Сәукетайдың ро-
маны «Жел 
қайықтарды» және т.б. оқып баяндамамда 
көзқарасымды айттым.
Алмат Исәділ:
– Сіз тек прозаға ғана емес, поэзияға да баспа беттерінде 
көптеп пікір айтып жатасыз?
– Проза, поэзиясын қосқанда 29 баспа табақтай, екі 
бөлімнен тұратын қолжазбам «Өнер» баспасының қор-
жынында, ком 
пьютерлік нұсқасы дайын. Онда Нұрлан 
Оразалин, Қасымхан Бегманов, Қазыбек Иса, Терімше 
Сарыбаев, Болат Үсенбаев, Қайрат Әлімбеков, Қадірбек 
Құныпия, Жарас Сәрсек, Бауыржан Қарабектер бастаған 
қырық шақты ақынға жазған рецензия, әдеби-сын мақа-
лаларым баршылық. Олар негізінен газеттерде жариялан-
ған. («Өнер» баспасында 7 жыл жатып басылмаған соң 
қайтып алғанмын).
Алмат Исәділ:
– Жанат аға, сіз ұлтымыздың айтыс өнері туралы да 
«Қазақ әдебиеті» басылымының бетінде соқталы ой айт-
қаныңыз есімізде. Сол туралы көзқарасыңызды және бір 
ашып айта кетсеңіз.
– Бұл өте орынды сұрақ. Тәуелсіздігіміздің арқасында 
ғана қол жеткізген рухани табысымыздың үлкен бір түрі 
осы. Бірақ аузына ие болмайтын әлде біреулер «Айтыс керек 
пе, жоқ па», «айтыс жазба ақындыққа зиянын тигізеді» 
деген сорақы сөзді аузы-мұрны қисаймай баспа беттерінде 
қозғағанына қалай ойласам да ақылым жетпейді! Құдай-
ау, бұ не қырсық!? Е, әлгі «шыдай алмаған буаз қан шығын 
жүгіртеді» дегенді қазақ осындайдан айтқан екен ғой... 
Өзгелер аңшы иттерін қосқанда іші күйген бір пақыр 
сасқанынан буаз итін ала жүгірген ғой. Оны айтатын кімдер 
деп ойлайсыздар? Қазақтың ең киелі ұлттық рухынан нәр 
бұйырмаған, өз анасының қазақ екенін де мойындағысы 
келмейтіндер ме, қалай? Ділсізге тұлпар да, мәстек те 
бір болуы мүмкін. «Есек мінсе ат іздемейтін, балық жесе 

150
Жанат Ахмади
ет іздемейтін» бейбақ өзгені өзіндей санаса керек. Ең 
қиыны ондайлар өлігін көрсетпей өзімен кетсе жақсы ғой. 
Айналасына өз иістерін таратып, жеке көзқарасы жоқ, 
былқылдақтарға бұлғақ тудырып жататынын қайтерсің. 
Әлдебір кемпірдің «өзім жемеген көтенішек боғымен қат-
сын» дегені тәрізді, өзінде жоқ қасиетті өзгеден де сыпырып 
тастағысы келетін бейшараға не дерсің. Жекпе-жекке 
шақырып қолында өлгің келеді.
Жә, бұл осымен тұрсын. Дәл осы тектес «Жазушылар 
Одағы керек пе, жоқ па?» дейтін тағы бір көбік езулер шаң 
береді. «Қуырдақтың көкесі түйе сойған жерде» деп осыны 
айт. Қадір Мырзалиев жазғандай «Жазушылар Одағы 
тірілер тұрмақ, өлілерге де керек» екеніне кім көз жұмбақ! 
Баяғыда қайтыс болған ақын-жазушылардың аты аталып, 
бәлен жылдағы өтіп жатқаны қандай тоғышардың өзегіне 
өрт салады. Соған діті жетпеген кері ауыздардан кімге 
жақсылық келмек?! Бұл аузым бар деп сөйлейтін, хас надан, 
ойсыздыққа жатады. Өзінен өзгені «күл болмасаң – бүл бол» 
дейтін, қара көңіл, қараулыққа жатады. «Қарауларға бақ 
қонса да, байғұс аты қалмайды» дейтіні содан. «Жеңсе – хан 
болғысы, жеңілсе – қарақшы болғысы келетін» дейтін дәл 
осылар! Ол да дәл әлгі буаз өлексенің иесі. Іші күйіп «анау 
неге сау жүр» деп ауыратын солар дей аламын.
Жазушылар Одағы анау өтпелі кезеңнің ең қиыншы-
лық тұсында да «мұртын ұртына, ұртын иегіне жалғап» де-
гендей, жағдайы жоқ, қайтыс болған ақын-жазушылардың  
соңын атқаруда отбасына ойдан-қырдан құрап жинаған қа-
ражат жұмсап, қаншама қолұшын бергендігіне кім көз 
жұмады? Сол тәрізді авторлардың мерейтойлары, шығар-
машылық кештерге үкіметтен ине сабақ жіп алмайтын, 
Жазушы лар Одағы кімдерге бет-бедел жұмсамады деп ой-
лайсыз? «Жаптым жала, жақтым күйе», не бетімізбен 
жаз 
ғырамыз. Оу, мұсылмандар! «Аса бергенге аспан да 
аласа боп көрінеді» деген бар. Бүйте берсек, малғұн бола-
мыз. Басымызға нағлет ноқтасын киеміз. Бұл қай шалқу, 

151
 Әдебиет – жан нұры 
қай шалық? Бұнымыз су мен ауа көп болған соң қадірі 
болмайтыны сияқты кесірлілік. Нені қорласаң, соның жа-
засын тартқызатын Алла тағала ешкімді, ешнәрсені ұмыт 
қалдырмайды. «Демократия!» Қорқыт дегенге сонша қорқыт 
деп пе едім, демекші, демократия дегенде осынша көкі деп 
пе екен? «Ерікті ауызға бөрікті бас сияды». Ұяттан безу кім 
екеніңді білдіреді. Қасқыр тартқан бөксем бар, иттен несін 
аяйын деп, өзінің кісілігі жоқ екенімен қоймай, айналаны 
да өзіңмен өлшегің келе ме!? Жоқ, ағайын, екі елі аузыңа 
бір елі қақпақ қоя біл. Өзіңді өзің түзетпесең, өмір түзетеді. 
Бірақ заңы қатал өмір сынына ілінсең, сілікпеңді шығарып, 
қорлап отырып түзететінін есіңе ал!
Енді бір сөз, Жазушылар Одағын басқарып отырған 
Нұрлан Оразалинді күндейтіндер жоқ емес. Қазақстан Жа-
зушылар Одағының алдыңғы құрылтайы сайлауында төр-
ағалық орынға дауысқа түскендердің алды 14, соңы 3 дауыс 
алғаны есімізде. 
Мыңға тарта ақын-жазушының мыңға тарта мінез-
құлқы бар. Әрқайсымыз өзімізше «көсем» орнындамыз. 
Соның бірде бірімен жүз жыртыспай, адамдық түрде сыйлы 
орнын сақтап отырған тұғырлы басшыда қанша ақымыз 
кетті десеңші. Өзгесінің бәрін қойып, Н. Оразалиннің өз 
әріптестеріне қатысты әралуан жиналыстарда сөйлеп тұр ған 
сөздерін, тілі мен діл шешендігін мойындамау, баға ламау 
ноқайлыққа жатар еді. Бірі артынан бірі келіп, састырып 
жататын әртүрлі харекеттердегі – не мерейлі, не қаралы яки 
болмаса шығармашылық кештер аяқастынан, ойламаған 
жерден туындап жатады. Соның барлығында бір айтқанын 
қайталамай сөйлеп, көсіле сілтеп кететін Нұрлан Оразалин 
еріксіз таңырқатады. Талайымыз бір-бірімізге сөз етіп айтып 
жатамыз. Мұндай суырыла, ағыла шешен сөйлемек тұрмақ, 
он сөйлемнің басын сиырдың бүйрегіндей қырық құрақ 
ететінімізге қарамай, Одақты басқара қойғымыз келеді-ау.
Тегінде өз мәртебесінен биікке ұмтылушылар мазаққа 
қалады, демекпін. 

152
Жанат Ахмади
ЕЛГЕ ТҰТҚА БОЛАРЛЫҚ КӨСЕМ ЕДі
«Ұлылардың ұлылығы өзгелермен  
қарым-қатынасынан білінеді»
Шекспир
Атамыз қазақтан қалған «аттың нарқымен қасқырдың  
ісі жоқ, адамның парқымен тағдырдың ісі жоқ» деген дана-
лық бар. Бүгінгі қазақтың көрнекті ақындарының бірі 
 
Жәркен Бөдеш, көреген тарихшы Қаламгер Әлімғазы Дәу-
летханұлы сияқты дос-жолдастары болған Айтан Нүсіп хан-
ұлы кім еді? Ол хан-қараға бірдей, өзгеге лажы барынша кө-
леңкесін түсіре жүретін, қойны-қоншы кең нағыз сом жүрек 
жаралған азамат еді... Бірақ қырсық атаулы жақсылықтан 
бір шақырым ілгері жүретіні бар. Оның ежелгі жас өмірі-
нің өзі нағыз гүлденер тұста тосқауылмен басталған. «Әуелі  
бөрік киер бас керек», немесе «Алдымен бөрікті киер басты 
айт» демекші, қандай орынға апарып отырғыза қойсаң 
өкінішсіз де, даусыз лайық бола кететін көсем тұл 
ғалы, 
үлкен ғалым пішіндес Айтан Нүсіпханды зиялы қауым 
бірден-ақ танып үлгерген. Ішке тартып қабылдап үлгерген, 
қабілетіне тәнті боп мойындап үлгерген. Назары аш, көзі 
тоймай сұқтана қарайтын оқты көздің көзі ме, ішінен та-
ңырқап, сыртынан бұға сөйлейтін көре алмас қара көкірек, 
қара тілдің тілі ме, әйтеуір арамыздан беймезгіл жұлып 
кетті! Алды-артына қаратпай, қимастарының төбесіне жай 
түскендей етіп тосын алып кетті! Жігері құрыш, ниеті ырыс, 
дана тілекті, бала жүректі, бәрімізге достығы керек жақ-
сымыздан ажырап жер соғып қала бердік. 
Иә, атаң да мына қара жер, анаң да мына қара жер. 
Шараң қанша? Қазы кертіп, жал шайнап, кеңірдегі азып 
бай да өтеді. Қара талқан жалмалап, Құдайға жазып кедей де 
өтеді. Қымыздың қызуына марқайған бай, көженің кенеуіне 
қанағат еткен кедей бар ма, бәріміз сыпырылып соңында 
қала бер дік. Адаммен дос, кемеңгер келбеті мен-мұндалап 
тұратын Айтан кәріп-кәсір, жетім-жесірдің жақтасы еді. 
Адам зарын қазылы құлақпен тыңдайтын. Бұл жағынан 

153
 Әдебиет – жан нұры 
мыңның ба, миллионның ба бірі еді. Мына біздің бастан 
кешіп, өмір сүріп отырғанымыз соған, сондайға зәру заман 
еді! «Ескі дос келгенде жаңа достың қадірі төмендейді» деуші 
еді. Айтекеңді жұрттың бәрі ескі досындай көруші еді. Бірақ 
мына сезімсіз, меңіреу дүниеде жұрттың бәрі бірдей оны 
түсіне алды ма?.. «Тозақтың нанын жеген, жәһаннамның 
жайын білген, жыланның аяғын, жынның саяғын көрген» 
дейтін; ақылға кенде болмаса да, мақұлға кенде, іші тар, 
күншілдердің оны әдейі мойындамай, қасақана білмегенсіп, 
үндемей қабатын ит 
тің пиғылын байқату әлегі жүрегі 
таза, жүйелі, жаны жырлы киелі адамды іштей мүжіп, 
қайғыртпағанын кім біл 
сін. Адамның аз өмірі онсыз да 
сабырмен өтеді. Бітпес істің күйзеуімен, сарылумен, күтумен 
өтеді. Тіліндегісі жүрегінде болмай, «сағымдай құбылып, 
сабындай бұзылып» тұратындардың ортасында өмір сүру 
өзгемізге ешнәрсе жа 
сай алмағанымен, Айтандай, жігері 
тастан берік болса да, сезімі гүлден нәзік асыл тектің жанына 
жара салмағанын, жүрек қабына тыртық түсірмегенін кім 
біледі. Пасықтың көңілі биігі жаман, басыңды бағаламас 
күйігі жаман. Бақасы көп көлдің сары иек жыланындай 
лықылдап тойынған кейбір шенеуніктер дүниені доллармен 
есептеген мына бей құт, алақол заманда әділ ісіңе жүгінетін 
Айтандай дегдар туған тектіні қайдан табарсыз. «Жете 
шешілмеген төрелік жеті ұлықтың есігін ашқызады» деген 
болса, сол жеті ұлықтың ішіндегі ең әділі Айтанымыз деуші 
едік. Сен аман жүрші, деп тілеуін сырттан тілеуші едік.  
Соның өзін көп көрді ме, маңдайымызға сыймады! Қа-
зақ тамаққа тойса кегі басылатынды дауға салмайды. 
Айтан Нүсіпхан жамандық атаулыны кешіре алмайтын. 
Сондайдың бәрінен жүрегіне күш түсіп жүретін. Дос-
жолдастар арасындағы тү сініспеушілікке де жаны ауырып, 
Құдайшылықпен қарай тын. Осыларға не жетпейді деп қын-
жыла таңырқайтын. Мұрат Әуезовтей, Әлімғазы Дәулет-
ханұлындай, Жәркен Бөдештей ең жақын достарын айт-
пағанда, сырттан танысқан былайғыларының ішінде кімдер 
жоқ.

154
Жанат Ахмади
Айтан Нүсіпханның қадіріне кім жетті. Бұрынғы жаны 
күйген жақсылар «бақ адасса батпаққа қонады», «бақыттың 
көзі соқыр» дегенді текке айтпаған болар. Жақсы адам 
 
үшін жер бетіндегі қорлық оған өзінің лайықты орнын 
бермеу. (Бұлай дегенде Айтанның басы бағаланбады де-
гендік емес, әлі де жоғарылап елге тұлға болып отырарлық 
шынайы орны берілмегендігі). Мәселен, халық қалаулысы 
атанған депутаттар ішінде жыл он екі ай жақ кірісін ашпай 
«қимылсыз өмір мүдірмес» деген қағиданы тұтынып оты-
ратындар жоқ емес. Өзінің ішкі көңіл-күйімен бейжай болып 
отырып қалғып кететін депутаттарды теледидардан әдейі 
көрсетеді. Жақсы айғыр айбатымен үйірін қорғайды, құж 
мойын бұқа сом мүйізімен сасық тұмсығын қорғайды. Бұқа 
мүйізім аман болса, тұмсығым аман жүреді, дейтін көрінеді. 
Сол сияқты, астымдағы жұмсақ көпшік-креслом аман 
болса, мені алатын жау жоқ деп білетін қалғығыш, керенау 
депутаттармен Айтан Нүсіпханды сал 
ғастыра алмайсың. 
Жүрегін арнай алмайтын адамға жү регіңді тарту етпейсің. 
Айтанды кімге айырбастап кімге қияр едік. Айтан Нүсіпхан 
жұрттың бәрін өзіндей көретін. Өйткені  «қолыңдағы құсты 
қусаң орманға кетеді, маңыңдағы досты қусаң дұшпанға 
кетеді», немесе «жақсы би жаудың шетін ел етіп жүреді, 
жаман би елдің шетін жау етіп жүреді» дегендей барша 
ықылым дүниені алақанындағыдай білетін қайран біздің 
Айтекең мына жалғанның опасын өз басына теңгермей 
арамыздан кетіп отырды. Аппақ арын кірлетіп, кіршіксіз 
жүрегін қинай бермей, бәріміздің барар жерімізге маңдай 
алды жақсы хабаршы ретінде жетіп дем алғысы келген бе. 
Қазақ айтатын «кемер белдік бел сәні, кемел жігіт ел сәні» 
екендігін, күйкі тірліктің күнделікті кірпікке қондырған 
шаңымен Айтанның қадірін кезінде білмесек енді бағалап, 
жан-жүйені тарықтырған қыспақ сезімде отырмыз.
Көкірегімізде оған деген:
Жағасы жоқ, жеңі жоқ,
Жадағай жейде кидің бе-ау!
Терезе жоқ, есік жоқ,
Түнек үйге кірдің бе-ау!» – деген амал-
сыздық жоқтау ызыңдап тұрды.

155
 Әдебиет – жан нұры 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет