Жанғара Дәдебаев



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата15.11.2023
өлшемі0,93 Mb.
#123700
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Тәуелсіздік-поэзиясы

Ғалым Жайлыбай
«Таңдамалы. Том І. Өлеңдер» 
(Астана: Фолиант, 2014) кітабында «Қап арқалап 
бара жатыр қыз бала» деген өлең бар. Онда 
базарға қап арқалап бара жатқан қыз баланың 
қалпы сипатталады. 
Бақ тілегін сарқып алған, 
тойын да, 
Ақ білегін артып алған мойынға. 
Қап арқалап бара жатыр қыз бала 
Алматының «Арбатының» бойында. 
Көшесі бұл қайыршының, 
мастың да, 
Нөпір адам... 
Ұқсайды екен тасқынға. 
Қайысады, майысады нәзіктік 
Ала тайдай ала қаптың астында. 
Нарық жасқа да, қартқа да, қызға да, ұлға да қарамайды. Оның талабы – 
сату, алу. Нарықтың алаңы шетсіз, шексіз созылып жатты. Азаматтардың өз 
мамандығы бойынша кәсіп қылып, жұмыс істеуіне нарық тарапынан қажетті 
жағдай жасалмады, оны жасау қажет болмады. Әр нәрсені де, бар нәрсені де 
нарықтың өзі реттейтіні туралы түсінік билік жүргізді. Қарттың қамын 


18 
қарттың өзі, жастың қамын жастың өзі ойлап, өз жанын өзі сақтамасқа, өз 
күнін өзі көрмеске амал қалмады. Уақыттың осы шындығын автор ақындық 
өнердің келіскен көркемдік бейнелеу құралдарымен өрнектеді.
«Бақ тілегін сарқып алып», «тойын да» қойып, «ала тайдай қаптың 
астында қайысып, майысып бара жатқан қыз бала» - портрет. Қарапайым қара 
халықтың болашағының портреті. Тәуелсіз, жас мемлекеттің қарапайым 
халқының қалың ортасынан шыққан жастардың қабырғасын қайыстырған, 
белін майыстырған ауыртпалықты аударып тастауға қазына-байлығы жеке 
меншікке көшкен мемлекеттік жүйенің шамасы келмеді. Ақын осындай 
драмалық бұлқынысқа бай ахуалды дәл танып, көркем жинақтады. 
Қап арқалап базарға бара жатқан қыздың келбетін ақын келесі шумақта 
толықтыра түседі: 
Көңілдерге көктем сыйлар күй керек, 
Кімге айтарсың: 
-Көріктіге тиме, - деп? 
...Көк базарға бара жатыр көркем қыз 
Көне күрте, 
ескі етігін сүйрелеп. 
Ақын өлеңінде суреттелген бейне тәуелсіздіктің бейнесі деп түсінуге 
болмайды. Ақын өлеңінде суреттелген бейне халықтың да бейнесі емес. Ақын 
өлеңінде суреттелген бейне – Тәуелсіз Қазақстан халқының бір қызының 
келбеті. Қазақтың көрікті қызына қап арқалатқан күштің нақты иесі белгісіз, 
бірақ оның аты белгілі: жоқшылық. Жоқшылық өзінен-өзі келмейді, 
жоқшылық жағдай қалыптасады, жоқшылық жағдайды қалыптастырады. 
Аяғының астынан қара алтын ағып, саф алтын көшіп жатқан елдің жоқшылық 
құрсауында қап арқалауы құдайдың ісі емес. Ақын адамның ісін тура емес, 
жанама сипаттау арқылы жеткізеді.
Базарға қап арқалап барған тек осы қыз ғана емес. Халықтың, жоқ 
дегенде, тең жартысы қап арқалаған, қап арқалау қазақтардың басты кәсібі 
балған кез әлі де көз алдымызда. Осы реттен қарағанда, ақын өлеңіндегі қап 
арқалап бара жатқын қыздың бейнесі – типтік бейне, бірдің емес, көптің 
келбетін, көптің кәсібін елестетін бейне. 
Өлеңнің келесі шумағында ақынның өзі суреттеп отырған шындық 
құбылысқа деген қатысы, ақындық көзқарасы, бағасы да көрініс табады: 
Қалтырап гүл... 
Қалады ма қырмызы, 
Жарқырап бір жанады ма жұлдызы? 
Қап арқалап бара жатыр көшеде 
Арыс туар қазағымның бір қызы.
Ажары да ашық екен ақ таңдай, 


19 
Базарына жетсе деймін қақталмай. 
Аузын буған қытай қаптың ішінде 
Тағдырының бар салмағы жатқандай. 
Ақын өлеңіндегі образ, қап арқалаған қыздың бейнесі – ақындық 
жинақтаудың нәтижесі. Тәуелсіз елінде тағдырының бар ауыртпалығын қытай 
қаптың ішіне салып арқалаған қыздың бейнесі ақынның ғана емес, ақын 
өлеңін оқушы қалың көпшіліктің де жанына батады, қабырғасын 
қайыстырады. Ақын Қазақстанның тәуелсіз кезеңінің белгілі бір кезінің 
жастың қабырғасын қайыстырған, қарттың жанына батқан шындығын үлкен 
тебіреніспен, келіскен көркемдік шеберлікпен жырлады.
Ақын көшедегі көріністі эпикалық суреттеу амалына тән құралдармен 
бейнелейді. Сөйте тұра осы көріністің мәнісін эмоциялық бояумен әрлеп, оған 
лирикалық, шамалап трагедиялық рең беріп ұсынады. Мұндай көркемдік 
шешім ақынның шығармашылық ойлау қуатының күштілігінен туады. 
Қазақтың қазіргі таңдағы көрнекті ақыны, 
«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының, 
М.Мақатаев 
атындағы, 
Ж.Нәжімеденов 
атындағы 
әдеби 
сыйлықтардың 
лауреаты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет