Дәріс мақсаты:Мектептегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне сипаттама беру және олардың
арасындағы байланысқа тоқтау.
Ұғымдар:сабақ,жаңа материал,қортындылау,бекіту.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1.Биологияны оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары.
Әдетте ұйымдастыру бөлімінде сәлемдесу, оқушылардың жабдықтардыңкласс бөлмесінің сабаққа
әзір екенің тексеру, келмей қалғаның аңықтау. Жұмыс жоспарын хабарлау енеді. Ұйымдастыру
бөлімнің мақсаты сабақта жұмыс жағдайын туғызу. Сабақтың кезекті элементі үйге берілген
тапсырманы тексеру. Ол қойылған мақсатқа қарай әртүрлі әдістермен өткізіледі. Мысалы:жеке дара
шаппай немесе қарама жауап алу. Ауысша тексеру арқылы өткізуге болады. Әсіресе жекелеп сұрау
көп қолданылады. Сабақтың үш элементі жаңа материалды баяндау. Ол мұғалімнің баяндауынан,
әңгімесінен көрнекіліктерді көрсетуінен, демонстрациялаудан және оқушылардың өздігінен жұмыс
істеумен араласып отырған сөздік көрнекілік әдістері арқылы өтеді. Сабақтың 4 элементі жаңа
материалды бекіту. Оны кейде алғашқы немесе ілеспелі бекіту деп атайды. өйткені ол жаңа материал
баяндалған сол сабақ үстінде жүргізіледі. Ол мұғалімнің оқушыларға ең басты деген көңіл
аударуларына көмектесетін сұрақтар қоюы арқылы жүреді. Ол сұрақтарға оқушылар жаңа ғана алған
білімдерін қолданып, жауап береді. Кейбір жағдайларда жаңа материалдар бұрын меңгерілген
біліммен де байланысты болады. 5 элементі үйге тапсырма беру. Сабақтың бұл бөліміне
тапсырманың мәнін және егер қажет болса, оны орындау жолын түсіндіру. Оны мұғалімнің тақтаға
ол оқушылардың дәптеріне, күнделіктеріне жазуы енеді немесе тапсырманы ауысша айтуғаболады.
Сабақтың 6 элементі оның аяқталуы. Ол ұйымдасқан түрде өтуге тиіс. өйткені сабақ мұғалімнің
айтуы бойынша ғана бітеді.егер мұғалім сабақта жаңа күрделі материалды талдамақ болса, ол үй
тапсырмасын тексермей сұрауды жаңа материалды оның алдынан өтілгенмен байланыстырады.
2.Биологияны оқыту түрлерінің арасындағы байланыс
Негізгі білім немесе білімді тексеру, қорытынды. Білімді тексеру сабағы тақырыпты қаншалықты
меңгергенің білу үшін және қай бөлімдерді нашар игергенің аңықтау мақсатымен жүргізіледі.
Білімді тексеру сабағы оқушылардың іскерлігін байқау, ұзақ уақыт, ай, тоқсан ішінде материалды
қаншалықты және терең меңгергенің аңықтау білімді тексеру, ауысша сұрау жйне жеке сұрау
әдістерін пайдаланып, ол жазбаша түрде биологиялық диктант, сарамандық жұмыстар арқылы
өткізуге болады. Биология курсында сабақтың әртүрлітиптер ара- қатынасы бірдей емес. Ол
курсчтың мақсатына оқу- тәрбиелік мақсаты байланысты. Дегенмен жаңа материалды оқыту сабағы
мен түсіндіру лабораториялық сабақ сияқты көбірек қолданылады.Сабақтың әртүрлі типтері мен
түрлерінің құрлымы оқу материалының мазмұнына дидактикалық мақсаты әртүрлі әдістемелік
құралды пайдалануға байланысты. Сабақтың кез- келген типінен оның буындары арасындағы
байланысты аңықтаудың уақытты дұрыс бөлудің оның басты дидактикалық мақсаттарына
бағынуының мәні зор. Ондай болмаған жағдайда сабақтың жалпы жүйесі бұзылады. Ол ұғымдардың
дамуына оқушылардың ғылыми дүние-танымдық көзқарасының қалыптасуына теріс әсер етеді.
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар.
1. Биологияны оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама бер.
2.Биологияны оқыту түрлерінің арасында қандай байланыс бар.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г
3.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии
№ 16 дәріс
Тақырып: Биологияны оқытудың негізгі түрі – сабақ.
1.Сабақтың сипаттамасы
2.Сабақтың түрлері мен типтері
Дәріс мақсаты: Биологияны оқытудың негізгі түрі – сабаққа және оның типтеріне,түрлеріне
сипаттама беру.
Ұғымдар:сабақ,түрлер,типтер.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны. 1.Сабақтың сипаттамасы
Сабақ мемлекеттік бағдарламаға тұрақты сабақ кестесіне сай мектеп оқу орындарында бірдей
жастағы балалар ұжымы мен мұғалімнің ұйымдастырған оқу- тәрбие жұмысы. Биология сабағында
мұғалімнің басқаруымен оқушылар, жүйелі мемлекеттік бағдарламалардың тобына сай теориялық
білім практикалық дағды білікті алуы және жан- жақты жеке дамуы жүзеге асады. Сабақта жас
ұрпақтың дүниетанымдық негізі қаралады. Негізгі оқу материалы сабақта оқылады. Онымен басқа
биологияны оқыту түрлерімен ( топ серуен ) тәжірибе қою, тірі табиғи бұрышты бақылау, кеш өткізу
сыныптан тыс оқу байланысты. Сабақта мұғалімнің басқаруымен оқушылар білімнің қарапайым
сатысынан күрделіге аяқ басады. Логикалық ойлауға үйренеді. Биологиялық ұғымның құрамын
ескере отырып, мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқу материалын берудің әдісін
тандайды. Сол сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз етеді. Жергілікті жердің маусымдық
ерекшелігіне байланысты мұғалім қандай үлестірме құралдарды міндетті түрде жинап алу қажет, тірі
табиғат бұрыш үшін қандай өсімдіктер мен жануарларды қай уақытта жинап алу қажет, қай кезде топ
серуен өткізуге мұражайға баруға болады соның барлығын ескеру қажет.Мұғалім қандай сарамандық
жұмыс тәжіребелерді дасап, демонстрациялауды сабақты қай кезінде пайдалану қажеттілігі ғылыми
кеш, конференция өткізуге болады, қай әдебиеттерді, сыныптан тыс оқуға ұсыну қарастыру қажет.
Барлығын алдын- ала қарастырып жоспарлауы қажет. Тақырыпқа сағаттарды бөлу, жылдық жоспар
құру кезінде өтілу мерзіміне мейрамды күндер тура келсе, оны ескеру керек. Мұғалім тақырып
бойынша бағдарламалардан ауытқуы мүмкін. 1 сағат 2 сағатқа көбейтуге көп сағат берілгендерді
азайтуға. 2.Сабақтың түрлері мен типтері
Сабақтың негізгі екі түрі бар: дәстүрлі және дәстүрсіз. Әрбір сабақ белгілі класс үшін дәл осы пән
бойынша өткізілетін сабақтар жүйесіне ене отырып, сонымен бірге оқу процесінің аяқталған буыны
болып табылады. Сабақ типологиясы әрі қиын, әрі күрделі мәселе. Оның типологиясы мен құрлымы
туралы педагогикалық баспасөз беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді. Педагогикалық
тұрғыдан алғанда биология сабағының типтері төмендегідей: - кіріспе - жаңа білімді игеру -
білімді қабылдау және бекіту
- білімді тексеру - білімді қайталау және қорыту .Сабақ біртұтас бола отырып, мұғалімнің класпен
жүргізетін жұмысынын оп- оңай бөлшектенетін біртұтас кезендерінен тұрады. Сабақтың оңай
ажыратылатын бұл бөлімдері сабақ элементтері деп аталады. Кейбір сабақтарға элементтердің
барлығы ал екіншілеріне тек кейбірі ғана енеді. Қазіргі кезде сабақ құрлымына аса көңіл бөлінуде.
Сабақ құрлымы сабақ тұтастығын қамтамасыз ететін оның элементтерінің жиынтығы. Әрбір
сабақтың құрлымы оның мақсатына, оқылатын материалдық мазмұнына, оқытудың әдістері мен
тәсілдеріне оқушылардың дайындық деңгейіне тәуелді болады. Әртүрлі сабақтар құрлымыныңұқсас
болуы мүмкін емес, ең алдымен құрлымына барлық негізгі элементтер енетін аралас типті сабақты
таңдап көрелік. Ол мынадай кезеңдерден тұрады:Ұйымдастыру кезені. Үйге берілген тапсырманы
сұрау.Жаңа материалды баяндау. Жаңа материалды бекіту, қорытындылау.Үйге тапсырма.Бағалау.
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:
1.Сабақ дегеніміз не,сипаттама бер.
2.Сабақтың қандай түрлері бар.
3.Сабақтың қандай типтері бар.
4. Сабақтың типтері мен түрлерін дұрыс таңдаудың маңызы неде.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г
3.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии
№ 17 дәріс
Тақырып: Сабаққа дайындық
1.Сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттері
2.Мұғалімнің сабаққа дайындығы, еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуы
Дәріс мақсаты: Сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін анықтау және оны
жүзеге асырудағы мұғалімнің орнын көрсету.
Ұғымдар: білімділік, тәрбиелік, дамытушылық.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1.Сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттері
Сабақтың тиімділігі жоғары болу үшін: мұғалімнің білімі, класс сапасы оқушының сабаққа
қызығушылығы оқушымен оқытушының қарым- қатынасы сабақтың кестедегі орны соңғы сабақ
кабиниеттің жабдықтауы. Мұғалімнің сабаққа дайындауы:
1. Сабақтың тақырыбын сәйкестендіре отырып, сабақтың әдістері типін таңдау.
2. Мектеп оқулығын ғылыми әдебиеттер методикалық нұсқауларды қарап шығу, керекті материалды
іріктеп оқу.
3. Сабақ тақырыбын сәйкестендіре отырып, сабақтың әдістері типін таңдау.
4. Көрнекіліктерді таңдау.
5. Сабақтың құрлымын аңықтау, логикалық жүйелеу.
6. Сабақтың әрбір этапына көңіл бөлу.
7. Сабақтың жалпы жоспарын құру. Олар:
- сабақтың тақырыбы.
- сабақтың мақсатының мақсаттарын ( білім, тәрбие, дамыту)
- әдістерді жазу.
- керекті құралдар, әдебиеттер.
2.Мұғалімнің сабаққа дайындығы, еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуы
Конспектінің жақсы жазылуы үнемі жетістікке апармайды. Шындығында да мұғалімнің жоғары
практикасы да жүзеге аса бермейді. Сабақтың сапасы мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты.
Жаңа материалды игеру сөзге, кесте, схемаларға, т.б байланысты әңгіме барысында оқушыларды
үнемі нысанаға алып ілестіріп отыру, оқушылардың қызығушылығын арттыру, байыту.
- оқушылардың отырған жерінен сұрақ қою, жауабын сабаққа қатысын қадағалау.
- оқушыларды сұрақ берумен жауап беру мәдениетіне үйрету.
- жаңа материалды оқушылар тыңышталған кезде ғана түсіндіре бастау.
- әрбір оқушы назардан тыс қалмауы керек.
- оқушыларды қызықтырып, көрнекі құралдарды пайдалана білу. Оқушылармен өзінді тең дәрежеде
ұстауға тырысу.
- қиын жерлерді қайталап түсіндіріп, жаздырып отыру.
- ғаламның соңғы жаңалықтарымен таныстыру.
- материалдың практикасының маңызын айту.
- оқушылардың өз бетінше іздену қабілетін творчестволық қызығушылығын ояту.
- логикалық түрде айтуға дағдыландыру.
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:
1.Сабақтың білімділік мақсаты неде.
2.Сабақтың тәрбиелік мақсаты неде.
3.Сабақтың дамытушылық мақсаты неде.
4 .Сабақтың мақсаттарының арасында қандай байланыс бар.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г
№ 18 дәріс
Тақырып: Ойын түрлерін пайдаланып,сабақты құрастыру әдістері.
1.Биологияны оқытудағы ойынның көптүрлілігі.
2.Биологияны оқыту процесіндегі ойынның орны.
Дәріс мақсаты: Биологияны оқытудағы ойынның көптүрлілігі және биологияны оқыту процесіндегі
ойынның орнын анықтап,сабақ өткізуді меңгерту.
Ұғымдар:рольдік ойын,жұмбақ шешу ойыны.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1.Биологияны оқытудағы ойынның көптүрлілігі.
Биология сабақтарында ойын түрін қолдана отырып,сабақты түрлендіріп өткізуге болады.
Ойынды қолдануда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.Ойын элементін
пайдалануда оқушылар оқу материалына қосымша материалдар іздейді және ұжымдық іскерліктері
артады.Сабақта ойынды әртүрлі әдістермен жүзеге асыруға болады.
2.Биологияны оқыту процесіндегі ойынның орны.
Биологияны оқыту процесіндегі ойынның орнын дұрыс анықтай білу,сабақтың мақсатына жетуіне
жәрдемдеседі.Өсімдіктану,жануартану,тәнтану,тіршіліктану курстарында ойынды сабақ сұрау
барысында ,үлкен тарауды қорытындылау кезінде қолдануға болады.Ойын арқылы оқушылардың
қызығушылығын арттырып,нашар деген оқушының өзін сабаққа тартуға болады.Сондықтанда
сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы өте жоғары болады.
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:
1.Ойынды сабақтағы орны,маңызы.
2.Өсімдіктану пәніндегі ойынның орны.
3.Жануартану пәніндегі ойынның орны.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
2. «Биология,география және экология» журналы,№2,6,9.2000,2002ж.
№ 19 дәріс
Тақырып: Топсеруен-биологияны оқыту формасы ретінде.
1. Топсеруен түрлері,биологияны оқыту жүйесіндегі орны.
2.Топсеруенді табиғатта өткізу және ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Дәріс мақсаты Топсеруен түрлері,биологияны оқыту жүйесіндегі орны және ұйымдастыруға
қойылатын талаптар туралы әңгімелеу.
Ұғымдар:топсеруен,оқу формасы,мопфология,анатомия.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1. Топсеруен түрлері,биологияны оқыту жүйесіндегі орны.
Мектеп топ серуені мұғалімнің бағдарламаға сай тақырып таңдап табиғи немесе жасанды жағдайда
танымдық мақсатта класпен немесе оқушылар тобымен өткізілетін оқу тәрбиесін жұмыс түрі.Топ серуен
сабақ жүиесіне кіреді негізі көктемде, күзде өсімдіктанк, жануартану, тіршіліктану курсы
бойыншажүргізіледі. Топ серуеннің мазмұны өткен сабақ материалымен өте тығыз байланысты және
алынған мәліметтер бақылау және жиналған материалдар нәтижелері келесі көптеген сабақтарда
қолданылады. Мұғалім алдын ала жылдық жоспарда топ серуеннің өтілу мерзімін анықтап топ серуеннің
тақырыбына сай табиғи құбылыстар мен оқушыларды таныстырады. Бұдан сұрақ туындайды. Ол
сұраққа жауап беру үшін қайталауға тапсырма береді, алдын ала матнриалдармен танысады. Топ
серуеннің танымдық, тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың білімін тереңдетіп шындайды. Оқушылар
өсімдіктер мен жануарларды табиғи ортада көреді. Өсімдік топырақпен байытылған, жануар өсімдікпен
байланыстылығын, биоценоз туралы жалпы мәлімет алады. Топ серуенде бұрыннан таныс ағзалар және
құбылыстар ұғымын кеңейген түрде қарай топ серуенде оқушылар эстетикалық эмоция сезеді.
2.Топсеруенді табиғатта өткізу және ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Әрбір топ серуен жергілікті жерді анықтауын бастайды . Оман ба, батпақ па, дала ма, шалғын ба ол
лантшафт бөлігіне байланысты өскен өсімдігіне байланысты анықталады. Табиғатта әр бір бұрышының
әр маусымында өзіндік әдемілігі болатын оқушыларға түсіндірусіз керек. Кіріспеден соң бақылау орны,
мерзімі нақтыланып оқушы материал жинауға кіріседі. Топ серуеннің бастамасы, мұғалім сұрақ қойып
оның әнгімелесуімен басталады. Топ серуеннің келесі негізгі бөлімі өз бетімен бақылау жүргізуі бірінші
топ серуенде оқушыға кездескен барлық объект атын атап тіркете беруге болмайды. Тек қажетті деген
қарапайым 5-10 өсімдік жануар түрлерімен таныстыру керек. өсімдіктің тек бір ғана мән беріп қана
қоймай оны біртұтас ағза ретінде онын топ серуен мен байланысында қарастырып кеткен жөн. Топ
серуенде тақырыпқа байланысы бар объектілерді көрсетіп, ал тақырыптан тыс объектілерді
таныстырудын қажеті жоқ. Анатомиалық, морфологиалық анықтамасын класта сарамандық жұмыста
өткізу керек, әсіресе өсімдіктің қандай ортада кездесіп тұрғанын онын бұл жерге қалай таралғаны
туралы атап кеткен дұрыс. Мсысалы: бейік ағаштарды тұқым жемістері желмен тарайды. Аласа ағаш
бұталарының жемісі құстарымен тарайды, төменгі ярус өсімдік тұқымдары ұсақ жануарлар арқылы
таралады. Өз бетімен бақылаудың тапсырмасы келесідей анықтау, өлшеу, сипаттау, тірі материалды
жинау оқушының өз бетімен кезінде мұғалім барлығын сыртынан қарап жүреді де белгілі бір синалда
барлық оқушылар талқылауға жиналады
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар
1. Топсеруен түрлерін ата.
2.Топсеруеннің оқыту жүйесіндегі орны.
3.Топсеруенді табиғатта өткізу және ұйымдастыруға қойылатын талаптарды ата.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г
№ 20 дәріс
Тақырып: Биологияны оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер
1.Оқытудың жаңа технологиялары.
2.Модульдық технологияны пайдаланып сабақты құрастыру әдістері
Дәріс мақсаты:Биологияны оқытуда қолданылатын жаңа әдістерге тоқталу және сабақтағы орнын
анықтау.
Ұғымдар: модульдық технология,танымдық, іс-әрекеттік,аралас.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1.Оқытудың жаңа технологиялары.
Мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету,оларды
отандық,ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату-басты міндет болып қала береді.Өйткені
егеменді елдің ертеңі оқу-білімнің тереңдігімен өлшенеді.Толассыз үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан
да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі
оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы
тиіс.Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса ,оқушыларға оның әсері мен
ықпалы ерекше болады.Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу оқыту үрдісінің
тиімділігін арттырып қана қоймай басқа да көптеген мәселелерді шешеді. «Технология»терминінің
түсіндірмесі әр қилы В.И.Шепеельдің айтуы бойынша технология-өнер,шеберлік,біліктік,жағдайды
зерттеуге бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы ұғымын білдіреді.Технологияларға жатады:қалыптасқан
оқыту жүйесі,жетілдірілген тех.,баламалы тех.,дамыта оқыту тех-лары және авторлық мектептер.
2.Модульдық технологияны пайдаланып сабақты құрастыру әдістері
«Модуль» белгілі бір жүйенің құрлымының өз бетінше бола алатын,бөліне алатын бөлшегі екені белгілі.
С.И.Ожеговтың сөзіне үңілсек модуль-оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген технологияның бір
мақсатты түйіні.Модуль-оқушының мазмұнды,оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейімен оқу-таным
әрекетіне сай жеке оқу бағдарламасы.Сабақты құрастыра отырып, оқу жөнінде ақпарат
беретін:оқулық,қосымша
әдебиеттер,кесте,сызбанұсқалар,техникалық
жабдықтар
т.б.құралдар
пайдалануға болады.Модульді сабақтарда тапсырмалар орындау үшін білімді тексеретін әртүрлі
бақылаулар қолданылады.Олар:өзін-өзі тексеру,өзара тексеру,мұғалім тексеруі,ағымдағы және аралық
тексеру.Осылайша білім олқылықтары ,модульді игеру анықталады.Модульдер шартты түде үшке
жіктеледі:танымдық,операциялық,аралас.
Негізгі кесте:модульді бағдарламаны құрастыру сызбанұсқасы.
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:
1. «Модуль» дегеніміз не.
2. «Технология» дегеніміз не.
3. Модульдық технологияның типтерін ата.
4.Модуль сабақта қалай қолданылады.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г
2.«Биология,география және экология» журналы,№1,2002ж.
№ 21 дәріс
Тақырып: Оқушылардың білім сапасын тексеру.
1.Білімді тексеру түрлері және олардың сипаттамасы.
2.Бологиядан дидактикалық дәптер және оның сабақтағы орны.
Дәріс мақсаты: Білімді тексеру түрлеріне тоқталу және оларға сипаттама беру.Дидактикалық дәптер
туралы баяндау,түсіндіру.
Ұғымдар: дидактикалық дәптер,кесте схема,табльица.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1.Білімді тексеру түрлері және олардың сипаттамасы.
Оқушылардан сабақ сұрау әдістері:- оқушыларды тақтаға шығарып, сұрау.
жазбаша және ауысша есептер шығарту.- топ бойынша таблица немесе схеманы сыздыру тақтаға -
жазбаша жауап беру.- салыстырып жауап беру.- оқушылардың жеке еңбегін бағалау (баяндама, реферат,
тәжірибе қорытындысы).- жауаптарға талдау.- жеке тапсырма кестені толтыру.Сол сияқты 3 деңгейлі
тапсырмалар
беру:кроссвордтар
шешу.схема
бойынша
әңгіме
құру.бір-
біріне
сұрақ
қойғызу.терминдерді тексерту.
Оқушылардың дәптерге жазу қабілетін дамыту:
- сабақтың жоспары мен мақсаттары аңықталады.
- сұрақтар.
- кесте, схема.
- практикалық сабақтың нәтижесі.
- жауаптар.
- қысқаша конспектілер.
- әдебиеттер.
- үй тапсырмасы.
Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеуге дағдыландыру:
- тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беруге үйрету.
- тақырып мазмұның айтқызу.
- негізгі терминдермен ұғымдарды дәптерге жазу.
- аңықтамаларды жазу.
- конспектілеу.
- тақырыптың жоспарын жасау.
- оқушылардың тақырыпқа сұрағы.
- эллюстрациялармен суреттермен жұмыс.
- өсімдіктерді, жануарларды аңықтау.
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:
1.Білімді тексеру түрлері және олардың сипаттамасы.\
2.Бологиядан дидактикалық дәптер және оның сабақтағы орны
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г
2.Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии
22 дәріс
Тақырып: Тест – білімді, білікті және танымды тексеру әдістерінің бірі.
1.Тестілік тапсырмалар және оларға сипаттама.
2.Биология сабағында тестілік тапсырмаларды қолдану әдістері
Дәріс мақсаты: Тест – білімді, білікті және танымды тексеру әдістерінің бірі ретінде сабақтағы
орнын анықтау және маңызына тоқталу.
Достарыңызбен бөлісу: |