Дәріс мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде биология курстарының жүйесі, құрлымы мен
мазмұны туралы түсінік беру.
Ұғымдар: «оқу пәні»,интеграциялық, «тірі ағза».
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1.«Оқу пәні»түсінігі биологиялық циклдегі оқу пәнінің жүйесі.
«Оқу пәні»түсінігі биологиялық циклдегі оқу пәнінің негізгі мазмұнын ашады.Кез-келген «оқу
пәні»сол курстың негізіне бағытталып құрылады. Осы «оқу пәнінің»мазмұнын әдістеме
қарастырады. Биологиялық циклдегі оқу пәні негізіне өсімдіктану,жануартану,тәнтану,тіршілік-
тану кіреді. Биология оқу пәні ретінде өзіне тәнформасымен,әдісімен ерекшеленеді. Онда тірі
обьектілер және олардың тірі табиғаттағы қалыптасуы мен дамуы нақты зерттеледі. Оқу пәнінің
мазмұны ғылыми болу керек. «Оқу пәні» мен биология ғылымы құрлымы,көлемі,мақсаты жағанан
бір-бірінен ерекшеленеді. «Биология ғылымының»міндеті-табиғатты зерттеу жолымен жаңа
мәліметтер алу.Мектеп«оқу пәні»міндеті-ашылған ғылыми фактілерді және заңдылықтарды
оқушыларға жеткізу.Мектеп пәніне шектеулі уақыт беріледі,және оқушы нақты бекітілген ғылыми
деректерді ғана айтады. Биологиялық циклдегі оқу пәнінің жүйелігі сонда тірі ағзаларды оқуда
барлық пәндер бірігеді,интеграцияланады.Барлық деңгейдегі тірі ағзалардың тарихи дамуы және
жеке заңдылықтарын оқуда,бүгінгі ғылым эволюциялық ілім,генетика,экология. т.б.салаларды
біріктіріп,байланыстырып қарайды.Бұндай бірігу мұғалімнің материалды жеткізуінде уақыт
үнемдейді. Сонымен,оқу пәні білімді біріктіреді, сол жүйедегі сәйкес келетін ғылымнан жинақталған
құндылықтардан тұрады. «Оқу пәні»мазмұны бүгінгі таңдағы оқу бағдарламасына сәйкес болу керек.
2.«Өсімдіктер» курсының мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері
Курстың мазмұны қазіргі заманғы биологиялық ғылыми білім жүйесінің негіздерін және бұл жүйенің
мәдениеттегі орны мен қызметін бейнелейді,ал құрлымы оқушылардың таным мүмкіндіктерінің
дамуына
сай
анықталған.Пәннің
мақсаты-тіршілікті
ең
жоғары
құндылық
деп
түсінетін,экологиялық,эволюциялық ойлау деңгейі қалыптасқан,дүниенің ғылыми бейнесінің
биологиялық саласын бағдарлай алатын,тірі табиғатты зерттеу әдістерінен қажетті біліктері
бар,биологиялық білімін практикада қолдана алатын,биологиялық,эклогиялық сауатты тұлға
тәрбиелеу. Пәннің міндеттері-оқушылардың ғылыми дүниетанымын,оларда тірі жүйеге және адамға
деген қатынастың этикалық,эстетикалық критерияларын қалыптастыру,биологияны мәдениет
құбылысы ретінде таныстыру.6-сынып Биологиясы «Тірі организімдер» бөлімнен басталады.Одан
кейін «Өсімдіктер», «Жануарлар» деп аталатын ірі 2 бөлімге бөлінеді.
«Өсімдіктер»бөлімі үш тарауға бөлінеді.1.Жасуша организімнің тіршілігі мен құрлысының ең кіші
бірлік өлшемі.Өсімдік ұлпалары.2.Өсімдіктердің вегетативті мүшелері.3. Өсімдіктердің генеративті
мүшелері.Бірінші тарауда өсімдік жасушасының құрылысы,қызметі және ұлпалардың түрлері мен
жасушадағы орны айтылған.Екінші тарауда тамыр оның бөлімдері,тамырдың түрөзгерісі,өркендер
иен бүршік;сабақ түрлері,құрлысы,сабақтың түрөзгерістері;жапырақ оның құрлысы,фотосинтез,жап.
түрөзгерістері мен өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбеюі айтылған.Үшінші тарауда гүл
құрлысы,гұлшоғыры
оның
маңызы;өсімдіктердің
жынысты
кобеюі,тозандану
мен
ұрықтану;жемістер,тұқым дара –қос жарнақты тұқымдардың құрлысы;тұқымның өнуі
мен өскін туралы айтылған.
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар
1. «Оқу пәні »түсінігіне сиаттама бер.
2. Биологиялық цикілдегі оқу пәндерінің жүйесі қандай.
3. «Өсімдіктер» курсының мазмұны қандай.
4. «Өсімдіктер» курсының құрылымының ерекшеліктері.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
№ 10 дәріс
Тақырып: Өсімдіктану курсы бойынша өткізілетін зертханалық жұмыстарды жүргізу
әдістері.
1.Морфологиялық тақырыптағы зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу
2.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерді талдау.
Дәріс мақсаты:Өсімдіктану курсы бойынша өткізілетін зертханалық жұмыстарды талдау және
жүргізу әдістерімен танысу.
Ұғымдар:ұлғайтқыш әйнек, қол әйнек,морфологиялық,физиологиялық..
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1.Морфологиялық тақырыптағы зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.
Мектептің мақсаты-оқушыларды қазіргі ғылым негіздерімен терең таныстыру және алған білімді
практикада іскерлікпен қолдана білуге үйрету.Бұл міндетті шешуде биологияны оқытудың
практикалық бағытының маңызы зор.Оған зертханалық жұмыстар,сарамандық жұмыстар,мектептің
оқу тәжірбиелік үлескелеріндегі жұмыстар,жазғы тапсырмалар т.б.жатады.
Өсімдіктану курсы бойынша морфологиялық тақырыптағы зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру
мен өткізудің кейбіреуіне тоқталайық.Ұлғайтқыш құралмен жұмыс істеу тәртібінен өткізілетін
зерт.жұм.мақсаты:микроскоппен жұмыс істеу тәртібі,жеке жасуша құрлысы неден тұратынын
ұлғайтқыш құралмен көріп талдау арқылы жасуша-тірі ағза екеніне оқушылардың көзін
жеткізу.Препарат жасауды үйрету. Зертханалық жұмыстарды өткізу нұсқау қағазы бойынша
жүргізіледі..
2.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерді талдау.
Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерге.Жапырақта жарық әсерінен органикалық заттың
түзілуі;жапырақтың суды буландыруы;жарықта жапырақта көмір қышқыл газын сіңіріп,оттегін
бөлу;жапырақтың тыныс алуы жатады.Жапырақта жарық әсерінен органикалық заттың түзілуі.
Фотосинтез парагрофында 7-күн бұрын қойылған тәжірбиені демонстрациялап,орг.емес заттың
органикалық затқа айналуын оқушыларға түсіндіру мұғалім мақсаты.
Сабақтың жоспары:1.Сабақтың міндетін анықтау.2.Тәжірбиенің қалай қойылғанын мәлімдеу.
3.Жапырақтың түссізденуі мен онда крахмалдың түзілуін демонстрациялау кезінде қойылатын
сұрақтар.4. Жапырақта жарық әсерінен органикалық заттың түзілуіне қорытынды жасау. 5.Сабақты
қорытындылау,бекіту.Осы жоспар бойынша оқулықта берілген құрал-жабдықтарды қолдана отырып
тәжірбие жасалады.(бет59)әдістемесі оқулықта берілген. Жапырақтың суды буландыруы сол сабақты
түсіндіру кезінде,3-4күн бұрын қойылған тәжірбие арқылы демонстрацияланады. Мектеп
оқулығында тәжірбиені жасау әдістемесі берілген.Тек алдын ала тәжірбиені қою уақытын
календарьлық жоспар ескертпесіне жазған жөн. Сабақтың жоспары:
1.Оқушыларға су сіңірілу өсімдік тамыры арқылы жүретінін естеріне салу.
2.Сұрақ:-Өсімдіктің қай мүшесі су буландырады.Жауапты тәжірбиені демонстрациялау арқылы
айтады.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерді өткізу үшін алдымен мұғалім сабақ жоспарын
құрып, тәжірибені уақытылы қою керек. Тәжірбиені сол сабақты түсіндіру барысында немесе сол
сабақты қорытындылау да өткізуге болады. Тәжірбиенің өткізілу орнын дұрыс анықтау ,оқушыда
білімнің қалыптасуына үлкен етеді.
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар
1.Морфологиялық тақырыптағы зертханалық жұмыстардың маңызы неде.
2.Мектеп оқулығы бойынша зертханалық жұмыстар қалай құрылған.
3.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелердің маңызы неде.
4.Өсімдіктану курсы бойынша жүргізілетін зертханалық жұмыстардың ерекшелігі.
5.Тәжірбие қоюға қойылатын негізгі талаптар.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
№ 11 дәріс
Тақырып: Жануарлар курсының мазмұны, құрылымы
1.Жануарлар биологиясының мазмұны
2.Жануартану курсында өткізілетін зертханалық жұмыстарды талдау
Дәріс мақсаты: Жануарлар курсының мазмұнымен,құрылымымен студенттерді таныстыру және
ерекшелігіне тоқталу.
Ұғымдар:үлестірме карточка,нұсқау карточкасы,дидактикалық карточка.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1.Жануарлар биологиясының мазмұны.
Жануартану-жануарлардың
тіршілігін,құрлысын,тіршілік
әрекеті
процестерін,дамуын,ортамен
қарым-қатынасын зерттейді.Жануарларды оқытуда оқушыларда жануарлардың ортаға бейімделуі
туралы біртұтас идеяны қалыптастыратын мынадай негізгі ұғымдарды ерекше түсіндіруге болады:
1.Кез-келген ағза өзі тіршілік ететін орта жағдайларына бейімдеушілік қабілетке ие бола алады. Бұл
оның сыртқы түрінен,түсінен,құрлысынан,тіршілік әрекеттерінен көрінеді.
2. Бейімдеушілік ағзаның тіршілігін сақтауына,өсіп-өнуіне,артында ұрпақ қалдыруына,түрдің
сақталуына мүмкіндік береді.3.Бірақ бейімдеушілік салыстырмалы болады,яғни ағзаның тіршілігін
барлық жағдайда сақтап қала алмайды.4. Бейімдеушілік табиғи сұрыпталудың әсерінен жүреді.
Бұл бағыттар жануартануды оқытуда біртіндеп дамыса,тіршілктану курсында терең талданып
оқылады.Сабақтың соңында оқушылар мынадай қорытынды жасайды:Жануарлар өсімдіктер сияқты
тірі ағзалар,құрылысы жағынан ортақ белгілері бар,ол туыстықтарын дәлелдейді.Тақырыпты оқу
барысында жануартану-жануарлар жөніндегі ғылым екені ашып көрсетіліп,жануарлардың
ерекшеліктері мен жіктелу принциптері қарастырылады.
Жануарлар биологиясы 6және7-сыныптарда оқылады.6-сыныпта жануарлар бөлімі 2 тарауға:
Біржасушалы және көпжасушалы жануарлар деп бөлінеді. Біржасушалы жәндіктердің мекен
ортасы,құрлысы,қозғалуы,қоректенуі,тыныс алуы,көбеюі маңызы 6-сыныпта қаралса,ал7-сыныпта
біржасушалылардың көптүрлілігі қарастырылады. 6-сынып жануарлар биологиясының мазмұны
барлық омартқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысымен қызметі,асқорту,қан айналу,тыныс
алу,зәр шығару жүйелері көбеюі мен дамуы мінез-құлқы қарастырылған.
2.Жануартану курсында өткізілетін зертханалық жұмыстарды талдау.
Жануартану курсында өткізілетін зертханалық жұмыстар 7-сынып оқулығының соңында берілген.6-
сынып оқулығында жапнуартану курсы бойынша зертханалық жұмыстар берілмеген,онда тек
жануарлардың тіршілік әрекеттері,құрылысы мен қызметі берілген. Зертханалық жұмыс Кірпікшелі
кебісшенің құрылысын,қозғалысын және тітіркенгіштігін бақылаудан басталады. Мақсаты:
микропрепарат дайындап,кірпікшелі кебісшенің құрылысымен,тіршілік әрекетіменоқушыларды
таныстыру.Құрал-жабдықтар мен жұмыстың жасалу барысы оқулықта берілген.Зерт.жұмыс нұсқау
карточкасы бойынша жүргізіледі.(оқулық бет174)Сабақты бастамас бұрын мұғалім кірпікшелі
кебісшені өсіру әдісін айтады,сосын мынадай сұрақтарға жауап алады:кірпікшелі кебісшенің дене
бөліктерін табу,ядроның маңызына тоқталу;кірпікшелі кебісшенің ас қорыту ерекшелігіне тоқталу;
кірпікшелі кебісшенің маңызды қасиеті тітіркендіргіштікке тоқталу.
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жануарлар биологиясының мазмұнына сипаттама бер.
2. Жануарлар биологиясының нешінші кластарды қамтыған.
3. Жануарлар биологиясында өткізілетін зертханалық жұмыстарды ата.
4. Зертханалық жұмыстардың сабақтағы орынын анықта.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
2.Н.А.Рыков «Зоологияны оқыту методикасы»А,1953ж
3.Е.Т.Бровкин ж.б. «Зоологиря сабақтары» А-А, «Мектеп», 1984
4.К.Жүнісова «Зоология сабақтары»А-А, «Мектеп», 1984, 1981
№ 12 дәріс
Тақырып: Тәнтану курсының мазмұны, құрылымы
1.Тәнтану биологиясының мазмұны
2.Тәнтану курсында өткізілетін тәжірибелер ерекшеліктері
Дәріс мақсаты:Тәнтану курсының мектепте оқытылуының ерекшеліктеріне тоқтай отырып, жаңа
ұғымдарға сипаттама беру,тәжірбиелерге тоқталу.
Ұғымдар:генетика,эмбрион,эмбриология,гистология.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1Тәнтану биологиясының мазмұны.
Тәнтану биологиясы оқу бағдарламасына сәйкес жазылған.Тәнтану биологиясының мақсаты адам
ағзасының тіршілік құбылыстары мен құрлысы туралы жүйелі,ғылыми материалдарды оқушыларға
беру.Адам ағзасының құрылысы мен қызметін оқытуда, медицина ғылыммен байланыстылығы
мектеп оқушысының кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмек көрсете алатындай білім мен білікін
қалыптастырады.Зерттеу обекьтісі ретінде адам алынған.Басқа тірі ағзалар сияқты адам ағзасыныңда
негізгі қызметі зат алмасу,ассимиляция мен диссимиляция.Органикалық дүниенің дамуында адам
дамуы жоғарғы дәрежеден көрінеді.
Тәнтану
биологиясы
бірнеше
пәндердің
негізінде
құрылады,
гигиена,
физиология,
эмбриология,гистология.Тәнтану курсы ағзаны құрайтын жасушалар,ұлпалар,мүшелер, мүшелер
жүйесіне тоқтағннан кейін олардың құрлысы мен қызметі қаралады. Адам ағзасының жеке мүшелер
жүйесі қызметінің үйлесімділігі мен реттелуінен кейін ішкі секреция бездері беріледі.Мектеп
оқулығының
мазмұны-Жүйке
жүйесі,сезім
мүшелері,тірек-қимыл
жүйесі,қан
және
қан
айналым,тынысалу жүйесі,асқорыту жүйесі,зат пен энергия алмасу,зәр шығару жүйесі,терінің
құрлысы мен қызметі,адамның көбеюі мен дамуы,мінез-құлық және психика тарауларынан тұрады.
2.Тәнтану курсында өткізілетін тәжірибелер ерекшеліктері
Тәнтану курсында өткізілетін зертханалық жұмыс 1.«Жасушалар мен ұлпалардың микропрепаратын
микроскоппен
көріп
талдау»тақырыбынан
басталады.Мақсаты:дайын
препаратты
қарап,жасушалардың,ұлпалардың құрлысымен танысу.Ұлпалардың 1-1-нен айырмашылығын айыра
білу.Микропрепараттан көрген жасушасы мен ұлпа топтарының суретін кітаппен салыстырып
дәптерге
суреттерін
салу.
2.
«Тізе
рефлексін
бақылау»тақырыбын
дағы
зерт.жұмыс,мақсаты:оқушыларға«рефлекс»,«рефлекстік доға»туралы ұғымды меңгерту және нейрон
топтарын ажыратып,дәптерге суретін салу. Мектеп оқулығындағы жұмысты нұс- қау бойынша
орындап,рефлексті бақылау.3.«Жүйке жүйесімен танысып,талдау»тақ.зер.жұмыс мақсаты:адамның
жүйке жүйесінің құрлысы туралы түсінік беру.Жұлын мен мидың құрылысын кесте және оқулықтағы
суреттер бойынша талдау.Ми қыртысының аймақтарымен таныстыру керек.Мұғалім таблицаларды
пйдалана отырып әңгімелейді.Жүйке жүйесінің құрылысы схемасын сызып сабақты бекітеді.
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:
1. Тәнтану биологиясының мазмұнына сипаттама бер.
2. Тәнтану биологиясының нешінші кластарды қамтыған.
3. Тәнтану биологиясында өткізілетін зертханалық жұмыстарды ата.
4. Зертханалық жұмыстардың сабақтағы орынын анықта.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Е.П.Брунов. «Уроки по анатомии,физиологии гигиене человека» Просвещение 1968г.
2.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
№ 13 дәріс
Тақырып: Тіршіліктану курсынын оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары
1.Тіршіліктану пәнінің міндеті және мазмұны
2.Тіршіліктанудағы оқу материалдарын іріктеу принциптері.
Дәріс мақсаты: Тіршіліктану курсының мектепте оқытылуының ерекшеліктеріне тоқтай отырып,
жаңа ұғымдарға сипаттама беру,тәжірбиелерге тоқталу.
Ұғымдар:оогенез,сперматогенез,жасуша химизімі.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1.Тіршіліктану пәнінің міндеті және мазмұны.
Тіршіліктану курсы 10-11кластарда оқытылады.Пәннің негізгі міндеті-оқушыларға тірі ағзаның
негізгі заңдары мен қасиеттерін,ағзаның жеке және тарихи дамуын түсіндіреді,биологиялық
құбылыстар мен процестерді және биология ғылымының келешегіне тоқталады. Тірш. курсы басқа
пәндермен,әсіресе химия мен тығыз бай-ты.Курс үлкен ғылыми материалдарды қамтиды.Тірш-у
курсының алдына оқушыларға тиянақты білім беру ғана емес, оқып отырған материалға толық сенім
туатындай етіп тәрбиелеу міндеті қойылған. Тірш. курсының мазмұны бүгінгі таңғы биология
ғылымының осы заманғы даму дәрежесіне сәйкес келеді.Бұл курста табиғатта үнемі жүріп отыратын
табиғи сұрыпталу процесі нәтижесінде түрлердің пайда болуы Дарвин ілімін баяндау мәселесі
қалпына келтірілді.Дарвиннің өзі түсіндіргендей тіршілік үшін күрес-түрлі формадағы биологиялық
бәсеке қарастырылады. Жалпы биология курсының жаңа мәселелерін қамтитыны,және биология
ғылымдарының негізін сақтайтындығы айқын көрінеді.Тірш-у курсының мазмұны 1-1не байланысты
мынадай тақырыптарды қамтиды.1.Кіріспе.2.Цитология негіздері.3.Жасушаның құрлысы мен
қызметі.4.Жасушадағы зат алмасу.5.Ағзалардың көбеюі және жеке дамуы.6.Генетика мен селекция
негіздері.7.Өзгергіштік.8.Эволюциялық ілім.9.Органикалық дүниенің даму жолдары. 10.Адамның
шығу тегі.11.Экология және биосфера туралы ілім.12.Биосфера эволюциясы.
2.Тіршіліктанудағы оқу материалдарын іріктеу принциптері
Тіршіліктану курсының материалдары педагогикалық талаптарға сай дұрыс іріктеліп құрылған.
Тіршіліктану курсын өткенде өсімдіктану,жануартану,тәнтанудан алған білімдеріне сүйену керек
болады.Курста тақырыптарды өту тәртібі сабақ оқыту кезінде түсінікті дамыта беру жөніндегі
әдістемелік теорияның талаптарына сай келеді. «Органикалық дүниенің дамуы»тақырыптарын
өткенде табиғатқа,мектеп оқу-тәжірибе аймағына топсеруен жасауға барлық курс тақырыптарын
өтуге қажет табиғи материалдар жинауға үлкен мүмкіншілік туады. Бұл аталған тақырыптарды күзде
–курс басында өту уақытына қарағанда өткен класқа жақын және сондықтан оқушылардың бұдан
бұрынғы жылдары басқа биологиялық пәндерден алған білімдерін қортуға және толық пайдалануға
мүмкіндік береді.Мұғалімнің бірінші міндеті органикалық заттар жөніндегі оқушылардың басқа
биологиялық курстардан алған білімін әсіресе тәнтанудан алған білімін пайдалану болып
табылады.Кейін оқытушы био-қ маңызды заттар туралы ең қажетті химиялық білім көлемін іріктеп
алады да,олардың химиялық мәніне тоқталмай қорытынды жасайды. (мыс: ақуыз,нуклейн
қыш..химияда оқиды)Оқушылардың бейорг.-қ химиядан алған білімдерін пайдаланады. Осылайша
жасуша химизмі түсіндіру жеңілдейді.Мыс:нуклейн қыш-ы молекуласы- ның құрлысын түсіндіру
қиынға соқпайды себебі ол оқушыларға көмірсу құрамы-өсімдіктанудан, фосфор қыш.қалдығы
бейорг-қ химиядан белгілі.Курс оқу пәні ретінде мазмұны әдістемесі және материалдарды
орналастыру логикасы оқушылардың жас ерекшелігіне,ақыл-ой жетілуі дәрежесіне сай келеді.
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар
1. Тіршіліктану биологиясының мазмұнына сипаттама бер.
2. Тіршіліктану биологиясының нешінші кластарды қамтыған.
3. Тіршіліктану биологиясында өткізілетін зертханалық жұмыстарды ата.
4. Зертханалық жұмыстардың сабақтағы орынын анықта.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Т.Қасымбаев.«Тіршіліктану оқулығы»А, «Мектеп»2002ж.
2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г
№ 14 дәріс
Тақырып: : Экология пәнін оқыту эдістері
1.Мектеп экологиясының мазмұны
2.Экология сабағының құрылымы және пәнаралық байланыстары
Дәріс мақсаты: Мектеп экологиясының бүгінгі таңғы құрлымына,мазмұнына тоқталу.
Ұғымдар:экология,биосфера,ноосфера.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1.Мектеп экологиясының мазмұны.
Қазақстанның егеменді ел болуына байланысты қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесі мен оның
сапасына күрделі өзгерістер тудырады.Оның үстіне мектеп құрлымы өзгеріп білім беру саласының
алдына жаңа реформалар жасауды талап етті.Оқытуды жақсарту үшін білім берудің жаңа құрлымын
мемлекеттік стандартын жасау қажет болды.Мектепте білім берудің мазмұның критерийлерін пәндер
мазмұнын өзгерту жаңа бет бұрыстарды өмірге әкеледі.
Экологиялық білім беру оқушылардың табиғатқа деген сын көзқарасын қалыптастырмай жүзеге асуы
мүмкін емес. Осыған байланысты оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып технологиясын жетілдіріп
отыруы қажет.Солардың бірі проблемалық жағдайлар туғызу арқылы білім беруді дамыту.Оның түп
мақсаты көтерілген фактымен құбылыстарды шешудегі оқушының білім қорының жетіспеу
қиындығын туғызу. Экологиялық білім берудің бүгінгі күннің талабына сай жетілдіру үшін оның
үздіксіз ұстанымын жүзеге асыру қажет.Экология курсын пән ретінде оқытудың 1-10сыныптарға
арналған мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру керек. Бұл 21ғасырдың күн талабына сай болып келеді.
2.Экология сабағының құрылымы және пәнаралық байланыстары.
Экология пәнін оқыту барысында оқушыларға білім,тәрбие және ой-өріс дамытатын педагогикалық
ғылым.ЭОӘ-ның мақсаттары:Пәнді оқытудағы міндеттерін анықтап алу.Әдістеме алдымен не үшін
оқыту керек деген сұраққа жауап береді.Экология пәнінің мазмұны мен мақсаты дидактикалық
талапқа сай болуы тиіс.Яғни,нені үйренеміз. Оқытудың жаңа әдістерін формаларын анықтау.Қалай
оқытамыз.Оқушылар қалай қабылдайды.Яғни,оқушылар қалай оқиды.Экологияны оқыту әдістемесі
үш қызмет атқарады:білім беру,тәрбие беру,дамыту.Оқушылардың экология ғылымын өз еріктерімен
оқып-үйренуге баулуға;оқушылардың ғылыми материалистік көз-қарасын қалыптастыру;
Табиғат заңдарын сүюге,қорғауға үйрету,білімді меңгеруге ынтасын арттыру.
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:
1.Мектеп экологиясының мазмұны қандай.
2.Экология сабағының құрылымы және пәнаралық байланыстарын ата.
Пайдаланылатын әдебиеттер
Әдебиет:С.Д:Дерябо «Экологическая педагогика ипсихология» Ростов-на-Дону«Феникс1996
№ 15 дәріс
Тақырып: Мектептегі оқу жұмыстарын ұйымдастыру түрлері
1.Білім берудің негізгі түрі сабақ.
2.Оқыту әдісінің мазмұны мен мәні.
Достарыңызбен бөлісу: |