Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет10/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Әлім Бірмағамбетұлы 1931 жылы 5 мамырда Қостанай облысы Наурызым ауданында өнегелі ұстаз отбасында дүниеге келген. Әкесі Қолдасбаев Бірмағамбет Торғай даласында Қазан төңкерісінен кейінгі халық ағарту жұмысының негізін қалаушылардың бірі болды.
1947 жылы Қостанай қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектепті бітіріп шыққаннан кейін Казақтың Абай атындағы педагогика институтының география факультетіне түсті. Ол оқып жүрген кезінде студенттердің ғылыми қоғамдық жұмысына араласып, өзінің зерттеу жұмысына ынтасын танытты.
Ә. Бірмағамбетұлы 1955 ж. Ташкенттегі Орта Азия университеті география факультетінің ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты.
Ғалымның қаламынан 150-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер шықты. Солардың ішінде мектепке арналған 6 оқулық және көптеген оқу құралдары бар. Ол жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған А.А.Половинкиннің '' Географияны оқыту методикасы '' (1953), М.И.Давыдованың және басқалардың ''СССР физикалық географиясы '' (1971), Т.В.Некмокованың ''Жертану'' (1978), Т.В.Влаеваның '' Материктердің физикалық географиясы''(1984 ,1985), орта мектепке арналған ''СССР физикалық географиясы'' (1975) , ''Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы'' (1991) оқулықтарын аударуға қатынасты. Ғылыми-салалық редакцияның төрағасы ретінде 12 томдық тұңғыш Қазақ ССР энциклопедиясын, 4 томдық қысқаша энциклопедиясын шығаруға атсалысты.
Терминкомның мүшесі ретінде қазақ географиялық терминдерінің қалыптасуына үлес қосты, георгафиядан терминологиялық сөздіктер жасауға қатынасты (1992, 2000).
Әлім Бірмағамбетұлының жоғарғы білімді педагог мамандар даярлау жөніндегі еңбегі ресми ұйымдар тарапынан лайықты бағаланды. Ол қазақ география қоғамының құрметті мүшесі.


Сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында орыс мектептерінде жаратылыстануды оқыту неліктен енгізілді?

  2. Жаратылыстану әдістемесінің қалыптасуында В.Ф.Зуевтің педагогикалық еңбектерінің маңыздылығы неде?

  3. А.Я.Гердті жаратылыстану әдістемесі ғылымының негізін қалаушы деп неліктен аталған?

  4. Жаратылыстануды оқыту әдістемесіне Д.Н. Кайгородовтың қосқан үлесі қандай?

  5. Жаратылыстанушы – педагог Л.С.Севруктың әдістемелік еңбектерінің мазмұны қандай?

  6. Ш.Уәлихановтың еңбектерінің білімділік, тәрбиелік мәні неде?

  7. Ә.Бірмағанбетұлының жаратылыстану әдістемесіне қосқан үлесі қандай?

  8. Жаратылыстану әдістемесінің ары қарай дамуында К.П.Ягодовский еңбектерінің қандай маңызы болды?

  9. ХХ ғасырдың бас кезіндегі бастауыш мектептердегі жаратылыстану пәндерінің мазмұны қандай болды?

  10. Жалпы білім беретін мектептердегі ХХ ғасырдың 70-ші жылдарындағы қайта құрулар неге жүргізілді және ол табиғаттануды оқытуға қандай әсерін тигізді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет