ӘОЖ 94 (574)
ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕГІ ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ
ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Жуманов Р.К.
«Тарих» мамандығының 2 курс магистранты, Zhumanov-roma@mail.ru
Ғылыми жетекшісі: Сламбеков З.С., т.ғ.к., доцент
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Бұл мақалада Жетісу өңірінің ерте темір дәуірі ескерткіштері
қарастырылады. Осы өңірдегі сақтар мен үйсіндердің қорғандары туралы
зерттеулерді жазған. Алайда өңірдің ежелгі тарихы кешенді түрде әлі де толық
зерттелінуі керек екендігі туралы тұжырым жасайды.
Семиречье в начале памятников железного века в этой статье будут
рассмотрены. Саки и пишу исследование усунских курганов в регионе. Тем не менее,
древняя история региона должна быть полностью интегрирована. Но исследование
показало, древняя история еще не полностью изучено.
The Zhetisy in the early Iron Age monuments in this article will be considered. Saks
and write a research üysinderdiñ mounds in the region. However, the ancient history of the
region should be fully integrated study concludes that different.
Кілт сөздер: қорған, конус, ортакарибанти скифтері, тиграхауда сақтары,
Ксеркс сарайы рельефтері, үйілген тас.
Жетісу өңіріндегі археологиялық ескерткіштер ішінде көне қорымдардың
алатын орны көп.
1969-1971 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік өзенінің сол
жақ жағалауындағы Есік қорғандарын Жетісу археологиялық экспедициясы
(жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Максимовалар) зерттеген.
97
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Археолог-тарихшы К.Ақышевтің болжамы бойынша, Есік қорғаны б.з.б. V–IV
ғасырларға жатады.
Жазба дерек көздері мен археологиялық материалды талдай келе археолог
К.А.Ақышев иран дерек көздерінде тиграхауда сақтарына ортакарибанти скифтері
сәйкес келеді, өйткені екі атау да «шошақ бөрікті сақтар» деген мағына береді деп
пайымдайды.
Сонымен қатар, Персепольдағы Ксеркс сарайы рельефтеріндегі сақтар бейнесі
моңғол пішіндес және шошақ бас киім киген; ғалымның пікірінше бұлар тиграхауда
сақтары. Моңғол пішіндестердің таралған орталықтарының бірі Жетісу болуы
мүмкін, соған байланысты ол тиграхауда сақтары Жетісуда өмір сүрген деген пікірге
келеді [1,53-56бб.].
Әлем мойындаған Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» жөніндегі
археолог Кемел Ақышев зерттеу қорытындылары бұл күнде тәлкекке айнала
бастады. Зерттеушілердің пікірінше үйсіндер Іле өңірі мен Ыстықкөлге орнығып,
қанша болып-толғанымен Есік қорғанынан табылған ғажайып алтын киімдей
зергерлік өнердің дүр жауһарын тудыра алатын жоғары мәдениетке қол жеткізе
қойды ма екен? Оның үстіне үйсін күнбиі Елжаудың б.з.д. 104 жылы өлгенін де
назардан тыс қалдыруға болмайтындығын жорамалдайды [2,15-16бб.].
Үрімшіде жарық көрген «Үйсін Елі» кітабы шығуына байланысты. Қазақ
тарихшылары қытай деректеріне сүйеніп, Есік қорғанынан табылған «Алтын адам»
үйсіндер ханзадасы деген пікірге келеді. Ертедегі Қытай жазба деректерінде б.з.б.
III-I ғ. Іле бойында, жалпы Жетісу өңірінде үйсіндерден басқа іргелі мемлекет
болмаған. Осы маңайдағы ұлыстардың түсін түстеп, қоныстарын түгендеп шыққан
ежелгі Қытай тарихшылары Есікті орталық астанасы еткен құдіретті ұлы мемлекет-
Үйсіндер ұлысы мекен еткендерін жазады. Қытайдың және басқа да елдердің
тарихшылары үйсіндердің қазақтың негізгі тегі екендігін растайды [3,14-16бб.].
Сонау Сақтар мен Үйсіндер дәуірінен бастау алған, бүгінде төбе-төбе болып
талай ғасырлардың құпиясын бауырына басып жатқан ескі қорғандар көп. Н.
Мыңжанұлының жазуы бойынша үйсін обалары мен қоңыстары Хыши дәлізінен
(Қытайдың солтүстік батысы) бастап Жетісу аймағының Іле, Шу, Талас өзендерінің
аңғарларында орналасқан [1, 84-85бб.].
Бұрынғы Нарынқол, Кеген, қазіргі Райымбек аудан жерінен тұрақты қоңыс
жайлары (Ақтас 1,2) табылып зерттелген. Қоңыстарды К. Ақышев зерттесе, Іле
бойындағы обаларды археолог А. Кушаев зерттеген. Ғалымдар археологиялық
материалдарға анализ жасай келіп, Үйсіндердің Жетісу өңірілерінде б.з.д III-II ғ.
өмір сүргендерін көрсетеді. Зерттеушілердің пікірінше үйсін оба үйінділері тас
сақинаға ұқсас дейді.
Жетісу сақтарына қатысты Цыганка -8 қонысы да зерттеліп, ашылды. Ол
Алматы қаласынан шығысқа қарай 20 шаршы шақырымдағы Панфилов кентінің
оңтүстік шетінде, Цыганка өзенінің оңтүстік-шығыс жағасында орналасқан қоныс
болатын. Қонысты зерттеу барысында ғалымдар тобы оның б.д.д. 775 жылдан 370
жылға дейін және б.д.д. 350-300 жылдардан 220-50 жылдарға дейін өмір сүргендігін
анықтады. Біздің өңірімізде сақ-үйсін тайпаларының тағы бір ескерткіші Орман І,
Орман ІІ қоныстары болып отыр. Орман І қонысы Талғар қаласынан 5 шаршы
шақырым қашықтықта Орман ауылынан шығыс бағытта 2 шаршы шақырым
қашықтықта орналасса, ал Орман ІІ қонысы бірінші қоныстан батысқа қарай 1
шақырым жерде орналасқан [4,114-115бб.].
Сақ дәуіріндегі ескерткіштерінің бірі-Боралдай қорғандары. XIX-XX ғасырда
Үлкен Алматы өзендерінің бойындағы обалар туралы орыс ғалымдары Н.Н.
Пантусов, В.Д. Городецкий, Б.Н. Дублицкий, А.Н. Бернштам зерттеулері жақсы
жазылған. Орыс ғалымдары боралдай қорғандары туралы мағлұмат берілмеген. 1956
98
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
жылы Жетісу археология экспедициясының жетекшісі Е.И.Агеева басшылығымен
«Археология Қазақстан картасы» еңбегінде Үлкен Алматы өзендерінің жағасындағы
қанша обалар болғандығын көрсетеді. 2005 жылы Ә. Х.Мрғұлан атындағы
институтының археология экспедиция жетекшісі З.Самашев боралдай қорғандарын
зерттеу жүргізіп жатыр. Алматы қаласының солтүстік-батыс аймағында, Үлкен
Алматы өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Солтүстігінде қалалық типті
Боралдай ауылымен, оңтүстігінде Үлкен Алматы каналымен шектесіп жатыр. 430 га
аумақты алып жатқан қорғанның аймағында ерте темір дәуірі кезеңінің 57 үлкен сақ
және 200-ден астам сақ қорғандары орналасқан. Аса үлкен қорғанның биіктігі 10-14
м. дейін жетеді, ал диаметрі 80-150 м. алып жатыр. Бұл Алматы секілді ірі
мегаполистің жанында бұзылмай жеткен жалғыз археологиялық ескерткіш.
Сақтардың Боралдай қорғаны - біздің заманымыз дейінгі VII-III ғасырлардан
қалған ерекше тарихи ескерткіш. Боралдай жaнында 57 қорған табылып отыр.
Олардың iшiндегi бiреуiнiң биiктiгi 15 метр болса, аумағы 120 метрге дейiн созылып
жатыр. Осыған қарап, ол орталық қорған болуы керек деген болжам бар. Боралдай
жaнында 57 қорған табылып отыр. Олардың iшiндегi бiреуiнiң биiктiгi 15 метр
болса, аумағы 120 метрге дейiн созылып жатыр [5,17-29 бб.].
Сақ тайпаларының қорғандары Алакөл ауданы территориясында Лепсі
ауылының батысында 1,5 км, Лепсі өзенінің сол жағалауында 200 м жерде,
оңтүстігінде Белтерек тауынан 1 км жазық алаңқайда орналасқан.
2008-2009 жылдардың жазғы маусымдарында «Жер-Су» корпорацияның
демеушілігімен (президенті Б.К.Оспанов) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің археологиялық-этнологиялық орталығының директоры, тарих
ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев жетекшілігімен «Үйгентас»
археологиялық экспедициясы Ойжайлау бөктеріндегі қорғандарға зерттеу жүргізді.
Профессор Әбдеш Төлеубаев ондағы қорғандары III-IV ғасырдағы сақ мәдениетіне
жатады деп жорамалдайды. «Үйгентас» археологиялық экспедициясының
зерттеуіне сүйенсек, Ойжайлау қорғандары біздің заманымыз дейінгі III-IV
ғасырдағы сақ мәдениетіне жатады. Бұл қорғандар көк майсалы шөп және тас
үйінділерінен тұрғызылған. Қорған конус түрінде үсті дөңгелек жартылай төбе
тәрізді орналасқан.
Қорған ел ішінде «үйілген тас» деп аталып, оның табиғи еместігі ертеден
мәлім болған. Бертіңгі уақытта қорған құрылысының тастары әртүрлі
қажеттіліктерге байланысты алынған. Осындай әрекеттердің нәтижесінде тас
алынған шұңқырларға желмен топырақ толып, бұталар өсіп кеткен. Мұндай
шұнқырлардың жалпы саны - 15. Орта тұсындағы ірілеу шұңқырлардың үлкенінде
қайың, терек өсік шыққан. Шұңқырлардың ені әр түрлі. Осы шұңқырлар қорғанның
авариялық жағдайда екендігін дәлелдейді.
Жалпы қорған өзеннің малта тастары мен таудың жақпар қара тастарынан
құралған. Қорған биiктiгi 5 метр болып табылады. Қазу барысында тұрмыстық
заттар табылды. Қорғанды тереңірек қазу барысында қабір табылды. Басы батысқа
қаратып жерленген баланың сүйегі мен адам сүйектерінің шашындылары шықты.
Одан ары тереңірек қазу барысында алыстан қарағанда күнге және жылқының
тағасына ұқсас тас қиыршықтары шыға бастады. Күнге ұқсас дөңгеленген тастардың
қасында тастардан қаланған ұзын дәліз табылды. Ол дәліз сырттан жерлеу орнына
кіретін жол болғаны анықталды. Дәліз қорғанның шығыс жағына салынған. Ежелгі
сақтар дәлізді күн қай жақтан шығатын жерге салынған. Бірақта қорған сол заманда
тоналғаны анықталды. Сондай-ақ Үйгентас тауының қасында сақ дәуіріне жататын
алып қорғандар бар. Дәу тастармен қалаған алып төбелер және қорғандарды қазуға
жұмыс күші керек. Қорғандардан айна, қайрақ, сақина т.б. тұрмысты заттар
99
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
табылды. Ойжайлау көшпелілердің орталығы болған. Беймәлім беттері әлі ашылған
жоқ [6, 48-50бб.].
Алматы шаһары тағы жаңа жәдігерлермен толықты. Сонау сақ заманынан
ақпар беретін ұлт құндылығы «Медеу» шатқалы маңынан табылған. Әзірге
зерттеушілер бір ғибадатхана мен 5 мыңға жуық жәдігерді анықтаған. Бұл туралы
"Алматы" арнасы хабарлады.
Археолог ғалымдардың айтуы бойынша б.з.д. IV ғасырда салынған
ғибатахананың орны. Бірнеше қосалқы бөлемелері бар тарихи орыннан қазірдің
өзінде 5 мыңға жуық жәдігер табылып отыр. 200 шаршы метр жерде қару-жарақ,
ыдыс-аяқ пен егін және мал шаруашылығындағы пайдалаған құрал-саймандар
сақталған. Бір қызығы, ғибадатхана маңайында қасапшы бөлмесі де болыпты. Оған
малдың сүйектері мен қорғасын құйылған асықтар дәлел. Тіпті, мына қолөнер
шеберлігі үшін пайдаланылған құралдың сабы адам сүйегінен жасалған деп
жорамалдайды. Құнды дүниені алғаш тапқан археолог Руслан Шербаев, Медеу
шатқалындағы жерлер, әлі де сақтар жайлы ақпаратты толықтыра түсетініне кәміл
сенеді.
Археолог Руслан Шербаев пікірінше «Сақтарды көшпелі халық деп айтатын
барлық жерде. Біз осы табылған заттарға қарап сақтардың көшпелі және отырықшы
халықтары болғанын айта аламыз. 60 жылдан астам уақыт археолог болып жүрген
ақсақал бірден, жәдіргерлер сақ тайпасына тиесілі екендігін растаған. Ендігі қадам
үкіметте. Өйткені, жер астынан табылып жатқан жәдігерлер әзірге ғылыми зерттеу
беттерінде ғана. Осы маңға жерде егін еккен. Сондай-ақ зерттеу орнынан тастан,
темірден жасалған қару-жарақтар, құйма формалардан да заттар шығып жатыр», -
дейді.
Руслан Құдайбергенұлы табылған мұраны әуелі Алтын адамды тапқан
тарихшы Бекен Нұрмұханбетовке көрсетуді жөн санаған. «Менің ендігі өкінішім,
осындай ғажап дүние осыменен біте ме? Бұл жерді заңды түрде қорғау аумағын
ашып, мемлекеттің қарауына алу керек. Мәдени мұра деп бегіленсе, ары қарай
нәтиже белгілі ғой. Бұл шенеунік мырзалардың бір апталық жұмысы», - деді. «Есік»
мәдени-тарихи қорық мұражайының аға ғылыми қызметкері Бекен Нұрмұханбетов.
Археологтар бұл ізденіспен шектеліп қалмайтындықтарын алға тартты. «Тіпті,
Алматының төрінде сақтардың қалашығы болғандығы да дәледенетін күн жақын», -
дейді [7].
Қорыта келгенде, ескі қорымдар, құпиясын бауырына басып жатқан облыстың
Кербұлақ, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Балқаш аудандарында көптеп
кездеседі. Археолог ғалымдар осы өңірдің қорымдары сақ немесе үйсін мәдениетіне
жататындығын дәлелдеп берсе тарихтың жаңа бір парағын ашатындығы анық.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы. Жалын, – 1994. – 400 б.
2. Дәулетхан Ә. Талас-Тараз-Чігу қалалары қытай жазба деректерінде // Қазақ
тарихы. – 2006. – 15-16 бб.
3. Қойгелдиев М. Алтын киімді бекзада елі // Қазақ тарихы. – 2006. – №2. – 14-
16 бб.
4. Байпаков К., Таймағамбетов Ж., Жұмағанбетов Т. Қазақстан археологиясы.
– Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 114-115бб.
5. Самашев З., Джумабекова Г., Нурпеисова М., Чотбаев А. Древности
Алматы: Курганы Боролдая. – Алматы, 2006. – 17-29 бб.
6. Төлеубаев Ә.,Т, Байғабатова Н..Қ, Омаров Ғ., Жұматаев Р.,С, Искаков Қ.,А.
Ойжайлау ерте темір дәуірі обасының зерттелуінің кейбір мәселелері // «Жансүгіров
100
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
тағылымы» атты республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары.
– Талдықорған, – 2009. – 48-50 б.
7. Алматыдан сақ дәуіріне жататын 5 мың жәдігер табылды. baq.kz /material/.
ӘОЖ 821.512.122'01
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЖ ГАЛЕРЕЯСЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУ ЖАЙЫ
Саякупова Е.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Мақалада Ілияс Жансүгіровтің поэзиясындғы басты персонаждар галереясы
сөз болады. Жас ақынның дыбыс үндестігі қаһармандардың өзара жарқын
ықпалдастығы айқын көрсетілген.
В публикации отражены главные персонажные галереи поэзий
И.Жансугурова. Созвучия звуков и образы героев ярко переплетены в ранних поэзиях
молодого поэта.
In publications the main are reflected person gaileri poetries of I.Jansugurov
consonances of sounds and characters of heroes are brightly casebound in the early
poetries of young poet.
Кілт сөздер: Персонаж. Образ. Поэзия
Ілияс Жансүгіровтің лирикасындағы персонаж галереясын айтқан тұста
Ілиястың өскен ортасы да, өмір кешкен қоғамы да оның ең алғаш қалам тартып,
ақындық жолға түсуіне түрткі болған, дарынын, ішкі талант құбылыс-қасиетін
ашқан, әсемдік әлеміне жетелеген –Жетісу табиғаты мен өзінің туып-өскен жерінің
сұлулығынан бастау қажет. Әдетте, сұлулыққа тәнті болған адам ғана
құштарланады, іңкәрлік сезімге бөленіп, толғанысқа, қиял-сезімге бой ұрады. Бұл
жайтты Ілияс та басынан кешірген. Бойындағы сезімтал қасиеті оның ойын сан-
саққа жүгіртеді, қинайды, әбден қалжырап, бәлкім қасындағы өзін сезетіндей адам
табылмағасын қолына қалам алуы да ғажап емес. Алғашқы өлеңдерінің бірінде
былай деп жырлайды:
Ащы көңіл,
Тұщы өмір,
Төсек –темір, бар ма дос?
Қайғы баптап,
Ойды шақтап
Сырғанақтап жүрмін бос.
(«Шам-шырақ»)
Немесе:
«Жел жалауды желбірет!» деп, ішкі дерттті қалай шығаратын білмей дал
болады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Ілиясқа жас, албырт кезінде табиғаттың сұлу
көрінісі ерекше әсер еткен. Табиғатқа іңкәрліктен туған балғын жырлары айналадағы
тылсым сәт пен жарқыл қаққан өмір көріністерінен туса, кейінірек эпикалық
шығармаларға батыл ауыз салады.
«Ілияс поэзиясындағы мөлдір арнаның бірі - табиғат лирикасы» - дейді,
академик Р.Нұрғалиев өзінің «Арқау» атты монографиялық еңбегінде. «Туған жерін,
елінің тау-тасын өзен – көлін беріле сүйген патриот ақын қоршаған ортаның ғажап
101
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
сұлулығынан өз шабытына нұр алып, сан алуан бояулары буырқанған ғажап
суреттер салды. Бұлардың ішінде нақты географиялық адресі танылған («Ағынды
менің Ақсуым»), табиғаттың бір сурттегі көрінісін бейнелейтін («Ақшам», «Бұлт»,
«Желді күн», «Жазғы таң»), құбылысты көз алдыңа әкелетін («Жауында», «Жел»,
«Тас») сан алуан үлгілері бар. Натюрморт, этюд, эскиз сипатындағы туындылардағы
ойлар, символдық бейнелер, ишарат образдар философиялық идеяларға жетелейді,
көп мағыналы сарын- әуездерді тудырады» [1,514б.].
Шынында да ақынға суреткерлік, қылқалам шеберлігі секілді қасиетке ие
болмай, ірі полотно жазу мүмкін емес. Ілияс өз бойындағы осы бір буырқанған
қасиетті ауыздықтай ала алды ма?
-Жоқ!
Шынайы дарын тірі, көрікті табиғатты сезіне отырып оның тылсымынан
шыға алмастан, оны мүмкін-қадірінше одан әрі игергісі келетіндіктен, қаламын
сілтей берді.
Қазақ ортасында өлең өнері ертеден-ақ ерекше орын алды десек, табиғатты
жырлау кенже қалған тақырыптардың бірі. Ілияс мұны сезінбеуі мүмкін емес.
Сезінді де, осы тақырыпқа ерекше ден қойды.
Ілиястың табиғат лирикасына орай жазылған қай өлеңін алып қарасаңыз да,
ондағы стил өрнегі, қаламгерлік дара тұлғасы айқындалып тұрады.
Өлеңіндегі эпикалық кеңдік, теңеу, эпитет, метафора, градация, эпифора,
анафора байлығы оның поэзиясындағы негізгі белгілері десек, одан халықтыќ,
фольклорлық леп ескендей сезіледі. Олай болуы заңды да. Халқымыздың құт -
берекесі дарыған, көне заманнан даналық пен ақындық мекені болған Жетісу
жерінің перзенті Ілияс бала күннен бастап өлең мен жырдың қойнауында туып,
сонда өсіп-өркендеген. Нәтижесінде, нағыз халықтық пафоста, танымдық-білімдік
тұрғыдан берері мол, этнографиялық ғылым саласына жақын жазылған өлеңді оқып
тамашалайсыз.
Ақ үйге алты қанат келсем кіріп,
Босаға, маңдайша мен табалдырық,
Кереге алты жапсар, алпыс уық,
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
Құр, таңғыш, басқұр, арқан, екі аяқ бау,
Төрт ірге, есік жабық, ши туырлық,
Он бес бау ішкі-сыртқы белдеу, желбау,
Тұскиіз көрпе, көпшік, шай шымылдық
Текемет, жастық, шапан, кілем, сырмақ,
Алаша, бешпет, көйлек, сәлі бөрік,
Самаурын, үстел кесе, шәйнек, шәугім,
Дөдеге, сандық, кебеже, ақ түндік...
Бұрын-соңды мұндай өлең жазылмаған. Бұл қазақ поэзиясындағы жаңа
серпін, жаңа үрдіс.
Бұл-өлең үлгісін Ілияс жас шағында жазған. Қазірде ұмытыла бастаған үй
жабдығын өлеңмен өріп, атауын атап, түсін түстеп беру Ілияс шығармаларын ерекше
ажарландырады. Осы тұрғыда жазылған өлең үлгілері Ілияс поэзиясында кейінгі
кезеңдерде берік орын алған.
«Жетісу суреттері» өлеңі Ілиястың ең айшықты шығармаларының бірі. Өз
тұрғысында Мұхтар Әуезов бұл шығарманы бағалап, былай деген еді: «Мен Ілиясты
бұрын білуші ем, өлеңдерін оқып жүретінмін. Бірақ оның шын мағынасында
дарынды ақын екенін мойындағаным сол «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан
кейін» [2,54б.] дейді. «Жетісу суретінде» ақын 52 тіршілік иелерін атап өтеді. Өлең
жолдары былай келеді:
102
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Мінеки. Алатауға біткен торғай:
Қара, боз, суық, бұқпас, сипті, шымшық,
Шапшақай, майлық, маубасбұқа, шөже,
Тоқылдақ, сан–сапалақ атаулысы...
Ал аңдар атаулысы: сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан, қасқыр шибөрі, қарсақ,
сусар, бұлғын, жанат таутеке, арқар, қарақұйрық, суыр, марал т.б. Жыртқыш құстар:
тазқара, балтажұмар, құмай, жұртшы, су бүркіт, лашын, тұйған, тұнжыр, тынар,
мықи, ителгі, бәрпі, қырғи, тұрымтай, бидайық, бүркіт, тығанақ тағы басқа да құстар
мен қазірде ұмыт болған ағаш-шөптердің атаулары өлеңде ерекше жарасым тауып,
табиғи түрде орын тепкен.
Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша,
Ақ сасық, қызыл қайың, барша, шынар.
Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,
Үйеңкі, сырғай, балғын, тораңғылар,
Сарыағаш, түйеқұйрық бауыр құрттар,
Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік,
Сықылды ағаштардың талайы бар...» [3,56б.] - деп, Жетісудың бай, шүйгін
табиғатын жырға қосады. Тегінде, «Жетісу суреттері», «Жалпы сын», «Тау суреті»,
«Жетісудағы су суреті», «Жетісу жәндігі», «Жер түгі» тәрізді бес бөлімнен, 333
жолдан тұратын көлемді туынды. Бұл шығарма асқан шебердің қолынан шыққан,
құлпырып жайнаған, ерекше пафоспен жазылған қазақ поэзиясындағы еш
қайталанбас құнды поэзиялық мұра және Ілияс Жансүгіровтің лирикасындағы
персонаж галереясының бастау бұлағы іспеттес болмақ.
Қазақ әдебиетінің құнарлы саласының бірі - поэзия болса, Ілияс сол құнарлы
салаға бар күш-қуатын сарқа жұмсаған алпауыт ақынның бірі.
В.Г.Белинский Пушкин мен Лермонтов поэзиясына орай: «Бүкіл әлем, гүл,
бояулар, дыбыстар, бар жаратылыс, барлық өмір-поэзия дүниесі, осы құбылыстарды
құпия қуат, оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін сырлар поэзияның жаны мен
тетігі. Поэзия - әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы мен сол өмірдің қаны мен
оты, жарығы мен күні» [4,75б.]- десе, бұл анықтама Ілиястың да поэзиясына
қатысты айтылған сөз. Олай болатыны-жоғарыдағы атап өткеніміздей, Ілияс
поэзиясы бастан-аяқ қазақтың халық әдебиеті мен халық тілінен нәр алып дамыған
шығармашылық десек, оның тағы да бір қайнар бұлақ көзінің бірі-классикалық орыс
әдебиеті. Бұл бұлақтан өз тұсында әуелі ұлы Абай сусындаса, сол Абайдың сан-
салалы поэзиясынан Ілияс та үйреніп, өзіне тәлім алған.
Кейін жиырмасыншы жылдары Пушкин, Лермонтов, Крылов, Державин,
Некрасов т.б. ақындардың шығармаларымен көбірек шұғылдана отырып, олардың
бірқатарын қазақ тіліне аударады. Сонымен бірге, әлем әдебиеті классиктері Гюго
мен Гейне, Гете, татар ақыны Ғ.Тоқайды, тәжік ақыны К.Лахутиді және басқа да
дүние жүзі поэзиясының өкілдері мұраларының қыр-сырына үңіліп, одан үнемі
үйреніп, үлкен ізденіс жасағаны Ілияс поэзиясының диапазонын кеңейтті.
Ілияс Жансүгіров поэзия әлеміне жастай келді десек, атап өткеніміздей,
балғын, талапкер шағында Абайдың поэзиясы оған ерекше әсер етті. Әйтпесе,
Ілиястың жас шағындағы «Құтырған күндеріндегі» өлеңдері әр-әр жерде айтылған
жерінде қалып, көп мұралары сақтаусыз шашылып қала берген. Сол өлеңдерінің
алғашқыларының бірі «Балдырған» атты жинақ дәптерінде енген Абайдың әсерімен
жазған өлең нұсқасы төмендегідей келеді:
«Салды бұлақ енді әнге,
Құйқылжытқан келді әнге.
Тау мен тас мұңданып,
103
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Арғы мен салды бергі әнге.
Ағаш, тоғай қуанып,
Әкетті ертіп жерді әнге.
Жан-жануар таңырқап,
Тамсандырды елді әнге.
Тоқсан толғап қайырып,
Тоқтады барып әреңге...» [5,83б.] - деп жырлайды. Мұнда не ұйқас, не форма,
не өлең өлшемдері сақталмаған. Бұл Абайға дейінгі өлеңдері. Бұдан кейін, өзі
айтқандай, «... Абай артық әсер етті. Ойым ояна бастады. Қайта-қайта тоймай оқи
беретін болдым. Өзімде біртүрлі сергектік, сілкініс, жүрегімде жаңалық сездім.
Жазуға талабым оянды, Келсе де келмесе шұқылып, өмірді өлең қыла бастадым...»
[6,54б.] - дейді.
Ақын поэзия әлеміне 18 жаста келеді. Оны дәлелдейтін мына факт. 1958
жылы Қалижан Бекқожин «Халық өмірінің өрен жыршысы» деген мақаласында:
«Біздің әдебиетшілеріміз Ілиястың ақындық өнер адымы 1919-1920 жылдардан
басталды деп келді. Бұл қазір теріске шықты. Алматының Пушкин атындағы
көпшілік кітапханасының архив қорынан жуықта ғана табылған Ілияс Жансүгіровтің
өз қолымен жазылған екі өлең дәптері ақынның өлеңді 1915-1916 жылдардан
бастап жазғанын дәлелдейді».
1986-1988 жылдар арасында баспа бетін көрген «Бес томдық шығармалар
жинағында» Ілияс Жансүгіровтің бұл томында ақын өлеңдерінің жазылу
хронологиясына қарай жасалумен байланысты, оның «Күзгі гүлге» өлеңімен
ашылып отыр. Бұған дейін Ілияс Жансүгіров творчествосы 1915-1916 жылдардан
басталады делініп, келсе, ақынның Қазақ ССР Мемлекеттік архивіндегі өз
қорынан табылған (№37 папка, 127-бет) осы өлеңі ол пікірді өзгертіп, оның
творчествосының бұдан гөрі сәл ілгеріректен басталатынын дәлелдеп отыр». Бұл
ақынның өз қолымен жазған «Балдырған» және «Қызыл жалау» атты өлең дәптері.
Яғни, сол дәптерінде жоғарыдағы аталған «Күзгі гүлге» өлеңі 1912 жылы жазылған.
Ал баспа бетін тұңғыш рет 1917 жылы «Сарыарқа» газетінің 15-сі мен 22 тамызы
күнгі «Тілек» және «Сарыарқаға» деген атпен жарық көреді. Ілиястың бұдан кейінгі
шығармалары баспасөз беттерінен жиі шығып, творчестволық өсу эволюциясы
басталады. Осы кезеңдегі поэзияның денін былай деп көрсетеді: «Мен төңкерістен
әрі жерде хат шығарып, қисса оқудан артық сауатым болмаған ауыл наданымын.
1917 жылдың тұрғысындағы бостандық пен көбейе бастаған газет-журналдар мені
үлкен жазуға еліктірді. Еліккенен еш нәрсе шығара алмадым..1921 жылы «Жас
Алаш» газетінде 22 мартта шыққан «Жас замандастарға» деген бас мақала менікі
және сол нөмірде «Жалпы жасқа» деген өлеңім де басылды. Менің алғашқы
баспасөзге шыққан, бірінші шыққан мақалам осы» - дейді.
Жоғарыда аталған «Сарыарқа» газетіндегі басылған жырларын атамағаны ол
өлеңдеріне көңілі толмаса керек. Бұл Ілиястың әлі де болса ақындық шеберлігі
толыспаған, өзіне сенімсіздеу, сыни көзқарас танытатын тұс.
Осы кезеңге орай Әбділда Тәжібаев Ілияс поэзиясы жөнінде төмендегідей
тұжырым ұстанады:
«Біздің байқауымызша, мүмкін үстірт те болар, Ілияс Жансүгіров
лирикалары үш басқышқа бөлінеді, әрине шартты түрде: Бірінші басқыш: Ілиястың
әлі өзін таппаған, өзгелерге көбірек ұқсайтын тұсы.
Екінші басқыш - Ілиястың өзін-өзі таба бастаған, бірақ ақындық мәдениеті
жетіспегендіктен өлеңдерінің әрі шұбарлаң, әрі шұбар тұсы.
Үшінші басқыш-Ілиястың жас жағынан да, өнерлілік жағынан да толыққан,
өлеңінің түрі мен мазмұнын келістіре тауып, лирикалық жырларына эпикалық қуат
берген тұсы» [7,162 б.], - дейді.
104
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Ілияс әр тұста да өз творчествосына аса жауапкершілікпен қараған болса,
Ә.Тәжібаевтың көрсеткенідей, алғашқы басқышта «Әлі өзін таппаған, өзгелерге
ұқсайтын» кезеңді басынан өткерген. Бойындағы қасиеті - қаншама білімі биіктеп,
өлең жырлары мен шығармаларын халық сүйсініп оқып, құрметтесе де өзіне көңілі
толмаған. Үнемі өзіне сын көзбен қарап, туған әдебиетіне де жанашырлықпен
сезімін әрдайым айқындап отырады. Енді бір 7-8 жыл өткесін өз-өзіне келген ақын
сол тұстағы әдебиетте белең алған дөкір социализмнің оралымсыздықтары, кезең
идеологиясын жақтаған шикі, талғамсыз шығармалар туралы ойына қаншама
тұсау салса да, қажетті жерде аяусыз сын айтатын сәт те туады.
«....Бірқатар құрғақ жасасындар, рапорттар жазылады. Колхоз, совхоз,
тракторды жалпылап, жасасындар, науқан жайында өлеңмен үлкен рапорттар, ұзын-
ұзын поэмалар мен баталар беріліп жатты. Оны ел сүйсініп оқыған жоқ, қайта
жүрегін айнытты.
Сөйтіп, біз сол екі жылда, 1930-1932 жылдың ішінде әдебиетіміздің, әсіресе
өлеңдердің құнын арзандатып, сапасын төмендетіп алдық. Менің «Социалдық
ауыл», Сәкеннің «Социалистан», Сәбиттің «Көмір-коммунизм», «Алатаудың
алыбының» қақ жартысы, Бейімбеттің «Рапорт», Қаламқанның «Екпінді», Асқардың
«Құрылыс», Мәжиттің «Құрылыс жыры», «Социализм жыры» деген жинақтары,
Тайырдың «Коммунизм таңы», Ғалымның «Балға-орағы», «Доңғалағы», Исаның
«Колхоз, Совхоз», Жақанның сол жылғы өлеңдері, Өтебайдың «Ақ алтын», «Қара
алтындар» тағы басқалар-сапасы төмендеген шығармалардың белгілері. Бұларда
адамды жырлаған мазмұн, тартыс жоқ, тек жалпылау «Көп жасасын» болды. Адамды
көрмей, ауылдан қашып, тек «трактор», «аэроплан», «бесжылдық», деп жалпылап,
жауыр поэманы көбейтіп алдық.
Поэзияда әлі жемісі көркем, тілі бай, мазмұны күшті үлгілі өлеңдер жоқ.
Қызықты тартыс жоқ. Өлеңге жан бітіретін лирика жоқ..» [8,142б.] деп, құрдас
қаламгерлердің көркемдік кемшілігін жасырмай ашық айтады да, әдебиет сыншысы
есебінде қаламы уытты екенін танытады.
Көздеген мақсаты - қазақ әдебиетінің жарқын болашағы, шығармалардың
көркемдік аясының кеңеюі, образдардың айқын ашылуы, реализмнің кең өріс алуы,
жалпы әдебиеттің дамуын жеделдету еді.
Ілияс-өзінің әдебиет әлеміне келіп, өмірінің соңына дейін 20 жылға,
творчестволық кезеңіне дейін күшін сарқа мол еңбектенген қаламгер. Ілияс-өз
заманың көкейтесті кез келген әлеуметтік мәселелерге үн қосып, өз дәуірінің болмыс
- бітімін жан-жақты бейнелелеп, жырлап өткен ақын. ХХ ғасыр басындағы қазақтың
ағартушылық-демократиялық бағыттары қаламгерлердің оқу-білімге шақырған
идеялық ой-толғамдарына ұқсас «Жаңылғаным», «Талғамалар», «Маңым»,
«Жыбырлық», «Замандасқа» атты өлеңдерінде төңкеріске дейінгі надандық пен
жоқшылықтан шығар бір жол - оқу-білім екеін айтып, сонымен қатар адами -
моральдық мәселелерге ден қояды.
Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас!
Қамдан, жатпа, заманыңнан хабарлас!
Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң,
Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас!-
«Жыбырлақ» өлеңінде де қазақ ішіндегі жаман әдеттен ада болуға
шақырады.
Сынға салдым
Шынға салдым,
Жас талапкер өзіңе,- деп, одан арғысын әр жастың өз таңдауына береді.
Ортаға ұран, үміттік әуез сарындас өлеңдерінде де ел теңдігі үшін жан аямай
күресуге, әлеумет пен қоғам ісіне адал, белсене араласуға шақырады. Бұл тұрғыдағы
105
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
шығармаларға «Жастар ұраны» (1922), «Тілек» (1922), «Жанар тау» (1922) т.б.
өлеңдері жатады.
Әйел-еркек, жалпы жас!
Көтеріл, көрін, көзіңді аш!...
Топтал, тұтас, туғандас!
Жасасын еркің! Жоғалмас.
Жамырас, үлес, жалпы жас,
Қосыл, қозғал, қоғамдас!
Ақын ертеңгі болашақты бүгін ойлау қажет деген идеяны жастарға арнайды.
Жарқын күнге жету үшін, өмірде өз жолыңды табудың қажет десе, бірде өз жолын
әлі таба алмаған, алдына мақсат қойған жеткіншектерге «Жастар», «Саналы
жастарға», «Баласынан анасына хат», «Оқимын » деген өлеңдер тобын жазады.
Қазақстанда кеңес өкіметі орнаған алғашқы он шақты жылдың ішінде күннен-
күнге, жылдан-жылға үздіксіз өсіп, жетіліп келген қазақ әдебиетінің сан-саласы
тақырыптарының бірі төңкеріске байланысты жырлар. Ол кездегі қазақтың
жазушыларының бұл тақырыпты жырламағаны жоқ. Қазақ өміріндегі барлық
өзгерістердің негізі Қазан революциясы екенін сезінген жас Ілияс, нендей
тақырыпты алса да, оны сол төңкеріс тұрғысынан қарастырып тұрады. Бірақ бұл
тұста жас қаламгерде айналадағы болып жатқан өзгерісті толық танымағандықтан,
онша терең түсінігі болмауынан, сонымен бірге творчестволық тәжірибесінің
аздығынан кейбір кібіртік, сенімсіз аяқ алысы да байқалады. Бұл жолда оның поэзия
талаптарын толық түйсінбей, екпінді сөздерді бірінің үстіне бірін тоғытып, жарқыл
мен жаңа леп тұрғызуға дыбыс екпінін ойнатуға күш салады.
Қазақстанда кеңес өкіметі орнаған алғашқы он шақты жылдың ішінде
күннен-күнге, жылдан-жылға үздіксіз өсіп, жетіліп келген қазақ әдебиетінің сан-
саласы тақырыптарының бірі төңкеріске байланысты жырлар. Ол кездегі қазақтың
жазушыларының бұл тақырыпты жырламағаны жоқ. Қазақ өміріндегі барлық
өзгерістердің негізі Қазан революциясы екенін сезінген жас Ілияс, нендей
тақырыпты алса да, оны сол төңкеріс тұрғысынан қарастырып тұрады. Бірақ бұл
тұста жас қаламгерде айналадағы болып жатқан өзгерісті толық танымағандықтан,
онша терең түсінігі болмауынан, сонымен бірге творчестволық тәжірибесінің
аздығынан кейбір кібіртік, сенімсіз аяқ алысы да байқалады. Бұл жолда оның поэзия
талаптарын толық түйсінбей, екпінді сөздерді бірінің үстіне бірін тоғытып, жарқыл
мен жаңа леп тұрғызуға дыбыс екпінін ойнатуға күш салады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Нұрғалиев Р. Арқау Алматы, 1991 514-б.
2.
Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. Монография. А., 1965.
3.
Әбдірахманова Т. Ақын арманы. А., Жазушы. 1965.
4. Әдеби мұра және оны зерттеу. - А.,1961.
5. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А.,1959.
6. Иманғазинов М.Ілияс прозасындағы дәуір дидары. Т., 2000ж.
7. Иманғазинов М. Ілияс Жансүгіров. Монография. А., ҚазҰУ. 2004.
8. Қожакеев Т. Көк сеңгірлер А., 1994.
Достарыңызбен бөлісу: |