Жанғара Дәдебаев



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата15.11.2023
өлшемі0,93 Mb.
#123700
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
 Серік Ақсұңқарұлы
«Қараорман. 
Өлеңдер» (Алматы: Ел-Шежіре, 2012) 
кітабында ана тілінің, өзінің тағдыры 
туралы толғанады. Тәуелсіз хәл, тәуелсіз 
ахуал жағдайында тұрып, тәуелділіктен 
түскен 
жарасын 
ауырсынады, 
тәулелділіктен 
қалған 
қайғысынан 
қабырғасы қайысады. Ақынның өлеңіндегі 
Қараорманның 
қайғысы 
басылмастай, 
Қараорманның жарасы жазылмастай:
Қараорманым – Қарқаралы, 
Қараорманға қарауға да қазақтың жоқ мұршасы. 
Мынау – соның шыршасы. 
Қараорманды қанша мәрте қар басты, 
Бұтағында заманалар керуені алмасты. 
Бүгін соның шыршасына тап берді –
Атом Албасты! 


24 
Қараорманым қап-қара боп түнерді, 
Көрдім сонда көзге қораш бір өңді: 
Сайтан сынды сап-сары екен әлгі сұм, 
Шыршаны да сап-сары қып жіберді. 
Қайтем мына опасы жоқ дүниеңді, 
Бұ дүниеде қайтып ғұмыр сүрмен-ді. 
Сары шырша қап-қара боп бір сәтте, 
Қараорманым көз алдымда күңіренді. 
Табиғаттың басына туған күннің қайғысын, табиғаттың өзегін өртеген 
күйінішін, Қараорманның, Қарорманның жасыл шыршасының сарғайып, одан 
қарайып күл болардағы күңіренген күйін ақын өз басындағы күйдей сезінеді. 
Жасыл шырша жанұшырап жапанда, 
Фәниінен көшті бақи сапарға. 
...Әшейінде бізден өткен қайырымды, 
Һәм біздерден қатыгез жоқ жаһанда. 
Ақынның Қараорманы – оның өмірінің ерекше қасиетті қазынасы. 
Көздің көргенін айтсақ, Қараорман – автордың Атамекені, туған жері, Отаны. 
Ақынның көз алдында Адамзатқа бағынбас, адамдыққа табынбас бір сұрапыл 
соқты. Ақын өмірінің қасиетті қазынасы оның көз алдында жат салған өрттің 
от-жалынына шарпылды. Соққан сұрапыл өтті, өрт сөнді. Қараорман жоқ, 
оның сүлдесі қалды. 
Өлең өзегіндегі Қараорман әркімнің ойы мен бойындағы, елі мен 
жеріндегі аяулы құндылығы. Шындығында қазақ даласында ақынның 
Қараорманының күйін сезінбеген жан баласы жоқ. Қанаты бүтін сұңқар, тұяғы 
бүтін тұлпар да қалмаған. Қараорманның қайғысы – ақынның қайғысы, 
ақынның халқының қайғысы. Жатқа тәуелділіктен қалған дерттің зардабы 
ақынның санасында, ақынның Қараорманында қалды. Қараорманы қалпына 
келмей, ақынның қайғысы басылмайды. Қараорманы қалпына келмейді, 
ақынның қайғысы да басылатын емес. Ақындық санадағы сарын халықтың, 
қоғамның тарихи есінен орын алды. Қазақ поэзиясының Тәуелсіздік 
кезеңіндегі өзекті бір сарыны осындай күйде көрініс тапты.
Ақынның Қараормандай тағы бір қасиеттісі – Ана тілі.
Ана тілім,
Алашымның көзі едің, 
Өртенеді өзегім... 
Үндемейді бесік жырын айт десем, 
Өгей шеше – өз елім?! 
Бүгін – барда,


25 
Жайлауда едім кеше мен
Шарап ішем, қымыз ішпей кесемен. 
Өзегі шер ұрпақпын мен азалы, 
Өз анам жоқ... 
Қалдым өгей шешемен! 
Күнде – қарғыс, күнде – тергеу, сот маған 
Шатқан-бұтқан, оттаған. 
Өгей шешем айналдырған ақ басын, 
Өз әкемді танымайтын боп барам. 
Зіл табандай өтер екен қайтып жыл, 
Жаңа ғасыр көшіп келмей, тайқып жүр. 
...Жас баладай ұйқтап кетсем балбырап, 
Түсімде анам бесік жырын айтып жүр. 
«Ұзан» жыр кітабында (Алматы, 2014) Серік Ақсұңқарұлы ана тілі 
жайында осылай толғанады. Ана тілінің жайы тәуелді дәуірде осындай еді, 
ақын тәуелсіздік кезінде де сол жағдайды көреді. Өлеңдегі ана тілінде бесік 
жырын тыңдауға құлшынған ұл, ұлдың ана тілінде бесік жырын айтпайтын, үн 
қатпайтын, өзге тілде сөйлейтін өгей шеше, өгей шеше басын айналдырып 
қойған туған әке... - өлеңдегі ой мен сезімнің тірегі болатын ұғымдар. 
Бұлардың арақатынастарындағы, негізіндегі қайшылықтар, драмалық ахуал 
ұрпақтың өзегін өртеген трагедиялық сарынға ұласады. Өгей шешенің 
қолында қалған ұл туған анасын, туған анасының тілін, туғн анасы айтқан 
бесік жырын ұмытпаған. Оның қасиет тұтар бары, байлығы - осылар. Бірақ бұл 
байлық ойда, санада бар, болмыста жоқ, түсте бар, өңде жоқ. Өгей шешенің 
қолына қараған, туған анасының тілінде бесік жырын ести алмаған ұл өзін 
көкірегі шерлі, азалы ұрпақ қатарына қосады.Өлеңнің мәні мазмұнында ғана 
емес, сол мазмұнды маңызды үлгіде өрнектеген ақындық өнерде. Өлеңнің 
ырғағы мен ұйқасы, көркемдік кестесі мен көрікті дестесі ақынның ойымен, 
сезім күйімен жарасып, тіршілік философиясы кеңістігінде айрықша 
мағыналы эстетикалық құндылыққа айналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет