3
басқан тажалға қарсы жастарға араша түсер,
қорған болар ешбір қайрат
көрсете алмау бодандағы елдің болымсыздығы, бодандағы ердің құлдығы еді.
Өрімдей жастар, інілері мен қарындастары осындай сұрапыл сойқанның
құрбаны болып бара жатқанда, ақын өзінің ешқандай қайрат көрсете
алмағанына налиды,
бұған дейін доспыз, жолдаспыз, бауырмыз деп келген
жаттың жаудан жаман шауып,
ұлттың ұлын құлдай, қызын күңдей ұрып-
соғып, қырып-жойғанына күйзеледі.
Амал қанша?
Бәрін шыққыр көз көрді.
Беріп қойдық сатқындар мен езге өрді.
Арым үшін таяқталған налыдым,
Бір-ақ күнде ішім менің өзгерді.
Арқалаған аңқау елдің тілегін,
Арандадың аңдаусызда, түлегім.
Көзім менің сол қырғында ашылды,
Көңілімде қырғи болып түледің, -
деген жолдарда елдің жас түлектеріне тиген соққының иелеріне, өлген,
қырылған, өлімші болған жастың обалына қалған сатқындар мен ездерге
лағнет айтады, елдің өсер өркеніне жұмсалған қарудың өзінің арына, ұлттық
намысына
тиген соққы екенін ашынып, таудай еңсесі басылып, жігері құм
болып, өкси отырып білдірді. Өлеңінің соңын ақын Желтоқсан суығына
ұрынған інісіне арнаған сөзімен бітіреді:
Өзгеше едің...
Жазылмаған жыр едің.
Кешір, інім, бола алмадық тірегің.
Сенің қайғың жарам болды жазылмас,
Соны ойласам, сыздайды ылғи жүрегім.
1986 жылғы Желтоқсан кеңес
өкіметінің іріп-шірігенін, социалистік,
коммунистік мақсат пен мұраттың желге ұшқанын, ел ішінен шыққан
сатқындар мен ездердің, дүние пайдасын көздеген қорқаулардың дегені жүре
бастағанын аңғартты. Желтоқсан өтті, оның жастардың жүрегіне мұз болып
қатқан ызғырығынан түскен жара қалды.
Нұрлан Оразалин «Жаңа алаңда жарам бар жазылмаған»
циклындағы
келесі бір өлеңін былай аяқтайды:
Кеме шығып қайраңға... Қайық тайды...
Ұлысты да уақыт байыптайды.
Жаңа алаңда жарам бар жазылмаған,
Уақыт өзі жендетін айыптайды!..
4
Айыптайды...
Ақын өз жарасын айта отырып, барша жұрттың жүрегінде шемен боп
қатқан шерді қозғайды. Тәуелсіздік поэзиясында Желтоқсан жарасы ел
жүрегіндегі көп жарадан түскен көп жамаудың жаманы болып бейнеленді.
Нұрлан Оразалиннің «Үш томдық таңдамалы туындылар. 3-том. Жыр
кітабы» (Алматы: Жазушы, 2006) қамтыған тақырыптардың бірі –
қайыршылық. Бұл ретте ақынның «Қара шал, қара бақыр»
өлеңі әлеуметтік
өткірлігімен,
үмітсіз
қайыршылықтың
қайырымсыздығын
қапысыз
қамтуымен ерекшеленеді.
Қайыршының қолында – қара бақыр,
Жанарында - жазылмас жара жатыр.
Жүрегінде...
Кім білсін қандай майдан?
Тану қиын...
Кел дағы қара да тұр.
Тәуелсіз елде, Тәуелсіз мемлекетте қоғам мүшелерінің, азаматтардың
қайыршылық күй кешуіне жол берілмейді, берілуге тиіс емес деу оңай.
Қоғамда қайыршылық жалпы сипат алып, кәсіп етудің бір түрі
ретінде
қалыптасатын болса, оған ақынның қабырғасы қайыспай қалмайды.
Қазақстан
Жазушылар
одағы
басқармасының
бастығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты
Достарыңызбен бөлісу: