ТҰҒЫЛ... Əне, анау жайпақ т ұ ғ ы л
д а бұрын қазіргідей тоғай болмайтын,
пішен шабылатын (Ə.Əлімжанов, Отырар-
дан., 221).
ТҰҒЫРТАС з а т. 1. Ескерткіш
мүсіндердің астына қойылатын биік те
берік текше тас. 2. а у ы с. Тірек, негіз.
Иə, Мұқағали талантының берік т ұ ғ ы р
т а с ы – оның туған топырағында. Ол
соған тартып туған (М.Мақатаев, Соғады
жүрек, 2, 374).
ТҰЗАҚ... 2. а у ы с. Дұшпанның құрған
торы, айла-амалы. Құдайым сүйіндірсін
ұзағынан, Сақтасын дұшпандардың т ұ з а
ғ ы н а н! Тіл сұқтан, қауіп-қатер қағас қыл
деп, Қол жайып мен тұрайын бұл жағынан
(С.Торайғыров, Таңд. шығ., 242).
Тұзақ жіп. Тұзақ болуға жарарлық
жіп. Ноқта жіп, өре жіп, тұсау жіп, т ұ з а қ
ж і п, шылбыр жіп деп аталатын жіптер
де əр түрлі дайындалады (Лен. жас,
23.11.1972, 3).
ТҰЗАҚТА е т. Тұзақ құру. – Сенен
судың асау жыртқышын т ұ з а қ т а п
ұстауды үйренгенім байланғаным емес
пе, өзің ал, - дедім мен (Ж.Орманбаев,
Тұзақталған., 60).
Тұзақтап байлау. Тұзақ сияқты
ілмектеп байлау. Байлаудың күрмеп бай-
лау, қазықбау шалып байлау, т ұ з а қ т а п
б а й л а у, шиелеп байлау, ілмектеп байлау
деген түрлері бар (Пионер, 1984, №4, 30).
ТҰЗАҚША з а т. Кішірек келген тұзақ.
Осы екі арада Бақтыбай да т ұ з а қ ш а
н ы жіңішке мойынға түсіріп ала қойды
(З.Иманбаев, Қос қайың, 30).
ТҰЗДАУЫТ з а т. Тұзы бар жер, тұзды
сор. Ал жас етке тойған күні қасқырлар
т ұ з д а у ы т қ а тартады (Егем. Қазақст.,
27.06.2001, 11).
ТҰЗДЫ: Тұзды үй. Тоғызқұмалақ
ойынында тұздық алатын ұя; тұздық
үй. – Сен не себепті т ұ з д ы ү й д і
алмадың менен? – деді əкесі. – Т ұ з д ы
589
Байынқол Қалиев
ү й і ң і з д і алғаннан гөрі мен сіздің ұрадағы
он бес құмалақ ұпайыңызды алғанды
жақсы көрдім (Жыл он екі ай, 1978, 75). –
Сен көшкеніңмен маған т ұ з д ы ү й д і
беріп қойдың! – Ия, тұзды үйді бердім
(Бұл да).
ТҰЗДЫҚ¹... 2. а у ы с. Бетке ұстары,
мақтанышы. Бай мен бекке өшіккен бауке-
спе сыбызғышыларға не жетсін! Заманының
т ұ з д ы ғ ы еді ғой (Т.Əлімқұлов, Сырлы
наз, 120). 3. а у ы с. Əңгімесінің сəнін
келтіретін нəрсе. Ол кісінің «Əне, менің
шəкірттерім қандай!» - деп үнемі əңгімесіне
т ұ з д ы қ етері де біз емес пе едік? (Қаз.
əдеб., 16.08.1974, 4).
ТҰЗДЫҚ² з а т. Тоғызқұмалақ ойынында
бір ұяны белгілеу арқылы артықшылыққа
ие болу əрекеті. Тоғызқұмалақта мұндай
артықшылыққа ие болу «т ұ з д ы қ» немесе
«тұзды үй» деп аталады (О.Жолымбетов,
Айгөлек, 48). Жетінші, сегізінші отаулардың
қандықақпан, көкмойын атауларының
себебі – егер олар «т ұ з д ы қ қ а» берілсе,
үстінен жүріс көп өтетін болғандықтан
жүруші жақтың құмалағын азайтып,
қарсы жақтың позициясын күшейтіп
отырады (Бұл да). Бірақ т ұ з д ы ғ ы бар
жақ əрдайым ұта бермейді. Т ұ з д ы қ т ы
есеппен беріп, сан соқтыратын ойыншылар
болады (Лен. жас, 08.11.1988, 4).
Тұздық алу. Қолыңыздағы ең соңғы
құмалағыңыз қарсы жақтың отауында
жатқан екі құмалақты үшеу жасаса,
«т ұ з д ы қ а л ы н д ы» деп есептелініп,
ол үш құмалақты өз қазаныңызға салып
аласыз. Яғни дойбы ойынындағы биге
шыққан тас сияқты болу. Ойын барысында
«т ұ з д ы қ а л у» тұздық алған ойыншыға
үлкен артықшылық əпереді (Ə.Ақшораев,
Тоғызқұмалақ, 25). Алайда, тоғызыншы
отаудан т ұ з д ы қ а л у ғ а болмайды.
Сонымен бірге қарсы жақ т ұ з д ы қ а л
ғ а н отаумен нөмірлес отаудан да т ұ з д
ы қ а л м а й д ы (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік., 4, 118).
ТҰЗҚҰРТ з а т. Тұзын ащы етіп
жасаған құрт. Т ұ з қ ұ р т, сықпа қоры
əзірше жеткілікті (Білім жəне еңбек, 1972,
№6, 22).
ТҰЗСЫЗДАН е т. Тұзынан арылу,
тұщылану.
ТҰЗСЫЗДАНДЫР Тұзсыздан етіс-
тігінен жасалған өзгелік етіс.
ТҰЗСЫЗДАНДЫРҒЫШ з а т. Тұзы
мол (ащы) суды тұзынан арылтатын
қондырғы. Зерттеу қортындысы күн көзінен
жұмыс істейтін т ұ з с ы з д а н д ы р ғ ы ш
қондырғыны қолдану арқылы малды тұщы
сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз
етуге болатындығын көрсетті (Соц. Қаз.,
03.12.1975, 4).
ТҰЗСЫЗДАНУ Тұзсыздан етістігінің
қимыл атауы.
ТҰЙҒЫН з а т. с ө й л. Тойғын. Т ұ й ғ ы н
тазы ұзын екен, Үсеннің қолы тазының ба-
сына еркін жетті (Б.Дəулетбаев, Парыз, 97).
ТҰЙЫҚ: Тұйық буын. л и н г в. Да-
уыстыдан басталып, соңы дауыссызға
аяқталған буын. Қазақ тілінде буынның үш
түрі бар: ашық буын, т ұ й ы қ б у ы н жəне
бітеу буын (Қазіргі қаз. тілі, 60).
ТҰЙЫҚТАУШЫ з а т. Бір нəрсені
тұйықтап тұратын зат. Мұндай жағдайда
ескі ілмектер ілгектің астынан шығып, т ұ
й ы қ т а у ш ы н ы ң үстіне орнала-
суы мүмкін (Ж.Абдуғапарова, Трикотаж
өндірісі., 12).
ТҰҚАЙ... – Бəйгі аттың ізін танымай
не құдай атыпты мені? Май тойы алдында
т ұ қ а й ы н өзім шапқам (Ж.Нəжімеденов,
Кішкентай, 87). Шоқырақтайын деп еді, күп
болып ісіп кеткен т ұ қ а й ы н ы ң арасы
дызылдай ауырып, қатты жүруге мүмкіндік
бермеді (М.Мəжитов, Құлынды., 113).
ТҰҚИЯН з а т. Үрім-бұтақ, ұрпақ,
тұқым; тұғиян.
ТҰҚИЯНСЫЗ с ы н. Үрім-бұтақсыз,
тұқымсыз. Адастырып бұлдыр тұман,
бұлдыр күн, Мен тағдырға тамырым-
ды жұлдырдым. Ізі де жоқ, тозы да жоқ
тозаңмын, Талайсызбын, т ұ қ и я н с ы з
тұлдырмын (Н.Айтұлы, Ту, 20).
ТҰҚЫЖЕГІШ з а т. з о о л. Тұқы
(карп) балығына жабысып алып, оның
қанын соратын шаян. Т ұ қ ы ж е г і ш т
е р д і ң 60 түрі белгілі. Олар көбіне тұщы
сулар мен теңіз суларында тіршілік етеді
(Р.Сəтімбеков, Қызықты биология, 54).
ТҰҚЫМ: Тұқым қуалаушылық.
б и о л. Жан-жануарлар негізгі белгілерінің
кейінгі ұрпаққа берілуі. Сарық қой дегеніміз
– кəдімгі қазақы қой арасында т ұ қ ы м
қ у а л а у ш ы л ы қ п е н ара-тұра байқалып
қалатын құбылыс (Ана тілі, 05.12.2002, 7).
Тұқымың көбейгір. Алғыс мəнді
қарғыс. Əскери қызметін өтеп келген бетте
590
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
қаладан пəтерін сайлап үлгерген бойжет-
кенге үйленген ол, т ұ қ ы м ы ң к ө б е й
г і р, қайдан түсінсін бізді?! (К.Сегізбаев,
Жап-жасыл., 184).
ТҰҚЫМБАСТАМА з а т. б и о л. с ө
й л. Тұқымбүршік. Аналықтың төменгі,
əдетте жуандаған бөлігі – түйінде т ұ қ ы м
б а с т а м а (тұқымбүршік) орналасады.
Т ұ қ ы м б а с т а м а д а н тұқым дамып
жетіледі (Биология, 7).
ТҰҚЫМБҮРШІК з а т. б и о л. Тұқымда
(ұрықта) болатын бүршіктердің жал-
пы аты; ұрық бүршікшесі. Аналықтың
түйінінің ішінде бір немесе бірнеше т ұ
қ ы м б ү р ш і г і болады (Ботаника, 108).
Т ұ қ ы м б ү р ш і к аналық түйінің ішінде
тұрады (Ботаника, 215). Гүлдегеннен кейін
т ұ қ ы м б ү р ш і г і н е н тұқым пайда
болады (Бұл да).
ТҰҚЫМЖАРНАҚ з а т. б и о л. Өсімдік
тұқымындағы ұрық өсіп шығатын бөлігі;
жарнақ. Лобияның ұрығында екі т ұ қ ы м
ж а р н а қ болады. Олар беттесіп жатады.
Мұндай өсімдіктерді қос жарнақтылар деп
атайды. Ал т ұ қ ы м ж а р н а ғ ы біреу бол-
са, оны дара жарнақтылар деп атайды (Био-
логия, 27). Қара бидай, жүгері, арпа, сұлы
ұрықтарының бірден ғана т ұ қ ы м ж а р
н а ғ ы болады. Мұндай өсімдіктер дара жар-
нақтылар деп аталынады (Ботаника, 29).
ТҰҚЫМЖЕГІШ з а т. з о о л. Өсім-
діктердің тұқымын жеп, зиян келтіре-
тін кішкентай жəндік. Беде т ұ қ ы м
ж е г і ш і (брухофагус) – республиканың
беде егілетін көптеген аймақтарында кең
таралған зиянкес (Қазақст. ауыл шаруаш.,
1969, №6, 30).
ТҰҚЫМША з а т. б и о л. Бір ғана
тұқымы, жемісқабы бар құрғақ жеміс.
Күнбағар жемісінің қалың қабырғасы
тұқыммен бітісіп өспейді. Мұндай жеміс
т ұ қ ы м ш а деп аталады (Биология, 14).
ТҰҚЫРАҚ с ы н. с ө й л. Тұғжыңдап
қалған, тұғжың. Т ұ қ ы р а қ өзіне-өзі
ырза болғандай иығын қомдап қодилана
түсті (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 302). Сонда
істейтін əлдеқандай т ұ қ ы р а қ біреу оған
«отыр» деп айтпапты (Бұл да, 305).
ТҰҚЫРЖЫЛАТ е т. ж е р г. Тұйыққа
тіреу, тұқырту, құрту. Онсыз да зұлымдық
жайлап, күйзелген халықты т ұ қ ы р ж ы
л а т а түсейін дегендей биылғы қыстың
қаһары қатты болды (К.Мұқажанұлы, Ор-
теке, 41). Осы орайда Ернар да т ұ қ ы р
ж ы л а т ы п, екі киікті бір оқпен жығуға
елеурей ентеледі (Бұл да, 168).
ТҰҚЫРЖЫЛАТУ Тұқыржылат
етістігінің қимыл атауы. Мені құла-
туларыңа болады, өндірісті т ұ қ ы р ж ы л а
т у л а р ы ң а болмайды (К.Мұқажанұлы,
Ортеке, 268).
ТҰҚЫРТҚЫШ с ы н. Тұқырта беретін,
бас көтертпейтін. Қидабай серігін т ұ қ
ы р т қ ы ш бопсамен қыжыртқанымен
жемірілген жентті бұралай көмейлеп жатыр
(С.Сматаев, Алғашқы асу, 52).
ТҰҚЫРЫНЫС Тұқырын етістігінен
жасалған ортақ етіс. Бəрі де еңселері
түсіңкілеу, құдиыса, т ұ қ ы р ы н ы с а отыр
(Ж.Бектұров, Жол жоралғы., 40).
ТҰҚЫРЫНЫСУ Тұқырыныс етіс-
тігінің қимыл атауы.
ТҰҚЫШ с ы н. Тұқырайып қалған,
тұқшиған. Тұнжыр т ұ қ ы ш екі-үш адам
үн-түнсіз келді де, мұның екі қолына лез-
де кісен салып тастады (Ш.Мұртазаев,
Жұлдыз көпір, 20). Бірақ қолының
саусақтары мыртықтау, мойны т ұ қ ы ш
көрінді (Қаз. əдеб., 02.03.1984, 12).
ТҰЛ: Тұл ат. э т н. Қайтыс болған
адамның төл атын асына сою үшін,
құйрық-жалы күзеліп, бір жыл бойы
мінілмей, бос жіберілген атты «тұл ат»
деп атайды. Т ұ л а т т ы соярда құраннан
аят оқылып болған соң, бəйбішесі, қызы,
келіндері «т ұ л а т қ а» көріс қылып,
жоқтау айтады (Ата салты., 138).
Тұл отау. э т н. Ұзатылар алдында
қайтыс болған қалыңдықтың күйеу ауы-
лына жөнелтілген жасауы осылай аталы-
нады. Мұндайда (қалыңдық дəл ұзатар ал-
дында өлсе) қалыңмал да қайтарылмайды,
оның орнына қызға арналған жасау «т ұ л
о т а у» деген ортақ атпен күйеу ауы-
лына жөнелтіледі (Х.Арғынбаев, Қаз.
халқы., 181).
ТҰЛАЙЛАН е т. Қараю, тұтығу.
Қарақан келді шауып есіткен соң, Не пайда
құр келгеннен кешіккен соң. Қап-қара т ұ
л а й л а н ы п аппақ дене, Етінен у төгілді
кесіп көрсең (А.Тоқмағамбетов: Қаз. əдеб.,
01.05.1973, 4).
ТҰЛҒАЛА е т. Біреудің адамгершілік,
психологиялық жəне əлеуметтік қырын
жан-жақты сипаттау, кескін-келбетін
айқындау, тұлғасын жасау.
591
Байынқол Қалиев
ТҰЛҒАЛАУ Тұлғала етістігінің қимыл
атауы. «Қазақ тазысы» зерттемесі сахара
мəдениетін т ұ л ғ а л а у ғ а арналған кесек
еңбек екені даусыз (Қаз. əдеб., 26.04.2013,
11). Енді көпшілік қиялындағы Ботакөзді
мөлдір жанымен, жарқын күлкісімен,
күйікті көз жасымен шығару – т ұ л ғ а л а у
керек (Лен. жас, 28.07.1975, 3).
ТҰЛҒАЛАС: Тұлғалас сөздер. л и н г
в. Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ
мағыналары əр басқа сөздер (омонимдер).
Т ұ л ғ а л а с с ө з д е р - əр басқа сөздер.
Олардың арасында мағыналық байланыс
болмайды (Б.Қалиұлы, Қазіргі қаз. тілі., 82).
ТҰЛҒАТАНЫМ з а т. л и н г в. Дербес
сөздердің грамматикалық тұлғаларын,
олардың грамматикалық мағыналарын
зерттейтін тіл ғылымының бір са-
ласы (морфология). Соған қарамастан
оқулықта «фонетика» дегенді – дыбыста-
ным, морфология – т ұ л ғ а т а н ы м,
синтаксис – тіркестаным, фразеология –
түйдектаным, лексикология – сөзтаным деп
қазақшалағанды жөн көрдім (Б.Қалиұлы,
Қаз. терминтанымы., 134).
ТҰЛДАН Тұлда етістігінен жасалған
ырықсыз етіс. – Сұмдық-ай, мынау т ұ л
д а н ғ а н ат қой. Жаным-ау, Бəтжан қайда!
(С.Жүнісов, Ақан сері, 2, 37). Т ұ л д а н ғ а н
аттың күзелу тəсілі соғым малын күзеуге
ұқсас (Ер қанаты, 299).
ТҰЛДАУ... Ат т ұ л д а у дегеннің
мағынасы сол – құйрығы кесілген атты
ертоқымымен үстіне иесінің жақсы
киімдерін жауып, ердің қасына тұмағын
кигізеді. Бұл ат мінілмейді. Тек көшкен
уақытта оны жетектеп жүреді (Қаз. əдеб.,
24.09.1982, 4).
ТҰЛДАУЛЫ с ы н. Тұлданған,
тұлданып қойылған. Жоқтау айтылатын
үйде келген кісілер күтілетіндіктен оңаша
тігіліп, ту қадалады да, т ұ л д а у л ы
тұрады (Қ. Толыбаев, Бабадан., 46).
ТҰЛДЫРЛЫҚ... Тым болмаса əлгі
сияқты дүлейлерге қарсы тұрар бір кісілік
қайраттан т ұ л д ы р л ы ғ ы н а күйінді
(З.Шəкенов, Күн көтеріл., 243).
ТҰЛҚАТЫН з а т. а с т р. х а л қ.
Шолпан жұлдызы. Шолпан жұлдызының
Іңір жұлдызы, Т ұ л қ а т ы н, Ақжұлдыз,
Өмірзая, Керуен жұлдыз деген нұсқалары
бар (Қаз. этнограф., 2, 636). Шолпанды (Ве-
нера) қазақ жарықжұлдыз, шағыржұлдыз,
т ұ л қ а т ы н деп те атайды (Х.Əбішев,
Аспан сыры, 46, 50).
ТҰЛЫМ: Тұлым қою. Жас қыздың екі
шекесіне ырымдап бір шоқ шаш қалдыру
салты. Қыздың екі шекесіне екі шоқ шаш
қойып, оны өріп түрлі моншақ-маржан
тағып қоятын болған. Бұл салт «т ұ л ы м
қ о ю» деп аталады (А.Нүсіпоқасұлы..,
Ағаш бесік., 1, 38).
ТҰЛЫМДЫ... 2. Қыз бала д.м. Айдар-
лымды құл қылып, т ұ л ы м д ы м д ы күң
қылып... (Батырлар жыры, 2, 165).
ТҰЛЫП з а т. Əсемдік, сəндік үшін
бітеудей сойылып, ішіне сабан, мақта
тығылған аң, құс терісі. Қанатын жайып
жіберіп, енді ұшқалы тұрған бүркіттің т ұ
л ы б ы ғана көңіл аударады (З.Қабдолов,
Менің Əуезовім, 40). Қырғауылдың,
бірқазанның тірі кейіпті т ұ л ы п т а р ы
бар (М.Мағауин, Мен, 12). Ол бізге ба-
лаларымен тұрған валлаби, поссум жəне
ехиднаның т ұ л ы п т а р ы н көрсетті
(Қызыл құмдар., 53).
ТҰМАҚ: Тұмақ ұру. э т н. Ат үстіндегі
жігіттердің бір-бірінің тұмақтарын
ұрып түсіру ойыны. Ұмыт болып бара
жатқан ат ойындарының тағы бірі – т ұ м
а қ ұ р у (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 21).
Ал атомырауластыру, жігіт қуу, т ұ м а қ
ұ р у, көкпар, түйежарыс, сайыс сияқты
ойындардың қағаз жүзінде аттары ғана
жазылып жүр (Бұл да).
ТҰМАН¹ з а т. к ө н е. Салмақ өлшемі. –
Егер екі жүз елу мың т ұ м а н алтын жинап
берсеңдер, қалаларыңа тимеймін, тек ат
шалдырып, ас ішіп кейін қайтамын! – деді
(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 357).
ТҰМАН² з а т. ж е р г. Аудан. Бір жиені
сол Қыбырай т ұ м а н ы н д а (ауданында)
əкімнің орынбасары екен (М.Байғұт, Бала
бұлақ, 65). Т ұ м а н əкімінің орынбаса-
ры, арнайы машине дайындап, тағасын
(нағашысын) тұп-тура Бадамсайдың
беткейіндегі үйіне дейін жеткізетінін айтты
(Бұл да).
ТҰМАНЫТ е т. с ө й л. Тұмандану,
тұман түсу. Осы əзірге ғана т ұ м а н ы
т ы п, мұнарлана бастады (О.Бөкеев, Өз
отыңды., 32). Жас жігіттің санасы т ұ м а н
ы т ы п кетті (М.Мағауин, Аласапыран, 29).
ТҰМАРШАЛАН е т. Тұмарша сияқты
үш бұрыштану. Жылы жаққа кеткен кербез
аққулар т ұ м а р ш а л а н а тізілген тырна-
592
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
лар мен қараша қаздар бəрі-бəрі де өздерінің
туып-өскен үйреншікті жерлеріне лег-
легімен келіп жатыр (Жетісу, 21.06.1972, 4).
Т Ұ М А Р Ш А Л А Н У Т ұ м а р ш а л а н
етістігінің қимыл атауы.
ТҰМБА з а т. Төлдің туғаннан кейінгі
ең алғашқы тыныс алуы. Қағанақ –
құлындайтын биенің құлын тынысынан
(т ұ м б а д а н) кейін келетін жұқа сірі
қабықты түссіз мөлдір зат (Ш.Жанəбілов:
Ер қанаты, 316).
ТҰМШАЛАНДЫР Тұмшалан етіс-
тігінен жасалған өзгелік етіс.
ТҰМШАЛАНДЫРУ Тұмшаландыр
етістігінің қимыл атауы. Неміс аузын
т ұ м ш а л а н д ы р у ғ а ырық бермей,
ырсылдаған дыбыс шығарып, бұлқына
бастады (А.Сатаев, Бəрі де., 330).
ТҰМШАУ з а т. Жан-жақты (айнала-
ны) соқыр тұманның басуы, тұмшалауы.
Қамалын бұзып құрсаудың, Түнегін ашып
т ұ м ш а у д ы ң, Ыңырсып күткен аңсау-
дың, Өн бойынан жыр саудым (М.Ахмет-
төре, Ақ-қара, 68).
ТҰМЫЛДЫРЫҚСЫЗ с ы н. Тұмыл-
дырығы жоқ, тұмылдырық кигізілмеген.
Т ұ м ы л д ы р ы қ с ы з, түрлі түсті, тұр-
паттарынан адам шошырлық иттер көше-
көшені былай қойып, саябақтарға дейін
басып апты (М.Байғұт, Бала бұлақ, 322).
ТҰНЖЫР¹ з а т. Сұңқар тектес,
қанат-құйрығында ақ теңбілдері бар, көзі
қара қыран құс. Түздіктер «сұңқар қолға
түспейді» - дейді. Т ұ н ж ы р, тұйғын,
бидайық та осыған жатады (Қаз. əдеб.,
21.11.1980, 8). Құсбегілер т ұ н ж ы р д ы
тұйғын мен қаршығаның шағылысуынан
пайда болған будан деседі (Шопан сырла-
сы, 304).
ТҰНЖЫР² з а т. к ө н е. Адам бейнесінде
жасалған тас мүсін. Əрбір тас белгінің
бітім-болмысына қарап мықтас, дың, бал-
бал, т ұ н ж ы р, сынтас деп айдар таға
ажыратып айтады (А.Сейдімбеков, Күңгір-
күңгір., 9).
Тұнжыр көз. Мөп-мөлдір, тұп-тұнық,
қара көз. Манағы жасқаншақтау т ұ н ж ы р
к ө з і жарқ-жұрқ от шашады (Ə.Кекілбаев,
Үркер, 383).
ТҰНЖЫРЛАУ с ы н. Көзі сəл тұнықтау,
қаралау (Ө.Қанахин, Құдірет, 81).
ТҰҢҒИЫҚТЫҚ з а т. Түпсіз тереңдік
(Ш.Мұртазаев, Қара маржан, 93).
Т Ұ Ң Ғ Ы Ш Т Ы Қ з а т. Т ұ ң ғ ы ш
болғандық, ең алғышқылық. Əйеш т ұ ң
ғ ы ш т ы ғ ы н бетке салық етіп, оңды-
солды пайдаланып бітті (М.Қабанбаев,
Жиһанкез, 40).
ТҰРА
1
з а т. Жылқы тұяғының
орт асындағы жұмсақ т абан еті.
Пышақты т ұ р а с ы н а тигізіп алмай,
қақыраған тұяқты жонып тастап, саздау
жерге арқандаушы еді (Н.Қазыбеков,
Дала., 11).
ТҰРА
2
з а т. к ө н е. Жиі етіп, тігінен
қағылған қада. Жаяу сарбаздар терең ор
қазды, олардың ішкі бетіне сансыз т ұ р а
қағып, оған араларынан сығалап садақ
тартатындай саңлау қалдырды (М.Мағауин,
Таңд. шығ., 1, 343).
ТҰРАЛА е т. 1. Жылқының май таба-
нына «тұра» деп аталатын мүйізгек өсік
шығу. Тұра – жылқының табанына түсетін
мүйізгек. Қазақтың əлсіреген малды «т ұ
р а л а п қалды» деуі осыдан (С.Мұқанов,
Таңд. шығ., 15, 85). 2. а у ы с. Əлсіреп
орнынан тұра алмай қалу. Егер белінен
шойырылып т ұ р а л а п жатқан малға
ақбүйректің бұршақтай дəнін пайдаланса,
мал тəулікке жетпей тəуір болып кетеді
(Лен. жас, 23.11.1972, 1).
Достарыңызбен бөлісу: |