Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет153/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   168

ХАМЕЛЕОНША  ү  с  т.  Хамелеон 

сияқты,  хамелеон  тəрізді.  Оның  сыр-

тында ата-анасы енді х а м е л е о н ш а 

құбылып,  бұрын  Байқараны  мақтап  оты-

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі


639

ратын сөздерін ұмытып қалғандай-ақ: «Бай 

малшы»,  Жуан  Жұдырықтың  баласында 

нең бар?» дегенді шығарды (Т.Əлқанұлы, 

Тірліктен., 361). 

ХАМЗА  з  а  т.  а  р.  Араб  əріптерінің 

үстіне қойылатын белгілердің бірі. Оспан 

дəуірінен  сақталған  Құранның  əріптері 

үстінде х а м з а, ташдид, сукун, мадда, уас-

ла, қысқа дауыстылар: фатха, кесра, дамма 

белгілері жоқ (Қаз. əдеб., 25. 08. 1989, 14). 

ХАН

1

... 2. а  у  ы  с.  Үлкен,  ұлы. - Əй, 

жігіттер!  Ұры-қары  бүйтіп  жүрмейтін 

шығар.  Х  а  н  жолда  кім  жүрмейді?! 

(Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 268). 



ХАН

2

  з  а  т.  Асықпен  ойнайтын  ұлт-



тық ойын. Асықпен ойнайтын х а н ойыны 

да  осы  сияқты.  Ойнаушылардың  санына 

шек  қойылмайды  (Б.Төтенаев,  Қаз.  ұлт. 

ойын., 47). 



ХАН

3

 з а т. ш а х м. Шахматтағы ең 



маңызды, күшті тас; король. Сөйтіп, х а н 

н ы ң жалғыз ғана жүрісі қалып, 8-ге бара-

тынын анықтады (Ана тілі, 31. 01. 2013, 12). 



Х а н д ы   қ а р а   б а с т ы .   Ұ л т т ы қ 

ойындардың бір түрі. Ал «Х а н д ы  қ а р а

б а с т ы», «Ұжмақ-тозақ» ойындарында 

халықтық ой-аңсардың еркіндігі, бұлалығы 

атауынан-ақ көрініп тұрған жоқ па?! (Білім 

жəне еңбек, 1985, №10, 47). 



Хан көші. э т н. Ұлттық ойындардың 

бір  түрі.  Екі  ауылдың  қыз-бозбаласы 

күн  батса  ауыл  сыртындағы  қара  жалға 

жиналып,  таң  атқанша  асыр  сап  ақсүйек 

белбеусоқ,  көрші-көрші,  х  а  н  к  ө  ш  і  н 

ойнады (Ə.Нұрпейісов, Қан мен тер, 268). 

Хан  қандай  [қалай]?  Ойын  аты: 

Көпшілік бір ойыншыны хан, екіншісін уəзір 

сайлайды.  Уəзір  ойыншылардың  бірінен 

«Хан  қандай?»  деп  сұрайды.  Ол  жауап 

береді. Уəзір оны көпшілікке дауыстап ха-

барлайды. Соңында уəзір ханнан: «Хан ием, 

кімнен қорлық көрдіңіз?»деп сұрайды. Хан 

атаған адам жазаға тартылады. «Х а н

қ а н д а й?» ойынын үйде, далада ойнауға 

болады  (Ө.Жолымбетов,  Айгөлек, 82). 

Ойын  созыла  береді.  Х  а  н    қ  а  л  а  й?

белбеусоқ,  тақия  жүгіртпек,  сақина 

тықпақ,  мыршым,  ондай  қылма-мұндай 

қыл,  лəпи  молда,  қалдырма  қақи,  бал-

тамтап... (Ж.Аймауытов,  Шығ., 384). 

Ақыры  сол  көп  ойынның  екеуі – «Х  а  н



қ а л а й?» мен «Көрші-көршіге» біржола 

тұрақтады (М.Мағауин, Қиянда., 92). 



Хан  сəске.  Тал  түске  жақын  қалған 

мезгіл.  Сонан  күн  шықсын.  Сиыр  сəске 

болсын.  Х  а  н    с  ə  с  к  е  боп,  шілде  айы 

шыжғырып күйіп берген-ді (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 199). 



ХАНАҚА... Хандар салған х а н а қ а 

Қараңғы болар шырақсыз (Есберген қожа: 

Ана тілі, 05. 12. 2012, 12).

ХАНАЛШЫ з а т. с ө й л. Хан талапай 

ойыны.  Ойдан  сейілгісі  кеп  Шегебайдың 

тəмпіш балаларының асығын алдына үйіп, 



х а н а л ш ы ойнап көрді (Т.Иманбаев, Тұт 

ағаш., 182). 



ХАНБАЛЫҚ з а т. и х т и о л. Балықтың 

еті дəмді бір түрі; форель. Оның есесіне 

көк  теңбіл  х  а  н  б  а  л  ы  қ  көп  екен,  əне-

міне  дегенше  бір  шелек  балық  іліп  алды 

(Ш.Мұртазаев,  Қызыл  жебе, 20). Арал 

теңізінен əкелінген бекіре, Чехославакия-

дан əкелінген х а н б а л ы қ, ақ амур, майбас 

т.б. балықтар да өсіп-өнуде (Қаз. əдеб., 12. 

09. 1980, 10). Көлсай көліне х а н б а л ы 



қ т ы (форель) алып келіп жіберілгеніне, 

міне, 50 жыл болды (Жетісу, 12. 09. 2008). 



ХАНБАЛЫҚША  ү  с  т.  Ханбалық 

тəрізді, ханбалық секілді. Жүрімбек Ақсу 

өзенінің  арынды,  толқынды  ағысына



х а н б а л ы қ ш а қарсы жүзіп, бейкүнə 

балалықтың бал дəуренін бастан кешіп, өсе 

берді (Ə.Ыдырысов, Тұлға., 229). 

ХАНҒҰЛ з а т. Тоғайлы жерлерде тір-

шілік ететін, денесі шағын, шоқтығы биік 

бұғы тұқымы; тоғай бұғысы. Сондай-ақ

ХІХ ғ-дың аяғына дейін Сырдария өзені-

нің жағасында тоғай бұғысы (х а н ғ ұ л

тіршілік еткен (А.Бекенов, Қазақст. аң., 3). 



ХАНДЫҚ: Хандығыңнан түсемісің? 

Дəрежең,  қызметің  төмендеп  қала  ма? 

д.м.  –  Е,  даусыңды  қаттырақ  шығарсаң

х а н д ы ғ ы ң н а н  т ү с е м і с і ң, соған 

да  сыбырлау  керек  пе? (С.Жүнісов,  Ақан 

сері, 2, 58). 

ХАНЖАППАЙ з а т. ж е р г. Хан тала-

пай. Бір бала жаңағы х а н ж а п п а й д а

екі  асықты  жөнсіз,  қаралық  жасап  алған 

(Ж.Нəжімеденов, Кішкентай, 75). 

ХАНЗАДАША ү с т. Ханзада тəрізді, 

ханзада  сияқты.  Қарсы  алушылар 

арасындағы х а н з а д а ш а киінген сұлу 

жігітке  Қасымның  бірден  көзі  түскен-ді 

(Т.Жұмаханов, Өткел, 56). 



ХАНЗУША ү с т. Ханзу тілінде. Х а н з 

у ш а тіл үйреніп, осындағы бекзадалармен 

Байынқол Қалиев

640

бірдей білім алды (Қ.Жұмаділов, Тағдыр., 

23). Өздеріңіз білесіздер, бір жылдай уақыт 

болды,  Құлжада  х  а  н  з  у  ш  а,  ұйғырша 

екі тілде газет шығып келді (Т.Мəмесейіт, 

Таңжарық, 2, 159). 



ХАНҚЫЗЫ__1__...'>ХАНҚЫЗЫ

1

...  Х  а  н  қ  ы  з  ы  н  (бо-

жья  коровка)  білмейтін  адам  жоқ  шығар. 

Оның  дене  пішіні  домалақ  қызыл 

түсті,  лак  жаққандай  жылтырап  тұрады 

(Р.Сəтімбеков,.. Қызықты биология, 93). Со-

лармен бір мезгілде х а н қ ы з ы да көріне 

бастайды (Наурызым, 62). 

ХАНҚЫЗЫ

з  а  т.  о  й  ы  н.  Ханқызы 



қоңызын  ұстап  алып,  оны  баланың 

саусағына  қондырады  да  «Ел  қайда 

көшеді? Суды қайдан ішеді?» деп əндетеді. 

Ханқызы  ұшып  кетсе, «Ел  мына  жақ-

қа  көшеді  екен»  деп  баланы  сол  жаққа 

қарай  жүгіртіп  ойнататын  ойын.  Бала 

алғаш аяғын еркін басып, тілі толық шығып 

ойнай бастағанда, оларға «санамақ», «х а 

н  қ  ы  з  ы»  сияқты  айтуға  жеңіл,  тапқыр-

лыққа  жетелейтін  ойын  түрлерін  қол-

данып  отырған  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік., 1, 40). 



ХАНОРДА з а т. э т н. о й ы н. Үлкен 

дөңгелек  шеңбер  сызылып,  оның  дəл  ор-

тасынан  бір  ұяшық  қазылып  қойылады. 

Оны  «ханорда»  деп  атайды.  Ойынға 

қатысушылардың  əрқайсысы  шеңбер 

бойынан  өздеріне  бір-бір  ұяшық  қазып 

алады.  Ойын  жүргізуші  допты  шеңбер 

сыртынан ішке қарай соғады. Əр ойыншы 

қолдарындағы таяқпен допты өз ұясына 

да,  ханордаға  да  түсірмеуге  тырысады.

Х а н о р д а ойыны жаз-күз күндері жастар 

мен  бозбалалар  бас  қосқанда  ойналады 

(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 4, 119). 

ХАНТАҚСЫР  з  а  т.  Ойын  аты

Əйелдер  жар-жар  айтады.  Қыз-бозбала

«Х а н т а қ с ы р» ойнайды (Ж.Бектұров. 

Жол жоралғысы, 32). 



ХАНТАЛАҚ  з  а  т.  э  т  н.  Ел  сенімін 

ақтамаған, халық қамын ойламаған ханды 

ел-жұрт түгел жиналып барып, «Бүгіннен 

бастап ханды талақ еттік!» деп барлығы 

одан безіп шығады. Міне, бұл «ханталақ» 

деп  аталады  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік., 1, 136). 



ХАНТАЛАПАЙ з а т. т а р. 1. Хан ел 

сенімін  ақтамаған  жағдайда  əміршінің 

бар  мал-мүлкін  тұяқ  қалдырмай  бөлісіп 

алу дəстүрі. Х а н т а л а п а й аяқ астынан 

жасалмаған. Алдымен ескертулер жасалған. 

Егер əмірші оған құлақ аспаса, содан кейін 

əміршіге х а н т а л а п а й жасаған (Аңыз 

адам, 2011, №19, 30). 2. Асықтарды шашып 

жіберіп,  талапайға  салу  ойыны.  Ежелгі 

қазақ қоғамында ханталапай зорлық емес, 

ел ағаларының шешімімен жүзеге асатын 

жаза.  Қазақ  балаларының  «Х  а  н  т  а  л  а 



п а й» атты ойыны осының анық көрінісі 

(Аңыз адам, 2011, №19, 30). Түрлі бояумен 

боялған бір дорба асықтарды ортаға төгіп 

салып иірмекіл, х а н т а л а п а й ойнаймыз 

(Жалын, 1977, №3, 20). 

ХАНТАЛАУ з а т. с ө й л. Ханталапай. 

Тəтіқара  жырау  «Ат  құйрығын  сүзіңдер, 

Аллалап атқа мініңдер. Х а н т а л а у қылып 

алыңдар» дейді (Аңыз адам, 2011, №19, 30). 



ХАНТЫ з а т. Солтүстік аймақтарда 

тұратын аз халықтардың бірі. Жасақтың 

жауы бейбіт жатқан татарлар мен х а н т 



ы, мансылар емес, Көшімнің қарулы əскері 

болды (Қаз. əдеб., 10. 11. 1989, 7). Х а н т 



ы л а р д ы ң дəстүрлі кəсібі – балықшылық 

пен аңшылық. Бұғы шаруашылығымен де 

айналысады (ҚҰЭ, 9, 299). 

ХАНШАЙЫМДЫҚ з а т. Ханшайымға 

тəн  қасиет,  ханшайымға  қатысты 

артықшылық. 

ХАНЫМДЫҚ  с  ы  н.  Ханымға  тəн, 

ханымда  ғана  болатын.  Шай  құюшы 

күтуші  əйелдің  жоғарғы  жағында  өзінің 

хан жұбайы – х а н ы м д ы қ салтанаты-

мен  инабатын  сақтап  отырғанда,  дауасыз 

жездесінің  өрескел  сөйлеуі  ыңғайсыз-ақ 

тиген (Ж.Ахмади, Айтұмар, 468). 



ХАНЫША  з  а  т.  с  ө  й  л.  Ханша. 

Олардың шешесі Қатаған Тұрсын ханның 



х а н ы ш а с ы, яғни қызы екен (Шəкəрім, 

Шежіре., 76). 



ХАНЬСУ з а т. с ө й л. Ханзу. Деректер 

əсіресе қытай жазбаларында көп деседі. Ол 

үшін əрине, əуелі х а н ь с у тілін білу керек 

(Б.Тоғысбаев, От пен күл, 83). Оның алты 

миллионы ұйғырлар, бес миллионы х а н ь 

с у л а р (Қаз. əдеб., 21. 07. 1989, 6). 

ХАРАКТЕРЛІ с ы н. с ө й л. Мінезді, 

типті. Актриса осынау əртүрлі х а р а к 

т  е  р  л  і  кейіпкерлердің  əрқайсысының 

қайталанбас  бояуын  дəл  басып  бейнеле-

уге өзгеше күш салды (Қаз. əдеб., 17. 05. 

1974, 3). 



ХАТИФ з а т. д і н и. Ислам дініне еңбегі 

сіңген адамға берілетін қазиден кейінгі діни 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

641

атақ. Муфтиден кейін – қази, сосын х а т и ф,

имам,  найбимам,  азаншы,  қари  (Алматы 

ақшамы, 09. 12. 1991, 2). 

ХАТТАМА...  Отырыс  барысы  бой-

ынша хаттама жүргізіледі. Х а т т а м а 



н  ы  ң  дұрыс  жазылуы  мен  рəсімделуіне 

ұйымның  хатшысы  жауапты  болады 

(Л.Дүйсембекова,  Іс  қағаз., 112). Бүгін 

Назарбаев  пен  Кравчук  мемлекетаралық 

шартты  бекіту  туралы  граммота  алмасу 

жөніндегі х а т т а м а ғ а қол қойды (Егем. 

Қаз., 24. 03. 1992, 1). 

ХАТШЫ-ҚҰС  з  а  т.  з  о  о  л.  Саван-

наларда  тіршілік  ететін,  ұзын  сирақты 

жыртқыш  құс  (секретарь).  Х  а  т  ш  ы-

қ  ұ  с  улы  жыландармен  шайқасқа  түсіп, 

оны аяғымен таптап өлтіреді (Құстар, 30). 

Қолға үйретілген х а т ш ы-қ ұ с т а р д ы 

африкалықтар  улы  жыландардан  қорғану 

үшін асырайды (Бұл да). 

ХАТЫМГЕР  з  а  т.  Хатым  құранын 

оқушы,  хатым  шығарушы.  Тарқайтын 

жолыққанда іштің шері, Қалмапты заман-

дастың бірде бірі. Түбі – уақ, х а т ы м г е р 

д е Ғабдолуахид Бұл дүние жалғыз-ақ сол, 

қалған тірі (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 256). Х а 



т ы м г е р, қоштану деген сөздерді жасаған 

Х.Бекхожин (Қаз. əдеб., 14. 11. 1975, 3).



ХАУАС з а т. ж е р г. Иісі аңқыған, таза. 

Мен анау жамаулы төсекке таңылып, жы-

рым айнаның сəулесін бағып жатқанда, сен 

қай қиырда, қай мекеннің х а у а с жұпарын 

татып  жүрсің,  Элиза? (С.Ордашева,  Кек 

жуған, 39). 



ХАУЫС з а т. а с т р. а р. Қауыс (қараша) 

айы (М.Арын, Бес анық). 

ХАФИЗ з а т. Құранды жатқа білетін 

адам.  Ақынның  өлмес  өлеңдері  кітап 

жүзінде ғана емес, жыршы, жырау, х а ф и з,

бақшылар арқылы ауызша да кең тараған 

(Лен. жас, 27. 08. 1983, 3). 



ХАХОЛ з а т. 1. с ө й л. Орыс мұжығы. 

Бұқтырма  бойында  жиырмадан  артық 



х  а  х  о  л  қаласы  (ауылы)  бар («Қазақ» 

газеті, 1913, 37). 2. э  к  с  п  р.  Украиндар 



да кейде осылай аталынады. – Украинша 

сөйлегенде Запорож бойынан келген х а х 



о л д ы жаңылдырады (Р.Тоқтаров, Ғасыр 

наны, 203). 



ХАШИЕ...  Кітап  бетінің  шетіне, 

жиегіне  жазылған  немесе  түсірілген 

пікірлер шығыс ғылымында х а ш и е деп 

аталып кеткен (Қаз. əдеб., 28. 08. 1992, 12). 



ХƏММАСЫ е с і м. а р. с ө й л. Барлы-

ғы.  Қайтады  үйлеріне  үш  күн  жүріп, 

Патшаға  сəлем  берді  үйге  кіріп.  Көрген-

білген һ ə м м а с ы н баяндады, Уа жəне 

келдік деді ойнап-күліп (Бабалар., 1, 34). 



ХƏТТƏ ү с т. к і т а б и. Кейде. Х ə т т ə 

бір сөздің өзінде де əман бір жерде тұрмай, 

əр жерде көшкілеп жүреді (А.Байтұрсынов, 

Шығ., 190).



ХИДЖРАША  ү  с  т.  Хиджра  бойын-

ша.  Дүние  салған  күні  бізше  сегізінші 

июнь,  дүйсенбі,  алты  жүз  отыз  бірінші 

жыл.  Х  и  д  ж  р  а  ш  а  он  бірінші  жыл 

(Ж.Молдағалиев, Алғ. қоңырау, 150). 



ХИЗАР з а т. к ө н е. Жоғары үкімет 

адамдары  отыратын  бекіністі  орын, 

кеңсе. Сондықтан ол таңертең əмір диваны 

(Жоғары  үкімет  орны)  саналған  х  и  з  а  р 



ғ  а  Тоқтамыс  келгенде,  ол  төрде  жамба-

стай жатқан шəйі көрпенің үстінен ұшып 

түрегелді  (І.Есенберлин,  Шығ.  жин., 9, 

237). – Дұрыс, - деген х и з а р іші толған 

бекзадалар (Бұл да, 238). 

ХИКАЯШЫ з а т. Хикая айтушы. Зер-

гер Мұқан, аңшы Нөкеш, х и к а я ш ы Опа-

бек, ауылнай Темірғали – бəрі де Маралдың 

перзенттері (М.Əлімбаев, Көңіл күнд., 16). 



ХИЛАП з а т. а р. ж е р г. Қарсы д.м. – Ма-

қалаңызды алғысөз есебінде жіберуге х и



л а п емессіз бе?-деді (Қаз., 23. 09. 1977, 2). 

ХИСАР з а т. к ө н е. Қаланың негізгі, 

бекіністі  орталығы,  найыб  сарайы;  ци-

тадель.  Қаланың  негізгі  орталығы – х  и 

с а р – көлемі 20 гектарға жуық бұрынғы 

шахристан  мен  қамал  жоспарын  сақтап 

қалған (ҚазССР тарихы, 2, 212). Əскерінің 

дені  қырылған  Қадырхан  енді  қаланың 

ортасындағы  х  и  с  а  р  ғ  а  кіріп  бекінді 

(І.Есенберлин,  Алтын  орда, 1, 53). Олар 

Самарқандтың кез келгенді қызықтыратын 

х и с а р, рабат, діни ғибадатханаларының 

дымын  қалдырмай  күйретіп,  тас-талқан 

еткен (Бұл да). 

ХИУА з а т. к ө н е. Шайла, күрке, қос. 

Егіннің арғы шетінде құрым киіз шайла тұр. 

Бұл шайланың бағзы бір заманда «х и у а»

аталғанын  Ақын  білмейді  (Т.Əлімқұлов, 

Көкек айы, 52). 

ХОЙТ з а т. Жоңғар хандығының негізін 

құраған төрт тайпаның бірі. Жоңғар (Ой-

рат) хандығының (1635 жыл) негізін салған 

төрт тайпа: шорос, хошауыт, дурвэд, х о й т

т а р (Аңыз адам, 2010, №6, 9). 

Байынқол Қалиев


642

ХОРВАТ  з  а  т.  Хорватияның  негізгі 

халқы. Х о р в а т т а р егіншілікпен айна-

лысады, жүзім өсіреді (ҚҰЭ, 9, 338). 



ХОРШЫ..?  Ұрысқа  түспеген  Ақсақ 

Темір мен Тоқтамыстың жанындағы шағын 

жасақтары нөкер, х о р ш ы, қорғаушылары 

ғана (І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 406).



ХОТ з а т. к ө н е. Құқы. Народный сот 

жоғалса, я оның х о т ы кемісе, талас кемір 

еді («Айқап» газеті, 65). 

ХОШАЛ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Риза,  разы, 

ырза.  Сүйеке,  х  о  ш  а  л  болдым  көрге-

німе,  Құрметтен  аман  сəлем  бергеніме 

(Бақтыбай ақын: Ел аузынан, 170). Екеуінің 

бір-біріне  ризашылықтары  х  о  ш  а  л 

қабақтарынан аңғарылып тұр (Б.Нұржекеев, 

Жау жағадан., 23). 



ХОШАУЫТ з а т. Жоңғар бірлестігінің 

құрамына  кірген  басты  төрт  тайпаның 

бірі. Мұз қата қоймағандықтан, Еділдің оң 

жағында  жатқан 50 мыңнан  астам  дүрбіт 

пен х о ш а у ы т т а р дариядан өте алмай 

жұрттарында  қалып  қойды  (К.Сегізбаев, 

Беласқан, 71). ХVI  ғ-дың  аяқ  шенінде 

ойраттар  (жоңғарлар)  басты-басты  төрт 

тайпалық бірлестіктерден құралды. Олар: 

торғауыттар (хойттар) дүрбіттер, х о ш а у 



ы т т а р жəне шорстар болатын (ҚазССР 

тарихы, 2, 299). Қазақ Есім мен х о ш а у 



ы т Көндүлен «құда мыңжылдық» деген 

қағиданы мықтап ұстанған (А.Сатаев, Бəрі 

де., 69). 

ХРОМАТТЫ: Хроматты түр-түс. Ақ 

пен қарадан басқа түстердің жалпы ата-

уы. Сары, жасыл, көк, қызыл, күлгін жəне 

басқа түстердің түрлі реңктері х р о м а т 



т ы  т ү р - т ү с к е жатады (Ə.Қайдаров., 

Сырға толы., 18). 



ХРОМИТ...  Біздің  республикамыз 

қорғасын, мырыш, күміс, вольфрам, х р о 



м и т рудасының, ванадидің қоры жөнінен 

елімізде  бірінші  орын,  ал  мыс  молибден, 

кадмий, боксит қоры жөнінен екінші орын 

алады (Соц. Қаз., 16. 07. 1972, 2). 



ХҰҚЫҚШЫ  з  а  т.  Хұқықтанушы, 

хұқық маманы; заңгер. 

ХҰН з а т. с ө й л. Ғұн. Х ұ н – алғашында 

Орталық  Азияны  мекен  еткен,  соңынан 

батысқа ауып барып, V ғасырда Аттила де-

ген қолбасшының басқаруымен Европаны 

басып кірген, аса күшті болған халықтың 

аты (Шыңғыс хан, 360). Қазақ халқының ту 

ұстау дəстүрі сонау х ұ н, түрік заманынан 

басталып, сол кездегі тайпалық белгілерді 

сақтаған (Қаз. əдеб., 15. 04. 1983, 5). 

ХҰРРИЯТ з а т. а р. Теңдік. – Білмесең 

айтайын...  Буржуйларды  талқандайтын, 

кедейлерге х ұ р р и я т əперетін – қызылдар 

(С.Омаров, Дала қызы, 71). 



ХҰСНИХАТШЫ з а т. к ө н е. Көркем 

жазу шебері, көркем жазушы. ХІІІ ғасырда 

бағдаттық ақын жəне х ұ с н и х а т ш ы 

Əбул Фазл Динвдан «рика» жазуын жасай-

ды (Ана тілі, 18. 01. 1996, 6). 



ХҰТ з а т. а с т р. к ө н е. 1. Ақпан айына 

сəйкес келетін шоқжұлдыз; балық. 2. Ақпан 

айының көне атауы; үт. Х ұ т (февраль) 

аяқталып  қалған,  ертең  хамал  (наурыз) 

тумақшы  (К.Сəрсенов,  Қызыл  жалау, 

2, 76). Байырғы  қазақ  календарын-

дағы  Зодиак  айлары,  яғни  жұлдыз  айлар 

арабша  мынандай  болған: ... мизам  (сен-

тябрь), ақырап (октябрь), қауыс (ноябрь), 

жəди (декабрь), дəлд (январь), х ұ т (фев-

раль)  т.б. (М.Ысқақов:  Қаз.  əдеб., 23. 03. 

1990, , 4). 



Һ

ҺƏМ ш ы л. к і т а б. Жəне. Тіл, əдебиет 

бір миллəттің жаны һ ə м рухы-дүр («Айқап» 

газеті, 115). Кеңеске бұрын түскендері де 

бар, һ ə м түсейін деп тұрғандары да бар 

(«Қазақ» газеті, 1914, 150). 

ҺƏРКІМ е с. к і т а б. Əркім. Мұнда 

да  һешкім  айтыпты  емес,  һ  ə  р  к  і  м 

ойындағысын айтудың шамы жоқ («Қазақ» 

газеті, 1914, 74). 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

643

ЦЕЗИЙ з а т. х и м. Сілтілік металдар-

ға жататын химиялық элемент. Ц е з и й

– күміс түсті ақ, өте жұмсақ. Ол сирек эле-

менттер қатарына жатады (ҚҰЭ, 9, 356). 

ЦЕЙЛОН:  Цейлон  шай.  Цейлонда 

өсетін, Цейлоннан əкелінген шай. – Сендер, 

қатындар, жібек киіп, ц е й л о н  ш а й ішетін 

боласыңдар, - деп жұртты жұбатады екен 

(Қ.Олжай, Қанат байла., 32). 



ЦЕЦЕ: Цеце шыбыны. з о о л. Афри-

када тіршілік ететін, қансорғыш шыбын. 

Қансорғыш ц е ц е  ш ы б ы н д а р ы н еске

алудың өзі ауыр. Олар аяғы өлімге соқты-

ратын ауру тудырады (Жəндіктер, 71). 



Ц И В И Л И З А Ц И Я Л Ы   с   ы   н . 

Цивилизацияға қол жеткізген, өркениетті. 

– Ц и в и л и з а ц и я л ы əлеммен ешқандай 

қатынас  жасамаймыз  (М.Мағауин,  Көк 

мұнар, 73). 



ЦИГАЙ:  Цигай  қойы  [тұқымы]. 

Жартылай  биязы  жүнді  қой  тұқымы.

Ц и г а й  қ о й ы кішілеу келеді, бірақ өте 

төзімді жəне оның жүн қасиетінің тоқыма 

өнеркəсібі  үшін  ерекше  маңызы  бар 

(Қазақст. ауыл шаруаш., 1960, №7, 58). Бұл 

шаруашылықта қойдың екі түрі – құйрықты 

еділбай  тұқымы  мен  жартылай  биязы 

жүнді ц и г а й тұқымы бар (Қазақст. ауыл 

шаруаш., 1970, №10, 47). Ц и г а й  қ о й ы 

Қазақстанға  Бессарабиядан 20 ғасырдың 

30-жылдары əкелінген. Сыртқы түрі жəне 

жүнінің  сапасы  жағынан  меринос  қойға 

жақын (ҚҰЭ, 9, 365). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет