Уровни
Высокий
уровень
Средний
уровень
Низкий
уровень
%
37
47
16
79
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Высокий
Средний
Низкий
37
16
47
Рисунок 2 – Результаты тестирования уровня сформированности
эмоционального компонента этнической толерантности школьников
Экспериментальные данные показали, что большинство детей по уровню
сформированности эмоционального компонента этнической толерантности относятся к
высокому и среднему уровням, что говорит о положительном эмоциональном отношении
к представителям других культур. Для более наглядного представления полученные
результаты отражены на рисунке 2.
Для выявления уровня сформированности деятельностного компонента
этнической толерантности у школьников мы использовали тест, в основе которого было
положено решение учащимся проблемных ситуаций в связи с темой нашего
исследования. Тест содержал пять заданий, которые были расположены на отдельных
карточках. Карточки предъявлялись ученикам последовательно, по мере их решения.
Цель карточек: выявить особенности поведения ребенка, мотивы личных предпочтений в
общении, в разнообразных жизненных ситуациях. В ответах на карточки-задания нас
интересовало, какие варианты поведения предпочитает учащийся в предлагаемых ему
ситуациях, заостряет ли внимание на национальной принадлежности своих сверстников.
Каков характер их взаимоотношений (доброжелательный, нейтральный, негативный).
Ответы оценивались в баллах: за ответ, соответствующий доброжелательному характеру
взаимоотношений – 2 балла; за ответ, соответствующий негативному характеру – о
баллов и нейтральному – 1 балл.
Можно выделить уровни деятельностного компонента этнической толерантности,
исходя из следующих критериев:
высокий уровень – способность уверенно, быстро и правильно использовать
имеющиеся знания, приобретенные умения и навыки; ярко выражена отзывчивость,
сострадание, сопереживание к нуждам представителей других национальностей; умеют
конструктивно взаимодействовать со сверстниками разных национальностей, не
вступают в общение в конфликты, общительны и уважают интересы всех членов
коллектива. Сумма баллов, набранных по результатам тестирования, составляла от 8 до
10 баллов.
средний уровень – способность правильно, но недостаточно полно и уверенно
использовать имеющиеся знания, умения и навыки; проявление отзывчивости,
сострадания, сопереживание к нуждам представителей других национальностей скорее
частное, чем редкое; в общении со сверстниками не вступают в конфликт, в общение
вступают охотно, но сами инициативы при организации общения не проявляют. По
результатам тестирования 5 -7 баллов.
низкий уровень – неспособность правильно использовать имеющиеся знания
и умения; слабо выражена отзывчивость, сострадание, сопереживание к нуждам
представителей других национальностей; проявление гуманной позиции ситуативны;
проявление резкости в обращении других к своим товарищам, особенно другой
80
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Высокий
Средний
Низкий
58
30
12
национальности, при выборе друзей руководствующиеся своей национальной
принадлежностью. По результатам тестирования сумма баллов менее 5.
Таким образом, анализ обработки результатов тестирования показал следующее
(Таблица 3):
Таблица 3 - Уровень сформированности деятельностного компонента этнической
толерантности школьников
Уровни
Высокий
Средний
Низкий
%
58
30
12
В целом можно сказать, что большинство младших школьников должны
быть отнесены к среднему и высокому уровням деятельностного компонента
этнической толерантности, что говорит о том, что они умеют реализовывать себя в
этническом
взаимодействии.
Наглядно
данные
по
выявлению
уровня
сформированности деятельностного компонента этнической толерантности
представлены на рисунке 3.
Рисунок 3 – Результаты тестирования уровня сформированности
деятельностного компонента этнической толерантности школьников
На основе теоретического обзора и результатов исследования когнитивного,
эмоционального и деятельностного компонента мы можем представить в
процентном соотношении уровень сформированности этнической толерантности у
младших школьников в % (Таблица 4).
Таблица 4 - Уровни сформированности этнической толерантности младших
школьников.
Уровни категории
Высокий
Средний
Низкий
Когнитивный
73
16
11
Эмоциональный
37
47
16
Деятельный
58
30
12
Таким образом, на основе исследований мы можем отметить «нецелостность»,
противоречивость сформированности этнической толерантности у младших
школьников.
Проанализировав полученные данные, мы разработали программу учебной и
внеклассной деятельности, которая включала следующее: классный час «В стране
сказок», конкурс «Угадай-ка», классный час «Я в мире... Мир во мне... Понимание - путь
к миру», «Затеи наших друзей, «Волшебный кристалл», «Народов дружная семья»,
праздник «Наш общий дом - Земля».
81
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Благодаря подобранным нами занятиям: дети познакомились с загадками разных
народов как с малой формой фольклора; узнали особенности культуры разных народов, в
том числе национальные подвижные игры; у детей сформировалось положительное
эмоциональное отношение к представителям других культур; дети разных
национальностей сумели работать в группах; школьники стали осознавать сущность
такого понятия как многонациональное государство, выделяя при этом основное в этом
понятии в соответствии с принципами толерантности - «мирное сосуществование», что
является проявлением этнической толерантности. Дети приняли очень активное участие
во всех занятиях.
После проведения опытно-экспериментальной работы, основанной на
разработанной методике, была проведена диагностика учащихся класса, которая показала
неплохие результаты нашей работы. В частности повысились результаты показателей
высокого уровня все трех компонентов, учащиеся стали терпимее друг другу, повысился
познавательный интерес в изучении людей разных национальностей, что в очередной раз
доказывает плодотворность проведенной работы
Мы считаем, что если систематически проводить такую работу с детьми младшего
школьного возраста, уровень поликультурной воспитанности и главного его компонента
этнической терпимости будет на достаточно высоком уровне.
ЛИТЕРАТУРА
1. Коменский Я. А. Избранные педагогические сочинения/ Я. А. Коменский. – М.:
Учпедгиз, 1955. – 651 с.
2. Пискунов А. И. Хрестоматия по истории зарубежной педагогики: учебное
пособие для студентов пед. ин-тов. / Сост. и автор вводных статей А. И. Пискунов. – 2-е
изд., перераб. – М.: Просвещение, 1981. – 528с.
3. Ушинский К. Д. Избранные педагогические произведения /К. Д. Ушинский. –
М.: Просвещение, 1968. – 557с.
4. Образование в поликультурной среде: Пособие для преподавателей
факультативных курсов средней школы. – Алматы: ШДС «Парасат». – 2001. – 218 с.
5. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.
М.:Просвещение, 1990. – 464с.
6. Тайчинов М.Г. Развитие национального образования в поликультурном,
многонациональном обществе. // Педагогика, 1999. - № 5. – с. 25-27
7. Бабинова С.В. Воспитание толерантности младших школьников средствами
поликультурного образования: учеб.пособие / С.В. Бобинова. – Новосибирск:
НИпКиПРО, 2009 г. - 130 с.
8. Беловолов В. А. Введение в методологию педагогического исследования:
учеб.пособие /В. А. Беловолов, С.П. Беловолов. – Новосибирск: Изд. НГПУ, 2002. – 117 с.
ӘОЖ 373.1.02:37.035.6:78(=512.122)
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Рысбекова Р.М., п.ғ.к.
педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Ryszhan_Rysbekova@mail.ru
Қазақстан
Республикасының
Егемендігі
жағдайында
“қазақстандық
патриотизм” ұғымы нығайған рухани-саяси фактор ретінде, мемлекет саясаты мен
82
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
идеологиясының жаңа парадигмасы ретінде қарастырылатын ерекше құнды мәнге ие
болуда.
Мақалада бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие міндеттерін
шешуге жетекші орын беріледі. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктері қарастырылады.
В условиях Независимости Республики Казахстан бесценное значение
приобретает рассматриваемое понятие «казахстанский патриотизм», как
усиляющийся духовно-политический фактор, как новая парадигма государственной
политики и идеологии.
В статье ведущее место отведено решению задач патриотического воспитания
младших школьников. Рассматривается психолого-педагогические особенности младших
школьников.
In the context of the Republic of Kazakhstan Independence, “Kazakhstani patriotism”
discussed notion has a wide importance as strengthened spiritual-political factor, as a modern
paradigm of state policy and ideology.
Кілт сөздер: жалпықазақстандық патриотизм, ұлттық патриотизм,
қазақстандық патриотизм, патриотизм, патриоттық тәрбие, отан, атамекен, ел-
жұрт, азаматтық борыш, ар-намыс, адалдық пен әділдік, ұлттық парыз, патриоттық
сана-сезім, бастауыш сынып оқушысы, жас ерекшеліктері, психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктері.
Қазақстан
республикасының
Егемендігі
жағдайында
«қазақстандық
патриотизм» ұғымы нығайған рухани-саяси фактор ретінде, мемлекет саясаты мен
идеологиясының жаңа парадигмасы ретінде қарастырылатын ерекше құнды мәнге ие
болуда. Оның пайда болуы мен бекуі Қазақстан тәуелсіздігінің нығаюы мен күшеюіне
байланысты. Өйткені өз азаматтарына патриотизмді қажет етпейтін бірде-бір мемлекет
болған емес және болмайды да.
Егемендік пен тәуелсіздікке ие болу жағдайында Қазақстан қоғамында
«жалпықазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм»
ұғымдары жиі пайдаланылады.
Жалпықазақстандық патриотизм – Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт
өкілдерінің Қазақстанды өздерінің ұлттық Отаны деп қабылдауы.
Ұлттық патриотизм, деген өз ұлтының, мәдениеті мен әдебиетінің, тілі мен
ділінің, салт-дәстүрлерінің бәріне екенін сезіну, жерінің Қазақстан екенін жете түсінуіне
байланысты.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда «отан», «атамекен», «ел-жұрт»,
«азаматтық борыш», «ар-намыс», «адалдық пен әділдік», «ұлттық парыз» сияқты
құндылықтар негіз болған. Мысалы қазақ халқы туып өскен жерін, ата-анасының
жерленген жерін ерекше қадір тұтқан, қай жерде болмасын олардың басына келіп,
құран оқытып, бата жасатып тұрған, Мүмкіндігінше туған жерден кетпеуге тырысқан.
Оны «Отан оттан да ыстық», «Басқа елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол», «Ер өзі
үшін туады, елі үшін өледі» деген мақал-мәтелдерден – ақ көруге болады. Халық
балалар мен жастарға өз Отанын, туған елін, халқын, ана тілін, салт-дәстүрін терең
сезіммен сүйе білуге баулыған. Әркімге өзінің туып-өскен жері қымбат болатынын «Ер
елінде, гүл – жерінде», «Ел іші – алтын бесік», «Елінен безген ер оңбайды» деп ескертіп
отырған. Яғни, өз болмыс-бітімін Отанынан жеке бөліп қарамаған. Отанын, елі мен
жерін өзінің туған анасындай құрметтеген.
Отанға деген сүйіспеншілік арқылы адамның бойында патриоттық сезімді
туындатқан. Оның аясында азаматтық парыз, борыш көрініс алған. Халық
жеткіншектерден өз елін, жұртын, Отанын қызмет етуді, азаматтық борыш деп санаған.
83
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Отан мен халық алдында борышын адал орындай білген адамды сана-сезімі, дарын-
қабілеті жетілген адам деп қабылдаған.
Борышты өтеуде моральдық сенімнің маңызы зор. Парыз бен борышты орындау
жауапкершіліктен туындайды. Отан, ата-ана, ел-жұрт алдындағы парызды, борышты
атқаруда ар-намыс түсінігінің орны ерекше болған. Ар-намыс деген қазақ халқының
бойына сіңісті қасиет, ұлттық әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктің бір көрінісі,
отансүйгіштіктің белгісі десе де болады.
Жалпыұлттық патриотизм деген, өзін туған елінің бір бөлігі ретінде сезінуі.
Жалпықазақстандық патриотизм болса, ол өз Отанына деген сүйіспеншілікпен қатар,
қазақстанды мекендейтін ұлт өкілдеріне деген сыйластық сезімді білдіреді. Яғни, басқа
халықтарға деген құрмет сезімді, бүкіл адамзат түсінігінен ізгі орын алатын Отанға
деген сүйіспеншілікті білдіреді.
Жалпықазақстандық патриотизм деген бірқатар принциптердің негізінде (тең
құқықтық, бірін-бірі өзара руханиландыру, еріктілік, өзара көмек, ортақ мақсат-
мүдделер, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды ұштастыру, қазақ ұлтының
республикадағы басқа ұлт өкілдерімен (орыс, ұйғыр, неміс және т.б.) өзара байланысы
негізінде қалыптасады. Қазіргі жағдайда жалпықазақстандық патриоттық тәрбие
мынадай негізгі бағыттарды қамтиды: егеменді елдің жаңа идеологиясын жасау;
азаматтардың осы идеологияны терең меңгеруіне; мемлекеттік қоғамдық ұйымдар
тарапынан патриоттық тәрбие жұмысын жүйелі түрде жоспарлау және оның тиімділігін
бақылау; патриоттық тәрбие саласында жинақталған тәжірибені зерделеу және оны
тарату; республика мекемелерінде, мерзімді баспасөздерде жалпықазақстандық
патриоттық тәрбиенің рөлін жетілдіру; әрбір Қазақстан азаматының бойында
патриоттық сана-сезімін тәрбиелеу, жалпыұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу; Отан
мүдделерін қорғауда жауапкершілік пен патриоттық парыз сезімін қалыптастыру; ел
азаматтарын шовинизмге, экстремизмге, сепаратизмге қарсы күресе білуге тәрбиелеу
болып табылады.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың стратегиясында қазақстандық патриотизм
идеясы халықтың бірыңғай азаматтығын қалыптастырумен тығыз байланыста
қарастырылады [1].
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасу стратегиясы мүмкіндіктерінің
теңдігіне негізделген бірыңғай азаматтықты қалыптастыру, барлық этникалық топ
құқықтарының теңдігін қамтамасыздандыруды, қоғамдағы ауқаттылар мен кедейлердің
арасындағы айырмашылықтарды азайтуды, ауыл проблемасына ден қоюды, әрбір ұлт
өкілдерінің арасында өзара құрмет, сенімді көзқарасты орнықтыруды талап етеді. Бұл
шараларды жүйелі түрде іске асыру азаматтардың отаншылдық сезімін нығайтуда оңды
ықпал ететін болады.
Президент республиканың әлеуметтік экономикалық перспективасын болжауға
бағытталған «Қазақстан-2050» жолдауы қазақстандық патриотизмді орнықтыруға
қолайлы жағдай жасайды. Жолдау халықтың көкейінде болашаққа деген сенімді
ұялатады, қоғамды белсендендірудің факторы ретінде қызмет атқарады.
Жолдауда Қазақстан елінің міндеті: ұлттық бірлікті нығайту, әлеуметтік
әділеттілікті орнату, халықтың экономикалық әл-ауқатын, тәуелсіздігін көркейту, саяси
тұрақты мемлекетті құру деп атап көрсетілген. Жолдауда қазақстандықтардың
патриоттық көзқарасының советтік дәуірдегіден едәуір ерекше екендігі, бүгінгі өмірде
демократиялық құндылықтар басым екендігі, оған ұлттық мәдениетінің, ұлттық
психологияның жандауы оған ерекше сипат беретіні мазмұндалады.
Қазақстандық патриотизм азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің бірлесе
атқарған іс-әрекеттері арқылы қалыптасады. Қазақстаннның өзінің Елұраны, Елтаңбасы,
Туы бар.
84
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Патриоттық тәрбие беру өзінің мазмұны жағынан саяси – идеялыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу саласының бірі болып табылады, өйткені «оның
қалыптастыратын тұлғалық қасиеттері оның саяси сипатына қатысты... Отанға
берілгендік адамның жоғары адамгершілігінің жетекші нышанның бірі болып
табылады» [2, 18б.].
Патриотизм, патриоттық тәрбиенің мәні туралы мәселені теориялық
тұрғыда қарастырғаннан соң, тақырыбына байланысты тәрбие жұмыстарының
бағытын анықтау мақсатында бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктеріне
тоқталған жөн.
Бастауыш сынып оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу үдерісінің өзіне тән
ерекшелігі бар. Мектепке дейінгі жылдары бала кейбір эмоционалдық және
адамгершілік тәжірибесін меңгерумен бірге, онда мінез-құлықтың белгілі бір
ерекшеліктері пайда болады, жеке тұлғаның қасиеттері қалыптаса бастайды.
П.М.Якобсонның сөзімен айтқанда «бастауыш сынып оқушысы, әсіресе бірінші
сынып оқушысы өзіне әсер еткен оқиғаларға қызу жауап қайтарады. Намысына
тиетіндей құбылыстарға қолма-қол эмоционалдық тұрғыда жауап береді» [3, 10-11б.].
Бастауыш сынып оқушыларына тән ерекшелік болып тез әсерленушілік,
қайырымдылық саналады.
Мектепке бару бала өміріндегі өзгерістерге байланысты. Жаңа кезең жаңа
міндеттердің пайда болуымен, жүйелі оқу әрекетімен байланысты. Бұл бастауыш
сынып оқушысының қоршаған ортамен қатынастағы мінезіне айтарлықтай өзгерістер
әкеледі.
Балаларда мектепке дейінгі жылдардың өзінде Отан туралы, әр түрлі ұлт
өкілдерінің достығы туралы алғашқы мағлұматтары пайда болады. Балалар олар туралы
үлкендерден естиді, кітаптардан оқып біледі. Бастауыш сынып оқушыларының зейіні
қоршаған ортада көбінесе: а) туған үй, отбасы, жақын туыстарына; ә) ауыл, аудан, туған
қала, оның өткені мен бүгінгісіне; б) туған өлке табиғатына бағытталады. Бастауыш
сынып жасында қайсарлы мінезді дамытатын адамгершілк сезімдері қарқынды дамиды,
жақын адамдары мен туған жеріне эмоционалдық-жағымды көзқарастан байқалатын
алғашқы патриоттық сезімдері көрсетіледі.
Оқушылардың мектепке келген жылдарында Отан туралы білімдері молаяды.
Олардың туған үйіне, ата-анасына деген сүйіспеншілігі бірте-бірте саналы түрде туған
қалаға, ауылға және туған өлкеге жалғасады. Бастауыш сынып оқушысының ұжым
мүшесі болуына байланысты әлеуметтік ой-өрісі өзгереді, маңызы жоғары қоғамдық іс-
әрекеттерге араласуы жаңа әлеуметтік бағдардың, жаңа әлеуметтік сезімдердің
қалыптасуына ықпал етеді. Осының бәрі әлеуметтік тәжірибе жинақтауға, негізгі
адамгершілік ережелерін меңгеруге септігін тигізеді. Мұғалімнің басшылығымен
ғылым негіздерін меңгере отырып, оқушылар өздерінің Отан туралы, барлық елдердің
ұлтаралық мәдени қарым-қатынас байланыстары туралы білімін толықтырады.
Әдетте, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктеріне қарай білімді бірден ұғымдық деңгейде меңгеріп кетуі қиынға соғады.
Қоршаған болмысты ой елегінен өткізу үдерісінде оларда әр алуан білім саласынан
әртүрлі бейнелі мағлұматтар пайда болады. Ғылым негіздерін меңгеру, өмірлік тәжірибе
жинақтау үдерісінде бастауыш сынып оқушылары бір-бірімен, адамдармен және
заттармен қарым-қатынаста болады. Оларда белгілі бір мінез-құлық ережелері мен
әдеттері қалыптасады, алғашқы қалыптасу кезеңдерінде бұл тек еліктеуге негізделетін.
Бастауыш сынып оқушылары көтеріңкі әсерленгіштігіне қарай сыртқы ортаның әсерін
өте тез қабылдайды. Бұл олардың әрқилы әрекет түрлеріне, қоршаған ортаға көзқарасы
мен әртүрлі жағдайлардағы мінез-құлқын анықтайды. Бастауыш сынып жасында ересек
адамның мінез-құлқының алғы шартына даярлығы жүзеге асырылады. «Тұлғаның
адамгершілік кейіпінің жарқын бір көрінісі болып саналатын патриотизм сезімі
85
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
көбінесе мектеп жылдарында қалыптасады. Бара-бара ол тек кемелденіп, саналы түрде
меңгеріле түседі. Сондықтан да баланы ана тілімен, оның мәдениетімен таныстыру
жақтарының бәрі, оның сана-сезімінде терең де әсерлі көзқарас туындатуы аса
маңызды» [3, 203б.].
Бастауыш сынып оқушысының әлеуметтік құнды әрекетінің тәжірибесінде бала
ізгілікті де пайдалы істі жасауға талпынғанда және осыдан жағымды, жарқын әсер
алғанда, адамгершілік сезімдерін дамытып тереңдету үшін, оларды «әрекеттік күшке,
жақсы істерге талаптандыруға» айналдыру үшін психологиялық тұрғыда маңызды
негізі қаланады.
А.И.Божовичтің айтуынша, кіші мектеп жасында ойлаудың аса күрделі
формаларына ауысуды анықтайтын болмысқа жаңа танымдық қарым-қатынасты
дамыту; оқушының ниетіне тікелей ықпал ету арқылы әрекет етуіне және саналы түрде
қойылған мақсатты басшылыққа алуына мүмкіндік беретін сұраныс аясының жаңа
деңгейін қалыптастыру; мінезді қалыптастырудың негізін құрайтын тәртіп пен іс-
әрекеттің тұрақты формаларының пайда болуы; бастауыш сынып оқушысының
қоғамдық бағыттылығын дамыту жүзеге асады [4].
Бастауыш сынып оқушысы тұлғасының даму ерекшелігі туралы О.С.Богданова:
«Біз бұл мәселеге байланысты адамгершілік сенімділік туралы, төтенше жағдайда
тұрақты мінез-құлықты қамтамасыздандыратын, адамгершілік-еріктік саланың
жеткілікті даму деңгейі туралы, адамгершілік-әлеуметтік мотивтің жоғары
дамығандығы туралы, ар-ождан сезімі мен моральдық борыш сезімінің дамуы туралы
айта алмаймыз» десе [5,30б.], А.А.Веденованың пікірі бойынша, «бала тек тоғыз жасқа
таман қоғамдық тәжірибені игере алады, жүйелі жауапкершілікті іс-әрекетке қабілетті
болады» [6,43б.].
Ескеретін тағы бір жайт, бастауыш мектеп жасында қоғамдық мәні бар іс-
әрекетке баланы талаптандыратындай күрделі әлеуметтік мотивтерді қалыптастырудың
мүмкіншілігі болмайды. Әйтседе, осы жастағы оқушылармен жүргізілетін тәрбие
жұмысы олардың шамасына қарай адамгершілік білімінің әуелдегі белгілі бір жүйесін
меңгеруін қамтамасыздандыруға және эмоционалдық-сезімдік саласын дамытуға, атап
айтсақ жақындарына, Отанына деген сүйіспеншілікке, дұшпандарға, халыққа қысым
көрсетушілерге жек көрушілікке бағытталуы керек және осы мақсатта мынадай түрлі
формалар мен құралдарды пайдалану қажет: табиғат көріністерін, өнер туындыларын,
халықтың ауызекі шығармашылығын, халықтың музыкалық шығармашылығын, салт-
дәстүрлерін, спорттық ойындарын, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер,
театрларға, музейлерге саяхат және т.б.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2050. Алматы: Юрист, 2013, – 65 б.
2.
Марьенко И.С. Воспитание советского патриотизма и учащихся среднего
школьного возраста во внешколной работе. Автореф.дисс. канд.пед.наук. 13.00.01. –М.,
1955.
3.
Якобсон П.М. Эмоциональная жизнь школьника. –М.: Просвещение, 1966. – 291с..
4.
Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. –М.: Просвещение,
1968. – 464с.
5.
Богданова О.С. Нравственное воспитание младших школьников. Автореф. дисс.
докт.пед.наук. 13.00.01. –М., 1975. – 30с
6.
.Веденова А.В. Роль внутренних противоречий и способов их преодоления в
развитии личности // Вопросы психологии, 1959, №1, – 43с.
Достарыңызбен бөлісу: |