Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Бастауыш мектепте экологиялық білім мен тәрбиені факультативтік курс тү



бет16/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Бастауыш мектепте экологиялық білім мен тәрбиені факультативтік курс түрінде ұйымдастырып өткізуге болады, оның бағдарламасы мен мазмұнын төмендегідей алуға болады.
1. Экология деген не? (2 сағат)
Ағза және оны қоршаған орта. Экология-тірі ағзалардың арасындағы және оны қоршаған ортамен байланысы, адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы ғылым.
Экологиялық байланыстардың жіктелуі: тірі және өлі табиғат байланысы (өсімдік пен әртүрлі жануарлар арасындағы байланыс ) тірі табиғат пен адам байланысы.
Экологияның мәні мен маңызын мысалды зерттеу арқылы түсіндіру: Калимантан аралындағы безгек масаларымен химиялық күрестің зардабы (ДДТ химиялық удың көмегімен безгек масаларын жойған, бірақ қоректік байланыс «маса – тарақан- кесіртке – мысық» арқылы беріліп, мысықтардың құрып кетуіне себепкер болды; бұл егеуқұйрықтардың көбеюіне әкелді. Осы тепе–теңдікті сақтау үшін басқа жақтан мысық әкелу қажеттігі туды.
2. Жақын маңдағы өсімдіктер мен жануарларды танып білеміз (3 сағат ).
Белгілі бір жердегі кездесетін өсімдіктер мен жануарларды танып білуге арналған топсеруендер мен сарамандық жұмыстар.
(Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер, бунақденелілер, жорғалаушылар, құстар, аңдар және басқа жануарлар). Осы мақсатқа мұгалім мен оқушыларда бар анықтағыштарды, атластарды пайдалану. Жақын түрлерге тән болатын айырмашылықты анықтау .Өсімдіктер мен жануарлардың аттарын жақсы есте сақтау үшін ойынмен бекіту жаттығуларын жүргізу.
3. Жойылып кету қаупі туған тірі ағзалармен таныстыру (1сағат).
Сирек кездесетін ағзалар ( саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар ): түпті жуа, жаушұмылдық, меруертгүл, махаон көбелегі, ақбас тырна, арқар, қарақұйрық, т.б.. Олардың сыртқы ерекшелігі, көбеюі, мінез-құлқы және тағы басқа ерекшеліктері. Тірі ағзалардың сандарының азаю себебі, оларды қорғау шаралары.
4 .Табиғатты қорғау түрлерін оқып үйрену. (2 сағат )
Қорғалатын табиғат территориялары: қорықтар, қорықшалар, микроқорықшалар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері, ботаникалық бақ және зоопарктер – аз кездесетін өсімдіктер мен жануарларды қорғау және көбейту үшін ұйымдастырылады. Аз кездесетін түрлердің питомниктері. Өз еліміздегі және әлемдегі қорықтарға ойша сапар (мұғалімнің немесе оқушылардың ұсынысы бойынша 3-4 қорықтармен танысу ).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет