Жазықова М.Қ. Этнопедагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет33/97
Дата27.11.2023
өлшемі497,09 Kb.
#128670
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1 «Ұлы Жасақ» еңбегінің тәрбиелік мәні неде?
2 Я.А.Коменский шығармаларынан тәрбие құралы ретінде бірнеше мақал-мәтел теріп жазыңыз. Олардың мағынасын түсіндіріңіз.
3 К.Д.Ушинский – атақты балалар жазушысы. Оның шығармаларын мектеп жасына дейінгі балалар да, мектеп оқушылары да, ересектер де ұнатып оқиды. Оның себебін қалай түсіндірер едіңіз? Ойыңызды жазушының бір шығармасы негізінде дәлелдеңіз.
4 А.С.Макаренконың «Ата-аналарға арналған кітабын» «Отбасы этнопедагогикасы» деп есептеуге бола ма? Неліктен?
5 В.А.Сухомлинскийдің "Табиғат – тамаша тәрбиеші, тек оны түсіне білу керек» деген пікірін түсіндіріңіз.


ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ



  1. Қазақстандағы этнопедагогикалық ой-пікірлер




    1. Қазақ этнопедагогикасы және Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің пайда болуы

    2. Қазақ жыраулары шығармаларындағы халықтық педагогика

    3. ХІХ ғасырдағы көрнекті қазақ ағартушылары халықтық тәрбие туралы

    4. Қазақстанда ХХ ғасырда этнопедагогиканың дамуы

    5. Егемен Қазақстанда этнопедагогика ғылымының дамуы

Негізгі ұғымдар: этнопедагогикалық ой-пікірлер, педагогикалық мәдениеттің дамуы, қазақ этнопедагогикасы, қазақ жыраулары, қазаұ ағартушылары.
2.1 Қазақ этнопедагогикасы және Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің пайда болуы
Қазақтың педагогикалық мәдениетінің даму тарихы ежелгі кезеңнен басталады. Профессор С.Қалиев қазақ халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының коғамдық құрылыс кезеңдерiне сай шартты түрде төмендегідей 8 кезеңге бөлiп қарастырды:
Бiрiншi кезең – алғашқы қауымдық құрылыс кезiндегi тәрбие (б.з. д. тас, қола замандары). Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Тәңiрқазған, Шарбақты және Ұлытау өңiрлерiн мекен еткені тарихтан белгілі. Бұл кезеңдегі тәрбие туралы айтқанда, алғашқы адамдардың өз балаларын жабайы табиғаттың тосын құбылыстарынан қорғау, қарапайым тамақ тауып жеу, киіну сияқты қажеттіліктерді жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерге баулуын айтуға болады. Адамзат қоғамының жетіліп, алға басуы, тарих аренасында алғашқы мемлекеттердің пайда болуы тәрбие түрлерін де дамытып, оған біраз өзгерістер әкелді.
Екiншi кезең - сақтар мен ғұндардың жауынгерлiк тәрбиесi (б.з.д. VII-VIII ғ.ғ. - б.д. V ғ. дейiн). Сақтар империясы шамамен бiздiң жыл санау дәуiрiмiзге дейiнгi VII-III ғасырлар аралығында қазiргi Орта Азия мен Қазақстан территориясын алып жатты. Сақтар империясының құрамына массагет, исседон, савромат, аримаспы, дайлар, турлар, арийлер және басқа да тайпалар кiрген. Сақтардың көсемдерi Африсиап, Томирис сол кездегi iрi мемлекет Парсы империясының патшалары Кирге, Дайриге, Александр Македонскийге қарсы күрес жүргiзу барысында әскери-көшпелi тұрмысты қалыптастырған. Металл өңдеп, әлемдiк маңызы зор зергерлiк бұйымдар, қару-жарақтар мен киiмдер жасай бiлген. Жылқы жануарын өте қатты қадiрлеген, мал баққан. Осы тұрмыс-тiршiлiктеріне байланысты сақтар өз ұрпақтарын дене, еңбек және эстетикалық тәрбие принциптерi негiзiнде тәрбиелеп өсiрген. Сол замандарда өмiр сүрген, Тәңiр дiнiнiң негiзiн салған данышпан Заратуштра сақтар мен парсыларға ортақ әлемдегi тұңғыш “Авеста” кiтабын жазған. Заратуштра сол кездiң өзiнде (Аристотельдiң замандасы) рухани-танымдық, тәлiм-тәрбиелiк мәндi ойлар айтқан. Сақтардың қайратты, жауынгер халық екенiн атақты тарихшы Ксенофонт (б. д. д. 434-355 ж. ж.) өз еңбектерінде жан-жақты суреттейдi.
Ғұндар б. д. д. III ғасыр мен бiздiң дәуiрiмiздiң I-II ғасырлары аралығында сақ тайпалары мекендеген территорияның мұрагерлерi болды. Сол кезеңдердегi үйсiн, қаңлы, жу-жу, дунку тайпалары ғұн империясының құрамына кiрдi, ғұндар металл игердi, мал шаруашылығымен айналысты. Бiрақ олардың ең негiзгi кәсiбi әскери-жауынгерлiк өнер едi. Олар өздерiнiң ұрпақтарын ер жүрек, алғыр, ептi болуға және зергерлiк бұйымдар жасауға тәрбиеледi. Ғұндардың Еуропаға жасаған жорығы Шығыс пен Батыс халықтары арасындағы этнолингвистика мен ассимиляцияның үлкен өзгерiстерге ұшырауына негiз болып, дүние жүзi тарихында Шығыс халықтарының Батысқа жасаған ұлы қоныс аударуы атты тарихи оқиға тудырды. Ғұн көсемi Атилла (Едiл) бастаған қалың қол ұлы Рим империясына қауiп төндiрiп, ақыры құлауына әкеп соқтырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет