Жауапты редакторлар


БҮРШІКТЕУ  Бүршікте  етістігінің  қимыл атауы.  БҮРШІКШЕ



Pdf көрінісі
бет32/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   168

БҮРШІКТЕУ  Бүршікте  етістігінің 

қимыл атауы

БҮРШІКШЕ  з  а  т.  б  о  т.  Өсімдіктің 

ұрығында  болатын  кішкентай  бүршік. 

Б ү р ш і к ш е ұрықтың ең басты мүшесі 

(Ботаника, 92). 



БҮРІК:  Бүрік  құлақ.  Құлағы  бүрісіп 

қалған. Тек б ү р і к қ ұ л а қ дəу қарагер 

ат қана кəдімгідей қоқиланып, оқыранған 

болады (Қаз. əдеб., 29.06.1973, 4). 

БҮРІС  Бүріс  етістігінен  жасалған 

ортақ  етіс.  Старшинның  соқталдай  екі 


134

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

жігіті  де  сондайлық  жылдам  қимылдап 

зіңгіттей баланы б ү р і с т і! (Т. Əлімқұлов, 

Сырлы наз, 36). 



БҮРІСІҢКІ  с  ы  н.  Аздап  бүріскен, 

бүрісіңкіреген.  Болыс  əмірлі  ұлықтардың 

түрін,  жүрісін  көрген  соң,  өзінен-өзі 

жасағандай  бұғыңқы,  б  ү  р  і  с  і  ң  к  і  еді 

(Жұлдыз, 1974, 8, 11). 



БҮТЕ  е  т.  с  ө  й  л.  Киімін  бүтіндеу 

(А.Хасенова, Етіст. сипаты, 277). 



БҮТЕЛ  Бүте  етістігінен  жасалған 

ырықсыз етіс. Жыртылған киім б ү т е л д і

(А. Хасенова, Етістік. сипаты, 277). 



БҮТЕЛУ  Бүтел  етістігінің  қимыл 

атауы.

БҮТЕТ  Бүте  етістігінен  жасалған 

өзгелік етіс. Киімін де б ү т е т п е й қойды 

(А. Хасенова, Етістік. сипаты, 277). 



БҮТЕТУ  Бүтет  етістігінің  қимыл 

атауы. 

БҮТІН: Бүтін сан. м а т. Бөлшектен-

беген сан. Б ү т і н  с а н д а р д ы бір бөлек, 

бөлшек  сандарды  бір  бөлек  жазып  кел 

(Математика, 82). 

БЫДЫҚТАН  е  т.  Быдық-быдық  ету, 

тұтығу.  –  Нұ  «Нұреке-ау, - деді  Қайыр-

жан  б  ы  д  ы  қ  т  а  н  а,  қапелімде  аузы-

на  жөнді  сөз  ілікпей  (К.  Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 422). Бұл жолы трубкадан дауыс 

самбырламай  б  ы  д  ы  қ  т  а  н  а  шықты 

(Т.Əлімқұлов, Шежірелі., 101). 



БЫДЫҚТАНУ Быдықтан етістігінің 

қимыл атауы. 

БЫДЫҚТАУ  Быдықта  етістігінің 

қимыл атауы.

БЫДЫР з а т. ж е р г. Бұтасы қалың, 

өскен  ойлы-қырлы  жер;  бұйрат,  бадал, 

шұбар.  Ертеңіне  Сейсімет  Айдана  мен 

Қазанғап  тауының  арасындағы  қара  б  ы



д ы р д а атын жаяу жетектеп із кесіп жүрді 

(Ж. Нəжімеденов, Кішкентай, 88). 



БЫДЫРЛЫ  с  ы  н.  Быдыры  бар,  бы-

дыры  көп.  «Сарыкөл»  қыстағының 

маңайында мал жайылатын б ы д ы р л ы,

жусанды  беткейлер  көп-ақ  (Индер, 

26.02.1970, 1). 



БЫДЫРЫҚ з а т. с ө й л. Бұдыр-бұдыр 

жер,  бұдырмақ.  Тарбағатайдың  сиыр 

бүйрегіндей  буылтық-буылтық  болып 

көрінер қалың б ы д ы р ы ғ ы н а барып, 

иек  сүйегенге  дейін  əлі  тырыс  еткізіп  оқ 

шығара  алмай  қор  болды  (К.Сегізбаев, 

Жап-жасыл., 5). Зақаң  дөңгелек  тұяқ 

атаулыны  шұрқыратып  Кішкенетаудың 

қалың б ы д ы р ы ғ ы н а қаптата айдатқан 

(К.Сегізбаев, Біз қалада., 322). 

БЫЖ з а т. к ə с і б. Кеме тұмсығындағы 

қараңғы  қуыс.  Ел  аяғы  саябыр  кезде  тірі 

жанның  көзіне  түспей  Жəпек  кемесінің 



б ы ж ы н а кіріп, тығылып жатып алғанды 

(Ə.Сараев, Тосқауыл, 47). 



БЫЖАҚТА е т. с ө й л. Быжбалақта. 

Жігіт айыпты кісіше б ы ж а қ т а д ы. – 

Ойпыр-ай, ə!Курстас қыздарды да ұмытуға 

ыңғайландық (Лен. жас, 21.02.1984, 3). 



БЫЖБАЛАҚТА е т. Бір нəрсеге ашу-

лану, ренжу; күйгелектену. ≈ Шешем б ы ж

б а л а қ т а д ы да қалды. 

БЫЖБАЛАҚТАУ  Быжбал ақт а 

етістігінің қимыл атауы.

БЫЖЫР қ. Быдыр. Шіркін, Ақжалдың 

б ы ж ы р ы əуелден-ақ мал тебіндігі үшін 

жаралған  жер  ғой  (Қ.  Салғарин,  Соқпақ., 

81). Түс ауа отарды б ы ж ы р етегіндегі 

жазыққа шығардым (Бұл да). 



БЫҚСЫҚТЫҚ  з  а  т.  Ұсақшыл-

дық,  пасықтық.  Ата-бабаларымыз  ұлы-

лық, даналық танытып, баланы ұсақшыл, 



б ы қ с ы қ т ы қ, пендешілік сияқты на-

шар  қылықтардан  аулақ  болуға  тəрбие-

леген  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш  бесік., 

1, 878). Бұл  əрқашан  тектілік,  ірілік, 

тəрбиелілік, даналық, ұлылық, көргенділік 

танытып, пенделік ұсақтыққа, б ы қ с ы қ 



т ы қ қ а бой алдырмауға жетелеп отырған 

(Бұл да, 2, 3). 



БЫҚТЫРУ Бықтыр етістігінің қимыл 

атауы. 

БЫҚТЫРЫЛ  Бықтыр  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Той  жасаған 

үй  бидайды  бықтырып  көже  жасайтын. 

Ауқаттылары,  онда  да  тапқандары  б  ы  қ

т ы р ы л ғ а н көжеге асқабақ қосатын (Лен. 

жас, 19.05.1971, 2). 



БЫҚТЫРЫЛУ Бықтырыл етістігінің 

қимыл атауы. 

БЫҚЫТУ  Бықыт  етістігінің  қимыл 

атауы.

БЫЛАЗЫҚ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Шауқат. 

Кейде қабынудың салдарынан сырқат үлкен 

дəретке отырған кезде б ы л а з ы ғ ы ағып 

кетеді (Жас. Алаш, 01.11.2003, 6). 



БЫЛҒАРЫ: Былғары жүген. Асты-

на  қайыс  салып,  былғарыдан  жасалған 

жүген. Б ы л ғ а р ы ж ү г е н д і астына 

қайыс салып тігеді (Шаңырақ, 34). Əбзелге 



135

Байынқол Қалиев

қатысты деректерде өрме жүген, б ы л ғ а 



р ы  ж ү г е н, қайыс жүген, түйме жүген, 

шытыралы  жүген,  шашақты  жүген  жəне 

т.б.  толып  жатқан  түрлері  аталады  (Қаз. 

этнография., 2, 66). 



Былғары  құйысқан.  Былғарыдан 

жасалған  құйысқан.  Құйысқан  үлгі 

мəнеріне орай құр қайысқан, б ы л ғ а р ы 



қ ұ й ы с қ а н, түймелі құйысқан, термелі 

құйысқан, үзбелі құйысқан деп атына сай 

айтылады (Ата салты., 104). 

БЫЛҒАРЫЛЫҚ с ы н. Былғары болуға 

жарарлық,  былғарыға  арналған.  Б  ы  л  ғ 

а р ы л ы қ теріге жүнінің сапасы нашар, 

тон  тігуге  жарамайтын  терілер  жатады 

(Қ.Сəбденов, Қой шаруаш., 113). 

БЫЛЖЫРАҚТА  е  т.  Былжырап  əр 

нəрсені  айту,  мылжыңдау.  Қоя  болған 

тайлақтай  тамағын  қиқылдатып,  бірдеңе 

деп б ы л ж ы р а қ т а й д ы (Ə. Кекілбаев, 

Елең-алаң, 89). 



БЫЛЖЫРАҚТАУ  Былжырақта 

етістігінің қимыл атауы. 

БЫЛЖЫРАҚТЫҚ  з  а  т.  Былжырап 

сөйлегендік, мылжыңдық. Əй, шынында да 

менікі б ы л ж ы р а қ т ы қ емес пе екен, 

осы (М. Мəжитов, Аманғали, 219). 

БЫЛҚЫЛ-СЫЛҚЫЛ з а т. Уақытты 

қалай болса солай өткізгендік, былқ-сылқ 

еткендік. Тек қазіргі тұрысында əлдененің 

шалығы шалғандай б ы л қ ы л-с ы л қ ы л ы

шектен  тыс  еді  (Ұ.  Доспанбетов,  Шығ.,

4, 117). 



БЫЛҚЫП ү с т. а у ы с. Баппен, əуезді, 

майда. Əншейіндегідей (домбыра ішегін) 

қыжыртып  қаққан  жоқ.  Үн  б  ы  л  қ  ы  п 

шықты (Ə. Кекілбаев, Бір шөкім, 111). 

БЫЛШЫЛБАЙ з а т. а н а й ы. Был-

шылдап көп сөйлегендік, былшылдағандық, 

көкігендік. – Е, жоға... Үйімді қызғанамын 

ба, сенен асымды қызғанам ба? Қатынның 



б ы л ш ы л б а й ы н не қыласың! (Жетісу, 

23.06.1972, 4). 



БЫЛШЫЛДАС Былшылда етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс.  –  Сол  қарғыс 

атқырлармен б ы л ш ы л д а с ы п, босқа 

уақыт жіберіп тұрамыз ба? (Ə. Кекілбаев, 

Елең-алаң, 180). 



Б Ы Л Ш Ы Л Д А С У   Б ы л ш ы л д а с 

етістігінің қимыл атауы. 

БЫЛЫҚБАЙ  з  а  т.  э  м  о  ц.  Көп 

нəрсені былықтырғандық; былықтырушы 

(С.Алдабергенов, Жаңару, 5). 



БЫРҚЫЛ з а т. Бырқ-бырқ еткендік; 

бырқылдап ұрысқандық. ≈ Б ы р қ ы л д ы 

қой, жөнге кел. 



БЫРҚЫЛДАС Бырқылда етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс.  Əлдебір  заматта 

сол екі кісі б ы р қ ы л д а с т ы да қалды 

(Жұлдыз, 1973, 2, 77). 

Б Ы Р Қ Ы Л Д А С У   Б ы р қ ы л д а с 

етістігінің қимыл атауы.

БЫРСЫНДА  е  т.  ж  е  р  г.  Пыс-пыс 

етіп жылау, сықсыңдау. Б ы р с ы н д а п, 

жібек шылауышымен көзін сүртіп жылады

(О. Бөкеев, Өз отыңды., 134). 

БЫРСЫНДАУ Бырсында етістігінің 

қимыл атауы. 

БЫРТ:  Бырт  көже.  Дəні  бырт-бырт 

етіп  тұрған,  жақсы  жарылмаған  көже. 

Бəтен ырық берер емес. Бөктірген б ы р т



к  ө  ж  е  н  і  ң  қоюындай  бетінің  боржи-

ған  безеулері  бөртіп,  өңі  албарып  кеткен

(Қ. Ысқақов, Менің ағаларым, 12). 

БЫРЫЛДАУЫҚ  з  а  т.  з  о  о  л.  Дау-

сы  бырылдап  шығатын  үйрек.  Ермек 

төбесінен  сыпсың  қағып  өткен  балықшы 

үйректерді де, б ы р ы л д а у ы қ, кежек 

үйректерді  де  көрді  (Ж.  Молдағалиев, 

Жүрек қазынасы, 29). 

БЫРЫС-ТЫРЫС  з  а  т.  Бырысқан-

тырысқан күй (жағдай). Шай ішкен соң, 

көңілі  жайланып,  б  ы  р  ы  с-т  ы  р  ы  с  ы 

жазылды (С. Мұратбаев, Дос ізде., 102). 

БЫСТАН з а т. к ө н е. Жолбарыс. Ақ 

үйімнің арыстаны, Боз үйімнің б ы с т а 



н ы. Алысқа кетіп келмедің, Жасым жетіп 

мұңдадым (Қаз. əдеб., 14.04.1989). 



БЫТҚЫЛДАҚ з а т. Қалың жынысты 

бытқыл жер. Екі жүз тоқтыны жоғалттым. 

Əз кестім, б ы т қ ы л д ы қ т ы бірнеше 

кешіп  өттім.  Бірақ  таппадым  (Лен.  жас, 

05.11.1971, 2). 



БЫТҚЫН  е  т.  ж  е  р  г.  Қатты  ашу-

лану,  күйіп-пісу.  Бұлқан-талқан  боп, 

б ы т қ ы н а п, қарадай болдырған Дүрия-

ға Бəнудің жаны ашыды (К. Мұқажанұлы, 

Ортеке, 223). 

БЫТҚЫНУ  Бытқын  етістігінің 

қимыл атауы. 

БЫТПЫЛ з а т. с ө й л. Бытқыл. Əуелі 

қиқарланып  қиялай  шапқан  көк  жұлын 

қиқу көбейгенде б ы т п ы л ғ а тартады 

(Ə. Кекілбаев, Бір шөкім., 115). 



БЫТПЫЛДЫҚТАТ  Бытпылдықта 

етістігінен жасалған өзгелік етіс. Шырқау 

136

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

көкке  шығып  ап  «б  ы  т  п  ы  л  д  ы  қ  т  а 



т  ы  п»  саз  төгіп  тұрған  сыпсың  бөдене 

сумаңдап барып толқыған егінге сүңгіді де 

кетті (Лен. жас, 16.10.1971, 4). 

БЫТПЫЛДЫҚТАТУ Бытпылдықтат 

етістігінің қимыл атауы. 

БЫТПЫРАТ  е  т.  Бірінің  үстіне  бірін 

үстемелеу, жөн-жосықсыз айту. Жиналған 

жұрт та жанашыр іздеп, өз ашуының мəн-

жайын бес-аяқсыз б ы т п ы р а т ы п жатыр 

(Б. Нұржекеев, Күй толғақ, 75). 



БЫТПЫРАТУ Бытпырат етістігінің 

қимыл атауы. 

БІДƏ: Бідə болды. ж е р г. Пайда бол-

ды. – Шырағым-ау, мына жүрек жұтқандар 

бұл жерге қайдан б і д ə  б о л д ы (А. Меке-

баев, Жезтырнақ, 131). 

БІЗ: Біз кестеМатаны кергішке керіп 

қойып,  белгілі  бір  нобай  бойынша  ілмек 

бізбен тігілген кесте. Б і з  к е с т е н і ң 

шым кесте жəне əредік кесте деген екі түрі 

бар (Қаз. этнография., 1, 581). Кестенің б і з 

к е с т е, шым кесте деген түрлері бар. Б і з 

к е с т е – кергішке керілген матаның бетіне 

түсірілген  өрнек  нобайы  бойынша  ілмек 

бізбен  өткермелеп  шалу  арқылы  тігілген 

кесте (Ə. Тəжімұратов, Шебер., 32). 



Біз  кілем.  э  т  н.  Бізбен  тоқылып 

жасалған кілем. Кілемнің қалы кілем, түкті 

кілем, тықыр кілем, тақта кілем, таз кілем, 

тұс кілем, б і з  к і л е м тəрізді сан түрге 

бөлінетінін  осы  кітаптан  оқимыз  (Қаз. 

əдеб., 14.01.1983, 4). 

БІЗГЕК  з  а  т.  Бізі,  инесі.  Тышқан 

кездейсоқ омарта (улья) ішіне кіріп кетсе, 

аралар өткір б і з г е к т е р і м е н оны шағып 

өлтіреді (Ара шаруаш., 11). 



БІЗТҰМСЫҚ¹ з а т. з о о л. Тұмсығы 

үшкір (біздей) қоңыз. Қоңыздар арасында са-

сық қоңыз, б і з т ұ м с ы қ, шыртылдақ, су 

қоңыз көңіл аударарлық (Қорғалжын, 27). 

БІЗТҰМСЫҚ²  з  а  т.  Тұмсығы  сүйір, 

жіңішке  болып  келетін  қышқаштың 

кішкене түрі. Б і з т ұ м с ы қ т ы бүршік, 

сірке  сияқты  ұзақ  заттарды  шымшып 

ұстауға  пайдаланады  (Қаз.  этнография., 

1, 582). 



БІЛ:  Білмейтіні  жердің  астында. 

Білмейтін  нəрсесі  жоқ,  бəрін  біледі  д.  м. 

Қарабала  Сашка  түк  ештеңе  білген  жоқ 

деп ойлаған, алайда оның б і л м е й т і н і

ж е р д і ң  а с т ы н д а (Ж. Қорғасбек, 

Жынды., 91).



БІЛГЕНСУ  Білгенсі  етістігінің 

қимыл  атауы.  Мұнан  соңғы  жасты  əлі 

жасамадық,  Алпыс,  жетпіс,  тоқсан,  жүз 

көш аралық. Білмей тұрып б і л г е н с у ойға 

қонбас, Əзірше мағлұм болсын осы аралық

(А. Үлімжіұлы, Шығ. Жин., 2, 394). 

БІЛЕЖАТТЫҚ з а т. «Білем» деушілік, 

білгіштік. Тарих үшін, тарихшылар үшін 

құр  сөз  сауған  «білімпаздық»,  «б  і  л  е



ж а т т ы қ» неме керек?! (К. Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 400). 



БІЛЕЗІКТЕТ  е  т.  Əркімге  бір-бірден 

білезік  салу.  –  Қатындарының  алтын 

жүзіктетіп,  алтын  б  і  л  е  з  і  к  т  е  т  і  п, 

алтын  сырғалатып  кеткені  əлей  еді-ау!

(Ғ. Мүсірепов: Қаз. əдеб., 10.11.1972, 1). 



БІЛЕЗІКТЕТУ Білезіктет етістігінің 

қимыл атауы. 

БІЛЕКПЕНДЕЙ с ы н. Жуан, быртиған. 

Ақ көйлек кісілерді көргенде анау б і л е к



п  е  н  д  е  й  бұғақ  жіптіктей  боп  кетеді

(Ə. Кекілбаев, Дала., 24). 



БІЛЕМДЕС е т. Білем-білем болу. Екі 

жал тақтайдай тура түскен, Сан еті кесек-

кесек  б  і  л  е  м  д  е  с  к  е  н.  Жайтаңдаған 

жүрісі,  бөкен  санды,  Төрт  аяқтың  жүрісі 

жерді тескен (И. Байзақов, Таңд., 86). 

БІЛЕМДЕСУ  Білемдес  етістігінің 

қимыл атауы. 

БІЛЕМЕ  з  а  т.  т  а  б  у.  Пышақ.

(І. Кеңесбаев., Қаз тілі, 78). 



БІЛЕНУ  Білен  етістігінің  қимыл 

атауы.

БІЛТЕ з а т. к ə с і б. Тиіп кетсе болды, 

қақпанның жабылуына себепкер болатын 

тиекше. Бергі бұрышта табанбасары мен 

б  і  л  т  е  с  і  түсіп,  шынжырлы  тоқпағы-

на матасып бір-екі қасқыр қақпаны жатыр 

(Е. Тұрысов, Құралай., 23). 

БІЛТЕЛЕ  е  т.  а  у  ы  с.  Жасыру, 

тұмшалау. 

БІЛТЕЛЕУ Білтеле етістігінің қимыл 

атауы. Ақтоты енді б і л т е л е у д і ң жөні 

жоғын сезді (Б. Тоғысбаев: Жұлдыз, 1972, 

3, 142).

БІЛІК:  Білік  төс.  Арбаның  білігінен 

жасалған,  бір  басы  жұмыр,  екінші  басы 

төрт  қырлы  ұста  құралы  (А.  Жұмашев, 

Қалдаяқ ұста., 18).



БІЛІКТІК  з  а  т.  с  ө  й  л.  Біліктілік. 

Мұндай  қазынаны  ел  игілігіне  айналды-

рып паш етсек, б і л і к т і к түсінігімізді 

жетілдіріп,  ғылым  саласындағы  көк-



137

Байынқол Қалиев

жиегімізді  кеңейтер  жаңа  белес  болмақ 

(Қаз. əдеб., 20.12.1985, 13). 

БІЛІКШЕ  з  а  т.  т  е  х  н.  Кішкентай 

ғана  білік  (Телекоммун.  терм.  сөздігі).  ≈ 

Ана жатқан екі б і л і к ш е н і ң бірін маған 

бере салшы. 

БІЛІМ:  Білім  ордасы.  Мектеп  неме-

се  университет.  Бір  кезде  дін  ордасы 

болған мешіт қазір б і л і м  о р д а с ы – мек-

теп (Б. Соқпақбаев, Балалық., 26). 

БІЛІМҚҰМАРЛЫҚ з а т. Білімге деген 

құштарлық. Бұл б і л і м қ ұ м а р л ы қ

т  ы  ң,  өскелеңділіктің  бір  қасиеті  ғой 

деймін (Ж. Қосыбаев, Əнші Мұхит, 10). 



БІЛІМПАЗСУ Білімпазсы етістігінің 

қимыл атауы.

БІЛІСТІР Біліс етістігінен жасалған 

өзгелік етіс. 

БІЛІСТІРУ Білістір етістігінің қимыл 

атауы.  Жақсыны  жайсаңға,  өнерліні 

өнерпазға  таныстыру,  б  і  л  і  с  т  і  р  у 

міндетім  деп  ұғатын  Сəбең  (Қаз.  əдеб., 

19.04.1974, 3). 



БІР: Бір адым жер. Жүрген кездегі екі 

аяқтың аттау (басу) қашықтығы; 60-70 

см, мөлшеріндегі ұзындық. 

Бір  айдың  жүзі  болды.  Бір  айдай 

уақыт  өтті.  Шүйінші  беруіңе  болады. 

Жездең, міне, б і р  а й д ы ң  ж ү з і  б о л ы п

қалды, жынды суды ұрттап алмайды (Қаз. 

əдеб., 07.12.1973, 4). 



Бір  арқа  [отын].  Арқаға  салып  көте-

ретіндей мөлшер. ≈ Б і р  а р қ а  о т ы н 

көтеріп əкелді. 



Бір арнаға келіп тоғысты. Бір жерден 

шықты, бірдейлесті. ≈ Ойымыз б і р  а р н 

а ғ а  к е л і п  т о ғ ы с т ы.

Бір атары бар. Əлі қартая қойған жоқ 

д.  м. – Иə,  шалдардың  аузын  алу  керек. 

Сыры кетсе де, сыны кетпеген кəрі тарлан-

дар емес пе? – Кəрі дейсіңдер, б і р  а т а р ы

б а р шалдар ғой (Ə. Сарай, Атырау, 7).

Бір аттам [жер]. Бір ғана аттайтын 

қашықтық. 

Бір аттам [аттап] шықпады. Ешқайда 

бармады, орнынан қозғалмады. 

Бір асқа алғысыз. Түкке тұрмайтын, 

еш нəрсеге жарамсыз. 

Бір аяқтай [ас]. Бір ғана аяқ боларлық, 

бір ғана аяққа сыйарлық. 

Бір  бармағы  бүгулі  жүреді.  Қу,  сұм, 

сұмырай, арам. – Сіз білмейсіз ғой, оның

б і р  б а р м а ғ ы қашанда ішіне қарай

б  ү  г  у  л  і    ж  ү  р  е  д  і.  Оны  жалпақ  тіл-

мен  айтқанда  арамза  десе  де  болады

(Т. Əлқанұлы, Тірліктен., 220). 

Бір  бауырлық.  Қысқа  қашықтыққа 

шабарлық. – Көке, аттарыңыздың қайсысы 

жүйрік? – Торының б і р  б а у ы р л ы ғ ы

бар  білем, - деді  əкесі  (Ж.  Түменбаев, 

Қардағы ізд., 102). 



Бір  дем...  Енді  б  і  р    д  е  м  əрі,  б  і  р

д  е  м  бері  болып  жатқан  адамнан  несіне 

қызғансын  (Т.  Нұрмағамбетов,  Дарияның 

арғы., 115). 

Бір  дөңдік.  Қауқары,  күші  бір  дөңге 

ғана жетерлік (ат). Дөң асырмастың (ат) 

халы көп болса б і р  д ө ң д і к, бір қырқалық 

қана (Балдырған, 1978, 11, 13). 

Бірдің  айы.  к  ө  н  е.  Ақпаннан  кейінгі 

ай; наурыз. Ай аттары да өзіндік атаулар-

мен  аталады.  Мыс.: 1-ай – ақпан, 2-ай  –



б і р д і ң  а й ы... (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш 

бесік., 1, 71). Б і р д і ң  а й ы қалың қар 

жамылып, қақаған аяз құшақтай келді (Қ. 

Мұқажанұлы, Ортеке, 152). 



Бір езу. Бұрғанға көнбейтін (ат). 

Бір емес, екі емес. Бірнеше рет (айту). 

Осы  сөзді  кеше  Əубəкір  аулындағы  бір 

жиында да б і р е м е с , е к і е м е с жаңағы 

қария айта берген екен (Жұлдыз, 1974, 8, 

42). 

Бір жасап қалды. Мəз болды, қуанды. 

Сусамырға  қарай  бет  алғанда  қалың  ел-

мен  жалғасып,  туыстарымен  табысып 

өздерінше б і р  ж а с а п  қ а л а д ы (Қаз. 

əдеб., 30.03.1973, 1). 

Бір  иін  су.  Онша  көп  емес  су  (О. 

Нақысбеков, Ауысп. говор., 110). 



Бір кəлем. ж е р г. Бір уыс, бір шөкім. 

Бауырында шашырған б і р  к ə л е м шөп 

жоқ,  күннен-күнге  басылып,  отаулана 

шөккен шошақтың төбесі желге қопсымай, 

суағарланып жаншыла түскен (С. Жүнісов, 

Ақан  сері, 2, 35). Жамантұз  жақ  беті 

сортаң,  изен  мен  сасыр,  кей  жерінде  мия 

өскен ащылы, сортаңды жерде ұзақ қыста 



б і р  к ə л е м қар жатпайды (С. Жүнісов, 

Жапандағы., 56).



Бір кем дүние. Жетпей жатқан зəру 

нəрсе.  «Қызым  өсіп  жатыр,  б  і  р    к  е  м  

д ү н и е н і түгендеудің бір жолы осы шығар» 

деп  өзін-өзі  жұбатады  (М.  Құдайқұлов, 

Құпия., 87). 

Бір  көрмеге.  ү  с  т.  Бір  көргенге  д.м. 

Өзі б і р  к ө р м е г е желқабыз, елпілдеп-



138

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

желпілдеп  қалған  адам  (М.  Сүндетов, 

Ескексіз қайық, 43). 

Бір  қадам  аттатпады.  Ешқайда 

шығармады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет