Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 / 2015



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата01.01.2017
өлшемі3,66 Mb.
#894
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29

 
 
 
 

     
 
 
106 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
ӘОК821.512 
 
ІЛЬЯС ЖАНСҮГІРОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ОЙЛАУ ӨНЕРІ 
 
Қасабек А.Қ., ф.ғ.д., профессор 
Аликенова К.Н., ф.ғ.к., доцент 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 
k-alikenova@mail.ru
 
 
Мақалада  қазақтың ойлау өнер мәселелері Ільяс Жансүгіров творчествосын 
саралау негізінде сипатталған. 
В статье рассматриваются вопросы искусства национального мышления на 
основе анализа творчества Ильяса Жансугурова. 
The  article  examines  the  art  of  national  thinking  on  the  basis  of  the  analysis  of 
creativity Ilyas Zhansugurov. 
Кілт сөздер: ойшыл, ойлау өнері, даналық, ұлттық руханият, елдік сана. 
 
Ақиық  ақын,  жаңашыл  ойшыл  және  көрнекті  жазушы  Ільяс  Жансүгіров 
артында  айтулы  рухани  мұра  қалдырды.  Осы  ауқымды  шығармашылықтың  негізгі 
өзегі - қазақ елі туралы, оның болмысы мен келешегі, рухты қозғайтын терең ойлар 
мен пайымдар, өршіл идеялар мен асқақтаған арман, оған жетелейтін бағыттар мен 
бағдарламалар. Бұлардың бәрі мәңгілік елге бастайтын арналар деп білгеніміз дұрыс. 
Қазіргі кезде бұрынғы ұлт мәселесі елдік санаға ұласты. Соның нәтижесінде 
ұлттық  анықтамалар  елдік  мәнге,  елдік  мән  елдік  санаға  айналуда.  Осы  үрдістің 
негізінде  қазақтың  ойлау  өнері,  ұлт  менталитетінің  өзегі  және  ел  рухын 
асқақтататын биіктік жатыр.  
Қазақтың  әлеуметтік  дамуының  ерекшеліктері,  тарихи  өзгешеліктеріне 
қарамастан  ұлт  ойының  әр  кезеңдегі  сатысында,  өзінше  дамыған  даналық 
оралымдар, ішкі байланыста болып, олар бірін –бірі толықтырып және алмастырып 
отырды.  Жалпы  ұлттық  мәдениетіміздің  негізгі  өзегі  болып  күш  көрсетпеу  идеясы 
қалыптасқан. Біздің ұлттық болмысымыздың, даналық ойлау жүйеміздің ерекшелігі 
де, құндылығы да осында болса керек.  
Кез-келген  адам  жақсы  дайындықтың  арқасында  ойлау  өнеріне  ие  болады. 
Оған қарамастан ой өнерін оқуға болады және оқу керек, бірақ тек оқудың көмегімен 
ойшыл бола алмайсың.  
Ата-бабаларымыздың  қалдырған  өсиеттері  осындай  кезде  еске  түсе  береді. 
Алдар  би  айтқан  деген  жәдігер  қалған  екен:  "Қарадан  хан  болдық,  айырдан  нар 
болдық,  жоқтан  бар  болдық,  көнеден  дәурен  озды,  көнеден  қамқа  тозды».  Оған 
Сырым  шешеннің  жауабы  дайын  болыпты:  "Қарадан  хан  болсам,  халқым  қалаған 
шығар, айырдан нар болсам, атам жараған шығар, көнеден дәурен озса, жасы жеткен 
болар, көнеден қамқа тозса, дәурені өткені болар".  
Негізінде ақиқаттың әсері әділдікте болуы тиіс те, әділдіктің өтімділігі оның 
шындығында болуы керек. Өйткені аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды деген халық 
мақалы  осыны  меңзейді.  Ақтанберді  жырау  осы  пікірді  мығымдай  түссе  керек: 
"білімді туған жақсылар, азда болса көппен тең".  
Осындай ойлар ғылыми ізденістерде көп көмегін тигізеді. Жалпы психология 
ғылымын  оқып,  оның  әдістері  мен  тұжырымдарын  игеру  адам  қызметінің  қырлы 
салаларын  зерттеуде  методологиялық  рөлін  атқарады.  Осы  ойлар,  әсіресе,  ақылды 
қалыптастырудағы  адам  қызметінің  негіздемелері  деген  идеясы  әлеуметтік  қызмет 
пен  әлеуметтік  таным  теориясы  зерттеуге  жан–жақты  көмегін  тигізеді.  Қоғам 
құрылымының  мәнін  ашуға  қабілетті,  оның  пайда  болуы  мен  заңдылықтарынсыз, 

     
 
 
107 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
қоғамды  бүтіндей  әлеуметтік  таным  теориясыз  құру  мүмкін  емес.  Бұл  даналық 
білімнің өзін байытады, жаңашыл мүмкіндіктерін нақтылайды.  
Еуропалық  ақыл-ой  өзі  түсінбеген  құбылысты  артта  қалған  өркениетке 
жатқызады. Оның қолдан жасаған категориялар қатынасы көшпелі әлемін түсіндіре 
алмайды  да,  түркі  мәдениетін  алқашқы  қоғамдық  құрылыстың  жүйесіне  зорлап 
тықпалайды.  Өйткені  еуропалық  рационализм  көшпелілік  ғарыш  кеңістігінде 
салақтап  бос  қалады.  Көшпелілік  ғарыш  кеңістігі  ат  шаптырым  кең,  еуропалық 
пайым  көш  шеңберін  толғамымен  толтыра  алмай  қиналады,  мұндай  деңгейде 
байытылған басқа категория қажет.  
Қазақ тілі – ойлау жүйесіне сәйкес, кең, эпикалық тыныстағы тіл. Тұрақты сөз 
тіркестері  көп,  бәрі  көшпелі  тұрмыстық  тірліктен  алынған.  Ұзындықтың  өлшемі  – 
құрық бойы, қозы көш жер, ат шаптырым немесе уақыттың өлшемі – сүт пісірім, екі 
сауынның  арасы,  үш  күндік  қашықтық.  Кеңістікті  өлшеуге  уақыттық  ұзындықты 
анықтайтын тұрақты сөз тіркестері қатысады. Керісінше, Уақыт  –  кеңістік арқылы. 
Сондықтан  шағын,  қысқа,  кеңселік  орыс  тілі  қазақшаға  аударылғанда,  ұзын  болып 
шыға келеді. Космостық ойлау мен эпикалық тіл тығыз байланыста, бұл қазақ тілінің 
ерекшелігі.  Қазақ  тілі  қалыптасқан  орыс  жарнамалық  тілінен  мүлдем  бөлек,  содан 
шығар, мағынаны аудару керек.  
Қазақ  тілінің    жұрнақтық  мүмкіншілігі  ғажап,  тіпті  орыс  етістігінің  өзін 
қазақыландырып  жіберуге  болады.  «Электризовать»  және  «электризация»  - 
электризациялау,  ағылшынша  «Electrify»  (илектрифай)  және  «Electrization» 
(илектризейшэн),  қазақ  түрінде  –  илектрифайлау  және  илектризейшэн  ету  немесе 
қылу, жай етістік те жасауға еркіндік бар. 
Ойлау  жүйесі  -  әлемдік  көлем,  тіл  –  эпика,  соған  барабар,  мінезі  –  ашық, 
көпшіл, пейілі кең қазақ әрбіреуімізге белгілі, қонақжай.  
Ойлау, сөйлеу, мінез – даланың өзі секілді» [1, 102-107бб.]. 
Біздің  ойымызша,  бұл  эсседе  қысқа  айтылған  ойлар,  кейбір  көлемді 
монографияларға тұрады. 
Әрине  орыстандыру  мен  батыстандырудың  ауыр  сынағынан  өтіп  жатқан, 
қазақ  мәдениетінде  әлі  шешілмеген  мәселелерде  жеткілікті.  Мысалы,  шалғайда 
жатқан қазақ ауылдарын баспа сөзбен қамтамасыз ету мәселесін алайық.  
Мемлекеттік  және  тәуелсіз  баспасөздің  әрқайсының  өз  қиындықтары  бар. 
Мемлекеттік  баспасөз,  бір  есептен,  бюджетке,  баспахана  мен  байланыс  торабына 
және  бас  редактордың  тұлғалық  деңгейіне  тәуелді  болса,  тәуелсіз  баспасөз  өз 
құрылтайшысына, анығырақ айтқанда, өз қожайынына және, қанша күлкілі болса да 
айтуға  тура  келеді,  өз  тәуелсіздігіне  тәуелді.  Себебі  тәуелсіз  басылымдар  ауылдың 
мұң-мұқтажын онша жоқтамайды. Ал нарықтық қатынастар орныға бастаған қазіргі 
жағдайда  ауылдың  мүддесін  қорғайтын,  басқаша  айтқанда,  қазақ  басылымдарының 
тиражы  тым  азайған  және  мұның  объективті  себептері  бүкіл  жұртшылыққа  жақсы 
мәлім.  Мемлекеттік  тұрғыдан  қарастырғанда  үлкен  алаң  тудыратын  мәселе  – 
республиканың  шалғай  аудан-ауылдарында  тұратын  азаматтардың  рухани-
ақпараттық кеңістіктен тыс қалуы. 
Батыстандыру  үрдісіндегі  қазіргі  қазақ  мәдениетінің  күрделі  мәселелерді 
шешуге  қабілетті  бола  алуы  –  ұлт  тағдырымен  байланысты.  Осы  жөнінде 
Ә.Нысанбаев былай пайымдайды:  
«Бірақ 100 пайыз абсолюттік тәуелсіздік болмайды. Ол біз ғана емес, барлық 
мемлекеттер үшін қалыпты жағдай. 
Енді мәдени жағына келейік, ең қауіптісі мәдени жағы. Қазақ несімен қазақ? 
Өзіндік  әдет-ғұрпымен,  салт-дәстүр,  мәдениетімен  қазақ.  Батыс  мәдениетімен 
салыстыра  келгенде  мәдениетіміз  игерілмей  жатыр.  Сондықтан  жастар  ұлттық 
әуеннен гөрі батыс әуенін тындауға құштар. 

     
 
 
108 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
Қазақ 
мәдениетінің 
сақталуы 
үшін 
біз, 
біріншіден, 
Қазақстан 
Республикасындағы  мәдениетті  жандандыру  мен  дамытудың  тұжырымдамасын 
жасауымыз керек. Оны мәдениет туралы заңның баптарына еңгізуіміз қажет. Сонда 
ғана  мәдениетімізді  сақтап,  оны  бұзатын  жайларға  тосқауыл  қоямыз.  Тосқауылды 
қалай қоясыз, заңмен қоясыз, оны жапондардан үйреніңіз» [2, 84б.].  
Қауымдық  сана  қоршаған  ортаның  ерекшеліктеріне,  қауымдық  болмыстың 
тіршілік–тынысына  байланысты  дамып  отырды.  Табиғатты  игеру  барысында 
адамдардың  практикалық  іс-әрекеттерін  бейнелейтін  алуан  түрлі  әдет-ғұрыптарды, 
әпсаналары,  қарапайым  түсініктері    пайда  бола  бастады.  Олардың  бәрі  қауымдық 
өмірдің    күнделікті  тәжірибесін  жинақтаудың,  танымның,  көбінесе,  сезімдік 
сатысына  тән  нәтижелерін  қорытудың  негізінде  дүниеге  келді.  Қауымдық 
болмыстың  бейнесі  -  қауымдық  сананың  негізгі  өзекті  мазмұнын  құрайтын  жеке 
адамдардың,  яғни  қауым  мүшелерінің  мінез-құлқын  қалыптастыруға  ықпал 
жасайтын,  олардың нақтылы іс- әрекеті үшін жетекшілік, реттеушілік рөл атқаратын 
әпсаналық ой кешу үрдістерінің жиынтығы, танымдық тәжірибесі мол, көргені мен 
көңіліне түйгені көп  ру ақсақалдарының құзырында болды.  
Осы  рулық  –  тайпалық  қауымдастыққа  тән  ұжымдық  сипаттағы  ой  кешудің 
әпсаналақ  үрдістері,  жеке  адамдардың  санасы  мен  мінез-құлқының,  іс-әрекет 
құдіретіне табынатын қасиет  сайын даланың  төл перзенттері- қазақтарға тән және  
олардың тарихында әр түрлі  орынға ие еді. Мәселен, қазақ ақын-жыраулары  халық 
өмірінің  алма-ғайып-аласапыран, тарихта қалу – қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс 
кешіп,  өз  толғауларында  сол  тарихи  кезеңдегі  көкейтесті,  күрделі  де  қиын 
мәселелерге жауап іздеп, соның бірден- бір жоқшысы бола білді. 
Ұлттық    руханиятты  объективтік  жағдай    қалыптастырды.  Оны  қазақтың 
көшпенді  өмір  тұрмысынан,  көшпенді  мал  өсірушілердің  өндіріс  тәсілінен, 
тұрмыстық  болмысынан  анық  көруге  болады.  Халықтың    ділі-әдет-ғұрып,  діни 
сенімдер,  ырымдар  мен  пайымдар,  жыл  айыру  мен  мал  бағудан  туындайтын 
астрологиялық көзқарастар, мал анатомиясының  ерекшеліктерінің білгірлігі, сәндік 
ою-орнек  өнеріндегі  көшпенді  тұрмыс  бейнелері  және  күрделі  рухани  болмыс 
құрылымындағы осы көріністерді бейнелейді. 
Оның  материалдық  негіздерінің  дамуы  рухани  ерекшеліктерге    де  біршама 
әсер етеді. Адамдардың  нақты қоғамдық қатынастарда қалыптасатын ойлау жүйесі, 
өмір  салтының  санасында  берік  орын  алған  ақпараттың    өрістері  ұлттық 
руханияттың  қалыптасуына,  дамуына  және  өзгеруіне  зор  ықпал  етеді.  Мұны, 
жоғарыда  атап  өткендей,  қазақ  халқының  ата  -  тегінен  бергі  замандағы  тарихынан 
айқын көруге болады. 
Қазіргі  кезде  ғасырлар  бойына  қалыптасқан  әдет-  ғұрып,  дәстүр, 
дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың  орнына қоғамда  қалыптасып 
жатқан  жаңа  жағдайларды  түсіндіретін  тың  көзқарас  кең  өріс  ала  бастады.  Соның 
бастысы ретінде ұлттық руханиятқа қажетті болып отырған текті адам идеясы, оның 
табиғатын  және  мазмұнын  ашып  көрсету  болып  табылады.  Ұлы  Қытай  ойшылы 
Конфуций «текті адам» тек ғана этникалық ұғым емес, ол саяси – мәдени ұғым деп 
кезінде    жазған  еді.  Ол  халықты    басқарады,  ал  басқарудың  негізгі  қайнар  көзі  – 
басшының  өз  басының  әдептілік  қасиеттерін  өзінен  төмен  тұрғандарға  мысал 
ретінде  көрсету. Конфуцийдің  осы идеясы  қазіргі біздің халық үшін өте қажет [3]. 
Тектілік  иегерлікке,  мұрагершілдікке  итермелейді.  Ата-бабаңның  жасап 
кеткен  рухани  мұрасына  ие  болу,  өзіңді  осы  ұшан  теңіз  байлықтың  иесімін  деп 
сезіну,  оны  келешек  ұрпаққа  шашыратпай  жеткізу  бүгінгі  ұрпақтан  естілікті, 
парасаттылық  пен  даналықты  талап  етеді.  Тек  мәдениет  иелері,  яғни  жергілікті 
адамдар  ғана  нағыз  төлтума  және  жергілікті  мәдени  феномендерді  толық  түсіне 

     
 
 
109 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
алады, ал сырттан келгендерге бұл түсінік шектелген түрде ғана қол жетімді болып 
есептеледі. 
Қазақ  мемлекеттігінің    даму  тарихында  әр  қилы    кезеңдерді  өте  отырып, 
түбінде  құқықтың,  азаматтық  қоғамның  қалыптасуына  қол  жететіні  кәміл.  Текті 
адамды,  жеке  тұлғаны    өз  құқығын  білмейтін,  құқық  заңдылықтарын  түсінбейтін 
әлеуметтік  жағдайларды  қалыптастыру  мүмкін  емес.  Оған  біздің  кешегі  өткен 
тарихымыз  куә.  Ал  қоғамның  нарықтық  экономикаға    көшуі  жалқаулықты, 
жайбарақаттықты,  енжарлықты,  боссөздікті  көтермейді,  керісінше  әр  адамның 
іскерлік, әрекеттілігі, тапқырлығы, ізденімпаздығы, білімі мен ойлау өрісінің биіктігі 
қажет. 
Ұлттық  идея  төңірегіндегі  арнаулы  әдебиеттер  мен  қоғамдық  пікірде 
жинақталған  ойлар  бүгінгі  күні  одан  әрі  философиялық  тұрғыда,  ғылыми  тұрғыда 
жіктеуді, жүйелеуді қажет етеді. 
Елдік  сана  ұғымы  ең  әуелі  халық  даналығында,  өлең-жырларында,  мақал-
мәтелдерінде кең көрініс тапқан. Олар  – біздің халыққа ғана тән басқалардың көне 
мұраларымен  салыстыруға  келмейтін  бірегей  құбылыс.  Мәселен,  «Менде  болмаса 
да, елде болсын», «Елде болса емерсің» деген нақылдарды өзге халықтардың тіліне 
толыққанды  мағынасында  аудару  мүмкін  емес.  Қызыл  тілдің  хас  шебері  осы 
сөздерді  еуропалықтардың  тіліне  дер  мағынасында  аударған  күннің  өзінде  де,  оны 
естіген еуропалық адам осы қағидалардың біз үшін ғасырлар бойы жалпыхалықтық 
кредо  болып  келгеніне  әсте  илана  қоймас.  Себебі  бүгінгі  «дамыған  елдер», 
«мәдениет  пен  өркениеттің  көшбасшысы»  санатындағы  Еуропа  протестанттық-
индивидуалистік  дәстүрлер  аясында  қалыптасып,  өзімшіл  эгоизмді,  тоқтаусыз 
нәпсіқұмарлықты дамудың негізі деп ұстанған. 
Әрбір  ұлттың  өзіндік  ойлау  жүйесі,  дүниені  бейнелеу  тәсілі  бар.  Ұлттық 
ойлау  жүйесіне  Батыс  және  Шығыс  мәдениеттерінің  де  әсері  мол  болғаны  белгілі. 
Адамзат  тәжірибесі  көрсетіп  отырғандай,  батыстық  ойлау  үлгісі,  негізінен, 
рационализмге, жоғары мәдениетті логикаға негізделген.  
Адам  болмысы  оның  сыртқы  дүниені  өзгертудегі  белсенділігі  арқылы 
анықталған. Батыстық ойлау мәдениетінің құндылығы оның нақты өмірді өзгетуімен 
айқындалады. Оған динамизм тән. Ал шығыстық ойлауға келер болсақ, оған сырттай 
бақылау, табиғат  алдында бас ию, өзінің  «менін» табиғатқа бағындыру, табиғатпен 
үндесі, өзінің ішкі дүниесіне үңілу арқылы болмыстың мәнін түсіну жатады. Бұл екі 
деңгей  қазіргі  қазақ  қоғамында,  менталитетінде  өзінің  жарасымын  тапқан.  Ғылым 
мен ақпараттық технология қазақ болмысына тереңдеп енген сайын батыстық ойлау 
үлгісінің ұлт менталитетінде басыңқы жағдайға ие болуы байқалады.  
Десек те, қазақтың дәстүрлі менталитетіндегі тұтастыққа негізделген далалық 
ойлау  қанша  жерден  жойылды  десе  де,  ол  өзіінің  генетикалық  мүмкіндігін  күні 
бүгінге дейін сақтап келеді [4].   
Қандай  да  бір  ұлт  мәдениетінің  түп-тамыры  тіл  екенін  ескерсек  осы  мәселе 
кезек күттірмес өзектілігімен айқындалады. Ұлттық тіл неғұрлым бай болса, дүниені 
бейнелеу  соғұрлым  нәрлі,  әсерлі  болып  келеді.  Қазақ  астарлап  сөйлегенді,  айтар 
ойын  алыстан  орағытқанды,  тұспалдан,  жұмбақтап  сөйлегенді  қалаған.  Сөйлеуді 
ыммен бастап, терең оймен аяқтаған.   
Қалай  дегенмен  де  халықтың  ішкі  өмірі  әрқашан  өнер  өнерінен,  ішкі  ой 
елегінен  өтіп  тұруға  тиісті  құбылыс  екені  даусыз.  Ұлтымыздың  соңғы  сипаты, 
әлеуметтік  жаңа  келбеті,  оның  болашағы  қазірдің  өзінде  қылаң  берген  сан 
құбылыстар мұның бәрі ой теңізіне жетелейді. 
 
 
 

     
 
 
110 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Б.М.Сатершинов.  Қазақстан  мәдениетінің  теориясы  мен  тарихының 
кейбір мәселелері. – Алматы: Сорос қоры, 2001. – 160 б.  
2.
 
Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 
1998. – 344 б. 
3.
 
Қасабек А. Ұлттық руханияттың құндылық болмысы // Қазақтану  өрісі – 
Алматы: Қазақ университеті, 2005-120б. 
4.
 
К.Н.Әлікенова. 
Мәдениет 
философиясындағы 
дәстүршілдік. 
– 
Талдықорған. 2008.- 100 б. 
 
 
УДК 94.100 
 
МҰСТАФА КЕМАЛ АТАТҮРІК - КЕМЕҢГЕР, МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ 
 
Қаратаева Д.Ғ., Абдилданова А.К. 
 Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушылары 
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы, 
dkarataeva@bk.ru, 
ak.abdildanova@gmail.com
 
 
Мақалада  түрік  халқының  ұлы  реформаторы  Ататүріктің  өмірі  мен 
көрнекті  тұлға  ретінде  қалыптасу  жолы  қарастырылған.  Сондай-ақ  Ататүрік 
тарихи қызметі баяндалған.  
В статье рассматривается жизнь и этапы становления личности великого 
реформатора  турецкого  народа  Ататюрка.  Также  показана  историческая 
деятельность Ататюрка.  
Historical  activity of  Ataturk and a Lider of  Nation is  revealed in  the article. The 
comparative analyses and  his role in development of society are given in the article. 
Тірек сөздер: түрік, қоғам, тұлға, реформа, мемлекет, республика 
      
Бірінші дүниежүзілік соғыста Түркияның жерін ағылшын, Француз, Итальян 
және  Гректер  жаулап  алды.  Мұстафа  Кемал  Ататүрік  –  Осман  империясының 
құлағанын, оған жасалған қастандықтарды өз көзімен көрді. Өмірінің 12-13 жылын 
үздіксіз майдан даласында жауған оқтың астында өткізген батыр. 
Бір шетінен Кавказдан орыстар мен армияндар басып кірді. Биліктегілер жаулаушы 
күштерге  бағынып,  аяғында  Мұстафа  Кемалдың  өзін  халық  жауы  етіп  шығарған. 
Тіпті,  оны  ату  жазасына  да  бұйырған.  Сондай  жағдайда  ешбір  қолдаушысы  да 
қаржылай  мүмкіндігі  де  жоқ  ол  халыққа  ғана  сеніп,  жоғары  лауазымы  мен  әскери 
қызметін тастап, Отанын қорғау, елін азат ету жолында жанын шүберекке түйіп, ұлт-
азаттық күресті бастады. Ол кезде Мұстафаға қаншама қастандықтар мен қиянаттар 
жасалды.  Соның  барлығынан  аман-есен  өтіп,  Анкараға  келіп,  мемлекеттің  негізін 
қалап,  жауларды  Түркияның  жерінен  тазартты.  Әскери  адам  болса  да,  жаңа 
мемлекетті  заманауи,  зайырлы,  өркениетті,  ұлттық  мемлекет  ретінде  қалады. 
Ататүріктің  идеялары  осы  күннің  өзінде  әлі  күшін  жоймай  келеді.  Әуел  баста 
мемлекеттің  негізін  дұрыс  қалағандықтан  болар,  жасаған  реформалары  мен 
еңбектері  бүгінде  Түркияны  әлемде  экономикасы  дамыған,  мәдениеті  жоғары, 
мұсылман ел деңгейіне жеткізді. 
Оның  айналасында  тілшілер,  фольклортанушылар,  тарихшылар  көп  болған. 
Түртіп,  жазып  қойған  кітаптарының  өзі  4  мыңнан  асқан.  Ататүрік  бұрынғы  Осман 

     
 
 
111 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
империясының  кезіндегі  білім,  экономика,  хұқық  т.б  барлық  жүйені  ауыстырды. 
Бұрынғыдан ешнарсе қалмады десек те болады.     
    
Тарих  -  ол  болып  өткен,  жасалып  қойған  оқиғалар  мен  фактілердің 
жиынтығы.  Тарих  сан  қилы  парақтардан  құралады.  Оның  жарқын  әрі  қаралы, 
қуанышты немесе қасіретті парақтары бірін-бірі алмастырып жатады. Ал оның әрбір 
парағы әр халықтың баға жетпес құндылығы болып табылады. Тарихты қарапайым 
жасаушы  немесе  сырттан  бақылаушы  деген  болмайды,  тарихты  жасауға  қоғамның 
әрбір мүшесі өзінің сан алуан қызметі арқылы қатысады. 
     
Мыңдаған  жылдар  бойы  жер  бетінде  осы  тарихты  жасауға  ат  салысқан 
көптеген  қайраткер  тұлғалардың  бірі  адамзат  тарихына  өзіндік  үлес  қосып  жатса, 
бірі жаңа өзгерістер енгізіп, тарихтың жаңа бетін ашуға мүмкіндік туғызса, енді бірі 
тарих сахнасында өзінің жағымсыз іс әрекеттерімен тарих бетінде ұмтылмай қалып 
отырған. 
    
Осы бір тарих беттерін ақтарып отырып, көптеген танымал тарихи тұлғаларға 
кезігіп, олардың өмірі мен қызметіне қарап таң қалуға болады  [1; 3-б.] . 
   
Осы  көшбасшылардың  ішінде  дүние  жүзі  тарихында  ерекше  орны  бар,  өзін 
әлемге  ұлы  тұлға  деп  танытқан,  шығыстың  кемалы,  түркі  халықтарының  аса 
құрметті  перзенті,  соның  ішінде  түрік  халқы,  Түркия  Республикасының  тұңғыш 
Президенті  –  Мұстафа  Кемал  Ататүрік.  Бұл  тұлғаның  өмірі  мен  қызметін  қарап 
отырып  таң  қаласың  және  қызығасың,  оның  халқы  үшін  істеген  әрекеттерінен 
алатын тәрбиелік тәлім, үйренетін нәрселер өте көп. 
    
Мұстафа Кемал Ататүрік туралы Түркияда да, шет елдерде де көп жазылған. 
Отанында  оның  есімі  бүгінгі  күнге  дейін  үлкен  құрметке  ие.  Түркияда  ғылыми 
зерттеулерді  былай  қойғанда,  Ататүрік  туралы  жазылған  естеліктердің,  оған 
арналған  өлең-жырлар  мен  дастандардың  өзі  том-том.  Ол  жайында  көркем 
шығармалар, фильмдер, спектакльдер, музыкалық туындылар да жетерлік. 
    
1990  жылдардың  басынан  бері  Ататүрік  жайлы  ғылыми  еңбектер  мен 
мақалалар  Қазақстанда  да  жарық  көре  бастады.  Соның  ішінде  1998  жылы  Түркия 
Республикасының 75 жылдығына байланысты Срайыл Смайылдың «Ататүрік» атты 
кітабы жарық  көрді.  Бұдан ертеректе Мұстафа Кемалдың замандасы, қазақ баласы,  
Алаш  қайраткері  –  Мұстафа  Шоқай  «Яш  Түркістан»  журналында  жарияланған 
«Ататүріктің  реформалары»,  «Ататүрік  қазасы»  сияқты  Мұстафа  Кемалға 
байланысты  мақалаларын  жариялап  отырған.  Сондай-  ақ,  қазіргі  кезде  Сейдахмет 
Құттық  адамның  «Служение  нации»  кітабында,  Фадли  Әлидің  зерттеулерінде, 
Жансейіт  Түймебаевтың  «  Ататүрік-түркі  әлемінің  ұлы  перзенті»,  Мұртаза 
Бұлұтайдың  «Жас  ұрпаққа  үлгі  етерлік  бір  тұлға  болса,  ол  –  Ататүрік»,  Сауытбек 
Абдырахмановтың  «Ататүрік»  атты  мақалаларынан  Ататүрік  өмірі  мен  қызметіне 
қатысты мағұлмат ала аламыз. 
    
«Мен  үшін  ең  ұлы  қорғаныс  ұясы,  ең  ұлы  көмек  көзі  –  ұлтымның  кеудесі. 
Сондықтан да мен ұлтымның кеудесін ешкімге бастырмақ үшін барымды саламын!» 
,- деген ұстаныммен өмірінің соңына дейін өмір сүрген Мұстафа Кемал 1881 жылы 
12  наурызда  Осман  империясына  қарасты  Грекияның  Селаник  қаласында  дүниеге 
келді. Оның әкесі Әли Рыза бей ағаш материалдарынан сатуға көшкен бұрынғы орта 
деңгейлі  кеден  шенеунігі,  анасы  Зүбәйда  ханым  шаруа  әйелі  еді.  Мақбүпә  есімді 
қарындасы  болған.  Әкесі  ерте  қайтыс  болып,  анасының  қолында  өседі,  анасы 
ұлының қаһармандыққа толы күрескерлік өмірінің куәсі болды. Орта әскери білімді 
Салоникте  және  Монастирде  (Биола)  әскери  училишеде  алған.  1905  жылы 
Ыстамбұлдағы  Бас  Штаб  Академиясын  бітіріп,  жоғары  әскери  білім  алып  шыққан. 
Оқу  жылдарында  Мұстафа  өзін  қабілетті  студент  ретінде  танытады.  Жас  бозбала 
білімге деген құштарлығымен француз тілінің мұғалімі Накиюддин бек Юджектің де 
көзіне түседі. Ұстаз бен шәкірт Ұлы француз революциясы мен Наполеон Бонапарт 

     
 
 
112 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
туралы,  демократия  мен  тәуелсіздік  жайлы  ашық  әңгіме  құратын.  Осы  мұғалімнің 
әсерімен  Кемал  Вольтер,  Руссо,  Гоббс  секілді  көптеген  ойшылдар  мен 
философтардың  еңбектерімен  танысады.  Осы  кезден  бастап  ол  бонапартизм 
рухымен  «ауырады».  Болашақта  Ататүрікте  Наполеон  сияқты  мемлекет  тізгінін 
қолына  алады,  сол  кезде  оны  Наполеонға  ұқсататындар  көп  болады,  ол  сонда: 
«Наполеон кім? Тәж бен серуен соңында жүрген бір адам. Мен ондайлардан емеспін. 
Наполеон  он  түрлі  ұлттардан  көптеген  адамдарды  соңынан  ертіп,  серуенге  шықты. 
Сондықтан  мақсатына  жете  алмай  орта  жолда  қалды.  Мен  бауырларыммен 
Отанымды  азат  етуге  күш  жұмсап  келемін  және  мақсатыма  жетемін»  -  деп  жауап 
беріп өзін Наполеонға ұқсатуына қарсы болады [2; 29-б.].         
              Наполеон  өз  заманының  керемет  қолбасшысы  болды,  Ататүрікте  солай. 
Алайда,  ол  одан  асып  түсті.  Себебі,  Наполеон  соңында  жеткенінің  бәрінен 
айырылады.  Францияның  жағдайы  нашарлайды.  Ал  Ататүрік  жеңіске  жетеді, 
мемлекет  құрады.  Наполеонның  «Құдай  мені  алдыма  мақсат  қойып  жіберген.  Сол 
мақсатқа  жетпегенше  мені  еш  оқ  алмайды»  деген  сөзі  болса,  Ататүріктің  «Түрік 
деген-  ең  керемет  халық.  Түрік  деген-  мен»  деген  сөзі  бар  [3;  17-б.].  Жас  бозбала 
шағында  Ататүрік  Наполеонға  ұқсауға  тырысқан  да  болар,  кейін  оны  басқалар 
мемлекет, түрік халқы үшін атқарған қызметінен оның Наполеонға ұқсас қасиеттерін 
тауып, ұқсатқан да шығар, бірақ Ататүріктің өзі салған сара жолы, өзінің ешкім қол 
жеткізе  алмаған  өз  биігі  болды.  Бұған  ешкім  таласа  алмайды  және  онымен  ешкім 
теңесе  алмайды.  Училищеде  оқып  жүргенінде,  оның  есіміне  Кемал  («кемел»-  бұл 
түріктің де, қазақтың да «кемел, білімі толық, терең, жетік» деген мағынаны беретін 
сөзі) деген атау сөз сол кезде қосылған. 
    
Оқу  кезінде  Мұстафа  және  оның  достары  революциялық  идеяларды 
ұстанатын  «Ватан»  («Отан»  )  қоғамының  негізін  қалайды.  Бірақ  ұйым  мүшелері 
ойының  ортақ  болмау  салдарынан  ол  бұл  жерден  кетіп,  жасырын  түрде  жас 
түріктердің  «Бірлік  және  прогресс»  партиясының  құрамына  кіреді.  1905  жылдың  5 
қаңтарында (академияны бітірген, бірақ капитан шенін алмай тұрған кезі) оның бар 
мақсатын  біліп  қойған  сұлтанның  құпия  қызметі  Мұстафаны  абақтыға  жаптырады. 
Арада  бірнеше  ай  өткенде  академиядағы  ұстаздары  одан  талантты  офицер 
шығатынын  айтып  шығарып  алады.  Бірақ  осы  оқиғадан  кейін  ол  Осман 
империясының  дамыған  еуропалық  бөлігінде  емес,  артта  қалған  Дамаск  қаласына 
жұмысқа жіберіледі. 
    
Осылайша,  Мұстафаның  әскери  карьерасы  басталады.  М.Кемал  әскери 
адамның  билік  мансабына  тез-ақ  жеткен.  Бұдан  арғы  Мұстафаның  әскери  жолы 
ғасырлар бойы алып империя болған Осман империясының ыдырау кезеңіне тұспа- 
тұс келді. 
    
ХІ  ғасырда  көшпенді  түркі  халқының  жер  аумағы  шығыста  -  Ұлы  Қытай 
қорғанынан бастау алып, батыста - Дунай өзені, оңтүстікте- Жерорта теңізіне дейін 
созылатын  аса  зор  жер  көлемін  алып  жатқан.  Негізінен  қыпшақтар  қоныстанған 
Ертістен  Дунайға  дейінгі,  Қырымнан  Ұлы  Бұлғарға  дейінгі  аумақ  Дешті  -  Қыпшақ 
деп  аталды.  Оғыздың  Селжүк  көсемі  қалаған  келесі  патшалыққа  Иран,  Ирак,  Кіші 
Азия,  Оңтүстік  Кавказ  түгел  енетін.  Осылайша  Орталық  Азияны  қыпшақтар  мен 
оғыздар  бөліп  алған.  Бұл  алып  аумақты  ұлы  түрік  көсемдері  найзаның  ұшы, 
қылыштың  жүзімен  бағындырған.  Міне,  сол  замандардан  бізге  «арабтар  – 
пайғамбарлар елі, парсылар - ақындар, түріктер - көсемдер елі» деген мақал - мәтел 
жеткен. 
    
ХІІ  ғасырда  бұл  алып  кеңістікті  әскерінің  төрттен  үші  түріктерден  құралған 
Шыңғыс хан әскері жаулап алды. Бірақ бұл моңғол билігін ғана мойындайтын жаңа 
түріктер  еді.  Әуелде  түріктердің  алғашқы  толқыны  тайталасқа  түсті.  Ескілер 
жеңіліске  ұшырады,  дегенмен  көп  ұзамай  ескілер  де,  жаңалар  да  өздерінің  қандас 

     
 
 
113 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
бауырлар  екенін  түсініп,  одақ  құрды,  бірлесті.  Осының  нәтижесінде  екі  түрік 
империясы  пайда  болды.  Жошы  ұлысына  қарасты  ел  «Алтын  Орда»  аталды.  Ал 
Осман империясы Шыңғыс ханның кенже ұлы Төлейдің ұлы Хулагудың қоластына 
қарады. 
    
Алайда  1370  жылы  Шыңғыс  ханның  екінші  ұлы  Шағатай  ұлысына  қарасты 
патшалықтан Әмір Темір империясы пайда болды. Оған Орталық Азия тарлық еткен 
соң,  1395  жылы  солтүстіктегі  Алтын  Орданың  ханы  Тоқтамысты  тас-  талқан  етті. 
Содан  кейін  оңтүстіктегі  түрік  сұлтаны  Найзағай  Баязиттің  әскерін  қирата  жеңіп, 
оны  1402  жылы  қолға  түсірді.  Егер  түріктің  осы  екі  патшалығы  өзара  қырқысқа 
түспей, бірігіп Еуропаға қол бастағанда, олар бүкіл дүниені түгел бағындыратын еді. 
Сондықтан Ақсақ темір «Еуропаның құтқарушысы» демеске амалыңыз жоқ. 
    
1405  жылы  ақпанда  Әмір  Темір  қайтыс  болған  соң  оның  құрған  алып 
империясы  да  көп  ұзамай  құрдымға  кетті.  Ал  Осман  империясы  орнынан  қайта 
тұрды.  1453  жылы  21  жасар  түрік  сұлтаны  Мехмед  ІІ  Константинопольді  жаулап 
алады  да,  әлемнің  ең  ұлы  империяларының  бірі  Византия  өмір  сүруін  біржола 
тоқтатты.  Осыдан  кейін  Мехмед  ІІ  «Фатих»  («Жаулап  алушы»)  атағын  алып, 
Константинопольді  Ыстамбұл  («енді  бұл  біздің  астанамыз»)  деп  атады.    ХҮІІ 
ғасырдың  басында  Осман  патшалығы  Таяу  Шығыс,  Солтүстік  Африка,  Еуропаның 
Оңтүстігі  мен  Шығысы, Жерорта теңізінің шығысын түгел қамтыған алып  аумаққа 
билік  құрды.  Қара  теңіз  бен    Азов  теңізі  патшалықтың  ішкі  теңіздері  еді.  Осман 
сұлтандары мұсылман әлемінің дін басшысы- «Халиф» мәртебесіне ие болды. Әйтсе 
де  ХҮІІ  ғасырдың  аяғында  ішкі  тоқырау  мен  еуропалық  державалардың  сыртқы 
қысымдарының  салдарынан  алып  империя  ыдырай  бастады.  ХҮІІІ  ғасырда 
оңтүстіктен  Ресей  патшалығы  күшейіп,  Осман  империясына  қысымшылық  көрсете 
бастайды.  ХІХ  ғасырдың  аяғында  ол  Еуропаның  аграрлық-  шикізат  өндіретін 
бөлшегіне айналып, бірте- бірте ел экономикасы құлдырауға түсті. Барлық ыдырауға 
ұшыраған империялар сияқты мұнда да сатқындық пен жемқорлық кең қанат жайды. 
    
Мұстафаның  Сириядағы  әскери  өмірі  дәл  осы  патшалықтың  ыдырау 
үдерісінің  шыңына  жеткен  кезеңімен  қатар  келді.  Оның  саяси  көзқарасының 
қалыптасуына  басшылардың  жағымпаздық  және  жемқорлық  әрекеттері  түрткі 
бодды.  Бір  кезде  мақтаныш  тұтқан  империяның  талан-  таражға  түсе  бастағанын 
көріп, Мұстафаның жаны күйді. 
     
1907  жылы  Сириядан  кетіп,  өзінің  туған  жері  Селаниктегі  3-  армия 
корпусының  штаб  бастығы  қызметіне  тағайындалған  соң,  1908  жылы  Әнуар-  паша 
мене  Мұстафа  Кемалдың  жетекшілігімен  жас  түріктер  ұйымдастырған  төңкеріс 
басталады.Төңкерісшілер  ІІ  Абдул-Хамит  сұлтанның  саяси  режимі  мен  елдегі  ол 
қалыптастырған конституциялық монархияны құлатты. 
    
1912  жылдың  9  қазанында  Түркияға  қарсы  Болгария,  Сербия,  Грекия  және 
Черногория  Бірінші  балқан  соғысын  бастайды.  Бұл  бірінші  Балқан  соғысында 
Түркия  жеңіліске  ұшырап,  Ыстамбұл  мен  Шығыс  Фракияның  шағын  бөлшегінен 
басқа  еуропалық  жерлерінің  бәрінен  айырылады.  1913  жылдың  29  маусымында 
Екінші  Балқан  соғысы  бастау  алды.  Осы  соғысқа  қатысқан  Мұстафа  Кемал 
Диметокия менің Эдирненин Түркияға қайтарылуына үлкен еңбек етті. Болгарияны 
жеңген соң, Мұстафа подполковник шенін алып, сол елге әскери атташе қызметіне 
тағайындалды.  Қарамағындағы  дайындықсыз,  білімсіз,  қару-жарағы  нашар  әскерді 
басқарғанына қарамастан, бұл соғыстарда Мұстафа Кемал аса дарынды қолбасшысы 
екенін көрсетті. 
    
1914  жылы  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  басталды.  Оның  бір  жағында 
Франция,  Ұлыбритания  және  Ресей  тұрса,  екінші  жағында  Германия,  Австро  – 
Венгрия және Осман патшалығы тұрды. Мұстафа бұл таңдаулы қателік деп есептеді. 

     
 
 
114 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
    
Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  бұрқ  ете  қалған  кезде  Мұстафа  Кемал  өзі 
шайқасқан майдандардың бірінде де сеніп тапсырылған іскерлерге шебер басшылық 
ете  білді.  1915  жылдың  сәуірінде  Ол  Галлиполи  түбегінде  британ  қолын  жарты 
айдан  астам  уақыт  бойы  ұстап  тұрды,  сол  шайқастан  кейін  «Ыстамбұлдың 
құтқарушысы»  деген  атқа  ие  болды.  Бұл  түрік  әскерінің  бірінші  дүниежүзілік 
соғыстағы  сирек  жеңісінің  біреуі  еді.  Бұл  соғыстан  кейін  Мұстафа  Кемал  дивизия 
генералы шенін, «Паша»  құрметті атағын алады. 
    
Осман  армиясының  Антанта  Әскерлерін  шайқаста  жеңген  жалғыз  генералы 
Мұстафа  Кемал  десе  де  болады.  1916  жылы  ол  басқарған  әскери  бөліктер    орыс 
әскерлерінің  Эрзурум  түбіндегі  шабуылын  тойтарған,  Сакарья  өзені  бойындағы 
жеңістен  (1921  жылдың  23  тамызы  мен  13  қыркүйегінің  арасы  )  кейін  Мұстафа 
Кемал  ұлттық  батырға  айналды.  Ұлы  Ұлттық  жиналыс  оған  маршал  атағына  қоса 
құрметті  «Ғази»  (Жеңімпаз)  лауазымын  берді.  Мұстафа  Кемал  Ататүрік  тарапынан 
құрылған  ұлттық  қорғану  ұйымы  түрік  халқының  ұлт-  азаттық  күресі  тарихында 
жаңа бір ерлік дәуірін бастады. Алайда ұлтты құтқару күресі сыртқы жауды жеңіп, 
туған  жерін  азат  етумен  ғана  шектелмейді.  Ұлтты  көтеру  көбіне-  көп  ішкі 
реформаларға  байланысты  болатын  да,  реформаның  қарқыны  ұлттың  бойындағы 
дерт- дербездің қандайлығына тәуелді еді.  Мемлекетті  қасіретке душар еткен дерт- 
дербезден құтқаруға бекем бел байлаған адам кез келген кедергіні жеңіп, алға қойған 
мақсатқа қарай батыл қадамдар жасауға тиіс. Ұлт күшін азаттық пен тәуелсіздіктен 
артық тағы қандай қасиетті нәрсе болмақ? [4; 208-б.]. 
    
1922 жылы түрік әскерлері барлық майданда шабуылға шықты. Басқыншылар 
туған жерден қуылды. Бейбіт бітім шарты жасалды. 
     
1923  жылдың  24  маусымында  Лозанн  бейбіт  келісімшартына  қол  қойылады. 
Бұл  шарт  Түркияның  масқара  капитуляция  режимі  мен  халықаралық  қаржылық 
бақылауға  түсу  кіріптарлығын  жойды.  Түркия  жаңа  шекарасын  белгіледі.  Оған 
шығыс  Фракия,  Измир  және  Севар  келісімшарты  бойынша  бөлініп кеткен  басқа  да 
аумақтар қосылды. Осылайша, Түркия тәуелсіз державаға айналды. 1923 жылдың 29 
қазанында Ұлы Ұлттық жиналыс Түркия Республикасын жариялады. Оның тұңғыш 
президенті болып Кемал- паша сайланды. Ұлттық жиналыс Мұстафа Кемал- пашаға 
«Ататүрік»  (түріктердің  атасы)  деген  ататек  берді.  Елдің  жаңа  астанасы  -  Анкара 
болып жарияланды. 
     
Түрік  ұлтын,  жаңа  түрік  мемлекетін  заманауи  өркениет  деңгейіне  жеткізу 
жолында Ататүрік жүзеге асырған реформалардың негізі принциптердің жиынтығы  
«ататүрікшілдік», «кемализм» деп аталады. Бұл- жалаң теория емес, Ататүрік құрған 
Түркия  республикасы  мемлекетінің  практикалық  тұғырдағы  тұғырнамасы, 
идеологиялық арқауы, мыналар: 
1.
 
республикашылдық  (мемлекеттің  және  ұлттың  тұрақты  түрде  республикалық 
құрылым жолымен басқарылуы;) 
2.
 
халықшылдық  (мемлекеттің  халық  үшін  қызмет  етуі  және  оның  халық 
тарапынан басқарылып отыруы;) 
3.
 
ұлтжандылық  (  ұлтжандылық,  түрік  ұлтының  мүдделері  мен  мерейінің  басты 
мақсаты болып табылады); 
4.
 
мемлекетшілдік (барлық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени шаралар 
Түркия мемлекетінің мәңгі өмір сүруін және нығаюын қамтамасыз етуі керек); 
5.
 
лаицизм (діни емес, зайырлы мемлекет жүйесі); 
6.
 
революцияшылдық  (  тоқырауға  жол  бермеу,  үнемі  даму,  жаңару  үстінде  болу, 
әлемдік өркениеттен артта қалмау). 
1923-  1937  ж.ж.  Кемализмнің  негізгі  4  принципі:  этатизм,  лаицизм 
(зайырлық),  республикашылдық  және  халықшылдықтың  жүзеге  аса  бастаған  кезеңі 
болды [5; 74-б.]. 

     
 
 
115 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
     
Бұл  принциптер  1937  жылы  ресми  түрде  Түркия  Республикасының 
Конституциясына  енгізілді.  1960,  1986  жылғы  конститутцияларға  енгізілген 
өзгерістер де бұл принциптерге нұқсан келтірген жоқ. 
    
Осы  принциптердің  негізінде  Түркияда  Ататүріктің  басшылығымен 
мынандай реформалар жүзеге асырылды: 
-  саясат  саласында  –  сұлтандық  жойылып,  Түркия  республика  болып  жарияланды. 
Түркияның  жаңа  парламенті  –  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі  ұйымдастырылды,  халифат 
таратылды, жаңа конститутция қабылданды
-  құқық  саласында  –  шариғат  соттары  таратылды,  азаматтық  кодекс  және  жаза 
туралы  заңдар  қабылданды,  әйелдермен  еркектерге  тең  құқықтар  берілді,  көп  әйел 
алуға тыйым салынды; 
-  әліпбиі  қабылданды,  жаңа  университеттер  ашылды,  білім  берудің  тұтас  жүйесі 
қалыптастырылды; 
-  лаицизмге  бағыт  алу  жолында  –  дін  мемлекеттен  ажыратылды,  дәруіштердің 
ғибадатханалары таратылды. Әрине, дінге тыйым салынған жоқ; 
-  батысшылдық  бағытында  –  сағат  мерзімі  мен  күнтізбе  өзгертілді.  (1926  жылдан 
бастап  Түркияда  еуропалық  жыл  санау  жүйесі  жүргізіліп  келеді),  ұзындық  пен 
салмақ  өлшемдері  жаңартылды,  фес  орнына  шляпа  кию,  басқа  да  еуропалық  киім 
үлгілері  енгізілді,  фамилиялар  (ататектер)  туралы  заң  қабылданды  және  тағы 
басқалар; 
- тарих ғылымы саласында- түрік тарихын шынайы тұрғыда жазу ісі қолға алынды, 
бұл үшін Ататүріктің өзі  «Түрік тарихының басты бағыттары» атты бағдарламалық 
мәні  бар  арнайы  еңбек  жазды.  Осы  саладағы  жаңа  тұрпатты,  жаңа  идеологиялық 
бағыттағы ғылыми- зерттеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын «Түрік тарих қоғамы» 
құрылды  (1931  жылы)  және  ол  күні  бүгінге  дейін  жемісті  түрде  жұмыс  жүргізіп 
келеді; 
- тіл білімі саласында - түрік тілін араб - парсы элементтерінен мейлінше тазартып, 
бүкіл  халық  еркін  түсінетін  және  қолданатын  деңгейге  көтеру  басты  мақсат  етілді. 
Ататүріктің  басшылығымен  және  тікелей  араласауымен  ұйымдастырылған  «Түрік 
тіл  қоғамы»  (1932  жыл)  өзінің  тарихында  бұл  бағытта  орасан  көп  жұмыс  атқарды. 
Араб жазуының орнына латын жазуы енгізілді (1928жыл); 
-  экономикада  –  басқа  елдердің  капиталына  арқа  сүйеп,  Осман  империясы  сияқты 
сол  елдерге  тәуелді,  кіріптар  болып  қалмас  үшін  ұлттық  капиталды  ұлғайтуға, 
ұлттық  экономиканы  күшейтуге  ден  қойылды,  «экономикалық  тәуелсіздік- 
дербестіктің басты шарты» деп танылды; 
-  сыртқы  саясатта-  түрік  ұлты  мен  Түркия  Республикасы  мелекетінің  әлем 
шеңберінде  құрметтелуі  мақсатында  шет  елдермен  әрі  ұлттық,  әрі  адамгершілік 
негіздегі бейбіт қарым- қатынастар жасау көзделінетін болды  [6; 4-б.].    
Бұл  ұлы  адамның  дарыны  мен  қабілеті  соғыс  майданындағы  шайқастарда 
көбірек  көрінді  ме,  жоқ  әлде  аяқасты  болған  Түркияның  осы  заманның  жас  та, 
салауатты  ұлттық  мемлекеттер  қатарына  қосқан  реформалары  көбірек  көрінді  ме? 
Ол  жағын  дәл  басып  айту  қиын.  Ататүрік  басшылық  еткен  соңғы  10  жылдық 
реформа  барысында  Түркияда  қол  жеткен  оң    өзгерістерді,  бәлкім,  дүние  жүзінде 
ешбір  ел  бастан  кешірмеген  шығар.  Бұл  реформалар  елдің  сыртын  ғана  емес,  ең 
бастысы ішін, түрік халқының таным – түсінігін, ойлау жүйесін өзгертті . 
    
Мұстафа  Кемал  құрған  мемлекет  жаңа  түрік  азаматтарын  қалыптастырды. 
«Түрік  азаматы  кім?»  -  деген  сұраққа  Анкара  университетінің  студенттері  былай 
жауап  берген:  «Түрік  азаматы  дегеніміз  -  Швейцарияның  азаматтық  құқықтары 
бойынша  үйленетін,  Италияның  қылмыстық  кодексі  бойынша  айыпқа  тартылатын, 
Германияның  процессуалдық  кодексі  бойынша  соттасатын  адам.  Бұл  адамды 

     
 
 
116 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
Францияның  әкімшілік  құқықтары  негізінде  басқарып,  өлгенде  ислам  қағидалары 
бойынша жерлейді» деп жауап берген [1; 5-б.] . 
     
Ататүріктің  жеке  өмірі  басқа  мемлекет  басшыларынікінен  өзгешелеу  болды.  
Ол  отбасылық  өмірде  бақытты  бола  алмады.  Біріншіден,  42  жасқа  келгенде,  кеш 
үйленді.  Оның  әйелі  Латифе  Ушаклыгил  хатшы  болып  қызмет  ететін.  Олардың 
некелік қатынасы екі жарым жыл өткен соң кенеттен бұзылды. Мұстафа Кемалдың 
балалары болмады. Алайда, оның балалар үйінен  асырап алып, бауырға басқан сегіз 
баласы  –  жеті  қызы  мен  бір  ұлы  болды.  Қыздарының  бірі  Сабиха  Гекчен  түріктің 
тұңғыш ұшқыш әйелі болды. 
     
1936 жылдың ортасында Ататүріктің денсаулығы сыр берді. Оның орасан зор 
еңбекке қабілеттілігі күннен- күнге төмендей берді, есте сақтау қабілеті нашарлады. 
1938  жылдың  наурыз  аяғында  дәрігерлер  оған  «бауыр  циррозы»  деген  диагноз 
қойды.  Бұл  көп  ұзамай  «дүниеден  өтесің»  деген  сөз  еді.  1938  жылы  10  қарашада 
таңғы 9:05- те түріктердің атасы  Мұстафа Кемал  өзінің Долмабахче сарайында көз 
жұмды. 
    
Осы  жылы  «Яш  Түркістан»  журналында  Мұстафа  Шоқай  түрік 
бауырларының  қайғысына  ортақтаса  отырып,  былай  деп  жазды:  «Түрік  нәсілінің 
тарихында  ең  басты  орындардың  бірін  иеленетін,  ең  басты  орындардың  бірін 
иеленетін,  ең  ұлы  тұлғалардың  бірі  Мұстафа  Кемал  Ататүрік  сынды  көсем- 
қолбасшының, ұлы реформатор және мемлекет қайраткерінің  57 жасында дүниеден 
өтуі қандай ауыр десеңші!» 
     
1938  жылғы  26  желтоқсанда  Түркияның  Ұлы  Ұлттық  жиналысы  Ататүрікке 
қайтыс болғаннан кейін «мемлекеттің Мәңгілік басшысы» атағын берді. 
     
Ататүрік  өз  халқын  шексіз  сүйетін  еді.  Өз  халқын  сүю  деген  сөз  оның 
бойындағы  кемшіліктерін,  жаман,  жат  қылықтарын  да  сүю  дегендікті  білдірмейді. 
Ататүрік  Түркия  тарихының  бағытын  өзгертті.  Оның  реформалары  Түркия 
тарихының  жаңа  бетбұрысына  қызмет  етіп,  оның  табыстан  табысқа  жете  беруіне 
кепілдік беретіні шүбәсіз. 
     
Ататүрік  реформасының  нағыз  бағасын  тарих  өзі  беріп  келеді.  Бұл  күнде 
Түркияда  болып  жатқан  оңды  өзгерістерге  қарап  бұл  елдің  болашағына  енді 
ешқандай күдік- күмән жоқ екенін сеніммен айтуға болады. [4; 209-б.] 
     
Мұстафа  Кемал  өзі  басшылыққа  келген  кезінде  паранжаға  қарсы  болды. 
«Әйелдердің  бетін  жауып  ұстау  әдеті  біздің  ұлтымызды  күлкіге  ұшыратады»  деп 
санады  ол.  Сөйтіп,  паранжа  жамылуға  тыйым  салынады.  Ататүрік-  Аллаға  сеніп, 
намаз оқыды, алайда фанатизмге қарсы болған. 
     
Кемалшылардың  Осман  дәуірінен  қол  үзуінің  алғашқы  қадамдардың  бірі  ел 
астанасын Анкараға ауыстыру болатын. Алайда, Анкара ол кезде халқының саны 30 
мыңнан да кем, шеткері жатқан шағын қалашық еді. Сол кездері бұл қаланың астана 
болатынына  көбі  күмәнмен  қарады,  Лондонның    «Таймс»  газеті  келемеждеп 
көптеген мақала жазған болатын, алайда астана мәртебесі бәрін де өзгертті. Анкара 
қаласы  Мұстафа  күткендей  шаһарға  айнала  астады,  қазіргі  күні  әлемдегі  әсем 
қалалардың бірі. 
     
Мұстафа  Кемал  Ататүрік  –  бодан  ұлттардың  үмітін  оятқан,  қирандыдан 
шыққан  елдің  еңсесін  тіктеудің  бағдарын  жасаған  аса  ірі  мемлекет  және  қоғам 
қайраткері.  Ол  ұлттың  Азат  етушісі,  Құтқарушысы,  Жауынгері,  мемлекеттің 
Ұйыстырушысы,  Дана  әмірші,  нұрлы  болашақ  жолындағы  Күрескер,  түріктердің 
Атасы болды. 
ӘДЕБИЕТТЕР  
1.
 
Сауытбек Абдырахманов. Ататүрік  // Егемен Қазақстан. – 2006. – №17. – 5 б. 
2.
 
Әбдіуақап  Қара.  Ататүрік  Ақсақ  Темірді  ерекше  мақтан  тұтқан  //  Жұлдыздар 
отбасы. Аңыз адам. – 2012. – №3. – 38 б. 

     
 
 
117 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
3.
 
Сейдахмет  Құттықадам.  Ататүрік  Наполеонға  ұқсауға  тырысқан  //  Жұлдыздар 
отбасы. Аңыз адам. –2012. – №3. – 17 б. 
4.
 
Мұстафа Шоқай. Таңдамалы.  2 т. – Алматы: «Қайнар».  –  1999. – 517 б. 
5.
 
М. Шахнилер. Кемализм: зарождение, влияние, актуальность. – М., – 1998. – 83 
с. 
6.
 
Фадли Әли. Ататүрік // Жас Алаш. – 2008. – №14. – 5 б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет