Темірхан
Медетбек
тәуелсіздік
кезеңіндегі
қазақ
поэзиясына осындай жаңа һәм сара сарын қосты.
Ол – Көк түріктер сарыны. Ақынның «Тағдырлы
жылдар жырлары», «Тынышыңды алам, дүние»,
«Көк түріктер сарыны» атты кітаптарында осы
сарын сан түрлі сазбен толысып, симфониялық
алып арнаға айналды. Ақынның таңдамалы
шығармаларының үш томдығы (2011), шығармаларының жеті томдығы (2020)
осы алып арнаның ағысы мен тынысын толық ашады.
13
Ақын тәуелсіздік туралы ойларын тарихи таным тұрғысынан толғайды.
Тәуелсіздікке дейінгі күйін «Кім екенімді енді білдім» өлеңінде өзекті өрілген
үш шумақ оймен суреттейді.
Құшағым
Тауды құшақтайтындай
Кең еді.
Көңілім
Шалқып жатқан көл еді.
Өлдім.
Әуелгі бес жолда өмірде өшпейтін, өлмейтін құбылыстарға тән айрықша
асыл қасиеттер бейнеленді. Ол қасиеттердің асыл арнасынан, алтынды
арқауынан таудай асқақтап, көлдей шалқыған, теңіздей тебіренген қазақтың
ұлттық болмысының мәні мен нәрі танылатындай. Мұндай қасиеті бар жан
өлуге, өшуге тиіс емес. Бірақ тағының қасынуынан болды ма, мергеннің
басуынан болды ма – әлдебір сұрапыл сұмдық көтеріліп, өлмес жанды өлімші
етті. Тауды құшақтайтындай кеңдік тарылды, көлдей шалқыған өмір шөлдей
болды. Өлді деуге болмайтын, өлді деуге қимайтын асыл қасиет өлді.
Өлең ары қарай былай жалғасады:
Сөзім
Жартасты жарып жіберетін.
Көзім, тік қарасам,
Кімді болсын
Жағып жіберетін.
Сөндім.
Шумақтың мағыналық-құрылымдық жүйесі алдыңғы шумақтағыдай.
Сөнді деуге болмайтын, сөнді деуге қимайтын асыл қасиет сөнер болды, сөнді.
Бірі өлмейтін, бірі сөнбейтін екі қасиетінен бірдей айырылып қалған
тұлға: «Қазір кіммін?» - деп өзіне өзі сұрақ қояды да, ол сұрағына өзі жауап
береді:
Кім екенімді білдім!
Үмітімді күте
Мойным
Қайырылып қалды.
Қазанға түсетін бастай
Жағым
Айырылып қалды.
14
Нақты, қысқа айтылған әр тармақта, әр сөзде атан түйеге жүк болардай
ауыр, соқталы ойлар жатыр. Боданда, тәуелділікте болған ердің көңіліндегі
күйден халықтың басындағы шындықтың күйзелген үні естіледі.
Мұны жазып отырған - ақын. Мұны айтып отырған, бұлайша толғанып
отырған – ақындық тұлға, ақынның ақындық ойлауынан туған тұлға. Оның
шыны мен сырынан, қайғысы мен мұңынан қазақтың өзінің шыны мен сыры,
қазақтың өзінің қайғысы мен мұңы шалқиды.
Ақынның «Көк түріктер сарынында» «Кеше мен бүгін» атты шағын өлең
бар. Кеше болған жайды ақын мына үлгіде суреттейді:
Менің кеше
Аяғыма
Қара тас байлап қойды.
Алшаңдап
Жүре алмадым.
Төбеге шығып
Туымды тіге алмадым.
Менің кеше
Аузымды
Буып қойды.
Айтарымды айтқызбай
Таспамен тігіп қойды.
Менің кеше
Көзімді таңып қойды.
Көрсең,
Көзіңді жоямын деп,
Қасыма табыт қойды.
Менің кеше
Қолдарым бұғаулы болды.
Бұлқынсам,
Сұраулы болды.
Соның бәрін көрдім.
Соның бәріне көндім.
Ақынның шығармашылық ойлау кеңістігінде жинақталып, көркем
суретке айналған шындық оқиғаның негізі тарихта, тарихи санада. Заманның
шынын, адамның сырын тарихтың тереңіне бойлап танымаған оқушы ақын
өлеңіндегі суретті нақты қабылдауы ғажап емес. Суретте көрініс тапқан
оқиғаның, істің жайын, мәні мен мәнісін ұғуға оның танымы таршылық етуі
де мүмкін.
15
Темірхан Медетбек өлеңіндегі ақындық тұлғаның көргенін көрмегендер
бар. Олардың ақындық тұлғаның жайын түсіне бермеуі мүмкін. Темірхан
Медетбектің көркемдік әлеміндегі ақындық тұлғаның неге көнгенін
білмейтіндер де бар. Олар да ақындық тұлғаның неге және неліктен көнгенін
сезіне алмауы ғажап емес. Бірақ ақындық тұлғаның сөзінде тарихтың ақиқат
шындығы айнадағыдай анық көрінеді. Айнадағы көріністің астында көрген көз
көр болардай, сезген жан жер болардай ұбақ-шұбақ шұбатылып жатқан
сұмдықтардың елесі, тарихтың сұрапыл шындығының елесі бар. Бүгінгі ұрпақ
оны көзімен көрмесе де, көңілімен таниды. Оны білмеуге, оны сезбеуге
болмайды.
Кешегі күнінің қандай болғанын шынайы қалпында бейнелеп отырған
ақын бүгінін де шыншылдықпен көрсетеді:
Бүгін
Тас алынды.
Бұғау шабылды.
Таспа кесілді.
Ауыз шешілді.
Бірақ
Аяғымыз
Бағымызға қарай емес,
Сорымызға қарай
Бастайтыны несі?
Аузымыз
Жақсылықты айтпай
Бәле-жаланы айтып
Қақсайтыны несі?
Көзіміз
Өзгені емес,
Өзімізді аңдып,
Бағып тұрғаны қалай?
Қолымыз
Құшақтаудың орнына
Өзімізді жағадан
Алып тұрғаны қалай?
Кешегінің мәнісін дұрыс түсініп, дұрыс бағалаған сана үшін бүгінгінің
сұрақтарына жауап табу қиынға соқпас деу артық. Өйткені бүгінгіні де біреу
білсе, біреу білмейтіні рас. Бүгінде құлақпен естігенін, көзбен көргенін
сараптап білмейтін, білгісі келмейтін, жарымжан ойдың жоруымен жортақтап
16
кете беруге бейім құлық пайда болды. Бұл қауіпті. Өйткені бұл құлық қана
емес, бұл – құлдық құлық. Темірхан Медетбектің «Кеше мен бүгіні»
оқырмандарын осындай құлықтан сақтандырады, армандай да алмайтын,
үміттене де алмайтын салақ ойдың ұйқы басып, жұмылып бара жатқан көзін
ашқысы келеді.
Темірхан Медетбек «Қиын шақ» өлеңінде Тәуелсіздіктің бастапқы
жылдарындағы қиын шақтың шындығын ақындық әлеміндегі ақындық
тұлғаның көңіл-күйі арқылы ашады.
Дүниені
Түстеп-танып
Ұға алмай жатырмыз.
Кеңес Одағының
Ми батпағына
Кеңірдектен батқан екенбіз –
Ұмтылып
Шыға алмай жатырмыз, -
деп, тарихи кезеңнің қиындығы мен ол кезеңді бастан өткеріп отырған
тұлғаның басындағы ауыртпалықты қатар сипаттайды. Оның қиын шақтағы
жан қиналысын, ашынған күйін жан аффектілерінің бұлқынысымен жеткізеді:
Лағынет атқырлар-ай!
Әбілет қаққырлар-ай!
Ісімді
Тындыра алмай жатырмын.
Тілімді сындыра алмай жатырмын.
Бірде сөгіліп,
Бірде өріліп тұрмын.
Осы бір кезеңнен
Өтіп кетемін деп
Атымды қамшылап
Тебініп тұрмын.
Өткен дәуірден қалған, қараң қалған дүниенің кір-қоқыстарынан тазару
қандай қиын болса, жаңа дүниенің жаңа керегесін жайып, жаңа шаңырағын
көтеру де оңай емес. Кезеңнің шындығы, сол кезеңдегі адамының сыры, үміті
мен күдігі ақын толғауында терең көрініс тапқан.
Т. Медетбек бейнесін жасаған тәуелсіздік кезеңінің тұлғасы – белсенді
ойдың, белсенді әрекеттің тұлғасы. Оның алдынан күткені, мақсат-мұраты бар.
Сол мақсат-мұратына жетуге кедергі болған күшке қарсы қайрат көрсетуі де
17
көрнекі. «Бірде сөгіліп, бірде егіліп» тұрса да, осы бір қиын шақты артқа
тастап, алға басатынына, көздеген мақсат-мұратына жақындай түсетініне
сенімді: ізденіп, алға ұмтылып, «атын қамшылап, тебініп тұр».
Ақын поэзиясындағы ақындық тұлға бар халықты өзім деп жақын
көреді. Өзгені емес, өзін аңдып, бағып тұрған көзді де өзіндей көреді. Өзін
халықпен бір санаған, өзін өзгелермен бір тұтқан, өзі мен өзгелердің
тәуелсіздігін пір тұтқан, өзіне де, өзгелерге де ұлттық ұстаным, мемлекеттік
мүдде тұрғысынан қараған тұлға өзгенің тарапынан байқалған өзімшілдік пен
менмендіктен өзіне, халыққа, ұлттық құндылыққа, мемлекеттік ұстанымға
дұшпандық сезгендей қапаланады. Ақын жасаған ақындық түлғаның
азаматтық биік тұрғысы – тәуелсіздік поэзиясының басты құндылығы.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары социализмнен
қалған өндіріс орындары, заводтар мен
фабрикалар жұмысын тоқтатты. Оларға ие
болып,
меншігіне
алған
жеке
тұлғалар
станоктарды бөлшектеп, өлі темір ретінде сатты.
Жұмыс орны, жұмысы жоқ қалың жұрт базарға
ағылды. Базарға шығуға жарамаған жалғыз басты
қарттар қайыршылық қылуға мәжбүр болды.
Қазақтың қазіргі замандағы көрнекті ақыны
Достарыңызбен бөлісу: |