Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет31/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   168

БҰЛТТЫЛЫҚ  з  а  т.  Аспан  күмбезін 

бұлт басқандық, бұлт болғандық. Б ұ л т 

т  ы  л  ы  қ  жағдайын  спутниктер  арқылы 

зерттеудің  ауа  райының  өзгерістерін  күні 

бұрын болжауда үлкен маңызы бар (ҚСЭ, 

2, 525). 



БҰЛЫҚ¹  з  а  т.  к  ө  н  е.  Əскери  топ, 

жасақ. Олардың соңында əскери қолбасшы 

əмір, батырлар. Əр қосынның, б ұ л ы қ т ы ң

алдында өз қолбасшылары (І. Есенберлин, 

Шығ.жин., 9, 104). 1370 ж.  Мəскеу  князі 

Либке  князы  Ольгердке  қарсы  шыққанда 

Дмитрий Ивановичтің əскерлерінің ішінде 

Рязань б ұ л ы қ т а р ы да қатынасқан (Бұл 

да, 9, 280). 



БҰЛЫҚ² з а т. ж е р г. Кресло. Атқарып 

отырған  қызметінен  қалу,  мініп  жүрген 

автокөлігінен, жұмсақ б ұ л ы ғ ы н а н айы-

рылу  екінің  біріне  оңай  емес  (Қаз.  əдеб., 

22.08.1995, 10). 

БҰЛЫҚШЫ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Соқашы.

Б ұ л ы қ ш ы л а р тыныстағысы келді. Бар-

лығы  түйілісіп  бір  араға  жиналды

(К. Мұқажанұлы, Ортеке, 224). 

БҰЛЫҢ... Сырым саған түзу-ді Садаққа 

салған б ұ л ы ң д а й. Жұмыскерің мен едім, 

Сатып  алған  құлыңдай  (Жиенбет  жырау: 

Нар заман., 37). 



БҰЛЫҢҒЫР  з  а  т.  з  о  о  л.  с  ө  й  л. 

Бұлғын. Марқакөл маңындағы тоғайларда 

б ұ л ы ң ғ ы р, сілеусін, аю, арқар, суыр 

мекендейді  (Соц.  Қаз., 22.02.1977, 4). 

–  Ойпырмай,  жігітім-ай, - деді  қария, - 

тоқсаннан асқанша кездеспеген б ұ л ы ң



130

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ғ  ы  р  деген  аңның  өзі  ғой.  Бұл  аңды 5 

сырттан соғады деуші еді. Киесі күшті хай-

уан болатын (Қаз. əдеб., 27.07.1968). Теңіз 

котигінің, б ұ л ы ң ғ ы р д ы ң, норканың 

терілері олардан төмендеу келеді (Қазақст. 

ауыл шаруаш, 1962, 3, 61). 



БҰРАМА з а т. Бұралған қамырды майға 

пісірген тағам. Кіршіксіз ақпен жазылған 

дөңгелек  столдың  үстінде  манты,  самса, 

лағман, б ұ р а м а сияқты дəмді тамақ бар 

(С. Шаймерденов, Таңд. шығ., 1, 232). 



Бұрама жүзік... Б ұ р а м а ж ү з і к – ал-

тын немесе сым күмісті ширатып, есіп жа-

саған жүзік түрі (Қаз. этнография., 2, 480). 

БҰРАН з а т. т е х н. Бұрандаға (винтке) 

бұралатын, 4 не 6 қырлы, жұмырлау келген 

сақина темір; болт (Бекітіл. термин., 23). 

БҰРАНДА  з  а  т.  т  е  х  н.  Бір  нəрсені 

бекіту үшін арнайы жасалған, өн бойында 

бұралған кертігі (спираль) бар, оған бұран 

(болт)  бұралатын  білік;  винт  (Бекітіл. 

термин., 23). 



БҰРАТЫЛУ  Бұратыл  етістігінің 

қимыл атауы. ≈ Қарны ашып, б ұ р а т ы л

у д ы ң аз-ақ алдында тұр. 

БҰРҒЫЛАУ:  Бұрғылау  агрегаты. 

т  е  х  н.  Скважина  бұрғылауға  қажетті 



машиналар мен механизмдер жиынтығы 

(ҚСЭ, 2, 527). 



Б ұ р ғ ы л ау   с к в а ж и н а с ы .   Ж е р 

қыртысындағы  пайдалы  кен  қазбаларын 

барлау  жəне  өндіру  мақсатындағы 

бұрғыланған жер (ҚСЭ, 2, 528). 

Бұрғылау станогі. т е х н. Тау жыны-

старын (кенді) бұрғылауды жүзеге асыра-

тын машина (ҚСЭ, 2, 528). 

БҰРҒЫТІС  з  а  т.  з  о  о  л.  Салмағы 8 

грамдай  ергежейлі  тышқан.  Тышқандар,

б ұ р ғ ы т і с т е р күндізгі тығылып жатқан 

жерінен шығады (Наурызым, 122). 



БҰРҚАҚ з а т. ж а ң а . Фонтан. Ерлі-

зайыпты  жандар  Күлəш  Байсейіткеліні 

атындағы  көше  бойындағы  б  ұ  р  қ  а  қ

т  а  р  қасында  ұзақ  отырар  еді  (Ана  тілі, 

07.01.1991, 4). Асқақтап Астананың б ұ р 



қ а қ т а р ы (Астана ақшамы, 14.05.2009). 

БҰРҚАН  з  а  т.  Будда  дініндегі  құдай 

бейнесі. – Бұл ойыңмен біздің б ұ р қ а н 

ы  м  ы  з  д  ы  (будда)  боқтап  отырмысың? 

(Алматы ақшамы, 26.09.1990, 3). – Ой, мы-

налар қалмақтар сияқты ғой! Қолдарында 

мылтық емес, б ұ р қ а н д а р ы н ы ң суреті 

(Т. Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 135). 

БҰРҚАП з а т. Бақсының бұрқанғаны; 

бақсы  ойнағы.  Жамансыз  жақсы  болмай-

ды, Б ұ р қ а п с ы з бақсы болмайды (Қаз. 

мақал., 184). 

БҰРЛЫҒУ Бұрлық етістігінің қимыл 

атауы.  Көзің  қарайып,  əбден  б  ұ  р  л  ы

ғ  у  ғ  а  тақаған  кезде  мылтығыңның  аузы 

қандалып,  даланың  əлдебір  адал  аңын 

сұлатып салсаң, шіркін (К. Сегізбаев, Жап-

жасыл., 4). 



БҰРЛЫҚ е т. Қарны ашу, өзегі талу. ≈ 

Қарны ашып, б ұ р л ы ғ ы п келеді. 



БҰРМАМОЙЫН  з  а  т.  з  о  о  л.  Ор-

мандарда  тіршілік  ететін  тоқылдақтар 

тұқымдас,  торғайдан  сəл  үлкендеу,  сұр 

түсті құс; дүпілдек. Б ұ р м а м о й ы н 

немесе  дүпілдек  қауіп  төнген  жағдайда 

ағаш діңіне жабыса отырып, тына қалады; 

реңі ұқсас болғандықтан байқалмай қалады 

(Қазақст. жануар., 113). 

БҰРТТАШ  Шыжың  (диабет)  ау-

руы   кейд е   осыл ай   да   ат алынады 

(Ж.Бабалықұлы, Мал ауру., 126). 



БҰРҰТ з а т. к ө н е. Қырғыз этнонимі 

кейде осылай да аталады (ҚСЭ, 2, 529). 

БҰРЫЛЫССЫЗ... Жөні басқа өлудің 

ұрыстардан: Шофердің б ұ р ы л ы с с ы з 

жол тілегі, Милиционер өледі ұры ұстаудан, 

Ақындарды махаббат өлтіреді (Т. Айберге-

нов, Бір тойым., 131). 

БҰРЫНДЫҚ  з  а  т.  з  о  о  л.  Денесінің 

ұзындығы 100-150 милл-дей  кеміргіш 

жолақты тышқан. Б ұ р ы н д ы қ – орманда 

тіршілік ететін ала тышқан (Қ. Қайымов, 

Зоология., 82). 

БҰРЫШ:  Бұрыш  өлшеуіш.  т  е  х  н. 

Кез-келген  бұрыш  шамасын  өлшейтін 

аспап (ҚСЭ, 2, 531). 

БҰТ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Тіреу,  тіреу  ағаш; 

діңгек. Ортада тұрған б ұ т т ы маңдайымен 

ышқына  қатты  соғып  жібергенде,  жер 

кепенің іргесі солқ етіп, төбесінен топырақ 

сау-сау төгілді (О. Сəрсенбаев, Жақсының 

көзі, 161-162). Қарлығаш  ішке  кіріп,  бел 

ағашты тіреп тұрған б ұ т қ а ұя салғанды 

қолай көрді (Қ. Омарұлы, Əке, 355). 

Бұт пен сан арасында. ж е р г. Табан 

астында, жөпедемеде. – Шаруа бар, ақ же-

ңеше. – Тұтақ! Əкім емес, түк емес, б ұ т   п е н



с а н  а р а с ы н д а саған тірелген ол не қыл-

ған шаруа? (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 112). 



Бұтына жіберіп қоя жаздады. Қатты 

қорықты. 

131

Байынқол Қалиев

Бұтын сулады. Сиіп қойды д.м. 

БҰТА-БҮРГЕН  з  а  т.  Бүрген  сияқты 

тікенді бұталар. Бұрынғыдай енелері жан-

тайса болды бас салып, емшегіне жармаса 

бермей, шөптің тамырын қазып, б ұ т а-

б ү р г е н н і ң жемісін теруге төселіп қалған 

(К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 50). 



БҰТА-ҚАРАҒАН з а т. Қауқиып өскен, 

əр түрлі бұта. Былқылдаған қорыс та, б ұ 

т а-қ а р а ғ а н да бұйым болған жоқ (Қ. 

Ысқақ, Тұйық, 152). Алдарынан б ұ т а-



қ  а  р  а  ғ  а  н,  ептеп  жапырағынан  айры-

лып,  сидаңданған  терек,  ақ  балтырлы 

қайыңдар ұшыраса бастады (О. Бөкеев, Өз 

отыңды., 150). Бір кезде өзінің ата-бабасы 

жайлаған таудың ұңғыл-шұңғыл, б ұ т а-

қ а р а ғ а н ы н бес саусағындай білетін 

ол  көк  тайыншаның  қарасы  көрінбеген 

сайын  күдерін  үзе  бастады  (Қаз.  əдеб., 

08.06.1984, 8). 



БҰТАҚМҰРТ з а т. и х т и о л. Мұрты 

ағаштың бұтағы сияқты тармақталған 

балық  түрі.  Б  ұ  т  а  қ  м  ұ  р  т  деген 

балықтың қызықтырғышы – астыңғы жақ 

сүйегіндегі тармақталған өсінді (Су асты. 

тіршілік. 63). 



БҰТАНАҚ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Бұта.  Тап 

жанымызда  бұтақтары  тарам-тарам  боп 

біткен аласа б ұ т а н а қ өсіп тұрған (Қ. 

Қараманұлы, Ай куə, 32). 



БҰТАНАҚТЫ с ы н. ж е р г. Бұталы. 

Шоқалды, б ұ т а н а қ т ы алқаптан арқа, 

сауырлары  қызарады  (Ж.  Нəжімеденов, 

Кішкентай, 186). 



БҰТА-ШІЛІК  з  а  т.  Ұзынды-қысқалы 

əртүрлі аласа ағаштар. Өзен бойы мен тау 

етектерінің жыра-қолтықтарында ғана шоқ-

шоқ тырбық талдар мен б ұ т а-ш і л і к т е р

кездеседі (Т. Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 86). 



БҰТТА е т. а у ы с. Қалай болса, солай 

сөйлеу,  оттау.  Аққу  құстың  төресі  жеке 

жүріп оттамас. Аса ердің жақсысы бұралқы 

сөзді б ұ т т а м а с (Шешендік сөзд., 132). 

БҰТТАУ  Бұтта  етістігінің  қимыл 

атауы. 

БҰТТАТ е т. с ө й л. Адымдату, бұтын 

керу.  Бірер  сəттен  соң  қара  інгенді  қыңқ 

еткізіп, борбайын орай қамшымен бір са-

лып, жұтпа құмға б ұ т т а т а, шағылдан 

желіп  түсті  (Ж.  Нəжімеденов,  Кішкен-

тай, 186). 

БҰТТАТУБұттат етістігінің қимыл 

атауы.

БҰТЫЛ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Қонышты  гə-

лөш. Сонда да бұрқылдақ шаңды резеңке

б ұ т ы л ы м е н бұралай сапырып, тақым-

дап  қалар  еме с  (Қ.Ысқақов,  Қара-

орман, 183). 

БҰТЫРЛЫҚ з а т. к ө н е. Соғыс кезінде 

бұтқа  киетін  оқ  (қылыш)  өтпес  сауыт. 

Кеудесіне  қола  шарайна,  сауыт,  құрыш 

көбе, білегіне болат қолдық, аяғына темір 

тізелік, топсалы б ұ т ы р л ы қ киген жас 

жігіт  қатарласты  (М.  Мағауин,  Аласапы-

ран, 73). 



БҰХАРЖА з а т. к ө н е. Бұхар елінде, 

жерінде жасалған садақ; жай, бұхаржай. 

Алты  атқа  алған  адырна,  Он  атқа  алған



б ұ х а р ж а Айтқаныма шыдамай, Кірістен 

кетсең,  саған  серт  (Ер  Қосай:  Ақсуат, 2, 

14).  Жасалған  жеріне  байланысты  бұл 

жақ бұхаржақ, бұхаржай, б ұ х а р ж а деп 

аталған (Қаз этнография., 1, 553). 

БҰХАРЖАЙ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Бұхар 

елінде, жерінде жасалған бұқаржақ; жай. 

Бұлғары садақ, б ұ х а р ж а й тарта ала-

масам, маған серт! Бел күшіме шыдамай, 

Беліңнен сынсаң, саған серт! (Қобыланды 

батыр: Ақсуат, 1, 70). Бұлғары садақ б ұ х а р

ж  а  й,  Бұлғай  тартты  Ер  Қосай.  Сауыры 

жалпық сарғыш ат. Салқа жортты Ер Қосай 

(Батырлар жыры, 2, 64). 

БҰХАРЖАҚ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Бұхарда 

жасалған  жақтың  түрі;  бұхаржай. 

Жасалған жеріне байланысты бұл жақ б ұ 



қ а р ж а қ, бұхаржай, бұхаржа деп аталған 

(Қаз. этнография., 1, 553). 



БҰХАРШЫЛА е т. Бұхарлықтар құсап 

қабат-қабат  етіп  орау.  Ақ  шəйі  сəлдені

б ұ х а р ш ы л а п қырық қиғаштап жатпай, 

қыр  салтымен  шиыршықтап  орай  салған 

(Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 118). 

Б Ұ Х А Р Ш Ы Л АУ   Б ұ х а р ш ы л а 

етістігінің қимыл атауы.

БҮГЕЖЕК з а т. Малдың жауырынтақ 

ауруының  қойда  кезд есетін   түрі. 

Жауырынтақ кез келген түлікте кездеседі: 

ол қой түлігінде – б ү г е ж е к, жылқыда 

– қужауырын деп те аталады (Қаз. этногра-

фия., 2, 264). 

БҮГЖЕҢДЕС  Бүгжеңде  етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс.  Байлар  кешкі 

қонақасыға  тым  ерте  жиналып,  бекініс 

ішіне  кіре  алмай  тыста  б  ү  г  ж  е  ң  д  е

с і п көп тұрысты (Ж. Молдағалиев, Алғ. 

қоңырау, 18). 



132

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

БҮГЖЕҢДЕСУ Бүгжеңдес етістігінің 

қимыл атауы.

БҮГУСІЗ...  Сындырмалап  санап 

отырған  бес  саусақтың  кішкене  балаң 

үйрегі б ү г у с і з қалды (Р. Отарбаев, Біздің 

ауыл., 112). 



БҮЙЕНДЕН  е  т.  Бүйен  сияқты  болу. 

Жазық дөңге ойдым тоғай боп біткен ұры 

қалыңның бір пұшпағы ұры б ү й е н д е

н  і  п,  созылып  кетеді  екен  (Ə.  Кекілбаев, 

Бір уыс, 268). 



БҮЙЕНДЕНУ  Бүйенден  етістігінің 

қимыл атауы.

БҮЙРЕК: Бүйрек бет ер. Басы бүйрек 

пішіндес  ер.  Қазақы  ердің  сыртқы  пішін 

үлгісі  көп.  Олар  құс  бас  ер,  шошақ  бас 

ер,  үйрек  бас  ер,  қазық  бас  ер,  қозы 

құйрық ер, б ү й р е к  б е т  е р деп, түр-

тұлғасына,  пішін-сиқына  қарай  бөлінеді 

(Ж. Бабалықұлы, Ер қанаты, 259).



Бүйрек май. Малдың бүйрегінде бола-

тын май. 

Бүйрек үсті безі. Бүйрек үстінде бола-

тын, адам ағзасы үшін аса қажетті без. 

Бұл бөлімшеде алқым безіне (зоб), б ү й р е к



ү с т і  б е з і н е жасалатын кез-келген жал-

пы хирургиялық операциялардың барлық 

түрлері бар (С. Ғаббасов, Қандауыр, 18). 

БҮЙТУШІ з а т. с ө й л. Бұлай етуші. – 

Ендігіəрі б ү й т у ш і болма! – деді Танакөз 

(Қ. Ботбай, Егіз., 143). 

БҮЙІ з а т. а с т р. Ақырап (қазан) ай-

ында көрінетін шоқжұлдыз (М. Арын, Бес 

анық, 123).



БҮЙІ:  Бүйі  аяқтан.  Бүйінің  аяғы 

сияқты арбию, сораю, тікірею. Қырауытып 

б ү й і  а я қ т а н ы п алған қалың қас үрпі-

түрпі (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 12). 



БҮЙІР: Бүйірі жарылып кете жазда-

ды. Шыдамады, ішіне сыймады. ... Бүгінгі 

жаңалықтан б ү й і р і  ж а р ы л ы п  к е т е



ж а з д а п азар жеткен көрінеді, келе сап 

хабарлады (Б. Нұржекеев, Күй толғақ, 125). 



Бүйірін соқты. Ентікті, қатты (жиі) 

дем алды. Кербесті қара кер, б ү й і р і н

с о ғ ы п тұр. Сауырынан тері тамшылайды 

(З. Қинаятұлы, Көшпенді., 55). 



БҮК  з  а  т.  Ағашы  тығыз  өскен  жер; 

бытқыл. Қалың б ү к т і ң іші буып тұр

(Қ. Ысқақ, Тұйық, 85). 



БҮКПЕ з а т. Темірден жасаған, екі басы

иілген  темір  қарғаша;  қаптырма  (скоба) 

(С. Қасиманов, Қаз. халқ. қолөнері, 214). 



БҮКТЕТІЛ:  Бүктетіліп  жату.  Екі 

аяқты бүгіп, қырынан жату (А. Құралұлы, 

Ұлттық., 1, 33). 



БҮКТІ с ы н. Бүгі бар; тымырсықты, 

қапырықты.  Тұнықтан  қанып  ішеді  де, 

б  ү  к  т  і  тоғай  бойының  найза  тұмсық 

көкбасы  мен  қылыш  қанат  бөгелегінен, 

қан  сорғыш  сонасынан  жан  сауғалап, 

желден  қырға  шығады  (М.Мағауин, 

Аласапыран, 45). 

БҮЛДІРГІ...  -  Əй,  сен  бала,  естіп 

тұрсың  ба,  солай  айт,  айта  бар  ана  б  ү  л



д і р г і л е р г е, - деді түкірігі шашырап

(Д. Рамазан, Жылап аққан., 95). 



БҮЛДІРГЕЛЕН  е  т.  Бүлдірге  тағу, 

қайысты тұйықтап байлау. Ердің қанжыға 

тесігінен қосалқылап өткізіп, б ү л д і р г е 



л е н г е н тұйық таспа «шеттік» аталады. 

Оған  құйысқанның  жырымы  байланады 

(Ер қанаты, 261). 

Б Ү Л Д І Р Г Е Л Е Н У   Б ү л д і р г ел е н 

етістігінің қимыл атауы.

БҮЛДІРГЕНШЕ  ү  с  т.  Бүлдірген 

сияқты,  бүлдірген  тəрізді.  Естөре  өзіне 

қарай піскен б ү л д і р г е н ш е самсаған 

жануарлардың  ықыласын  аударған 

күйі  сырнайды  ойнай  берді  (Қаз.  əдеб., 

13.06.1975, 4). 

БҮЛДІРГІ з а т. к ө н е. Бүлінген, бүлініп 

жатқан елдің бір заты, бұйымы. Жақсы 

апам « Ойбай,  жетпегірлер,  бүлінгеннен



б ү л д і р г і алма деген, алған орындарыңа 

апарып тастаңдар!» - деді (З. Қинаятұлы, 

Көшпенді., 48). 

БҮЛДІРШІН... Тайлақтан өтіп, бураға 

қосылар шақтағы ұрғашы түйені б ү л д і р ш 



і н немесе бұзбаша дейді (А. Сейдімбеков, 

Серпер, 87). 



БҮЛУ е т. к ө н е. «Талқандалу, ойран-

далу, жаудан жеңілу» мағынасын беретін 

көне сөздердің бірі (Р. Сыздықова, XVIII-

XIX ғ. қаз. əдеб., 73). 



БҮЛІС  з  а  т.  Қырғын,  соғыс,  бүлініс. 

«Жылан  жылы – жылыс  болды,  жылқы 

жылы – б  ү  л  і  с  болды»  деп  сайрайды 

кейбір  қарттар  (Қ.  Тоқмырзин,  Керзаман, 

3, 18). «Жылқы жылы – б ү л і с» десе, ол 

шапқыншылық, соғыс, үркіншілік десейші 

(Бұл да, 19). 

БҮРГІЗ  Бүр  етістігінен  жасалған 

өзгелік етіс. – Аузын түнде Шөкейге б ү р

г  і  з  і  п,  тіктіріп  алдым  (М.  Қабанбаев, 

Жиһанкез., 92). 



133

Байынқол Қалиев

БҮРГІЗУ  Бүргіз  етістігінің  қимыл 

атауы.

БҮРЖИДЕК з а т. б о т. Аршаның бүрлі 

жемісі.  Ашық  тұқымдастарда  (аршада) 

б  ү  р  ж  и  д  е  к  (шишка-ягода)  түзіледі. 

Аршаның  бүрі  жұмсақ  болған  соң  оны



б ү р ж и д е к деп атаған (Парасат, 2009, 9, 

24). Аршаның тұқымдары құстар арқылы 

таралады. Себебі оның б ү р ж и д е г і тəтті, 

шырынды болады (Бұл да).



БҮРЖІК:  Бүржік  торғай.  с  ө  й  л.

Суықторғай. Аяқ жағынан келіп қонақта-

ған б ү р ж і к  т о р ғ а й құйрығын ты-

нымсыз шошаңдатып, жол жиегіндегі нан 

қиқымын тұмсығымен іліп əкетті (Қ. Жи-

енбай, Даңқ., 5).

БҮРКЕЛЕ  е  т.  Басын  қайта-қайта 

бүркей беру. Басын б ү р к е л е г е н болады 

(А. Хасенова, Етістік. сипаты, 247). 



БҮРКЕНГІШ  с  ы  н.  Бүркене  бергіш, 

бүркене беретін. ≈ Б ү р к е н г і ш бала. 

БҮРКЕНШЕК

1

  з  а  т.  Іштегі  баланы 



сыртынан жауып тұратын перде; шара-

на. Ол іштен б ү р к е н ш е к п е н туған 

болатын. Оны да өзім кесіп, ішінен баланы 

өзім шығарып алғанмын (Қазыбек бек, Түп-

тұқиянан, 105).



БҮРКЕНШЕК²  з  а  т.  к  ө  н  е.  Үстін 

бүркей салған жеңіл үй; жаппа. Алғайдың 

құба  жонына  Жайылған  қойым  сыймаса, 

Жүз б ү р к е н ш е к, жүз қоспен, Қатар 

жүріп жинаса (Ақтамберді жырау, Күлдір-

күлдір, 35). 

БҮРКЕНШІК: Бүркеншік шеге. Ерге 

қағылатын, басы өрнектелген шеге. Пыс-

тан,  өмілдірік,  құйысқан,  жүген,  тебінгі 

беттеріне қағылатын – үзбе, кеспе, құйма, 

шытыра, сыздық, ширатпа, б ү р к е н ш і к 



ш е г е г е дейін түгел күміс шабылады (Ер 

қанаты, 264). 



БҮРКІТ з а т. а с т р. Аспан шоқжұл-

дыздарының бірі; экваторлық шоқжұлдыз. 

Шоқжұлдыздардың саны көп. Олар: Аққу, 



Б ү р к і т, Жетекші, Мерген, Саршаян, Кіші 

аю, Үлкен аю т.б. (Х. Əбішұлы, Халық астр. 

9). Қазақ халқы Бөрі, Б ү р к і т, Жылан, 

Көгершін, Қоян, Құзғын, Сілеусін, Тауыс, 

Тырна т.б. деген сияқты жұлдыздарды да 

білген жəне оларға ат қойған (С. Сəрсенова, 

Қаз  тілі.  астр., 78). Б  ү  р  к  і  т – Жылан, 

Қалқан, Мерген, Ешкімүйіз жəне Дельфин 

шоқжұлдыздарының арасында орналасқан 

экваторлық шоқжұлдыз (ҚСЭ, 2, 544). 



БҮРКІТ:  Бүркіт  балдақ.  Құсбегінің 

құс ұстаған қолын сүйеп отыратын аша 

ағаш. Б ү р к і т б а л д а қ немесе қолдық 

– құсбегінің құс ұстап отырған қолы тал-

мас үшін сүйеп отыратын аша ауыз ағаш 

(Шаңырақ, 423). 



Бүркіт  мұрындау.  Мұрыны  бүркіт-

тің  тұмсығына  ұқсас,  имектеу  келген.

Б ү р к і т  м ұ р ы н д а у, қиылған қара мұр-

ты бар, орта бойлы келген қызыл шырай-

лы жас жігіт сахнаға шықты (И. Байзақов, 

Таңд. шығ., 2, 113). 



БҮРКІТТІК  з  а  т.  а  у  ы  с.  Алғырлық, 

қырандық. ... Нағашым б ү р к і т т і г і н

істеді-ау! Тышқан ауламай кеткелі тұрғанын 

қарашы! (Жұлдыз, 1973, 3, 18). 

БҮРМЕ  з  а  т.  т  а  ғ  а  м.  Ішек-қарын-

нан  əзірленетін  тағам.  Қайсы  біреу-

лер  ақталған  тарыға  өкпе-бауыр,  ішек-

қарын, ет қосып шұжық, б ү р м е айнал-

дырып,  қазымен  бірге  жаншып  қоспа

даярлапты (Қаз. əдеб.,  01.04.1985, 14). 

БҮРМЕТІКЕН  з  а  т.  б  о  т.  Малдың 

жүнін,  адамның  киімін  бүріп  қалатын 

тікені бар өсімдік (О. Нақысбеков, Ауыс. 

говор., 117). 



БҮРШІК з а т. з е р г. Зергерлік өнерде

қолданылатын бүршік (дəн) сияқты жыл-

тырақ зат. Орайы келгенде айта кетейік, 

зергерлік өнерінде қолданылатын мес кө-

рік, мəймөңке, ақық, сақинек, кежеге, жетім-

шеге, ширатпа, сірке, б ү р ш і к, лажы т.б. елу-

ден астам терминдер мен атауларды марқұм 

Жəмəли  ақсақалдан  жазып  алған  едік 

(Д.Шоқпарұлы: Қаз. əдеб., 22.06.1984, 13). 

БҮРШІКТЕ  е  т.  Зергерлік  бұйым-

дарға  бүршік  орнату.  Бəкінің  сабына 

ақықтан  көз  орнатып,  сақинегін  күміс-

тен  сіркелеп,  оған  ширатпа  күмістен 

шытыра дəнекерлеп, б ү р ш і к т е й д і 

(Д.Шоқпарұлы: Қаз. əдеб., 22.06.1984, 13). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет