Сарамандық жұмыс №4
Материалдық база
Жұмыс мақсаты: Дүниетану, жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған дәрісханадағы көрнекіліктер және оқыту құралдарымен танысу. Тақырыпқа оларды таңдап ала білуге үйрету. Кейбір көрнекіліктерді: гербарийлер, альбомдар, жинақтамаларды өз бетінше әзірлей алу іскерлігін қалыптастыру.
Жабдықтыр: техникалық оқыту құралдары: интербелсенді тақта, бейнемагнитофон, фильмоскоп, диафильмдер, диапроектор, диапозитивтер, препараттар, жинақтамалар (коллекциялар), тұлыптар, гербарийлер, приборлар, кестелер.
Жұмыс барысы:
1-тапсырма. Дүниетану, жаратылыстану дәрісханаларындағы көрнекі құралдар мен оқыту құралдарының тізімін жасау. Оны келесі кестені толтыру арқылы орындау.
Дүниетану (жаратылыстану) дәрісханасындағы көрнекіліктер мен оқыту құралдарының тізімі
№1 кесте
Оқыту құралы
|
Техникалық оқыту құралы
|
Картографиялық құралдар
|
Гербарий, жинақтамалар
|
Ылғалды препарат
|
Бейнефильм,
электрондық оқулық
|
Диафильм. Диапозитив
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
№1 кесте (жалғасы)
Тұлыптар
|
Кестелер, картиналар
|
Приборлар
|
7
|
8
|
9
|
|
|
|
тапсырма. Кез- келген тақырыпты таңдап алып, керекті көрнекі құралдарды анықтау, қолданылуын ұсыну.
Тапсырма. Оқытушы тапсырмасы бойынша белгілі бір тақырыпқа слайд дайындап ұсыну.
Дүниетанудың пән ретінде мектеп курсындағы басқа пәндерден ерекшелендіріп тұратын өзіндік дидактикалық ерекшеліктері бар. Бұл интегративті пән болғандықтан, табиғат жайлы білімнің жалпылама жүйесін береді. Оқушыларды түсінікті дәрежеде денелер және құбылыстармен таныстырып, кейбір құбылыстардың арасындағы байланысты ашады, айналадағы дүниенің даму заңдылығын түсінуіне көмектеседі. Курстың негізгі міндеті бастауыш класс оқушыларында қоршаған дүниенің кең суретін қалыптастыру, ол біртіндеп негізгі деректер мен құбылыстардың жинақталуынан толығып отырады. Бастауыш мектеп жасындағы балалар дүниені біртұтас қабылдайды, оларды биологиялық, физикалық, химиялық құбылыстар деп бөлмейді. Бірінші кезеңде жаратылыстану ғылымдарынан берілетін білім интеграцияланып, табиғат құбылыстары және оның біртұтастығы жөнінде біртұтас, дұрыс ұғым қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл жағынан жаратылыстанудың пропедевтикалық пән ретінде маңызы зор. Оны оқыту кезінде дүниенің материалдылығы, оны тануға болатындығы, құбылыстар арасындағы байланысты түсіне білу мүмкіндігі қалыптасады..
Дүниетану пәнінен оқушылар өлі және тірі табиғат жөнінде, табиғат құбылыстары, денелері мен заттар, олардың қасиеттері және оларды адамның пайдалануы жөнінде алғашқы ұғымдарды алады. Бұнда олар адам ағзасының құрылысы және оның санитарлық-гигиеналық тәртіп ережелерімен танысады. Қазіргі кезде биология, химия, физика, география, экология пәндерінің ғылыми білім мәліметтері адамның табиғатты игеруіне мүмкіндік жасап, табиғи күштерді басқаруға, жаңа машиналар, технологиялар құруға мүмкіндік береді. Ғылымсыз ауылшаруашылығын да дамыту мүмкін емес. Сонымен қатар оқушылар адамның табиғатпен үздіксіз байланысты екендігін түсініп, оған аяушылықпен қарауға тиіс.
Барлық дүниетану пәнін оқытудағы өзекті мәселе- экологиялық білім. Бастауыш мектепте приоритетті болып отырған экологиялық білім. Әр тақырыпта оқушылар табиғат байлығын сақтау бағытындағы табиғатты қорғау шараларымен жанысады.
Халықты жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша ағартудың негізгі буыны болып, бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру саналады. Адамның табиғатпен қарым-қатынасы және көзқарасының қалыптасуы экологиялық білім мен тәрбиенің тиімділік дәрежесіне байланысты.
Дүниетану жаратылыстану ғылымдарының бір саласы, сондықтан табиғатты ғылыми негізде оқыту әдісінің орны ерекше. Объектілер мен құбылыстарды бақылау, эксперимент, табиғи объектілерді суреттеу, сарамандық жұмыс- оқытудың тиімді әдістері.
Табиғат заңдарын түсінуге қажетті біліммен қаруландыруда, айналадағы дүниені тануда логикалық ойлау әдісін қалыптастыру жаратылыстануды оқытудың негізгі міндеттері. Ол сыртқы ортадан түскен хабарларды талдап және байланыстыруға, табиғат құбылыстарын дұрыс бағалауға баулиды.
Дүниетану пәндері баланың ойлау қабілеттерін дамыту бағытында үлкен міндеттерді шешеді. Нақты объектілер мен құбылыстарды оқып үйренгенде бақылау жүргізе алу іскерлігі қалыптасып, ол оның негізін және өзара байланысын түсінуге мүмкіндік береді. Бақылағыштық - денелер мен құбылыстарды саналы қабылдау әдісі, ондағы жеке және жалпы белгілерді табау белгілі заңдылықтарды ашады, оларды талдап, қорытындылайды. Бақылағыштық баланың біртіндеп бағытты әрекеті нәтижесінде, тұрақты және жүйелі жаттығулар арқылы қалыптасады. Осының барлығының баланың ойлау қабілетін дамытуда елеулі маңызы бар, оларда логикалық ойлау қабілеті қалыптасып, қоршаған дүниені тануға құштарлық оянады. Дүниетану ғылымдары индуктивті және дедуктивті логикалық ойлау әдісіне үйретеді, бақылау кезінде көзге көрінбеген жасырын құбылыстарды терең бойлап, ой қорытындысын шығару дағдысын қалыптастырады.
Логикалық ойлау қабілетінің дамуы бірнеше кезеңнен тұрады.
1. Құбылыстар мен денелерді бақылау
2. Сұрақтарға қажетті жауапты табу үшін жоспар құру.
3. Әртүрлі бақылауға қажетті жағдайларды құрастыру
4. Зерттеу жүргізгенде күтілетін жауапты анықтау және тәжірибе кезінде дұрыс нәтижені таңдау, логикалық талдау жасау, ой қорытындысын шығару. Ойлау процесіндегі сезім қабылдаудың ролін ескеріп, көрнекіліктерді кеңінен пайдаланып, оқушылардың бақылауын ұйымдастыру қажет. Дұрыс ұйымдастырылған бақылау тек қана білімділік міндеттерді шешіп қоймай, тәрбиелік сипаттағы міндеттерді де шешеді.
Дүниетану пәнінің бастауышта дүниетану ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыруда үлкен тәрбиелік те маңызы бар. Дүниетану сабақтарындағы танымжорықтарда оқушылар табиғатпен танысып, оның әдемілігін көруге және түсінуге үйренеді. Табиғатты тану балаларға күшті эмоционалдық әсер етеді, тіршіліктің пайда болуы мен гормониялылығын ашады. Эстетикалық сезімдері дамып, табиғатқа деген қызығушылық пен сүйіспеншілік сезімі оянады. Оқушыларда әсіресе күшті сезім тудыратын тірі ағзалармен танысу, туған өлке табиғатын оқу, танымжорық жасау. Танымжорықтарда оқушылар табиғаттың алуан түрлілігімен танысса, туған өлкеге сүйіспеншілік оның табиғатын танып білу негізінде қалыптасады. Табиғат алдындағы адамның жауапкершілігін, оның көптүрлілігі мен байлығын сақтау қажеттігін баланың түсінуі экологиялық сауатты адамның қалыптасу жағдайы болып саналады.
Бастауыштағы жаратылыстану сабағындағы оқу материалы балаларды эстетикалық тәрбиелеуде жетістікпен пайдаланылады. Оларда табиғат бірлестіктерінің әдемілігі, жыл мезгілдерінің картиналары, табиғат ландшафтары әдемілік сезімін ұялатады. Табиғат және оның құбылыстары кемтар бола алмайды, табиғатта, жер бетінде таралған тірі ағзаларда бала гармониялықты көруі керек. Осы жағдаяттарды видеофильмдер, журналдардағы фотосуреттер, жазушылардың шығармалары, суретшілердің туған өлкенің табиғатын суреттейтін картиналары шешеді.
Балаларда санитарлы-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың үлкен маңызы бар. Ол жұмыс І класта басталып, мектептің әр деңгейінде оқыту кезеңдерінде жалғасады. Дене тәрбиесін және гигиенаны білу адамның салауатты өмір салты болып саналады.
Бастауыш мектептегі жаратылыстану пәні оқушыларда қоршаған дүниенің біртұтастығы туралы ұғым қалыптастырып, қызығушылықты арттырады, табиғат әсемдігін түсіне білуге, оны сүйіп, аялай білуге, табиғат жайлы ғылымдарды оқуда таным қызығушылығын, қоршаған ортаға шығармашылық қарым-қатынасын дамытады. Пәнді оқыту кезінде оқушыларда іскерлік пен дағды қалыптасады: гигиеналық, зертханалық-сарамандық, танымжорықтық, табиғатты қорғағыштық және басқа.
Достарыңызбен бөлісу: |