Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет151/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   168

ҮЙІРЛЕСТІК з а т. с ө й л. Бірге жүріп, 

бірге  тұрғандық,  татулық.  Ырысбике 

бойжеткен қызы мен жеткіншек баласының 

тай-құлындай ү й і р л е с т і г і н е сүй-

сінетін (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 252). 



ҮЙІРЛЕСТІРУ Үйірлестір етістігінің 

қимыл  атауы.  Көктемде  қалап-сұрап 

алатын асыл тұқым айғырмен ү й і р л е с



т і р у Байшуақтың қиялы еді (К.Сегізбаев, 

Беласқан, 386). 



ҮЙІРМЕКІЛ... Асықтың үйде ойнала-

тын түрі – «ү й і р м е к і л» мен «хан ату» 

(Қ.Жұмаділов, Таңғ. дүние, 22 ).

ҮЙІРСЕКТЕС Үйірсекте етістігінен 

жасалған ортақ етіс. Сөйтіп жүріп екеуі 

ү й і р с е к т е с і п алды да, бір үйдің бала-

ларындай жұптары ажырамайтынға шықты 

(К.Ахметбеков, Қасірет, 1, 228). 

ҮЙІРСЕКТЕСУ Үйірсектес етістігінің 

қимыл атауы. 

ҮКІҚҰЛАҚТАН  е  т.  Үкінің  құлағы 

сияқты  селтию,  тікірею.  Стол  үстіндегі

ү к і қ ұ л а қ т а н ы п жанған шам жарығына 

анда-санда бір қарай қойып, атам мені ұзақ 

отырып тыңдайды (Жалын, 1972, №6, 81). 

ҮКІҚҰЛАҚТАНУ Үкіқұлақтан етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ҮКІМДАР з а т. к ө н е. Ұлыққа қызмет 

ететін  адамдарға  берілетін  лауазым. 

Бұған  дейін  көркем  əдебиеттің  басты 

кейіпкерлері  ү  к  і  м  д  а  р  л  а  р,  таралар, 

шахзада,  бекзада  ханымдар  мен  ханша-

лар,  жасауылдар,  бекауылдар,  елшілер, 

зиялылар болып келсе, бұдан былай алғы 

кезекке  жұмысшылар,  диқандар,  малшы-

лар,  саптағы  сарбаздар,  қолөнершілер 

шықты (Р.Бердібаев, ҚазССР ҒА Хабарла-

ры, 1975, №3, 7). 



ҮКІМЕТБАСЫ з а т. ж а ң а. Үкіметті 

басқарып тұрған адам; премьер-министр. 

Оған ү к і м е т б а с ы н ы ң келелі кеңесі 

тұңғыш  рет  қазақша  өткізгені  дəлел 

(Айқын, 25. 04. 2009).



ҮЛБІР  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Химиялық 

талшықтардан (полиэтиленнен) жасалған 

түссіз, жылтыр зат (пленка). 

ҮЛГІСЫМАҚ с ы н. Үлгі тəрізді, үлгіге 

ұқсас. Ү л г і с ы м а қ бірдеңелерді көр-

сеткен болды (Ө.Тұрманжанов, Менің, 187).



ҮЛГІ-ТАҒЫЛЫМ  з  а  т.  Үлгі,  өнеге, 

тəлім.  «Жақсының  жүрген  жері - өнер-

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

631

білім, ү л г і-т а ғ ы л ы м» деп əрбір азамат 

жүрген, тұрған жерлерінде өз бастарынан 

үлгі-өнеге  көрсеткен  (А.Нүсіпоқасұлы, 

Ағаш бесік, 1, 26). 

ҮЛДІРЕК... Бəтима солдаттың жарасын 

жақсылап жуып, таза ақ ү л д і р е к п е н 

таңып тастады (Жалын, 1974, №4, 43). 

ҮЛЕК: Үлек пен тайлақ. э т н. «Мысық 

пен  тышқан»  ойынының  бір  түрі:  үлек 

тайлақты  қуып  ұстауы  керек.  Балалар-

дың қызыға ойнайтын ойындарының бірі – 



«Ү  л  е  к    п  е  н    т  а  й  л  а  қ».  Мұны  жыл 

мезгілінің  барлық  уақытында  ойнайды 

(Ойын-сауық, 157). 

ҮЛЕНШІН

 

з а т. з о о л. 1. Арыстанның 



ұрғашысы. 2. Шегірткенің ұрғашысы. 

ҮЛЕМ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Оқыған,  білімді 

діни адам. – Иə, сен кітап оқып, шариғат 

танып ү л е м болыпсың. Ал мен қыпшақ 

даласына  қаштым  (І.Есенберлин,  Алтын 

орда, 1, 111). – Сауға! Сауға, батыр! – деді 

Ардақ. – Бағдаттан келе жатқан ү л е м д е 

р м і з (І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 193). 

ҮЛКЕ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Əскерилерге 

берілетін сыйлық, тарту. Ақсақ Темір өз 

қолдарының ондықтарынан бастап, қосын, 

түмен əскери қол басшыларына дейін ү л к е

деп  аталатын  сыйлығын – жібек  шапан, 

кəріс белбеу, барқыт тақия мен темір торлы 

сауыт үлестірген (І.Есенберлин, Шығ. жин., 

9, 395). Осылай  ү  л  к  е  алып,  көңілдері 

көтерілген  жауынгерлер  қалған  олжала-

рына жау жағын жеңіп келмек боп ұйқыға 

кеткен (Бұл да). 



ҮЛКЕЙТКІШ з а т. с ө й л. Дүрбі. Ү л к е

й т к і ш і м д і алып, жау шебіне қарасам, 

дүние  төңкеріліп  жатқанға  ұқсайды  (Қаз. 

əдеб., 16, 05, 1975, 1). 

Ү Л К Е Н :   Ү л ке н   А ю .   а   с   т   р . 

А с п а н   ш о қ ж ұ л д ы з д а р ы н ы ң   б і р і . 

Шоқжұлдыздардың  саны  көп.  Олар: 

Аққу,  Арыстан,  Бүркіт,  Жетекші,  Мер-

ген, Саршаян, Кіші Аю, Ү л к е н  А ю т.б. 

(Х.Əбішұлы,  Халық  астр., 9). ...Аспанға 

қарады.  Самсаған  жұлдыздар.  Ауылдың 

аспанынан  бір  де  айнымайды  екен.  Əне, 

шөмішке ұқсаған Жетіқарақшы, Кіші Аю, 



Ү л к е н  А ю... (Лен. жас. 18.01.1972, 2). 

Үлкен  қарақаз.  з  о  о  л.  Қарақаздың 

денесі  үлкен  бір  түрі.  Олардың  арасын-

да  Қаралəйлек,  ү  л  к  е  н    қ  а  р  а  қ  а  з

ұзынқұйрық,  жағалтай,  ұлар,  барылдақ 

(лысуха) болатын (Марқакөл, 138). 



ҮЛКЕНКӨЗ з а т. и х т и о л. Судың ең 

терең жерінде жүретін үлкенірек шабақ. 

Судың  ең  тереңінде  жүретін  үлкенірек 

шабақты  «ү  л  к  е  н  к  ө  з»  деп  атайды 

(Жұлдыз, 1973, №4, 204). 



ҮЛПЕКТІ с ы н. Үлпегі бар, үлпек өскен. 

Жетегінде қамыс артқан көк есегі бар. Ү л 



п е к т і, сидам қамыстың бір басы жерге 

сүйретіліп барады (К.Ахметбеков, Ақдала, 

2, 168).

ҮЛПЕРШЕК  з  а  т.  Еркек  жылқы 

қасасының  қыны,  жыныс  мүшесінің 

сыртқы  қабы  (Ж.Бабалықұлы,  Мал  ауру, 

223).  Құла  ат  та  қатты  семіріпті.  Абай 

шегіне  түсіп,  бүйірден  бір  байқап  қарап 

еді, жоны да жұмырланыпты. Ү л п е р ш 



е  к  майы  да  білеуленіп,  білініп  тұр  екен 

(М.Əуезов, Таңд. шығ., 1, 135). 



ҮЛПЕРШЕКТІ  с  ы  н.  Үлпершегі 

ауқымды  (қомақты). - Əне,  Көкжалды 

көріп тұрсыңдар ғой! Бауыры жазық, ү л п 



е р ш е к т і, кең сербек, қақпан бел, салқы 

төс (Н.Қазыбеков, Тұсаукесер, 3). 



ҮМІТСІЗДЕНУ  Үмітсізден  етістігі-

нің  қимыл  атауы.  Түк  істей  алмайтын 

болдық-ау деп онан сайын ү м і т с і з д е



н  у  і  күшейе  түсті  (Ж.Орманбаев,  Тұзақ-

талған, 29). 



ҮМІТТЕНІҢКІРЕ е т. Аздап үміттену, 

үміттене  түсу. – Түр-келбеті  келісті, 

мейірбан, қарапайым еді, - деп тағы ү м і т



т е н і ң к і р е д і Тамғабай (М.Байғұт, Бұла 

бұлақ, 103). 



ҮМІТТЕНІҢКІРЕУ  Үміттеніңкіре 

етістігінің қимыл атауы. 

Ү Н Д Е М Е С   з   а   т.   Б е с т а с т ы ң 

тоғызыншы  кезекте  ойналатын  түрі. 

Тоғызыншы ойын - «Ү н д е м е с». Бұл ой-

ында қақпа тасты қағып алғанда, қолдағы 

таспен  жерден  алған  тасты  соғыстырмау 

керек  (Б.Төтенов,  Қаз.  ұлт.  ойын., 49). 

Ойынның шарты бойынша «Ү н д е м е с 



т і» ойнаған кезде қарсы жағы күлдіруге 

тырысса да, ойыншының өзі үндемеуі керек 

(Бұл да). 

ҮНДІ: Үнді шайы. Үндістанда өсіріліп, 

өңделген  шай;  шайдың  ең  жақсы  сұрпы. 

Шай  болғанда  да  бұл  шіркін  жұрт  сияқ-

ты грузин шайы, ү н д і  ш а й ы дегендер-

ге  дəнігіп  көрмеген  (К.Сегізбаев,  Жап-

жасыл., 4). 

ҮНДІЛІК  с  ы  н.  Үндістан  еліне  қа-

тысты; индиялық. 

Байынқол Қалиев


632

ҮНЕМДЕУ: Үнемдеу заңы. л и н г в. 

Белгілі  бір  дыбыстың,  буынның,  сөздің, 

сөйлемнің қысқартылып, ықшамдалып ай-

тылуы. Ү н е м д е у  з а ң ы жеке дыбыстар, 

жалаң  түбірлердің  құрамында  ғана  емес, 

сөз тіркестерінде де кездеседі (ҚҰЭ, 9, 128). 

ҮНЕМПАЗДЫҚ  з  а  т.  Үнемділік, 

үнемшілдік; қысқалық. Бұл тұста біз шебер 

жазушының қысқа қайырымдар мен қолға 

ұстатқандай нақпа-нақ түйіп тастап отыра-

тын ү н е м п а з д ы ғ ы н көріп отырмыз 

(Қаз. əдеб., 30. 03. 1990, 6).

ҮНЖАРИЯ з а т. с ө й л. Газет. Сөйтсе 

де  бұл  ү  н  ж  а  р  и  я  əдебиет  пен  өнер 

мəселелеріне жеткілікті назар аудармайтын 

секілді (Алматы ақшамы, 16. 10. 1991, 3). 



ҮНПАЗ  с  ы  н.  Əнші,  сайрағыш. 

Сол  даланың  бармақтай  ғана  ү  н  п  а  з

əнші  құсы  көк  жүзінде  тынымсыз  қанат 

қағады (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш, 1, 306). 

Бармақтай ү н п а з құстардың сазы қандай 

тамаша (Қ.Жұмаділов, Таңғ. дүние., 379). 



ҮН-ТҮНСІЗДІК  з  а  т.  Ешбір  дыбыс 

шығармағандық,  үнсіздік.  ≈  Үй  ішін  ү  н-

т ү н с і з д і к басты. 

ҮНШІЛ с ы н. Үні зор, үні жағымды. ...

Осыдан кейін ү н ш і л аспап (домбыра) құй-

қылжып кетті (Қаз. əдеб., 05. 04. 1974, 4). 

ҮҢГІЖОЛ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Тауды,  та-

сты,  бел-белесті  үңгіп  (қуыстап  қазып) 

жасалған  жер  асты  жолы;  туннель 

(Бекітіп.термин., 87). 



ҮҢІЛГІШТІК  з  а  т.  Зер  салғандық, 

аңғарғыштық. Өмірдің сырына ү ң і л г і ш

т і к, оны бақылағыштық, зерделегіштік, 

оның мəнін аңдағыштық, өнерлілік сырла-

рына бойлады (Ə.Ыдырысов, Тұлға, 196). 

ҮҢІРЕЙ  е  т.  Іші  кең  қуыстың  көзге 

оғаш көрінуі. Ескі шахтаның іші ү ң і р е й 

і п бос тұр (Лен. жас, 16. 07. 1986, 4). 

ҮҢІРЕЮ  Үңірей  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ҮПЕКТЕ  е  т.  Біреудің  асты-үстіне 

түсу, үстінен құс ұшырмау; əніне төңкерілу. 

ҮПЕКТЕУ Үпекте етістігінің қимыл 

атауы. Қисық қылығыма да шаң жуытпай, 

орынсыз  ү  п  е  к  т  е  у  қытығыма  тиетін, 

қабағымды қыртыстандыратын да кездерім 

болады (Ж.Мусин, Туған үй., 71).



ҮПЕЛЕКШЕ  ү  с  т.  Үпелек  тəрізді, 

үпелек құсап. Қарадым да, өн бойым от ти-

ген ү п е л е к ш е ду ете қалды (А.Мекебаев, 

Алапат., 232). 

ҮПІЛМƏЛІК:  Үпілмəлік  майы. 

Үпілмəлік  (майсана)  өсімдігінің  дəнінен 

алынатын май. Ү п і л м ə л і к  м а й ы н ы ң 

тұтқырлығы жоғары болғандықтан техни-

када кеңінен қолданылады (ҚҰЭ, 9, 131). 

ҮРЕ  з  а  т.  х  а  л  қ.  Алюминий.  Қазақ 

тілінде алюминийдің ү р е деген баламасы 

бар. Ауылда ү р е табақтың қандай ыдыс 

екенін екінің бірі біледі (Соц. Қаз., 29. 11. 

1969). 

ҮРЕЙЛЕНГЕНДІК з а т. Қорыққандық, 

зəресі ұшқандық. Бет-жүзінде ү р е й л е н 

г е н д і к т і ң бе, əлде сескенгендіктің не-

месе шаршап-шалдығудың ба, əйтеуір, өңі 

сынық (М.Мəжитов, Құныскерей, 1951). 

ҮРИЯТ з а т. а р. Үлгі, өнеге, насихат. 

Насихат осы, ағалар, Миы толық абайлар, 

Ақылы  толық  даналар,  Ү  р  и  я  т  қ  а  бас 

болды (Ө.Ақжолұлы, Үриятнама., 112). 



ҮРИЯТНАМА з а т. Халыққа арналған 

хат, насихат, өсиет. 

ҮРКЕРДЕЙ:  Үркердей  ұйлықты.

Бір  жерге  топтасты.  Жұмағұлдың  үйі-

нің маңайында ү р к е р д е й  ұ й л ы ғ ы п 

отырған  ағайын-тума,  жекжаттарын  үркі-

тіп быт-шыт қылды (А.Мекебаев, Алапат., 

373). 

ҮРКІН... Осы халық көтерілісінің аяу-

сыз жанышталуы салдарынан ел ү р к і н



г  е  түсті  (Президент  жəне  халық, 29. 10. 

2010, 6). 



ҮРКІҢКІРЕУ  Үркіңкіре  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҮРЛЕМЕЛІ:  Үрлемелі  музыка  ас-

паптары. Дыбысы үрлеу арқылы шығары-

латын музыка аспаптары. Қазақ халқының 

ү р л е м е л і  м у з ы к а  а с п а п т а р ы н ы ң

түрлері (сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тас-

тауық, бұғышақ, керней т.б.) көп (ҚҰЭ, 9, 134).

ҮРМЕТ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Үрім-бұтақ. – 

Барған  жеріңнен  алтын  тапсаң,  бізге  де 

айт. Ү р м е т і м і з б е н түп көтерілейік 

(Жұлдыз, 1975, №4, 137). 



ҮРПЕК__1'>ҮРПЕК

1

 з а т. Бүркіттің мамығы енді 



ғана  шыққан  балапаны.  Оның  (бүркіт-

тің)  үрпиіп  тұрған  балапаны  бірте-бірте 

түсін  өзгертеді.  Бұл  да  даусыз!  Ұясында 

«ү  р  п  е  к»  аталады  (Т.Əлімқұлов,  Көкек 

айы, 33). 



ҮРПЕК



...  Əжімгерей  бастаған  бір 

топ  кісі  жантақ  ү  р  п  е  к  т  е  н  құбыла-

батысқа құлап келе жатты (Ж.Нəжімеденов, 

Кішкентай, 78). Түнімен кірпік ілген жоқ, 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

633

таңды үй желкесіндегі қияқ ү р п е к т і ң 

басында тұрып атырды (Бұл да, 88). 

ҮРПЕКСАРЫ з а т. з о о л. Қауырсыны 

үрпиген,  сарғыш  түсті  жыртқыш  құс. 

Оларға – ителгі, тазқара, ақсары, жаманса-

ры, кезқұйрық, ү р п е к с а р ы, қыранқара, 

лашын,  ақбас  құмай,  күшіген  сияқты 

ауыл  шаруашылығына  пайда  келтіре-

тін  жыртқыш  құстар  жатады  (Жетісу, 11. 

11. 1981, 4). 

ҮРІПТЕУ зат. Қойдың қозысы емізілмей 

сауылуы (Ж.Бабалақұлы, Мал атау., 112). 

ҮСКІ  з  а  т.  Ұшы  төрт  қырлы,  үшкір 

біз. Керегенің көгі мен уықтың баулығын 

тескенде үйші екі түрлі құрал пайдаланды. 

Оның бірі – оқтаудай жуан əрі ұзын жұмыр 

ағашқа сапталған темір ү с к іҮ с к і н і ң 

ұшы төрт қырлы əрі өткір (Қаз. əдеб., 13. 

08. 1982, 15). Ү с к і – былғары, қайыс, тері 

тіккенде қолданатын төрт қырлы біз (Пио-

нер, 1983, №2, 29). 



ҮСКІНДІ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Екпінді, 

қарқынды.  Онда  ойраттардың  əлі  беті 

қайтпаған ү с к і н д і кезі (Қ.Жұмаділов, 

Дарабоз., 1, 60). «Бүгін еңсесі биік, ү с к 

і н д і ғой» өзі деді ішінен қайран болып 

(Қ.Жұмаділов, Көкейкесті, 109).



ҮСКІРІК... Əсіресе өздеріне сыйға ала 

барған ү с к і р і к атты көне аспап ансамбль 

мүшелерін көп қуанышқа кенелтіп еді (Соц. 

Қаз., 17. 01. 1976, 4). 

ҮСКІРІКТЕТ  е  т.  Үскірік  жүру,  күн 

қатты суыту. Əлгінде кіреукелей бастаған 

ұшпа бұлттар ары-бері жосыла бастағанда 

«ү с к і р і к т е т і п кеп қар жауып қалмаса 

не қылсын» деп күдік те білдіріп еді (Лен. 

жол, 23. 11. 1977, 2). 

ҮСКІРІКТЕТУ Үскіріктет етістігінің 

қимыл атауы. 

ҮСТЕЛШЕ  з  а  т.  Кішкентай  үстел. 

Қаныбет  көк  ала  пижама,  ақ  көйлектен 

басқаны  сыпырып  тастаған,  темір  қалақ 

ү  с  т  е  л  ш  е  басында  құнтиып  отыр 

(З.Шүкіров, Қиын түйін, 135). 



ҮСТЕМАҚЫ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Негізгі 

қызметінен  басқа,  қосымша  тапсырма 

орындағаны үшін төленетін қосымша ақы. 

Əкеме ү с т е м а қ ы белгілеп, жұмысты 

көбейте түсті (Жетісу, 12. 06. 1999, 6). 

ҮСТЕМЕ: Үстеме табыс салығы. э к о н.

Қосымша  өнімнен  алынатын  төтенше 

салық түрі. Ү с т е м е  т а б ы с  с а л ы 

ғ  ы  əдетте  бюджеттің  қатты  тапшылығы 

кезінде алынады (ҚазССР ҒА Хабарлары, 

1989, №4, 31). 

ҮСТЕМЕЛЕНУ...  Сөйлемдегі  ойдың 

толықтанып,  анықталып,  айқындалып 

түрленуінің  жолы  тек  оларға  тұрлаусыз 

мүшелердің ү с т е м е л е н у і ғана емес 

(Қазіргі қаз. тілі, 513). 

ҮСТЕМЕЛЕҢКІРЕ  е  т.  Аздап  қосып 

жіберу,  үстей  түсу.  Əрине,  қазақтардың 

сəл-пəл  қосыңқырап,  кез  келген  фактіні



ү с т е м е л е ң к і р е п жіберетіні жоқ емес 

қой (М.Байғұт, Бұла бұлақ, 112). 



ҮСТЕМЕЛЕҢКІРЕУ  Үстемелеңкіре 

етістігіінң қимыл атауы. 

ҮСТЕМШІЛДЕУ  с  ы  н.  Үстемдеу, 

өктемдеу.  Мен  қателесіппін,  сенікі  жөн 

екен  деген  мойындау,  мақұлдауды  айтуға 

бірбеткей, ү с т е м ш і л д е у мінез-еркі 

жібермеді (М.Айымбетов, Құмөзек., 14). 



ҮСТІЛІК  ү  с  т.  с  ө  й  л.  Үстіндегі. 

Қыран салып, құмай тазы қосқан, қызылдан 

гөрі  қызыққа  құмар  кəнігі  аңшының 

қансонардан  кейінгі  шай  ү  с  т  і  л  і  к 

əсіреқызыл  əңгімесі  емес  (Лен.  жас, 20. 

01. 1973, 1). 



ҮСТІРТ:  Үстірт  қойы...  Ү  с  т  і  р  т 

қ  о  й  ы  (кейде  оны  «дала  қойы»  деп  те 

атайды) аса сұлу, келбетті жануар. Бұл аң 

Қазақстанда Маңғыстау мен Үстіртте ғана 

тараған (Қазақстан əйел-рі, 1983, №9, 18). 

Біздің елімізде тек Қазақстанда кездесетін, 

дүние жүзінде жойылып бара жатқан Ү с т і 



р т қ о й ы н қорғап, сақтап қалу – маңызды 

істің бірі (Соц. Қаз., 26. 11. 1963, 4). 



ҮСІГЕН...  Сонау  ерте  заманда  Іле 

өзенінде балықтың үш-ақ түрі – алабұға, ү с 



і г е н (маринка) мен османдар ғана тіршілік 

етіпті (Балдырған, 1970, №9, 20). 



ҮСІТТІ с ы н. сөйл. Үстілі. Аяқтары 

қандай  əдемі  еді.  Өкшелі  де  ү  с  і  т  т  і.

Белтірлігі  қиылып  тұр  (Ғ.Мүсірепов, 

Ұлпан, 95). 



ҮТІРСІЗ  с  ы  н.  а  у  ы  с.  Тоқтаусыз, 

үздіксіз. Сенің жайдары жүзің, алақайлап 

келіп  Кəрімнің  мойнына  асыла  кеткенің 

таудағы басталған татулықты ү т і р с і з

жалғастыра  жөнелді  (Қ.Тұрсынқұлов, 

Есіңде ме., 187). 

ҮШ: Үш əріп. «Мемлекеттік (ұлттық) 

қауіпсіздік  комитеті» (КГБ,  КНБ)  деген 

атауды  жұмбақтап  айту. – Сот  емес, 

«ү  ш    ə  р  і  п»  емес,  жол  полициясы  де-

ген  не  тəйірі? – деп  күңк  етті  өз-өзінен 

Байынқол Қалиев


634

(Ж.Қорғасбаев, Жынды қайың, 262). Мен 

барғанда  жанымда  «ү  ш    ə  р  і  п  т  і  ң» 

кісісі болды, олар еш уақытта шындықты 

айтқызбайды (Қалибек Хакім., 22). 

Үш құлақ түлкі тымақ. Екі жанынан 

жəне  артынан  құлақ  шығарып  тіккен 

түлкі  тымақ.  Үстеріне  жосаға  бояған 

шолақ сары тон, бастарына ү ш  қ ұ л а қ



т  ү  л  к  і    т  ы  м  а  қ  киген,  қаптарының 

аузы мықтап тұрып буылған (М.Қаратаев, 

Далада., 312). 

Үш  нүкте.  л  и  н  г  в.  Қысқартылған 

сөздердің  орнына  қойылатын  шартты 

таңба (белгі).

Үштің  айы.  к  ө  н  е.  Қараша.  Ү  ш  т 

і  ң  а  й  ы  ұшықтағандай  ғана  қар  бүрікті 

(К.Мұқажанұлы,  Ортеке, 152). Ү  ш  т  і  ң



а й ы н а шейін кəрі саулықтың шандырын 

тартып, биыл етке қызыл қырман болатын 

(А.Жүнісов, Өмір ізі, 68). 

Үш ішекті домбыра. Ішек саны үшеу 

болып келетін домбыра. Ү ш  і ш е к т і  д о м

б ы р а н ы ң əрбір ішегін дəстүрлі күйші-

лік  мектебінің  шеберлері  күй  орамдары-

на  орай  жеке-жеке  теріп  шертеді  (Қаз. 

этнография., 1, 646). Төр  жақ  қабырға-

дағы тұскиіздің тұсында ү ш  і ш е к т і

үкілі  домбыра  түр  (Д.Рамазан,  Жылап 

аққан., 100). 

ҮШАУЫЗ  з  а  т.  Үш  ұңғылы  мылтық. 

Қосауыз, ү ш а у ы з мылтықтарды көргенде 

Есет: - Қараұстаның  шəкірттерінің  де 

қолынан  келеді  мынаны  істеу! – деді 

(Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 14). 

ҮШАЯҚ з а т. в е т. с ө й л. Қарасан. 

Қарасанмен ауырған мал ақсап, үш аяқтап 

қозғалғандықтан, кейде мұны ү ш а я қ деп 

те атайды (ҚСЭ, 6, 497). 



ҮШБҰРЫШТА  е  т.  Үшбұрыш  етіп 

жасау, үшбұрыш етіп бүктеу. ≈ Алдымен 

қағазды ү ш б ұ р ы ш т а п ал



ҮШБҰРЫШТАН  е  т.  Үшбұрыс 

болу.  Ү  ш  б  ұ  р  ы  ш  т  а  н  а  ұшып  бара 

жатқан тырналарға бір, дəрменсіз «сынық 

қанатына»  бір  қарап  көп  тұрдым  (Қаз. 

пионері, 10. 11. 1971, 2).



ҮШБҰРЫШТАНУ  Үшбұрыштан 

етістігінің қимыл атауы. 

Ү Ш Б Ұ Р Ы Ш ТАУ

 

Ү ш б ұ р ы ш т а 

етістігінің қимыла атауы. «Айқару» де-

ген,  біздіңше, «шаршылау»  немесе  «ү  ш 



б ұ р ы ш т а у» сөзімен мағыналас (Қаз. 

əдеб., 23. 12. 1977, 2). 



ҮШБҰРЫШТАУ

2 

с  ы  н.  Аздап 



үшбұрыштанған,  үшбұрыш  тəрізденген. 

– Рас-ау, - деді ү ш б ұ р ы ш т а у келген 

жіпсік көздерімен Орынбайға қарап қойған 

Шеризат (Т.Əлқанұлы, Тірліктен., 148). 



ҮШБҰТТАУ е т. Мініс аты алысқа ұзап 

кетпес  үшін  есілген  жіптің  бір  ұшымен 

аттың  алдыңғы  екі  аяғын  тұсап,  екінші 

ұшымен артқы тірсегінен байлап қою ісі 

(Қаз. этнография., 1, 242).



ҮШЖАПЫРАҚ з а т. қ. ө н е р. Өсім-

діктің  үш  алақанды  жапырағына  ұқсас 

өрнек түрі (Қаз. этнография., 3, 315). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет