Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет83/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   168

ҚАСАБА

2

  з  а  т.  а  н  а  т.  Еркек  адам-



ның,  малдың  жыныс  мүшесі.  Сондай-

ақ, қуықасты безінің қабынуынан қ а с а 



б  а  н  ы  ң  қобуы  əлсірейді  (Жас  алаш, 

01.11.2003, 6). 



ҚАСАБАЛЫ с ы н. ж е р г. Шошақ бас. 

Қалтасынан  алтын-күміс  аралас  сіңіріп 

безендірген мүйіз шақшаны суырып алып, 

қ а с а б а л ы ердің басына тық-тық қақты 

(А.Мекебаев, Жезтырнақ, 101). 



ҚАСАҒА з а т. а н а т. Шат сүйек (Мед. 

термин., 2011, 8). 



ҚАСАЛАС е т. к ө н е. Қастасу, өштесу, 

жауығу.  Қарағайға  қарсы  біткен  бұтақ-

пын, қ а с а л а с с а м оңдырман (Батырлар 

жыры, 42). 

ҚАСАЛАСУ  Қасалас  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАСАЛЫ з а т. к ө н е. Садақ оғының бір 

түрі. – Кезоқтың өзі неше түрлі: көбебұзар, 

əндіген, қ а с а л ы, ысқырма... Əрқайсысы əр-

түрлі  жағдайда,  əр  қашықтықта  қолда-

нылады (М.Мағауин, Аласапыран, 43). 



346

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ҚАСАМДАС е т. ж е р г. Бір-біріне жа-

ман сөз айту, жамандасу (С.Аманжолов, 

Вопросы., 428). 



ҚАСАМДАСУ  Қасамдас  етістігінің 

қимыл атауы.

ҚАСАҢ

1

  з  а  т.  в  е  т.  Жылқы  малында 



болатын мүйізгек ауруы. Түйедегі мүйізген 

ауруы сиыр, қой, ешкіде – қашақ, жылқыда 

–  қ  а  с  а  ң  деп  аталады  (Ж.Бабалықұлы, 

Мал ауру., 70). 



ҚАСАҢ

2

 с ы н. к ө н е. Қысыр. Айпара 

мырс етіп күлді де: «Қ а с а ң байтал екі 

айғырдың  арасын  ащы  қылады», - деді 

күбірлеп (О.Бөкеев, Үркер, 84). 



ҚАСАҢДЫҚ...  Бердібаевтың  мақа-

лаларында да қ а с а ң д ы қ жоқ (Қаз. əдеб., 

28.01.1977, 3). 

ҚАСАТТА е т. Қасатты кешу, қасатқа 

ұшырау.  Қар  темір  жолдың  өне  бойын 

қоянжондап,  қ  а  с  а  т  т  а  п  тастайтын 

(О.Бөкеев, Өз отыңды., 368). 

ҚАСАТТАН е т. Қардың қабатталып 

қатып қалуы. Қыс бойы жыра-жыраларға 

қ  а  с  а  т  т  а  н  ғ  а  н  қардың  мұрты  да 

бұзылмапты (Асқар Алтай, Қызыл бөлтірік, 

6). Бірақ қ а с а т т а н б а ғ а н қар сусып, 

желмен  ұшып  əлек  салды  (О.Бөкеев,  Өз 

отыңды., 172). 

ҚАСАТТАНУ  Қасаттан  етістігінің 

қимыл атауы.

ҚАСАТТАУ  Қасатта  етістігінің 

қимыл атауы.

ҚАСИЕТКЕР  з  а  т.  с  ө  й  л.  Жеке 

тұлға  (личность).  Əбекең – көңілі  ояу, 

тілегі  адал,  көкірегінің  көзі  көреген,

қабырғалы қайраткер, қадірлі қ а с и е т

к е р (І.Жарылғапұлы: Қаз. əдеб., 23.11.1990, 

3). 


ҚАСКЕР  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Аңды  заңсыз 

қырып-жойып, оның өсуіне зиян келтіруші 

адам.  Теңіз  тасбақасының  көптеген 

жұмыртқаларын  қанаттылар  мен  төрт 

аяқты жыртқыштар құртады, қ а с к е р л 

е р (брокноьерлер) қазып алады (Су асты, 

тіршілік, 71). 



ҚАСҚА:  Қасқа  болды.  ж  е  р  г.  Бей-

шара болды, соры қайнады. Қорасын таба 

алмай қ а с қ а  б о л ғ а н бір баспақ көше 

жаңғыртып əлі мөңіреп тұр (Қ.Қараманұлы, 

Ай куə, 5). – Күйеуден шыққан келіншек 

мияулап  жүріп,  басын  айналдырып  тиіп 

алса, қ а с қ а  б о л ғ а н д ы сонда көресің 

(Қ.Қараманұлы, Ай куə, 101). 

ҚАСҚАЙ е т. ж е р г. Сілейіп қалу, мел-

шию соры қайнау. Бірақ сол есікке жеткен 

жерде мені құдай ұрып қ а с қ а я м ы н да 

қаламын (С.Елубай, Ақ боз., 12). 

ҚАСҚАЙТ е т. ж е р г. Қатыру, сорын 

қайнату. – Несін сұрайсың? Қ а с қ а й т 

т  ы! – деп  Ждақай  қиқ-қиқ  күліп  жатыр 

(С.Елубай, Ақ боз., 14). 



ҚАСҚАЛА е т. Қасқа болу, қасқа ету, 

маңдайына  ақ  түсті  жолақ  жасау.  ≈ 

Баламның маңдайын қ а с қ а л а п тастапты. 



ҚАСҚАЛАН  е  т.  Маңдай  шашының 

түсіп қалуы, қасқа болу. Классик атанбақ 

түгілі,  халыққа  танылғаныңша  да  талай 

шаш ағарып, талай бас қ а с қ а л а н а д ы 

екен (М.Əлімбаев, Көңіл күнд., 150). 



ҚАСҚАЛАНУ  Қасқалан  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАСҚАЛАУ  Қасқала  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАСҚАЛДАҚ з а т. с ө й л. Маңдай. 

Кеспелтек бір бозтұмар кезек салып, Бол-

майды көпке шейін кезек алып, Қасқайтып 

қ а с қ а л д а қ т а н ұрып кетті Тізгінін 

Ақтарланның  тежеп  қалып  (И.Байзақов, 

Құралай, 190). 

ҚАСҚАЛЫҚ...  Делбеші  жігіт  қ  а  с  қ 

а л ы қ түбінде бір адамның орнын алып, 

бүктеліп  жатқан  сенсең  ішікті  олардың 

үстіне тастады (Жалын, 1972, №2, 34). 

ҚАСҚАҢ з а т. э к с п р. Қасқа д.м. – 

Қаперіне кіріп шықпайды. Əндетіп жүр қ а 



с қ а ң, - деп күлді əлдекім (Ш.Мұртазаев, 

Қара маржан., 230). 



ҚАСҚЫР: Қасқыр қақпан. Қақпанның 

қасқырға  салатын  мықты,  үлкен  түрі. 

Бергі  бұрышта  табанбасары  мен  білтесі 

түсіп,  шынжырлы  тоқпағына  матасып 

бір-екі  қ  а  с  қ  ы  р    қ  а  қ  п  а  н  ы  жатыр 

(Е.Тұрысов, Құралай., 23). Ұстайтын аңына 

қарай қақпанның: қ а с қ ы р  қ а қ п а н 

түлкі қақпан, тышқан қақпан деп аталатын 

түрлері бар (ҚСЭ, 6, 414). 



Қасқыр мен қойшы э т н. Далада, көгал 

үстінде ойналатын ойын. Келесі ойынды 

«қ а с қ ы р  м е н  қ о й ш ы» немесе «алар-

ман»  деп  те  атайды.  Ойыншылар  бірінің 

белінен бірі ұстап тізбек құрап тұрады да, 

тізбектің соңында тұрған қойды «қасқырға» 

алдырмауға  тырысады» (Б.Төтенаев,  Қаз. 

ұлт. ойын., 67). 

Қасқыр  тірсек.  э  п  и  т.  Тірсегі 

қасқырдың  тірсегіндей  сіңірлі.  Алқа  бел, 


347

Байынқол Қалиев

аю  қабақ,  бота  мойын,  Шөгендей  төрт 

тұяғы құйған шойын. Құс кеуде, інген ерін, 

түлкі азу, Бөкен бел, қ а с қ ы р  т і р с е к 

бура қойын (А.Нұртазин, Көк тоғай, 25). 

ҚАСҚЫРҚАҚПАН з а т. э т н. Балалар 

екі топқа бөлініп, үлкен тобы – «қақпан», 

кіші тобы – «қасқырлар» болып ойнайтын 

ойын. Қасқыр түссе қораға, Ұстамасқа бола 

ма?! Қол ұстасып тұрайық, «Қ а с қ ы р қ а 



қ п а н» құрайық (Ғажайып бау, 57). 

ҚАСҚЫРҚҰЛАҚ з а т. э т н. Ойынға 

қатысушылар  қасқыр,  қой,  күзетші  бо-

лып ойнайтын балалар ойыны. Əрекетшіл 

ойынға  мал  шаруашылығының  негізінде 

дамыған  «қасқұлақ» («қ  а  с  қ  ы  р  қ  ұ  л 

а  қ»)  жатады.  Бұл  ойын  түнде,  яғни  қой 

күзеткенде ойналады (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. 

ойын., 71). 

ҚАСҚЫРШЫ з а т. с ө й л. Қасқыр ау-

лаушы. Қ а с қ ы р ш ы л а р түнде оралды. 

Шынында  да  əлгі  моншақ  (тува)  тастың 

арасына жасырынып жатып ұлығанда үш 

қасқыр  ұлып  шыға  келіпті  (З.Қиянатұлы, 

Көшпенді., 65). 

ҚАСҚЫРШЫЛДЫҚ  с  ы  н.  Қасқыр 

алушылық,  алғырлық.  Бұл  иттердің 

(тазылардың) қ а с қ ы р ш ы л д ы қ қабілеті 

мол болады жəне оны өлтіруге құмар келеді 

(Саятшылық, 182). 



ҚАСПАҚТЫ  с  ы  н.  а  у  ы  с.  Əлді, 

ауқатты.  Əкесі  Іргебай  Қазыбек  руы 

ішіндегі қ а с п а қ т ы байдың бірі болыпты 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 136). 

ҚАСТАЛЫ...  Кəрілік  келсе  бір  күні, 

Жастағы  дəурен  күнің  жоқ.  Ауру  болсаң 



қ  а  с  т  а  л  ы,  Саудағыдай  сының  жоқ 

(С.Жанғабылов, Тоқсан толғау, 19). 



ҚАСТАНДЫ:  Қастанды  экономика. 

э  к  о  н.  Зияны  көп  экономика;  көлеңкелі 



экономика. Біз қ а с т а н д ы  э к о н о м и 

к а д а н (теневая экономикадан) сонда ғана 

құтыла аламыз (Қаз. əдеб., 08.02.1991, 2). 



ҚАСТАНДЫҚШЫЛ  с  ы  н.  с  ө  й  л. 

Қастық  істеуші,  қасыкөй.  Оның  үстіне 

Бəйтіктің жолын тосып, болыстың почта-

сын тонаған қ а с т а н д ы қ ш ы л адамдар 

ретінде  аз  кінə  айтқан  жоқ  (К.Оразалин, 

Абайдан соң, 222). 

ҚАСТАНШЫЛ с ы н. с ө й л. Қастық 

жасауға жаны құмар, қасыкөй. Бұл кезде 

Қазыхандар қ а с т а н ш ы л қылықпен 

айналысып жүрді (Қ.Құрманғалиева, Аты-

рау, 134). 



ҚАСТАНШЫЛДЫҚ  з  а  т.  Қастық 

жасаушылық, қасыкөйлік. Оның қ а с т а 

н ш ы л д ы ғ ы күн өткен сайын жанданып 

жатқандай (Қ.Құрманғалиева, Атырау., 93). 



ҚАСТЕКІ... Қалқайған қ а с т е к і қара 

бөрік басынан ұшқан бетінде ойдан ойды 

қуалай төмен қарай зыр қақты (М.Əуезов, 

Əңгім. мен повес., 109). 



ҚАСТЫ  с  ы  н.  Қасы  бар  (ер).  Күміс

қ а с т ы қазақы ер кең екен, екеуі де сыйды 

(Жалын, 1973, №6, 9). 



ҚАСЫЛА е т. с ө й л. Қасы. Жасы ал-

пыстан  асқан  жауапты  хатшы  ұстарамен 

тықырлап  қырғызған  қауақтай  дөп-

дөңгелек, жып-жылтыр басын қышырлатып 



қ  а  с  ы  л  а  й  береді  (О.Сəрсенбай,  Шығ. 

5, 105). 



ҚАСЫЛАУ Қасыла етістігінің қимыл 

атауы. 

ҚАСЫМСЕЙІТ з а т. с ө й л. «К-700»

тракторын  халық  осылай  атайды. 

Ел  арасындағы,  əлгі, «қ  а  с  ы  м  с  е  й 



і  т», «əсемсот»  деп  ат  қойып,  мақтап 

жүрген  «К-700»  тракторының  өзі  қардың 

қалыңдығынан  қия  баса  алмай  жатқанын 

көзіміз көріп жүр (Лен. жас, 16.03.1971, 4). 



ҚАСЫС е т. Жылқы малының бір-бірін 

тісімен қасуы. 

ҚАСЫСУ  Қасыс  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ҚАТ:  Қатқан  қайыстай.  Ап-арық, 

тыртиған.  Өйткені  бетінде  қан-сөл  жоқ,

қ а т қ а н  қ а й ы с т а й арық екен, конц-

лагерьден  шыққан  ба  деп  қалғандайсың 

(Ə.Асқаров,  Таңд., 59). Біз  де  ет  пен 

сүйектен  жаралған  адам  баласымыз  ғой. 



Қ а т қ а н  қ а й ы с т а й болып жүрісіміз 

мынау (Д.Рамазан, Жылап аққан., 77). 



Қайтқаныңның  басы.  Өлгендеріңнің 

басын  ұрайын  д.м.  қарғыс. - Өзің  ше? 

Түсініп тұрған шығарсың, қ а й т қ а н ы ң 



н ы ң  б а с ы (З.Ақышев, Жаяу., 364). 

ҚАТАР з а т. э т н. Қызды ұзатқанда 

оның əке-шешесі құдаларына беретін кəде 

мал. Қыз иесі ілу алса, жасау береді, тоймал 

алса – қ а т а р береді. Тоймал – қыздың 

қалыңмалынан тысқары алынатын арнайы 

кəденің бірі (Қазақ., 01.01.2010, 9). 



ҚАТАРАРАЛЫҚ  з  а  т.  Өсіп  тұрған 

бау-бақша  дақылдар  қатарларының 

аралықтарындағы ашық жер. Жүзімдікті 

көму, ашу, бұтау, қ а т а р а р а л ы қ т 



а р ы н айдау жəне тыңайтқыштар енгізу 

348

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

жұмыстары  толық  механикаландырылған 

(Оңт. Қаз., 29.11.1972, 2). Қ а т а р а р а 

л ы қ т а р д ы қопсытып, арамшөптердің 

бас  көтеруіне  жол  бермедік  (Еңбек  туы, 

15.01.1965). 

ҚАТАРСЫН е т. Өз қатарым деп білу, 

қатарым деп есептеу. – Таяуда өзгерістер 

болар.  Оған  дейін  көрген  күндерің  осы, 

- деп Ғұбайдолла Қасқырбайды қ а т а р 

с ы н ы п қалжың айтты (Б.Тоғысбаев, От 

пен күл, 31). 



ҚАТАРСЫНУ  Қатарсын  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАТЕПТІ с ы н. а у ы с. Қасиетті, қас-

терлі, құдіретті, киелі. Кімді патша қоюға 

өздері  келісе  алмағаннан  кейін,  сондағы 

үлкен дін адамы қ а т е п т і əулие санап,

бəрі  енді  ол  кісінің  үш  мұрагерді  сынап 

беруін өтінеді (Б.Нұржекеев, Өзендер., 76). 

ҚАТЕРЛІРЕК  с  ы  н.  Қатерлілеу; 

қауіптірек (Т.Əлімқұлов, Шежірелі., 61). 

ҚАТЕШ  з  а  т.  Балық  аулайтын 

құралдардың  бір  түрі.  Балықшылар 

оны  (оңғақ  балығын)  сүзекімен,  аумен, 

қабадамен жəне қ а т е ш т е р м е н аулай-

ды (Саятшылық, 157).



ҚАТ-ҚАТ з а т. Асық атқанда сақасы 

тəйке  тұрып  қалса,  сол  жақын  жер-

ден  тағы  ату  ісі  (кезегі).  Бірақ  оны 

жолындағы басқа асықты көздеп, сақасын 

тəйке  тұрғызып  барып,  жақындап  келіп 

атуға да болады. Мұны қ а т-қ а т дейді 

(Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 87). 

ҚАТПА: Қатпа болғыр. Қатпа ауру-

ымен  ауырғыр,  қатпа  келгір  д.м.  қарғыс. 

- Өй, қатпа бол, қ а т п а  б о л ғ ы р! – деді 

жігіт  бетіне  баттасқан  түйенің  жынын 

сүртіп (С.Мұқанов, Жұмбақ жалау, 59). 



Қатпа  құрт.  Қатты  құрт,  қатып 

қалған  құрт;  майсыз  құрт.  Құрттың  өзі 

торқа құрт, қ а т п а  қ ұ р т, сықпа құрт, 

ежегей  құрт  боп  кете  барады  (Қаз.  əдеб., 

20.11.1986, 9). 



ҚАТПАЛАН  е  т.  с  ө  й  л.  Қату,  сему. 

Ыстық пен суық қажап қ а т п а л а н ы п

өскен  сексеуілдер  төзімділік  нышанын 

аңғартады (Жұлдыз, 1970, №5, 83). 



ҚАТПАЛАНУ  Қатпалан  етістігінің 

қимыл  атауы  (И.Жылқыайдаров,  Жаста-

рым, 60). 



Қ АТ П А Р :   Қ а т п а р   б е т.   Б е т і 

қатпарланып  кеткен;  əжім-əжім. – 

Үйінде отырған қоқиған, қоқырайған, қ а 



т п а р  б е т, қара сұр жын-шайтандарды 

тепкінің  астына  алып,  түре  қуайық  та, 

Секе? (Ə.Байбол, Теміржол., 216). 

ҚАТПЫШ  с  ы  н.  Арықша  келген, 

жұқалтаң.  Қолға  су  құйып,  дастар-

қан  жайып,  самаурын  əкеп  қолды-аяқ-

та  тұрмай  лыпылдап  шауып  жүрген 

қ  а  т  п  ы  ш  қараторы  келіншек – жесір 

жеңгеміз  Мауыты  (Н.Сералиев,  Махаб. 

тур. хикая, 7). 

ҚАТТАМАЛЫ  с  ы  н.  Қаттама  са-

уыты  бар,  қаттама  киген.  Дулығаның 

мойынды қорғап тұратын кіреукелі, көбелі, 



қ а т т а м а л ы немесе теріден жасалған 

жапқышы болған (Ата салты., 64). 



ҚАТТЫ:  Қатты  бидай.  Бидайдың 

қатты дəнді сұрамы. – Бізге судан шөбінің, 

чумизаның, жоңышқаның, қ а т т ы  б и д 



а й д ы ң тұқымын беріңіздер (С.Бегалин, 

Ана қайраты, 56). 



ҚАТТЫ-ҚАЙЫРЫМ  с  ы  н.  Қиын, 

ауыр, зиянды. Сондықтан келін қ а т т ы-

қ а й ы р ы м жұмыстардың бəрінен боса-

тылады (Қ.Толыбаев, Бабадан., 185). 



ҚАТТЫЛЫҚ з а т. а у ы с. Сараңдық, 

қолытарлық.  Бай  қ  а  т  т  ы  л  ы  қ  т  ы 

қойып, дəулетінен біраз малды шығарып, 

құрма лдыққа   ша лды  (З.Иманбаев, 

Нажағайлы түн, 35). 



ҚАТТЫҚПАҒАН с ы н. Қалыптаспаған, 

жаттықпаған. Əлі қ а т т ы қ п а ғ а н

бұзылмаған балаң дауыс (М.Мағауин, Таңд. 

шығ., 1, 428). 

ҚАТУҚАРА з а т. ж е р г. Бір нəрсені 

ыстайтын арнаулы орын. Жылқы терісінен 

жасалған сабаны да қ а т у қ а р а ғ а салып, 

қыс  бойы  түтінмен  ыстап,  əзірлеген  өзі 

(Қ.Жұмаділов, Соңғы көш, 1, 196). 



ҚАТЫҚ  з  а  т.  Ұйытылған  айранды 

сүзіп,  сарысуын  ағызып  жіберу  арқылы 

дайындалған тағам. 

ҚАТЫҚСЫЗ с ы н. Май, ет қосылмаған, 

қатығы жоқ (көже). Ерубайдың білуінше, 

бұл  үйде  тамақтың  екі-ақ  «түрі»  болуға 

тиіс: бірі – қайнақ су, бірі – қ а т ы қ с ы з 

талқан көже (М.Сқақбаев, Қызық қыз, 152). 



ҚАТЫМ:  Қатым  түсіру.  э  т  н.  Мар-

құмның  рухына  бағыштап  құранды  ба-

стан аяқ оқып шығу. Қ а т ы м  т ү с і р 

у д і ң ислам дініндегі орны мен маңызы 

Мұхамед (с.ғ.с) пайғамбардың хадистерінде 

айтылған (Қаз. этнография., 3, 513).


349

Байынқол Қалиев

ҚАТЫМГЕР  з  а  т.  Қайтыс  болған 

адамға бағыштап қатым құранын оқитын 

адам (молда). 

ҚАТЫН з а т. к ө н е. Хан əйелі. Түркі 

халқында хан əйелін ертеректе қ а т ы н 

деген (Егем. Қазақст., 29.05.2002, 4). 

ҚАТЫН: Қатын күрес. Жиын-тойда, 

той-томалақта  қатындарды  күрестіру 

ойыны. Түйе жарыс, қ а т ы н  к ү р е с 

бəрі аяқталып, бүгін айтыстың ең қызығы 

жыраулар айтысы басталған (І.Есенберлин, 

Алмас., 54). 



ҚАТЫНБАСШАЛАН е т. Қатынбасша 

болу, қазанның басынан шықпау. – Қ а т ы н 

б а с ш а л а н б а й, аяқ-табаққа араласпай 

жайыңа отыр! – деді Зұлқия бұрынғыдан да 

даусын  көтеріп  (Т.Дəуренбеков,  Сүмбіле, 

133). 


ҚАТЫНБАСШАЛАНУ   Қатын-

басшалан етістігінің қимыл атауы. 

ҚАТЫНБҰРАШ з а т. с ө й л. Əйелін 

жақсы  көретін,  қызғанатын  адам;  əйел-

құмар. Қатынқұмар адамды, əйелін басқа-

дан  қорғаштайтын,  қызғанатын  адамды

«қ а т ы н б ұ р а ш», жақсы атқа қызығатын, 

атқұмар адамды «атбұраш» дейді (Соц. Қаз., 

21.03.1991, 4). Ал  «бабникті»  айтқымыз, 

тəржімалағымыз келсе, қазақтың «қ а т ы 



н б ұ р а ш» деген сөзі бар (Бұл да). 

ҚАТЫНДАП  ү  с  т.  Қайта-қайта 

«қатын»  деп  айтып,  балағаттап.  Кіріп 

келді бəйбіше, Балбөпені қ а т ы н д а п

Күң, шошқа ұрсып бапылдап, Бүріп келді 

бəйбіше (С.Мұқанов, Таңд. шығ., 12, 81). 



ҚАТЫНЖАНДЫЛЫҚ  з  а  т.  Қа-

тынжанды  болғандық,  əйелжандылық.

– Сорлы бала, қ а т ы н ж а н д ы л ы ғ ы н 



а не берерсің! (Қ.Тоқмырзин, Үш кие, 83). 

ҚАТЫНҚҰМАР  з  а  т.  Қатындарды 

жақсы  көретін  адам,  қатыншыл. - Өзі 

араққұмар болған дейді ғой? – деді Егінбай. 

– Араққұмар ғана емес, қ а т ы н қ ұ м а р 

да болған (Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 70). 



ҚАТЫРАҚ с ы н. Зəрулеу, мұқтаждау, 

тапшылау. – Ертең  мен,  мысалы,  бұдан 

гөрі  де  қ  а  т  ы  р  а  қ  жəне  қажеттірек 

нəрсеге  ақша  жұмсайтын  шығармын 

(Р.Райымқұлов, Жапанда., 425). 



ҚАТЫРАН  з  а  т.  з  о  о  л.  Акуланы 

қазақтар  осылай  атайды  (К.Куленов, 

Балық шаруаш., сөзд., 41). 



ҚАТЫРҚА з а т. с ө й л. Қатырма (кар-

тон). 5 нөмірлі қалыппен, яғни қ а т ы р м 

а м е н шыққан түрінің бағасы 100-150 сом 

(Қаз. əдеб., 29. 01. 1993, 6). 



ҚАТЫРЛАТ  е  т.  к  ə  с  і  б.  Аңның 

құлағына қатыр тығу. Түлкіні қ а т ы р л 

а т қ а н д а салаң етіп түскен тілін қыранға 

тартқызып  жегізіп,  тояттады-ау  дегенде 

ажыратып  əкеткен  жөн  (Ж.Сатылғанов, 

«Қауырсын» клубы, 95).



ҚАТЫРЛАТУ  Қатырлат  етістігінің 

қимыл атауы. Болмаса, ол қ а т ы р л а т у 

ғ а көндікпей, бүркітті не бүркітшіні жазым 

етуі  мүмкін  (Ж.Сатылғанов, «Қауырсын» 

клубы, 99). 

ҚАТЫРМА

1

  з  а  т.  Қатты  қағаз, 



картон.  Қатты  қ  а  т  ы  р  м  а  д  а  н  жа-

салып,  белі  айқыш-ұйқыш  тартылған 

батпырауық бірте-бірте қалықтай көтеріле 

берді (М.Мəжитов, Аманғали, 217). 



ҚАТЫРМА

2

  з  а  т.  Ашымаған  қамыр-



дан  пісірілген  нан.  Əсіресе  бүкіл  ауыл 

мақтайтын апамның тандыры, пəтір, қ а т 



ы р м а с ы қай баланың болсын сүйсініп, 

тоймайтын наны (Жалын, 1977, №3, 13). 



ҚАТЫРМАЛА  е  т.  Крахмалға  салып, 

қатырылу. 

Қ АТ Ы Р М А Л АУ   Қ а т ы р м а л а 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚАТЫРЫП ү с т. с ө й л. Жақсылап, 

əдемілеп,  келістіріп  д.м.  Мен  оны  əлі  қ 

а  т  ы  р  ы  п  жазам,  оқыған  кезде  көзіңе 

мөлтілдеп жас келеді (Таң нұры, 182). Аяз 

алақандай айнаға қарап, өзінің бұйра ша-

шын қ а т ы р ы п тарады (Ə.Тарази, Қиян 

соқпақ, 17). 

ҚАУ з а т. Машинаның қорабы. Қ а у ы 

ашық жүк машинасының үстіне қойылып, 

қызыл  ала  кілем  жабылған  табыттың 

соңына  ілескен  елдің  бəрі  дерлік  жаяу-

жалпылап  ұзақ  созылып  ілбіп  келеді 

(О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 12). 



ҚАУАҚ з а т. ж е р г. Кеме тоқтайтын 

жер; кемежай. Орыс кемесімен Ыстамбұл 

бұғазына, Анадолы қ а у а ғ ы н а келіп, 

тағы  жеті  күн  аялдайды  (Халифа  Алтай, 

Алтайдан., 112). 



ҚАУАҚ: Қауақ бас. Басы қауақ сияқты, 

қауқиған. Мойны ырғайдай, қ а у а қ  б а с 

қара балаға қызыға қарады (Ш.Айтматов, 

Ақ кеме, 13). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет