Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет27/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   168

Бетін  сызғылады.  «Ұят-ай!»  деген 

сөздің ишарасы. Кешінде құда болып кел-

генде алдымен əйелдер жағы б е т т е р і н



с ы з ғ ы л а д ы (Қ. Мұқажанұлы, Ортеке, 24). 

Бетінің суын бес төкті. Ұят болса да, 

қайта-қайта сұрап, жалынғандай болды. 

Б е т і н і ң  с у ы н  б е с  т ө г і п, жалына 

сұрағандағы бергені осы ғана (Д. Исабеков, 

Тіршілік, 108). 

Беті табақтай. Беті үлкен, жалпиған. 

Шетінен қарны қабақтай, б е т і  т а б а қ



т  а  й,  аузы  итаяқтай,  обыр  біреулер  (Б. 

Омарұлы, Қара терең., 29). 



Беті теріс қарады. Ауру меңдеп, күннен-

күнге  əлсірей  берді.  Шешең  б  е  т  і    т  е 

р і с  қ а р а ғ а н соң, əл үстінде деп екі 

рет  телеграмма  салғызды  (М.  Мағауин, 

Қиянда., 247).

Беті шарық болды. Беті күйді, ұятқа 

қалды.  Бұл  көп  алдында  беті  жарық  боп, 

мына саудагер еңбексіз тауып, жұртты ал-

дап, тегін алып еді. Енді мұның б е т і  ш а 

р ы қ  б о п тұр (Н. Мыңбатырова, Төле би., 

38). Саудагердің халық алдында масқарасы 

шықты, б е т і  ш а р ы қ  б о л ғ а н ы да 

жетеді (Бұл да).



Беті  шарық  табақтай.  Беті  өте

үлкен, жалпиған. 

БЕТАЙҒАҚ з а т. ж а ң а. Қылмысты 

ашуға  жəрдемдескені  үшін  берілетін 

сыйақы. Кісі өлтірген қылмыскерді тапқан 

кісі адам құнының бестен бірін б е т а й ғ а қ



қ а алған (Ана тілі, 27.02.1992, 8). 

БЕТАЛБАТТЫ  ү  с  т.  Бостан-бос, 

бекерден-бекер,  беталды.  Ол  атына 

тəлтіректеп зорға жетті де бағыт-бағдары 

жоқ,  б  е  т  а  л  б  а  т  т  ы  шаба  жөнелді 

(Б.  Тоғысбаев,  От  пен  күл, 63). Аршаны 

алаш баласы, қазақ жұрты б е т а л б а т

т  ы  шығын  етпеген  (Парасат, 2009, 9, 

24). Бұлар (əнші сымақтар) б е т а л б а т



т ы бақырып-шақырғанда, радионың үнін 

өшіргендердің талайын көрдік (Қаз. əдеб., 

09.01,1987, 15).

БЕТАРШУ з а т. ж е р г. Беторамал. Шал 

қалтасынан көлдей б е т а р ш у ы н алып

көзін сүртті (Т. Иманбеков, Тұт ағаш., 175).

БЕТБЕЛГІ з а т. Кітаптың қай бетін 

келгендігін білдіретін қыстырма қағаз (за-

кладка). ≈ Кітаптың арасына б е т б е л г і 

салып қою керек.



БЕТЕГЕШІЛ с ы н. Бетегені ұнататын 

(жақсы көретін). Түйе – жантақшыл, бие – 

б е т е г е ш і л (Қаз. əдеб., 25.04.1979, 1).

БЕТЖАБАР з а т. с ө й л. Соңғы сөз. 

Монографиясына  арнайы  жазған  б  е  т 



ж  а  б  а  р  сөз  мақаласында  қазақ  шежі-

ресінен мемлекеттік идея іздепті (Ана тілі, 

08.01.2009).

БЕТЖУҒЫШ з а т. с ө й л. Су ағызып, 

бет жуатын құрал (сайман); қолжуғыш. 

Есіктің  алдындағы  б  е  т  ж  у  ғ  ы  ш  қ  а

қолымды шайып үйге кірсем, төрге төсел-

ген төрт қабат көрпенің үстінде апам отыр 

(Ə. Дүйсенбек, Көкжиек, 188).

БЕТКЕЙЛЕУ с ы н. Аздаған беткей, 

сəл ғана беткей (жер). Ақтасты Құзғынға 

қарағанда сəл-пəл күңгейлеу, б е т к е й л е у

ғой (Лен. жас, 23.11.1977, 2).

БЕТҚАП з а т. с ө й л. Бетке киіп ала-

тын  қап  (маска).  Сосын  тер  мен  кірден 

сатпақтана  кептеліп  қалған  басындағы 



б е т қ а б ы н жұлып алды (Ə. Əлімжанов, 

Махамбер. жебесі, 184). 



БЕТМАЙ з а т. Бетке жағатын май; 

крем. Бетіне б е т м а й жағып, айнаның 

алдынан шықпайды (Жұлдыз, 1981, 3, 57). 

Күндіз  жəне  түнде  жағатын  б  е  т  м  а  й 

л  а  р  ы  м  н  а  н  ешқашан  қаржы  аямай-

мын (Айқын, 19.02.2009).



БЕТТЕ¹ е т. Бір нəрсенің бетін шауып, 

тегістеу.  Шаңырақ  ағашын  б  е  т  т  е  п, 

шауып белгілі қалыпқа келтіретін құрал – 

байтесе деп аталады (Қаз. тілі. жерг., 191).

БЕТТЕ²  е  т.  Бір  нəрсеге  бет  салу, 

қаптау. Сарайдың ішін мрамормен б е т 

т е п т і (А. Машанов, Жер асты., 64). 

БЕТТЕУШІ  з  а  т.  Баспаға  баратын 

жұмыстың  материалын  ретке  келтіріп, 

бетін қоюшы (Соц. Қаз, 14.02.1980, 2).

БЕТІҚАЛАР з а т. Ақша салып, екі адам 

ойнайтын карта ойыны. Екі қолы жиырма 

бірге аздық етеді. Сосын, отырып аламыз 

да,  б  е  т  і  қ  а  л  а  р  ойнаймыз  (Жұлдыз, 

1972, №8, 49). 



БЕШКЕШ: Бешкеш қылды. Міндет 

етті, міндетсінді. Домбырамды арқалап, 

114

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

жаңқалталап,  Осылай  дүниеден  өтемін 

бе.  Жасымда  үлкенмін  деп  б  е  ш  к  е  ш

қ ы л м а н, Ешкі мен сақалы бар текенің де 

(Бақтыбай ақын. Ел аузынан, 171). – Папам 

да  қызық,  бір  рет  жыланнан  құтқарға-

нын ғұмыр бойы б е ш к е ш  қ ы л а ма?

(Б. Нұржекеев, Күй толғақ, 145). 

БЕЯПАР  с  ы  н.  Мазасыз,  беймаза, 

күйгелек. Мінезі тік, жоқ нəрсеге апы кіріп, 

күпі шығатын б е я п а р шалдың қасына 

ешкім батып бармайды (С. Жүнісов, Ақан 

сері, 2, 36). 



БИ:  Би  ақысы.  Əділ  билігі  үшін 

берілетін  сый-сияпат.  Төрелігіне  риза 

болған  дау  иелері  билік  жасаған  кісіге 



«б и  а қ ы с ы» деп сый-сияпат ұсынатын 

(Б. Шаханұлы, Таңд., 1, 16). 



Биге  шығу.  Дойбы  тасының  қарсы 

жақтың  бірінші  қатарына  (төріне) 

жетуі.  Дойбы  ойынында  «б  и  г  е    ш  ы 

ғ  у»,  «қос  үйге  қамау», «тайынша  айда-

ту»  т.б  қалыптасқан  терминдер  бар 

(Шаңырақ, 391). 

БИБКОЛЛЕКТОР з а т. Кітаптарды 

тиісті  бөлімдерге  жіберуші.  Мəселен, 

дүниеде «б и б к о л л е к т о р», «алмасу 

қоры» дегеннің бар екенін біліп алды (Лен. 

жас, 22.08.1974, 3).



БИДАЙ:  Бидай  қуыру.  Бидайды 

қазанға салып, араластырып тұрып пісі-

ру. Соңғы кезде əр үйде от маздап жанып, 

сол отта қолбақырға тықырлатып б и д а й 



қ у ы р ы п жатады (М. Əуезов, Абай жолы, 

3, 249).


Бидай  өңденді.  Сарғыш  қызыл  түске 

енді. Жал-жал жондар б и д а й  ө ң д е н і п,

ажарланып тұр (Ж. Аяшев, Алақан, 37). 



Бидай  түю.  Бидайды  келіге  салып 

түю,  қауызынан  ажырату.  Бұл  шақта 

бойының  ауырлап  кеткеніне  қарамас-

тан  бір  табақ  б  и  д  а  й  д  ы  бұрқыратып 

т  ү  й  і  п,  қауызын  алды  да,  тай  қазан-

ды  болбыра  көже  асты  (Ə.  Нұрпейісов, 

Ымырт, 58). 

БИДАЙША ү с т. Бидай тəрізді, бидай 

құсап.  Кəдуілгі  қылшылдаған  аяздарда 

қой дегеніңіз қуырған б и д а й ш а бөртіп, 

түрленіп алады ғой (Жалын, 1973, 1, 146). 

БИДОНДАП  ү  с  т.  Бидонға  құйып, 

бидонмен тасып. Жалғыз-ақ қатынас – əуе 

жолы. Шегіртке қанат самолетпен б и д о н 



д а п əкелінген су бұрғышыларға нəр болған 

еді (Жұлдыз, 1973, 5, 180). 



БИЕБАУ з а т. э т н. Бие байлап, қы-

мыз ашытқаннан кейін алғашқы қымызға 

көрші-қолаңын  шақыру  дəстүрі. – 

Нұғыманның қай қыры екенін құдай білсін, 

жаңа кісі жіберіп, б и е б а у ғ а шақырыпты, 

- деді. – Не істейміз, балам? Барамыз ба? 

(Қ. Жұмаділов, Соңғы көш, 198). Жанай-

дар  жайлауға  келгендегі  жылдағы  салт 

бойынша төменгі құдықтағы ағайындарын 

келесі жұмаға б и е б а у ғ а шақырып кеткен 

(Е.Рахимов, Тентек келін, 20). 

БИЕҚАРЫН  з  а  т.  б  о  т.  Биенің  қар-

ны  сияқты  қампиып  өсетін  өсімдік

(О. Нақысбеков, Ауыс. гов., 112). 



БИЕСАУ з а т. ж е р г. Дəуіт. Жаратушы 

өсімдіктің түр-түсінен айнытпай б и е с а у

деген  жəндікті  жаратқан  ғой.  Оны  кейде 

дəуіт  деп  те  атайды  (Ш.  Мұртаза:  Егем. 

Қаз., 18.03.2006, 6). Жылан ұяға жеткен кез-

де қарсы алдынан ұзын аяқтары серіппелі 

жасыл б и е с а у тұра қалды (Бұл да). 

БИКЕ з а т. с ө й л. Медбике. Медицина 

б и к е л е р і н і ң мұндай төл мерекесі біздің 

елімізде тұңғыш рет тойланғалы отыр (Ал-

маты ақшамы, 11.04.1990, 4). 

БИКЕШ з а т. к ө н е. Бидің, билеушінің 

қызы. Бидің Зайыбын – бибі, қызын – б и к е ш,

ұлын – бише  деп  атайды  (Ж.  Тұрлыбай, 

Райымбек батыр, 1, 96). 

БИҚИСАП  ү  с  т.  а  р.  Өте  көп,  мол, 

сансыз, өлшеусіз. Мұны естіп падиша той 

қылады, сүйіншіге б и қ и с а п сый қылады. 

Баласы сахарадан келгеннен соң, Ал енді 

сөйлетуге ой қылады (Бабалар., 1, 38).



БИҚҰМАР с ы н. Биді жақсы көретін, 

билегіш. 

БИҚҰМАРЛЫҚ  з  а  т.  Билегенді 

жақсы  көретіндік.  Оның  үстіне  бұрын 

Нұртуғанның пəлендей б и қ ұ м а р л ы



ғ ы н ешкім аңғарған емес (О. Сəрсенбай, 

Шығ., 4, 321). 



Б И Л Е Т К І З   Б и л ет   ет і с т і г і н е н 

жасалған өзгелік етіс. – Ал енді Смайыл 

секілді  жағымпаздарға  не  істетіп  отыр? 

Бүкіл елді б и л е т к і з і п отырған жоқ па? 

(Т. Əбдіков, Өліара, 299). 



БИЛЕТКІЗУ  Билеткіз  етістігінің 

қимыл атауы. 

БИЛІК:  Билік  партиясы.  Билікте 

отырғандардың партиясы. Соның екеуінде 

де  оның  абырой-беделіне  қылаудай  да 

нұқсан келген жоқ. Себебі б и л і к  п а р

т  и  я  с  ы  н  а  н  көпшілік  айтып  жүрген 


115

Байынқол Қалиев

сынға  қосылатынын  мəлімдеп  кетті

(Ж. Қорғасбек, Жынды қайың, 272). 

Билік  тізгінін  ұстады.  Билікке  қол 

жеткізді, билікке араласты; ел биледі. Б и 

л і к  т і з г і н і н  ұ с т а ғ а н азамат қанша-

ма қызу қанды, білікті, омыраулы болған-

мен, аз уақытта оңайлықпен еш нəрсе оңала 

қоймайды (О. Сəрсенбай, Шығ., 5, 376). 



БИЛІКТІ с ы н. Қолында билік бар. Б и 

л і к т і əміршіге лайық, құрметпен, түземді 

əскер, мерейлі мехмандар алдында салта-

натты аттанды (М. Мағауин, Аласапыран, 

2, 103). 



Билікті  сөз.  Билік  иесі  айтатындай, 

өтімді сөз. – Сендер енді мені кешіріңдер, 

- деді толғана тіл қатып. – Елге б и л і к т і 



с ө з айту өте жауапты іс екен (Ж. Əлмашұлы, 

Тар дүние, 111). 



БИЛЬЯРДШЫ з а т. Бильярдты жақсы 

ойнайтын адам. Жай ғана мықты б и л ь я р д

ш ы келіпті десе, мен, əрине, таңырқамас 

едім.  Ал  мынау  өзі  жалғыз  қалды,  өзі 

мықты бильярдшы (Б. Соқпақбаев, Таңд., 

437). 


БИМƏЛІМДЕУ с ы н. с ө й л. Белгі-

сіздеу. Белгісіз, б и м ə л і м д е у неге екені,

Жұрт шегер тамақтан соң темекіні. Оттыққа 

Ғалымжан  да  шырпы  шақты,  Тұтанбай 

алды  дауыл  берекені  (Ж.  Смақов,  Мың 

махаббат, 64). 

БИОБИБЛИОГРАФИЯ  з  а  т.  Ғалы-

мның  өмірі  мен  қызметі  жəне  оның 

шығармашылығы  жайлы  мəліметтердің 

жиынтығы. 

БИОБИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ  с  ы  н.

Биобиблиографияға  тəн,  соған  қатыс-

ты.  Жазушылар ,  ақындар   тура лы 

творчестволық жүйелі дерек толық б и о б и



б л и о г р а ф и я л ы қ анықтамалық шығару 

талабын  ұстануы  керек  еді  (Қаз.  əдеб., 

21.10.1983, 9). 

БИОЙНАҚ  з  а  т.  Билейтін  жер,  би 

алаңы. Бəрі бейтаныс, жұрт не істесе, соны 

істеп, б и о й н а қ т ы бір-екі рет орағатып 

та үлгердім (Лен.жас., 02.10.1971, 4). Егер 

мен  оны  қаладан:  парктен,  театрдан,  б  и



о й н а қ т а н көрсем дəл осыншалық тəт-

ті  мұңмен  əсерленіп,  дəл  осылай  сұлу 

күйінде елестете алмас едім (Бұл да). 

БИОЛОГТЫҚ  с  ы  н.  Биологқа  тəн, 

биологқа қатысты. Інісінің б и о л о г т ы қ

тапқырлығына  таңданатын  түрі  жоқ  (Ж. 

Мусин, Туған үй., 119). 

БИОМЕТЕОРОЛОГИЯ  з  а  т.  Тірі 

ағзаларға  сүйене  отырып  ауа  райының 

өзгерістерін  зерттейтін  ғылым  саласы. 

Б и о м е т е о р о л о г и я – тірі организмдердің 

қоршаған ортамен өзара əрекетіне сүйене 

отырып,  атмосфералық  жауын-шашынды 

жəне  биологиялық  процестерді  зерттейді 

(Шопан сырласы, 321). 

БИОНИКАЛЫҚ  с  ы  н.  Бионикаға 

қатысты, соған тəн. Теңіз көп қылшықты 

құрттарының б и о н и к а л ы қ та маңызы 

бар (Қ. Қайымов, Зоология., 11). 

БИОСТИМУЛЯТОР  з  а  т.  м  е  д. 

Өсімдіктің  сапасы  мен  өнімін  артты-

рып, малдың тұқымын асылдандыратын, 

қоңдылығын  өсіретін  дəрі  (препарат). 

Соңғы  жиырма  шақты  жылдың  ішінде 

химия саласында көп ғылыми жаңалықтар 

ашылды. Бір ғана б и о с т и м у л я т о р



д ы ң өзі неге тұрады (Ө. Қанахин, Құдірет, 

44). Сондықтан оқымыстылар организмде 

азық сіңуін жəне берілген дəрілердің емдік 

əсерін күшейтетін заттар тапқан, оны б и о



с т и м у л я т о р деп атаймыз (Шопан 

серігі, 189). 



БИОТӨЛҚҰЖАТ з а т. в е т. Бағымдағы 

малға,  жан-жануарларға  жасалатын 

биологиялық  төлқұжат.  Ойыма  жуырда 

қолданысқа б и о т ө л қ ұ ж а т т а р 

енгізілгелі жатқаны сарт ете түсті (Ана тілі, 

09.10.2008, 8). 



БИОЭНЕРГИЯ з а т. Биологиялық күш, 

қуат. Қабығының арасынан су шығып, б и о

э н е р г и я бөлінеді екен дегенді де естідім 

(Ж. Қорғасбек, Жынды қайың, 171). 



БИПАРЫҚ с ы н. с ө й л. Парықсыз. 

Ержеткізді  ата-ана,  Жүрмейік  ойсыз  б  и



п а р ы қ (Ел аузынан, 236). 

БИТТАРАҚ  з  а  т.  Шашқа  түскен 

битті, сіркені тазартуға арналған тарақ. 

Б и т т а р а қ малдың жауырын сүйегінен, 

мүйізден ара тістері жиілетіліп жасалады 

(Қаз. этнография., 1, 512). 

БИТТЕЙ: Биттей сықты. Жоқ етті, 

көзін құртты. Бұл дұға болмаса Жезтырнақ 

Зейнептің кейпіне енбей-ақ сені б и т т е й 



с ы қ п а с па еді (А. Мекебаев, Алапат, 342). 

БИТІКШІ з а т. с ө й л. Бітікші. Қара 

б и т і к ш і Сақып Тұра орнынан түрегелді 

(І.  Есенберлин,  Шығ.  жин., 9, 303). Ол 

жанында өзімен бірге отырған б и т і к ш і 

қарт ұйғыр Нияздан Құтбаның кім екенін, 

қалай өлгенін сұраған (Бұл да, 425). 


116

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

БИІК:  Биік  мақсат.  п  о  э  т.  Заңғар 

тілек, тəтті қиял. Көшеде келе жатқанда 

асқақ арман, б и і к  м а қ с а т т а р жай-

лы  ойлар  ойына  орала  кететін  (Н.  Ораз, 

Сиқырлы., 61). 



БИЯЛАЙЛЫ  с  ы  н.  Қолына  биялай 

киген, биялайы бар. Б и я л а й л ы қазақ 

бөрененің  бір  жағын  көтерісуге  асыққан 

жоқ (Е. Тұрысов, Құралай., 21). 

БИЯНАТ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Хабарлама. 

Орынбасарларын,  бөлім  бастықтарын 

шақырып, олардың б и я н а т т а р ы н 

тыңдау  керек  еді,  оған  да  асықпады  (Қ. 

Жұмаділов, Атамекен, 62). 

БОБИ з а т. Ойын қартасындағы төрт 

түрдің  біреуі:  жүрек  пішіндес,  қызыл; 

қызылайыр, аша. Көсемсары екеуміз түнде 

қарта ойнап, мидың қатпар-қатпарына сіңіп 

кеткен үйір-шүйір крес, қарға шерби, б о б и 

л а р д ы салқын сыраның көбігімен үркітіп 

тұрғанбыз (Лен. жас, 29.12.1973, 4). 



БОБИК  з  а  т.  т  е  х  н.  Газ-69  жеңіл 

машинасы  халық  арасында  осылай  ата-

лынады. ... Екіншісі – жердің ой-шұқырына 

қарамай «б о б и г і н» ор қоянша орғытып 

келе жатқан Сенбаев Кабікеш деген жігіт 

(Қаз. əдеб., 03.08.1973, 2). «Б о б и к» жеңіл 

бүлкекпен  еңіске  түсіп  келеді  екен  (Лен. 

жас, 17.07.1973, 2). 



БОБЫЛ з а т. Башқұрт елімен аралас 

тұратын  тайпалардың  бірі.  Əр  жер-əр 

жерде  ғана  башқұрттардан  жер  жалдап, 

егін  салып,  қарағай  кесіп  кəсіп  қылып 

жүрген мешерлер, тептерлер, б о б ы л д а р

кездеседі (Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 202).

БОГАР  з  а  т.  к  ə  с  і  б.  Ұзын  сырыққа 

сапталған  бір  бұтақты,  бір  қармақты 

темір құрал. 

БОҒДЫХАН з а т. к ө н е. Қытай елінің 

билеушісі,  ханы.  Сырымбет  оған  өткен 

жылғы  күзде  Орта  жүзге  көп  сыйлықпен 

Қытайдың  б  о  ғ  д  ы  х  а  н  ы  н  а  н  елші 

келгенін  хабарлайды  (Ел  аузынан, 39). 

Қытай б о ғ д ы х а н д а р ы н а н қысас 

көріп отырған ойраттардың өрісі жылдан-

жылға тарыла берді (Ə. Кекілбаев, Үркер, 

69). Ойраттар жеңіл жау емес, оның үстіне 

қолтығына  су  бүркіп,  оларды  құтыртып 

отырған тағы да сол қытай б о ғ д ы х а н



д а р ы (І. Есенберлин, Алмас., 178). 

БОҒҰЛ з а т. Сібірдегі аз халықтардың 

бірі  (тайпа).  Жұрт  б  о  ғ  ұ  л  д  а  р  мен 

мешерлердің бастарына жастанып жататын 

теңдеріне  телміреді  (Ə.  Кекілбаев,  Елең-

алаң, 94). 



БОЖ-БОЖ:  Бож-божы  шықты. 

Жұмсарды, болбырады. Көн етік суға тисе 

болды, шылғи қайыстанып, б о ж-б о ж ы 



ш ы ғ ы п, болбырап кетуші еді (О. Бөкеев, 

Үркер, 41). 



БОЖУ Божы етістігінің қимыл атауы. 

БОЖЫ е т. а у ы с. Жай-күйі болмау, 

езілу,  берекесі  кету.  Түсіңде  өлең  жазған 

түндерде  қатты  титықтайсың,  төсектен 

сүлесоқтанып түрегелесің. Біреу боршалап 

кеткендей,  сал-соқ  болжырап,  б  о  ж  ы  п 

жүргенің  күні  бойы  (М.  Əлімбаев,  Көңіл 

күнд., 76). 



БОЖЫМА  з  а  т.  к  ө  н  е.  Ерекше 

тəсілмен ашытылған шарап. Үнбе ақыры 

қоймады.  Даяшыны  шақырып,  оған  бір 

күбі жылытылған дукаң б о ж ы м а с ы н 

алдырды (Т. Зəкенұлы, Мəңгітас, 183).



БОЖЫРАУ  Божыра  етістігінің  қи-

мыл атауы. Ол кеудесінде жан барда қы-

бырлай беру керек екенін білді. Б о ж ы р 



а у ғ а, босауға хақы жоқ еді Хансұлудың 

(С. Елубай, Ақ боз., 226). 



БОЗ:  Боз  айран  болды.  Аспанды  ала 

бұлт  басты.  Кешке  қарай  буалдыр  қою-

лана түсіп, б о з  а й р а н  б о л ы п кетті (Х. 

Есенжанов, Ақ Жайық, 101). 

Боз  бетеге.  б  о  т.  Қылқан  селеу  кейде 

осылай да аталады (ҚСЭ, 2, 372). 

Боз  қасқа  бетеге.  Бетегінің  бір  түрі. 

Жетімтөбенің  баурайы  балауса  шалғын,



б о з  қ а с қ а  б е т е г е (С. Мəуленов, 

Жер нəрі, 97). 



Боз от. с ө й л. Ақ от. Ақ оттың екінші 

атауы – б о з  о т (Қаз. этнография., 1, 112). 



Боз  талды.  с  ы  н.  Боз  тал  өскен,  боз 

талы  мол.  –  Анау  қырқаның  астында 

тобылғылы беткей, б о з  т а л д ы сай бар. 

Сонда жеткен соң өздері де тоқтайды (Ж. 

Жұмақанов, Замана., 87). 



БОЗАГЕР з а т. с ө й л. Боза дайындау-

шы, боза жасаушы. Үлкен-кіші жиылып, 

Бозаға  күнде  барады.  Б  о  з  а  г  е  р  д  і  ң 

қатыны  Таса  жерге  шақырар,  Байыммен 

бірге  келгін  деп  (Құланаян  Құлманбет, 

Сөзімнің., 77). 

БОЗАҒАШ  з  а  т.  б  о  т.  Ағаштың  бір 

түрі. Ащылы тоғай ала бас, Ақсара алдым 

бозағаш, Алтынды сарай қарашаш, Ала бас-

тан боран бораса, Б о з а ғ а ш т а н боран 

борамас (Ер Тарғын, 22). 



117

Байынқол Қалиев

БОЗАЖОРА з а т. э т н. Боза қайнатқан 

адам  алғашқы  бозаға  өзінің  көрші-

қолаңдары мен туыс-туғандарын шақыру 

дəстүрі.  Майлыкент  болысының  б  о  з  а 

ж о р а с ы н д а «əу» деп əн салмайтын, 

өз  жанынан  бір  ауыз  өлең  шығармайтын 

адам  болмайды  (Ш.  Мұртазаев,  Жұлдыз 

көпір, 77). 



БОЗАЛАҢДАН е т. Боз ала бұлт басу, 

бозару. Кенет түннің бояуы б о з а л а ң д а н ы п,

айдың күміс нұры түнге себезгілеп төгіле 

бастады (Т. Жұртбаев, Бесқарагер, 103). 

БОЗАЛАҢДАНУ  Бозалаңдан  етіс-

тігінің қимыл атауы.

БОЗАҢДАТ  е  т.  Бозарып,  көкке 

көтерілу. Сай басындағы қара жолдан б о 

з а ң д а т қ а н шаң көрінеді (Ш. Мұртазаев, 

41-ші жыл., 163). 



БОЗАПАЙ з а т. э к с п. Ысылып, пісе 

қоймаған  бозбала.  –  Енді  қалай?  Бұлар 

оқуды жаңа бітірген б о з а п а й л а р (Қ. 

Тоқмырзин, Үш шие, 203). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет