Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 / 2015


ҚР БАҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ БАҒА САЯСАТЫ



Pdf көрінісі
бет25/29
Дата01.01.2017
өлшемі3,66 Mb.
#894
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

 
ҚР БАҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ БАҒА САЯСАТЫ 
 
Омарбеков А.Қ.  
6М050600 – Экономика мамандығының магистранты 
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ,Талдықорған қаласы, 
omarbekov_aibek@mail.ru
 
 
 
  
Мақалада  ҚР  бағаны  қалыптастыру  ерекшеліктері,  баға  саясаты  мен 
стратегиясы, сонымен қатар бағаны мемлекетік реттеу жүйесі көрсетілген  
В  статье  показаны  особенности  формирования  цен  в  РК,  ценовая  политика  и 
стратегия, а также система государственного регулирования цен 
The article shows the features of the formation of prices in the Republic of 
Kazakhstan, the pricing policy and strategy, as well as the system of state regulation of 
prices 
Кілтті  сөздер:  баға, нарықтық  баға, баға  саясаты, баға құрылу  стратегиясы, 
бағаны мемлекеттік реттеу 
 
Нарықтық  механизмнің  негізгі  элементтерінің  бірі  –  баға.  Нарықтық  баға 
өндірушілердің  және  тұтынушылардың    өз  арасындағы  бәсеке  нәтижесінде 
қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық 
бағасына  нарыққа  қатысушылардың  бәрі  де  әр  түрлі  деңгейде  тәуелді  болады, 
әсіресе  сұраным  мен  ұсыным  нарықтық  баға  әсерінен  қалыпты  жағдайдан  тез 
ауытқиды.  Сондықтан  да  нарықтық  бағаның  құрылуын,  қалыптасуын  және  оның 
ауытқу  заңдылықтарын  біліп  отыру,  әр  фирманың  табысты  тұрақты  алуына  және 
өндіріс  бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр 

     
 
 
204 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
тауар түрі  бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, 
артық айтқандық емес. 
Қазақстан  Республикасы  жағдайында  бағаның    құрылуының  өзіндік 
ерекшеліктері  бар.  Атап  айтсақ,  бағаның  құрылуы  өндіріс  және  айналым 
шығындары  негізінде  және  бағаның  нарықтағы  сұраным  мен  ұсынымның  өзара 
әрекеті  негізінде  құрылуы,  бағаның  нарықтық  қатынастардағы  орны,  баға 
құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер 
бәсекелестік  ортаға  тікелей  әсер  етеді.  Сондай-ақ  экспорт  және  импорт  тауарлары 
мен  қызмет  көрсету  түрлерінің  сыртқы  сауда  бағасы  және  ұлттық  баға  жүйесі, 
сыртқы  сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы 
және  оның  қалыптасу  тәсілдері  мен  принциптері,  сонымен  қатар  экспорттық  және 
импорттық  қосымша,  сараланған  валюта  коэффициенті,  оның  мәні  және  есептеу 
тәсілдері,  Қазақстан  Республикасына  ТМД  елдерінен  әкелінген  тауарлар  бағасын 
есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады. 
Ұлттық экономика жағдайында баға қалыптастыру өте күрделi процесс. 
Өнiмге қойылған баға табыстың дұрыс түсуiн қамтамасыз етуi керек және ол 
кәсіпорынның шығындарын жауып, пайда әкелуге тиiстi. 
Өз  еркiмен  бағаны  көтерiп,  нарықтан  тыс  қалған  фирмалар,  ал  керiсiнше 
бағаны  төмендету  арқылы  көптеген  қолайсыз  жағдайға  кездескен  фирмалар  iс-
жүзiнде көптеп кездеседi. 
Баға  -  өндiрушiлер  мен  сатушылар  тұрғысынан  тұтыну  құнының  бағаланған 
өлшемі деп есептелiнедi. Бұл анықтамада үш жағдай маңызды. 
Бiрiншiден,  баға,  оған  енген  қоғамдық  қажеттi  еңбек  шығындарымен  емес 
тауардың тұтыну бағасымен байланысты. 
Екiншiден,  баға  тұтынушылар  мен  емес,  өндiрушiлер  мен    немесе  тауар 
сатушылардың  ұсынуы  жєне    бағалауымен  байланысты.  Тұтынушы  шешім 
қабылдағанда    тауардың  тұтыну  құнының  бағасын  ескереді  жєне  ол  факторлардың 
әсерімен анықталатын максималдық шекарадан аспауы тиісті. 
Үшiншiден,  бағаның  мөлшерi  тауардың  немесе  оларды  ұсынушылардың 
тұтынушыларға қаншалықты жақындағанына байланысты. Сондықтан, өндiрушiлер 
мен  тұтынушылардың  арасындағы  кез-келген  аралық  өткiзу  арналары  құнды 
ұлғайтады [1]. 
Кәсіпорынның  баға  саясатының  мәні  бұл  бағаның  ұтымды  деңгейін  және 
құрылымын  қалыптастыру,  қолдау,  және  нарық  жағдайында  мүмкін  болатын  мол 
табысқа  қол  жеткізу  мақсатында,  белгілі  бір  уақытта  тауарлар  және  нарықтар 
бойынша баға деңгейін өзгерту болып табылады.  
Баға нарықтық экономика жағдайында – кәсіпорынның қызметін сипаттайтын 
маңызды  экономикалық  параметр.  Баға  өндірістің  құрылымына,  материалдардың 
толассыз  қозғалысына,  тауар  массасының  бөлінуіне,  кәсіпорынның  табыстылық 
деңгейіне шешуші ықпал етеді.  
Меншік  формасына  қатыссыз  нарыққа  қызмет  көрсететін  дербес  тауар 
өндірушілер үшін баға мәселесі – бұл олардың тіршілік және жақсы тұрмыс халінің 
көзі. Нарықтық қатынастардың қатаң шарттары жағдайында, баға белгілеудің дұрыс 
әдістемесін, орынды баға тактикасын, терең негізделген баға стратегиясын біртіндеп 
жүзеге асыру  – кез келген сауда кәсіпорынының қажетті құрамдас бөліктері болып 
саналады.  Баға  кәсіпорынның  табыстылығын,  тиімділігін,  пайдалылығын 
анықтайды,  сондықтан  да  ол  кәсіпорынның  өміршеңдігін  көрсете  отырып, 
кәсіпорынның  қаржы-қаражат  тұрақтылығын сипаттайтын  маңызды элемент  болып 
саналады. Баға құрылуы – фирманың мақсаттарына жеткізетін құрал.  
Кәсіпорындарда белсенді және пассивті баға саясатын бөлінеді. Белсенді баға 
саясаты,  өндірісте  орташа  шығындар  деңгейін,  өндіріс  операцияларының  мақсатты 

     
 
 
205 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
деңгейдегі  табысын  және  неғұрлым  пайдалы  өткізу  көлемін  қамтамасыз  ету 
мақсатында,  тауарды  өткізуді  басқару  саясаты  шеңберінде  баға  белгілеу  болып 
табылады.  Белсенді  баға  саясаты,  баға  көмегімен  нарықтың  барлық мүмкіндіктерін 
пайдалана  отырып  өндірістің  тиімділігін  арттырады.  Ол  бәсекелестердегі  баға 
өзгерісіне 
икемді 
болады. 
Сондықтан, 
бағаның 
көмегімен, 
кәсіпорын 
бәсекелестердің нарықтағы белгілі бір үлесін жаулап алу негізінде, табыс мөлшерін 
ұлғайта алады.  
Пассивті  баға  саясатын  ұстанған  кәсіпорындар,  нарықтағы  үлесіне  ұзақ 
мерзімде  келіседі  және  баға  деңгейін  көшбасшы  бағасына  сай  қалыптастырады. 
Пассивті баға белгілеу – бұл баға деңгейін дәлме – дәл шығынға негізделген әдістер 
негізінде әлде бәсекелестердің баға шешімі негізінде қалыптастыру.  
Ұзақ мерзімде пайданың барынша мол деңгейін қамтамасыз ететін, пайда мен 
нарық  үлесін  қисындастыру  жолын  іздеу,  баға  белгілеудің  негізгі  мақсаттарының 
бірі болып саналады. Көбіне, бәсекелестерге қарағанда фирманың нарықтағы үлесін 
елеулі түрде шектейтін баға, неғұрлым тиімді болып табылады. Мысалы: айталық ірі 
өнеркәсіптік компания баға деңгейін 8%-ға ұлғайта отырып, нарықтағы үлесін 20%-
ға  жоғалтты.  Бұл  компанияның  кейбір  өндірістік  қуаттары  өндірістік  үдеріске 
қамтылмай  қалғанымен,  баға  деңгейін  ұлғайту  табысты  70%-ға  арттырды.  Осының 
негізінде,  аталған  компания  өз  өнімдерін  тұтынатын  тұтынушылардың  бесеуінің 
төртеуі  өнімді  бұрынғы бағаға қарағанда 8%-ға артық бағалайтындығын анықтады. 
Компания  осы  құндылықты,  өзінің  нарықтағы  шамадан  тыс  үлесін  құрбан  ете 
отырып, сақтап қалды.  
Құндылыққа  негізделген  стратегияның  мақсаты  –  тұтынушылар  үшін 
жасалынған  құндылықпен  компания  шығындарының  арасындағы  айырмашылықты 
барынша  көбейту  болып  саналады.  Осы  стратегия  аумағындағы  баға  белгілеудің 
мақсаты – бұл фирманың табысы түрінде қалыптасқан, құнның ауқымды үлесін алу 
болып табылады.  
Баға саясаты дегеніміз, өз өнімдеріне қалыптасқан бағалар көмегімен, жүзеге 
асырылатын  кәсіпорынның  мақсаттары.  Баға  саясатын  таңдау  барысында  фирма, 
оның ғаламдық мақсаты пайда екенін біле тұра, өз мүддесін қорғау, бәсекелестерді 
басу, жаңа нарықтарды жаулап алу, нарыққа жаңа тауармен шығу, шығындарды тез 
өтеу,  табыстарды  тұрақтандыру  сияқты  аралық  мақсаттар  ұсынылуы  мүмкін 
екендігін  ескергендігі  жөн.  Бұл  мақсаттарға  қол  жеткізу  қысқа  мерзімде,  орташа 
мерзімде, ұзақ мерзімде болуы мүмкін. Жалпы белгілі бір мерзімде қалыптасқан баға 
деңгейі  кәсіпорынның  қандай  да  бір  мақсатының  нәтижесіне  әр  түрлі  әсер  етеді, 
мысалы:  пайда  шамасына,  айналым  көлеміне  және  т.б..  Төтенше  жағдайларда  ғана 
кәсіпкерлік  қызметтің  бір  мақсаты  басым  болады.  Жалпы  күнделікті  шаруашылық 
әрекетте баға саясатының көмегімен көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады.  
Аталған  баға  саясаты  мақсаттары  әр  түрлі  уақытта,  әр  деңгейдегі  бағамен, 
жүзеге асуы мүмкін, олардың арасындағы арақатынас әр түрлі болғанымен, олардың 
барлығы кәсіпорынның жалпы мақсаты – пайданы ұзақ мерзімді ұлғайту мақсатына 
қызмет етеді.  
Баға саясатының қалыптасуы және оның іске асырылуы кәсіпорынның жалпы 
саясатымен  байланысты,  себебі  әрбір  кәсіпорынның  негізгі  мақсаты  – 
тұтынушылардың  басым  көпшілігіне  өнімдерді  табысты  сатып  өткізу  мақсатын 
көздейді.  Баға  саясатын  қалыптастыру  және  табысты  іске  асыру  үшін  белгілі  бір 
кәсіпорындарда өнімдерге баға белгілеу мәселелерін шешетін тұрақты қызмет етуші 
құрылымдық  бөлімшелер,  яғни  баға  бөлімшелері  әрекет  етеді.  Бұл  бөлімшелердің 
қызметі  кәсіпорынның  маркетингтік  және  сатып  өткізу  қызметтерімен  тығыз 
байланысты  болады.  Бұл  қызметтерге  ақпарат  жинау,  сатып  өткізу  көлемін 

     
 
 
206 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
жоспарлау,  жарнама  кампанияларын  жүргізу,  тауар  маркасының  имджін 
қалыптастыру, ақпарат тарату жатады.  
-  «паритет»  бағаларын  белгілеу  жағдайында  бәсекелестерімен  жасырын 
келісім-шартқа  отыру  немесе  көшбасшыға  бағыт  алу  қарастырылады.  Белгілі  бір 
жаңа  өнім  нарықта  орнықты  орын  алғаннан  кейін,  баға  белгілеудің  міндеттері 
өзгереді. Инновациялық салада бәсеке пайда болысымен, жаңашыл фирма және оған 
еліктеушілер,  нарықта  өздеріне  позицияларды  иелене  бастайды  және  оны  қорғауға 
әзірленеді.  Аталған  кезеңде  олардың  әрқайсысы  бір-біріне  қарама  қарсы  келесі  екі 
стратегия аралығында орналасқан өткізу концепциясын іріктеп таңдап алады.  
Олар: өнім оригиалынан толығымен өзгешеленетін стратегия және өндірістік 
шығындар  бойынша  озат  болу  стратегиясы.  Бірінші  стратегия  бойынша,  фирма  өз 
тауары  үшін  бірден-бір  өте  сирек  белгілерді  істеуді  көздейді.  Ол  өнімнің  өсу 
сатысында  қалыптасатын  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында,  өндірісте,  сатып 
алушылардың көнілдерін аудару мәселелерінде өз жағдайын жедел нығайта отырып, 
өнім арқылы іске асатын оригиналды идеялармен басым жабдықтаушы болуы қажет. 
Соңынан,  бәсекенің  біртіндеп  ұлғаюына  байланысты,  оның  өте  сирек  белгілері 
тауардың  құндылығының  нәтижесі  ретінде  көрініп,  бәсекелестердің  санының 
көбеюіне қарамастан, фирма үшін тиімді баға белгілеуге мүмкіндік жасайды. Ерекше 
өнім стратегиясы сатып алушылардың белгілі бір сегментіне әлде бір сала жүйесіне 
бағытталады.  Мұнда,  баға  белгілеудің  ролі,  сатып  алушылар  қасиеттері  өте  сирек 
деп  есептейтін,  тауарды  өндіруден  пайда  алу  ретінде  қарастырылады.  Баға 
белгілеуде нарықтың«қаймағын қалқу» саясаты, бейтарап баға белгілеу стратегиясы, 
нарыққа дендей ену стратегияларына тән әдістер қолданылады.  
Өндірістік  шығындар  бойынша  озат  болу  стратегиясына  байланысты  фирма 
өзінің күш жігерін шығындарды ең төменгі деңгейге жеткізуге бағыттайды. Өйткені, 
нарықтағы баға бәсекелестігіне қарамастан, тауардың өзіндік құнының төмен болуы 
пайда  алуға  мүмкіндік  туғызады  деп  болжайды.  Көптеген  нарықтарда  өткізімнің 
негізгі үлесі және өндірістік шығындар бойынша озат болу, өнімнің тізбесін ұлғайту 
арқылы,  жарнама  және  жаңа  өткізу  нарықтарын  жаулап  алу  арқылы  жүзеге  асады. 
Өндірістік  шығындар  бойынша  озат  болуға  бағдарланғанда,  нарыққа  дендей  ену 
бағасын,  көптеген  жағдайларда  пайдаланбаған  дұрыс.  Егер,  шығындардың  төмен 
деңгейі  бойынша  артықшылық,  мол  көлемдегі  тапсырыстарға  қызмет  көрсетуде 
қолданылмайтын болса, егер, сатып алушыларды өнімнің бағасына қарағанда, оның 
сапасы және сенімділігі мен беріктігі қызықтыратын болса, баға белгілеуде бейтарап 
стратегия қолданылады.  
Ал,  тапсырыс  өте  шұғыл  орындалуды  талап  еткенде,  және  сатып  алушы 
басқалай  мердігерді  іздейтін  уақыты  тар  жағдайда,  осы  өндіруші  өндірістік 
шығындар бойынша артықшылығы бола тұра, баға белгілеуде нарықтың «қаймағын 
қалқу» баға саясатына тән әдістерді қолданады.  
Стратегияларды  таңдау,  баға  белгілеудің  мақсатын  анықтау  фирманың  өз  іс-
әрекетін жоспарлауына тікелей байланысты.  
Кәсіпорынның  баға  саясаты  баға  құрылу  стратегиясын  қалыптастырудың 
негізі  болып  саналады.  Баға  стратегиялары  кәсіпорын  дамуының  жалпы 
стратегиясының бір бөлігі болып табылады.  
Баға  құрылуы  стратегиясы  –  бұл  кәсіпорын  өндіретін  өнімдердің  нақтылы 
түрлеріне  нарықтық  баға  белгілеу  жағдайында  негізге  алынатын  факторлар  мен 
әдістер жиынтығы.  
Баға саясаты мен кәсіпорын стратегиясын қалыптастыру көптеген іс-шаралар 
мен есептеулерді қамтиды:  
Кәсіпорын  өнімдерін  өндіру  және  өткізу  шығындарының  оңтайлы  шамасы 
анықталынады;  

     
 
 
207 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
Әлеуетті  тұтынушылар  үшін  кәсіпорын  өнімінің  пайдалылығы  және  тауарға 
белгіленетін  баға  деңгейінің  оның  тұтынушылық  қасиетіне  сай  болуы  шаралары 
негізделеді;  
Кәсіпорын  үшін  өндірістің  неғұрлым  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  өнімді 
өткізу көлемі және нарық үлесі шамасы анықталынады;  
Баға  саясатын  және  кәсіпорын  стратегиясын  әзірлеу  келесі  үш  кезеңнен 
тұрады:  түпнегіздік  ақпарат  жинақтау,  стратегиялық  талдау,  стратегияны 
тұжырымдау.  
1.  Түпнегіздік  ақпарат  жинақтау  кезеңін  орындау  барысында  келесі  негізгі 
мәселелер орындалады:  
Шығындарды бағалау;  
Тұтынушылар туралы ақпарат; 
Әлеуеттік бәсекелестер туралы деректер; 
Кәсіпорынның қаржы мақсаттарын нақтылау.  
2.  Стратегиялық  талдау  кезеңін  орындау  барысында  алдын  ала  жинақталған 
ақпарат талапқа сай талдауға түседі:  
Қаржылық талдау;  
Нарық сегментін талдау;  
Бәсекелестерді талдау;  
Мемлекеттік реттеудің ықпалын бағалау.  
3. Стратегияны қалыптастыру:  
Қорытынды баға стратегиясын белгілеу.  
Жоғарыда аталған мәселелердің барлығының шешімін тапқаннан кейін, фирма үшін 
неғұрлым  үйлесімді,  бағалы,  басқаларға  қарағанда  артықшылығы  бар  баға 
қорытынды баға стратегиясын қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл, қолайлы баға 
стратегиясы,  ол  келешектегі  бизнесті  басқару  жоспары  болып  табылады.  Баға 
стратегиясын  қалыптастыруда  басқа  фирмалардың  стратегиясын,  әдебиеттерде 
мамандар  мен  ғалымдар  ұсынатын  стратегияны  және  аталған  фирманың  өз 
тәжірибесінде  жүзеге  асырылған  стратегияларды  түп  нұсқа  ретінде  қарастыруға 
болады. Бірақ, басқа тәжірибені қолма қол көшіріп алған жөн болмайды. Белгілі бір 
салада  қалыптасқан  стратегияны  басқа  салаға  толығымен  көшіру  тиімсіз,  өйткені, 
әрбір салада қалыптасқан шығындар құрамы мен құрылымы, сатып алушылар әлде 
бәсекелестердің  жағдайы  әр  түрлі  деңгейде  ерекшеленеді.  Сондықтан,  бірден-бір 
ерекше қисындастырудың барлық ерекшеліктерін есепке ала отырып, өз фирмаңызға 
жеке,  дербес  стратегияны  қалыптастырғаныңыз  жөн.  Тек  сонда  ғана,  баға 
стратегиясы  негізінде  қалыптасқан  нақты  баға  жоғары  деңгейдегі  пайдалылықты 
қамтамасыз ете алуы мүмкін [2]. 
         Нарық      жағдайында    бағаны    мемлекеттік    реттеу    белгілі    бір    жүйемен  
жүргізіледі: 
1.
 
Үкімет  органдары  тарапынан  бағаларды  бақылап  отыру.  Оның мақсаты – 
еңбек  ақы  мен  зейнетақының  жылма-жылғы  номинальды көтерілуінің  индексін  
белгілеу    үшін  өмір    сүру    құнының  өсуін,  сонымен    қатар,    бағаның    көтерілуі  
өндіріс  шығындарына  және  ұлттық бәсекелестік  қабілетіне  қалай  әсер  ететінін  
анықтау. Бақылаумен орталық  статистика  басқармасы  айналысады.  
2.
 
Бағаға  жанама  әсер  ету.  Оның  мәні  сыртқы  саудада  белгілі  бір сандық  
және    кедендік    шектеулерді    немесе    алып    тастауда,    есеп  нарқын    өзгертуде,  
салықтардың  түрін  өзгертуде,  ақша  эмиссиясының мөлшерін  көбейтуде  немесе  
азайтуда   тұр. 
3.
 
Бағаны    белгілеу    мен      тұрақтандыру    процестерінде    мемлекеттік  араласу.  
Бұл    арада    әңгіме    мемлекеттік    органдар    рұқсат    беретін  өндіріс    шығындарын    
тым  арттыру,  яғни  өзіндік  құнға  тым арттырылған  амортизациялы  шығындарды  

     
 
 
208 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
кіргізу  және  басқа қорларға  аудару  туралы  болып   отыр. 
4.
 
Бағадағы    жетекшілік.    Бұндай    құбылыс    тауарлар    немесе    қызметтерді 
өндіретін   мемлекеттің  үлесі  едәуір  салаларда  байқалады.  Бұндай жағдайларда  
мемлекеттік  органдар  тауарлар  мен  қызметтерді өндіруші  фирмалармен  келісім  
бойынша  шартты  баға  белгілейді, кейін   ол  баға  бүкіл  өндіріс   саласы  үшін  
негізгі  баға  болып табылады.   
5.
 
Бағаға    тікелей    мемлекеттік    әсер    ету.    Оны    жеке    өндірушілердің 
шығындарын   азайту  үшін  жұмсалатын  мемлекеттік жәрдемақы құрайды [3]. 
   Қазақстан  Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда 
орталықтандырылған  валюта  қорларын  қалыптастыру  және  пайдалану  арқылы 
сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Баға  және  баға  белгілеу:  Оқулық.  –  Алматы:  ЖШС  РПБК  «Дәуір»,  2011  – 
280б.  
2.
 
Сагинова Б. К. Баға және баға белгілеу : оқулық / Б. К. Сагинова. – Алматы : 
Дәуір, 2011. – 280 б. 
3.
 
Мамыров  Н.К.,  Ихданов  Ж.  Государственное  регулирование  экономики  в 
условиях Казахстана (теория, опыт, проблемы). Учебное пособие.- Алматы: Зерттеу 
және сегменттеу.- 2008г.-248с. 
 
 
ӘОЖ 347.2/.3    
  
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН 
ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТУДІҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ  ЖӘНЕ ДАМУЫ 
 
Шомшекова Балхия Күлмесқызы э.ғ.к., доцент 
Низамитдинова Руфина, 1 курс магистранты 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.  
 
ҚР  халықты  тұрғын  үймен  қамтамасыз  етудің  қалыптасуы  және  оны 
дамытудың өзекті мәселелері қарастырылған. 
Статья  посвящена  актуальным  проблемам    развития    и    становления  
доступного жилья населению в РК. 
The  article  is  devoted  to  actual  problems  of  development  and  establishment  of 
affordable housing to the population in the Republic of Kazakhstan. 
Кілт  сөздері:  ипотека,  ипотекалық  несиелендіру,  қол  жетімді  баспана, 
несиелік сыйақы ставкалары, тұрғын үй құрылысын  қаржыландыру . 
 
ҚР  халықты  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету  елімізді  дамыту  стратегиясының 
басым бағыттарының бiрi [1].  Сондықтан «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты 
ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауында  «...Баспананы 
тікелей,  делдалдарсыз  және  несиеге  барынша  төмен  пайызбен  ұсыну,  оның  сатып 
алу  құнын  арзандатуға  мүмкіндік  береді.  Бастапқы  жарнаманың  болмауы  мен 
ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін 
қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын 
үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 млрд. тенге сомасында ұлғайтамыз» - 
деп,  халықты  баспанамен  қамтамасыз  етуді  жетілдірудің  қазіргі  жағдайына  назар 
аударған  болатын [2]. 

     
 
 
209 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
Жалпы  ҚР  тәуелсіздік  алған  жылдар  барысында  халықты  баспанамен 
қамтамасыз  етудің  нормативтік  –құқықтық  негіздерін  қалыптастыра  алды.  Одан 
басқа мемлекет деңгейінде қабылданған түрлі бағдарламалар оның ішінде 2005-2007 
ж.  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы,  2008-2010ж.  және  2011-2014  ж.арналған 
бағдарламалармен  бірге  2012ж.  қабылданған  «Қолжетімді  баспана-2020» 
бағдарламасы осы саладағы кешенді шараларды жүзеге асыру бағыттарын белгілеп 
берді [3]. 
Соған  сәйкес  елімізде  жыл  сайын  6  миллион  шаршы  метр  тұрғын  үй 
пайдалануға  беруге,  жарты  миллионнан  астам  жас  отбасын  жеке  баспанамен 
қамтамасыз етуге мүмкіндік  құрылып, оны жүзеге асыру қарастырылған. Бұл үшін 
жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу, оның ішінде, 
ұзақ мерзімге жалға беру, одан кейін сатып алу тәрізді екі түрлі жолы нақтыланған. 
Қаражаты  мен  мүмкіншілігі  барлар  жалдау  ақысын  төлеп,  кейіннен  үйді  өздеріне 
сатып  алуда.  Оған  қоса  жалға  алғаны  үшін  жасалатын  төлем  орта  отбасы 
мүмкіндігіне  сәйкестендірілуде.  Одан  басқа  еліміздегі  тұрғын  үйдің  халыққа 
қолжетімділігін арттыру мақсатында келесі бағыттар айқындалған:  
-жыл  сайын  әр  облыста,  Астана  мен  Алматы  қалаларында  тұрғын  үй 
жағдайларын  жақсарту  есебінде  тұрған  азаматтар  үшін  мемлекеттік  арендалық 
пәтерлер, үйлер салу; 
-тұрғын үйді тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарын пайдаланып, салу; 
-сондай-ақ  тұрғын  үй  құрылысын  қаржыландыру  үшін  мемлекет  екінші 
деңгейлі банктерді қорландыра отырып, қолдау көрсету.  
ҚР  Статистика  агенттігінің  деректері  бойынша  2013ж.  басында  тұрғын  үй 
құрылысына  қаржыландырудың  барлық  көздерінен  417,1  млрд.  теңге  бағытталып, 
6,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:  
-мемлекеттік құрылыс салушылар 834,3 мың шаршы метр; 
-жеке құрылыс салушылар 5,4 млн. шаршы метр; 
-Республикада  барлық  тұрғын  үйдің  54,6  пайызы  тұрғындар  есебінен  іске 
қосылды; 
-Республика  бойынша  55511  пәтер,  оның  ішінде  2426  дербес  тұрғын  үйлер 
іске қосылды. 
Арендалық тұрғын үй: 
-10,9 млрд. теңге бөлінді
-120,5 мың шаршы метр немесе 2006 пәтер пайдалануға берілді. 
Тұрғын үй құрылыс салымдары жүйесі бойынша: 
-28,8 млрд. теңге бөлінді; 
-54,1 мың шаршы метр немесе 814 пәтер пайдалануға берілді 
Ал  2014  жыл  басында  6,05  млн.  шаршы  метр  тұрғын  үйді  пайдалануға 
берілді.    136,4  мың  шаршы  метр  арендалық  тұрғын  үй  құрылысы  үшін  9,6  млрд. 
теңге бөлініп, осы жылы жалпы  13 млрд. теңгеге көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу 
жөнінен іс-шаралар жүзеге асырылды. 
Коммуналдық шаруашылық бойынша: 
-ТКШ-ны  жаңғырту  бағдарламасы  шеңберінде  150  жобаны  жүзеге  асыруға 
70,2 млрд. теңге бөлінді:  
-сумен жабдықтау жүйесін дамыту-33,7 млрд. теңге, яғни 82 жоба; 
-коммуналдық шаруашылықты дамыту-29 млрд. теңге болатын 65 жоба; 
-қалалар  мен  елді  мекендерді  көріктендіруді  дамытуға-7,5  млрд.  теңге, 
толығымен игерілді [4]. 
Одан  басқа  ҚР  Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауына  сәйкес  жаңа 
бағыттар жүзеге асыру жоспарланып отыр, олар: 
-жас отбасыларына беру үшін арендалық тұрғын үйлер салу; 

     
 
 
210 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
-мерзімін созып және кепілді жарнамен сатып алу құқығындағы аренда - ұзақ 
мерзімді 20 жылға, жарна 10 пайыз, қысқа мерзімді - 5-10 жылға, жарна тұрғын үй 
құнының 20 пайызы; 
-Самұрық-Қазына  Жылжымайтын  мүлік  қоры  АҚ    ұзақ  мерзімге  арендасы 
арқылы кейіннен сатып алынатын арендалық тұрғын үй құрылысы. 
Бұл бағдарламаның негізгі орындаушысы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс 
жинақ  банкі»  АҚ  болып  табылады.  Бағдарламаны  жүзеге  асыру  мақсатында 
республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға 80,84 млрд. теңге қаржы 
бөлінген.  Ол  қолға  алынып  жатқан  тұрғын  үйлердің  1  шаршы  метрі  Алматы 
қаласында-142,5  мың  теңге,  Астана,  Ақтау,  Атырау,  Өскемен  қалаларында  -112,5 
мың  теңге  және  басқа  облыс  орталықтарында  90  мың  теңге  болып  белгілеуге 
мүмкіндік құрды [5]. 
Нәтижесінде  «Қазақстанның  тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі»  АҚ    Астана, 
Алматы  қалаларының  және  басқа  да  облыстардың  жергілікті  атқарушы 
органдарымен бірігіп 31 тұрғын үй кешенін салды. Сонымен бірге ресми мәліметтер 
бойынша  «Қазақстанның  тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі»  АҚ  86  мыңнан  астам 
адамдармен баспана бойынша кесісім жасасқан.  
Одан басқа тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету отандық екінші деңгейлі 
банктердің    ипотека  саласындағы  қызметтеріне    байланысты  дамыды.  Олардың 
несие  портфелінің  40%  құрылыс  және  ипотека,  жылжымайтын  мүлік  нарығында 
шоғырланған. 
Бұл мәліметтен халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде банктің ипотекалық 
несиелендіру  қызметтерінің  орны  көрінеді.  Мысалы,  2012-2013  жж.  ҚР  екінші 
деңгейлі  банктерінің    құрылысқа  және  тұрғын  үй  сатып  алуға  берген  барлық 
несиелерінің сыйақы ставкаларының 0,7% төмендеген (кесте 1) [6]. 
 
Кесте 1.  
 
Банктердің  құрылысқа  және  тұрғын  үй  сатып  алуға  (ипотекалық  несиелеу) 
берген несиелері және олардың сыйақы ставкалары 
 
2012ж.  
2013ж.  
млн. KZT 

млн. KZT 

Барлық несиелер, оның 
ішінде 
171 552 
11,9 
170 443 
11,2 
ұлттық валютада: 
166 563 
11,9 
17 162 
11,2 
қысқа мерзімді 
1 631 
11,8 
96 
11,4 
ұзақ мерзімді 
164 931 
11,9 
17 066 
11,2 
шетел валютасында: 
4 990 
13,1 
280 
10,7 
қысқа мерзімді 
81 
10,1 
71 
11,0 
ұзақ мерзімді 
4 908 
13,1 
209 
11,0 
Ескерту: ҚР ҰБ-нің Статистикалық бюллетені. – 2013. желтоқсан 
 
Осыдан  тұрғын  үйді  банктік  ипотекалық  несиелендіру  жүйесін  дамыту 
арқылы  халықтың  белгілі  бір  бөлігінің  тұрғын  үй  проблемасын  шешуге 
жәрдемдесуде.  Мысал  ретінде  «Халық  банкі»  АҚ  ресімделген  ипотекалық 
кредиттердің  саны  -  31  259,  ал  жыл  басынан  оның  клиенттері  толығымен  өтеген 
ипотекалық  кредиттері  3  000  болды.  Осы  банктің  «Жаңа  ипотека»,  «Өз  ипотекам», 
«Салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатып алуға» деген бағдарламармен бірге 
«Жеке тұрғын үй салуға және үйді жөндеуге» және «Тұрғын үй жағдайын жақсарту 
үшін»,  «Ипотекалық  бонус»  бағдарламалары    халықты  тұрғын  үймен  қамтамасыз 
етудегі қызметтерінің қазіргі жағдайын сипаттай алады. 

     
 
 
211 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
Ал  соңғы  жылдардағы  халықтың  табысының  өсуі,  банктердің  несиелік 
ресурстарының  ұлғаюы,  жылжымайтын  мүліктің  өтімді  кепіл  затына  айналуы 
сияқты  факторлардың  ықпалы  басым  бола  бастады.  Осыны  ескере  отырып, 
Қазақстанның ипотекалық компаниясы ипотекалық несиенің халықтың қалың жігіне 
қолжетімді  болу  үшін  несиеге  қойылатын  сыйақы  мөлшерлемесін  төмендету  және 
берілу мерзімін ұзарту мақсатында жұмыстарды жүргізуде.  
Жалпы Қазақстан ипотекалық компаниясы тұрғын үйге ипотекалық несиесін 
беретін және оған қызмет көрсететін серіктес банктерге мынадай талаптар қояды: 
1.  компанияның талаптарына серіктес  банктердің  сай келуі; 
2.  серіктес банктердің қаржылық тұрақтылық сипаты; 
3.  компанияның  сатып  алатын  ипотекалық  несиелеріне  қызмет  көрсетуге 
жұмылдыратын серіктес банктер қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары; 
4.  компанияның  сатып  алатын  ипотекалық  несиелерін  беру  және  қызмет 
көрсетуге байланысты серіктес банктердің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар. 
Соған қарамастан тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету – еліміз алдында 
тұрған өткір мәселелердің бірі болып қалып отыр 
Сондықтан  ипотекалық  нарықтың  дамуына  күш  беретін  жаңа  қаржы 
институттары  құру  қажет.  Оларға,  біріншіден  ипотекалық  несиелерді  кепілдендіру 
қорын,  несиелік  бюро  және  ұлттық  аумақта  ипотекалық  сақтандырумен 
айналысатын  сақтандыру  компаниялары  жатады.  Қазақстанда  ипотекалық 
несиелерді  сақтандыруды  ипотекалық  несиелерді  сатып  алуға  және  оларға  қызмет 
көрсетуге  байланысты  компания  мен  серіктес  банктер  арасындағы  қатынас  өзара 
жасалған  келісімшартқа  және  ипотекалық  куәліктерді    сатып  алу  және  қайта  сату 
келісімшартты, компанияның мүлкін сенімді басқару туралы келісімшартты немесе 
қызмет көрсету туралы келісімшарт негізінде жүзеге асыру орынды бомақ. 
Одан  басқа  Қазақстан  Республикасының  соңғы  жылдарындағы  ипотекалық 
несиелердің  дамуына  талдау  жасай  отырып,  ипотекалық  несиелендірудің  даму 
жүйесінің  жақсаруы  бойынша  келесідей  қорытындылар  мен  ұсыныстар  жасауға 
болады: 
-Қазақстан Республикасының барлық тұрғындары үшін ипотекалық несиелер 
туралы жарнамаларды дамыту және оларды кеңінен тарату. 
-Ипотекалық несиелендіру кезінде бастапқы жарна сомасын 12 – 15%-дан 5 – 
15% -ға дейін төмендету. 
-Ипотекалық несиелер бойынша пайыздық ставкаларды 12 – 15%-дан 9 – 10% 
-ға дейін төмендету. 
-Несиелендіру мерзімін 20 жылдан 30 жылға дейін ұзарту. 
-Клиенттерге  қызмет  көрсету  барысында,  банк  қызметкерлерінің  маркетинг 
және жобалық талдау салалары бойынша мамандану деңгейін жоғарылату.        
Қазақстанның  қазіргі  жағдайына  ипотекалық  несиелендіру  мемлекеттің 
қолдауынсыз  ойдағыдай  дамиа  алмайды.  Бұл  ең  алдымен  тұрғын  үйге  сұраныстың 
жоғары  болуы  жағдайында  азаматтардың  орташа  табысының  деңгейінің  төмен 
болуымен  байланысты.  Сонымен  бірге  мемлекеттің  банктік  стандартты  шарттар 
негізінде  ипотекалық  несие  алуға  жеткілікті  табысы  жоқ  азаматтарға  жасалатын 
қолдауы түрлі нышандар болуын қарастыру керек.  
Сонымен  бірге  еліміз  азаматтарын  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету 
проблемаларын  шешуде  тек  қана  несиенің  жылдам  және  төмен  пайыздық  өсіммен 
берілуіне  иек  артып  қоймай,  нарықтық  базадағы  жаңа  нұсқаларын  немесе  қор 
биржасында  ипотекалық  бағалы  қағаздар  шығару  жолдарын  іздестірудің  Қазақстан 
экономикасының болашағы үшін маңызы бар.  
Қазіргі  заманғы  мемлекеттік  тұрғын  үй  саясаты  тұрғын  үй  проблемасын 
шешуде жұмыс істейтін халықтың орташа табысы және өзінің жинақ қаражаты бар 

     
 
 
212 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
негізгі  бөлігіне  арналып  ыңғайлануы  басты  назарда  болғаны  орынды  болмақ  деген 
ойдамыз. Ипотекалық несиелендіру жүйесін дамыту халықтың тұрғын үй жағдайын 
жақсартуға байланысты маңызды әлеуметтік мәселені шешуді күрт жеделдетіп қана 
қоймай,  тұрғын  үй  құрылысын  қарқынды  жүргізу  арқылы  елдегі  жалпы 
макроэкономикалық  ахуалға  оңды  ықпал  етіп,  экономикалық  өрлеуге  серпін 
берілуіне жәрдемдеседі. Сөйтіп еліміз экономикасының өзге салалары үшін өзіндік 
бір  «локомотив»  бола  алады.  Сондықта  да  бүгінгі  таңдағы  басты  мақсат  –  табысы 
орташа  азаматтарды  құны  қол  жетерліктей  тұрғын  үймен  қамтамасыз  етудің 
қалыпты жүйесін құруға келіп саяды. Мұндай жүйе азаматтардың өз жинақ ақшасы 
мен ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру қағидаларына негізделген болуы керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет