Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет34/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   168

ГАУҺАР: Гауһар жүзік. Гауһардан көзі 

бар жүзік. 

Гауһар  жүзікті.  Саусағына  гауһар 

жүзік таққан. Г а у һ а р ж ү з і к т і бой-

жеткен  қыздар  таққан  (Қаз.  этнография., 

2, 479). 

Гауһар сырға. Гауһар көзді сырға. Осы 

тəрізді тас түріне сəйкес аталатын г а у һ а р



с ы р ғ а, ақық сырға деген сырға түрлері 

бар (Қаз. этнография., 2. 614). 



ГЕКТАРЛАП  ү  с  т.  Гектар-гектар 

етіп.  Анда-санда  кездесетін  сай-сала,  су 

бойлары  мен  ойдым  көгалдарға  бес-он



г  е  к  т  а  р  л  а  п  егін  салуға  да  болады

(Ж. Орманбаев, Қос басшы, 39). 



ГЕНЕРАТОРЛЫҚ  с  ы  н.  Генератор-

ға тəн, генераторға қатысты. Г е н е р а 

т о р л ы қ лампы (ҚСЭ, 3, 191). 

ГЕРМЕТИЗАЦИЯЛАН  Герметиза-

цияла  етістігінен  жасалған  ырықсыз 

етіс. Ал егінжайдағы сексен төрт комбайн

түгел г е р м е т и з а ц и я л а н ғ а н (Қаз. 

əдеб., 10.10.1975, 2). 

ГЕРМЕТИЗАЦИЯЛАНУ Герметиза-

циялан етістігінің қимыл атауы. 

ГЕРМЕТИКАЛЫ с ы н. Герметикасы 

бар, герметикаланған. Г е р м е т и к а л ы 

кабина (ҚСЭ, 3, 270). 



ГЕРПЕТОЛОГ  з  а  т.  Герпетология 

маманы. Ал г е р п е т о л о г ғалымдардан 

«Əлемдегі  жан-жануарлардың  ең  сұлуы 

не?» деп сұрасаңыз, мүдірместен «Жылан» 

деп  жауап  берер  еді  (Білім  жəне  еңбек, 

1985, 6, 24). 

ГЕТЕРГОНИЯ  з  а  т.  б  и  о  л.  Ұрық

алмасу құбылысы. Г е т е р о г о н и я омырт-

қасыз  жəндіктерде,  жұмыр  құрттар  мен 

жалпақ құрттарда кездеседі (ҚСЭ, 3, 275). 

Г И Г Р О С К О П И Я Л Ы Қ : 

Г и г р о с к о п и я л ы қ   с у.   Т о п ы р а қ 

түйіршіктерінің  бетіне  жабысқан  су. 

Г  и  г  р  о  с  к  о  п  и  я  л  ы  қ    с  у  өздігінен 

қозғалмайды,  топырақ  түйіршіктерінің 

бірінен-біріне тек буланғанда ғана көшеді 

(ҚСЭ, 3, 280). 



ГИГРОСКОПТЫҚ  с  ы  н.  Əртүрлі 

заттардың ауадағы су буын сіңіру қасиеті. 

Г  и  г  р  о  с  к  о  п  т  ы  қ  қасиет  заттар-

дың табиғатына байланысты болады (ҚСЭ, 

3, 280). 

ГИДРИД з а т. х и м. Сутектің басқа 

элементтермен қосылысы. Г и д р и д т е р 

үш топқа бөлінеді: иондық, металдық жəне 

коваленттік (ҚСЭ, 3, 283). 

ГИДРОЛОКАТОР з а т. Дыбыс сигнал-

дары  көмегімен  су  асты  нысандарының 

қалпын анықтауға жəрдемдесетін құрал. 

Г и д р о л о к а т о р л а р д ы ң көпшілігі 

дыбыстық жəне ультрадыбыстық жиілікте 

жұмыс істейді (ҚСЭ, 3, 292). 

ГИДРОМЕЛИОРАЦИЯ з а т. Егістікті 

суландыру жағдайымен айналысатын ме-

кеме. Ол 1949 ж. Ташкент г и д р о м е л и о

р  а  ц  и  я  техникумын  бітірді  (Қаз.  ауыл. 

шаруаш., 1960, 12, 67). 



ГИДРОПОНДЫҚ: Гидропондық əдіс. 

Дақылдарды  суда  бөрттіріп,  көктету 

əдісі.  Г  и  д  р  о  п  о  н  д  ы  қ    ə  д  і  с  п  е  н

өсірілген көк шөпті пайдалану жем жұм-

салуын  азайту  жағынан  да  өте  тиімді 

(Қазақст. ауыл шаруаш., 1964, 1, 53). 



ГИДРОТОТЫҚ з а т. х и м. Элемент-

тер  тотықтарының  сумен  қосылысы. 

Г и д р о т о т ы қ т а р – анорганикалық 

қосылыстардың өте маңызды кластарының 

бірі (ҚСЭ, 3, 298). 


143

Байынқол Қалиев

ГИЗЗАТ  з  а  т.  а  р.  Ізет.  Кірген  соң 

губернаторға  г  и  з  з  а  т  көрсетіп,  Зуев 

екеуміз  де  бас  изедік  (Ғ.  Мүсірепов,  Жат 

қолында, 361). 



ГИМНАЗИЯЛЫҚ  с  ы  н.  Гимназияға 

тəн, гимназистер киетін. Оның үстіндегі 

г и м н а з и я л ы қ формасы да тал бойына 

жарасып, əдемі бір сипат беріп тұрғандай 

(Жалын, 1974, 1, 136). 

ГИППЕРТОНИК  з  а  т.  м  е  д.  Қан 

қысымы жоғары адам. Осы отырғандардың 

ішінде  ұзын  тұра  астениктер  де,  төртпақ 



г и п п е р т о н и к т е р де, момын пішінді 

семіздер де кездеседі (І. Есенберлин, Шығ. 

жин., 1, 225).

ГИПНОЗДЫҚ  с  ы  н.  Гипнозға  тəн, 

гипнозға қатысты. Г и п н о з д ы қ терең 

ұйқы  кезінде  адамды  əртүрлі  нəрсеге 

сендіруге болады (Лен. жас, 09.08.1973, 3). 

ГИПНОЛОГИЯ з а т. Гипноз туралы 

ғылым. Гипнозды қылмыс жасауға қолдана 

ала ма? Осы заманғы г и п н о л о г и я мұны 

жоққа шығарады (Лен. жас, 09.08.1973, 3). 

ГИССАР:  Гиссар  қойы.  Қылшық 

жүнді,  құйрықты  қой  тұқымдаста-

рының  бірі.  Тəжікстанның  Гиссар  өңі-

рінде  шығарылған.  Бұл  аймақта  г  и  с  -

с а р, қазақы, құйрықты қ о й л а р д ы ң

барлығы  да  өзара  қатынаста  болған-

дығы дəлелдейді (Қ. Сəбденов, Қой шару-

аш., 11). Г и с с а р қ о й ы дүние жүзіндегі 

ең  ірі  қой  болып  есептеледі  (Жаңарған. 

өлке, 219). 



ГЛОБУЛИН з а т. б и о л. Жануарлар 

мен өсімдіктер дүниесінде ең көп таралған 

белоктар  тобы.  Түйе  сүтінің  құрамында 

белоктың жоғары сапалы тектері – казейн, 

альбумин, г л о у б у л и н д е р д і ң молдығы 

белгілі (Лен. жас, 28.12.1977, 4). 



ГЛЯЦИОЛОГ з а т. Гляциология мама-

ны. Республика г л я ц и о л о г т а р ы соңғы 

15 жыл ішінде көптеген күрделі табыстарға 

қол жеткізді (Лен. жас, 23.09.1976, 4).

ГЛЯЦИОЛОГИЯЛЫҚ  с  ы  н.  Гля-

циологияға қатысты, соған тəн. Г л я ц и о-

л о г и я л ы қ есеп бойынша Қазақстанның 

таулы алқаптарында бұл күнде 2700-ден ас-

там  мұздық  орналасқан  (Лен.  жас, 

23.09.1976, 4). 



ГНУ  з  а  т.  з  о  о  л.  Аша  тұяқты  сүт 

қоректілердің бір туысы. Г н у Африканың 

шығысы  мен  оңтүстік  жазық  жерлеріне 

тараған (ҚСЭ, 3, 330). Түйеқұстар қырағы 

көрінетін де, г н у мен квагги сезгіш келетін 

(Б. Шəйкенов, Табиғ. биолог., 24). 

ГОБЕЛЕНШІ з а т. Гобелен тоқушы, 

гобелен тоқудың шебері. Қазақстандық г о 

б е л е н ш і шеберлерінің жақсы бағаланған 

көптеген  туындылары  республика  залда-

рында  көрсетіліп  келеді  (Мəдениет  жəне 

тұрмыс, 1983, 4, 17). Осылардың  ішінде 

Фатима  Зəуірбекова – г  о  б  е  л  е  н  ш  і 

қыздар арасында таланттың бірі (Қаз. əдеб., 

26.03.1976. 4). 

ГОЛЬФЕТРИМ: Гольфетрим ағысы. 

Теңіздегі жылы ағыс. Бұл – əйгілі г о л ь

ф е т р и м  а ғ ы с ы қайда барып құяды 

жəне  қанша  су  ағызады  деген  жұмбақ 

(Қазақ календары, 1975, 21-наурыз). 

ГОРМОНДЫҚ  с  ы  н.  Гормонға  тəн, 

гармонға  қатысты.  Г  о  р  м  о  н  д  ы  қ 

реттеу  дегеніміз – адам  мен  жануарлар 

организміндегі тіршілік əрекетінің қандағы 

гормондар əсерімен реттелуі (ҚСЭ, 3, 354). 



ГӨЙІТ... – Ақылдылар  қозғайтын 

əңгімені қайтеміз босқа г ө й і т і п. Онан 

да  не  істейміз,  соны  айт  əуелі? (Ө.  Ах-

мет,  Қарқаралы., 20). Кəдімгі  əйелге  тəн 

пендешілікпен  сырлас-сыйлас  абысын-

ажындарымен,  жеңгелерімен  ұзақ-сонар 

қайдағы-жайдағы  өсек-аяңды  г  ө  й  і  т  е 

т і н (С. Оспанов, Соңғы., 6).

ГРАФИКАЛАУ з а т. л и н г в. Белгілі 

бір жазу əріптерімен ұлт тілінің дыбыс-

тарын  таңбалау.  Мысалы,  біздің  осы 

күнгі г р а ф и к а л а у ы м ы з ғ а орай 

12  бөлімнен  тұратын  бұл  шығарманың 

1-бөлімі түгелімен дерлік өткен үлгілерден 

алынған тармақтар (Р. Сыздықова, XVIII-

XIX ғ, қаз. əд. тіл., 125). 



ГРАФОЛОГ з а т. Графология маманы. 

Мен осылай г р а ф о л о г болдым (Қаз. 

əдеб., 04.09.1973, 4). 

ГРАФОЛОГИЯЛЫҚ  с  ы  н.  Гра-

фологияға қатысты, соған тəн. Г р а ф о л о-

г и я л ы қ анализдің шешіміне қарай оған 

үйленер-үйленбесім жөнінде бір тоқтамға 

келер едім (Қаз. əдеб., 04.09.1973, 4). 

Г Р Е К Ш Е   ү   с   т.   Гр е к   т і л і н д е 

Педагогиканың  өзі  г  р  е  к  ш  е  д  е  н  ау-

дарғанда  «бала  тəрбиесі»  ғой  (М.  Арын, 

Бес анық, 102).



ГРИЕНА  з  а  т.  э  т  н.  Украина  елінің 

ақшасы (Білгенге маржан, 119). 

ГРУЗИН:  Грузин  шайы.  Грузияда 

өсіріліп,  өңделген  шай.  Шай  болғанда  да 

144

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

бұл шіркін жұрт сияқты г р у з и н  ш а й ы,

үнді  шайы  дегендерге  дəнігіп  көрмеген

(К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 4). 



ГУАНДАЙ з а т. Қытай еліндегі мəнсап 

атауларының бірі; бес болыстың басшы-

сы.  Сол  үшін  осы  Күнестегі  бес  болыс-

тың  бірі  мені  қолбасшылыққа  тағайын-

дап, г у а н д а й деген мəнсап беріп отыр 

(Т. Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 119). – Осылай, 

Таңжарық батыр. Ағаң г у а н д а й болып 

жатыр. Жақсы келдің! – деді Мақсұт (Бұл 

да, 121). 

ГУБКАША ү с т. Губка тəрізді, губка 

сияқты.  Моншаға  түскенде  арқа  жуа-

тын резен г у б к а ш а  о да сенің кірің мен 

иіс-қоңысыңды  түгелдей  өзінің  күпсер 

бойына  сіңіріп  алады  (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 355). 

ГУБКОМ  з  а  т.  Губерниялық  коми-

тет. Г у б к о м мен уездік ағарту бөлімі-

нің  жəрмеңкеге  бөлген  қаржысы  бар  еді

(Р. Қилыбаев, Өмір өткел., 83). 

ГУЛЕСУ  Гулес  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ГУЛИГАЗ  з  а  т.  Қаракөл  елтірісінің 

бір  түрі.  Сан  алуан  түсті  елтірілердің 

ең  бағалысы – сұр  елтірі.  Мұнан  кейінгі 

орынды көк, г у л и г а з, қара, қызыл қоңыр 

жəне басқа түстегі елтірілер алады (Береке 

бастауы, 162). 

ГУЛЬДЕН з а т. Голландия елінің ақшасы. 

Италияның лирасы да іс жүзінде девальва-

циялана бастады. Дания кронасының, Гол-

ландия г у л ь д е н і н і ң нарқы ауытқуда 

(Жетісу, 05. 07. 1972, 3). 

ГУМАНИСШІЛ  з  а  т.  Гуманизмді 

жақтаушы.  –  Шіркіннің,  шырт  түкірді, 

– шіркіннің г у м а н и с ш і л і н (Жалын, 

1974, 1, 65). 

ГУМАНИСШІЛДІК з а т. Гуманисшіл 

болғандық,  гуманизмді  жақтаушылық.  ≈ 

Г у м а н и с ш і л д і к т і қашан қоясың?!

ГҮЖ-ГҮЖ  о  д.  Шағылысар  кезінде 

сиыр  малына  айтылатын  ишарат  сөз 

(Кирг.-рус. словарь, 1903). 



ГҮЛ:  Гүл  бүршік.  б  о  т.  Өсімдіктің 

гүлі  бастау  алатын  (өсетін)  бүршігі. 

Өсімдіктердің  жапырақ  бүршіктерінен 

басқа оның г ү л б ү р ш і к т е р і де болады 

(Ботаника, 82). 



ГҮЛБАҚ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Қалалардағы 

көпшілік  демалатын,  онша  үлкен  емес, 

сəнді, гүлді бақ (сквер). 

ГҮЛГҮЛ  з  а  т.  п  о  э  т.  Гүлшоғы.  Ей, 

жастық! Сенің ғажап бір күніңді, Алар ем 

айырбастап бір жылымды. Мəзіріңе бере-

ке тілей келдім, Құшағыма толтырып г ү л



г ү л і м д і (М. Мақатаев, Шуағым., 25). 

Не бұлбұлдан ой бұлбұл – Күй таңдайды 

сайрауы; Не г ү л г ү л д е н ой гүлгүл – Көз 

таңдайды  жайнауы ( І.  Жарылғапов:  Қаз. 

əдеб., 14.05.1976, 4). 

ГҮЛДЕСІН  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Гүлді, 

гүл  өскен.  Көгеріс  өрнекте  г  ү  л  д  е  с  і  н 

өсімдіктер  мен  шөптесін  өсімдіктердің 

(дақылдардың)  сабақшалары  мен  гүл 

қауыздары, өркендері мен жапырақшалары 

ою  тілімен  бейнеленеді  (Қаз.  əдеб., 

09.06.1978, 4). 



Г Ү Л Ж АП Ы РА Қ   з   а   т.   Г ү л д і ң 

жапырағына  (күлтесіне)  ұқсас  ою.  1970 

жылы  Ғ.  Күркебаева  тоқып  шығарған 

қазақтың «қошқар мүйіз», «табақ», «г ү л

ж а п ы р а қ» оюларын көп түсті жібек 

түктермен  құлпырта  келістірген  масаты 

кілемі  тұтынушылар  талғамынан  дəл 

шықты (Қаз. əдеб., 15.02.1974, 4). 



ГҮЛЖЕГІ з а т. з о о л. Гүлді, гүлдің 

ұрықтарын  жеп,  тіршілік  ететін  бау-

бақша  зиянкесі  (жəндік).  Бау-бақша 

шешек  атқан  кезде  оған  г  ү  л  ж  е  г  і 

күшті  зиян  келтіреді.  Олар  күн  ысырда 

гүлшешектердің ұрықтарымен қоректеніп, 

күн салқындағанда топырақ арасына жасы-

рынады (Коммунизм жолы, 07.05.1968, 4). 



ГҮЛЖІБЕК з а т. ж а ң а. Лента. Жа-

лын тарамдай жазып, құйрығын салалады 

да, немересі əкеп берген қызыл г ү л ж і б е к 

п е н үш жерден буып тастады (М.Мəжитов, 

Құлынды жан, 81). 



ГҮЛКӨМБЕ  з  а  т.  Топырақты  дөң-

гелектеп үйіп, үстіне гүл егетін орын. Бақ-

тың орталық қақпасынан кірсеңіз қарсы ал-

дыңыздан  түрлі  түсті  раушан  гүліне  ма-

лынған г ү л к ө м б е л е р (клумбалар) шы-

ғады (Қ.Сыбанбеков, Жабайы өсімд., 56). 

ГҮЛОРАМ  з  а  т.  б  о  т.  Себет  гүлдің 

сыртын  айналдыра  қоршап  тұрған  жа-

сыл  жапырақшалар  шоғыры.  Күнбағыс-

тың, бақбақтың гүлшоғырын себетгүл деп 

атайды. Бұл гүлшоғырдың (себеттің) сыр-

тынан жасыл жапырақтар – г ү л о р а м



д а р қоршап тұрады (Ботаника, 87). 

ГҮЛПАЗ  з  а  т.  Гүлдің  сырын  жақсы 

білетін,  гүл  егуді  ұнататын  адам.  Гүл 

жағын  жақсы  білетін  г  ү  л  п  а  з  д  а  р 



145

Байынқол Қалиев

шырақгүлді  жолдың  жиегіне  немесе 

гүлзардың  қақ  ортасына  егеді  (Гүлстан, 

2005, 10, 18). Мəселен,  Венгрияда  г  ү  л 



п а з мамандығы мүлдем болмайды екен. 

Себебі  бұл  елдің  кез-келген  азаматы  гүл 

өсіруді борышы санайды деседі (Жас қазақ, 

30.05.2008, 4). 



ГҮЛСЫМАҚ з а т. Гүл тəрізді, гүлге ұқ-

сас. Тек дыз етпе, менменсінген қауашақ бас

бақбақ сияқты г ү л с ы м а қ т а р ғана қа-

қайып  қазық  боп  тұр  (Ө.  Қанахин,  Жер 

басып., 50). 



ГҮЛТАБАН з а т. б о т. Гүл сағағының 

жоғары бөлігінің жуандап жалпақталған 

жері. Г ү л т а б а н ғ а бес тостағанша 

жапырақшасы бар тостағанша, бес күлше 

жапырақшалары  бар  күлте  орналасқан 

(Ботаника, 142). 



ГҮЛШОҒЫ з а т. Біреуге сыйлау үшін 

өскен  гүлдердің  бір  тобын  үзіп  алып, 

əдемілеп жасалған шоғыр гүл; букет. «Бу-

кет» дегенді г ү л ш о ғ ы деп атау өте орынды.

Себебі «десте» ұғымына қарағанда «шоқ» 

ұғымында  əсемдік,  сұлулық  көбірек  сезі-

летіндей (Қаз. əдеб., 21.05.1976, 2). Мен мақ-

тансам  жөнімен  мақтанармын,  Болашақ 

дейтін алыс жаққа бардым. Бұл ғаламнан та-

былмас г ү л ш о қ т а р ы н, Жастық дей-

тін  жазира  бақтан  алдым  (М.  Мақатаев, 

Соғады., 1, 49).



ГҮЛШІ  з  а  т.  Гүл  егуші  адам. 

Көрмеге  қатысқан  гүл  өсіруші  меке-

мелер  дүниелерін  сарапқа  сала  келіп, 

бірінші  орынды  облыстық  көгалдандыру 

шаруашылығының г ү л ш і л е р і н е беруді 

ұйғарды (Лен. жас, 28.09.1973, 4). 



ГҮМПІЛДЕ  е  т.  Гүмп-гүмп  етіп 

мақтану,  бөсу.  Бұзайын  деген  жоқ-ау, 

аяқ  астынан  г  ү  м  п  і  л  д  е  п  мақтанып, 

кеудемсоққа  салып  самбырлады  дерсің 

(Д.Досжанов, Жолбарыс, 266). 



ГҮМПІЛДЕУ  Гүмпілде  етістігінің 

қимыл атауы. 

ГҮРЖІСТАН з а т. х а л қ. Грузия. Ресей 

- Шешен соғысы аяқталар-аяқталмас, Г ү р 



ж і с т а н – Осетин жəне Ресей – Г ү р ж 

і с т а н текетіресі басталып кетті (Əдеб. 

айдыны, 06.11.08). 



ГҮРЗЕБАЙ з а т. Орысша «грузовой» 

сөзінің  қазақша  айтылуы.  Бар  жоғы  бір

г ү р з е б а й, бес шынжыр табанды трактор 

бар еді... (Лен. жас, 29.11.1973, 3). 



ГҮРЗІЛЕУ е т. Соққылау, ұру. Əлденеше 

пұттық  тас  доптармен  қамал  қабырғасын



г ү р з і л е у басталған (М. Мағауин, Ала-

сапыран, 2, 409). 



ГҮРПІЛ з а т. Гүрп-гүрп еткен дыбыс. 

Шелегі салдырлап үйден шыға сала сиырла-

рын шыпшыңдата сауған сарыл дауыс, сүт-

тің шелекке тамған г ү р п і л і ұйқыны шай-

дай ашты (Қ. Құрманғалиева, Атырау, 50). 

ГҮРСІ з а т. к ө н е. а с т р. Арсыдан да

алыс аспан əлемі. Арсы деген кəдімгі «алты 

қабат арсының ар жағында, жеті қабат г ү р 



с і н і ң бер жағында» деп аталатын қазақтың 

байырғы сөзі (Лен. жас, 06.03.1974, 4). 



ГҮРТОПЫРАҚ з а т. Орыстың қазақша 

«гуртоправ»  сөзінің  қазақша  айтылуы. 

Мен г у р т о п р а в п е н келісіп қойдым, 

Қасым,  сен  ертең  əлгі  ала  сиырларыңды 

əкеле  қойшы  (Қ.  Ысқақов,  Менің  ағала-

рым, 24). 

ГҮРТХАНА  з  а  т.  к  ө  н  е.  Шығыс 

қалаларындағылардың  шарап,  ас  ішетін 

орны.  Бүгін  түскі  тамақты  Пышақшы

г ү р т х а н а с ы н а н ішіп едім. Сонда 

əлгі шырақшы шалды көрдім (Д. Досжанов, 

Тұлпар., 43). 

ГІРТАС  з  а  т.  Бұлшық  еттерді 

шынықтыру үшін көтеріп жаттығатын, 

арнайы  жасалған  шойын  (ауыр)  темір 

(Бекіт. термин., 25). 



Ғ

ҒАДЕТ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Əдет.  Өзінің 

салмағын сездіріп, дəрежесін минут сайын 

еске салып отыру сияқты дүнияуи ғ а д е т

т  е  р  ол  кісінің  бойына  дари  қоймаған 

(Тоғызыншы шежіре, 183). 



Ғ А Ж А П Т А Н Д Ы Р   Ғ а ж а п т а н 

етістігінен жасалған өзгелік етіс. Өзбек 

құмырашыларының  қолынан  шыққан 

бұйымдар көрермендерді ғ а ж а п т а н

д ы р д ы (Лен. жас, 22. 10. 1974, 2). 

ҒАЖАПТАНДЫРУ  Ғажаптандыр 

етістігінің қимыл атауы.

ҒАЗАТ: Ғазат қып. а р. Соғыс жария-

лап. Ал бірақ Əбілфайыз болды асы Өлімге 


146

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

лайық еді бар жазасы. Ғ а з а т  қ ы п соның 

үшін пəрмен еттім, Қылышпен кесілсін деп 

оның басы (Батырлар жыры, 6, 32).



ҒАЗИЗДІК з а т. Қадірлілік, ардақтылық, 

ізгі ниеттілік; адалдық, пəктік. Ғазиздердің 

қадырын білген жандар, Қос ғұмыр ғ а з и з



д і к п е н сүрген жандар. Кітап құрап ал-

масын баспа қылып, Дін іслəмға пайдасы 

тиген жандар (А. Үлімжіұлы, Шығ. жин., 

2, 443). 



ҒАЗІРƏҺІЛ з а т. а р. с ө й л. Əзірейіл. 

Кімде  кімнің  жазулы  сағаты  жетеді  екен,



Ғ а з і р ə һ і л Ғаділ Жаппар періште жетіп 

келіп: «Айда,  жүр,  сен  өлдің»  дейді  екен 

(Ж. Алтайбаев, Таңд. шығ., 135). 

ҒАЙБАТТАС  Ғайбатта  етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс.  «Əй,  Мұхтар,  кел, 

қайсымыз жеңер екенбіз, ғ а й б а т т а



с а й ы қ ш ы қане!» - деп жармаса кеткені 

(З. Қабдолов, Менің Əуезовім, 66). 



ҒАЙБАТТАСУ Ғайбаттас етістігінің 

қимыл атауы.

ҒАЙБАТТАУШЫ з а т. Ғайбат айту-

шы, даттаушы. Кейде жазушының твор-

чествосынан  титтей  хабарымыз  болмаса 

да, кейбір ғ а й б а т т а у ш ы л а р д ы ң 

сөзіне еріп пікіріміз өзгеріп сала беретіні 

де бар (Қаз. əдеб., 24.12.1975, 3). 

ҒАЛАМДАС е т. Бір ғаламға (əлемге) 

бірігу. 

Ғ А Л А М Д А С Т Ы Р   Ғ а л а м д а с 

етістігінен жасалған өзгелік етіс. 

ҒАЛАМДАСТЫРУ  Ғаламдастыр 

етістігінің қимыл атауы. Ғ а л а м д а с т ы 

р у дегеніміз де сол – ұлттық ерекшеліктерді 

жоюға бағытталған саясат (Радиодан). 



ҒАЛАМДАСУ  з  а  т.  с  а  я  с.  Бүкіл 

ғаламның экономикасы мен мəдениетінің 

бірдейлесу саясаты. Қазіргі кезде насихат-

талып жүрген ғ а л а м д а с у ғ а жұтылып 

кетуден  тек  ұлттық  бірлігі,  намысы  бар, 

ұлттық санасы мықты елдер ғана аман қала 

алады (Ана тілі, 06.10.2008, 5). 

ҒАЛАМЗАТ з а т. ж а ң а. Бүкіл ғалам, 

əлем.  Жо-жоқ,  сезім  құдіретіне  сенімін 

кім азайтты? Бірде Ғабит Мүсірепов бұған

былай  уəж  айтты: «Кездескен  жан  қуаты 

мен арайынан жалындар, Пушкин, Абай... 



ғ а л а м з а т т а сирек туар дарындар» 

(М. Шаханов, Мəңгүрт., 151). 



ҒАЛАМТОР з а т. ж а ң а. Интернет. 

Ғ а л а м т о р д ы ң ғаламатына күн сайын 

куə  болып  отырмыз  (Б.  Омарұлы, 11-ші 

Қаламұш, 327). Ғ а л а м т о р д а Орта 

Азиядағы  газ  альянсіне  қатысты  мақала 

жарық көріпті (Жас қазақ, 07.03.2008). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет