Жанғара Дәдебаев



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата15.11.2023
өлшемі0,93 Mb.
#123700
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Тәуелсіздік-поэзиясы

Темірше Сарыбаев
- Тәуелсіздік кезеңінде кемел 
деңгейге көтерілген ақын. Ақынның «Таңдамалы 
өлеңдер жинағы (Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 
2012) ақындық ойлаудағы, көркемдік жинақтаудағы, 
поэтикалық ой өзегін таратудағы, лирикалық 
кейіпкер тұлғасын даралаудағы өзіне тән көрнекті 
жетістіктерімен құнды. Ақынның шығармашылық 
ізденістерінің тақырыптық арнасы, идеялық өзегі 
Тәуелсіздік кезеңінің шындық оқиғалары аясында 
туған құбылыстарға негізделеді.


26 
Ақын шығармашылығының көркі - ақынның лирикалық кейіпкерінің 
ішкі әлемі. Оның бір көрінісі мынадай: 
Сар желістен зықы шыққан ерсоқты 
Жолаушыдай 
Айналама селсоқпын. 
Қуана алмау, қайғыра алмау азабы 
Сойылыңнан 
Деп пе ең, сәрә, кем соққы! 
Сәл нәрсені көкке ту ғып көтерген 
Мендегі уыз сезімдердің еті өлген. 
Соны ойласам, 
шыңырауға шым батып, 
Шыға алмайтын тұңғиыққа кетем мен. 
Аппақ-аппақ армандардың қанатын, 
Қырқып жатыр, 
түтіп жатыр қара түн. 
Сыбағам да сарқылғандай алатын, 
Сапарым да таусылғандай баратын. 
Ақын лирикалық кейіпкерінің әлеуметтік-психологиялық ахуалын 
сипаттаған. Ақынның лирикалық кейіпкерінің ішкі әлемін мұншалық 
тұнжыратып, әрі-сәрі күйге түсірген қандай күш? Ақынның лирикалық 
кейіпкерінің ішкі әлемінің осы күйі шындыққа сай ма? Осы секілді басқа да 
сұрақтар туатыны рас. Кезінде Абай да осындай күйді бастан кешіріп, күлейін 
десе күле алмай, жылайын десе жылай алмай, өзін бір жүрген қуыс кеуде 
сезінгені белгілі. Олай болғанда Темірше Сарыбаевтың лирикалық 
кейіпкерінің мынадай әлеуметтік-психологиялық келбетінің шынайлығына 
сеніммен қарауымыз дұрыс болмақ. 
Не өң емес, ұқсамайды түс деуге, 
Осындайда болар екен
Не істеуге?! 
Жалғандықтың жалынына шарпылып, 
Қиянаттың түтінінен ыс кеуде, 
Лажым жоқ, заман зәрін ішпеуге. 
Менің жалпақ жауырыныма 
жайғасқан 
Зіл-зала жүк бекігендей түспеуге. 
Оған да оңай қайыспас-ау нар белім, 
Ажалдан да оққағарым бар менің. 


27 
Алып елім апатты аймақ атанып
Жерге қарап қалмаса екен арлы елім. 
Лирикалық кейіпкердің әлеуметтік-психологиялық ахуалының негізі 
осы жолдарда көрініс тапқан. Ол негіздің басты тіректері мынадай: 
жалғандық; қиянат; алып елінің апатты аймақ атану қаупі. 
Жалғандықтың, қиянаттың атам заманынан бері үзілмей келе жатқаны 
анық. Бұлардың Тәуелсіздік кезеңінде де түр-түсін құбылтып, жаңарып, 
жаңғырып алғаны шын. Бұлардың алып елді апатты аймаққа айналдыру қаупі 
де әріден келе жатқаны рас. Ақынның лирикалық кейіпкері Тәуелсіздік 
кезеңінде қарыштап құлаш жайған жаһандану, оны пайда табу көзіне 
айналдыруға тырысу жағдайында осы қауіптің қоюланып, қатері күшейіп келе 
жатқанын сезгендей болады. Ақынның лирикалық кейіперінің қаупі негізсіз 
емес. 
Ақынды туған жеріндегі Тайлақарық тағдыры да қатты толғандырады. 
Өлең былай басталады: 
Туған жер, 
Ту шалқытқан Тайлақарық, 
Жатушы ең лайланып, жайлап ағып. 
Құты еді қос кемерің қонысымның, 
Аулымның ырысы едің айдан анық. 
Сулы жер – нулы жер. Сулы жердің ырысы көлдей шалқиды. Сулы 
жердің көлдей шалқыған ырысы - ондағы ел-жұрттың, ауыл-аймақтың құты, 
берекесі. Ақынның лирикалық кейіпкерінің өмірінің балдай тәтті, қызықты 
шағы осындай жерде, осындай елде өткен. Сондықтан да оған Тайлақарық, 
Тайлақарықтың суы, оның жағасындағы ауыл-аймақ, ел-жұрттың берекесі – 
баға жетпес қымбат қазына. Ендігі тұста Тайлақарық созылып жатқан жер де 
біреудің меншігіне көшкен. Меншік иесі Тайлақарыққа өзінің көзі жеткен 
межеден қарады, одан ары асып қарауды қажет деп таппады. Ақын 
Тайлақарықтың ақырын алыстан естіп қапаланады: 
Атажұрт! 
Абат мекен – Тайлақарық, 
Су емес, қайтушы ек-ау қаймақ алып! 
Тып-типыл тегістепті деп есіттім, 
Басайын өксігімді қайда барып?! 
Сағасын, сабазым-ай, алған өрден, 
Жатушы ең жүрегімді жалғап елмен. 
Естілер есімізде арық қазған, 
Есерді естімеппін арна көмген. 


28 
Елді мекендерді суландыратын су жүйесін жасау туралы мақсат елдің 
қамын ойлаудан туады. Тайлақ арықты қазуды қолға алып, оның арнасын суға 
толтыру, оның игілігін бір өңірдегі бүкіл ел-жұрттың бірдей көруін 
қамтамасыз ету - қалың елдің қамын жеген халық ұлының ісі. Көпке пйдасын 
тигізу – Құдай деген кісінің ісі. Ал бір өңірдегі бүкіл ел-жұрт, ауыл аймақ 
игілігіне пайдаланып, өсіп-өніп, өнім алып отырған судың көзін жойып, 
арнасын көміп тастау адам баласының батылы барып істейтін ісі емес. Ел 
пайдаланып отырған судың арнасын жермен жексен етіп тегістеп тастау – ел 
мен жердің ырыс арнасын, құт-береке көзін жоюмен пара-пар іс. Екінші 
жағынан, Тайлақарық – ақынның, ақынның бала күнгі достарының балалығы 
қалған, балалығының балдай қызығы қалған, ел-жұрттың талай буын 
ұрпағының ардақ тұтар асылына, қадір тұтар қасиетіне айналып кеткен су 
арнасы. Оның көзінің бітелгені, арнасының жермен жексен болып тегістеліп 
кеткені – ел-жұрттың талай буын ұрпағының жүрегіндегі асыл, қасиетті 
құндылыққа қол салып, оларды суырып алып, аяққа таптаумен тең. Ақын 
Тайлақарық арнасы көмілгенде осындай күйге түсіп, тебіренеді. 
Адам баласы өмірге жылап келіп, жылап кетеді. Осы ойды қазақ ертеде-
ақ айтқан. «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі». Бұл - Абайдың айтқаны. 
Адамның бәрі бірдей өмірге жылап келгенмен, бәрі бірдей өмірден жылап 
кетпеген. Абай жылап келіп, жылап өтті, жылап кеткен жоқ, «әттегене-ай, 
сондай-сондай қызықтарым қалды-ау!» деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу 
болмаса, артқа алаң болмай» кетті. «Күлемін де жылаймын, Жылаймын да 
күлемін», - деп Қасым Аманжолов өтті. Мұқағали жүрегінен жас тамып тұрып: 
«Жылап келіп, келмейді жылап кеткім», - деп бұлқынды... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет