Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет21/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   168

БАЛАМАЛАНДЫРУ  Баламаландыр 

етістігінің қимыл атауы. 

БАЛАМАЛАНУ Баламалан етістігінің 

қимыл атауы. 

БАЛАМАСӨЗ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Термин. 

Екі  томдық  «Орысша-қазақша  сөздікте» 

техника саласындағы б а л а м а с ө з д е р

(терминдер)  тəржімеленбей  сол  күйінде 

алынған (Ана тілі, 14.03.1991, 7). 

БАЛАМАСЫЗ с ы н. Баламасы жоқ, 

баламасы болмаған. Империалистік елдер 

б а л а м а с ы з айырбастан жылына 14-16 

млрд. доллар табыс табады (ҚСЭ, 2, 123). 



БАЛАНСИРЛЕ е т. т е х н. Машинаның 

қос  иінді  білік  сияқты  айналмалы 

бөлшектерін теңестіру. 

БАЛАНСИРЛЕУ  Балансирле  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

БАЛАНСИРЛЕУІШ  з  а  т.  т  е  х  н. 

Машина-тракторларға  балансир  жа-

сайтын құрылғы. Б а л а н с и р л е у і ш 

–  машинаның  айналмалы  бөлшектерінің 

оське қатысты дұрыс теңгерілмеген орнын 

анықтайтын машина (ҚСЭ, 2, 123). 



БАЛАҢҚЫЛЫҚ  з  а  т.  балаңдық, 

балғындық.  Содан  соң,  ол  профессор – 

алпысқа келсе де б а л а ң қ ы л ы қ т а н 

арылмаған, көп нəрсені түсінбеген күйінде 

көз  жұмған  Əлиханов  емес  (М.  Мағауин, 

Қиянда., 271). 

БАЛАПАН:  Балапан  мұрт.  Жаңа 

тебіндеп келе жатқан мұрт. Дулат моп-

момақан  көнбіс  бола  қалыпты.  Əдемі 

ернінің үстінен тебіндеп б а л а п а н  м ұ р т

білініпті (Ə. Тарази. Тасжарған. 90)



Балапан тал. Жаңа өсіп келе жатқан 

тал,  жас  тал.  Шуылы  құлағыңды  керең 

етіп, Көл суын сапырады жеребе етіп. Жел 

тартса сыбызғысын, б а л а п а н  т а л,

Жан-жаққа  жалт  қарайды  елең  етіп

(Т. Айбергенов, Бір тойым., 248).

БАЛАРҚАЛЫ  с  ы  н.  к  ө  н  е.  Шөбі 

мол,  шүйгін  (жер).  Б  а  л  а  р  қ  а  л  ы  көл 

еді, Көлгірсіген құба жон. Қарсақ жүрмес 

қалыңнан,  Қақа  жүріп  өтеді  (Қырымның 

қырық батыры: Ана тілі, 16. 05. 2013, 3).



БАЛАХАНА¹ з а т. к ө н е. Көшкенде 

түйе  үстіне  жасалып,  ішіне  жас  бала, 

кəрі  кісілер  отыратын  жай.  Қатарлап 

бұйда  тартқан  қос  нардың  қыр  арқасына 

солқылдақ  найза  салып,  ортасына  беті 

ашық б а л а х а н а жасаған (Д. Досжанов, 

Тұлпар., 3). 

БАЛАХАНА² з а т. ж а ң а. Таза ауада 

демалу  үшін  бақ  ішіне  жасалған,  төбесі 

жабық,  айналасы  ашық  жеңіл  құрылыс 

(беседка).  Бұрылып  қарасам,  анадай 

жердегі б а л а х а н а д а (беседкада) қара-

торғай секілді бүрісіп бір бала отыр екен 

(Қаз. əдеб., 28.08.1992, 10). 



БАЛАШ  з  а  т.  э  к  с  п  р.  Жас  баланы 

жақсы көргенде айтылатын еркелету сөзі 

(Ө. Тұрманжанов, Менің кітаб., 206). 



БАЛАШЫҚТА  е  т.  Өсімдікке  жас 

өркен шығу, өскін өсу. Б а л а ш ы қ т а й 

т ы н өсімдіктерде гүлдің орнына немесе 

гүл шоғының арасында бүршіктер болады 

(ҚСЭ, 2, 126). 

БАЛАШЫҚТАУ  Балашықта  етіс-

тігінің қимыл атауы. Өсімдіктің б а л а-

ш ы қ т а у жолымен көбею себебі гүл мен 

тұқымның  өнуі  үшін  экологиялық  қолай-

сыз жағдайдың тууына байланысты (ҚСЭ, 

2, 126). 



БАЛБАҚ з а т. Қазақ «балбақ» деп көзге 

өрескел көрінетін еңгезердей кісіні айтады 

(ҚСЭ, 2, 126). 



БАЛБАЛ з а т. к ө н е. 1. Тастан қашап 

жасалған адам бейнесіндегі тас мүсін. 2. 

89

Байынқол Қалиев

Тік  орнатылған  ескерткіш  тастар;  тас 

тізбек; сынтас (Қаз. этнография., 1, 391). 

Əрбір тас белгінің бітім-болмысына қарап 

мықтас,  дың,  б  а  л  б  а  л,  тұнжыр,  сын-

тас  деп  айдар  таға  ажыратып  айтады  (А. 

Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 9).

БАЛБИДАЙ з а т. с ө й л. Дəні ірі ақ 

бидай. – Қазір қырманға барған соң б а л

б и д а й қуырып жейікші, - деді (Қаз. əдеб., 

10.01.1975, 4). 



БАЛҒАШОТ з а т. ж а ң а. Альпинистер 

тау шыңына шыққанда қолдарына ұстап 

жүретін,  мұзды  оятын,  екі  басты  шот 

сияқты құрал. Қалаған кезде арқан сыртта 

қалып қойыпты. Əмбебап б а л ғ а ш о т та 

жоғалған (Н. Ақыш, Бейуақта., 155).

БАЛДА  з  а  т.  Су  ішінде  ойналатын 

ойындардың  бірі.  Суреттердің  бірінде 

су  ішінде  б  а  л  д  а  ойнау  сəттері  бар

(М. Қуанышбаев, Тайталас, 234). 

БАЛДАҚ з а т. Қылыштың, семсердің 

сабындағы  қол  тіреліп  тұратын  темірі 

(Ата салты., 52). 



БАЛДАҚТА  е  т.  а  у  ы  с.  Көмкеру, 

жиектеу.  Айғаныстың  алтын  түсті 

оқамен б а л д а қ т а ғ а н, желбіреуікті 

ақ  жібек  шымылдығы  сонда  құрылған

(Ж. Молдағалиев, Алғ. қоңырау, 66). 



БАЛДАҚТЫ  с  ы  н.  Сақиналы,  шы-

ғыршықты. Қылыштың б а л д а қ т ы сабы 

зерленген (Т. Жұртбаев, Жер-бесік, 24). 



БАЛДАХАНА з а т. к ө н е. Көлік үстіне 

орнатылған немесе төрт адам иықтарына 

салып,  көтеріп  жүретін,  ішіне  ұлық 

отыратын,  төбесі  жабық,  қабырғалары 

перделенген  жай.  Император  (қытайдың) 

қалада, үйдің арасында үнемі б а л д а х а 



н а м е н жүреді (Қ. Жұмаділов, Дарабоз, 2, 

119). Əмірші б а л д а х а н а н ы ң пердесін 

сырып  қойып,  көшедегі  халықтың  өзіне 

жарылып жол бергенін, тəжім еткенін көріп 

келеді (Қ. Жұмаділов, Тағдыр, 132). 

БАЛДЫЗ:  Балдыз  қалың.  э  т  н. 

Қалыңдығы  өліп  қалып,  оның  орнына 

балдызына  үйленетін  болған  жағдайда 

төленетін қосымша қалыңмал. Егер күйеу 

алғашқы қалыңдығына ұрын келіп үлгерген 

болса,  ол  өліп  қалғаннан  кейін,  балды-

зы  үшін  бұрынғы  келісілген  қалыңмал 

үстіне  «б  а  л  д  ы  з    қ  а  л  ы  ң»  төлейтін

(Х. Арғынбаев, Қаз. халқы., 180). 



БАЛЕТ: Балет падишасы. п е р и ф р.

Шара Жиенқұлова д.м. Олардың арасын-

дан  «б  а  л  е  т    п  а  д  и  ш  а  с  ы»  атанып 

кеткен ғажайып биші Шара Жиенқұлованы 

айрықша бөліп айтуға болады (Қаз. əдеб., 

19.10.1971, 4). 

БАЛКҮЛШЕ  з  а  т.  Ішіне  əртүрлі 

дəмдегіш  тағам  салып  пісірген  күлше. 

Келсе, апасы б а л к ү л ш е пісіріп жатыр 

екен. Бір тілгізіп салып алып, отыра қалды 

(С. Үсенұлы, Елік., 75). 



БАЛҚҰЙМАҚ  з  а  т.  Ұлттық  тағам-

дардың бір түрі. Бүгін ол б а л қ ұ й м а қ

–  омлет  жасамақшы  екен  (Р.  Тоқтаров, 

Ғасыр наны, 282). 

БАЛҚҰРТ з а т. э т н. Қауын шырынына 

сүзбе араластырып жасаған тағам. Қауын 

шырынынан  қауынқұрт,  шырынға  сүзбе 

араластырып б а л қ ұ р т та жасайды (Егем. 

Қазақст., 09.10.1992, 3). 



БАЛҚЫТУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Балқыту 

ісімен айналасушылық. Ол атқарып жүрген 

б а л қ ы т у ш ы л ы қ жұмыс, жан қинар, 

денсаулығына залал келтірер ауыр іс емес 

(Қаз. əдеб., 23.06.1978, 2). 

БАЛОН з а т. Синтетикалық матаның 

бір  түрі.  Сөйтсе,  жанармай  құятын 

жұмысшы  тура  бұлардікіндей  нейлон 

көйлек  пен  б  а  л  о  н  плащ  киіп  алыпты

(Қ. Олжай, Қанат байла., 147). 



БАЛПАНАҚ з а т. ж а ң а. Пингвин. Ал-

тыншы құрлықтағы байлық сөз болғанда, 

адамдардың есіне əуелі б а л п а н а қ (пинг-

вин), түлен, кит, ақ аю оралатындығы сөзсіз 

(Егем. Қазақст., 25.02.2009).

БАЛСЫРА з а т. э п и т. Бал татитын, 

балдай дəмді сыра. Əуелде б а л с ы р а д а н

басқаны талақ қылып еді, енді «эреванды» 

менсінбей  «экстрамен»  ғана  сұхбаттасып 

отыр (Қ. Ысқақов, Қараорман, 206). 



БАЛТА  з  а  т.  Ойын  картасындағы 

ондықтан  кейінгі  түрі;  бəл ет  (Қ. 

Мұханбетқалиев, Тоғай сыбдыры, 95). 



БАЛТА: Балта сап. – Балтаға сап бо-

латын ағаш. Жасағаны – сынғақ, боянғаны 

– оңғақ, бақаннан б а л т а  с а п алмай мазақ 

болып өтеді (Ж. Ахмади, Айтұмар, 325). 

БАЛТАБАЛЫҚ з а т. и х т и о л. Бал-

та  пішіндес  балық.  Құрал-жабдық,  қару 

атымен  аталған  балықтар:  балғабалық, 

арабалық, семсербалық, пышақбалық, б а л 

т а б а л ы қ, қылышбалық т.б. (Қ. Қайымов, 

Зоология., 81). 



БАЛТАЖҰТАР  з  а  т.  з  о  о  л.  Өлексе 

жейтін ірі жыртқыш құс. Тазқара, б а л

90

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

т  а  ж  ұ  т  а  р,  ақбас  құмай,  Бұлақта 

отырғанын  көрем  ұдай.  Жаңғақ  бас 

жұртшы,  саржақ  субүркіттер,  Құмайдың 

қоғамында  құрдасындай  (І.  Жансүгіров, 

шығ., 163). 

БАЛТАМТАП  з  а  т.  э  т  н.  Ойын  бас-

таушы  дөңгелене  тізіліп  тұрған  бала-

лардың  бірін  «Балтамды  тап»  деп  түр-

тіп  қалады.  Ол  оған  тиісті  жауабын 

қайтарып, «Балтаңды  мынау  алды»  деп 

екінші адамды түртеді. Осылайша ойын 

біреу  сөзден  жаңылғанша  немесе  реті 

ойынды  алғаш  бастаушыға  жеткенше 

жалғаса  береді  (А.  Нүсіпоқасұлы.  Ағаш 

бесік., 4, 98). Б а л т а м т а п ойыны бала-

ларды сергектікке, сезімталдыққа баулып, 

өзгелер өзіне орынсыз талап, өтірік жала 

жапқан жағдайда сасқалақтамай, қорықпай, 

табандылық  танытуға  дағдыландырады 

(А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 4, 99). «Б а л

т а м т а п» ойыны той-думан қызып, іргелі 

ойындар басталмай тұрып, зеріккенде ой-

налады (Ойын-сауық, 177). 

БАЛТАШЫ  з  а  т.  з  о  о  л.  Сыртқы 

пішіні түкті араға ұқсас қара не көк түсті, 

ағашты тесіп, ұя жасайтын ірі ара. Б а 

л т а ш ы жаз бойы гүлдерден қоректеніп, 

дернəсілдеріне  қор  жинайды  (Қазақст. 

жануар., 104). 

БАЛХАНА з а т. Бал сатылатын жер 

(орын). Асхана, наубайхана, бозахана, палау-

хана, б а л х а н а л а р тұр (Қ. Əбдіқадыров, 

Əңгім., 6). 

БАЛЫҚ

1

 з а т. а с т р. Үт немесе хұт 

(ақпан)  айында  көрінетін  шоқжұлдыз

(М. Арын, Бес анық, 123).



БАЛЫҚ

2

  з  а  т.  к  ө  н  е.  Қала,  шаһар, 

кент.  Үш  Алматы  б  а  л  ы  ғ  ы  (шаһары) 

аузындағы  қалмақтарға  шабуыл  жасады 

(Қазыбек бек, Түп-тұқияннан., 14). Соғыс 

ескі  Жаркент  б  а  л  ы  ғ  ы  н  а  н  күншілік 

жерде Қосқолаң тауының арасында болды 

(Егем. Қазақст., 07.11.1992, 4). 



БАЛЫҚ: Балық бөлісе алмады. Да-

уласты, керілдесті, керісті. – Бұл не дау, 

б а л ы қ  б ө л і с е  а л м а й жатырсыңдар 

ма? – деді (Б. Омарұлы, Қаратерең., 104). 



Балық  үлестіргендей  болды.  Улап-

шулады, даң-дұң болды. Өздері дабырлап 

сөйлесіп, б а л ы қ  ү л е с т і р г е н д е й



б о л ы п жүр (Ж. Өмірбеков, Қызыл су, 163). 

БАЛЫҚАУЫЗ  з  а  т.  Ұста,  зергерлер 

бір нəрсені қысып ұстауға арналған құрал; 

тістеуік. Б а л ы қ а у ы з темірден соғылып, 

тұмсығы балық аузына ұқсатып жасалады 

(Қаз. этнография., 1, 407). 

БАЛЫҚКӨЗ з а т. қ.ө н е р. Балықтың 

өзі,  көзі,  қанаттары  бейнеленген  өрнек 

түрі (Қаз. этнография., 3, 310). Б а л ы қ

к ө з көбінесе зергерлік бұйымдарда, мүйіз-

бен, сүйекпен оймышталған заттарда жиі 

кездеседі (Бұл да). 

БАЛЫҚКӨЗДЕНУ  Балықкөзден 

етістігінің қимыл атауы. 

БАЛЫҚКӨЗДІ  с  ы  н.  Балықкөз 

өскен, балықкөзі мол. Ал Асақай төңірегі 

қалың  күйреуікті,  жантақты,  алаботалы, 

торғайотты, б а л ы қ к ө з д і, теріскенді, 

шытырлы  болып  келеді  (Қызылқұм, 

19.09.1970. 3). 

БАЛЫҚҚАРЫН  с  ы  н.  Балықтың 

қарны  сияқты  шығыңқы,  төмен  қарай 

салбыраңқы.  Төбеге  қарасам,  б  а  л  ы  қ 

қ  а  р  ы  н  бөренелер  мен  тозығы  жеткен 

қамыстардың  жұрнағы  ғана  байқалады

(Н. Қазыбеков, Тұсау., 39). 

БАЛЫҚҚАРЫНДАН  е  т.  Балықтың 

қарнындай  салбырау.  Бөренелер  б  а  л 

ы қ қ а р ы н д а н ы п майыса бастапты

(Қ.  Жұмаділов,  Соңғы  көш, 1, 369). 

Тақтайдың үшеуі б а л ы қ қ а р ы н д а н ы п

майысып тұр (Т. Жұртбаев, Жер-бесік, 7). 



Б А Л Ы Қ Қ А Р Ы Н Д А Н У   Б а л ы қ -

қарындан етістігінің қимыл атауы. 

БАЛЫҚТАЙ... Байшуақтар келгеннен 

бері  қалмақтардың  семіз  ісек  қойларды,



б а л ы қ т а й жұмыр құнажын, өгізшелерді 

қынадай қырып, күндіз-түні ыстап жатыр 

(К. Сегізбаев, Беласқан, 72). 

БАЛЫМБОЗ з а т. к ө н е. Бөз матаның 

бір түрі. Ол кезде ел ішінде көп киілетін 

бөз, б а л ы м б ө з, қазанбөз дейтін мата-

ларды  үстіне  ілмей,  көйлегін  кілең  таза 

ақтықтан  тіктіретін  болған  (Қаз.  əдеб., 

28.11.1975, 4). 

БАЛШЫРЫН  з  а  т.  Аралар  мен 

шыбын-шіркейлер үшін тамақ болып та-

былатын тəтті шырын (нектар)Əлгі гүл 

күлтесінің түбінде б а л ш ы р ы н жиналады 

(Қ.Сыбанбеков, Жабайы өсімд., 117). 

БАМБУК:  Бамбук  аюы.  Көбіне 

б а м б у к т ы ң   ж а п ы р а қ т а р ы   м е н 

бұтақтарын  жейтін,  аю  сияқты  жан-

уар.  Б  а  м  б  у  к    а  ю  ы  тау  орманда-

рын мекендейді, ағашқа жақсы өрмелейді 

(ҚСЭ, 2, 150). 


91

Байынқол Қалиев

БАНКІЛІК:  Банкілік  бақылау. 

Банктердің халыққа қызмет көрсету ісін 

бақылау (ҚСЭ, 2, 160). 

БАНТИКТІ  с  ы  н.  Бантигі  бар,  бан-

тик  таққан.  Ақ  б  а  н  т  и  к  т  і  қыздар 

мен  жасөспірімдердің  шат  күлкісі  мұнда 

таңнан кешке дейін бір тынбайды (Лен.жас, 

29.06.1974, 3). 



БАНТУ з а т. Африка құрлығының оң-

түстігінде тұратын халық (ҚСЭ, 2, 160). 

Банту  тілі.  Банту  халқының  қарым-

қатынас тілі. 

БАПАЛАҚ з а т. с ө й л. Бапан. Бұлар

қамыс басының б а п а л а ғ ы н а н қор-

қып  бұқпантайлап  келе  жатқан  төртеуін 

ұстайды (Ана тілі, 06.11.08). Терезеге көзі 

түскенде қамыс басының б а п а л а ғ ы н

д  а  й  əлдене  зат  бұлаң  еткендей  болды 

(Қ.Сəрсекеев, Қызыл жалау, 2, 36). 



БАР  з  а  т.  Теңіз  толқынының  тынық 

күндердегі  анда-санда,  ұзақ  тербелуі. 

Каспий  теңізінің  жағасы.  Шөп  басы 

қозғалмайтын  желсіз,  тымық  күндері  де 

толқындар анда-санда ұзақ тербеліп қояды. 

Мұны теңізшілер «б а р» деп атайды. Міне, 

сол «б а р» теңіз астынан жасырына, ұрлана 

тепсініп,  жағаға  ауыр  нəрсе  салмағымен 

құлап түскендей гүрс-гүрс етеді (Жұлдыз, 

1973, 4, 201). 

БАР: Бар əлем. Барлық əлем (дүние), 

дүние  жүзі.  Ұлы  дүбір,  ұлы  думан  Б  а  р

ə  л  е  м  г  е  тарады.  Жаһандағы  жан  иесі 

Кремльге қарады (Қ. Аманжолов, Таңд., 43). 



БАРАБАНДАТУ  Барабандат  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

БАРАҒЫМ з а т. с ө й л. Барақ итім д.м. 

... Май жемесе қонағым, Қан жемесе б а р 



а ғ ы м, Он кісіге жараса, Бір кісіге арнап 

тартқан табағым! (Алдаспан, 112). 



БАРАҚАТ з а т. д і н и. Алла тағаланың 

сүйікті құлдарына ерекше ықылас көрсетіп, 

керемет  кие  дарытқаны;  жаратқан 

иеміздің  жарылқауы;  алла  жіберген  бақ. 

Бірде əкемнің Ыбырай Жақай баласы тура-

лы: - Алланың б а р а қ а т ы дарыған кісі 

ғой, - деген сөзі естігенім бар (Жас алаш, 

01.12.09). Алланың б а р а қ а т ы тек ізгі 

ниетті адамдарға ғана дариды (Бұл да). 



БАРАҚАТШЫ з а т. Басына барақат 

дарыған адам. Осының тура жолын білсек, 

көке-ау, бəріміз де сол б а р а қ а т ш ы л а р

қатарына барып қосылуға əрекет етпейміз 

бе? (Жас алаш, 01.12.09). 



БАРАНДАН... Ауылға жақын көлеңкелі 

беті  көгере  б  а  р  а  н  д  а  н  ы  п,  майда 

толқындарымен əлсіз ғана жарқ-жұрқ етіп 

қалса, күн түскен алыс шеті əлі де айнадай 

жарық шашады (Т. Мəмесейіт, Таңжарық, 

2, 395). 



БАРАНКА  з  а  т.  с  ө  й  л.  Машинаның 

рөлі. Ол енді өзіне-өзі келіп, б а р а н к а 

с  ы  н  бекем  ұстап,  жолдың  жарық  жетер 

жеріне көз салды (Қаз. əдеб., 29.06.1973, 2). 



БАРАШАҚ с ы н. с ө й л. Бармақ болған, 

баратын. Тотайдың б а р а ш а қ күйеуін 

қомсынатынын  ол  кезде  Жанай  қайдан 

білсін (Т. Əлімқұлов, Сырлы наз, 93). 

БАРҒАН: Барған сайын. Уақыт ілгері 

озған  сайын.  Арық-атыздар  бұл  өңірге 

желісін б а р ғ а н  с а й ы н ұзарта тартып 

барады (Ж. Еділбаев, Бүгінгі ауыл., 23). 

БАРДАМДЫҚ з а т. Барлық, байлылық, 

күйлілік,  əл-қуаттылық.  Үстімізге  жөні 

түзу  киім  кие  алмасақ,  балалар  да  үсті-

бастарынан жүдеп жүрсе, барлық пен б а р

д а м д ы қ т ы ң не пайдасы болғаны? (Т. 

Əлқанұлы, Тірліктен., 97). 



БАРДАМШЫЛЫҚ  з  а  т.  Баршылық, 

əл-ауқаттылық. Б а р д а м ш ы л ы қ заман 

болса, ұлан-асыр той жасайтын жағдай ғой 

(Ш. Мұртазаев, Жұлдыз., 68). 

БАРИЙ: Барий гидрототығы. х и м. Су-

да  еритін,  түссіз  кристалды  зат  (ҚСЭ, 

2, 167). 



Барий карбонаты. х и м. Тұз жəне азот 

қышқылдарында оңай еритін, түссіз кри-

стал. Б а р и й  к а р б о н а т ы – барийдың 

өте маңызды қосылыстарының бірі (ҚСЭ, 

2, 167). 

Барий  сульфаты.  х  и  м.  Суда  өте 

нашар еритін, түссіз кристал. Б а р и й 

с  у  л  ь  ф  а  т  ы  қағаз,  резеңке,  керамика 

өндірістерінде,  медицинада  қолданады 

(ҚСЭ, 2, 167). 

Барий  тотығы.  х  и  м.  Барийдың  өте 

маңызды  қосылыстарының  бірі.  Барий 

гидрототығын б а р и й т о т ы ғ ы н сөндіру 

арқылы алуға болады (ҚСЭ, 2, 167). 

Барий  хлориді.  х  и  м.  Суда  жақсы 

еритін, хлорлы барий. Б а р и й  х л о р и д 

і н барийдың басқа қосылыстарын алуда, 

ауыл шаруашылығында, тері өнеркəсібінде 

қолданады (ҚСЭ, 2, 167). 

БАРҚЫЛ  з  а  т.  Барқылдаған  үн, 

жағымсыз  дыбыс.  Мал  мен  бағы  болған 

соң,  Көпіріп,  шалқып  толған  соң,  Қара 



92

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

қарға болса да, Б а р қ ы л ы ем зар-зар!

(С. Торайғыров, Таңд. шығ., 241). 

БАРҚЫЛДАҚ:  Барқылдақ  торғай. 

Торғайдың даусы барқылдап шығатын бір 

түрі. Ал алашұбар тоқылдақ, б а р қ ы л -

д  а  қ    т  о  р  ғ  а  й  мен  қайшыауыз  болса

орманды  мекендейтіндерге  жатады 

(Қарқаралы, 172). 

БАРҚЫТ: Барқыт ағашы. б о т. 1. Биік-

тігі 25 м-дей,  қабығы  ақшыл  сұр  түсті, 

барқыт тəрізді ірі ағаш. Б а р қ ы т  а ғ 

а ш ы парктерде əсемдік ретінде өсіріледі. 

Ол 33 жылға дейін тіршілік етеді. 2. Осы 



ағаштың сүрегі. Б а р қ ы т  а ғ а ш ы н 

а н мебель, шаңғы, фанер сияқты əр түрлі 

бұйымдар жасалады, авиация құрылысында 

пайдаланылады (ҚСЭ, 2, 168). 

БАРЛАСТА е т. ж е р г. Қарау, байқау, 

аңду, зер салу. Айбосын қарттың əңгімесіне 

рахаттана  күліп  алып,  қонағының  жүзін 



б а р л а с т а ғ а н (К. Ахметбеков, Ақдала, 

2, 311). 



БАРЛАСТАУ  Барласта  етістігінің 

қимыл атауы. 

БАРЛАУШЫ  қ.  Көктамақ.  Байқап 

қарасам  торғай  дегенім  кесіртке  екен. 

Ұзындығы 15-20 см.  Мырзакең  маған 

бұрылып: - Көрдің ғой, мұны «көктамақ» 

деп атайды. Кейде «б а р л а у ш ы» дейтіндер 

де бар, - деді (Лен. жас, 20.06.1973, 4). 



БАРЛЫҚ е т. Болдыру, шаршау, зорығу, 

қажу. Əйелдердің б а р л ы қ қ а н қамырық 

беттерінде  шаң-тозаңның  опасы,  қатқан 

тердің  айғызы  ғана  қалыпты  (Қ.  Ысқақ, 

Тұйық, 137). 



БАРЛЫҚҚАНДАУ  с  ы  н.  Дауыстың 

аздап барлығуы; барқ-барқ етуі. Ол əн сал-

ды. Даусы б а р л ы қ қ а н д а у (Б. Майлин, 

Таңд., 349). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет