Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


тромбоциттер саны 250 000 — 350 000 жетеді



Pdf көрінісі
бет100/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

тромбоциттер саны 250 000 — 350 000 жетеді
. 
Бұл кішкентай жасушалар ағзада ӛте маңызды қызмет атқарады: 
1. Қан тамырлары қабырғасының бүтіндігін қамтамасыз етеді 
және зақымданған кезде қалпына келтіруге қатысады; 
2. Тромбоциттер тромба түзіп, қанның ағуын тоқтатады. 
Жалпы тромбоциттердің 5 түрлі популяциясын ажыратады: 
1. Жас түрі – 1 - 5%; 
2. Пісіп жетілген түрі - 88%; 
3. Есейген түрі - 4%; 
4. Дегенеративті - 2%; 
5. Ең ірі түрі - 2% (дм = 4-6 мкм). 
Жас тромбоциттердің диаметрі, есейген түрлеріне қарағанда ірілеу 
болады. 
Тромбоциттердің плазмолеммасы қалың гликокаликс қабатымен 
қоршалған, рецепторлық және адгезиялық (жабысу) процестерге қатысады. 
Бұл жасушалардың цитоскелеті жақсы дамыған, плазмолеммасының ішкі 
жағында орналасқан актин микрофиломенттері мен микротүтікшелер 
орналасқан. Актин филоменттері тромбоциттердің кӛлемін ӛзгертіп 
отырады және жиырылғыш қызмет атқарады. Тромбоциттердің грануломер 
бӛлігінде органеллалар мен арнайы түтікшелері болады. Жасуша 
қосындыларынан гликоген мен феритиннің майда түйіршіктері де кездеседі. 
Тромбоциттер алғашқылар болып қан тамыры зақымданған және қан аққан 
жерге жиналады. Олар бірі-бірімен жабысу процесі барысында тромб түзіп, 
зақымданған қан тамырының қабырғасын «бітеп» қанның ағуын тоқтатады.  
Лимфа (lympha - сұйық) – сарғыш түсті лимфа капиллярлары мен 
тамырларында жылжып ағатын сұйықтық. Лимфа сұйықтығының 
құрамында лимфоплазма мен лимфоциттер болады. Лимфоплазма 
химиялық құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас, бірақ белоктары аз. 
Лимфа сұйықтығында альбумин белогы кӛп болады. Белоктың құрамында 
диастаза, линаза және гликолитикалық ферменттер бар. Сонымен қатар, 
лимфоплазманың құрамында бейтарап майлар, қарапайым қанттар, NaCl, 


126 
Na
2
CO
3
тұздары, әртүрлі қоспалары бар кальций, магний, темір болады. 
Лимфаның құрамында фириноген бар, сондықтан ол қоюланып, борпылдақ 
ақшыл сары түсті болып ұйып қалады. Лимфа ақшыл сары түсті болатыны 
белгілі, бірақ, әртүрлі мүшелерден бӛлінетін сұйықтықтың құрамы, олардың 
зат алмасу процесіне және әрекет ету ерекшеліктеріне тәуелді. Мысалы, 
аяқ-қол мүшелерінен бӛлінген лимфаға қарағанда, бауырдан бӛлінетін 
лимфада белоктар кӛп болады, ішкі секреция бездеріндегі лимфа 
тамырларындағы сұйықтықта гормондар бар, майлы тамақ ішкеннен кейін 
ішектен бӛлінген сұйықтықтың түсі сүт сияқты ақшыл болады, себебі 
лимфа құрамында сіңірілген май эмульсиясы бар. Сондықтан ішек лимфа 
тамырларын «сүтті» тамыр деп атайды. 
Лимфаның 
пішінді 
элементтерінің 
құрамында 
моноциттер, 
лейкоциттер және лимфоциттер болады, кейде эритроциттерде кездесіп 
қалуы мүмкін. Ал, лимфоциттер пішінді элементтердің 98% құрайды. 
Лимфа ұлпадағы, мүшелердегі лимфакапиллярларда жиналып, 
кӛптеген факторлардың әсерінен (осмостық және гидростатикалық 
қысымнан) ұлпалардан лимфоплазмаға ӛтіп отырады. Лимфаның құрамы 
үнемі ӛзгеріп отырады, оны келесі түрлерге ажыратады: 
1. Шеткі лимфа – лимфа түйініне дейінгі; 
2. Аралық лимфа – лимфа түйінінен ӛткеннен кейінгі; 
3. Орталық лимфа - кӛкірек, оң жақ лимфа ағымындағы.  
Лимфа сұйықтығының қалыптасуына жасуша аралық кеңістікке қаннан 
бӛлінген су және басқа заттар, сонымен қатар ұлпа аралық сұйықтықтар ӛте 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет