Өзін-өзі сақтау мінезқылығы
Өзін – өзі сақтау мінезқылығы төбелесте, агрессияда, қашуда, бағындыруда,
жасырынуда, жансыздануда және т.б байқалады. Агонистикалық мінезқылық –
бұл көпті және әртүрлі мінезқылығы, жануарлардың арасындағы жанжалдығы
(төбелесі, қорғаныс мінезқылығы, қашу мен жансыздануы)
Агрессия.Майер агрессивті мінезқылығының 8 түрін бөлді:
-Жыртқыштың агрессиясы, құрбанының болуымен пайда болады;
210
-Аталық аралық агрессия, бір – бірін танымайтын аталықтардың арасындағы
лезде пайда болатыны;
-
Жануарларға тән, қорқынышпен туындайтын агрессиясы, тығырыққа және торда
қамалған, әдетте олардың қашуымен сипатталады;
-
Туғаннан кейін агрессия. Басқа агрессиялық түрлерінен айырмашылығы , оны
әртүрлі түрдегі ынталалары туғызып, олардың көбі жануарға жағымсыз болып
келеді;
-
Аймағын қорғауы, тек белгілі аймақта ғана байқалатын, яғни жануар тұрақтанған
және осы аймағын басқалардан қорғап жүруі;
-Аналық агрессиясы, оның балаларына қауіп төнген кезінде, аналық
жағынан байқалатын агрессиясы;
-Құралды агрессиясы – сыртқы факторымен бекітілген реакциясы;
-Жыныстыққа байланысты агрессиясы. Оның пайда болдыратын ынталары,
жыныстық мінез – құлығына тән.
Агрессияның
түрлері
әртүрлі, оны жіктеуге тырсып көрейік. Жие агрессияның туындауының жіктелуі,
төменде көрсетілгендей қарастырылады:
Түраралық агрессиясы:
1) Жыртқыштардың құрбанына қатысты агрессиясы. Табығатта бір түрлері
екіншісіне шарасыз тап беруі болып келеді. Екеуінің де қатынасы эволюциялық
дамуы болып келед, яғни бірі екіншісінің дамуына әсерін тигізеді. Брақ, анықтап
кету жөн, жыртқыштар ешқашан құрбанының популяциясын жоймайды, олардың
арасында кейбір тепе – теңдік орналасады. Тура айтқандай, этологтар
жыртқыштардың мінезқылығын агрессивті деп ойламайды (Лоренц, Дольник және
т.б) немесе оны басқа агрессиялардан ерекшеленетін, агрессияның ерекше түрі деп
қарастырады (Дьюсбери). "Қасқыр қоянды аулауы – бұл агрессия емес, ал
аңшылық. Дәл солай аңшы үйрек атуы немесе балық аулауы, бұл агрессивті мінез
– құлық емес. Себебі олар оған үйреншіктігін, қорқынышын, ашуын,
211
жепкөрініштігін білдірмейді ғой." (В. Дольник). А.К. Лоренц жазғаны бойынша:
"Ішкі толқындары аңшы мен жауынгердің айдан анық. Арыстан енекені өлтірген
кезде, осы енеке ода үлкен емес агрессияны тудырады, ал маған дәмді күркетауық
секілді, мен оған осындай ләзәтпен де қараймын. Ішкі ынталары оның ашық
байқалатын әрекеттерінен анықтауға болады. Егер ит қоянды қуып жүрсе – оның
бейнесі қуанышты болады, дәл ол қожайынын қарсалғандай немесе жағымды
бірдемені көргендей. Сондай – ақ арыстанның тұмысғынан да білуге болады, оның
түрі ашулы емес екендігін. Ырылдауы, құлақтарын жинуы және басқа дай анық
әрекеттері, төбелесетін мінез – құлығымен байланысты, оны аңшы жыртқыштарда
байқауға болады, егерде тек олар қаруланған құрбанынан қорқып жатқанда, бірақ
осы жерде ескерту түрінде ғана көрсетіледі.
2) Шынайы агрессия сипаты, ол жыртқыштың құрбанына аңшылығы емес,
керсінше құрбанның жыртқашқа кері шабуылы. Жыртқышқа кері шабуыл жасауы
түрдің өзін сақтану мағынасына ие. Тіпті шабуыл жасаушы кішкентай болсада, ол
шабуыл жасаушы нысанына сезімтал соққылар жасауы мүмкін. Әсіресе бұл
тобырды жануарларға тән, олар бар тобырымен жыртқышқа шабуылдауы
мүмкін(былай айтқанда мобинг). Осыған орай көп мысалдар келтіруге болады.
Тұяқтылар тығыз сақына құрып, мүйіздерін алдыға шығарып балаларын қорғайды.
Қошқар өгіздер осылай қасқырларға төтеп береді, енекелер осылай арыстаннан
қорғанады. Ал біздің үй малдары мен шошқаларының инстинкті жалпы төтеп
беруі қандарында нық орнатылған.
3) Жырқыштың құрбанына тап беруі секілде немесе жыртқыштың оның
құрабынымен улануы кезінде, 3 типтік төбелестің мінез – құлықтың, түрлік
сақтану қызметін Лоренц – критикалық реакция деп атап кетті. Айтылатындай
«тығырыққа түскен егеуқұйрық секілді төбелесу» мағынасы қатыгезді шайқасуды
білдіреді, яғни жауынгер барлық күш жүгерін салады, себебі не кете алмайды, не
аяушылыққа сене алмайды. Бұл төбелесетін мінез – құлықтың түрі ең қатыгезді,
212
қашуға қатты ұмтылысы, қорқынышпен ынталандырылады(агрессия мен
қорұыныш - егіздер), себебі қауіп қатері тым жақын. Жануар, оған артымен
қарауға тәуелділікке байрмайды – «ерлігі үзілген үмітімен » өзі тап береді. Дәл
бұл пайда болады, егер қашуға кеңістік болмағанда, тығырыққа түскен
егеуқұйрық секілді – бірақ осылай ша ұрпағын немесе отбасын сақтау үшін мінез
– құлығын көрсетуі мүмкін. Аналық – ұрғашының кез келген нысаныға тап беруі
де критикалық мінез – құлығына жатады, себебі критикалық белгіленген аймақта
лезде жаудын пайда болысымен жануар алдына жан салмай шайқсады, бірақта
оны өз аймағында көргенде қаша бастайтын еді, егер де балалары болмағанда.
Тек осы ерекше жағдайларынан көрі, түраралық күресте басқа да
өзгешіліктері де бар. Екі әр түрлі жануарлар, күштері бірдей шамасында, азық,
пана және т.б үшін күресіп қалуы мүмкін. Жоғарыдаайтп өтілген жағдайларында
жануарларының арасында ортақ белгілері бар: шайқасқа қатысушылардың
әрқайсысы өз пайдасын алады. Сондай – ақ түрішілік агрессиясы (агрессия тар
мағынада) түрдің сақталуына қажет, бірақ біл онсызда түсінікті.
Түрішілік агрессиясы
1) Аймақтық агрессия (агрессия, аймағын қорғауға
бағытталған). Белсенді қорғаныс – аймақтық мінез – құлықтың елеулі белісі.
Агрессиясы ұқсас түріне де, әсересе сондай жынысына байқалады. Максимумы
көбею маусымында болады, яғни аймақтары енді анықталып жатқанда. Әдетте,
бұл аймақ белгіленеде тек сол жерде, иесіне таныс орны, яғни – аймақтың
ортасында. Агрессияның шегі төмен жері, ол иесі өзін сенімді сезінген кезде,
себебі осы жерде қашуға ынтасы болмайды. Агрессияның жоғарлау орталығына
келе берісімен, оның геометриялық прогрессиясы өседі.
Жеңіліп қалғаны қашуға бас салған кезде, барлығына тән өзіндікреттеуші
жүйесі тежеудің құбылысын, яғни – тербелісін байқауға болады. Қудаланып келе
жатқанның жігері өсе келеді, егер өз аймағында орналаса, ал керісінше қудалап
келе жатқанның жігері төмендейді. Нәтижесінде қашқын біркезде лезде айналып
213
қалып, жанаға ғана жеңгенін ұрып соғып, оны қудалай бастайды. Осының бәр
тағы бірнеше рет қайталана береді, күресушілер белгілі бір тепе – теңдік
нүктесінде тоқталады және тек қана бір - бірін қоқыта бастайды. Бұл қарапайым
аймақ үшін күрес механизмісі, яғни әр түрге тиімді оның жиынтығында, ареал
бойынша бөлінуі, түрдің өмір сүре алуының мінсіз «әділетті» талапты шешеді.
Осылай өте шаған кеңістікте де, ең әлсіздері де азықтанып және ұрпақ бере алады.
Осындай нәтиже жануар агрессиясыз да жете алады, жай ғана кездесу
кезінде бір бірінен алыстаса. Басты рольды осында «аймақты белгілеу» болып
табылады, әсіресе аймақтың перифериялық жерін. Нәжіс қалдыру, тері бездерінен
бөлінуі, оптикалық белгілері – діннен қабығын бөлуғ бұлар аймақтың
шекараларын бөледі, белгілейді. Көптеген сүтқоректілер иісті іздерін қалдырады,
тек сол жерде қарсыларына тап болуы немесе күтуі мүмкін жерлерінде ғана. Иттер
осындай мақсатта нәжіс қалдырады, қорқаулар, тауықтар, бөкендер және басқа
түрлері арнайы бездерін қолданады, секреттері топырақты белгілейтін,
тоғайларды, тастарды және т.б. Аюлар арқасымен ағаш дініне қасынады, біра
уақытта нәжістенеді. Осындай белгілердің артында агрессиялық қорқытуы жатыр
(Тинберген, Фабри).
Аймақ үшін күресі – аталықтардың өте маңызды қызметтерінің бірі. Жақсы
аймақсыз отбасы немесе тобыр тіршілік ете алмайды, олар жердің көлемі мен
сапасына тәуелді болып келеді. Аймақты әрдайым кеңейтіп отырыуы керек және
көршілер арқасында да. Сондықтан аймақ үшін күресуі міндетті түрде болады.
Адамдардың ата – бабаларымызда аймақтық топтармен өмір сүрді, оларға аймақ
үшін күресі де қажет болды. Кейбір топтарына аймақ үшін күресі өмірлік мәні
болды.
Сонымен, жоғарыда айтылғаннан анықтауға болады, түрішілік агрессияда
бір тұрге жататын жануардың ішінде басты қызметі болып аймықтық кеңістіктегі,
тепе – теңдік бөліністері жатады. Одан басқа, Миннинг аймақтық мінез –
214
құлықтың тағы бір аспектін бөліп қарастырады. Қызық, аймақтың жануардардың
аталықтарында аналыққа бірінші реакциясы қандай болады екенін, шабуыл
жасаудың әлде қашудың элементтері ме. Осындай агрессиясы өте қажет
«жұптардың құштарлығы» қалыптастыруы үшін. Бұл агрессия, аталық пен
аналықтың арасында туындауы болып келсе де, көбінесе жоғары дәрежеде сыртқа,
көрші жануарларға бағытталған болып келеді. Жие аталық аталыққа, аналық
аналыққа шабуыл жасайды. Аталық пен аналықтың арасындағы байланысы
аймақты қорғау кезінде күшейе түседі.
2) Некелік турниры. Некелік күрестері дарақтардың арасындағы белгілі
категориясын алады. Көптеген жағдайда аталықтары күреседе, шабуыл
жасаушыға міндетті немесе басты жағдайында басқа түрдің аталықтарына. Кейбір
кезде аталығы да, аналыға да күреседі, бұл байқалған кезде аталығы басқа
аталығымен, ал аналығы басқа аналығымен күреседі. Әр түрлері әртүрлі күреседі.
Бастыпқысы қаруды бірдей қолданбауы. Иттер бір – бірін талайды, аттар және
көптеген басқа да тұяқтылары қарсыласын алдыңғы аяқтарымен тебе бастайды.
Бұғылар мүйіздерімен күш сынасады. Мұндай күресулер не үшін керек?
Жыныстық сұрыптауды Ч. Дарвин байқаған болатын, бұл ұрпақ жалғастыруы
үшін ең күшті, мықты жануарды таңдау, мағыналы түрде қарсыластардың
арасындағы күоесте таңдалады, әсіресе аталықтарын. Аталықтың күші ұрпағына
мінсіз қорғанысты қалыптастырады, әсіресе сонда, қай жерде аталығы басты
рөльды атқаратынын. Аталықтың ұрпағын сақтау және олардың ішіндегі жекпе –
жек шайқасуы арасындағы тығыз байланысының көрінісі айқын байқалатын, - ол
көшпенді жануарларында көрінеді,соның ішінде: ірі тұяқтыларды, жерде тіршілік
ететін маймылдарында және т.б. Осы жануарларда түрішілік агрессиясы аймақтық
бөлінісі тіршілігінде басты рөлін атқармайды: аттар, бизондар, бөкендері
арасында аймақтық бөлінісі бөтен түсінік, сондықтан олар арасында азық қоры
жеткілікті. Дегенмен, осы жануардың арасындағы аталықтары арасындағы күресі
215
өте ызалы, осы күрестен шыққан сұрыпталуы, ірі және жақсы қаруланған өз
отбасысының қорғаушысы шығады. Осылай бизондардың немесе ірі
павиандардың аталықтары секілді, сенімді күресшілер пайда болады.
Осыған байланысты тағы бір еркере кететін жәйт (факт) - аса ішкі түрлік
сұрыпталым белгі ортасына тиімсіз бейімделуге ғана алып келмей, түрдің
сақталуына қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы бұғының мүйізі тек қана күрес үшін
жетілген, бұл мүйіздер одан басқа ештеңеге де жарамсыз. Бұғылар
жыртқыштардан тек алдыңғы тұяқтары арқылы қорғанады. Мұндай белгілер тек
іріктеу, түрден тыс ортаға байланыссыз, тұқымдастардың бәсекелестігіне
бағытталған кезде дамиды. Оскар Хейнрот:" Батыс өркениеті адамдарының жұмыс
істеу темпі - түрішілік іріктеудің ең ақылсыз өнімі",- деген болатын. Расымен де,
коммерцияланған адамзатпен құрсауланған асығыстық - тек туыстас түрлердің
адасында болып жатқан бәсекелестіктің орынсыз дамуының керемет мысалы бола
алады. Қазіргі адамдар бизнесмендердің әдеттегі ауруларымен ауырады -
гипертония, тума бүріскен бүйрек, асқазан жарасы, азапты жүйке тозуы, - олар
айуандыққа ұшырайды, өйткені олардың мәдени қызығушылықтарға уақыты жоқ.
Және бұның бәрі еш қажеттіліксіз: өйткені олар тынышырақ жұмыс істеуге
келісуге болар еді.Түрдің сақталуы үшін күрес тақырыбына орала отыра, пайдалы
сұрыпталу күрескердің тек түрішілік жекпе-жектік ережелеріндегі тексерілуінде
ғана емес, сонымен қатар сыртқы жаумен де күресуінде ғана ол пайдалы
сұрыпталуға қызмет ете алады. Жекпе-жектің аса маңызды қызметі - отбасының
күрескерлік қорғаушысын таңдау, осылайша түрішілік агрессияның тағы бір
қызметі ұрпақты қорғау болып табылады. Оған мына факт дәлел бола алады: бір
ғана жынысы ұрпаққа қамқорлық жасайтын көптеген жануарлардың сол жынысты
туыстас түрлерге деген қатынасы өте агрессивті болып кетеді. Адамда да ұқсас
құбылыс байқалады.
216
3) Жануарлырдың әлеуметтік топтағы агрессиясы, иерархия орнатылуына
әкеледі. Иерархия - бұл ұйымдастыру принциптері, әрине, онсыз жоғары
жануарлардың өмірлік дамуының бірлестігінің реттелуі мүмкін емес. Бұның
мағынасы бірге тұратын дарақтардың әр қайсысы, өз ішінде кім мықты, кім әлсіз
екенін біледі. Дольник айтуы бойынша, күрескенде жеңіс тек мықтыға
бұйырмайды. Ол: жанжал туғызуға ұнататын, көп және шеберлі қорқытатын, ал
өзі болса қарсыластардың қорқытуын оңай қабылтайтынға беріледі. Сонымен,
басқалардан көп рет жеңе беретін дарақ, доминантты болады. Аяқ астынан
осындай
жағдай
тууы
мүмкін,
доминант
ашуын
субдоминанттан
алады(агрессияның лезде пайда болуынан). Ал ол болса жауаьын оған емес, ал
басқаға бағыттайды, яғни иерархиялық баспалдақтан төмен тұрғанына
беріледі(себебі доминантқа тиісуге қорқынышты). Осылай бағытталып керсінше
жауап қайтаруы, ең баспалдақтын төмендегісінде отырғанына жетеді. Ал оған
болса ашуын алатын кейінгі, ешкім жоқ болған соң, ашуы тарқалмай жиналады.
Үлкен топтарда «жоғарысында» бір доминант, бірақ екі немесе үшеу субдоминант
болуы мүмкін. Осылай иерархиялық пирамидасы құрылады, төменгі сатысы
дарақтардан тұратындары, барлықтарына бағынып жүреді. Оларда жоғары
тұрғандардың алдында жасырынып қалған, үлкен, тарқалмаған агрессиялары
жиналған. Бұл табиғат заны, оған қарсы шығу мүмкін емес.
Итбасты маймалдар – павиандар, гамадрилдер және басқалары –
иерархиялық пирамиданы жас белгілері бойынша құрайды. Топтың басында
бірнеше қарт аталықтары отырады, олар үлкен билікке ие және барлық топтың
қауіпсіздігі үшін жауапты болады(геронтократия). Бірақ, жас аталықтары одақ
құрып, жоғары тұрған дарақтарына шабуыл жасауы мүмкін. Денегімен, бұл
одақтастық берік емес, себебі олар бір – бірін сатып кетеді, әсіресе іс төбелеске
бара жатса. Осылайша, одақ «төменнен төңкеріс» жасау әдісімен иерархиялық
пирамиданы өзгертуі мүмкін.
217
Билікті жалғыз басымен сақтап қалу мүмкін емес. Макакаларда доминант
одақтастықта мұқтаж болмайды. Оған қоластындағы біреуін жазала бастаса
болғаны, басқалары келіп оған көмектесуге асығады, жазаланғанның дәрежесін
одан әрі түсіре бастайды. Доминант алдынан жиналған қорқыныш себебінен,
осындай мінез – құлық басқаға бағытталған агрессиясымен туындайды. Ол
жазаланып жатқан «төмендетілген» кездегі дараққа тарқатылады. Дүлей
қылмыстық топтарында «пахан» әдетте өзін «шестёркаларымен» қоршап алады.
Мемлекеттік дәрежеде де жүзеге асырылады: тиран, сатраптарымен қоршап
алынған, айырықша белгісі – қылмыскер, аморальды, қорқақ және төмен
тұрғанына агрессиясымен байқалады. Осылайша, тоталитарлы режимдер қайта –
қайта пайда болады, егер олмен күреспесе, себебі олар қайта жинала береді. Тек
шынай демократия, билікті - адамның игілігі үшін қолданады. Бірақ, барлық
қыйындық мынада, инстинкті бағдарлама негізінде, демократиялық құрылыс өз –
өзімен пайда бола алмайды. Бұл ақыл өнімі, иерархиялық пирамиданың
құрылуына қарсы түра алатын ойластырылған ұжымдық жүйесі, оның шыңында
билікті қалайтын дарақтар отырады. Демократияны политикалық белсенділікпен
және саналы таңдаумен қолдау керек.
Иерархияның кең таралуы, оның түр сақтауы қызметін атқаратының
дәлелдейді, осылайша топ мүшелерінің арасындағы артық күресті болдырмайды.
Мұнда сұрақ туындайды: топ мүшелеріне қатысты, тура агрессиясына шектеу
қоюынан несімен жақсы? Этологтердің пайымдауынша агрессиядан құтылу
мүмкін емес. Біріншіден – көбінесе қоғамдастыққа агрессия өте қажет, сол түрдің
басқа қауымдастықтарынан көрі, сондықта күрес тек қана топ ішінде болуы керек.
Екіншіден,
қиын
қарым-қатынас,
қоғамдастық
ішіндегі
салдарынан,
агрессивтілігінен және есейетіндігінен одан иерархия туындайтын, оған көбінесе
пайдалы құрылымы мен беріктікті бере алады. Қаншалықты екі жануардың
арасындағы рангтері алыстаса, соншалықты өшпенділігі де төмен болады. Ал,
218
жоғары тұрған дарақтар (әсіресе аталықтары) міндетті түрде төмен тұрғандардың
қақтығыстарына араласады, онда " Мықтының орны - әлсіз жағында!" принципі
жүзеге асады.
Ешқандай тітіркендіргішсіз мінсіз ортаны құрсада, агрессиясыз өмір сүру
мүмкін емес. Тітіркендіргіштің шегінің төмендеуі, ерекше жағдайларда оның
көлемі нөлге дейін түсуі мүмкін, яғни тиісті инстинктті әрекеті ешқандай ынтасыз
«жарылуы» болуы мүмкін. Негізінде, әр шынайы инстинкті әрекеттері, бәсеңсу
мүмкіндігінен айырылғаны, жануарды жалпы күйзеліске және оны тітіркендіргіш
ынталандыруларды іздеуіне мәжбүрлейді. Агрессия жағдыйанда сияқты,
тітіркедіргіш шегінің төмендуі мен іздеу мінез – құлығы сирек жағдайларында
ғана анық көрінеді.
Агрессияның пайдасы дәлелденді деп санауға болады. Өмірлік кеңістік жануар
арсында бөлінісі, өзіне азық таба алатындай етіп бөлінеді. Ұрпағының игілі үшін,
жақсы анасы мен әкесі таңдалады. Ұрпақтары қамқорлықта болады.
Қоғамдастықтың құрылуы соншалықты, бірнеше білгір аталықтары қажетті
беделімен, топқа қажетті шешімі қабылдануы мен, орындалуын іске асырады.
Агрессияның мақсаты тұқымдасын құрту емес, дегенімен, әрине, күрес барысында
қайғылы оқиға кездеседі, мүйізі көзге кіріп кеткенде немесе азулары ұйқы
күретамырына батып кеткен жағдайлары болып жатады. Агрессия бастаманың
соңы емес, - ол тек тірі ағзалардың ұйымдастыруының бөлігі. Әлемде барлығы
сияқты, олда қателік жіберуі мүмкін – сонымен бірге өмірді жоюы да. Бірақта
үлкен жетістіктерде органикалық әлемнің барысында, бұл, - күш ізгілікке арналған
Азықтық мінезқылық
Биологиялық мінезқылықтың түрінің қалыптасуының жақсы мысалы
ретінде қасқырлардың азықаулау мінез – құлығы болып табылады. Қасықрлардың
219
аң аулау әдістің негізі болып аңшылық табылады, себебі олар әр түрлі
жануарларға аңшылық ете алады, азық аулау әдістері бір – бірімен бөлшекті түрде
қатты айырмашылықтары бар. Қасқырдың мінезқылығы келесі сатыларға
бөлінеді: құрбанының іздеу, оның артынан іздеу және жасырынуы жүреді,
құрбанымен кездесуі, аңдуы, шабуыл жасауы, өлтіруі, азықтанатын жеріне тасуы,
жеуі, қор ретінде сақтап қоюы. Осы күрделі мінезқылықтың барлық сатылары
айқын, спицификалық және кестеге байланысты толық орындалады. Осылай,
бұғыға, қоянға, шілге немесе зорманға аңшылығының бір – бірінен
айырмашылығы болады. Аңшылық мінез – құлығы қасқырларды күрделі жүйелі
әрекеттерді білдіреді, жалпы кестеге байланысты инстинктті мінезқылығы ретінде
жүзеге асырылады. Қасқырларда осы кешеннің туындауы, жануарларда азықтық
ынтасымен байланысты болады. Қанда глюкозаның төмендеуі, бұл өз кезендегі,
азық орталығында тітіркендіргіштікті туындатады. Аштық сезімі пайда
болысымен қасқырлар аң аулауға шығады, яғни, іздеу мінез – құлық сатысы
жүзеге асады. Бұл саты әр түрлі өтеді: қасқырлар бірден құрбанының ізіне шығуы
мүмкін немесе бұрын аулаған жеріне қайтадан баруы, мысалы солтүстік бұғылар
тобырына, зорман тобына немесе өзенге, соның бойында албырттар уылдырық
шашып жиналады. Біленетіндей, дәл іздей сатысы ең түрленгішіті болып келеді.
Қасқырлар тобының аңшылығына Мичтің (1970) бақылауы көрсетті,
құрбанның іздеу бағыты, ередеге сай, тұрақты болып келеді. Әдетті, олар осы
немесе басқа жыл мезілінде құрбанының жиналатын және орналасатын аймағына
барады; осы бағыттар өте тиімді және тек құрбаны мол орындары ғана ізі емес,
сонымен қатар құрбанына жақындауына жақсы мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
Өз құрбаның қасқырлар жие иіспен сезеді, сирек тыңдауымен естейді және одан
да сирегірегін көзбен көреді. Жануардың жақын маңдағы қатысуын, иісін
тапқаннан немесе сезгеннен кейін, алда келе жатқан қасқырлары, ал олардың
артынан барлықтары, тоқтап қалады, абыожый бастайды, құйрығымен екілене
220
бұлаңдатады, құрбанының бағытына мұқият қарап, кейді барлау секірістерін
орындай немесе артқы аяқтарына көтеріледі. Көрінгенде лезде шабуыл жасалады,
егерде құрбаның бірден тоқтата алмаса, кейін аулауы немесе артынан қууы
басталады. Әр қасқырлық ірі жануарларға аңшылығында секіріп шабуыл жасауы
міндетті сатысын құрайды. Ол тауларда, жазықтарда, бұғыларды, бұландарды, тау
ішкі мен қойларын, сирек қабандарды және еліктерді аулауында қолданады. Ашық
алаңдарда бұл әдіс жие қолданады, себебі құрбанына жақын арақашықтығына
келу қыйындығанан туындайды. Егер жыртқышқа 200 – 500 м арасында тоқтатуға
немесе шешуші күресті орындауы мүмкін болмағанда, артынан қууы көбінде
тоқтатылады, себебі кейінгі оның жалғасуы еш нәтиже бермейді. Осылайша,
қасқырдың құрбанын болып сирек сау жануарлар болады. Әлсіз немесе ауру
жануарды анықтаған қасқырлар, оның артынан асықпай қудалай бастайды, ол
толықтай әлсіремегенше дейін. Ауру малды сау малдан ажыратуын қасқарлар
бертінде үйренеді. Мұндай қабілет дифференциялдық шартты рефлекстің табиғат
жағдайында пайда болуы, сәтті мысалы болып келеді.
Ең кішкетай құрбаның,
мысалы қоян немесе жабайы қояндарын, қасқырлар өте ұзақ аңдып жүруі мүмкін,
ол толықтай күшінен айырылмағанша дейін. Тобырға аңшылық кезінде қасқырлар
оларды шашыратып тастауға немесе тобырдан бір немесе бірнеше жануарларын
бөлуге тырысады. Осы мақсатқа жету үшін тура амалдар жасалады: басшының
керемет зейіні, күтпеген секіріс жасау, қарама – қарсы жақтардан шабуыл жасау,
тобыр ішінде үрей тудыру үшін тобырдың ішіне кіріп кету, бірақ жие болатыны –
топтан бөлініп қалған жануарларға шабуылдау. Шабуыл кезінде фронт бойынша
қууды қолданады, олар тобыр ішіне еңбейді, ал олардың ішінде бір немесе
бірнеше жануардың күші бітіп, қалып қоймағанша дейін қуады. Бірнеше минуттан
кейін олар жылдамдығын жоғалты, басқаларынан бөлініп, оңай құрбанға
айналады. Қасқырлар тобырды ұзақ қумайды, егер әлсіз жануарды анықтамас,
онда қууды тоқтатады. Олар тобырдан әлсіздер «сығып» тастайтын секілді.
221
Жоғарыда айтылған аңшылықтан басқа, қасқырлар өзгеде амалдарды
қолданады.
Сонымен, құрбанының анықтаған соң немесе оның орны туралы алдына ала
білген соң, қасқырдың тобы екіге бөлінеді. Біреулер торуылда жасырынады, ал
қалғаны айдауышлар болады. Торуыл қоқып кеткен құрбанның болжамды
бағытында жасалынады. Осындай аң аулау әдісі «айдау» деп аталады.
«Қоршау» немесе «аулау» әдісінің сипаты, құрбаның қуу жолында оны
ұстап алуында. Әдіс негізі көп жануардың қуғыншыдан тура емес, ал айнала
қашуанда жасалады. Құрбаның анықтаған соң қасқырлар 2 немесе бірнеше топқа
бөлінеді. Біреулер қуа бастайды, ал екіншілері, егер құрбаны бағыттан ауытқый
бастаса оған керісінше жүгіре бастайды. Осы кезде эстафетаны, олардың жағына
қарай жүгірген қасқырлары қабылдап алады. Осындай ұжымдық аңшылықта
келісімді әрекеттері өте жоғары. Қуғыншы мен ұстап алушының рөлдерінің
ауысуына байланысты, қуғыншылардың күштерін үнемдейді. Ұқсас аңшылық
тұяқтылар мен қояндарға жасалады.
«Айналу» арқылы аң аулау, құрбаның айналып алып, оны тығырыққа немесе
сақинаға алу. Ол бір немесе топтық дарақтарына тиімді, бірақ белсенді қорғана
алмайтын жануарларға басты түрде қолданады.
Кейде қасқырлар, құрбанының, оған ыңғайсыз жерге, мысалы, терең
қабатты қарға, шалшыққа, құлама жарға т.б жерлерде тығырыққа алады. Мұндай
аңшылық тәсіл «тығырыққа қуу» деп аталады.
Жеткілікті жие қасқырлар осындай «торуылдау» тәсілін қолданады. Әдетте
бір өзі жүретін жыртқыштар құрбанның жақындауын немесе шығуын қозғалмай
торуылдайды. Жыртқыштар икемді жасырынуды, тіршілік күйін, құрбанның мінез
– құлығын, ауа райы шарттарын таңдап алады. Торуылдап тұрады: су ішетін,
кешіп өтетін жерлерде, бұғы, киік қозғалыс, кемірушілер індерінің бойында.
Қасқырлармен
аңшылық
тәсілдерін
қолданысында
мезгілдік
222
ерекшеліктеріде бар. Жазда қасқырлар жалғыз басты болып аң аулайды,
жасырыну әдісін қолдана отырыпғ ұсақ жануар мен балаларын аулайды. Қыста
қасқырлық тобыры кеңейгенде, олар жие топтық аңаулауды тәжірбиелейді; құрбан
ретінде ірі жануарлар басым болады.
Тышқан тәріздейкемірушілерді аулап жүріп, қасқырлар олардың індерін
қазып тастайды немесе жер бетіне қуып жөнелтеді. Бұл былай айтқанда
«қазбалау». Бұл тәсіл белгілі амалымен асырылады. Басында жануар қозғалыссыз
отырады неме тұрады орнында, қардың астында немесе жердің астындағы, басын
бірінші немесе екінші құалағын жерге тигізіп, тышқантәріздес кемірушінің иісіне
немесе сыбдырына құлақ салады. Кейін лезде сегіріп, бір жерге табанымен
соққылайды да тез – тез қаза бастайды. Жануар осылайша, жолы негізгі інінен
кесіліп қалады және жыртқыштың тісініһе ілініп қалады. Кейде осындай соққыдан
шошып кеткен жануар, лезде інінен шығамен деп, бірден жыртқыш аузына түсіп
жатады. Ұқсас тәсіл болып, қар астындағы тауықтарды аулауы болады, бірақ
мұнда әрекеттері өте сақ болуы керек. Қазбалау кезіндегі қоз,алыстары мен тұру
қалпы түлкілерді, қасқырларда, иттерде және шакалдарда бірдей болып келеді.
Келесі аңшылық сатысы – шабуыл жасау және өлтіру. Ірі құрбаның
қасқырлар мен иттер құрсағынан немесе мойынан ұстауға ұмтылады, кейін бастың
лезде қозғалысымен құрбанынан үлкен және терең жарақат салады. Ондағы анасы
үйреткен аз емес рөлін шабуыл ойнайды.
Ұсақ құрбаның қасқырлар әдетте бірден және аулап алған орнында жеп
қояды. Ірі құрбанын олар оңаша орынға алып кетуге тырысады. Өте ірі емес
жануарларын қасқырлар мойынан ұстап алып, басын жоғары көтеріп, тасып алып
кетеді. Ірі құрбаның сүйретіп тасыйды. Ірі құрбанын жей отырып, қасқыр тойып
азықтанады және алғашқы уақытта тұтас еттің қасынан кетпеуге тырысады, өз
құрбанының көптеген арамтамақтардан қорғаштайды – ұсақ жыртқыштардан,
құстардан, тышқантәріздес кемірушілерден. Әдетте, олардың көп санына
223
байланыста, оларға құрбаның толықтай жеп қоюға мұрша бермейді. Ит
тұқымдасы жыртқыштарының ортасын кең тарағаны азығына «ауыр күндер
үшін» деп көміптастайды. Иттер мен қасқырлар ет бөлшектерін асқазанында
тасып кейін оны құсыптастайды, ал ірі бөлшектерін ауыздарында тасып жүреді.
Асқазанда етті тасымалдау кезінде азыққорыту бездері тежеулеп қалады, ет
қорытылған белгілерсіз ақ құсып тасталады. Олар етті жерге несесе орманды
төсемекке жасырады. Қазады олар табанымен, ал тұмсығымен көмеді. Көптеген
қасқырлар және әсіресе түлкілер өз қорларын нәжіспен белгілейді. Иттерде
мұндай құбылыс өте сирек кездеседі.
Осындай жолмен ұрғашылары тамақты ұрпақтарына алып келеді. Қорға
жинау инстинкті жануарларда өте тұрақты және қамауда ұстаған кезде өзінің
мағынасыздығымен таңқалдырады, жануар «көму» кезінде ағаш төсенішті,
мұрынның қанатуға дейін барады. Иттерде үйжануары ретінде мыңжылдық
тіршілігіне қарамастан, осындай инстинкт жоғары немесе төмен дәрежеле
сақталып қалады. Иттер жие жай жерде азық бөлшегін, ұнататын ойыншықтарын
көміп тастайды.
Сонымен, аң аулау арқылы құрбаның ұстауы қасқырларда сан алуан болып
келеді. Олар оған жыртқыш, сондай - ақ үй жануарларын ұстап алуға, жалғыз,
шағын топтарымен немесе топпен, аймақтың ерекшелгін пайдлана отырып,
физикалық, экологиялық, құрбанның мінез – құлық ерекшелігін ескере отырып
аулауына мүмкіндік береді. Аң аулау тәсілдерінің байлығы – осы жануарлардың
басты себептерінің бірі ерекшелігі адам жағынан интенсивті қудалауын шыдай
алу қабілетінің икемді мінез – құлығы.
Қасқырдың жыртқыштық мінез – құлығы , оның инстинктті негізіне
қарамастан, өте икемді. Оный әр сатысы өз алдында туа біткен, шартталған тұқым
қуалауынан және жүре пайда болған бөлшектерінен, унитарлы реакцияны
құрайды. Нақты аң аулада барлық құрастырушы жиынтығының орындалуы
224
мінедетті емес, ол аң аулауға қатысушылары мен жануар саны және құрбанның
қасиеті ескеріледі. Осылайша, мысалы жана туған тұяқтылыларға, қояндарға,
жерде мекендейтін құстардың балапандарына ізде сатысы шектеледі, бірден лезде
өлтіруімен
аяқталатын,
міндетті
түрде
құрбаның
жеуме
аяқталады.
Қасқырларда аңшылық мінез – құлықытың негізі туа біткен белгілерде
құралады: қашып бара жатқан нысананы ұстап алу ынтасы, оның жақындауы
кезінде жасырынып қалу, қазатын жануармен ұқсас әрекет жасауы. Егер
бөлтіріктер бірнеше болса, онда оларда болашақ топтың және құрбаның табу
белгілері айқындалады: айдау, қоршау, айналу. Осындай бөлшектер ересектерде
сақталып қалады, сондай – ақ оны біз иттерде байқай аламыз.
Демек, аңшылық мінез – құлығы негізі ретінде, осы алты ерекшеліктері
қызметін атқарады, үшеуі жалғыздық ойында, қалған үшеуі – топтық ойында
жетіледі. Қалған аңшылық белгілері отбасының оқытылуы мен тәжірбиені бөлісуі
негізінде қалыптасады. Күшіктердің ойынында құрбанына шабуыл жасау мен оны
өлтіруіне байланысты көптеген тәсілдері кездестіруге болады. Ойын барысында
олар мойынға, иыққа және сирек ішке және аяқ қолдарына ұқсас шабуыл жасауы
байқалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |