Жанғара Дәдебаев



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата15.11.2023
өлшемі0,93 Mb.
#123700
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Бауыржан Жақып
«Менің далам» (Алматы: 
Атамұра, 2014) кітабындағы «1991» атты 
өлеңінде елінің тәуелсіз мемлекет құрған жылын 
тебіреніп жырлады:
Мың тоғыз жүз тоқсан бір – 
Бабама болған арман жыл. 
Басыма бақыт қонған жыл, 
Қазақтың көкте жұлдызы 
Жарқырап тұрып жанған жыл. 
Тәуелділіктің, бодандықтың, бөгдеге кіріптарлықтың ел мен жердің
қабырғасын қайыстырған, оққа байлаған, отқа салған, аштық пен жоқтыққа 
қамаған қияметінен аман шығып, тәуелсіздік таңының шапағынан шапағат 
көрген ақындық танымның шаттығы көлдей шалқиды. Оның жарығы ақынның 
«Айдындағы аспан» (Алматы: Атамұра, 1996), «Уақыт ұршығы. Өлеңдер, 
балладалар, поэмалар» (Алматы: Жазушы, 2004) кітаптарында да, олардан 
беріде жарық көрген «Абайдың Қасқабұлағы» (Алматы: Жазушы, 2012), 
«Шығармалары. Еліккөрген: өлеңдер, балладалар, поэмалар» (Астана: 
Фолиант, 2013), «Менің далам. Өлеңдер, балладалар, поэмалар» (Алматы: 
Атамұра, 2014) жинақтарында да жарық шашып тұрады.
Ақынның «Жаңа заман әдебиеті. Поэзия» сериясы бойынша жарық 
көрген «Абайдың Қасқабұлағы» (Алматы: Жазушы, 2012) өлеңдер кітабына 
тәуелсіздік жылдары жазған шығармаларының таңдамалылары енген. Ақын 
өлеңдеріннің тууына негіз болған, ақынның көңілін тербетіп, көңілін 


20 
толқытқан шындық құбылыстар алуан түрлі. Өмірдің алуан түрлі шындық 
құбалыстарын қабылдаудан туған өлеңдердің өзегі тәуелсіздік туралы ойдың 
нұрымен шырайланады. 
Өткен замандардың қилы кезеңдерінде қазақтың даласының да, 
баласының да басынан өткен қияметтер аз болмаған. Ақынның поэтикалық 
ойлауының тарихи кеңістігінде тәуелсіздік нұры сол қилы кезеңдердің 
қияметтерін де шарпып өтеді.
Қасқабұлақ – қазақтың ұлы ақыны Абайдың және Бауыржан Жақыптың 
өзінің жарық дүниеге келген жері. Автордың өлең кітабын «Абайдың 
Қасқабұлағы» деп атауында үлкен мән бар. Абай өмірден көргендері мен 
сезгендерінен, білгендерінен алған әсері негізінде түйген ойларының 
жүйесінде: «Мен ішпеген у бар ма?», «Ішім - өлген, сыртым – сау», - дейді. 
Елінің, өзінің басындағы күйді, адам мен заман жайын ұлы ақын осындай 
сарында аңғартады. Бауыржан Жақып «Абайдың Қасқабұлағы» кітабында, 
«Абайдың Қасқабұлағы» өлеңінде ұлы Абайдың басындағы, Абайдың «қалың 
елі қазағының» басындағы қилы замандардың сызынан қалған күйдің 
сарынын тәуелсіздік таңының арайымен ажарлайды.
Абайдың Қасқабұлағы, 
Қырық өрім таспа бұлағы, 
Аспанның аспа бұлағы, 
Отыз жыл ойран салса да, 
Қырық жыл қырғын болса да, 
Мөлдіреп жатыр суы әлі, 
Абайдың Қасқабұлағы!!! 
Отыз жыл ойран салса да, қырық жыл қырғын болса да суы мөлдіреп 
жатқан Абайдың Қасқабұлағы - ақындық алып қуаттан туған тамаша сурет. 
Оның мәні терең, мағынасы бай. Отыз жыл ойран салса да, қырық жыл қырғын 
болса да суы мөлдіреп жатқан Абайдың Қасқабұлағы – Абайдың өзінің, 
Абайдың қалың елінің рухы. Абайдың Қасқабұлағының осы суретінде 
Абайдың, Абайдың елі мен жерінің, қазақ даласы мен қазақ баласының тарихи 
шындығы бейнеленген. Ғайыптан бір Ғайып-Ерен келіп көз салса, ол Абайдың 
суы мөлдіреген Қасқабұлағының омыртқасынан отыз жыл ойраннан қалған 
отыз жараны, қабырғасынан қырық жыл қырғыннан қалған қырық жараны 
көрер еді, Абайдың жүрегіндегі қырық жамаудың да сырын сезер еді. Ғайып-
Ереннің көрері мен сезерін ақын Бауыржан Жақып «Абайдың 
Қасқабұлағында» тамаша көркемдікпен, терең поэтикалық тебіреніспен 
суреттеді.
«Желбіреп тұрған көк туым – биік тұғрым: Өлеңдер, поэмалар» 
(Алматы: SUNSHINE plus1, 2019. – 240 бет) кітабында Бауыржан Жақып 
Тәуелсіз Қазақстанның Көк Туын көкте желбіретіп, атамекен, туған жер, өскен 
орта, Отан мерейі туралы отты ойларын, сазды сырларын тарихи сана мен 


21 
бүгінгі Тәуелсіздік толқындарының тоғысып тулаған ағыстары арнасында 
толғайды. Кітап «Қазақстаным» өлеңімен басталады:
Қазақстаным, 
Тәуелсіз Қазақстаным! 
Ақ қанат таңның көрдім мен 
ғажап ұшқанын. 
Көрдім мен сенің мөп-мөлдір
айдындрыңды, 
Алатау, Алтай, Қаратау – 
айбындарыңды. 
Ұлытауыңды көрдім мен, 
Шыңғыстауыңды, 
Абайдың жыры оқылған 
мың қыстауыңды. 
Гүлденді қазір кең далам 
иесі болмаған, 
Жамбылдың қызыл жолбарыс 
киесі қолдаған. 
Махамбет сөзі лаулаған 
Қараойды көрдім, 
Мағжан боп өзі қаулаған 
дара ойды көрдім... 
Ақын жырындағы ел мен жер жайының екі түрлі жай-күйі бар. Бірі – 
Тәуелсіздікке дейінгі жай-күй. Екіншісі - Тәуелсіздік кезіндегі күй. «Махамбет 
сөзі лаулаған / Қараойды көрдім», - деген екі жолдың әрқайсысында сұрапыл 
тарих бар. Махамбеттің лаулаған әр сөзінде Тәуелсіздік үшін күресте қиылған 
жанның қаны мен тері қалған. «Қараой» тарихының салмағы да зіл-батпан. 
Тәуелсіздік таңының ақ қанат ажарында осындай да күйдің лебі бар. Екі күй 
ақынның поэтикалық әлемінің биігінде үркер мен айдай тоғысады. Үркер мен 
айдай тоғысқан күйлердің сазынан драмалық ахуал сезіледі Онда өткеннен 
қалған сыз бен бүгінгі күннен төгілген нұр біртұтас құбылысқа айналған. Нұр 
мен сыздың тоғысуында шаттық күйі шалқиды. Тәуелсіздіктің шаттық күйінің 
сазын өзегін өрт шалған өткеннің шырылымен үндес өру - ақынның 
шығармашылық тұлғасына тән даралықтың белгісі. Ақынның шығармашылық 
тұлғасына тән даралық оның көркемдік ойлауына, ақындық танымына, 
шығармашылық өміріне, азаматтық мұратына тән ерекшеліктер негізінде 
танылады.
«Тұмар» атты бір өлеңінде ақын: «Мен – рухпын!» - дейді.
Мен – рухпын! 
Жаралғанмын жанған Күннен, Жалыннан, 
Гун де болып сапар шектім сағымнан, 


22 
Көк түріктің мәңгі тірі рухымын, 
Көктегі айға Көк бөрі боп табынған. 
Тәңірқұты Мөде болып құт тасып, 
Баламер боп кездім жерді нық басып. 
Еділ болып уысымда ұстадым 
Шығыс пенен Батысыңның тұтқасын. 
Бұмын, Білге, Естеми боп өрледім, 
Тоныкөк пен Күлтегін боп ерледім, 
Өсиетімді тасқа қашап қалдырып, 
Сөзбен жудым ұрпағымның жөргегін. 
Ақынның айтқан сырында бір де бір артық леп жоқ. Рас. Шын. Ақын: 
«Мен – рухпын!» - дей отырып, ата-бабалар рухының ұлылығын ардақтайды. 
Ақынның «Тұмар» өлеңі - ілкі замандарда жасап, елінің еркіндігін, ерен 
азаматтарының ерлігі мен көрегендігін, адалдығы мен адамдығын ардақтаған, 
мемлекет тәуелсіздігін қаны мен терін төгіп қорғаған, кейінгі ұрпаққа аманат 
еткен тарихи тұлғалардың рухына шексіз құрмет көрсетудің поэтикалық 
үлгісі. 
Ақын өлеңін өршіл пафоспен аяқтайды: 
Рухпын – мен! 
Рухымын мен сақтардың, 
Жүрегімді алау етіп жаққанмын. 
Қыпшақ болып қылыш алып қолыма, 
Қарсы келген жаудың басын шапқанмын. 
Дүбірімен дүниені ояттым, 
Дүсірлеген тұяғымен аттардың. 
Кеңдік, Өрлік, Ерлік – осы үшеуін 
Үшбұрышты тұмар етіп таққанмын. 
Не деген қасиетті халық едік. Ақын өлеңі өзінің оқырмандарын осындай 
ойға қалдырады. Өлеңнің «Тұмар» деп аталуының мәнісі де осы тұста 
анықталады. Кеңдік, Өрлік, Ерлік. Осы үшбұрыш – көк түрктің, ілгеріде өткен 
ата-бабаларымыздың рухының тұмары. Ақын рухының, ата-бабалар рухының, 
халық рухының мәні осы тұмарда. Ақынның өзінің таққаны да, халқынан 
тапқаны да, еліне ұсынғаны да осы тұмар. Ақынның өлеңінің поэтикалық 
құндылығы ондағы рухтың Кеңдігінде, Өрлігі мен Ерлігінде. 
Бауыржан Жақыптың Тәуелсіздік жылдарындағы шығармашылығының 
мәні туған жер мен туған елге, ата жұртқа деген құрмет пен сүйіспеншілікте, 
мақтанышта. 
Байтақ елім – сен менің мақтанышым, 


23 
Әр сөзімнен басыңа бақ дарысын. 
Қарыздармын мен саған қасиеттім, 
Арайланып әр таңың атқаны үшін. 
Мен - бір сенің жайқалған жапырағың, 
Шабытымды жел шайқап шақырамын. 
Бар байлығым – бір жұтым ауаң менен 
Бір түп жусан, бір уыс топырағың, - 
деп бастайды ақын «Байтағым» деген өлеңін. 
Байтақ елінің әр таңының арайланып атқаны – автордың ақындық 
танымында баға жетпес асыл қасиет. Байтақ елінің әр таңының арайланып 
атқанынан баға жетпес қасиет тауып, соны ардақ тұтып, соған қанағат ету – 
құтты білік. Мұндай білік – болмысы асыл, жүрек айнасы тап-таза ақын үшін 
ғана құт. Бауыржан Жақып - Тәуелсіз Қазақстанның болмысы асыл, жүрек 
айнасы тап-таза ақыны. 
Байтақ елінің бір жұтым ауасы мен бір түп жусанын, содан соң бір уыс 
топырағын бар байлығына балап, дүние жалғанға бой алдырмай, ақындық 
өмірдің ашық аспанында жұлдыз жандыруға талпынған, елінің өсер өркеніне 
айтарын аспай-таспай айтуға, айтып үлгеруге ұмтылған ақын адамзаттың 
досы, бауыры болуға лайықты. Бауыржан Жақып - адамзаттың досы, бауыры 
болуға лайықты азамат-ақын. 
Қазақстан 
Мемлекеттік 
сыйлығының 
лауреаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет