Жауапты редакторлар


ҰЛЫҒЫМСУ  Ұлығымсы  етістігінің  қимыл атауы.  ҰЛЫҒЫМСЫ



Pdf көрінісі
бет149/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   168

ҰЛЫҒЫМСУ  Ұлығымсы  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҰЛЫҒЫМСЫ  е  т.  Ұлық  болғансу, 

паңсыну.  Бұл  əдетті  тастаңыз,  Тура  жол-

ға бастаңыз. Ұ л ы ғ ы м с ы п аспаңыз, Ел 

түзеуге епті бол (Шəкəрім, Шығ. 161). 

ҰЛЫҚ: Ұлық ай. к ө н е. Ертеде нау-

рыз айы осылай аталған. Көне түркілердің 

«ілік айы» мен «ұ л ы қ  а й ы» екеуі де жыл 

басы. Өлді жыл басын «ұлыстың ұлы күні» 

деп атаған (Қаз. əдеб., 04. 01. 1991, 6).



ҰЛЫҚСУ  Ұлықсы  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ҰЛЫҚСЫ  е  т.  Ұлық  болғансу,  асып-

тасу, менменсу. Патша болды, жан еді ұ л 

ы қ с ы ғ а н, Байлығы аумаққа əрең сыйып 

тұрған.  Мастанып  дəулетіне  шалқып-

тасып, Əуейі серуенге, аңға шығып тұрған 

(А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 23). 



ҰЛЫҚСЫМАҚ  с  ы  н.  Өзін  өктем 

ұстайтын,  менмен,  тəкаппар.  Асыра 

сілтеуші,  ел  ішіне  қаптап  кеткен  жалған 

өкіл, жұртты жеп, кесірін тигізген белсенді, 

ұ л ы қ с ы м а қ т а р ғ а аяусыз соққы 

беріледі (Х.Рахимов, Бетпе-бет, 241). 



ҰЛЫҚТА... Қазақстан өз президентін 

əлемдік  қауымдастыққа  мүше  мемлекет 

өкілдері алдында ұ л ы қ т а д ы (Түркістан 

12. 01. 2006, 1).



ҰЛЫМА  з  а  т.  т  а  б  у.  Қасқыр 

(І.Кеңесбаев, Қаз тілі, 78). 



ҰМАЙ з а т. к ө н е. Əйелдер құдайы.

Ұ М С Ы Н Д Ы Р Ы Л   Ұ м с ы н д ы р 

етістігінен  жасалған  ырықсыз  етіс. 

Асқазан мен ішектің қабырғалары жөрмелей 

тігіліп жалғастырылғаннан кейін, конустың 

ішіне ұ м с ы н д ы р ы л а түсіп, іздестіріп 

отырған жасанды клапанымызды жасаймыз 

(С.Ғаббасов, Қандауыр, 31). 



ҰМСЫНДЫРЫЛУ  Ұмсындырыл 

етістігінің қимыл атауы. 

ҰМСЫНЫС  Ұмсын  етістігінен 

жасалған ортақ етіс (Ə.Кекілбаев, Үркер, 

288). 



ҰМСЫНЫСУ  Ұмсыныс  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҰНДА  е  т.  с  ө  й  л.  Ұн  қылып  тарту, 

майдалау. 

ҰНДАУ  Ұнда  етістігінің  қимыл  ата-

уы. Қоймада сақталған тыңайтқыштардың 

көбі  кесектеліп  қалатындықтан  оларды 

жерге шашар алдында əбден ұ н д а у тиіс 

(М.Майлыбаев, Қазақст. мақта., 35). 



ҰНЖЕГІШ з а т. з о о л. Денесі жіңішке, 

ұзындығы 3-3,5 мм,  ұшпайтын,  қызыл-

қоңыр түсті қоңыз. Ұ н ж е г і ш ұнды, жар-

маны, құрғақ жемісті бүлдіреді (Шаңырақ, 

140). Зауза қоңыздар, ұ н ж е г і ш т е р

қанкөбелектер,  күйелер  көбінесе  түнде 

тіршілік  етеді  (Қазақст.  ауыл  шаруаш., 

1959, №6, 25). 



ҰНТАҚ: Ұнтақ сабын. Ұнтақ түрінде 

жасалған сабын. Ұ н т а қ  с а б ы н н ы ң

қос  көмір  қышқылдары,  содалы  түрі  үй 

шаруашылығында,  кір  жууға  пайдаланы-

лады (Шаңырақ, 253). 



ҰҢҒЫЛЫ... Бөрібай əдеттегіше бір ұ ң 

ғ ы л ы құс мылтығын асынып, аң аулауға 

шыққан (Жалын, 1972, №5, 79). 

ҰПАЙЛЫ  с  ы  н.  Ұпайы  бар,  ұпайы 

мол.  Көбіңнің  ұйғарымың  осылай  болса, 

мен мəртебелі ұ п а й л ы м ы н (Ж.Ахмади, 

Айтұмар, 246). 

ҰР... 2. а у ы с. Алдап кету, сан соқтыру; 

қатыру. Күнде байқап жүреді қылғаныңды, 

Аңдиды жатқаныңды, тұрғаныңды. Əбден 

тойып  алған  соң  бұлт  береді, «Көрдің  бе 

енді, - дейді де, - ұ р ғ а н ы м д ы» (Шəкəрім, 

Шығ., 79). 

ҰРА з а т. Картоп, сəбіз т.б. көгөністерді 

көктемге дейін сақтау үшін жерден қазып 

жасалған,  аузы,  есігі,  желдеткіші  бар 

шұңқыр (погреб). 

ҰРАН з а т. к ө н е. м у з. Қазақтың керней 

пішіндес ұлттық саз аспаптарының бірі. 

Ал  бұл  күнде  музыка  аспаптарымыздың 

қатарына  шертер,  керней,  асатаяқ, 

шаңқобыз,  үскірік,  сазсырнай,  жетіген, 

дабыл, ұ р а н, бұғышақ, үш ішекті домбыра 

тəрізді т.б. аспаптар қосылды (Лен. жас, 13. 

07. 1977, 3). Қазақта ертеде ұ р а н дейтін 

аспап болған. Жауға шабарда пайдаланса 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

623

керек (Қаз. əдеб., 14. 01. 1977, 2). Бұған да-

был, даңғара, дауылпаз, шыңдауыл, дудыға, 

ұ  р  а  н  секілділерді  қоссақ,  музыкалық 

аспаптың қаншама көп екендігін аңғарамыз 

(Бұл да). 

ҰРАНДАМА з а т. с ө й л. «Аттан» деп 

шақырған  ұран.  Сырттан  жау  шапқанда 

былайғы елді «аттанға» шақыратын ұ р а 



н д а м а с ы енді мына базарға жиналған 

момын жұрттың өзін жұлқыстырып жатыр 

(О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 74).

ҰРАНҚАЙ

1

 з а т. Тайпалардың бір. – Он 

екі керей мен жеті ұ р а н қ а й амандасушы 

еді, бұл неменің шертиіп отырғанын қара 

(К.Мұқажанұлы,  Ортеке, 137). Алтай-

дың  аясында  мекен  еткен,  Ұ  р  а  н  қ  а  й 

дейтін қалмақ елі көптен. Ішінде қожалары 

Кəпін,  Кəбік,  Алдаумен  қожа болып  əмір 

еткен  (И.Байзақов,  Таңд.  шығ., 1, 91).

Ұ р а н қ а й ол да жалпақ ел емес пе, Сұра-

уы  Арқалықтың  жөн  емес  пе?!  Қал-

жыңға  сеніп,  тақсыр,  ашуландың,  Екеу-

міз  не  көрсек  те  тең  емес  пе?! (Бабалар., 

27, 13). 

ҰРАҢҚАЙЛАП ү с т. Ұраңқай тəрізді 

етіп,  ұраңқайшалап.  Ұ  р  а  н  қ  а  й  л  а  п 

тігілген үш қанат «бүркіт қосқа» алдымен 

Оңғар кірді (Саятшылық, 84).

ҰРАНҚҰМАР с ы н. Көп ұрандайтын, 

ұраншыл.  Ту-талақай  серкеге  жұрт  бас-

салды,  Ұлан-асыр  айқай-сүрен  басталды. 

Ұмар-жұмар ұ р а н қ ұ м а р ұлы той Жерге 

төніп, ат бауырын жастанды (Жалын, 1974, 

№4, 110). 

ҰРҒАШЫ:  Ұрғашы  жүз  [тіс]. 

Тарақтың  жиі  келген  ұсақ  жүзі.  Осы 

тəрізді  өрмектің  астыңғы  жібін  ұрғашы 

жіп,  үстіңгісін  еркек  жіп  деп,  тарақтың 

жиі жүзін ұ р ғ а ш ы  ж ү з, сирегін еркек 

жүз деп атайды (Д.Шоқпарұлы: Қаз. əдеб., 

22. 06. 1984, 14). Тарақтың  арасы  ашық, 

алшақ келген тістері – еркек тіс, арасы жиі, 

ұсақтары – ұ р ғ а ш ы  т і с деп аталады 

(Қаз. этнография., 2, 77).

Ұрғашы  жүн.  Қойдың  жабағы 

(жазғытұрымғы)  жүні  түбіті  мол, 

қылшығы  аз  болып  келгендіктен  оны 

ұрғашы жүн деп атайды. 

Ұрғашы қалып. Қалыптың астыңғы 

беті. Қалыптың үстіңгісін шеберлер еркек 

қалып, астыңғысын ұ р ғ а ш ы  қ а л ы п 

деп атайды (Д.Шоқпарұлы: Қаз. əдеб., 22. 

06. 1984, 14). 



ҰРДУ  з  а  т.  Үнді  жерінде  тұратын 

жергілікті  халық.  Міне,  біреу  əңгімеге

ұ р д у тілінде араласты, одан соң пенджаб 

тілінде  сөйлеп  кетті  (Ə.Əлімжанов,  Оты-

рардан., 180). 

ҰРДУША ү с т. Ұрду тілінде (сөйлеу), 

ұрду тіліне (аудару). Пəкістан мен Түркияда 

бірнеше рет ұ р д у ш а, түрікше аударылып 

басылған кітаптың аты да – «Қазақ көші» 

еді (Қалибек Хакім., 14). 



ҰРҚАН-ШҰРҚАН з а т. Айғай аттан, 

у-шу,  дау-дамай,  ұрыс-керіс.  Тападай  тал 

түсте сөйтіп ауыл ұ р қ а н-ш ұ р қ а н болған 

(Ж.Қорғасбек, Жынды қайың, 172). 

ҰРҚЫ

 

з а т. 1. Тұқымы, ұрпағы. – Құдай 



маңдайымызға сондай шашы сербиген бір 

жаман қызды да жазбады ғой, пəлен жерде 



ұ р қ ы м ы з бар деп көңілге медеу тұтып 

жүретін  (М.Мағауин,  Таңд.  шығ., 1, 10). 

Ел-жұрты үшін басы бəйгіге тігілген асыл 

ұ р қ ы м! (М.Мағауин, Аласапыран, 2, 52). 

Ұ р қ ы м үзілмесін, ошақтағы отым сөнбе-

сін  деп  тілейтін  баяғы  заман  өтті  емес

пе  (Қ.Жұмаділов,  Шығ., 210).  2.  а  у  ы  с.

Түрі,  төркіні. – Масқара-ай,  ауылнай-

дың  сөзінің  ұ  р  қ  ы  жаман  екен! – деп 

Тоқтамыс  трактордың  қасына  жиналған 

серіктеріне шағына қарады (О.Сəрсенбай, 

Шығ., 4, 193). 

Ұрқы  бөлек.  Ерекше,  басқаша. – Ау, 

жолдас председатель, Жақановтың мұнысы 



ұ р қ ы  б ө л е к өжеттік, тіпті ерлік қой! 

(О.Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 22). Кешегі 

өткен Махамбет ақынның сөзінің ұ р қ ы

б ө л е к қой, шіркін! (Бұл да, 10). 

ҰРЛАУШЫ  з  а  т.  Ұрлаған  адам,  ұр-

лықшы. Кеш бата ұ р л а у ш ы н ы анықтап 

милицияға хабарлады (Заң, 1. 06. 1998). 



ҰРЛАУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Ұрлау  ісімен 

айналысушылық, ұрлықшылық. Қатар еккен 

екі адамның арасында кейде бір-бірінен ұ р 



л а у ш ы л ы қ та, дау-жанжалдар да болады 

(Ə.Оспанов, Жанқожа батыр, 110). 



ҰРЛЫҚТАС  с  ы  н.  Ұрлығы  бір,  бірге 

ұрласқан. - Өзі  ұ  р  л  ы  қ  т  а  с,  олжалас 

болған соң қорғап тұр, - деп Байбол шап 

берді (Б.Майлин, Таңд., 169). 

ҰРЛЫҚШЫЛАП ү с т. с ө й л. Ұрланып. 

Жанымды шүберекке түйіп, шекерадан ұ р 



л ы қ ш ы л а п өттім де, қайнымды таптым 

(М.Разданұлы, Алтай., 250). 



ҰРМА з а т. к ө н е. м у з. Ұрып ойнала-

тын саз аспабы. Көптеген зерттеушілердің 

Байынқол Қалиев

624

пікірлеріне  қарағанда,  адам  алғаш  рет 

пайдаланған  байырғы  музыка  аспабы 

кəдімгі ұ р м а болған (Қаз. əдеб., 06. 01. 

1984, 14). 

ҰРПАҚАРАЛЫҚ  с  ы  н.  Ұрпақтан 

ұрпаққа  ауысып  отыратын.  Түптеп  кел-

генде, ұ р п а қ а р а л ы қ тəжірибе атаулы 

əлеуметтік  мəдени  ортада  қалыптасып, 

ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп  отырады  (Қаз. 

этнография., 1, 15). 

ҰРТ: Ұрт ауызды. Өткір тілді, батыл. 

Жұрт арасындағы ұ р т  а у ы з д ы л а р



д  ы  ң  бірі  «Үріккенде  түйе,  қорыққанда 

төре жаман» деген осы екен ғой» деп айтып 

салды (К.Мұқажанұлы, Ортеке, 60). 

Ұрт  мінезді.  Нойыс  мінезді,  дойыр 

(адам). Бір сөзді, ұ р т м і н е з д і - əке 

жайы,  Жалғызы,  болса-дағы  алтын  айы. 

Бірлəннан оған қымбат, алған малы, Мал 

ғана мұндай əке бар құдайы (І.Есенберлин, 

Шығ. жин., 10, 165). 

ҰРТОҚПАҚ  з  а  т.  Шаш  ал  десе,  бас 

алатын,  əумесер,  есерсоқ;  ұр  да  жық. 

Əйтпесе əулекі əумесерлік, бажылдақ бай-

балам, ұ р т о қ п а қ ұраншылдықтың істі 

қалай  насырға  шаптыратыны  да  көрмей-

білмей  жүрген  жəйт  емес  (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 457). Тезек  төре  сойылын  соғар 

4-5 жандайшап, «ұ р т о қ п а қ т а р ы н»

жіберіп,  егіншілерді  жан-жаққа  қуып, 

құрал-саймандарын  қираттырады  (Ел  ау-

зынан, 127).



ҰРТТАҒАНСУ  Ұрттағансы  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ҰРТТАҒАНСЫ е т. Ішкен болу, ұрттап 

тату.  Жұмыстан  шаршап-шалдығып 

оралған Қалдықыз үйіне от жағып, қара су 

болса дағы қазаннан бу шығарғансып, бірер 

шыны ыстық суды ұ р т т а ғ а н с и д ы 

(К.Ахметбеков, Қасірет, 1, 275). 

ҰРШЫҚ з а т. а н а т. Ортан жіліктің 

жамбас шұңқырына кіріп тұратын доғал 

басы. Бұл үшін ортан жіліктің ұ р ш ы қ деп 

аталатын басының сіңірін пышақ ұшымен 

кесу  керек  (Қ.Салғарин:  Ана  тілі, 21. 02. 

1991, 6). 



Ұршығы айналып тұрған. Арықтаған, 

жүдеген. Жылқыны аралаған Сүгірбай ұ р 

ш ы ғ ы  а й н а л ы п  т ұ р ғ а н «Құла 

серекті»  көргенде  иманы  қырық  кез 

көтерілді (М.Разданұлы, Алтай., 94). 

ҰРЫ:  Ұры  көз.  Көзі  ұрлық  істеген 

адамның  көзіндей  көз.  Төртеуі  де  ит 

жылмаң, ұ р ы  к ө з, көр білте жүзді жігіттер 

(Ғ.Мүсірепов, Таңд., 3, 543). 

ҰРЫБАСЫ з а т. Ұрыларды басқарушы 

адам. Есіктің əр сықырынан қауіп түйген 

тісқаяқ ұ р ы б а с ы Данияровтар келгенде 

басын көтеріп, төс қалтасына дереу қолын 

салды (Ə.Əзиев, Оянған ар, 34). 



ҰРЫҚ:  Ұрық  жапырақшасы.  б  о  т. 

Ұрықтың  жапырақ  өсетін  бүршікшесі 

(Ботаника, 92). 



Ұрық  қапшығы.  б  и  о  л.  Гүлді 

өсімдіктердің орталық бөлігі. Ұ р ы қ  қ а п

ш ы ғ ы шығу тегі жəне атқаратын қызметі 

жағынан  аналық  жыныс  ұрпағы  болып 

есептелінеді (ҚҰЭ, 9, 69). 

Ұрық  сабақшасы.  б  о  т.  Ұрықтың 

сабақ өсетін бүршікшесі (Ботаника, 92). 

Ұрық  тамыршасы.  б  о  т.  Ұрықтың 

тамыр өсетін бүршікшесі (Ботаника, 92). 

ҰРЫЛЫ с ы н. Ұрысы бар, ұры ұстаған. 

Өлеңді жерде өгіз семіз, ұ р ы л ы жерде биі 

семіз болатын ретіңіз бар ғой, - депті (Ше-

шенд. сөзд., 132).



ҰРЫН:  Ұрын  той.  э  т  н.  Күйеу  бала 

қалыңдығына  ұрын  келгенде  жасала-

тын ойын-сауық; қынаменде. Ұ р ы н  т о й

д  ы  ң  мақсаты – бірін-бірі  сағыныс-

қан,  алайда  əдеп  сақтап  кездесе  ал-

май  жүрген  екі  жасты  кездестіру,  өзара 

сыр  шертістіру  (А.Нүсіпоқасұлы..,  Ағаш 

бесік., 3, 48). 

ҰРЫНДА... – Төренің жекжаты болса, 

кек  сақтауға  ұ  р  ы  н  д  а  п  оны  не  құдай 

ұрыпты? (Ə.Кекілбаев, Үркер, 543). 

ҰРЫНДАУ Ұрында етістігінің қимыл 

атауы. 

ҰРЫСҚЫЗ  Ұрыс  етістігінен  жасал-

ған  ырықсыз  етіс.  Кісі  даяр  көтеріп 

тербетуге,  Тілектес  жанның  бəрі  ер  же-

туге,  Мен  жылаймын  бесікте  биттер 

талап,  Шешемді  байға  ұ  р  ы  с  қ  ы 



з  ы  п,  жерлетуге  (С.Торайғыров,  Таңд. 

шығ., 198). 



ҰРЫТ  з  а  т.  Маңғол  тайпаларының

бірі.  Өр  Ононнан  қозғалған  торғауыт,

ұ  р  ы  т,  манғұттың  мыңдықтары  топ-

тасып,  лек-легімен  Керуленге  бет  алды 

(Е.Тұрсынов, Темірлан, 159). 

ҰРЫТІСТІ с ы н. Ұрытісі бар, ұрытіс 

өскен. – Кəрия,  біз  жылқыда  қыршаңқы, 

жауыр, қарақаптал, құлында сақау, ұ р ы т 



і с т і қатпа тай бар ма? (Коммунизм таңы, 

23. 03. 1958, 3).



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

625

ҰСТАЛЫ с ы н. Ұстасы бар, қолөнер-

ші;  өнерлі,  шебер.  Ұ  с  т  а  л  ы  ел  озар, 

Ұстасыз ел азар (Мақал).



ҰСТАН з а т. Əдетте дөңгеленіп неме-

се  қаз-қатар  орналасқан,  сəулеттік 

тұрғыда өңделген сəнді баған (Терминол. 

анықт., 6, 140).



ҰСТАШЫЛЫҚ з а т. Ұста болушылық, 

ұсталықпен  айналысушылық.  Ұ  с  т  а 

ш  ы  л  ы  қ  пен  зергерлік  өнері  атадан 

балаға  мұра  болып,  ұрпақтан  ұрпаққа 

қалып  отырған  (Ə.Тəжімұратов,  Ше-

бер., 77). Бұл  кітапшада  қазақ  халқының 

дəстүрлі  қолөнерін  жалғастырушы  Дом-

баев Қалдаяқтың ұ с т а ш ы л ы қ өнері 

сөз  болады  (А.Жұмашев,  Қалдаяқ  ұста., 

2).  Жарықтық  Əбдібай  иіні  жарқырап 

киінбеуге қайыл, бірақ ұ с т а ш ы л ы қ

қ а қажет темір-терсекті түртінектеп жинай 

беруден жалықпаушы еді (С.Оспанов., 96). 

Бұл  кітапшада  қазақ  халқының  дəстүрлі 

қолөнерін  жалғастырушы  Домбаев 

Қалдаяқтың  ұ  с  т  а  ш  ы  л  ы  қ  өнері  сөз 

болады (А.Жұмашев, Қалдаяқ ұста., 2). 



ҰСЫЛ з а т. ж е р г. Ептілік, пысықтық, 

айлакерлік. Қонақ Ждақайдың ебіне, ұ с ы 

л ы н а таң қалды (С.Елубай, Ақ боз., 315). 

ҰСЫНАҚТЫ...  2.  Епті,  ісмер,  іскер. 

Мөңкенің  аулында  қолы  ұ  с  ы  н  а  қ  т  ы 

шебер  ұста  болыпты  (Қаз.  əдеб., 22. 06. 

1984, 13). Жас  жігіттің  ұ  с  ы  н  а  қ  т  ы 

қолынан  шыққан  домбыраны  қолға  алып 

шертіп  көрдім  (Лен.  жас, 18. 10. 1974, 

4). 3. Тиянақты,  тыңғылықты,  ұқыпты. 

Ғ.Сланов  тиянақты  дегеннің  орнына  ұ  с 



ы  н  а  қ  т  ы,  ыңғай  орнына  ығыт,  жылға 

орнына жылуан, кəші, бөртпе орнына топ... 

қолданылған (Соц. Қаз., 15. 01. 1958, 3). 

ҰСЫНАҚТЫЛЫҚ  з  а  т.  Ептілік, 

ұсталық,  ісмерлік.  Бəріне  ұқыптылық,

ұ с ы н а қ т ы л ы қ керек, қайрат жұмсап, 

тер төгу керек (Қаз. əдеб., 15. 06. 1984, 10). 

Ауданның қой шаруашылығында да осын-

дай жинақылық, ұқыптылық, ұ с ы н а қ т ы 



л ы қ байқалады (Қаз. əдеб., 15. 08. 1986, 2).

ҰСЫНЫСХАТ з а т. р е с м и. Біреуді 

белгілі  бір  қызметке  ұсыну  жөнінде  кіші 

басшыдан үлкен басшыға жазылған хат.

Ұ с ы н ы с х а т т а аталған қызметкердің 

сол  орынға  лайық  екендігіне  кепілдеме 

беріледі (Л.Дүйсембекова, Іс қағаз., 134). 

ҰТЫҚТАС е т. ж е р г. Бірігу, топтасу, 

ұжымдасу. – Оны қар бекіп қалмай тұрып, 

ұ т ы қ т а с ы п қуған ғой, ең абзалы (Лен. 

жол, 08. 01. 1977, 4).



ҰТЫҚТАСУ  Ұтықтас  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҰТЫРА:  Ұтыра  зекет.  Ертедегі 

салықтардың  бір  түрі.  Келі  түбім  деп 

алады, Кеусенім деп алады. Ұ т ы р а  з е 



к е т деп алады, Қошақ зекет деп алады, 

Арқадан келген сор найман Аң-таң болып 

қалады (Ертедегі əдеб. нұсқа., 140). 

ҰШАҚ...  Ст амбулдың  Ат атүрік 

аэропортына  Алматыдан  ұ  ш  а  қ  келіп 

қонды  (Егем.  Қаз., 02. 10. 1991, 3). Егер 

екі  араға  тікелей  ұ  ш  а  қ  ұшса,  екі-үш 

сағатта-ақ жетіп барады (Ана тілі, 21. 11. 

1991, 6).



ҰШАНСУ з а т. с ө й л. Сарқырама. Ол 

жүрекке өлең болып өрілер. Ол ұ ш а н с у 

таудан құлап төгілер. Қиналамын «Досым»  

деп те айтуға Дос деген сөз тым жүдеулеу 

көрінер (К.Салықов, Жезкиік, 123).

ҰШАР  з  а  т.  з  о  о  л.  Сыртқы  пішіні 

жағынан ақ тиінге ұқсас, бірақ одан кішілеу, 

алдыңғы аяқтары мен артқы аяқтарының 

арасында жарғақтары бар, терісі құнды 

жануар. Мұнда ұ ш а р да тіршілік етеді. 

Ол тиіннен сəл кішірек, ақшыл сұр түсті, 

бауыры ақ, үлпілдеген ұзын құйрығы бар 

аң.  Ұ  ш  а  р  д  ы  ң  алдыңғы  аяқтары  мен 

артқы аяқтарын жалғастырып тұрған, оның 

қалықтай  ұшуына  көмектесетін,  сыртын 

жүн  басқан  жарғақ  болады  (Марқакөл, 

118).  Құстар  сияқты  ұшуға  бейімделген 

бір-ақ аң бар. Ол – ұ ш а р (летяга). Бұл аң 

Павлодар облысының территориясындағы 

Ертіс өзенінің оң жағасында өскен қалың 

қарағайлы ормандарды мекен етеді (Семей 

таңы, 23. 01. 1970, 4). 

ҰШҚАНАҚ  з  а  т.  Жеңіл-желпі, 

жұқа,  ұшпа  қар.  Екі  жыл  қатарынан  сол 

желтоқсанның  басындағы  тобықшылар 



ұ ш қ а н а қ т а н басқа ештеңе түспеді 

(Ə.Кекілбаев, Үркер, 240). 



ҰШҚАРЫЛАН е т. Байыбына бармай 

əрекет ету, жеңілтектену. 

ҰШҚАРЫЛАНДЫР  Ұшқарылан 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс. 

Тақырыпшаларының  өзі-ақ  ақынның 

оқырманына айтайын деген ойын ұ ш қ а р 

ы л а н д ы р ы п, ерекше ұтымды да ұтқыр 

ете түспей ме! (А.Сатаев, Бəрі де., 354). 



ҰШҚАРЫЛАНДЫРУ Ұшқарыландыр 

етістігінің қимыл атауы. 

Байынқол Қалиев

626

ҰШҚАРЫЛАНУ  Ұшқарылан  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ҰШҚАТТЫ  с  ы  н.  Ұшқат  өскен, 

ұшқаты  мол.  Саржасыл  сəуле  артып 

бір  беттерге,  Шаңқай  түстікте  шалқып 

күн  кеткенде,  Ұ  ш  қ  а  т  т  ы  шыңның 

ұшынан  мұнартып,  Тазқара  қалқып, 

қалқып  бір  өткенде  (Жалын, 1972, №2, 

31). Ондағы жарлауыттардың, ұ ш қ а т т ы 

шыршалардың түбіндегі қоян жымдарының 

құпиясы бір-ақ түнде ашылып қалды (Лен. 

жас, 21. 12. 1983, 3). 

ҰШҚАРЫЛАНДЫРУ...  Оларды  ұ  ш 

қ а р ы л а н д ы р у ғ а болады (Сен жəне 

сенің кітабың, 135). 



ҰШҚЫШ з а т. с ө й л. Ұшақ. Бұл күнде 

шаһарларда тұрған халықтар ұ ш қ ы ш т а 



р ғ а мініп, көкте құсша ұшып жүр («Қазақ» 

газеті – 1914, 89). 



ҰШҚЫШ:  Ұшқыш  балық  з  о  о  л. 

Тропиктік  теңіздер  мен  мұхиттарда 

тіршілік  ететін,  кеуде  қанаттары  бар, 

ұша  алатын  балық  түрі.  Тунецтерден, 

дельфиндер мен кальмарлардың қуғынынан 

қашқан ұ ш қ ы ш  б а л ы қ т а р су бетімен 

екпіндей жүзіп, ауаға самғай жөнеледі (Су 

асты. тіршілік, 41). Ұ ш қ ы ш  б а л ы қ

т  ы  ң  ұзын  жүзбеқанаттары  оларға  су 

бетімен 300 м-ге дейінгі қашықтықта ұшуға 

көмектеседі (Тірі табиғат, 77). 

ҰШПА

1

  з  а  т.  Жел  ұшырған  қар 

түйіршіктері.  Күзгі  ақша  қар  мен 

түйдектелген ұ ш п а н ы ң ызғары еркіне 

қоймай,  кəдешіл  қатындардың  аяқтары 

тоңып, қатып барады (С.Торайғыров, Таңд. 

шығ., 245). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет