Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет33/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   168

Бір қос жер. Кішкене ғана егіндік жер. 

Бір  қырқалық.  Шамасы  бір  ғана 

қырқаға жетерлік (ат). Дөң асырмастың 

(ат) халі көп болса бір дөңдік, б і р  қ ы р



қ а л ы қ қана (Балдырған, 1978, 11, 13). 

Бір  ноқаты  кем.  Ақыл-есіне  аздаған 

ауытқушылығы бар (адам). «Б і р  н о қ а 

т ы  к е м адам ғой, осыған қалай қосылып 

қалдым»  деп  те  ойлады  (Т.  Əлімқұлов, 

Сырлы наз, 290).

Бір ошақ жан. Бір үйлі жан. Біреулер 

бітеу жасалған, орта дəулетті б і р  о ш а қ 



ж а н еркін сиярдай, көтерме деп аталатын 

шағын  киіз  үйлерін  арба  үстінен  көтеріп 

алып, сол қалпында ойпатқа апарып тікті 

(М. Мағауин, Аласапыран, 46). 



Бір  реттік.  ж  а  ң  а.  Бір  жолы  ғана 

пайдалануға болатын. Облыстық мəслихат 

базарларда б і р  р е т т і к (одноразовый) 

талонмен сауда жасайтын жеке тұлғалардан 

алынатын  салықтың  құнын 2003 жылдан 

бері өзгерткен жоқ (Айқын, 30.05.2009). 

Бір  сан  қол.  э  т  н.  Он  мың  қол. 

Жаугершілікте б і р  с а н  қ о л д ы бастар 

батыры Қангелдіден айырылып қалды (Ж. 

Тұрлыбай, Райымбек., 1, 38). 



Бір  сəрі.  к  ө  н  е.  Он  мысқал  ауырлық

(А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 1, 73). 



Бір сұмдық. Бұрын кездеспеген, ерек-

ше. Тағы жа жалғыз. Іші б і р с ұ м д ы қ 

күйге енеді (Қарақат тер., 121). 



Бір  сүйем.  Басбармақ  пен  сұқ  сау-

сақтың ашқандағы аралығы, яғни 15-18 см 

мөлшеріндегі ұзындық. 

Б і р   с ы п ы р а с ы .   К ө б і ,   б і р а з ы . 

Кластардың б і р с ы п ы р а с ы н əктеп, сыр-

лап жатса, бір жағында курсқа келгендер 

оқиды екен (Т. Дəуренбеков, Сүмбіле, 30). 



Бір  тақта  жер.  Егін  егілетін  аз  ғана 

жер (О. Нақысб. Ауысп. говор., 110). 

Бір  төбе.  Жөні  бөлек,  ерекше.  Тон-

шалбар, тұмақ түрлерінің өзі б і р т ө б е 

(Қ. Толыбаев, Бабадан., 225). 

Бір  уыс  болды.  Бүрісті,  қорықты.  – 

Қашанғы б і р  у ы с  б о п отыра береміз, 

қимылдамасақ болмас, - деп атына қонды 

(Қ. Ботбай, Егіз., 8). 



Бір  ұрт.  Қисық,  қыңыр  (мінез). 

Кейбіреулер  «Ой,  бала-шағаның  алдында 

тамағымды ауыртып нем бар» деп кісімси, 

б і р  ұ р т түсінікпен шектеледі (Қаз. əдеб., 

18 окт. 1974, 2). 



Бір ұрттау. Қисықтау, қыңырлау. Оның 

б і р  ұ р т т а у мінезі болатын. Мені тым 

салқын қарсы алды (Б. Майлин, Таңд., 473). 



Бір  үйлі  өсімдіктер.  б  о  т.  Аталығы 

да,  аналығы  да  бір  өзінде  орналасқан 

өсімдіктер. Б і р  ү й л і  ө с і м д і к т е р 

г е қайың, емен, қарағай т.б. жатады (ҚСЭ, 

2, 561). 



Бір шаригі жетпейді. Ақылы аздау; кем 

ойлайтын. Кілең боркемік, босбелбеу, б і р

ш а р и г і  ж е т і с п е й т і н, жетесіз, тө-

меншік жігіттер (Қаз. əдеб., 15.08.1975, 3). 



Бір  шатағы  бар.  Жасырын  көңіл 

қосқан, ашына. – Мына əнші жігітпен б і р 

ш а т а ғ ы б а р дейді. – Қой-қой, келін, ол 

бос сөз. Құлағыма енбейді (Қ. Аманжолов, 

Шығ., 2, 127). 

БІРАЗ: Біраз жерге апарып тастады. 

Сөкті, ұрысты. – Үй мынау, тұрмыс мынау. 

Сөйтіп  тұрып  оқымайсың.  Енді  саған  не 

жетпейді, - деп мені б і р а з  ж е р г е  а п а 

р ы п  т а с т а д ы (Жұлдыз, 1973, 4, 128). 

БІРАЗДАСЫН ү с т. с ө й л. Біраздан 

соң д.м. (Ө. Қанахин, Жүрек қалауы, 214). 

БІРАТАР з а т. к ө н е. Бір-ақ атылатын 

білтелі мылтық. Қару дегенде не құнжаулы 

қару  дейсің.  Құс  мылтық  сияқты  б  і  р  а 



т  а  р  білтелілер,  қылыш  пен  найза  (Қ. 

Тоқмырзин, Керзаман, 3, 131). 



БІРАУҚЫМ  с  ы  н.  Біраз,  бірталай. 

Өстіп есі шығып шарқ ұрумен б і р а у қ ы м

уақыт өтті (Д. Досжанов, Жолбарыс, 89).

БІРҒАУЫМ ү с т. Біраз, біраз уақыт.

Б і р ғ а у ы м түнеріп сұлық жатты да, кенет, 

ұшып түрегелді (Н. Сералиев, Қанат, 104). 

Осындай сапырылысқан мазасыз ой үстін-

де  Бодан  қолындағы  компасты  аудара-

төңкере  қарап,  б  і  р  ғ  а  у  ы  м  тұрды 

(Ақсұңқар, 81). 



Б І РД Е М Е :   Б і рд е м е с і н   ө т к і з і п 

қойғандай. Міндетсіну, бəлсіну, бұлдану. 

– Майың бар ма? Əкесінің аузын, б і р д е 

м е с і н  ө т к і з і п  қ о й ғ а н д а й, осы 

совхоздың бүкіл жұмысшысы менен тарта-

ды темекісін (О. Бөкеев, Мұзтау, 69). 

БІРДІНІ с ы н. Бетімен бірдей қылып, 

толы. Тостағанды б і р д і н і қылып, айран 

құйып берді (Б. Соқпақбаев, Балалық., 108). 



БІРЕУ:  Біреу  іреп,  біреу  сойып. 

Жан-жақтан  сынап. – Бұрын  мұндайды 

139

Байынқол Қалиев

көрмеген  əйел  ғой,  ел  жұмысы  оңай  ма, 



б і р е у  і р е п,  б і р е у  с о й ы п, басын 

қатырады, сосын, кейігеннен айтып отыр 

ғой, - деседі (Б. Майлин, Таңд., 410). 

БІРКƏНШІК  з  а  т.  к  ө  н  е.  Көмекші, 

жəрдемші; орындаушы. - Əзір жалғыз өзім. 

Кейін бір б і р к ə н ш і к аламын ғой дедім 

(Ғ. Мүсірепов, Таңд., 3, 549).

БІРКЛЕТКАЛЫ с ы н. Бір ғана клет-

кадан тұратын. Кейбір саңырауқұлақтар 

б і р к л е т к а л ы, ал басым бөлігі – көп-

клеткалы (Ботаника, 237). 



БІРҚАҚПАЙ з а т. ə д е б. Сынайтын, 

түйреп  өтетін  мақала.  Соңғы  кездерде 

«Ара» мен «Жалын» жұрналдарында «б і р



қ а қ п а й» деген рубрикамен тапқырлық 

сөздер  жариялана  бастады  (Қаз.  əдеб., 

02.08.1974, 3). 

БІРҚАЛЫПТЫЛЫҚ з а т. Өзгеріссіз, 

бірқалыпты жағдай. Осы б і р қ а л ы п т ы 

л ы қ т ы ара-тұра бүркіттің «шаңқ-шаңқ» 

еткен дауысы бөліп кетеді (Т. Мəмесейіт, 

Таудан., 307).

БІРҚОЛДАНЫМ с ы н. л и н г в. Бір

рет қана қолданылатын (сөз). Б і р қ о л

д  а  н  ы  м  сөзде  (окказионал  сөзде),  шір-

кін,  осындай  жаңа  астар  болса,  соны 

қолданысты  ешкім  жатсынбас  еді  (Қаз. 

əдеб., 31.08.1984, 10). 



БІРҚОС е с. ж е р г. Біраз, бірсыдырғы. 

Оның  досы  Қасым  Аманжолов  «Қос-

басарды» б і р қ о с жақсы шертуші еді (Қаз. 

əдеб., 14.01.1977, 2). 



БІРЛЕП  ү  с  т.  Жекелеп,  жалғыздап; 

жеке-жеке. Қай дақылды өсіру де оңайға 

түспесі  белгілі.  Мақта  мен  қызылшаны



б і р л е п егіп, талдап жинайды (Ұ. Бағаев, 

Дала жұлдыздары, 48). 



БІРЛЕУ е т. к ə с і б. Жас өскінді си-

рету,  араларын  алыстату.  Құлақтанып 

келе жатқан қауын, қарбызды б і р л е у... 

(Т. Тобағабылов, Түсінсең еді., 23). Оның 

бергі  жағында  алдыңғы  еккендерді  б  і  р



л е у, түбін қопсыту, т.б. жұмыстар бар (Лен. 

жас, 30.11.1972, 2). 



БІРЛІК¹ з а т. д і н и. Біреу ғана екендік, 

жалғыздық. Абай Алланың б і р л і г і мен 

пайғамбардың  хақтығына  шүбə  келтір-

меген (Жұлдыздар отбасы, 2010, 5, 36). 

БІРЛІК²  Бестас  ойынының  бірінші 

кезеңі. Бастас б і р л і к т е н басталады. 

Бестасты  иіргеннен  соң  біреуін  қақпатас 

етіп  алып,  қалған  төрт  тасты  жеке-жеке 

бір-бірден қағып алады (Б. Төтенаев, Қаз. 

ұлт. ойын., 48). 

БІРМҮШЕЛІК с ы н. м а т. Алгебралық 

ұғымдағы бір-мүшеге тəн, соған қатысты. 

Б  і  р  м  ү  ш  е  л  і  к  сандардың  тарихы... 

(О.Жəутіков, Мат. даму., 233). 



БІРСЕРМЕР з а т. к ө н е. Қылыштың 

бір түрі. Батыр көзін алдында отырған жі-

гіттің беліндегі б і р с е р м е р г е қадап ой-

ланған қалыпта (Н. Мұраталиев, Үміт, 11). 

БІРСІНДЕ ү с т. Əрқайсысы, жеке-же-

ке. Б і р с і н д е п садақ асынған, Біртіндеп 

жауды  қашырған,  Атқан  оғы  зырқырап, 

Еділден өтіп жоғалған (Мұрат Мөңкеұлы: 

Ана тілі, 05.04.1990, 4). 



БІРТАБАН  з  а  т.  Сақасы  жатқан 

жерден бір табан ілгерлеп барып ататын 

асық  ойыны.  Сəмет  «шықетер», «омпа», 

«өлтір»,  «б  і  р  т  а  б  а  н»  сияқты  атып 

ойнайтын  ойындарға  шорқақ  болатын. 

Отырып  «құжтеке», «жемекіл»  ойнады

(Ғ. Мұстафин, Көз көрген, 38). 

БІРТЕКТІЛІК  з  а  т.  Біркелкілік, 

бірөңкейлік. Елдігін сақтауды көздеген кез-

клген мемлекет алдымен ұлттық б і р т е к 



т і л і г і н (идентичность) қалыптастыруға 

ұмтылады (Түркістан, 24.07.2008). 



БІРТУАР  з  а  т.  Нар  түйенің  бір 

тұқымы.  Қазақтар  түйені  тұқымына 

қарай бекбатша, қолбатша, қылағай, оқпақ, 

жамбоз, қалбағай, б і р т у а р, арақоспақ, 

мырзақоспақ  т.б.  деп  атайды  (Қаз.  мал 

атаулары, 48). Б і р т у а р – таза қанды 

нар  түйенің  бурасы  (лөк)  таза  қанды  қос 

өркешті  түйенің  інгеніне  шағылысуынан 

пайда болған түйе (Бұл да, 52). 



Б І Р Т УА РЛ Ы Қ   з   а   т.   Е р е к ш е 

жаралғандық; қайталанбастық. Абайдың 

қайталанбас б і р т у а р л ы ғ ы осы арада 

жатыр (З. Қабдолов, Əуезов. əлемі, 319). 

БІРШЕЛЕК з а т. с ө й л. Бір шелек сүт 

беретін сүтті сиыр. Ал, сиыр... сиыр нағыз 

б і р ш е л е к т і ң өзі болса керек. Демек, 

ол да бір колхоздың ең алдыңғы қатарлы 

сиыры (Ж. Нəжімеденов, Ақ шағыл, 177). 

БІРІЗДЕНДІР е т. Бір жүйеге түсіру, 

бірдей  ету.  ≈  Қазақ  тілінің  түсіндірме 

сөздігіне сөз алуды, оларға анықтама беруді 



б і р і з д е н д і р г е н абзал. 

БІРІЗДЕНДІРУ Біріздендір етістігінің 

қимыл  атауы.  Тіл  білімі  терминдерін  б  і 

р і з д е н д і р у керек (Б. Қалиұлы, Қаз. 

термин., 129). 



140

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

БІРІЗДІ  с  ы  н.  Бірдей,  жүйелі.  ≈ 

Топтастырған сөздерің б і р і з д і болсын. 



БІРІШЕК¹ з а т. в е т. Көпшілік малда

кездесетін  ішек  ауруы.  Мал  шаруашы-

лығында жиі кездесетін б і р і ш е к, тентек, 

біршімек сияқты ауруларды жою əдетке ай-

налды (Қазақст. ауыл. шаруаш., 1970, 10, 53).



БІРІШЕК² с ы н. Болдырмайтын, шар-

шамайтын  (жылқы).  Əлде  нағыз  жердің 

түбіне дейін қалыспай шаба беретін б і р і 



ш е к жылқы тақылеттес пе екен? Кім білсін 

(А. Мархабаев, Ғарыштағы., 125). 



БІРЫҢҒАЙЛАСТЫР е т. Бірыңғайлас 

ету, реттеу, жүйелеу. 

Б І Р Ы Ң Ғ А Й Л А С Т Ы Р У 

Бірыңғайластыр етістігінің қимыл атауы. 

БІСМІЛЛƏЛАП ү с т. Бісміллə, бісміллə 

деп қайта-қайта айтып. Сыдыкеңнің өзі 

«б і с м і л л ə л а п» жүріп екі-үш бағанды 

қалқайтып  қадап  та  жіберді  (Лен.  жас, 

28.08.1974, 3). 

БІТЕТ  Біте  етістігінен  жасалған 

өзгелік етіс. Есіктің жарық-тесігін б і т е 

т і п т і (А. Хасенова, Етістік. сипаты, 278). 

БІТЕТУ  Бітет  етістігінің  қимыл 

атауы.

БІТЕУЛЕ  е  т.  Қуыс,  тесік  нəрселерді 

бекіту, бітеу. 

БІТЕУЛЕН  Бітеул е  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  –  Зынданның 

үй тігілсін есігіне, Б і т е у л е н с і н, сақ 

болсын  тесігіне.  Ішкі  үйінде  зынданның 

дауаланам,  Көнсеңдер  шаруасы  көп  мен 

тіліме (А. Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 112). 

БІТЕУЛЕНУ  Бітеулен  етістігінің 

қимыл атауы.

БІТКЕН е с і м. Барлығы, бəрі, түгел; 

атаулы. Кенет тағы қағылды, Зұрна б і т 

к е н өкіре, ішін тарта шиқылдай, əлемді 

басына көтерді (І. Есенберлин, Шығ. жин., 

9, 243). Тоғай  б  і  т  к  е  н  тонын  шешті 

(А.Нұртазин, Көк тоғай, 8). Ондайда осы 

бір  орта  бойлы,  толық  денелі  қара  жігіт 

маған қыз б і т к е н д і сиқыршыша шыр 

айналдыратындай көрінетін (А. Мекебаев, 

Алапат, 149). 



БІТПЕС з а т. э т н. Ою-өрнектің бір

түрі.  Ұмытылып  бара  жатқан  ою-өрнек-

тердің өзі сан алуан: шұғыла, б і т п е с,

арқар мүйіз, сүрме, айшық, жұлдыз, тыш-

қан ізі, т.б. (Қаз. əдеб., 13.07.1984, 12). 



БІТУАЖАЛЫҚ  з  а  т.  Біртуажа 

болушылық,  бітістірушілік.  –  Қайреке-

ау, мен б і т у а ж а л ы қ қ а жарамай-

мын ғой. Бүлдіріп алсам қайтем? – дейді 

(М.Сүндетов: Қаз. əдеб., 15.02.1985, 8). 



БІТІМДЕ  е  т.  Бітімге  келу,  келісу. – 

Байғұтан  қарағым!  Алау  түтіндеп  өшеді, 

дау б і т і м д е п өшеді. Лажы болса өртті 

өшірген жақсы (Ж. Ахмади, Айтұмар, 82). 



БІТІМДЕСТІК  з  а  т.  Жаратылысы, 

бітімі бірдейлік, ұқсастық. Міне, осы дас-

тандардың мазмұндық, көркемдік кестесін 

зер салып қараған кісі көп тарапта қазақ эпо-

сымен ішкі үндестіктері мен б і т і м д е с-



т  і  к  т  е  р  і  н  табу  кəміл  (Соц.  Қаз., 

11.06.1974, 4). 



БІТІМДІЛІК з а т. Көріктілік, əдемілік, 

пішінділік.  Бұл  анықтама  дəлдігін  тап-

пағандай көрінсе де, осы сирек б і т і м д і- 



л і к Əзиза апайдың бағы да, соры да бол-

ғанын ойлайсың (Лен. жас, 21.10.1983, 2). 



БІТІНƏ с ы н. Шағын денелі, аласа бой-

лы, бірақ қу, арам, пасық (адам) (Қаз. этно-

графия., 1, 590). Ескертіп қоям сен б і т і 



н ə ғ а, бұдан былай Қосқораны төңіректейтін 

болсаң, сирағыңды қырқам! (Р. Тоқтаров, 

Ғасыр наны, 145). Жігіттің біреуі б і т і н ə 

қара да, екіншісі ұзын сұр. Екеуін де жыға 

таныды (Т. Əлімқұлов, Күрең өзен, 104). 

БЮСТГАЛЬТЕР з а т. Əйелдердің төс 

киімі. Б ю с т г а л ь т е р кеудесін қысып, 

астынан қос анар алға тепсініп шыға келді 

(Лен. жас, 06.08.1974, 3). 

В

ВАЙНАХ з а т. Шешен халқының екін-

ші атауы. Өздерін в а й н а х атаған халық 

хурит, урарту, этрус қауымдарының құра-

мында жүрді (Қ. Олжай, Қанат байла., 240). 

ВАКУУМДЫ с ы н. Вакуумы бар, ва-

куум орнатылған. ≈ В а к у м м д ы лампы 

(ҚСЭ, 2, 586). 



ВАЛАН з а т. Бадминтонның ары-бері 

ұшатын  құлақшасы.  Ақ  жолағы  бар  қы-

зыл сумкадан тұтқасы шығып тұрған бад-

минтонның екі қалағын шығарып, в а л а н 

ы н тауып алды (Ө. Қанахин, Құдірет, 189). 

ВАЛЕТ  з  а  т.  Ойын  қартасының  ер 

адам  суреті  бар  бір  түрі.  Су  сұраса  сүт 


141

Байынқол Қалиев

берген,  айран  берген,  Қартайып  қалып-

сың-ау,  қайран  жеңгем!  Қарғаның  в  а  л  е 

т  і  н  д  е  й  едірейіп,  Қасыңа  мына  біреу 

қайдан  келген? (М.  Мақатаев,  Соғады 

жүрек, 1, 98). 

ВАРЯГ  з  а  т.  Орыс  халқының  негізін 

қал аған  т айпа.  Автордың  өз  ат а-

бабасының  қорғаған  жерін XV-XVII ғ. 

дейін  Мəскеуден  бері  асып  көрмеген 

в а р я г т а р ғ а телігендегі мақсаты не? 

(Жас Алаш, 20.09.2012, 5). 



ВЕЛОЖАРЫС  з  а  т.  с  п  о  р  т.  Вело-

сипедпен жарысу. Əлем в е л о ж а р ы с 

ы  н  ы  ң  жетінші  кезеңінде  совет  жарыс-

кері  Валерий  Лихачев  екінші  болып

мəре сызығын қиды (Лен. жас, 19.05.1973, 

4). 


ВЕНГРШЕ  ү  с  т.  Венгр  тілінде.  – 

«Жуəрмек»  деген  в  е  н  г  р  ш  е,  яғни  ма-

дьярша «қыршын», «уыздай жас» деген сөз 

(Қаз. əдеб., 20.09.1985, 9).



ВЕРБАЛДЫҚ с ы н. л и н г в. Етістікке 

тəн,  соған  қатысты.  Онда (-аған, -еген 

формасында)  в  е  р  б  а  л  д  ы  қ  қасиет 

қалмаған, тек етістіктен туынды сын есім 

жасайтын  формаға  айналған  (А.Ысқақов, 

Қазіргі қаз. тілі, 263). 

ВИБРАЦИЯЛЫҚ с ы н. т е х н. Тербеліс 

діріліне  тəн,  соған  қатысты.  В  и  б  р  а 

ц и я л ы қ реттеуші, в и б р а ц и я л ы қ 

түрлендіргіш т.б. (ҚСЭ, 3, 26). 



ВИДЕОФОН  з  а  т.  т  е  х  н.  ж  а  ң  а . 

Бірін-бірі  көріп  тұрып  сөйлесетін  теле-

фон. Қазір телефон арқылы жұртты ауыз-

ба-ауыз сөйлестіріп қана қоймай, бетпе-бет 

жүздестіретін құрал – в и д е о ф о н да бар 

(Білім ж. еңбек, 1974, 10, 15). Армстронг бол-

са в и д е о ф о н арқылы советтің екі бақылау-

шысымен  хабарласуға  кірісті  (Жалын, 

1972, 5, 58). 

ВИЛИС  з  а  т.  Газ-69  машинасы 

халық  тілінде  осылай  да  аталынады 

(О.Сəрсенбаев, Жиде гүлде, 7). 



ВОЛГА з а т. Кеңестік кезеңдегі ең үлкен 

жəне ат күші мол жеңіл машина. 

ВОЛГАЛАТЫП ү с т. Волганы мініп, вол-

ганы  жүйткітіп.  Қолы  жеткендер  шай-

қалтып – в о л г а л а т ы п, жигулилетіп бара-

тын болыпты деседі ғой (К. Сегізбаев, Біз 

қалада., 370). 



ВОЛЬФРАМДЫ с ы н. Вольфрам бар, 

вольфрам  қосылған.  В  о  л  ь  ф  р  а  м  д  ы 

қорытпалар (ҚСЭ, 3, 70). 



ВЬЕТНАМ  з  а  т.  Вьетнам  респу-

бликасының негізгі халқы. В ь е т н а м тілі, 

в ь е т н а м əдебиеті (ҚСЭ, 3, 89). 

ВЬЕТНАМДЫҚ  с  ы  н.  Вьетнамға 

тəн,  вьетнамға  қатысты.  Біздің  заман-

ның басынан-ақ в е т н а м д ы қ тайпалар

бір  тұтас  болып  топтаса  бастады  (ҚСЭ, 

3, 99). 


Г

ГАЗ з а т. т е х н. Машинаны, тракторды 

жүргізу үшін аяқпен басатын техникалық 

құрылғы. Басқа амалы қалмаған соң, «атаңа 

нəлет»  деп  əлдекімді  ысқырта  бір  боқта-

ды да, г а з д ы түбіне дейін басып, тракто-

рын қара тайқардай тырағайлата жөнелді 

(Ж. Қорғасбек, Жынды қайың, 6). 

ГАЗДЫ:  Газды  су.  Газы  бар  су,  газ 

қосылған су. Олардың қай-қайсысы г а з д ы-

с у, газсыз су, минералды су дегендерден жал-

пы хабардар (Ə. Ыдырысов, Тұлға., 225). 



Газсыз   су.  Газ   қосылмаған   су, 

газданбаған су. 

ГАЗЕЛ з а т. ə д е б. Ертедегі Шығыс 

халықтарындағы  белгілі  бір  ұйқасқа 

құрылған  махаббат  лирикасы.  Фирдоу-

си,  Сағди,  Физули,  Низами,  Науаи  өлең-

жырларын, г а з е л д е р і н, дастандарын 

кесек-кесегімен  жатқа  айтып  беруге 

жалықпайтын  (М.  Əлімбаев,  Көңіл  күн-

дел., 14). 



ГАЗЕТКЕР  з  а  т.  Газет  қызметкері. 

Мерғали Ешмұхамедов - əйгілі аудармашы, 

«Социалистік  Қазақстанның»  алғашқы 

номеріне атсалысқан байырғы г а з е т к е р

(М. Əлімбаев, Көңіл күнд., 167). Кейде г а 

з е т к е р л е р і м і з талғамсыздық та бай-

қатып алады (Қаз. əдеб., 08.10.1982, 10-б). 



ГАЗЕТШІЛІК  з  а  т.  Газетте  қыз-

мет  етушілік,  журналистік.  Ұлттық 

университеттің журналистика бөлімшесін 

тамамдап, г а з е т ш і л і к қызметке енді 

ғана  кіріскен  шағым  еді  (Ə.  Ыдырысов, 

Тұлға., 256). 


142

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ГАЗИК...  Аккумуляторының  қуатын 

азайтып  алды  ма,  əлде  басқа  кінараты 

шықты  ма,  ол  «г  а  з  и  г  і  н»  итеріп  от 

алдыратынға жеткен (К. Ахметбеков, Егіз 

қала, 396). 

ГАК з а т. с ө й л. Қаңылтырдан жасап 

малдың мойнына таққан қоңырауды гак деп

те атайды (Білім жəне еңбек, 1985, 10, 15). 

ГАЛОШСЫЗ  с  ы  н.  Галош  кимеген, 

галошы жоқ. Г а л о ш с ы з ботинкамның 

мықтап  сорлайтынын  сезсем  де,  істерге 

амалым жоқ (Б. Соқпақбаев, Таңд., 426). 

ГАЛОШТЫ  с  ы  н.  Аяғында  галошы 

бар, галош киген. ≈ Г а л о ш т ы кемпірлер 

бірінен соң бірі келіп жатыр.



ГАЛСТУКСЫЗ  с  ы  н.  Галстугі  жоқ, 

мойынтақсыз.  Осы  күні  үлкенді-кішілі 

кеңседе қызмет істейтіндердің бəрі галстук 

тағады. Г а л с т у к с ы з өз өмірін көзге 

елестете алмайтындар да бар (Б. Омарұлы, 

11-ші қаламұш, 37). 

ГАРМОНША  ү  с  т.  Гармонь  тəрізді, 

гармонь сияқты. ≈ Г а р м о н ш а созылып, 

ызыңы құлақтан кетпеді. 



ГАСТРОЛОГ з а т. м е д. Ішкі ағзалар 

ауруларының  дəрігері.  Ол  Натальяны

невропатолог, эндокринолог, хирург, г а с



т  р  о  л  о  г,  терапевт  сияқты  барлық 

дəрігер  мамандардың  қарауына  шақырды

(М. Құдайқұлов, Құпия., 98). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет