Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет150/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   168

ҰШПА

2

  з  а  т.  в  е  т.  Уақ  малда  бола-



тын  өте  жұқпалы,  зілді  індет.  Ұ  ш  п  а 

– қозыда болатын топалаң ауруы; өте зілді 

індет  (Ж.Бабалықұлы,  Мал  ауруы., 225). 

Секіртпемен  ауырған  мал  секіремін  деп 

ұшып түседі. Сондықтан бұл ауруды кейде 

ұ ш п а деп те атайды (ҚСЭ, 10, 109).

ҰШПА

3

  з  а  т.  Қақпақыл  бестас  ойы-



нына  қажетті  бес  тастың  қақпақыл-

дауға  пайдаланылатын  біреуі.  Қақпа-

қыл  ойынына  үлкендігі  бармақтай  алты 

жұмыр  тас  таңдалады.  Соның  біреуі  ұ  ш 

п  а  деп  аталады  (Қ.Толыбаев,  Бабадан., 

124). Ойын ережесі бойынша, алты тастың 

ішіндегі  ұ  ш  п  а  н  ы  таңдап  алған  соң, 

ойыншы  бестасты  киіздің  үстіне  шашып 

жібереді (Бұл да). 

ҰШПАҚТЫ  с  ы  н.  а  у  ы  с.  Жақсы, 

жылы, ілтипатты. Əкем ергежейліні ылғи 

есіркеп-мүсіркеп, ұ ш п а қ т ы сөзін аямай, 

кісімсітіп қоқайтып жүретін (Лен. жас., 28. 

08. 1973, 4). 



ҰШПЫР  з  а  т.  т  е  х  н.  Кен,  көмір 

қазатын,  ұшы  қашаудың  жүзіндей 

тапталған,  сабы  ұзын,  асыл,  жұмыр 

темірден  жасалған  құрылғы.  Мен  де 

Мəсеннің айтуымен берген ұ ш п ы р л а р 



ы н санап алып, балғасын алып, Нəренжіп 

жұмсаған бір забойға кеттім (С.Сейфуллин, 

Жер қазғандар, 71).

ҰШПЫРШЫ  з  а  т.  Ұшпырмен  кен, 

көмір қазатын шахта жұмыскері. Ұ ш п 

ы р ш ы л а р күндіз бір кезек, түнде бір 

кезек  болып,  екі  рет  жер  астына  түседі 

(С.Сейфуллин, Жер қазғандар, 72). 

ҰШТЫ-ҰШТЫ  з  а  т.  э  т  н.  Балалар 

алқа-қотан отырады. Ойын бастаушы: - 

«Ұшты-ұшты қарға ұшты, ұшты-ұшты 

арба  ұшты»  деп  ұшатын,  ұшпайтын 

заттардың атын айтады. Кім жаңылса, 

сол  «айып»  тартады  (Ғажайып  бау, 60). 

Ұ ш т ы-ұ ш т ы ойыны жазда да, қыста 

да үй ішінде немесе сыртта ойнала береді 

(Қ.Толымбаев, Бабадан., 114). 

ҰШЫҚТЫҚ з а т. Ауруды ұшықтаған 

адамға  берілетін  сый  (ақша,  киім  т.б.). 

Оған (құшнашқа) көп адамдар сенетін де, 

«ақтық», «ұ ш ы қ т ы қ» деп мал, киім, 

ақша  беретін  (Қазақстан.  ауыл  шаруаш., 

№5, 60, 1968). 

ҰШЫНТ  е  т.  с  ө  й  л.  Асқындыру, 

ушықтару.  Кемпірмен  қоса  директор 

да  келеке-мазаққа  ұшырап,  ауданға  сөз 

тасыған біреулер əңгімені тіпті ұ ш ы н т 

ы  п  жіберіпті  (Ж.Қорғасбек,  Жынды  қа-

йың, 145).



ҰШЫНТУ Ұшынт етістігінің қимыл 

атауы. 

ҰШЫҢ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Теріні  арасына 

шүберек  салып  тігу  əдісі.  Бұлқыншақты 

жасау үшін жылқы сойғанда артқы санын 

шашасына  дейін  мес  қылып  бітеу  сылып 

алады. Содан соң тазартып, сан жағын ара-

сына шүберек салып тігеді. Оны «ұ ш ы ң»

деп  атайды  (Д.Шоқпарұлы:  Білім  жəне 

еңбек, 1986, №7, 35). 

ҰЮЛЫ  с  ы  н.  Көңілі  ұйыған,  сенген. 

Қадамын  нық  тастап,  қолын  жігермен 

сілтеп барады. – Жаңағы сөзіне көңілі əбден 

ұ ю л ы, сенулі (Лен. жас, 19. 07. 1973, 4). 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі


627

ҰЯ  з  а  т.  Тоғызқұмалақ  ойынында 

құмалақ салатын шұңқырлау орын, ойық. 

Тоғызқұмалақта құмалақты салатын орын-

ды ұ я дейді. Ал ұ я ғ а топталған құмалақты 

«ат» деп атаған (Лен. жас, 08. 11. 1988, 4). 



ҰЯЛЫ: Ұялы көз. Аңғалағы үлкендеу, 

тереңдеу көз. Үлкен ұ я л ы  к ө з і бота-

лап, Айгүл бұлардың ойынына үңіліп тұр 

(О.Бөкеев, Мұзтау, 74). 

ҰЯҢ: Ұяң жүн. Қойдың жұмсақ жүні. 

Сапасына қарай жүн: биязы жүн, ит жүн, 

жабағы жүн (өлі жүн), боздақ жүн (тірі жүн),

ұ я ң  ж ү н, қылшықты жүн болып бөлінеді 

(Ж.Қоқанова, Түк жəне тері., 10-11). 



Ү

ҮБІЖАЙ  з  а  т.  Қорқынышты  бір 

мақұлық  (жас  баланы  қорқытқанда 

қолданылады). ≈ Жылама! Ү б і ж а й келе 

жатыр. 


ҮБІР з а т. ж е р г. Қарсы пікір, үгіт. 

–  Сайлауға  қарсы  ү  б  і  р  таратып,  елді 

бүлдіріп жүр, - деп Байбол пəле салудан да 

тартынбайды (Б.Майлин, Таңд., 152). 



ҮБІШІН з а т. к ө н е. Атжабу. Толып 

жатқан көп қалмақ, Атына ү б і ш і н жаба-

ды. Əрі де бері кеңесіп, Ақыл-айла табады 

(Х.Досмұхамедұлы, Аламан, 140). 



ҮГУЛІ с ы н. Үгілген, үгіліп қойылған

Кенеп дорбадан керегінің бəрі табылады: 

көйлек-ыстаны да сонда, ү г у л і насыбайы 

да сонда (Б.Майлин, Таңд., 264). 



ҮГІНДІРІК...  Сөздікте (2 томдық 

орысша-қазақша сөздікте) кочерга «көсеу» 

деп аударылған, дұрысы: кочерга – ү г і н 

д і р і к болуы керек (Д.Шоқпарұлы: Қаз. 

əдеб., 22. 06. 1984, 14). 



ҮДЕ// ҮДДЕ з а т. с ө й л. Мүдде, талап

Уақыт  ү  д  е  с  і  н  е  орай  тіл  мəдениетіне 

қойылатын  талап  пен  талғам  биіктей 

беретіні белгілі (Соц. Қаз., 11. 02. 1976, 4). 



ҮДЕСІНДЕ  ү  с  т.  Шамасында, 

мөлшерінде, ішінде. Əрине, бұл жағдайда 

10-15 жылдың ү д е с і н д е іске аса қояды 

деп айту да қиын (Лен. жас, 21. 12. 1977, 4). 

ҮДЕТПЕЛІ: Үдетпелі шырай. л и н г в. 

к ө н е. Қазақ тіліндегі бес шырайдың бірі. 

Қазақ тілінде бес шырай бар: салыстырма-

лы  шырай,  бəсең  шырай,  шағын  шырай, 

күшейтпелі шырай, ү д е т п е л і  ш ы р а й.

Мыс.: өте биік т.б. (Ғ.Мұсабаев, Қаз. тіл. 

сын есім., 34). 

ҮДМҰРТ  з  а  т.  Сібір  халықтарының 

бірі.  Жошының  ұлы  Бату  хан  орысты 

да,  морова,  шуаш,  ү  д  м  ұ  р  т  т  ы  да 

бағындырды (К.Жүністегі, Едіге, 18). 

ҮЗБЕ з а т. қ. ө н е р. Əр бөлігі шын-

жыр  сияқты  бір-біріне  іліністіріліп 

тізіле байланыстырылған сəндік əшекей. 

Ол темірлерге қақтаған күміс шабылады. 

Сыздықтар,  ширатпалар  жүргізіледі.  Ү  з 

б  е  л  е  р,  шытыралар  қағылады.  Маржан 

тасты  қозалар  орнатылады  (Ж.Бабалық: 

Ер қанаты, 260). 

Үзбе  көже.  Қамырын  үзіп-үзіп  салып 

пісірген көже. Жеңешем қазаннан жайпақ 

қара табаққа ү з б е  к ө ж е құйып, төрге 

малдас  құрған  (Жұлдыз, 1972, №1, 121). 

Кешке  əжемнің  құйып  берген  бір  тостақ



ү з б е н  к ө ж е с і н ішіп болып, жастыққа 

жантайып  жатып  өзіміздің  үйді  ойладым 

(Жалын, 1974, №6, 84).

Үзбе нан. Иленіп, жайылған қамырды 

үзіп-үзіп,  сүтке  салып  пісірген  тағам. 

Кешкісін оларға ү з б е  н а н, ыстық істеп 

беріп, сабақтарын қараттырды (Ө.Қанахин, 

Құдірет, 17). Ү з б е  н а н д ы ішіп жатыр-

мын. Елеусіз ғана көзімнің қиығын салып 

қоямын (Н.Серəлиев, Жеңешем., 120). 



ҮЗБЕЛЕСТІР е т.Үзбелерді бір-бірімен 

байланыстыру, үзік-үзік етіп тізбектеу. 

ҮЗБЕЛЕСТІРУ Үзбелестір етістігінің 

қимыл  атауы.  Халық  тəжірибелерінің 

ішінде металдарды талшықтап, бұрау, өру, 

тоқу, түйіндеу, бунақтау, ү з б е л е с т і р у 

сияқты əдіс түрлері өте көп (С.Қасиманов, 

Қаз. қолөнері, 78). 

ҮЗБЕЛІ: Үзбелі құйысқан. Əр жерін 

үзік-үзік етіп жасаған құйысқан. Құйысқан 

үлгі мəнеріне орай: құр құйысқан, былғары 

құйысқан,  түймелі  құйысқан,  термелі 

құйысқан, ү з б е л і  қ ұ й ы с қ а н деп 

аттарына сай айтылады (Ата салты., 104). 

ҮЗДІК з а т. п е д. Оқушының үлгері-

міне қойылған ең жоғарғы баға. Үлгерім 

жағына келсек, 9-ы ү з д і к. 18-і «жақсы», 



Байынқол Қалиев

628

үшеуі  «орташа»  оқиды  (Лен.жас., 01. 06. 

1973, 3). 

ҮЗДІКТЕУ ү с т. Алға таман, озықтау, 

ілгерірек. Өзгеден сəл ү з д і к т е у келе 

жатқан,  жал-құйрығын  түйіп  тастаған 

күрең  қасқа  жүйрік  ат  мінген  Əбілқайыр 

ханның өзі (І.Есенберлин, Алмас., 24). 



ҮЗДІР е т. а у ы с. Шөп жегізу, шалды-

ру. – Аттарды суарайын да, шылбырынан 

ұстап  тұрып  біраз  ү  з  д  і  р  е  й  і  н,  суын 

бассын, сонсоң жүріп кетейік (З.Ақышев, 

Жаяу., 191). 



ҮЗЕҢГІЛІ  с  ы  н.  Үзеңгісі  бар,  үзеңгі 

салынған. Атқа ү з е ң г і л і, қазақы ер са-

лынады. Дойыр я қамшы ұстауға болмайды 

(Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 61). 

ҮЗЕҢГІЛІК__1'>ҮЗЕҢГІЛІК

1

  з  а  т.  Ердің  үзеңгібау 



(таралғы) өткізетін сопақша тесігі (Қаз. 

этнография., 2. 70). Ү  з  е  ң  г  і  л  і  к  екі 

қапталдың астыңғы шетін ала тесіледі (Ата 

салты., 111). 



ҮЗЕҢГІЛІК

2

 з а т. с ө й л. Кетераяқ. 

Əлгі  əзірде,  Досымның  үйінен  шығарда, 

«ү з е ң г і л і к» деп үлкен бокал коньякты 

тартып жіберіп еді, сол басына шықты деп 

жорыды Рəзия (Ə.Тарази, Тасжарған, 62). 

ҮЗУ  з  а  т.  м  е  д.  Дененің  суық  ти-

ген  жерін  қолмен  уқалау,  тартқылау, 

түйгіштеу, сылау арқылы емдеу тəсілі. Ү з 

у сияқты қазақы емнен олардың да хабары 

бар (Денсаулық, 1990, №12, 19).



ҮЗІКБАУ  з  а  т.  Үзікке  тағылып,  оны 

байлап, бекітіп қоятын бау. Ішкі сəулетін 

айтпағанда,  үй  сыртында  ерсілі-қарсылы 

айқасқан жасыл, сарыала ү з і к б а у л а р ы 

н а дейін көз тартады (Ж.Ахмади, Айтұмар, 

120). Ішіндегі басқұрлар, желбау, ү з і к б 



а у л а р д ы ң ашық түсті нəзік өрнектері 

бірінен-бірі  өтеді  (З.Ахметова,  Шуақты 

күн., 23). 

Үзік жабар. з а т. э т н. Қыздың жаңа 

отауы  тігіліп  жатқанда  алынатын 

кəделердің бірі. Қыздың жеңге, құрбылары 

шаңырақ көтерер, уық шаншар, ү з і к  ж а 



б а р сияқты сылтаумен сан қилы кəде тілей 

бастайды (Қаз. этнография., 3, 14). 



ҮЗІКҰСТАР з а т. э т н. Отау тіккен 

кезде күйеу жігіттен алатын кəделердің 

бірі. Отау тіккен кезде күйеу жігіт отауын 

тігушілерге  уықшаншар,  туырлықжабар, 

түндікжабар,  ү  з  і  к  ұ  с  т  а  р,  бау-шу-

байлар  деген  сияқты  кəделер  береді 

(А.Нүсіпоқасұлы.., Алғаш бесік., 3, 85). 

ҮЗІЛМЕСТІК з а т. Үзіліп қалмағандық, 

үздіксіздік .  Баяу  болғанмен  оның 

қозғалысының  ү  з  і  л  м  е  с  т  і  г  і  жəне 

бар,  мəңгілікке  жаратылғандай  тас-түйін 

(Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 156). 



ҮЗІҢКІРЕ  е  т.  Аздап  үзу,  үзе  түсу. 

Астарын ү з і ң к і р е п алғанға ұқсайды 

(Қ.Жұмаділов, Көкейкесті, 82). 

ҮЗІҢКІРЕУ Үзіңкіре етістігінің қимыл 

атауы. 

ҮЗІР...  2.  Рақат,  қызық,  жақсылық; 

жұмақ.  Іші-сырты  тең  сұлу,  Əйел  емес, 

үр деңіз. Ондай үрге жолыққан Ол ү з і р 



д е жүр деңіз (Майлықожа: Бес ғас. жырл. 

2, 40). Өмірдің бар ү з і р і н жебей сауған 

атақты  байды  осыншалық  мүсəпір  халде 

кездестірем деп ойлады ма (О.Бөкеев, Өз 

отыңды., 118). Гүлияның аруағы риза болса, 

маған бұл дүниеден одан артық ү з і р д і ң 

керегі не (Бұл да, 167). 

ҮЗІРЛІ

1

 с ы н. Тілек сияқты, өтініштей. 

≈ Ү з і р л і сөзін айтып, тез арада жібере 

қоймады. 



ҮЗІРЛІ

2

 с ы н. ж е р г. Аурулы, сырқаулы; 



кеміс. Əне, жас ана құрсақ көтерсе ү з і р 

л  і,  кеміс  бала  туып,  ұрпақ  азып  барады 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы, 50). 



ҮЗІРЛІРЕК ү с т. Тілектей, өтініштей. 

Бірақ  бұл  жолғы  үнінде  жазғырудан  гөрі 

«Рахмет  жауғыр,  əйтеуір  барып  келші» 

деген  қолқасы  ү  з  і  р  л  і  р  е  к  естілді 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 275). 

ҮЙ:  Үй  ағашы.  Киіз  үйдің  керегесі, 

уығы, шаңырағы т.б. Ү й  а ғ а ш ы н иген 

Барақтың  əрекетін  қызықтаған  екі  жігіт 

бұндайды бірінші рет көрген (Ж.Ахмади, 

Айтұмар, 96). Жасалып  жатқан  бұл  ү  й 



а ғ а ш ы Дəулетке арналатын отау қамы 

(Бұл да). Таңертең Балташ ешкіталдан ү й



а  ғ  а  ш  ы  н  кесуге  тоғайға  кетіп  қалды 

(Б.Қыдырбекұлы, Ешкімге айтпа, 7). 



Үй бетін көрмеді. Ылғи далада жүрді, 

үйге келмеді. Əрине, менің күні бойы ү й

б е т і н  к ө р м е й қай жақтарда жүретінімді 

ол білмейді (Н.Ораз, Сықырлы., 279). 



Үй жыртыс. э т н. Үй ішінде жырты-

латын  жыртыс.  Əр  түрлі  маталардан

«ү й  ж ы р т ы с» жəне «түз жыртыс» деп 

50 тіллəлік нəрсе апарады (Х.Арғынбаев, 

Қаз. халқы., 250). 

Үй  құтты  болсын !  Жаңа  үйге 

кіргендерге айтылатын тілек. Жаңа үйге 

кіргендер  мен  жаңа  отау  көтергендерге: 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

629

«Ү й  қ ұ т т ы  б о л с ы н!» деу керек 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 2, 39). 



Үй шыбыны. Жер шарына кең тараған, 

тұрғын  үй  маңында  тіршілік  ететін 

шыбын. Ү й  ш ы б ы н ы н ы ң аналығы 

2-3  айдың  ішінде 600-ден 2000-ға  дейін 

жұмыртқа салады (ҚҰЭ, 9, 94). 

Үй ішінен үй тікті... – Ү й  і ш і н е н  ү й

т і к т і деген осы. Көрерміз қанша ғұмырлы 

болғандығыңды (Қ.Құрманғалиева, Атырау 

ару, 16).

ҮЙГІШ с ы н. Бір нəрсені үйетін (адам, 

трактор). Шөмеле ү й г і ш трактор да жүр 

осында (Лен. жас, 08. 06. 1974, 1).



ҮЙЕЗ  з  а  т.  Ыстықта  күн  көзінен, 

шыбын-шіркейден  қорғану  үшін  малдың 

топтанып, бірінің көлеңкесіне бірі басын 

тығып тұруы. 

ҮЙЕК з а т. Ірі қараның бөлек тіліп алын-

ған  бір  қарыс  шамасындай  бауыр  терісі 

(Ж.Қоқанова, Түк жəне тері атау., 12).



ҮЙЕҢКІ  с  ы  н.  Үйеңкі  ағашы-

ның  сүрегінен  жасалған.  Дариядан  ү  й 

е  ң  к  і  шелекпен  су  əкеле  жатқан  қызды

көзі  шалған  (І.Есенберлин,  Алтын  орда, 

2, 62).

ҮЙЖАДЫ с ы н. с ө й лҮйкүшік. ≈ 

Оның күйеуі ү й ж а д ы адам. Үйінен басқа 

ешқайда шықпайды.

ҮЙЖАДЫЛЫҚ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Үйкү-

шіктік. 

ҮЙКҮШІК з а т. Есік алдында жүре-

тін, есік алдынан кетпейтін адам. Төсек-

жанды  мырзалар  Ала  баспақ  байланып,



Ү й к ү ш і к т е й үреді, Отының басын 

айналып (Дулат Жырау: Нар заман, 190). 



ҮЙКҮШІКТЕН  е  т.  Үйінен,  тұрған 

жерінен ұзап ешқайда шықпау, еш жерге 

бармау. Көк түтініне ысталып, кіржамбыз 

ауасын жұтқанға мəз болып, ү й к ү ш і к т 



е н і п, астанадан шықпайды екенбіз (Қаз. 

əдеб., 30. 03. 1990, 10). 



Ү Й К Ү Ш І К Т Е Н У   Ү й к ү ш і к т е н 

естістігінің қимыл атауы. 

ҮЙКҮШІКТЕУ  с  ы  н.  Үйден  көп 

шықпайтын, ешқайда бармайтын (адам). 

Əбдібай  елдің  көзіне  көп  түсе  бермейді. 

Онша  араласпайды.  Ү  й  к  ү  ш  і  к  т  е  у 

(С.Оспанов, Сопы., 94). 



ҮЙКҮШІКТІК  з  а  т.  Үнемі  үйде 

болғандық, үйден ұзап шықпағандық. Күз 

бен қыс ү й к ү ш і к т і к п е н өтті (Жалын, 

1974, №5, 77).

ҮЙЛЕ

1

 е т. с ө й л. Үй ету, үй жасау. Ұя 

басар кенжемізді отаусыз ү й л е п, үлкен 

үйдің ортақ асын бөліп ішетін болғанбыз 

(М.Разданұлы., Алтай., 41). 

ҮЙЛЕ

2

  е  т.  ж  е  р  г.  Бейітінің  басына 



күмбез  тұрғызу.  «Қолым  тисе  ең  əуелі 

сіздің  басыңызды  ү  й  л  е  й  м  і  н,  Ақа. 

Жатқан  жеріңіз  жайлы,  топырағыңыз 

торқа болсын» – деп күбірлеп бетін сипады 

(О.Бөкеев, Өз отыңды., 264). Үстімізге қой-

ешкі ойнақтамасын. Басымызды ү й л е ң



д е р (О.Бөкеев, Үркер, 57). 

ҮЙЛЕСТІРГЕНСУ  Үйлестіргенсі 

етістігінің қимыл атауы. 

ҮЙЛЕСТІРГЕНСІ  е  т.  Үйлестірген 

болу,  жарастырғансу,  келістіргенсу

Жолшыбай  қинайтыны – ішер  су.  Оны 

да  өздерінше  ү  й  л  е  с  т  і  р  г  е  н  с  і  д  і 

(Т.Отарбектегі, Зауал, 173). 



ҮЙЛІК с ы н. Үй жасауға жарарлық, үй 

жасауға боларлық. Əкем ү й л і к ағаштарды 

алып  келіп,  есіктің  алдына  жиғызып 

қойғандығы қашан (Ө.Тұрманжанов, Менің 

кітабын, 48). 



ҮЙ-ОРМАН з а т. Үй іші, қора-қопсы д.м. 

– Кеңес өкіметі орнағанда ауылымыздағы 

Қайырғали  деген  белсенді  соңымызға 

түсіп, ү й-о р м а н ы м ы з б е н жан-жаққа 

қаңғып  кеттік  (Н.Дəутайұлы,  Аты  жоқ, 

521). Егер осыдан жеткізбей кетсе, ү й-о р 



м а н ы ң м е н өртеймін! – деді (Жұлдыз, 

1973, №4, 81). 



ҮЙРЕКБАС  с  ы  н.  Үйректің  басын-

дай  бас.  Бұрын  тендерлерге  анау  пісте 

мұрын,  ү  й  р  е  к  б  а  с  басшы  болып 

тұрғанда жолатпаушы еді (Д.Бейсенбекұлы, 

Əулиеағаш, 127). 



Үйрекбас ожау. Басы үйректің басына 

ұқсас сəнді ожау. Сап-сары қымызды арқар 

мүйізінен істелген ү й р е к б а с  о ж а у 



м е н сапырғанда, көпіршімей, шып-шып 

етіп, шымырлап қана толқиды (М.Əуезов, 

Таңд. шығ., 1, 115). 

ҮЙРЕКСІЗ  с  ы  н.  Үйрегі  жоқ,  үйрек 

болмаған.  Қайнардың  екі  қапталы  өмірі 

ү  й  р  е  к  с  і  з  болған  емес.  Ауылдың 

үлкенді-кішілі аңқұмар адамдар осы жер-

де  аңшылық  құрады  (Ж.Əлмашұлы,  Тар 

дүние, 483). 



ҮЙРЕКТІ с ы н. Үйрегі бар, үйрегі көп. 

≈ Ү й р е к т і көлге бара жатырмыз. 

ҮЙРЕНШІКТІЛІК  з  а  т.  Бұрыннан 

белгілілік,  дағдылылық.  Тоқтарбай  оның 

Байынқол Қалиев

630

дауыс  ырғағынан  əлдеқандай  бір  ү  й  р  е 



н ш і к т і л і к т і, немқұрайлықты анық 

аңғарды (О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 9). 



ҮЙРЕНІСКЕНДІК  з  а  т.  Үйренісіп 

қалғандық, бауыр басқандық, көндіккендік. 

Пəлен  жылдан  бері  осылайша  бір-бірінің 

көз  алдында  жүріп  ү  й  р  е  н  і  с  к  е  н  д  і 

к  т  е  н,  бəлкім,  басқа  кəсіпте  көрем  деп 

ойламауы  əбден  мүмкін  (К.Ахметбеков, 

Қасірет, 1, 375). 

ҮЙСЫМАҚ з а т. «Үй» аты ғана бар, 

нашар үй. Баяғы совет уақытындағы жер 

жастанған  ү  й  с  ы  м  а  қ  пен  аула-қора 

ғой,  əлдеқашан  есептен  шығып  қалған 

(М.Мəжитов, Аманғали, 30). 



ҮЙТАС  з  а  т.  к  ө  н  е.  Қайтыс 

болған  адамның  басына  тастан  қалап 

тұрғызылған ескерткіш. Тас мүсіндермен 

байланысты естелік құрылыстың бір тобы 

дың, ү й т а с деп аталады. Қай жерде тас 

мүсін  көп  болса,  ол  жерде  дың,  діңгек,



ү й т а с та жиі кездеседі (А.Сейдімбеков, 

Күңгір-күңгір. 187). 



ҮЙШІЛІК  з  а  т.  Киіз  үй  сүйегін  жа-

саумен,  үй  салумен  айналысушылық. 

Киіз  үй  сүйегін

 

жасау  өте  ерте  заманнан 



қалыптасқан. Нағыз өнердің өзі – ү й ш і л 

і к (Ə.Тəжімұратов, Шебер, 91). Қысы-жазы 

көшіп  жүретін  малшылардың  сыңайына 

қарай  ү  й  ш  і  л  і  к  к  е  айналды  (Жалын, 

1974, №5, 77).



ҮЙІ  з  а  т.  а  н  а  т.  Жатырда  жатқан 

кезінде  мал  төлінің  сыртын  қоршап 

тұратын,  іші  сұйықтыққа  толы  етті 

дене;  тұқым  қабы,  шуы.  Биенің  құлыны 

ү й і м е н бірге түсті, күні жетпеген екен 

(Ж.Молдағалиев, Сарыарқа, 105). – Жанаш, 

биенің басынан арқанды ал. Бұл өздігінен 

құлындай  алмайды. – Үйін  оңап  жібере 

алмайсыз  ба,  аға? – Шырағым,  аянып 

отырмын ба? (Е.Рахимов, Тентек келін, 16). 



Үйі түсу. Төлдің артынан оның тұқым 

қабының бірге түсуі. 

ҮЙІ: Үйіне жетті. Үлкейді, өсті, тол-

ды. Мен бесінші сыныпты бітірген жылы 

Қарауыз ү й і н е  ж е т к е н, яғни арыстай 

дүрегей шатыс арлан болды (Ə.Қалдыбаев, 

Таңд. шығ., 3, 199). 



ҮЙІЛ... Ет соңынан шұбар қайың ү й і 

л і н е н сырлап жасаған дəу тегеш қымыз 

келді (Ж.Тұрлыбай, Райымбек, 1, 104). 



ҮЙІР:  Үйір  басы.  Үйірді  бастап 

жүретін, айғыр. – Лейтенант жолдас, жо-

ғалған жылқының ү й і р  б а с ы осы. Үйірі 

жоқ, өзі келді (Ана тілі, 21. 02. 2013, 10). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет