Жаратылыстану-географиялық факультеті «Биология және экология»


Ұғымдар:тест,мәтін,мазмұн.  Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата15.03.2017
өлшемі0,97 Mb.
#9630
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ұғымдар:тест,мәтін,мазмұн. 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны.  

1.Тестілік тапсырмалар және оларға сипаттама. 

Оқушыларға сапалы білім беруде бүгінде кеңінен қолданып келе жатқан әдістердің  бірі – тест.Тест-

ағылшынның  бақылау  деген  сөзінен  шыққан.Тест-бақылаудың  жаңа  әдісі.  Тест  бүгінде  барлық 


пәндерде  қолданылады.Тест  арқылы  оқушы  сұрақ  жауабын  жалпылама  емес  нақты  жауап  беру 

арқылы білетін болады.Тест жүйесінің артықшылығы:уақытты үнемдеу, пәнді толық қамтиды, жауап 

қысқа  нақты  болады.Тест  жүйесінің  осындай  артықшылығына  байланысты  мектепте,ЖОО-да 

сынақтық жүйе тест арқылы өткізіледі.Күнделікті сабаққа тест тапсырмасын мұғалім өзі даярлағаны 

дұрыс.Жалпы бүгінде тест педагогикалық басылымдарда және жеке кітапшалар болып шығуда.Тест-

әдісінің бірнеше түрі бар.Оларды тиімділігіне байланысты дұрыс қолдану керек.Тест тапсырмаларын 

құрылу  құрлымына  байланысты  былай  бөлуге  болады.1)Дұрыс  жауапты  таңдау,яғни  бір  сұрақтың 

5жауабының тек біреуі ғана дұрыс.2)Балама тест(альтернативтік),яғни бір сұраққа «ия» немесе «жоқ» 

деген  жауап  беріледі.3).Толықтыру  тестісі,яғни  сұрақтың  толық  берілмеген  жауабын  тауып 

толықтыру керек.4)Сәйкестендіру тестісі,яғни сұрақтың берілген жауабын тауып сәйкестен- 

діру  керек.  Тест  тапсырмасын  шешуге  берілетін  уақыт    оның  қиындығына  байланысты,1-2  минут 

уақыт  жеткілікті  болады.  Тестіні  түрлендіріп  құрастыру  мұғалімнің  еңбегіне  тікелей    байланысты. 

Тестілер оқушының кеңінен ойланып,білімін тереңдетуге мүмкіндік береді. Бірақта тестінің баланың  

сөйлеу қабілетінің дамуын тежейтін жақтары да бар. 



2..Биология сабағында тестілік тапсырмаларды қолдану әдістері. 

Биология  сабағында  тестіні  дұрыс  орнымен  тиімді  қолдану  керек.Мұғалім  тестіге  арнайы  дәптер 

бастаған дұрыс.Әр тақырыпты өткен сайын мәтін көлеміне қарай сұрақтар құрастырылады.Сұрақтар 

саны  ыңғайына  қарай  4  тен  8  ге  дейін  болады.  Биология  сабағында  тестіні  үй  тапсырмасын 

тексеруде,меңгерген жаңа сабақты бекітуде қолдануға болады.  

Жоғарда  берілген  тест  әдістерінің  біріншісін  қолданған  тиімді,себебі:болашақта  ЖОО-на  түсерде 

қолданылады.  

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар: 

1.Тестінің тиімділігі неде сипатта. 

2.Тестіні қандай сабақ бөлімінде қолданған ұтымды. 

3.Тест тапсырмасын құруда қандай ережелерді ескерген жөн. 

4.Тестіні қолданудың әдістерін сипатта. 

Пайдаланылатын әдебиеттер 

1.Т.С.Сухова «Контрольные и проверочные работы по биологии» М, Изд.«Дрофа» 1997г 

2. «Биология,география және экология» журналы,№2,6,9.2000,2002ж. 

№ 23 дәріс 

Тақырып: Үй жұмысы – оқуды ұйымдастыру түрі ретінде 

1.Оқулық бойынша үй тапсырмасы 

2.Сарамандық үй тапсырмасы. 

Дәріс  мақсаты:  Үй  жұмысы  –  оқуды  ұйымдастыру  түрі  ретінде  екендігін  түсіндіре  отырып,  үй 

жұмысын орындауға қойылатын талаптарға тоқталу. 



Ұғымдар: үй тапсырмасы,сарамандық үй тапсырмасы. 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны : 

1.Оқулық бойынша үй тапсырмасы. 

Үй 


тапсырмасының 

мазмұны 


сабақпен 

байланысты 

және 

сарамандық 



немесе 

оқулық 


бойынша,мұғалімнің  үйге  берген  тапсырмасын  оқушылардың  үйден  өз  бетінше  орындауы. 

Оқушылар  көбінесе  оқулықпен  жұмыс  жасауды  білмейді.Олардың  кейбіреуі  сабақты  тек  жазба 

жазбалары бойынша ғана оқыса,келесілері мәтінді жаттап алады,ал үшіншілері тек шала қарайды. Ал 

баяндама әзірлеу барысында оқушылар кітап беттерін көшірумен шектеледі.Міне,үй тапсырмасы осы 

қателікті  болдырмауға  бағытталған.Оқушылардың  ой  өрісін  дамытады  ,өз  бетімен  жұмыстануын 

белсендіреді.Оқушылардың  оқулықпен  жұмыстануының  негізі  мәтінді  түсініп  оқып,ойланып  осы 

мәтіндегі  негізгі  мәселелерге  мән  береді.Мәтінге  дәлелдемелер  келтіріп  өз  ой-түйінімен 

қортындылайды.Тағы  бір  артықшылы-  ғы  бала  сөйлеуге  үйренеді,сөз  қоры  молаяды,көптің  алдына 

шығып  өзін  қалай  ұстау  керектігіне  дағдыланады.Оқушының  жұмысын  белсендіретін  оқулықтағы 

тарау  немесе  тақырыптың  соңындағы  сұрақтар.Сонымен  қатар  мұғалімнің  оқушыға  салыстыруға 

қойған  сұрақтары    да  маңызды.Себебі:сұрақтар  жылдан  жылға  қарапайымнан  күрделене  береді. 

Салыстыру  сұрақтары  оқулық  мәтініне  негізделіп  қана  қоймайды,оқушылардың  мәтінді  мұқият 

оқуын 

талап 


етеді.6сыныпта 

салыстыру 

жай 

объектілерді 



1-1мен 

белгілері 

бойынша 

ажыратады.7сыныпта салыстыру күрделене бастайды,себебі 6-сыныптың бір жылдық материалымен 

салыстырады.Сынып  өскен  сайын  салыстыру  көлеміде  ұлғая  береді.  Оқушы  мәтінді  алдағы 

материалмен  салыстырғызатын,  ұқсастығын  тапқызатын  үй  тапсырмасы    мәтінді  дұрыс  түсініп 



оқуын  дамытады.    Осыған  байланысты  оқушыға  кесте  толтыруды  да  тапсыруға  болады.Оқулық 

бойынша  үй  тапсырмасы  білімді  бекітеді.  Оқулықпен  жұмыс жасау  тәсілдері:  1)мәтінді  оқып  қарап 

шығу.2)мәтіннің  өте  қиын  бөлімін  талқылау.3)  сурет,кесте,сызбаларды  қарау.4)  сандық  шамаларды 

түсіну.Оқулықпен жұмыс істеген кезде мәтін  ішіндегі ең негізгілерін таңдап,фактілі материалдарды 

шығарып,түсінігін айта алу керек. 

2.Сарамандық үй тапсырмасы. 

Оқушылардың  табиғи  материалдарымен  өзбетімен  сарамандық  жұмыс  жасауы  өте  маңызды.  5 

сыныпта  табиғаттанудан  оқушыларға  өлі  табиғаттың  моделін  жасау  тапсырылады.  Оқушылар  жел 

дирмені,су  насосы  т.б.моделдерді  жасайды.Көптеген  тәжірбиелерді  сыныпта  көрген  оқушылар  өз 

бетімен  үйден  орындайды.Өсімдіктану  бойынша  үй  тапсырмасы  морфо-  логиялық,физиологиялық 

мазмұнда болады.  



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар: 

1.Оқулық бойынша үй тапсырмасы қалай жұзеге асырылады.  

2.Сарамандық үй тапсырмасының маңызы неде. 

Пайдаланылатын әдебиеттер 

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж. 

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г 

№ 24 дәріс 

Тақырып: Сабақтан тыс жұмыс. 

1. Сабақтан тыс жұмыстың ерекшелігі. 

2. Класс бөлмесінде, тірі табиғи бұрыштағы сабақтан тыс жұмыстар. 

3. Табиғаттағы сабақтан тыс жұмыстар. 



Дәріс  мақсаты:  Сабақтан  тыс  жұмыстардың  оқу-тәрбие  жұмысындағы  ерекшелігіне  маңызына 

тоқталу. 



Ұғымдар:сыныптан тыс жұмыс,тірі бұрыш. 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны :  

1. Сабақтан тыс жұмыстың ерекшелігі. 

Оқушылардың биология курсы бойынша сабақтан тыс жұмыстары оқушылар үшін міндетті және бұл 

жұмыс  тірі  табиғат  бұрышы  мен  табиғатта  жүргізіледі.  Бұл  жұмыс  мазмұны  жөнінен  оқу 

бағдарламасына тығыз байланысты.Бұл сабақ   көрсетуге әзірлей отырып тәжірбие жасау мен кеппе 

шөп жасау,микроскоппен жұмыс істеу,генетикадан есептер шығару.Әр оқушы жылына 1-2рет жұмыс 

істейді.Сабақтан 

тыс 

жұмыстар  өсімдіктану,жануартану,тәнтану,тіршіліктану 



курстарынанда 

жүргізіледі.Мыс:тіршіліктану  курсының  смабақтан  тыс  жұмыстарын  орындауға  көбіне  ұзақ  уақыт 

қажет сондықтан мұндай жұмыстар қажетті тақырыпты өтуден 2-3ай бұрын беріледі.   

2. Табиғаттағы сабақтан тыс жұмыстар. 

Табиғатқа  байланысты  сабақтан  тыс  жұмыстар  күзде  жүргізіледі;бұл  «Органикалық  дүниенің 

эволюциясы туралы Ч.Дарвин ілімі»тақырыбына материалдар жинау.Мұндай жағдайда сабақтан тыс 

жұмыстар  табиғатта  жүргізілетін  үй  тапсырмасы  тәрізді  болады.Тәжірбие  жасар  алдында 

«Органикалық 

дүниенің 

эволюциясы 

туралы 


Ч.Дарвин 

ілімі»тақырыбы 

әдіс 

темесі 


айтылады.Тәжірбие  әсіресе,ауыл  мектептерінің  оқушыларына  қызықты.Биология  пәнін  жақсы 

көретін оқушыларды оқытушы төменгі кластардан-ақ білуі керек және олардың осы талабын мұғалім 

барынша  қолдаумен  қатар  сол  ынта-талабының  бұдан  әрі  тереңірек  дами  түсуіне  көмектесуге 

міндетті. 



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар: 

1. Сабақтан тыс жұмыстың ерекшелігін сипатта. 

 2. Класс бөлмесінде, тірі табиғи бұрыштағы сабақтан тыс жұмыстарды ата. 

3. Табиғаттағы сабақтан тыс жұмыстардың маңызы неде. 



Пайдаланылатын әдебиеттер 

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж. 

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г 

3.Д.Комиссаров «Методологические проблемы школьного биологического образования» М,1991 



№ 25 дәріс 

Тақырып: Сыныптан тыс жұмыс. 

1. Сыныптан  тыс жұмыс түрлері. 

2. Топтық жұмыс. Жас натуралистер үйірмесі. 


Дәріс  мақсаты:  Сыныптан    тыс  жұмыстардың  оқу-тәрбие  жұмысындағы  ерекшелігіне  маңызына 

тоқталу. 



Ұғымдар:кластан тыс жұмыс,натуралистер үйірмесі. 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны  

1. Сыныптан  тыс жұмыс түрлері. 

Биологиядан  сыныптан  тыс  жұмыстар  сабақ  уақытында  қаралмаған,сабаққа  сыймаған  материалдар 

қаралады.Сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушылардың  болашақта  мамандық  алуға  байланысты 

мәселелеріне 

көмектеседі. 

.Сыныптан 

тыс 

жұмыстарға 



үйірмелер,кештер 

және 


конференциялар,кітаптар  оқу  мен  т.б.  ұйымдастыру  қажет  болады.Биология  үйірмесі  ынта  қойған 

және  қосымша  білім  алуға  ризалық  білдіретін  оқушылар  үшін  ұйымдастырылады.    Оқушылардың 

биология  пәніне  деген  қызығушылығын,ынтасын  дамыту  үшін  1-2оқушыны  ғана  емес  кластағы 

оқушылардың  барлығында  тарту  керек.Биология  үйірмесінде  өтілетін  үлгі  тақырыптар  курстын 

барлық  тақырыптарында  көрсетілген.Бұл  тақырыптар  ғылымға,табиғатқа  қоғамға  дұрыс  көзқараста 

тәрбиелейтін  дүние  тану  сиппаты  тақырыптар  болуға  тиіс.Кейбір  тақырыптарды  оқушы  талабына 

сәйкес  енгізуге  болады.Тақырыптардың  көбі  кітап  оқудан  басқа  тірі  табиғат  бұрышында  тәжірбие 

жасауды  табиғатта  бақылау  жүргіз-  уді  микроскоппен  жұмыс  істеуді  қажет  етеді.Үйірме  жұмысын 

жергілікті ғылыми мекемелер жұмысымен байланысты жүргізуге болады,бірақ үйірме жұмысын осы 

мекемелердің  өндірістік  тапсырмаларына  тәуелді  етіп  қоюға  болмайды.Оқушылар  тәжірбие 

жасағанда  және  оның  нәтижесін  өңдегенде  қол  еңбегін  істей  білулері    оның  маңызын  түсінулері 

керек. В.Л.Комаровтың мынадай сөзін еске түсірейік: «Дұрыс ұйымдастырылған сарамандық жұмыс 

оқушылардың ой-пікірін дамытуы және оларға берік білім беруі керек». 

2.Топтық жұмыс. Жас натуралистер үйірмесі. 

Сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушылардың  назарын  өздеріне  аударатындығы  сөзсіз.Ғылыми  кештерде 

баяндама  кезінде  кино  көрсетуге  кітаптардан  үзінділер  оқуға  музыка  ойнауға  өлең  айтуға 

болады.Ғылыми  кешпен  конференция  екеуінде  де  кітап  көрмесі  ашылады,оқушы  жұмыстары 

қойылады. Сыныптан тыс жұмыстар мен сабақтан тыс жұмыстардың барлығы мазмұны жөнінде де, 

оқуыту әдістері жөнінде де сабаққа байланысты болады. 

Сабақ  кезінде  оқушылардың  білімдерін  кеңітуге  не  тереңдетуге  ынтасы  ауады,бұл  сыныптан  тыс 

жұмыстар келесі сабақтарда дамытыла түседі. 



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар 

1. Сыныптан  тыс жұмыстар қалай ұйымдастырылады. 

2. Топтық жұмыс. Жас натуралистер үйірмесін қандай уақытта жүүргізіледі. 

Пайдаланылатын әдебиеттер 

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж. 

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г 

3.Д.Комиссаров «Методологические проблемы школьного биологического образования» М,1991 



№ 26 дәріс 

Тақырып: Халықтық педагогика – оқу процесінде. 

1. Биологияны оқытудағы халықтық педагогиканың орны.  

2. Жеке курстарды оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану. 

Дәріс  мақсаты:Халқымыздың  бар өмір  тіршілігі  тікелей  табиғат  аясында өткендігін,қазақ салттары 

мен дәстүрлерінің бала тәрбиесіндегі орны мен маңызына тоқталу. 



Ұғымдар: дәстүр,жора-жоралғы,тұрмыс-тіршілік,халықтық педагогика. 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны  

1. Биологияны оқытудағы халықтық педагогиканың орны.  

Халқымыздың  бар  өмір  тіршілігі  тікелей  табиғат  аясында  өткендіктен  табиғаттың  сан  алуан  құпия 

құбылыстарын  бақылай  жүріп  табиғатта  болатын  үйлесімділік  үндестігі  туралы  орынды  ой-

тұжырымдар  жасап  отырған.Мұндай  тұжырым  қорытындылар  көбі  жабайы  жануарлар  мен  табиғат 

құбылыстарының  арасында  болатын  өзара  табиғи  заңдылықтардың  ақиқатын  аңғартады  және  сол 

ағзалардың  тыныс  тіршілігіне  тән  құнды  деректерді  аламыз.  Халықтың  өмір  тәжірбиесінен 

күнделікті  табиғатқа  зер  сала  отырып  бақылауынан  қалыптасқан  қағидалардың  көптігін 

білеміз.Халық  медицинасы  халықтың  өзімен  бірге  жасалып  келеді  Балалардың  білім  дәрежесін 

кеңейтуге  мұғалім  өзге  пәндермен  өз  пәнін  байланыстыра  білу  керек,яғни  халықтық  педагогиканы 

енгізу керек. 



2.Жеке курстарды оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану. 

Өсімдіктану  пәнінен  қосжарнақтыларды  оқығанда  жергілікті  жердің  өсімдіктерін  салт-дәстүрмен 

тығыз  байланыстырып  қызықты  тартымды  өткізуге  болады.  Мысалы:сексеуіл  мықты  жанама 

тамырлы,жұлынуы  қиын  бұталы  өсімдік.Көшіп  қонып  өмір  сүрген  қазақ  халқы  оны  отынға 

пайдаланған себебі шоғы өте қызулы,сондықтан жылуды көп береді. 

«Қазақстандағы  дәрілік  өсімдіктер»тақырыбын  оқыған  кезде  өңірдегі  емдік  мақсатта  пайдаланатын 

өсімдіктер туралы айтылу керек. Жануартану пәнінен сүтқоректілер класын оқығанда төрт түлік мал 

өнімдеріне  ерекше  назар  аударып  ет,сүт,май,ағаш,төсеніш,киім-кешек  мал  өнімі  екенін  айту 

керек.Қазақ  төрт  түлік  малды  «мінсең  көлік,жесең  ет,ішсең  ақ,сусын»деп  тұжырымдаған.Қазақ 

халқының  әдет-ғұрыптарын,салт-дәстүрлерін  биология  сабақтарында  көптеп  пайдалану  болашақ 

қоғам иелерін білімді,көргенді өнегелі,еңбекқор етіп тәрбиелеуге қосар үлкен үлес. 



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар: 

1. Биологияны оқытудағы халықтық педагогиканың орны.  

2. Жеке курстарды оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану. 

Пайдаланылатын әдебиеттер 

1.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г 

2. «Биология,география және экология» журналы,№2, 1999ж. 

№ 27 дәріс 

Тақырып: Биологияны оқытудағы мектептің материалдық базасы. 

1.Биология кабинеті. Ұйымдастыруы, жабдықталуы, қойылатын талаптары. 

2.Көрнекі құралдардың іріктелуі және сақталуы. 

Дәріс мақсаты: Биологияны оқытудағы мектептің материалдық базасын әңгімелеу, жабдық 

тарға қойылатын талаптарға тоқтау. 



Ұғымдар: жабдақтар,биологиялық жабдықтар. 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны  

1.Биология кабинеті. Ұйымдастыруы, жабдықталуы, қойылатын талаптары. 

Биология  кабинеті  сабақ  өтетін  негізгі  бөлме  болып  табылады.Кабинет  құралдары  арнайы  жүйе 

бойынша  белгілі  талаптарға  сай  орналасуы  керек.Ең  бастысы  мұғалім  мен  оқушының  арасындағы 

жұмыс  орнын  қалыптастыру  керек.  Кабинетте  су  краны  болу  керек.  Суөсімдіктерді  күту 

үшін,сарамандық  жұмыс  үшін  және  күнделікті  жағдайда  қажет.Егер,су  краны  жоқ  болса  су  құюға 

болатын  үлкен  ыдыс  қоюға  болады.Мұғалімнің  жұмыс  орны  және  артындағы  көрнекіліктерді 

демонстрацияға ол көрн-ді қолдануға болатын талаптардың орындалуы керек.  

2.Көрнекі құралдардың іріктелуі және сақталуы. 

Биология  курсында  қажетті  құрал-жабдықтар  белгілі  дәрежеде  өсімдіктану,жануартану,тән- 

тану,тіршіліктану  курстары  бойынша  жабдықталады.Тірі  табиғат  бұрышына  бөлме  өсімдіктері-

бегония,традесканция,шашақты  хлорофитум,кактус  т.б.  жатады.Жануарлардан  суда  тіршілік  ететін 

сукандаласы  сүңгуір  қоңыз,ұлу  қолайлы  болады.Мектепке  жақын  жердегі  су  қоймасында  болатын 

жануарлар мен өсімдіктер түрлеріне ұқсас түрлерді аквариумға жіберіп,оның тірі биоценозы тізбегін 

жасау  өте  қызықты  болады.Тіршіліктану  курсы  үшін  дрозофил-шыбын  өте  қажет  бұларға 

будандастыру  жөнінде  тәжірбие  жасау  қолайлы  келеді.Сондықтан  оқытушы  бұларды  алу  үшін 

жергілікті жағдайдың бәрін пайдалан 

ады. 



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар: 

1. Биология кабинетінің маңызы. 

2.Ұйымдастыруы, жабдықталуы, қойылатын талаптарыды атап бер. 

3.Көрнекі құралдардың іріктелуі және сақталуын сипатта. 



Пайдаланылатын әдебиеттер 

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж. 

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г 

№ 28 дәріс 

Тақырып: Мектептің оку-тәжірибелік аймағы.  

1. Оку-тәжірибелік аймақ территориясын ұйымдастыру.  

2. Өсімдіктер биологиясы бөлімі. 

Дәріс  мақсаты:  Мектептің  оку-тәжірибелік  аймағының  мақсаты  және  оны  ұйымдастыру  туралы 

түсінік қалыптастыру. 



Ұғымдар:оку-тәжірибелік аймақ. 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны  

1. Оку-тәжірибелік аймақ территориясын ұйымдастыру.  

Оқушылардың  оқу  үрдісінде  алған  теориялық  білімі  әр  түрлі  сыныпта  жүргізілетін  практикалық 

жұмыстарда  бекітіледі.Мұндай  жұмыстардың  екі  жақты  пайдасы  бар,  біріншіден,  тәрбиелік  мәні 

жоғары  болса,екіншіден,  практикалық  жұмыс  арқылы  табиғатты  қорғау  жұмысында  айтарлықтай 

нәтижеге  жетуге  болады.Оқу-тәжірбие  үлескілерінде  өсімдіктер  және  жануарлармен  қарапайым 

практикалық  жұмыстар  орындау  арқылы  оқушылар  сыныпта  алған  білімін  тереңдетіп  ағзалардың 

өсуі мен дамуы жөніндегі мағлұмат алып,бағып-күтуді біледі.Әр мектепте оқушылардың санына жер 

жағдайына қарай 0,5-5,0 гектарға дейін жер бөлінеді. ОЛ күн түсетін,суқұбыры,құдық жақын жерге 

орналасуы керек. 

2.Өсімдіктер биологиясы бөлімі. 

Әр  оқу-тәжірбие  үлескісінде  өсімдіктердің  биология  бөлімі  болады.Бұл  бөлімнің  оқушылардың 

өсімдіктанудан  және  тіршіліктанудан  алған  теориялық  білімдерін  жақсы  меңгеруге  зертханалық 

сабақтар  үшін  материалдар  жинауда  үлкен  маңызы  бар.Биология  бөлімінде  5,6,7,10,11сыныптарға 

арнап өсімдік өсіретін жеке үлескілер бөліп берген тиімді. Бұл өсімдіктер жалпы биология пәніндегі 

әр  түрлі  заңдылықтарды  көрнекі  ету  үшін  пайдала-  нады.Бұл  үшін  таңдап  алған  өсімдіктер 

Н.И.Вавиловтың  тұқымқуалау  менөзгергіштік  гомолктік  қатарлар  заңын,түр  жөнінде  түсінікті 

заңдылықты  көрсететіндей болуы тиіс. 



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар 

1. . Оку-тәжірибелік аймақ территориясын ұйымдастыру маңызы. 

2. Өсімдіктер биологиясы бөлімі қалай жасалады. 

3.Әр түрлі сыныптардағы бөлімдердің айырмашылығы неде. 



Пайдаланылатын әдебиеттер 

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж. 



№ 29 дәріс 

Тақырып: : Мектептің оку-тәжірибелік аймағының жануарлар бөлімі 

1.Жануарлар бөлімін ұйымдастыру. 

2.Әртүрлі жануарлармен жасалатын тәжірибелер мен бақылаулар. 

Дәріс  мақсаты:  Жануарлар  бөлімін  ұйымдастыру  және  әртүрлі  жануарлармен  жасалатын 

тәжірибелерді анықтай білуге үйрену,олардың маңызына тоқталу. 



Ұғымдар: жануар бөлімі, өсімдік бөлімі 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны  

1.Жануарлар бөлімін ұйымдастыру. 

Ауылдық мектептің оқу-тәжірбиелік үлескілерінде жануарлар бөлімі болу керек.Жеке темір торларда 

үйшіктерде  үй  құстары  үй  қояндары  көгершіндердің  әртүрлері  бағылады.Жануар-  тану  пәнінің 

бағдарламасына  байланысты  оларға  негізінен  8класс  оқушылары  тәжірбие  жүргізеді.Жануарлар 

күнделікті  тамақтандырып  тұруды  қажет  ететіндіктен  оқушылар  кез-келген  уақытта  көп  жұмыс 

істеуіне болады.Жануарлар мен құстарды көп мөлшерде ұстауға болатын ауылдық мектептерде аула 

тазалығын сақтауды ескере отырып жануарлар бөлімін тасалау жерге орналастырған жөн. 

Жануарлар  мен  құстарды  бағып-күту  кезінде  оқушылар  олардың  өсуі  мен  дамуын  бақылайды 

денесінің  жеке  бөліктерін  өлшейді,азық  нормасын  мөлшерлейді  және  өнімді  есептейді.Оқушылар 

өнімі  әр  түрлі  бағыттағы  жануарларды  салыстыру  арқылы  берілген  дәр-  умендердің  жануарлардың 

салмақ қосуына тәжірбие жүргізеді. 

2.Әртүрлі жануарлармен жасалатын тәжірибелер мен бақылаулар. 

Биологпия  бөлімінде  жан-жануарлардың  барлығымен  таныса  алады.  Жауын  құрттарының 

топырақтағы  маңызы,құмырсқалардың  тасбақалардың,кірпілердің  т.б.пайдалы  жануарлардың  зиян 

кестіктермен  күрестегі  рольін  және  олармен  биологиялық  әдіс  арқылы  күрестің  мәнін 

анықтайды.Жеміс бағында бал арасының шағын омартасы жасалады.Бұл арқылы оқушылар олардың 

тіршілігімен және келтіретін пайдасымен танысады. 

Басқа пайдалы жәндіктердің зиянкестерін жеп,баққа пайда келтіретінін түсінеді. 

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар 

1. Жануарлар бөлімін ұйымдастырудың маңызы неде. 

2.Әртүрлі жануарлармен жасалатын тәжірибелердің қандай түрлері бар. 

3.Қандай жануарлар қолға тез үйренеді. 

4.Тамақты дұрыс берудің тиімділігі неде. 


5.Оқушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастырудағы орны. 

Пайдаланылатын әдебиеттер 

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж. 

2.В.М.Корсунская «Уроки общей биологии»М,1970г 

№ 30 дәріс 

Тақырып: Мектептің оку-тәжірибелік аймағында тәжірибелік жұмыстарды жоспарлау. 

1.Егістік бөлімі. 

2.Көкөніс бөлімі. 

3.Жеміс-жидек бағы. 

4.Гүлбақша бөлімі. 

Дәріс  мақсаты:Өсімдіктер  бөлімін  ұйымдастыру  және  оларды  бөліп  орналастырудың  маңызы 

туралы баяндау.Өз бетімен жұмыс ұйымдастыруға үйрету. 



Ұғымдар Егістік,көкөніс,жеміс-жидек,гүлбақша. 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 

1.Егістік  бөлімі.Бұл  бөлімге  көкөніс  дақылдары  ашық  жерде  немесе  беті  жабылған  жерде 

өсіріледі.Мектептің 

дүниетану,өсімдіктану 

және 


ауылшаруашылық 

еңбек 


сабақтарының 

бағдарламасына  сай  5-6сынып  оқушылары  өсімдіктермен  тәжірбие  жұмыстарын  жүргізеді.Әртүрлі 

ауылшаруашылық  дақылдарының  ылғалға,қоректік  заттарға  талабы  және  арамшөптерге  төзімділігі 

әртүрлі.Сондықтан тәжірбие үлескісінде сол айналадағы шаруашы- 

лыққа тән ауыспалы егістік жүйесі жүргізілуі тиіс.Ауыспалы егістікті екі бөлікке бөледі: 

1)-шісі осы жылғы тәжірбие жүргізілсе,2)-шісі жинақтамалық (коллекциялық)егістік болады.  



2.Көкөніс  бөлімі.Бұл  бөлімде  негізгі  көкөніс  дақылдары  ашық  жерде  немесе  беті  жабылған  жерде 

өсіріледі.Биология  және  ауылшаруашылық  еңбек  сабағының  бағдарламасына  сәйкес  5-6сынып 

оқушылары жүргізеді.Бұл дақылдарды міндетті түрде сол жердегі шаруашылыққа тән ауыспалы егіс 

жүйесімен  егу  керек.Көкөніс  дақылы  егілген  топырақ  бір  маусымның  ішінде  бірнеше  рет 

қопсытылатындықтан  топырақ  құрамы  өзгереді.Сондықтан  топырақтың  құнарлығын  қалпына 

келтіретін көп жылдық шөптің ауыспалы егіс жүйесі пайдаланылады.  



3.Жеміс-жидек  бағы.Мектептің  оқу-тәжірбие  үлескісінде  жеміс-жидек  бағы  үшін  басқа  бөлімдерге 

қарағанда  аумақты  жер  бөлінеді.Бақта  биология  және  ауылшаруашылық  еңбек  сабақтарының 

бағдарламасына  сай  6-7сынып  оқушылары  жұмыс  істейді.Онда  сол  ауданға  тән  барлық  өндірістік 

жеміс-жидек  және  маңызы  зор  сырттан  келген  өсімдіктер  өсірілуі  керек.Өсімдіктердің  сорттық 

құрамы негізгі аудандастырылған және оқу үрдісіне қажетті сорттардан тұрады.Жеміс ағаштарының 

аралығындағы  бос  жерлерге  бүлдірген,көкөніс  дақылдары  өсіріледі.Мектептік  бақ-оқушылардың 

тәжірбие базасы. 

4.Гүлбақша 

бөлімі.Мектеп 

гүлбақша 

бөлімі 

негізінен 



эстетикалық 

тәрбие 


үшін 

пайдаланылады.Гүлдер  әсемдігімен  жағымды  хош  иісімен  адамды  қуанышқа  бөлейді,эстетикалық 

сезім  туғызады.Гүлдер  өсімдіктану,тіршіліктану  сабақтарына  сараман-  дық  жұмыстар  қоюға  өте 

қолайлы.Газондар  мен  гүлкөмбелер  мектептің  алдындағы  көрнекті  жерде  жолдың  екі  жағына 

орналасуы 

керек.Мектеп 

гүлбақшасы 

үшін 


бір 

жылдықтардан 

жұлдызшешек(левкой),қашқаргүл(астра),үлпет(цинния),екі 

жылдықтардан-дәстүргүл(марга- 

ритка),және 

көп 


жылдықтардан 

қызғалдақ,жыланқияқ,баршынгүл(гладиус),наурызгүл(геор- 

гин),бақытгүл(хризантима)сияқты  т.б.өсімдіктер  алынады.Гүлбақша  үшін  көбінесе  көп  жыл-  дық 

өсімдіктер алынғаны дұрыс.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет