Жазықова М.Қ. Этнопедагогика


К.Д.Ушинский тәрбиенің халықтығы туралы



бет30/97
Дата27.11.2023
өлшемі497,09 Kb.
#128670
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97
7.3 К.Д.Ушинский тәрбиенің халықтығы туралы
Әйгілі орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің (1824-1870 ж.ж.) педагогикалық жүйесінің негізінде халықтық идея жатыр. «Халықтық» дегенді педагог оның тарихи дамуымен, жағрапиялық, табиғи жағдайларымен қалыптасқан әрбір халықтың өзіндік ерекшелігі деп түсінді. К.Ушинский халықтықтан әруақытта тиімді ұйымдасқан тәрбиеге арқа сүйеуге қажетті бастаманы көре білді. Осыған байланысты барлық елдер мен халықтар үшін тәрбие жүйесін бірдей етіп көрсетудің кез-келген әрекетіне ол негізсіз және зиянды деп қарсы болды. К.Д.Ушинский еңбектерінде тұңғыш рет украиндердің, ненецтердің, комилықтардың (зырян), Америка, Қытай, Үнді, Орталық Азия халықтарының халықтық тәрбиесі сипатталып жазылды. Ғалым әрбір халықтың өзіндік ұлттық тәрбие жүйесі бар екенін дәлелдеп, өзге ұлттық жүйеде тәрбиелеу бала тағдырына кері әсер ететінін айтады.
Халықтық бастамаға негізделген тәрбие ғана, Ушинскийдің айтуынша, "халықтық дамудың тарихи үрдісінде тірі орган болып табылады". Тәрбиенің орыс халқына тән өзіндік ерекшеліктерінің негізгілеріне ол мыналарды жатқызды: 1) Ғасырлар бойы сыннан өткен өз Отанына деген терең сүйіспеншілік сезімі, өзінің күшін аямастан оның тұтастығы мен тәуелсіздігін басқа мемлекеттерден қорғауға әруақытта даярлығы; 2) Жоғары азаматтық сезім, гуманизм; 3) Шығармашылық қуаттың байлығы.
Халықтық идея Ушинскийдің түсінігінде терең демократиялылығымен ерекшеленеді. Бұқара халықты "ерекше шығармашылық күштің, тамаша өлмейтін құндылықтардың қайнар көзі" дей келіп, ол "қарапайым" халықты жоғары қояды және терең бағалайды. Ушинскийдің түсінігінде, халықтыққа тән келесі белгі - бұқарашылдық. К.Д.Ушинский былай деп жазды: "Халықтың өзі және оның ұлы адамдары болашаққа жол салуда: тәрбие тек қана осы жолмен жүреді..." Ол халықтық идеяны басшылыққа ала отырьш: «Халық ағарту ісі халықтың қолында болуы керек, ал балаларды оқыту ісі олардың ана тілінде іске асуы қажет», - деген қорытындыға келді. Балаларды өз ана тілінде оқыту мүмкіндігінен айыру олардың рухани күштері мен қажеттіктерінің жемісті дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі құралынан айырады деп ескертеді. К.Д.Ушинский отбасында, балалар бақшасында және мектепте оқыту және тәрбиелеуді ана тілінде іске асыруда табандылық көрсетті. Ол басқа тілде оқытатын мектеп балалардың күштері мен қабілеттерінің табиғи дамуын тежейтіндігін, ондай мектеп балалардың және халықтың дамуы үшін әлсіз және қажетсіз екендігін дәлелдеді. Ғалымның пікірінше, «ана тілі халықты әлі кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейін де оны оқытуды жалғастыратын ұлы халықтық тәлімгер болып табылады». КД.Ушинский элементарлық білім берудің басты міндеті ана тілін меңгерту деп есептеді.
Ұлы педагогтың халықтық идея, ана тілінің болашағы туралы айтқан қағидалары – әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей отырған мәселелер. "Ана тілі" мақаласында ол былай деп жазды: "Тіл – бүгінгі өмір сүріп отырған болашақтағы халықтың ұрпағын бір ұлы тарихи тұтастыққа біріктіретін ең өміршең, дәмді және берік байланыс. Ол тек қана халықтың өміршеңдігін білдіріп қоймайды, ол өмірдің өзі. Егер халықтың тілі жойылса, халық та болмайды." Халық мектебінің оқу пәндерінің ішінде ол ана тілін ерекше бағалады және ана тілін меңгере отырып, балалар тек қана білім алып қоймайды, сонымен қатар халқымыздың ұлттық санасымен, рухани өмірімен, моральдық ұғымдарымен танысады деп атап көрсетті. К.Ушинскийдің дидактикалық көзқарастары ерекше тереңдігімен және халықтығымен ерекшеленеді. Өмірмен, қазіргі кезеңмен байланысты дұрыс ұйымдастырылған мектепте К.Д.Ушинский өз халқын шын сүйетін және оның дамуына қамқорлық жасайтын мұғалім-тәрбиешінің ролін еркше атап көрсетеді. Педагог-гуманистің тұжырымдауынша, қоғам үшін мұғалім - ұлы байлықтың қайнар көзі. Оқыту мен тәрбие үрдісін мұғалімнің жеке басының ьқпалынсыз елестету мүмкін емес: "Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс... Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес". "Мұғалімнің жеке басы – бұл ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жас жан дүниесі үшін күн көзінің жарқын сәулесі". Жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелейтін халық мұғаліміне өз халқына тән ең жақсы қасиеттерді меңгеру өте қажет. Халық мұғалімдерін даярлау үшін Ушинский мұғалімдер семинарияларын ұйымдастыруды ұсынды, ал орта мектептің мұғалімдерін даярлау үшін университеттер жанында педагогикалық факультеттер құрды. К.Ушинскийдің пікірінше, мұғалім білім беру саласындағы қол жеткен табыстарымен тоқтап қалмауы керек, ол өзінің білімін және педагогикалық шеберлігін одан әрі жетілдіріп отыруы тиіс. Мұғалімнің қоғамдағы орны, оның мәртебесі, университеттер мен педагогикалық оқу орындарында мұғалім кадрларын даярлау мәселелері бүгін де күн тәртібінен түспей отырған маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қанша уақыт етсе де, ұлы гуманист-педагогтің мұғалім туралы айтқан қағидаларын, тәрбиенің халықтық принципін бүгінгі мектеп тәжірибесі мен тәрбие жүйесінде кеңінен пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет