ӘОК 94 (574)
КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮРГІЗГЕН «ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУ» САЯСИ
РЕФОРМАСЫНА НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВТЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Ықыласбаев Д.Ә., «Тарих» мамандығының 2 курс магистранты
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Бұл мақала Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының
құрылуымен
қазақ
даласында
жүргізілген
саяси
өзгерістердің
бірі
«жергіліктендіру» немесе «коренизация» реформасына, басқару аппаратына
тұрғылықты халықтың өкілдерін қызметке ала отырып, жергілікті халықты
билікке тартумен қатар, қазақтарды Кеңес үкіметі тарапынан жүргізіп отырған
қоғамдық-саяси өзгерістерден тыс қалдырмай саяси науқандарға кіріктіруді
көздейтін саясаттың шын мәнісіндегі табиғатын ашып көрсету, мұндай
бұрмалаушылыққа қазақ қоғам қайраткерлерінің қарсылығын ашып көрсетуге
арналған.
Данная статья посвящена реформе «коренизация», как одной из
политических изменений, проведенных на казахской земле с образованием Казахской
Автономной Советской Социалистической Республики, раскрытию и разоблачению
истинной природы политики, подразумевавшей внедрение коренного населения в
управенческий аппарат и органы власти, вовлечение в политические кампании и
социально-политические
процессы,
проводимые
Советской
властью,
и
сопротивлению казахских общественных деятелей такого рода искажению.
This article is dedicated the reform of "indigenization", as one of the political
changes carried out on the Kazakh land to form the Kazakh Autonomous Soviet Socialist
124
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Republic, disclosure and expose the true nature of policy implies the introduction of
indigenous upravenchesky apparatus and authorities, involvement in political campaigns
and social -policy processes carried out by the Soviet government, and the resistance of
the Kazakh public figures this kind of distortion.
Кілт сөздер: жергіліктендіру, ұлттық межелеу, тап шиеленісі, ауылды
кеңестендіру, ұжымдастыру, антибольшевиктік күштер.
Кеңестік өкімет билігі Қазақ даласында азамат соғысының басында орнай
бастағанымен саяси тартыстардың ушығып кетуімен бұл процесс біраз уақыттарға
созылып кетті. Азамат соғыс жылдары «қызылдар» деп аталған Ресей социал-
демократиялық жұмысшылар партиясының сол қанаты большевиктердің жеңісімен
аяқталуы буржуазияшыл деп танылған ұлттық үкіметтердің таратылып, Кеңес
үкіметінің орнауымен біткен еді. Бұрынғы Ресей империясына кірген барлық
жерлерде (Польша, Финляндия және Балтық теңізінің жағалауын айтпағанда) өз
билігін орнатқан большевиктер өздерінің билігінің тұрақтандыру үшін, өңірлердегі
жергілікті халықтың хал-жағдайына аса назар аударуға мәжбүр болды. Жергілікті,
әсіресе, шығыс халықтарын өз жағына тарту үшін Кеңес үкіметі автономиялық
бірлестіктерге бірігіп өздері жариялаған «Ресей халықтары құқықтарының
Декларациясы», «Ресей және Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына»,
«Еңбекші және қаналушы халықтар құқықтарының Декларациясы» атты құжаттары
арқылы кепілдік бергендей болды. Жаңадан құрылған Кеңес мемлекетінің бір
бөлшегі болып кіріктірілген қазақ даласында өзге өңірлердегі сияқты кеңес
үкіметінің эксперименталды саясаты жүзеге асырыла бастаған болатын. Қазақстанда
антибольшевиктік күштердің талқандалуымен Кеңестік негіздегі Автономиялық
мәртебесі бар бірлестіктің құрылуына дайындық басталып, Қазақ Автономиялық
Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасы құрылды. Азамат соғыс
жылдарында кеңестік органдарды құруға ат салысқан жергілікті ұлт өкілдерін өз
жағына тартып, қазақ өлкесіне басқаруда ұстауға тырысты. Осылайша кеңес
өкіметінің орнауына ат салысқан Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов,
Н.Нұрмақов, Ж.Мыңбаев, С.Мендешевтер сынды азаматтардың қызметтік
көтерілістері басталды.
Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуымен
қазақ даласында жүргізілген «жер-су реформасы»,
«ұлттық
межелеу»,
«жергіліктендіру», «өңірді индустриаландыру», «тап шиеленісі», «ауылды
кеңестендіру», «ұжымдастыру» деп аталған саяси өзгерістерді кеңес билігі өз
жағына тартқан қазақ азаматтары арқылы жүзеге асыруға тырысты. Қазақстанда
«жергіліктендіру»
саясатын
Ж.Мыңбаев
пен
Н.Нұрмақов
жүргізді.
«Жергіліктендіру» немесе «коренизация» саясаты 1925 жылы Қазақ Автономиялық
Кеңестік Социалистік Республикасы Кеңестерінің Орталық Атқару Комитетінің
басшылығына Ж.Мыңбаев пен Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасының
басшылығына Н.Нұрмақовтың сайлануымен басталды. «Жергіліктендіру» дегеніміз
Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы аумағындағы барлық
басқару аппаратына тұрғылықты халықтың өкілдерін қызметке ала отырып,
жергілікті халықты билікке тартумен қатар жергілікті халықты, яғни қазақтарды
Кеңес үкіметі тарапынан жүргізіп отырған саяси өзгерістерден тыс қалдырмай саяси
науқандарға кіріктіре отырып идеологиялық күрес алаңына ендіру еді. Бұл саясат
негізінен алғанда кеңестік билікті жергілікті халыққа жақындастыру үшін
жоспарланды. Жергіліктендіру саясатын қолдаған қазақ азаматтары С.Сәдуақасов,
С.Қожанов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов жоғарғы жақтың қысымына қарамастан өздері
ұстанған ұлттық принциптер негізінде реформаны барынша аяқтау тырысты.
125
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
«Жергіліктендіру» саясатында ұлттық кадрдың қызметтік өсуіне мән берген
Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің басшысы Ж.Мыңбаев 1926 жылы қараша
айында «Мен сіздерден ашық сұраймын әлдебір губернияда басшылық, ..айталық,
Ивановты ұсынғанда неге онымен бірге, айталық Майлыбаевты жоғарылатпаймыз?»
– деп мәселені күн тәртібіне қоя білді [1,41б].
Біз бұл жерден әсірешілдікке салынып, түймедейді түйедей етіп маман-кадр
жетіспеушілікті Қазақстан партия басшылары өз ұлтынан шыққандарды көтермелеу
шешпекке қамданды деп теріс ой түймегендігіміз дұрыс. Қазақ Автономиялық
Кеңестік Социалистік Республикасы үкімет құрамында отырған қазақ коммунистері
қазақ өлкесінде бұрынырақта (яғни патша өкіметі заманында) орныққан отарлаушы
халықтан шыққан азаматтардың мансабын
бірінші
ретте
көтермелеп,
отарланушы халықтан (яғни қазақтардан) шыққан азаматтарды көтермелеуді соңғы
мезетте қарастыру стереотипін жоюға тырысқандығын байқағанымыз жөн. Мұндай
ұлтжандылық Қазақстандағы партия басшылығына ұнай қоймай антипартиялық
ауытқушылыққа ұшырап, «мыңбаевщина» атты жік тудырды делініп, Ж.Мыңбаев
қызметтен алынды. Алайда Ж.Мыңбаев қолға алған «жергіліктендіру» саясатын
Н.Нұрмақов басқарған Қазақстан үкіметі ары қарай жалғастыра берді.
«Жергіліктендіру» саясатын Н.Нұрмақовтың біраз сынға төтеп бере отырып біршама
жетістіктерге жеткізді. Нығмет Нұрмақовтың мұндай жетістікке жетуіне оның
аталмыш реформаға ұқсас реформаны бұдан бұрын да іске асырғандығында болды.
1923 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социолистік Республикасының Юстиция
халық комиссары қызметін атқарып жүргенде қазақ тілін іс жүргізуде енгізу
шарасында сәтті орындап шыққан тәжірибесі баршылық еді. Нұрмақов
басшылығымен сот-тергеу органдарында қазақ тілінде іс жүргізу қысқа мерзім
ішінде жүзеге асырылды. Әділет комиссариатының қазақ тіліне көшуді бірінші
болып бастады [2, 6б.].
Жергілікті жерді мекендейтін тұрғылықты халықтың жазба тілінің кеңселік
қызмет көрсетуде сәтті енгізілуінің өзін жергіліктендіру (яғни қазақыландыру) деп
қабылдаған жөн. Н.Нұрмақовтың тұжырымдауынша жергілікті басқару аппаратында
міндетті түрде төл халықтың мұң-мақсатын білетін адамдар жұмыс істеуі тиіс,
«мейлің ол 10 жыл осы жерде қызмет еткен болса да кез келгені өз қазағымыз
мүддемізді сезіне алады» деген әлеуметтік әділеттілікті, теңдікті мақсат тұтқаны
болады [3].
Сол уақыттың өзінде Қазақстан партия басшысы қызметін атқарған Мәскеу
тарапынан
жіберілген
Ф.И.Голощекин
«жергіліктендіру»
реформасын
«Жергіліктендіру – бұл қазақ халқын кеңестендіру, аппаратты халыққа жақындату,
қазақтарды
еуропалықтарға
жаулық
қатынасы
мен
сенімсіздігін
жою
бюрократизммен күрес, жоғарлатуды жүзеге асыру, кеңестік аппаратты жақсарту»
деп түсіндірді [4,165б.]. «Жергіліктендіру» саясатын ұлттық мазмұнынан мүлде
айырып, басқа арнаға бұрып жіберді. Қазақ ұлтының өзін-өзі айқындауындағы
шешуші мәселені Оны жүзеге асыру жолын «кеңестендіру аумағындағы ерекше
орынды жергіліктендіру мәселесі алады. Ауылды кеңестендіру, тек қана ауыл (қазақ)
тілінде және бұл салада жетістіктерге жеткен ауылдан шыққан адамдар арқылы сәтті
жүргізіле алады» - деп қазақ халқын төменшіктетіп, қазақ тілінің қолдану аясын тек
ауыл шеңберінен асыртпай қазақ баласының жетер жерін қалаға барғысыздай
меңзеген еді.
Голощекин «Жергіліктендіру» саяси реформасын тым тар мағынада
тұрғылықты халықты кеңестік билік аппаратына жақындату, қазақ даласын
мекендеп отырған еуропалық нәсілді халықтардан «бөтен» қалпақ айдарын алып
тастау мен оларды жерсіндіру, қазақ ауылының саяси-экономикалық деңгейін
126
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
ауылдан шыққан, жоғарыдан түскен нұсқауларды орындауға кедергі келтірмейтін
«орташа» сауаттылар арқылы жүзеге асыруды меңзеген болатын. Қазақ халқынан
шыққан сол кездегі қоғам қайраткерлері жүргізіліп отырған саяси науқанның туған
халқының жағдайын жақсартуға барынша қолдана білді. «Жергіліктендіру»
реформасын ағарту мен кеңсе қызметінде қолдануға тырысқан Нұрмақов үкіметінің
мүшесі Халық ағару комиссары С.Сәдуақасовтың өзіне тағылған «..маман
кадрлардың жетімсіздігін есепке алмастан тез арада «партия апппараты мен кеңес
аппаратын
халықтың
ұлттық
құрамының
пропорциясына
байланысты»
қазақтандыруды талап етті» делінген голощекиндік жалаға партиялық отырыста
нақты жауап берсе, С.Сәдуақасов жергіліктендіруде процент қуып жүр дегендерге
«Қазақстанда қайсыбір уездердің тұрғындары 90-і қазақтар, ал мекемелердегі
қызметкерлердің басым көпшілігі басқа ұлттардан. Қазақтармен мекеме орыс тілінде
сөйлесіп отыр. Міне, осындай жағдайларды мысал етіп алып қазақтандыру ісінің
қаншалықты баяу іске асып отырғандығын айтсақ, сені процентті қуасың деп
айыптайды. Проценттер мәселенің түйіні емес, бірақ оларды да ұмытпауға
болмайды. Тұрғындарының 90-і қазақтардан тұратын уездердегі мекемелердің орыс
тілінде қызмет етуі қандай принциптерге сай келер екен?» - деп сұраққа сұрақпен
жауап берген еді [5, 68-69бб].
Сол кезеңдегі Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Нығмет
Нұрмақовтың 1927 жылы 29 наурызда Қазақстан үкіметінің есебі бойынша жасаған
баяндамасында «жергіліктендіру» мәселесіне тоқталып, былай деген еді. «...по
вопросу о советском строительстве в ауле надо будет сказать о коренизации.
Коренизация госаппарата – это очень серьезный вопрос, на который следует
обратить внимание, без разрешения которого нам не совсем удастся советизация
аула. Наш аппарат не исключая иногда и низовой коренной массы населения –
казахов т.к. пишет и говорит на русском языке, непонятном для казахской массы. В
нашем аппарате еще много старых чиновников, которые не отвыкли от них и
недостаточно уяснили себе значение коренизации. Проведение коренизации,
приспособление аппарата к у условиям казахской массы идет у нас не темпом,
который можно было бы желать. В отношении привлечения в советские органы
казахских работников у нас дело в отношении верхушки – губернских работников,
краевых, различных комиссаров и даже уездных работников – обстоит вполне
блогополучно. В этом отношении достижения большие. Но, товорищи, кто сносится
с массами, кто проводит наши мероприятия среди масс, проводит ли их низовой
аппарат, а он к этому не приспособлен. Сидящие в краевых, губернских и уездных
учреждениях казработники совершенно бессильны что-нибудь в этом отношении
сделать. Поэтому мы ставим перед собой задачу – добиться в ближайшиее время
решительными мерами коренизации аппарата, т.е. приспособления нашего
государственного аппарата снизу доверху для обслуживания коренного казахской
массы. Мы хотим и сделаем, чтобы аппарат сносился с аулом и велсоветами на
казахском языке и затем, конечно это трудная задача, но надо заполнить
медицинские и ветеринарные пункты аула работниками из казахов. Несмотря на все
трудности, мы должны это сделать, и добьемся этого. Это не значит, что весь
аппарат должен исключительно приспособиться к условиям казахского населения.
Ни в коем случае, нет, мы должны русское население обслуживать на его родном
языке, таранчинское на его родном языке, узбекское на узбекском языке и т.п. Если в
отношении русского насления обслуживания его нашим аппаратом дело
благополучно, с казахским населением обстоит хуже, и поэтому мы говорим о
приспособлении нашего аппарата к обслуживанию им нужд казахского населения»
[6,74-75бб.].
127
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Осылайша,
Нығмет
Нұрмақов
Қазақстан
үкіметінің
мүшелеріне
«жергіліктендіру» саясатын жүргізуде «жаппай қазақтандырып, өзге ұлтардың
құқықтық мәртебесін ескермей жүргізіп жатыр» деп қате тон пішушілерге жауап
бергендей болды. Алайда кеңес өкіметі тарапынан жүргізілген реформалар сияқты
«жергіліктендіру» реформасы да саяси бұрмалауларға тап болып, өз мақсатына
толық жетпей түрлі кедергілер арқылы қағазбастылықпен жалған өлшем жасау
арқылы жалаң ұрандармен жүргізілді. Дегенімен «Жергіліктендіру» реформасы
кеңестіктік жоғарғы аппаратқа ие болған шовинистік топтардың қазақ зиялы
қауымымен қазақ халқының арасына жік тудыруға бағытталған әрекеттері өз
нәтижесін бермеді. Қазақ зиялы қауымы өзіне міндет ретінде жүктелген тарихи
миссияны өзінің туған халқының пайдасына сай жүзеге асыруға тырысты. Осындай
қиындықтан шығу жолын аталмыш саяси реформаны жүзеге асырудың басы-
қасында жүрген сол уақыттағы Қазақстан үкімет басшысы қызметін атқарған
Нығмет
Нұрмақовтың
айтарлықлай
үлесі
болды.
Нығмет
Нұрмақов
«Жергіліктендіру» саясатын жүргізу барысында, саяси науқанды жүргізушілерді
Орталық билік тарапынан тағылған «ұлтшылдық», «ауытқушылдық» айыбынан
барынша арашалап қалуға тырысты.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ж.Сүлеймен, Ф.Рысқалиева. «Коренизация королі немесе Жалау
Мыңбаевтың қарсылығы» //Ақиқат, 2000ж., №2.
2. Р.Қаппасова, С.Қасымова. «Н.Нұрмақов – Юстиция Халық Комиссары
және республика прокуроры //Орталық Қазақстан, 2005-5 сәуір.
3. Н.К.Салықұлы. Қазақстандағы кеңестік саясаттың зардаптары. – ҚазҰПУ.
Республикалық ғылыми-практикалық конференция. 01.06.2014.
4. Т.Т.Тленова. Қазақстанда кеңес өкіметінің бастапқы жылдарында
жүргізілген жергіліктендіру саясаты тулары // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы,
№2(33), 2004ж.
5. М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді. – Алматы, Ана
тілі, 1993ж.
6. Н.Нұрмақов. Шығармалар жинағы. – Алматы, Алаш, 2005ж.
ӘОК 94 (574)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЙЛАРДЫҢ МҮЛКІН ТӘРКІЛЕУ НАУҚАНЫ
ЖӘНЕ Н. НҰРМАҚОВ
Ықыласбаев Д.Ә., «Тарих» мамандығының 2 курс магистранты
Ғылыми жетекші: Берлібаев Б.Т., т.ғ.д, профессор.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Аталған мақалада ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақ даласында жүргiзiлген,
қазақ халқының өміріндегі қоғамдық-экономикалық, әлеуметтік өзгерістерге,
ашаршылық
қасіретіне
әкеліп
соқтырған
жаппай
ұжымдастыру,
отырықшыландыру және байларды кәмпескелеу науқаны, оған деген жергілікті
ұлттың зиялы қауымы арасындағы қарсылықтар, соның ішінде күн тәртібіне
қойылған халықтың ауқатты бөлігін мал-мүлкінен айыру мәселесіне сол кездегі
ХКК-нің төрағасы Н.Нұрмақовтың көзқарасы, оның науқанға қатысушы асыра
сілтеушілермен күресі туралы баяндалады.
128
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
В данной статье рассматриваются вопросы всеобщей коллективизации,
раскулачивании и конфискации баев в казахской степи, приведшие к общественно-
экономическим, социальным изменениям в жизни казахского народа и к большой
трагедии – голоду, противостояния интеллигенции коренного населения, в том
числе председателя НК Н.Нурмакова в вопросе взимания имущества и скота у
состоятельной части населения.
This article discusses the problem of general collectivization, dispossession and
confiscation of bais in the Kazakh steppe, which led to the socio-economic, social changes
in the life of the Kazakh people and to the great tragedy - hunger, opposition intellectuals
of indigenous people, including the chairman of the Council of People's Commissars
N.Nurmakov in question of levying of property and cattle from the wealthy part of the
population.
Кілт сөздер: большевиктік билік бақылауы, экспропрация идеясы, ауылды
орташаландыру, өлкелік комитет.
1918-1920 жылдары бұрынғы Ресей Империясының аумағында орын алған
азамат соғысының «қызылдар» аталған Ресейлік Социалистік жұмысшы
партиясының сол қанаты большевиктердің жеңісімен аяқталуы бүкіл елде түбірлі
социалистік өзгерістерістердің жүзеге асыруын бастап берді. Бұл үрдістен
большевиктік билік бақылауы орнаған қазақ жері қалыс қала алмады. Таптық күресті
жеделдетіп жүргізу үшін большевиктік партия (яғни, үкімет) қазақ жерінде ауқатты
халық тобын мүлкінен айыру мәселесін біртіндеп күн тәртібіне қоя бастады.
Бастапқыда бұл мәселе күн тәртібіне еміс-еміс жиі қойылып тұрғанымен, жергілікті
ұлттың зиялы қауымы арасында ашық қарсылықтарға тап болды. 1923 жылы ІІІ
Өлкелік
партия
конференциясында
байлар
мәселелері
көтерілгенде
С.Сәдуақасұлының пікірі өзгеше болған. Онда ол: «Қазіргі кезде ел сілкіністерге
емес, бейбіт еңбекке мұқтаж. Енді жаңа экспропрация идеясы-билікке қарсы
көтеріліс немесе оған жақын нәрсе. Патша үкіметі тұсында мұндай дүрдігіс туғызу
қызық болғанымен, қазіргі жағдайда бізге қазақ даласында ондай жасанды
ушықтырулар туғызудың қызығы шамалы» деп көрсетсе, ал С.Қожанов болса,
«ауылда орта ғасыр қалдықтары, феодалдық-патриархалдық ықпал әлі де күшті,
текті феодалдар саны жағынан байлардан аз және оларды тікелей байлармен
шатастыруға болмайды» деп, ұлттық ерекшеліктерге назар аудару керектігін айтты.
Қазақ Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметін атқарған Ж.Мыңбаев: «Біз
қырғыз елі алдында, тарих алдында әшкере болғымыз келмейді. «Біздің мақсатымыз
– түрлі декреттер мен нұсқауларға қол қоюшылар ғана емес, іс бітіріп, болашақ
ұрпақ «иә, олар шынымен де тырысып еді-ау» дейтіндей дәрежеге жету» деген еді
[1,49б.].
1926 жылы қараша айында өткен өлкелік партия комитетінің пленумында:
«Ауылда Советтерді құру» деген тақырыпта баяндама жасаған ХКК-нің төрағасы
Н.Нұрмақов былай деп көрсетті: «Қазақ кедейінің жағдайы өте нашар, оның байға
барып жалданудан басқа шарасы жоқ. Біз – совет мемлекеті бүгінге дейін кедейдің
материалдық жағдайын өзгертетін, сол арқылы ауылдағы байлардың ықпалынан
құтылуға көмектесе аларлық шараларды іске асыра алмай отырмыз. Ауылдағы бай
кедейдің бұл жағдайын өзінің таптық мүддесіне тамаша пайдаланып, оны аяусыз
қанай түсуде... Біреулер ойлайды: ауылда түзілген бұл тығырықтан шығатын жол
жоқ, егер болса ол біреу-ақ, яғни қазақ кедейін экономикалық тәуелділіктен құтқару
үшін бай шаруашылығын экспропрациялау керек. Менің пікірімше, Қазақстандағы
Совет билігінің 9 жылдық өмірінен кейін, қолымызда пролетарлық мемлекеттің
барлық билігін ұстай отырып, біздің ауылдағы байға партия Қазан революциясынан
129
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
кейінгі алғашқы күндері қолданған әдістерден басқа да әдістермен ықпал ете
аларлық күшіміз бар... Өлкелік комитеттің ІІ пленумы байға салық саясаты арқылы
ықпал етуді ұсынды. Биылғы жылы біз бұл әдісті қолданып байқамақпыз. Менің
пікірімше, біз алда да байларға салық салу жүйесін күшейту, оның есесіне
кедейлерді мүмкіндігінде одан босату, орташалардың төлейтін үлесін жеңілдете түсу
бағытын ұстануға міндеттіміз. Бұдан басқа, жергілікті бюджеттерде қазақ
кедейлеріне көмек беретін мәдени-шаруашылық қорларын ұйымдастыру үшін ірі бай
шаруашылықтарына ерекше салық салу көзделініп отыр... Салық саясаты арқылы
ықпал етуден басқа да біздің мүмкіншіліктеріміз жеткілікті. Ауыл шаруашылық
кредитін алыңыз, кооперацияны алыңыз. Ауыл шаруашылық кредитін дұрыс
пайдалана отырып, біз кедей шаруашылығын тезірек көтеруге жағдай жасай аламыз
деп ойлаймын» [2,59-60бб.] дей отырып, ұсынылып отырылған ірі байлар мүлкін
тәркілеу шарасына теориялық жауап берген еді. Бірақ 1927 жылдың қарашасында
Қазақстан IV партия конференциясы байларды ауыздықтау идеясына қайта оралды,
«олардан мал мен құрал-жабдықтың бір бөлегін тартып алуды мүмкін»деп есептеді,
жергілікті
партиялық
«теорияшылардың»
пікірінше,
бұл
–
«ауылды
орташаландыруға және оның өндіргіш күштерін дамытуға апарып жеткізуге, сөйтіп
пролетариатттың ауыл еңбекшілерімен одақ құруы линиясын бұрынғыдан беттер
бекітуге тиіс» болып құрылды.
1927 жылдың желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында
ірі-ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін
комиссия құрылды.
1928 жылдың наурызында Қазақстан өлкелік Комитетінің Бюросы заң
жобасын бірнеше рет қарап, нақтылай түсті және онымен БК(б)П ОК мен Бүкіл
Одақтық Атқару Комитеты таныстырды. Сол жылғы тамызда Өлкелік Комитет
науқанға тікелей басшылық ететін комиссияны құрды. Комиссияның төрағасы
болып Е.Ерназаров тағайындалды,оның құрамына О.Исаев, Н.Нұрмақов,
Ғ.Тоқжанов,
О.Жандосов
т.б
кірді.
Бұл
науқанның
бағыт-бағдарын
айқындап,ұйытқысы болып отырған БК(б)П ОК мен Өлкелік Комитет болғанымен,
қаулы-қарарларды қабылдап, оларға қойып, іске асыру Е.Ерназаров, Н.Нұрмақов,
О.Исаев сияқты жергілікті үкімет басшыларына жүктелуінің астарында үлкен саяси
мән жатты. Бұлар адам тағдырына, тұтас бір ұлт тағдырына байланысты қаулы-
қарарлар болғандықтан, ерте ме, кеш пе бұл қылмыстардың бет-пердесінің ашылары
сөзсіз еді. Ұрпақ алдында жауап беру қаулыларды қабылдап, оны жүзеге асыруда
белсенділік танытқандарға түсетіндігін «болжай білген» Голощекин өз қылмысы –
қызыл қырғынды өзгенің қолымен жасай білді. Мұндай жымысқы, сұрқия саясаттың
мәнін Голощекиннің аймақтық комитеттерге жіберген бұйрық-жеделхатынан көруге
болады. «БК(б)П аймақтық комитеттеріне Өлкелік комитет директивасы бойынша
ұйымдастырылатын қарулы отряд ОСОВИАХИМ-нің аймақтық кеңестері жанынан
және тек қазақ коммунистерінен құрылсын. Олар әскери үйірмелердің жалпы
жүйесінен іріктелсін. Отрядтың негізгі мақсаты түсіндірілмей, құпия сақталып, сабақ
құдды бір коммунарларды жаттықтыру тәрізді жүргізілсін. Жаттықтыру сабақтарын
еуропалық командирлердің өткізе берулеріне болады. Алайда, отрядтарды байлар
қарсылығын жаншып,таптауға аттандырғанда, оны міндетті түрде қазақ
командирлері бастап баруына жағдай тудыруымыз керек». Осылайша, Голощекин
қазақ дәстүрлі қоғамында ушығып келе жатқан халық наразылығын қазақ
комунистері қолымен басуды жоспарлады [3,18-19бб.].
1928
ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комиеті мен Республика Халық
Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып,
жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді
130
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан аса өкіл
жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді. Қаулыға сәйкес
Республика бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар (ірі қараға
шаққанда) 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда – 300 және
отырықшы аудандарда 150 шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Науқанда 1928
жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланады (кейінірек оны 10 күнге ұзартты)
[4,320-321бб.].
1928 жылдың 24-қаңтарында Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік
Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесі жасырын кеңес өткізіп, Қазақстанның өз
ішінде байларды жер аударудың тәртібін бекітті. Онда Ақтөбе округінен – Семей,
Орал округінен – Қызылорда және Ақмола, Сырдария округінен – Орал және
Павлодар, Ақмола округінен – Семей және Сырдария, Павлодар округінен – Ақтөбе,
Қостанай округінен – Павлодар және Қарқаралы, Алматыдан – Ақмола және
Қарқаралы, Қарқаралы округінен - Ақтөбе, Гурьев округінен – Қызылорда,
Қарақалпақ Автономиялық облысынан – Ақтөбе округіне жер аудару
тұжырымдалды [5,38б.].
«Бай шаруашылықтарын кәмпескелеу туралы» 1928 жылғы 27 тамызында
жарық көрген қаулының, сондай-ақ арада үш күннен кейін жарық көрген осы қазақ
байларын жер аударатын аудандарды белгілеген қаулылардың астында сол
жылдардағы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы халық
комиссариатының төрағасы болған Нығмет Нұрмақовтың кәмпескені күштеу және
асыра сілтеу әдістерімен жүргізуге шын мәнінде қарсы болғанын біз архив
құжаттарынан білеміз дейді тарих ғылымының докторы Т.Омарбеков [6,27б.].
Қазақстанның әр аймағындағы табиғи шаруашылық жағдайды ескере отырып,
1928 жылы 30 тамызда Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақстанның
көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандары туралы қаулы қабылдады.
Осы қаулыға сәйкес ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеу нормасы бекітілді. Көшпелі
аудандарда ірі қараға шаққанда 400 бас, жартылай көшелі ауданданда 300 бас,
отырықшы ауданда 150 бас малы бар байлар конфискациялауға ілінді. Отырықшы
ауданда округтік комиссия өз шешімімен белгіленген норманы 100 бас малға дейін
төмендетуге құқылы болды. Сонымен қатар: «Кеңес жұмысына қарсылығын қоймай
келген бұрыңғы ақ сүйек, сұлтан, хан тұқымдары, болыстықты өмірі қолынан
шығармай, патшадан айрықша шен алып келген ескі болыстар осы қаулының 1-
бабына тура келмесе де, малы кәмпескеленіп, өзі бұрынғы қонысынан қуылады»
деген ерекше нұсқау берілді [7,60б.]. Бұл шараны жоғарыдан түскен нұсқау
болғандықтан Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің амалсыздан орындауына
тура келді. Қазақстанда аса ірі делінген ауқатты топтардың мал-мүлкін тәркілеу
науқаны басталған шақта науқанның есебінен өзін көрсетіп қалумен қатар
материалдық игіліктерге ие болуға тырысқан шолақ белсенділердің келеңсіз
әрекеттерінің қылан беріп қалуын сол кездегі Халық Комиссарлар Кеңесінің
төрағасы болған Нығмет Нұрмақов барынша тоқтатуға тырысты. 1928 жылы Халық
Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Нығмет Нұрмақовтың: «Өлкелік комиссияның
нұсқауларына қарамастан бірнеше қожалықтарды бір қожалыққа біріктіріп, декретте
көрсетілген мал санын қаматамасыз етуді көздеуде. Осындай көзқарастардың
арқасында бір жанұясына алпыс, қырық бес адам біріктірілген жайлар кездесуде.
Мұның өзі өмірде мүлде кездеспейтін нәрсе..», «Кейбір округтерде көйлек-
көншектерді, үйде тұтынылатын заттарды, іш киімдерді кәмпескелеу туралы
мәліметтер бар. Мұндай жайттарға жол берілмеуді, нұсқауды қатал басшылыққа
алуды ұсынамыз», «...Кәмпескеленген ірі байлар тізімі 1928 жылғы қаңтардағы мал
басы бойынша жасалсын; 2. Жер аудару тек қана халком кеңесінің қаулысымен
131
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
жүзеге асырылады. Әлеуметтік-қауіпті элементтер туралы шешім халком Кеңесіне
бекітуге берілуі тиіс; 3. Ірі байлар тізіміне басқаларды қате кіргізуді болдырмаңдар!»
деген жеделхат негізінде барлық округтік атқару комитеттеріне жіберілген
нұсқаулары біраз шындықтың бетін ашары анық [8,48 -49бб.].
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков айтулы кезеңді
зерттей отырып, Нығмет Нұрмақов аталмыш науқанның басы-қасында болғанын
және оның Голощекиндік ұлы державалық шовинистік топтармен, екінші жағынан
науқанға қатысушы шолақ белсенділердің жүгенсіз әрекеттерін тиюге аянбай күрес
жүргізгенін көрсетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Сүлеймен Ж., Рысқалиева Ф. Коренизация королі немесе Жалау
Мыңбаевтың қарсылығы // Ақиқат, №2, 2000ж.
2.
Қойгелдиев М., Т.Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы,
Ана тілі, 1993ж.
3.
Махат Д.А. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде оңшылдыққа және
ұлтшылдыққа айыптау: тарихы және салдарлары /1925-1933ж.ж/. – Автореферат. –
Астана, 2000 ж.
4.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (очерктер). – Алматы,
Дәуір, 2006 ж.
5.
Ижанов З. Тәркілеу тартқызған қасірет//Ақиқат.1995ж.№6
6.
Омарбеков Т. Голощекиннің төңірегі: ол туралы не білеміз? //Ақиқат,
№9, 1995ж
7.
Құрманбеков Б. Ақтөбе округіндегі ірі байларды тәркілеу // Қазақ
тарихы, №5-6, 2008ж.
8.
Омарбеков Т., Жұмабекова Ж. Қасірет хаттары // Ақиқат, №5 мамыр
Достарыңызбен бөлісу: |